Инфляцияның теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I. Инфляцияның теориялық негіздері

1.1. Инфляцияның мәнi, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2. Инфляцияның себептерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 8

II. Инфляцияның ерекшеліктерін талдау
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк салдары ... ... ... .. 14
2.2. Инфляцияны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..16

III. Инфляцияның әлеуметтік . экономикалық зардаптары ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi – тауар бағаларының күрт өсуi. Осы көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды қууы” деп сипаттады. Инфляцияныңалғашқы себебi – айналымдағы ақша массасы мен сатуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы. Бұндай диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiңбағасының өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасыныңтөмендеуi салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы.
Сонымен қатар, курстық жұмыс барысында инфляцияның түрi мен ерекшелiгiн де атап өттiм. Қазiргi кезде инфляция тек бiр елдiң ғана жеке мәселесi емес, бұрын ол тек бiр елдiңтөңiрегiнде ғана әсер етсе, ал қазiргi кезде бүкіл елге әсер етедi.
Жалпы курстық жұмысым үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде, инфляцияныңмәнiн, себептерiн, түрлерін толық сипаттап, ал екiншi бөлiмде инфляцияның әлеуметтiк және экономикалық салдарын,
Инфляция қарқынының жай, орташа журуі кезінде бағанын өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнешілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму ушін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді эконо-микалық саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруга мүмкіндік береді.
Қазақстандағы қазiргi нфляцияның себептерiн нарықққа өтуге дейiнгi инфляцияны тудыратын факторлардан iздестiру керек. Олардың ең бастысы –шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылқтың шығнды механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында материалды-ақшалық үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап, экономиканың барлық салаларына зян шеккiзедi.
Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.
Пайдаланылған әдебиеттер

Аубакиров Я. Экономикалық теория негiздерi. Алматы-1998ж
Ақша, несие , банктер. Валюта қатынастары. Б.А. Көшенова Оқу құралы Алматы “Экономика”-2000 жыл.
Денежное обращение и кредит при капитализме: Учебник /под ред. Л.Н. Красавиной. – М.: Финансы и статистика, 1989-365с.
Деньги, кредит, банки: Учебник /под ред. О. Лаврушина. Изд.2-е, перераб и доп.-. М.: Финансы и статистика, 1999-464с
Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/под ред. Е.Ф.Жукова.-. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ 1999-622с
Деньги, кредит, банки: Учебник /под ред. Г.С. Сейткасимова. Изд.2-е перерабидоп-Алматы: Экономика, 1999-432с.
Поляков В.П., Москвина Л.А. Денежное обращение и кредитная система.-М., 1997.
Аубакиров Я. Экономикалық теория негiздерi. Алматы-1998ж
Бибатырова И.А “Реттелетiн нарықты шаруашылық” Лекция курсы, Алматы, 1994
Жатқанбаев Е. “Аралас экономика негiздерi” А., “Қаржы -қаражат”, 1996
Аубакиров Я.°.“Экономика”.Оқу құралы.А. Эк., 1995
Жунисов Б “Нарықты экономика негiздерi” А. 1994
Аубакиров Я. “Экономикалық теория негiздерi” А,Эк,1998
Гельбрейт Дж. “Экономические теории и цели общества”. М., 1978
Макконелл К.,Брю С.Л. “Экономикс” М., Изд. Республ.,1992
Камаев ВВ. “Основы экономической теории” М., Изд.Респ.1994
Куликов Л. “Основы экономияеской теории” схема-конспект (єазає тiлiнде) 1994
Ливщиц А.Я. “Введение в рыночною экономику” курс лекции. М., 1991
Борисов Е.Ф. ”Экономическая теория”Учебн.пособие., М:Драйт,1999
Фрейнкман Е.Ю “Экономика и бизнес” М., Наука, 1994
21. Баканов М.И. Шеремет А.Д. Теория экономического анализа.
22. Барнгольц С.Б. Тация Т.М. Экономический анализ хозяйственной
деятельности предприятий и обеденений. Москва Финансы и
статистика,1986.
Ихданов Ж.О Орманбеков Ә Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы, Экономика 2002ж.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы 2000 жылдың 15 мамырындағы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы.
Медешов “ Нарықтық экономика өзiн-өзi реттеу жүйесi ретiнде“ 1996.ж.
“ХХl ғасырға қандай экономикамен кiремiз”. О.Сәбден .Алматы 1997ж.
Жүнiсов Б. Нарықтық экономика негiздерi. Алматы “Баспа” 1996 жыл.
Мәдешов Н. Нарықтық экономикаға кiрiспе. Алматы “Экономика” 1997 жыл.
Сейсенбаев Б. Нарық жолы – жарық. Егемендi Қазақстан 1994 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

