Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Кәсіптік бағдар беру сабағының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Жалпы білім беретін мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағыт.бағдары ... ... .10
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ ... .13
2.1 Стандартты емес кәсіптік бағдар беруді мектеп оқушыларына ұйымдастыру ... ... ... ... ... 13
2.2 Стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістері.15
2.3 Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіби бағдар беру сабақтарын өткізуді жетілдіру жолдары ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.1 Кәсіптік бағдар беру сабағының мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіптік бағдар беру жұмысының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 7
1.3 Жалпы білім беретін мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының
бағыт-
бағдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ...13
2.1 Стандартты емес кәсіптік бағдар беруді мектеп оқушыларына
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.3 Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіби бағдар беру
сабақтарын өткізуді жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 27
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі
мақсаты – өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді
меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық,
шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін
білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау.
Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған
мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты
тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби
бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде
мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Алғашқы күндерден
бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру жүйесі Үкіметіміздің
қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді
олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық қоғамдық пайдалы, өнімді
еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етілсін – деп
міндеттелген .
Әсіресе өкіметтің қабылданған қаулы-қарарларында 1986-1990 жылдар мен
2000 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамыуының негізгі
бағыттарындағы білім беру саласында мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріліп, кәсіптік бағдарды жетілдіру міндеті
алға қойылды. Мектеп бітірген әрбір жастың белгілі бір кәсіп иесі болуы да
қажет екендігі белгіленді.
Осы орайда Республикамызда орналасқан әрбір мектептің, өндірістік
ұжымның, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында оқушылардың еңбек тәрбиесін,
политехникалық даярлығын және кәсіптік бағдарын түбірімен жаңғырту міндетін
қойып отыр.
Дегенмен, жастарға кәсіптік бағдар беру туралы алғашқы ойлар, ХІХ
ғасырдың өзінде-ақ ше-телдерде де пайда бола бастады. Атап айтқанда,
Францияда Мамандық таңдауға басшылық туралы еңбек 1849 жылы жарық көрсе,
ағылшын психологы Ф.Тальтон 1883 жылы бірінші рет тест-тік байқауды ұсынды.
1968 жылы Гарвард университетінің (АҚШ) профессоры Ф.Парсонс Бостон
қаласында Бағдарлау бюросын ұйымдастырды. Ол оқушыларға өмірде өз орнын
таңдауға көмектесуге тиісті болатын болса, бұл бюро кейін Нью-Иоркке
көшірілді. Мұндай кеңес беретін орталықтар Англияда, Бельгияда,
Чехославакияда, Швецарияда, т.б. елдерде дамыды. Ондай орталықтарда
негізінен мектеп оқушыларына мамандық таңдауға кеңес беру мәселесі қойылды.
Осындай идеялар Кеңес Одағына кіретін елдерде жастардың, мамандықты
еркін, өз икемділі-гіне байланысты таңдауға, бағыттау қажеттілігіне қол
жеткізу мүмкіндігі жоспарланып, осы ба-ғытта бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Еліміздің әрбір өңірінде өндіріс салалары бой көтеріп, халық шаруашылығының
бір-бірімен байланысты болатын мынадай салалары қарқынды дамыды: өнді-ріс,
ауылшаруашылығы, көлік (транспорт), құрылыс, байланыс, сауда, қоғамдық
тамақ, комму-нальды шаруашылық, тұрмыстық қажетті өтеу, ғылым, ағарту-оқу,
мәдени, денсаулық сақтау, т.б.
Осы кәсіптік мамандықтың барлығында да адамдар қызмет ететін, бірнеше
мамандықтарды иегеріп отырды. Ондай өндірістік орындарында істейтін негізгі
күш – жастар болды. Сондықтан жастарға кәсіптік бағыт беру жұмысын дұрыс
жолға қойып, нәтижелі ұйымдастырудың маңыздылығы күннен-күнге арта бастады.
Ал, бүгінгі күні еліміздің мектеп реформасына орай мектеп оқушыларына
кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап
өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын
үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да
үлкен маңызы бар екенін бірқатар ғалымдар мынандай қасиеттердің болуын
дәлелдейді . Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты.
Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар,
идеялы, сенімі, т.б. Мамандық таңдауға даярлауда, жеке адамның кәсіптік
қажеттіліктерімен икемділіктерін, қызығушылығын және басқа да қасиеттерін
тұрақтандыруда мамандыққа қатынасы есептеледі. Ал оны кәсіптік бағыт деп те
атайды. Бір жағынан бұл психологиялық термин болып есептеледі, яғни атап
айтқанда жеке адамның бағыты, яғни сыртқы ортаға, еңбекке жеке адамның
ішкі дүниесінің қатысы болып есептеледі.
Сондықтан мамандық таңдауда жеке адамның психологиялық ерекшеліктері
де қарастырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі кәсіптік бағыт беруде оқушылардың кәсіптік
қызығушылығы мен жоспарын қалыптастыру ең бірінші міндет болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты стандартты емес кәсіптік бағдар беру
сабақтары және олардың түрлері мен өту жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатына қарай төмендегі мәндеттер алға қойылды:
- кәсіптік бағдар беру сабағының мәні мен мазмұны;
- кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі және бағыт-бағдары;
- стандартты емес кәсіптік бағдар беруді мектеп оқушыларына
ұйымдастыру;
- стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістері;
- жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіби бағдар беру
сабақтарын өткізуді жетілдіру жолдары.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіптік бағдар беру сабағының мәні мен мазмұны
Кәсіптік бағдар беру сабағының ерекше мәні бар, себебі сабақ
мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі формасы болып табылады. Кәсіптік
бағдар беру сабақтарында болашақ мамандықты таңдаудағы теориялық және
практикалық сұрақтары қарастырылады. Сабақта көптеген әдістер қолданылады:
әңгіме, диспут, түсіндіру, профессиограмманы өзіндік құрау, кәсіптік бағдар
беруге арналған іс-шаралар туралы есеп беру.
Бағдарлама үш деңгейде жүзеге асады, олар кейде бір-бірімен
байланысып, қатал бір тізбекте орындалмайды. [1, 105 б]
1-деңгей - дұрыс, яғни тиімді кәсіптік бағдар беру үшін әмбебап
құзыреттілікке ие болу.
2-деңгей – әр түрлі кәсіптік бағдар беру формаларын қолданып көру.
3-деңгей – таңдалған кәсіп бағытына сәйкес жеке білім бағдарламаларын
жасап, жүзеге асыру.
Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-
психологиялық қызмет көрсету ұжымы болу керек, оларға мына мамандар қажет:
психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беретін педагогтар.
Қызмет көрсету ұжымының сандық құрамы кәсіптік бағдар берудің нақты
бағытына байланысты болады.
Оқушылардың кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру кәсіптік
бағдар беруге арналған мектеп ортасын жобалау, ол үшін мыналарды құру
қажет:
- кәсіптік бағдар беретін орындардың жұмыс істеу жоспары;
- пән оқытушылары жүргізетін кәсіптік бағдар беру бағдарламасын
жүзеге асыру жоспары.
Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажет:
- жақсы жабдықталған кітапханалар, онда кәсіптік бағдар беру және
арнайы білімі саласындағы әдебиеттер болуы тиіс;
- интернет ресурстарын қолдану мүмкіншіліктері.
Кәсіптік бағдар беру жөнінде іс-шаралар жүргізілгеннен соң, олардың
тиімділігін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Оның ішіндегі бірінші әдіс
-диагностика.
Диагностика – бұл обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру,
оның ауытқушылықтары мен қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын
атқару. [2, 110 б]
Диагностикалық әдістердің кәсіптік бағдар берудің тиімділігін
анықтауға қолданылатын әдісі - бақылау.
Бақылау - белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой
жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекеттер. Психологияда кеңтараған
әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын,
психикасын, сыртқы көріністерін (қимыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге
реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-күшін,
сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыс тарын жүйелі, жоспарлы
түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және
психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Белгілі жоспар бойынша
жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін
қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау әдісі әдетте, табиғи жағдайда,
зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.
Кәсіби бағдар беруді мына жолдармен жүзеге асыруға болады:
- кәсіби ақпараттандыру;
- кәсіби кеңес;
- мамандықты таңдау.
Кәсіби ақпараттандыру - әр түрлі аймақтағы топтарды қазіргі заманғы
өндіріс түрлерімен, еңбек нарығының жағдайымен, мамандықтар нарығының даму
перспективалары мен мазмұндарымен таныстыру. Оларды меңгерудің формаларымен
және шарттарымен, мамандықтар бойынша адамдарға талабымен, мамандық аясында
квалификациясының өсуі және еңбек ету барысында өзін-өзі дамытудың
мүмкіндіктерімен таныстыру.