Инфляцияның теориялық негіздері

1. Инфляцияның мәнi, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2. Инфляцияның себептерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 8

Инфляцияның ерекшеліктерін талдау

2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк салдары ... ... ... .. 14
2.2. Инфляцияны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..16

III. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30

Кiрiспе

Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi – тауар бағаларының күрт өсуi. Осы
көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды
қууы” деп сипаттады. Инфляцияныңалғашқы себебi – айналымдағы ақша массасы
мен сатуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы. Бұндай
диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет
өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiңбағасының
өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасыныңтөмендеуi салдарынан
ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы.
Сонымен қатар, курстық жұмыс барысында инфляцияның түрi мен
ерекшелiгiн де атап өттiм. Қазiргi кезде инфляция тек бiр елдiң ғана жеке
мәселесi емес, бұрын ол тек бiр елдiңтөңiрегiнде ғана әсер етсе, ал қазiргi
кезде бүкіл елге әсер етедi.
Жалпы курстық жұмысым үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде,
инфляцияныңмәнiн, себептерiн, түрлерін толық сипаттап, ал екiншi бөлiмде
инфляцияның әлеуметтiк және экономикалық салдарын,
Инфляция қарқынының жай, орташа журуі кезінде бағанын өсуі 10%-тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнешілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму ушін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді эконо-микалық
саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруга мүмкіндік
береді.
Қазақстандағы қазiргi нфляцияның себептерiн нарықққа өтуге дейiнгi
инфляцияны тудыратын факторлардан iздестiру керек. Олардың ең бастысы
–шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылқтың шығнды
механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында материалды-ақшалық
үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап, экономиканың барлық салаларына
зян шеккiзедi.
Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы,
яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған
қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн
жаңа технологияны пайдалану.

Инфляцияның теориялық негіздері

1. Инфляцияның мәнi, түрлері

Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң бағасының
өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуi салдарынан
ақшаның құнсыздануы, оныңсатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы. Инфляция -
қоғамдық ұдайы өндiрiстегi диспропорцияның көрiнiсi. Ол мемлекеттiң
табысы мен шығынының үйлеспеуi салдарынан кездесетiн кез-келген
экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты
экономиканың салдары арасында, коммерциялық құрлымдар, халықтың топтары мен
мемлекеттiң және шаруашылық субъектiлерi арасында қайта бөлуге тiрейдi.

“Инфляция” (латынша- inflatio) терминiн қазақшаға аударғанда “қабыну,
iсiну” деген сөздi бiлдiредi. Шындығында да, қауырт жағдайларда мемлекеттiк
шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт
“көтерiлiп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегi
соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. мысалы, АҚШ-тың
бостандық үшін 1775-1783 жылдары соғыс және 1861-1865 жылдары Азамат
соғысы (оныңсоңғы екi жылында доллардың сатып алу мүмкіндiгi 60 пайызға
дейiн төмендеген); XIX ғасырдың бас кезiндегi Англияның Наполеонға қарсы
соғысы; 1789-1791 жылдары француз революциясы. Әсiресе, Бiрiншi
дүниежүзілік соғыстан кейiн Германияда инфляция жоғары қарқынға жеттi,
1923 жылы күзiнде айналымға ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға
жетiп, ал ақша өлшемi триллион есе құнсызданды. Осы келтiрiлген тарихи
мәлiметтер инфляцияның бұрыннан келе жатқан феномен екенiн дәлелдейдi.

Ал қазiргi инфляцияға тән бiраз ерекшелiктер бар. Олар:
- егер бұрын инфляция бiр жердiң шеңберiнен аспаса, қазiргi инфляция
елдiң бүкiл жерiн қамтиды;
- егер бұрын инфляция бiр мезгiлде ғана әсіресе, қазiргi инфляция көп
уақытқа созылған құбылыс;
- егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерiнен туындаса, қазiргi инфляция
көптеген ақшасыз факторларға байланысты болды.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
1. Инфляциялық процестiң сипатына қарай:
- ашық инфляция, яғни бағаға ешқандайда кедергi болмайды, оның еркiн өсуi
байқалады;
- жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет
қатаңбақылау жасап отырады;
- инфляциялық шошыну, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.
2. Таралу орнына қарай:
- локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;
- дүниежүзілік инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.
3. Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция - баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ғана өседi.
- орташа инфляция - баға тез қарқынды жылына 20-дан 200%-ке дейiн өседi,
ондай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға
шалдықтырады;
- ұшқыр инфляция - баға жылына 500-ден 1000%-ке дейiн және одан жоғары
қарқынмен өседi. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінiң құлдырауына әкелеп
соғады. Мұндай жағдай да ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта
бастайды.
Өнеркәсiбi дамыған елдер үшін бiрiншi түрі тән болса, ал дамушы елдер
үшін екiншi және үшіншi түрлері тән болып келедi.
Инфляцияның қарқыны статистикалық көрсеткiшi - тұтыну бағаларының
индексi көмегiмен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексi 275-ке жуық тауарлар мен қызметтердiң
аттарын қамтитын тұтыну қоржыны негiзiнде анықталады.
Дүниежүзілік тәжiрибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледi;
- экономикадағы қамтитын аумағына байланысты жергiлiктi және әлемдiк
инфляция;
- жүру қарқынына байланысты- бiркелкi (баға үнемi төмен қарқынмен өседi),
үздiксiз және сатылы (бiр қалыпты емес) инфляция;
- даму қарқынына байланысты- жылжымалы инфляция- онда бағаның өсу қарқыны
жылына 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция – онда бағаның өсу
жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейiн (ал кейде 100 процентке)
жетедi; ұшқыр инфляция ( гиперинфляция)- онда бағаның өсуi жылына 100
проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 проценке
өссе,оны ұшқыр инфляцияның iшiндегi аса ұшқыр инфляция
(супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндiрiстiң құлдырауымен
ұштасса оны стагфлияция деп атайды;
- әсер ететiн факторлар бойынша – сұраныс инфляция және шығын
инфляциясы.
Соңғы кездерге дейін дүниежузілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде кағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға, удайы өндірістің тұрақты факторыиа айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа журуі кезінде бағанын өсуі 10%-тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнешілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму ушін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді эконо-микалық
саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруга мүмкіндік
береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тусында бағаның өсуі 20-дан 200
процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады. Аса зор,
шексіз инфляция (гиперинфляция) айналысындағы ақша мөлшері мен тауар бағасы
деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада,
азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай
жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын
болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан еткізген
біркатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің
өсу қарқынынан әлдекайда жоғары.