Кәсіби кеңес – оқушыға психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне
және қоғам қажеттілігіне сай мамандықты дұрыс таңдауға көмек беру.
Мамандықты таңдау - мамандықтардың мүмкін бағыттары туралы ұсыныстарын
оқушыларға ұсыну. Оның психологиялық, психофизиологиялық және медициналық
диагностика нәтижелеріне сүйеніп сәйкес мамандықты ұсыну. [3, 126 б]
Білімді модернизациялаудың ауыспалы кезеңіне дейін мектеп-комбинат
ара қатынасы білім басқарамасымен қатал бақыланды: мектептер кәсіптік
бағдар бойынша дайындық сағаттарын беруге міндетті болды, оқушылар
жұмысшылар мен қызметкерлер мамандықтарын таңдау мүмкіндіктері болды.
Қазіргі кездері жағдай өзгеріп, осы уақытта оқыған оқушыларды кәсіптік
оқыту мен кәсіптік бағдар беруде бірнеше мәселелер пайда болды.
Бірнеше мәселелер қатарын қарастырып кетсек:
- мектептер арасындағы оқу комбинаттары мен жалпы білім беретін
мектептер ара қатынасын реттейтін нақты нормативті-құқықтық базаның
болмауы мектеп басқармасының көп жағдайда оқушыларды кәсіптік оқыту
мен бағдар беру шараларын ұйымдастырмауы;
- әрбір жалпы білім беретін мектеп оқушыларға кәсіптік оқыту мен
бағдар беруде мамандықтардың көптеген түрлерімен қамтамасыз ете
алмайды, көбінесе, техникалық бағытта, қолданбалы бағытта, қызмет
жасау салалары болады, себебі мұндай бағыттардың дамуы көптеген
қаражат қажет етеді;
- техникалық профильдердің дамуына кететін өте үлкен материалдық
шығындарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бұл
бағыттарды гуманитарлық бағыттағы мамандықтармен ауыстырған.
Сонымен кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың,
психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның
қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере
отырып, кәсіптік қызығушлығы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және
мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Мамандық туралы
жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.
Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын ұнатпау,
жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
1.2 Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың,
дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай
әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік
қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға
көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. [4, 147 б]
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа
әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған
мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері
төмендегідей:
- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және
дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге),
кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік
іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат - орта
мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік
ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы
түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен
таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы
түсініктер беріледі.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық
ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып
жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас
кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта
мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8
сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол
экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру
керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп,
белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады.
Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық
үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат
жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып
оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің
оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру
университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады. [5, 103 б]
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес
ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-
физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде
жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну.
Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен
өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік
ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде
өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.
Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын
арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда
кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін
"бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне
оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі"
жатады.
Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек
әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа
жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек
әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын
қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана
нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында,
еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде
іске асады. [6, 96 б]
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін
педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"-
мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға
кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық.
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып
жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі
барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты
тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің
құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды
белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес
беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.
Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар
беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін
тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және
мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден
кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын
жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және
оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде
мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден,
мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу
өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау,
қорытынды жасау. [7, 152 б]
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл
бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек
тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне
арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы
заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және
арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы
анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп
бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
- мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік
бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа
әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау;
- мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін
ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу;
- әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін
оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру,
т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін
жетілдіруге мүмкіншілік жасайды. Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын
өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс
істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің
принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының
мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын
көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі
мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.

бағыт-бағдары

мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік,
ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті
жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске
асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын
талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп
оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі
күні маңызы зор болып табылады.
Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы
талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы
оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке
тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс,
шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика
жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін
тәрбиелеуді қажет етеді. [8, 128 б]

мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер
қажет:
- оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті
реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып
орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Республикамыздың Конституциясында еліміздің азаматына еңбек етуге
құқық берілген, оның ішінде біліміне, қабілетіне, кәсіптік даярлығына
сәйкес, 24-бап бойынша Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп
түрін еркін таңдауына құқығы бар. Бұл құқық толығымен жүзеге асырылуы үшін
еңбек барлық азаматтарының табиғи қажеттілігіне айналуы тиіс. [9, 120 б]
Кеңестік жүйе кезінде мектептегі еңбекке баулу, тәрбиелеу жүйесінің
оқыту, еңбек пен адамгершілік сапасын арттыру, мұғалімдер мен оқушылардың
еңбек нәтижелерін бағалаудағы формализмін жою, оқытудың өмірмен байланысын
іс жүзінде нығайту, мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды
жақсарту қажеттігі атап көрсетілсе, Өкіметіміздің кәсібіи білім беруге
арналған Мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді, баулуды, оларға кәсіптік
бағдар беруді жақсарту және олардың қоғамдық пайдалы, өнімді еңбегін
ұйымдастыру туралы ... жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке
тәрбиелеуді, баулуды және оларға кәсіптік бағдар беруді түбірімен жақсарту,
олардың дербес өмірге практикалық және моральдық-психологиялық даярлық
дәрежесін арттыру, жеткіншек ұрпақтың бойында еңбекке деген саналы
қажеттілікті қалыптастыру, бұл үшін қажетті жағдайлар жасау шараларын
қолдануға міндеттері аталып өтілген.
Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім
беру жүйесі Өкіметіміздің қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым
негіздерін оқып үйренуді олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық
қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты
қамтамасыз етілсін - деп міндеттелген.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің жан-жақты және
күрделі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін әрбір мұғалім, сынып жетекшісі
өзінің күнделікті педагогикалық іс-әрекеттерінде еңбек тәрбиесінің негізгі
қағидаларын берік меңгеріп және оны басшылыққа алуды талап етіп отыр. [10,
103 б]
Кезінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі көптеген
ғалымдар мен қайраткерлердің ғылыми еңбектерінде, мақалаларында сөз етілді.
Атап айтқанда, Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің,
А.С.Макаренконың, С.Т.Шацкийдің еңбектері оның күрделі мәселелерін шешуге
үлкен маңызы зор болды.
Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмысында
кездесетін елеулі кемшіліктердің де беті ашылып көрсетілді. Олар ең алдымен
мынаған байланысты: мектеп бітіруде жастар өндіріс сферасындағы еңбекке
практикалық дайындықсыз келеді немесе халық шаруашылығына қажетті
мамандықтары жөнінде теориялық жағынан белгілі бір түсінігі болмады.
Мектеп бітіруші жастарымыздың ішінде өмірге тұтынушылық қатынас,
еңбектен бой тасалау, сақтамау сияқты жағымсыз құбылыстар байқалып қалады.
Мұндай кемшіліктердің себебін біз мектеп қабырғасындағы еңбекке тәрбиелеу
мен кәсіптік бағдар жұмыстарының белгілі бір жүйеге қойылмағандығы деп
білеміз.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептердің барқатар мұғалімдері мен
сынып жетекшілері еліміздің ғылыми-техникалық прогрестің даму тенденциялары
туралы және оның қазіргі заман адамдарына қоятын талаптары жөнінде
жеткілікті хабары болмады. Сынып жетекшілері оқушылардың қоғамға пайдалы
өнімді еңбегі мен оқытуды өнімді үнемі біртұтас үдеріс етіп біріктіріп,
оған политехникалық бағыттылық бере алмады. Мұғалімдер қоғамдық пайдалы
еңбектің мазмұнын анықтауда, еңбек үдерістерін жоспарлауда, ұйымдастыруда,
педагогикалық ықпал етудің әдістерін таңдап алуда қиындықтары тап болып
отырды. Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар беруде
заман талабына сай тәрбие жұмысының неғұрлым жаңа формалары мен әдіс-
тәсілдерін таңдап, оны жетілдіруде мектеп ұжымының алдында үлкен маңызды
міндеттер қойылды. [11, 99 б]
Кеңес орнағаннан кейінгі уақыттан қазірге дейінгі кәсіптік бағдар
берудің қалыптасу кезеңдерін төмендегідей етіп беруге болады:
1) Кеңестік кезең орнағаннан кейінгі мектептердің қалыптасуы мен 1937
жылдар аралығы. Бұл кезеңде ауыр өндірісті дамытуға, елді
индустризациялауға байланысты мектепте еңбек сабағының мазмұны матералдық
өндіріске тән мазмұнға ие болды. Кәсіптік бағдар беру бойынша алғашқы
тәжірибелер қалыптасты.