2. Инфляцияның себептерi

Инфляция – бұл кез – келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi
құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi инфляция келесiдей факторларға байланысты болып келедi:
- Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған,
шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс аясыныңартық ақша
массасына толып кетуi; халық шаруашылығының артық несиеге толуы;
- Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндiрiстегi теңсiздiкке, шаруашылықтың
шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық, саясаты, баға саясаты,
сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы көтерiлiп, соныңсалдарынан төлем қабiлетi бар
сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегi бiрқалыпты баға жағдайында
өндiрiстiң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайдды. Сөйтiп жиынтық
сұраныс экономиканың өндiрiстiк мүмкіндiктерiнен жоғарылап, бағаның
көтерiлуiне соқтырады.
Ақша массасының “көтерiлуi” себептерiнiң ең негiзгiсi - әскери
шығындардың өсуi, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнге өмiрде
колдануға жарамай тындықтан оның ақшалы эквивалентi бюджеттiң тапшылығын
тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады,
немесе ақша нарығына мемлекеттiк займдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын
жоюдыңбiрiншi жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша
массасын шығарудың алғашқы сатысында өндiрiстiң дамыу, жұмыссыздықтың азюы
және бағаның сияқты төмендеуi жағымды көрiнiстер байқалып,ал
қорытындысында тепе-тендiк орнайды. Сондықтан аз мөлшерлi инфляция пайдалы
деген қорытынды шығады, себебi ондай инфляция артық өндiру дағарысынан және
жұмыс орындарының қысқаруынын сақтандырады. Одан әрi бүкіл экономикада бос
жұмыс орны болмаған және дамыңан сұранысқа өнiмдi қосыша шығара
Алмаған жағдайда баға өседi. Осыдан кейiн өндiрiстiң құлдырауына,оның
тиiмдiлiгiнiң төмендеуне және инфляцияның қарқындауына себепшi факторлар
әсер ете бастайды.
Сөйтiп, сұраныс инфляциясы кезiнде шектелуi ұсыныспен салыстырғанда
айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарлатады және ақшаны
құнсыздандрады.
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
- әскери шығыстардыңөсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық
салаларда пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшін
артық болып қалады;
- мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни
мемлекеттiңқыска және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен бюджет
тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiңiшкi қарызы артады;
- несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банқiнiң коммерциялық банктер
мен үкiметке несие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын сипаттайды;
- импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
- ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
Шығын инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз факторларға
байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi.
Тауар бағасының өсуi халықтың табысын төмендетiп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттiгiн талап етедi. Жалақы өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру
шығындарыныңөсуiне, пайданыңтөмендеуiне, қолданып жүрген баға бойынша
шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу
мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде
инфляциялық серiппе пайда болады: бағаныңкөтерiлуi жалақыныңөсуiн талап
етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық
серiппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнiмнiңәр бiр өлшемiнiңшығыны көтерiлiп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын
элементтердiңтек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат, энергия
көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары
көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының
және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл
әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр
өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.
Өнеркәсiбi дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға
ауысатын бiр қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерiнiң жобалауынша
инфляцияның бұл түрі өндiрiс пен жалпы ұлттық өнiмнiңөсуiн ынталандыру
мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады.
Инфляцияға әсер ететiн факторлар, оның түрлері және инфляцияныңәлеуметтiк-
экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдiң экономикалық өсуiнiң
ерекшелiктерiне байланысьы болады.
Инфляцияға түбегейлi себептерi тауар айналымы және тауар өндiрiсi
аясында болғанымен, оған елдегi саяси жағдайлар да әсер еттедi.
Инфляцияға әсер ететiн бiрiншi топтағы ақшалы факторлар - ақшаға
сұраныстыңтауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесiнде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюi, халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптiгi, ұлттық валютаның курсын
бiрқалыпта ұстау үшін қолданылатын үкiметтiң тәсiлдерi, ұлттық валютаның
қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екiншi топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсiретiн ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндiрiс құрлымының үйлеспеушiлiгi,
шаруашылық механизiмiнiң шығындылығы, мемлекеттiң экономикалық саясаты,
оныңiшiнде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық iс-шаралары және
сол сияқты факторлар.
Шын мәнiндегi екi топтағы факторлар бiр-бiрiмен тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiңбағасын өсiрiп, инфляцияға соқтырады.

Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi –тауар бағаларының күрт өсуi. Осы
көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды
қууы” деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебi –айналымдағы ақша массасы
мен сатуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы. Бұндай
диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет
өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да
инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 4-70 –жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша
массасы бiр қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетiлетiн
қызметтiңкөлемi қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша
айналымының шапшаңдығын арттыру өзiнiң экономикалық тиiмдiлiгi жөнiнен,
басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.

Инфляция кезiнде капитал өндiрiс аясынан айналысқа құйылады, себебi
айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсiредi. Бiрақ ол инфляция
әсерiн күшейтедi: несиенi өндiрiске салынатын инвестицияны және
тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтiп, инфляция факторлары екi жақты-
тауарларды шығаруға және сатуға , ақша массасын және айналым жылдамдығын
өзгертуге әсер етедi.
Инфляция - өндiрiс процесiнiң бұзылуы, шаруашылық салаларының бiр-
бiрiмен үйлесiмсiз дамуы және мемлекеттiңэмиссиялық саясаты мен
коммерциялық банктердiң iскерлiгiнiң икемсiздiгi салдарынан туындайтын
күрделi, әрi көп факторлы құбылыс.

ІІ. Инфляцияның ерекшеліктерін талдау

2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк салдары

Дамушы елдерде инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететiн
факторларға байланысты төмендегiдей жiктеуге болады.

Бiрiншi топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттерi жатады,
оларды 80 жылдардыңаяғы-90 жылдардың бас кезiнде экономикалық тепе-
теңдiктiң жоқтығы, мемлекет бюджетiнiң тұрақты тапшылығы, iшкi саясатта
ақша шығару станогы мен үнемi индекстеу механизiмiнiң қолданылуы байқалып,
ал сыртқы экономикалық ортада жүйелi түрде Ұлттық валютаның курсы
төмендедi. Никарагуада, мысалы, 1990 ж ақшаның құнсыздануы 8500 процентке,
Перуде-8291,5 процентке жеттi.

Екiншi топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия,
Чили елдерi кiредi, оларда да экономикалық тепе - теңдiктiң жоқтығы
байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелiк экспансияға
(несиені ұлғайту ерекше көңiл бөлiндi. Бұл елдерде қарқынды инфляция
(бағаныңжылдық орташа өсуi 20-40 өсуi процент шамасында) сақталып, бiрен-
саран индекстеу жүргiзiлуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейi сақталуда.

Үшiншi топқа жататын елдер- Сингапур, Малайзия, Оңтүстiк Корея, Бiрiкке
Арабтар Әмiршiлiгi, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн- жеткiлiктi деңгейде
экономикалық тепе-теңдiгi бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5
процент) сақталуда, бағаға қатаңбақылау енгiзiлген. Экономикасы дамыған
нарық жағдайында жұмыс iстеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретiнде тауарды
сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор рөл атқаруда, жұмыссыздық
бiр қалыпты деңгейде жүруде.
Төртiншi топқа дамушы мемлекеттер әлемiне теңгерiлген бұрынғы
социалистiк мемлекеттер кiредi (ТМД елдерi, Қытай, Польша Вьетнам және
т.б.). Бұл мемлекеттердегi инфляция жоспарлы- бөлу жүйесінен нарыққа өту
барысында туындайтын объективтi процестерге байланысты болады. Себебi
инфляция факторлары, бiрiншiден , мемлекеттiк бюджеттiң бұрыннан келе
жатқан тапшылығы негiзiнде қаржыландыру мәселелерiнде айқндалады;
екiншiден, құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр
өнеркәсiпке салынатын инвестициялық қаурыт өсуi; үшіншiден, “баға
қайшысы” деп аталатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiңбағасымен
салыстырғандағы өнеркәсiп өнiмдерi бағасының қарқынды өсуiнiң арасындағы
үйлесiмсiздiк. Құрылым факторы тек бағаны қаурыт көтерiп шығын
инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс
инфляциясының өсуiне әсерiн тигiзедi.
Бұл мемлекеттер өндiрiстiң өсуi мен iшкi нарықтың аз сұранысы
арасындағы қайшылықтарды , бiр жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни
ақша массасын басып шығарумен, екiншi жағынан шетел займдарын көптеген
мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесiнде бұл топтағы мемлекеттерде
көп мөлшерде iшкi және сыртқы қарыздар пайда болады. Сонымен дамушы
елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны- ақша айналымы
жылдамдығыныңөсуi, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншiлiгiнiң
кенет төмендеуi және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгiлi бiрте-бiрте
ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуi
мемлекет iшiнде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына
және елден капиталдың әкетiлуiне соқтырады.

Инфляцияның негiзгi салдары:
- адамдардың көпшiлiгiнiң материалдық жағыныңжақсаруы;
- Ұлттық табысты кәсiпорын – монополистердiң,
мемлекеттiң, экономика пайдасына бағаны өсiру және
тұрақты халықтың таза пайдасын төмендету арқылы бұру;
- Бағаның өсуiнен пайда тапқан халық шаруашылығы табысты
салаларындағы өндiрiстердiң өсуi;
- онымен бiр уақытта басқа саладан жұмысшы күшi мен
капиталдыңкетуi, шаруашылық байланыстың бұзылуы,
саудагерлiк пен көлеңке экономикасының өсуi.

2.2. Инфляцияны мемлекеттік реттеу

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдерi сияқты ел экономикасының
мемлекеттiк монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезiндегi
өзгерiстерге байланысты. КСРО –ның халық шаруашылығындағы инфляция
көптеген жлдар бойы мойындалған жоқ. кеңес жүйесiнiң экономикасы
жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистiк өндiрiс
тәсiлiне тән деген үзiлдi – кесiлдi тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазiргi нфляцияның себептерiн нарықққа өтуге дейiнгi
инфляцияны тудыратын факторлардан iздестiру керек. Олардың ең бастысы
–шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылқтың шығнды
механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында материалды-ақшалық
үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап, экономиканың барлық салаларына
зян шеккiзедi. Әсiресе:
- Ұлттық өнiмдi жнақтау қорына және тұтыну қорына бөлiп, соның
негiзiнде инвестициялқ саясат жүргiзуде;
- құрал жабдықтарды өндiру және тұтыну тауарларын өндiру салаларында;
- мемлекеттiк баға белгiлеу жүйесінде;
- мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығынында;
- несиелiк және қаржлық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазiргi инфляцияның бiр көрiнiсi –тауар тапшылығы бiздiң экономикада
ондаған жылдардан берi байқалуда, онң түпкi себептерi:
- бұрынғы КСРО-ның20 жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды
жоя бастауы;
- бұрынғы КСРО экономикасында көп жылдар бойы үйлесiмсiздiк қалыптасты,
яғни бiр жағынан өндiрiстiк құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсiп
жедел қарқынмен дамыса, екiншi жағынан , тұтыну құралдарын өндiретiн
салалар қарқынсыз жәй дамиды. Ол-салалар ауыл шаруашылығы , тамақ,
жеңiл және басқа өнеркәсiп салалары.
- бұрынғы КСРО-ның Ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына
кетсе, алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол-15-25 пайыз
болды;
- бұрынғы КСРО Ұлттық жиынтық өнiмiнiң 25-30 пайызы ғана тұтыну қорын
құраса, өркендеген елдерде ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және онымен күрес
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляцияға қарсы саясаттардың жетілдіру мәселері
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Инфляцияның негізгі себептері
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Инфляция жайлы
Инфляцияға қарсы күрес
Инфляцияның теориялық аспектілері мен әдістемелік негіздері
Пәндер