2) 1937-1954 жж. аралығын қамтыды. Бұл кезеңде еңбек пәні мектеп оқу
жоспарынан алынды, бірақ еңбекке баулу, кәсіпке бағдарлау басқа оқу пәндері
және сыныптан тыс жұмыстар негізінде жүзеге асырылды. Кәсіптік бағдар беру
бойынша тәжірибелер жалғасын таппады, бар тәжірибеден қол үзілді.
3) 1954-1984 жж. аралығы. Бұл кезеңде қаулы қарарлардың оқытуды
күшейтуге бағытталу кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жеделдетті. Атап
айтқанда, оқытуды өмірмен, теорияны практикамен байланыстыру бағытындағы
қабылданған қаулылар білімді өміршең ету мен өмірда жарамды етуге
бағытталды. Кәсіптік бағдар бойынша тәжірибелер қалыптасып, зерттеу
жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады.
4) 1984-1991 жж. аралығы. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін
мектептердің негізгі бағыттарын айқындауға бағытталған реформа кәсіптік
бағдар беруге жеткілікті мән берді.
5) 1991 жылдан бергі кезеңді кәсіптік бағдар беруге қатысты: тоқырау,
қалыпына келу және қайта жаңару деп қарауға болады. 1993 жылдан бастап
мектептен кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік кабинеттер жабылып,
еңбекке дайындық бағытына бөлінген сағаттар азайды, оқу-материалдық база
төмен деңгейде жабдықталды. Тек 2000 жылдан бастап, еңбекке дайындық
бағытындағы оқу жұмыс түрлеріне зейін аудару қолға алынды.
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан
жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби
бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына
байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік
жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Адам қабілеттілікке қоршаған табиғатқа, әрбір адамның өзін-өзі
шыңдауға байланысты, адамның әлеуметті бейімделген қызметі деп қарау қажет.
Сол себепті де К.К.Платонов Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ
оның белгілі бір қызметке қатысына қарай анықталады. [12, 212 б]
Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі
тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.
Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы,
адамның абстракты ойлау жүйесі күшті дамыған болғанмен практикалық істе
қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар
атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы
қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.

САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

ұйымдастыру
Қазіргі кезде оқытудың стандартты түрінен басқа стандартты емес, яғни
дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Ол әрине қоғамның жаңару, жетілдіру
жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланысты іске асуда.
Оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану болашақ мамандарды
дайындаудың санасын арттырады.
Оқытудың стандартты түрлерінің (дәріс, семинар, зертханалық және
тәжірибелік жұмыстар, консультация, емтихан, сынақ) мүмкіндігі шектеулі,
мұғалім тек оқыту жағдайында болады. Ал стандартты емес сабақ оқушының
белгілі іс-әрекетін, мектептегі білім үрдісін ұйымдастырушы міндеттерін
бірдей атқара алады. Мұндай әртүрлілік болашақ маманның жан-жақты дамуын,
оның ой, іс-әрекетінде жүйелік сипаттамаларының болуын қамтамасыз етеді.
Оқытудың стандартты емес түрлеріне : бринг-ринг, семинар-шоу,
семинар-аукцион, ойын-саяхат, сыпайылық сабақтары, сабақ-спектакль,
конференция т.б. көптеген түрлері бар. Оқытудың мұндай түрлері оқушылардың
өзін айқындауға, өзін бекіте тусуге кеңінен мүмкіндік ашады. Бұл сабақ
түрлерінің көбі болашақ мұғалімдерді даярлау барысында жиі қолдану тиімді.
[13, 111 б]
Стандартты емес сабақтарды өткізу барысында, оқушыларға мынандай
талаптар қойылады:
-үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу;
-өзін-өзі талдауы, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;
-басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу;
-тақырыпқа байлансты кесте, тірек сызба сызу;
-негізгі терминдерді жатқа айту;
-қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты
толықтыру;
-заманға сай технологияларды пайдалана білу (интерактивті тақта,
интернет, электронды пошта).
Осы қойылған талаптарды іске асыру барысында оқушылардың қабілеттері
танылып, қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туады.
Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және
мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады. Бірінші кезең –
бастауыш сыныптарда, екінші кезең – 5-7, үшінші кезең – 8-9, төртінші кезең
– 10-11 сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың
негізгі формасының бірі – кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы. Кәсіптік
хабардың басты міндеті – оқып жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы
жастарымыз халық шаруашылығының өсуін, өндірістегі жаңа техника мен
технологияның, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсіби мектептерде
оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандықтың бүгіні мен ертеңін, оның сан
алуан сырларын, жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен
таныстыру.
Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, топ серуен, әңгіме және кәсіптік
бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке
нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорыңдарының жағдайын көрсететін
кәсіби мамандар туралы стенд, альбом, фотосуреттер баяндайтын жарнамалар.
[14, 56 б]
Өнеркәсіптің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында
экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді
ұйымдастырады. Олардың негізгілері өндірістік шеберханалар мен оқу-тәжірибе
алаңдарында жұмыс істеу, факультативтік оқу, пәндік үйірмелер, кәсіптік
бағдар бригадасы, болып табылады.
Кәсіби насихат жұмысын және кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын
жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл
жұмыс радио, теледидар, баспа орындары арқылы да жүзеге асырудың
маңыздылығын атап көрсетеді .
Кәсіби кеңес – мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және
құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты – жастарға мамандық қалауға және жұмысқа
орналасуға келген адамдарға мамандық таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік
бағдар кабинеттерінде жекелей және топтық конференциялар мен кездесулер
ұйымдастырады. [15, 88 б]
Кәсіптік бағдар тек жастар арасында ғана емес көпшілікке жүргізілетін
жұмыс. Оның қажеттілігі мынадан туады. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген
ересек адамдар жасөспірімдердің ата-аналары. Демек, мамандық таңдаудағы
көзқарасы қоғам талабына сай келуі шарт.
Екіншіден, үнемі болып тұратын объективті жағдайдың салдарынан
көптеген адамдар жұмыс орнын өзгертеді, қоныс аударады. Ғылыми-техникалық
прогресті жеделдету жағдайында қызметкерлерді босатудың ауқымы едәуір өсе
түседі. Жаңа шаруашылық механизмі де осыған құлшындыратын болады және оны
дұрыс жүргізу қажеттілігін күшейтеді деп түсіндіреді .
Оқушылардың мамандық таңдау кезінде оқыту үдерісіндегі сыныптан және
мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырылуының әсері бар. Сондықтан бұл
жұмыстар оқушылардың кәсіптік, мамандық қызығушылығын арттыра отырып,
танымдық қызметін дамыту барысында жүргізіледі. Оқушылардың кәсіпті саналы
таңдауға даярлау жұмыстарын ұйымдастыруда, оқыту жұмысының тиімділігін
арттыру басшылыққа алынады. Әсіресе мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарта
отырып, окушылардың кәсіпке, мамандыққа қызығушылығын арттыруға жағдай
жасауға көңіл бөлінеді.
Республикамызда мектеп реформасына сай 10-11 сынып оқушылары үшін
кәсіптік оқыту ұйымдастырылады. Бұл оқудың мақсаты, оқушыға белгілі бір
кәсіп туралы білім мен дағды беру. Ал ол үшін мектепте сол кәсіпке
байланысты түрлі мүмкіндіктер мен жағдайлары болуы тиіс.
Бұл оқытуда оқушыға белгілі бір кәсіпке қажетті білім мен дағды
беріледі. Сонда да болса, политехникалық, технологиялық оқу мен кәсіптік
оқу бір-бірімен байланысты болғанмен, бір-бірінен ерекшеліктері де бар деп
түсіндіреді.
Кәсіптік бағыт берудің ең нәтижелі формасы ол – оқушылардың өндірістік
оқуын нәтижелі ұйымдастыру, оның қазіргі кезде мынадай нұсқалары бар.
1. Ауыл мен қаладағы ірі кәсіпорындарға байланысты оқу цехтарында
өткізу.
2. Мектепаралық оқу-өндірістік кішігірім комбинаттарда (бұл сол
ауданда әр түрлі саладағы кәсіпорындарда).
3. Кейбір өнеркәсіп цехтарында өткізу.
Мұның барлығында да оқушылар өндіріспен жақын танысуға мүмкіндік
жасалады. Олардағы еңбек адамдары мен еңбек жағдайларымен танысады,
байланыс жасайды. Олар:
- өндірістегі жұмысшылардың өндірістік оқу кезінде шебер болып
жүргізуі, үйірмелерді өткізу, өндірістік топсеруендер, әңгіме жүргізу,
кездесулерді өткізу;
- жас жұмысшылар мен жоғары сынып оқушылары бірігіп кештер өткізу
(кәсіп, мамандыққа байланысты);
- жоғары сынып оқушыларын сол өндірістегі мәжілістерге қатыстыру;
- бірлесіп жиналыс, диспут, оқу конференцияларын өткізу, т.б.
Бұл жұмыстарда оқушылар өндірістегі жұмысты, оның мазмұнымен, жұмыс
ырғағымен танысады. Сонымен, кәсіби бағдар берудің мақсаты жас ұрпақты
саналы түрде мамандық таңдауға дайындау.
2.2 Стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістері
Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың кәсіпті саналы түрде
таңдау жасай білу мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсатта кәсіп туралы
ақпарат, кәсіптік жарамдылық, маңызды кәсіп түрлері, кәсіби мансап,
қоршағандардың (ата-ана, жолдастар, таныстар, достар, әріптестер) өзара
сыйластықты қарым-қатынасына негізделген адамның қажетті кәсіби қасиеттері
туралы ақпарат беріледі. Аталмыш мәселенің шешімін табу мақсатында оқу-
тәрбие қызметін ұйымдастырудың оқушылардың жас ерекшеліктеріне қатысты
формалары мен әдістері қолданылады.
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді
әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру -
мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің
шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басым болу қажет.
Стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтары оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабақ дағдысын
қалыптастырады, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқушының бойында терең
тиянақты білім қалыптастырады. Сондықтан стандартты емес сабақ түрлерін
пайдалану, сабақ үрдісінде басты рөл атқарады.
И.П.Подвласованың анықтамасы бойынша : Стандартты емес сабақ дегеніміз
- түрлендірілген сабақ түрі, өзінің құрылымы бар. Стандартты емес сабақты
білімді тиянақтауда немесе жаңа сабақта өту кезінде пайдалануға болады.
[16, 85 б]
Мұғалім алдындағы негізгі міндет - берілген тапсырманы оқушыға
түсіндіріп, көрсетіп, жеткізіп беру емес, берілген жұмысты ұйымдасқан түрде
жасауға, шешуге үйрету және кәсіптік бағдар беру. Кәсіптік бағдар беру
сабағында стандартты емес сабақ өткен ыңғайлы, өйткені ол, оқушының сабаққа
деген қызығушылығын арттырады, мамандық туралы түсінігі өзгереді, өзіндік
іс-әрекетке бейімдейді және олардың бойында білім, білік дағдыларын
қалыптастырады.
Негізінде бекіту және қайталау сабақтарында баланың сабаққа деген
қызығушылығы төмен болады. Осыған байланысты сабақтарды стандартты емес
сабақ ретінде берсе, сабақ өте қызықты болар еді. Стандартты емес сабақ
беру барысында сабақты тиімді оқыту , мұғалім мен оқушыны шығармашылық
қатынасқа жетелейді.
Стандартты емес сабақтың бір түрі - ойын сабақ. Сабақтың бұл түрі -
баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. Сөзжұмбақ оқушылардың
ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты
меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының
психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды.
Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау
қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді. Жұмбақ шешу
шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық
туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып
қойған дұрыс. Сөзжұмақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады.
Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып,
екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған
сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
Стандартты емес сабақтың бірі - Сауалнама ойыны. Сауалнама сабағы
- оқушыларға сұрақ қойып, жауап алумен ұштасады. Ойында кім көп жауап берсе
сол жеңімпаз атанады. Сауалнаманы сабақтың басында ауызша есептеуге, сабақ
ортасында сабақты меңгерген меңгермегенін анықтау үшін, сабақтың соңында
оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында қолданамын. Жақсы
ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.
Сабақта қойылатын сұрақтар алдын ала қағазға жазылып қояды немесе
тақтаға жазып , бетін жауып қоямыз. Сұраққа оқушылар бірден жауап береді.
Оқушыларды бағалауда тек қана дұрыс жауаптар ғана есептелмейді, сонымен
қатар жылдам жауапта есептеледі. Оқушылар жауапты кезекпен береді.
Ауызша жауап беруде Үндемес ойынын қолдануға болады. Әр оқушыда
жауаптың дұрыс-бұрысын көрсетіп отыратын белгілер бар. Балалар осы белгі
арқылы ғана жұмыс жасайды. Мұндай ойын оқушылардың тыныш отырып жауап
беруіне және сабақты меңгерген меңгермегенін анықтауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz