Екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық жағдайын талдау


Банктердің тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштерді
талдау (Альянс банк пен Каспий Банкі мысалында) . . .
Қазақстан экономикасындағы банктердің қаржылық жағдайларын
жақсарту мәселелері . . .
Куанышбаев ЭФ-04-6к1
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшумен байланысты банктер жүйесінде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім, сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2008 жылдың 6 ақпанында Қазақстан халқына Жолдауында былай деген болатын: « . . . банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық Банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс». [1] Қазіргі таңда нарықтық экономикаға бұрын өткен, зор жетістіктерге қол жеткізген елдердің тәжірибиесін үйреніп, банк жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру ел экономикасы үшін маңызды болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың ұзақ, әрі қиын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалық өзгерістер де байқалды. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттік болып табылатын Ұлттық Банктің негізгі міндеттерімен қатар, экономикадағы ақша-несиелік реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерінің түрлері, коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау принциптері мен әдістері анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасқан алғашқы кезеңдерінде сауатты, кәсіпкерлік деңгейі жоғары, білікті мамандардың болмауы, банк саласының қызметін реттейтін заңнамалардың толық жетілмеуі банк қызметін жүзеге асыруда көптеген қателіктер жіберіп, банктердің жабылып қалуына тікелей себебін тигізді.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банк жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында «Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; 1998 жылдың 28 сәуірінде «Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы»; 1997 жылдың 11 шілдесінде «Банк қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары және бірқатар «Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер» (Ұлттық банк Басқармасының 27. 10. 97 ж. №380, 28. 08. 98 ж. №157 қаулысы бойынша қосымшалар мен өзгерістер енгізілді) қабылданды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығы, көбіне екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығымен байланысты болады. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен банктерге деген сенімсіздік көптеген банктердің қызметіне тосқауыл болып, оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырады. Ел экономикасында бірлескен және шетел банктерінің, олардың филиалдардың пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді.
Несиелiк жүйенiң негізгі буыны xaлық шаруашылығына тiкелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын дербес банктiк мекемелер тобынан құралады. Банктер өз кезегінде коммерциялық, кооперативтiк және акционерлік банктер сияқты түрлерге бөлінеді.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (мінe осыдан барып «коммерциялық банк» деген aтaуғa ие болды) . Бiрақ өнеркәсiптiң және басқа салалардың дамуымен бірге банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктердің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын бiртiндеп жоғалтты. Ол банктiң «іскер» деген сипатын бiлдiредi, оның шаруашылық агенттердiң барлық жұмыc түрлерiне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялық қызметтер көрсететін несиелік мекемелерінің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін толығымен сақтай отырып, қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда, коммерциялық банктер ел экономикасының маңызды салаларын несиелей отырып, экономикалық өсу мен дамуға өлшеусіз үлес қосуда. Сонымен қатар, коммерциялық банктер экономика үшін маңызы зор - кіші кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, халыққа сапалы қызмет пен өнім түрлерін ұсына алуға да ерекше үлес қосады.
Серпінді дамып келе жатқан банк жүйесіндегі маңызды көрсеткіштердің бірі банктердің тұрақтылығы болып табылады. Банктің тұрақтылығы тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторлармен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әртүрлі тенденциялармен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - экономиканың өскелең даму кезеңіндегі Қазақстандық коммерциялық банктерінің ел экономикасындағы алатын орнын анықтау, нарықтық экономикада олардың тұрақтылығын анықтайтын әр түрлі көрсеткіштерді қарастыру, банктердің салыстырмалы талдамасын жасау.
Жұмыстың негізгі міндеті - Қазақстан экономикасының дамуының кепілі ретіндегі екінші деңгейлі банктерінің тұрақтылығын жоғарылату және қаржылық жағдайын жақсарту бағыттарын анықтау, нарықтық экономикада олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығы, оның мәні мен мақсаты
Нарықтық экономикада банктердің тұрақтылығы өте маңызды. Нарықта халыққа адал, сенімді және тиімді жұмыс істеп тұрған банктер тұрақты банктер болып саналады. Банктердің тұрақтылығын бірнеше көрсеткіштермен сипаттауға болады. Мысалы, банктердің рентабельділігі, өтімділігі, төлем қабілеттігі, табыстылығы мен шығыстылығы сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Егер банк өтімсіз болса, бұл жағдайда белгілі бір уақыт мерзімінде түзеуге болады. Ал егер банк тұрақсыз болса, бұл жағдай банкті міндетті түрде банкроттыққа алып келеді. Сондықтан да қазіргі банктердің тұрақтылығын сақтау маңызды болып отыр.
Жалпы банктің дұрыс ұйымдастырылуын және банк тұрақтылығын сипаттау үшін коммерциялық банк табыстылығын басқарудың құрамдас элементтері анықталған, олар:
- Банктің табыстарын басқару;
- Банк пайдасының қалыптасуын бақылау;
- Сандық және сапалық позицияларға байланысты банктің пайдалығы мен табыстылығы деңгейін бағалау;
- Банк бөлімшелерінің рентабельділігін бағалау;
- Банктің өнімдері мен қызмет көрсетулерінің пайдалығы мен нәтижелілігін талдау;
- Банк қызметінің жекелеген бағыттарының тиімділігін бағалау.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банктердің тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі банктің өтімділігі. Өтімділік - банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.
Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, тағы басқалар жатады.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
• депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
• тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
• активтерді зиянсыз сату;
• тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк тұрақтылығының екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:
• банк капиталының базасы;
• банк активтерінің сапасы;
• депозиттердің сапасы;
• сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
• мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
• сауатты менеджмент;
• банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы - бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.
Активтердің өтімділігі - бұл қарыз алушының, міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.
Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т. б. факторларға байланысты.
Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор - банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілік те банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.
Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:
• банк саясатының болуы және оның мазмұны;
• стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
• банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
• әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
• білікті мамандардың болуы;
• қажетті ақпарат базасының болуы;
• банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы. Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.
Банк тұрақтылығының жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:
• елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
• бағалы қағаздар нарығының дамуы;
• банкаралық несие нарығының дамуы;
• қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
• Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділгі.
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы нұсқасын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюнктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.
Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.
Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.
Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
«Өтімділік» терминімен қатар банктік тәжірибеде, әдебиеттерде «төлемқабілеттілік» термині қолданылады. Екінші терминнің мән-мағынасын ашу әр елде әр түрлі.
Бүкіләлемдік банк әдебиеттерінде төлем қабілеттілік түсінігі меншікті капиталдың оңды көлемімен байланыстырылады, «минус» белгісімен көрсетілген капитал төлем қабілетсіздік терминімен түсіндіріледі. Мұндай түсінік беруде төлемқабілеттілік термині банк капиталына негізделеді, яғни банктің өзіне алған міндеттемелерін жабуға бағытталған кепілдік беру қоры болып табылады.
Басқа елдерде банктің төлемқабілеттілігін жеткіліктілігінің капитал активтер тәуекелділігіне қатынасы ретінде анықтайды.
Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде төлемқабілеттілік банктің өтімділігіне қатысты барынша ортақ және барынша жақын категория ретінде қарастырылады. Ортақ бір категория ретінде қарастырған жағдайда төлемқабілеттілік ішкі және сыртқы факторлар жиынында қарастырылады. Кең тараған көзқарас бойынша банк өтімділігі оның кредиторлар мен салымшылар алдындағы міндеттемелерін өз уақытысында өзінің активтері мен пассивтерін басқару арқылы жүзеге асыра алу мүмкіндігін көрсететін көрсететін динамикалық жай-күйді білдіреді. Өтімділікпен салыстырғанда төлемқабілеттілік белгілі бір нақты мерзімге барлық міндеттемелерін, соның ішінде қаржылық, мысалы, салық бойынша бюджет алдындағы, жалақы бойынша жұмысшылар алдындағы міндеттемелерді жүзеге асыру аспектісінде қарастырылады. Төлемқабілеттіліктің критерийі ретінде корреспонденттік шоттағы нақты мерзімге төлемді жүзеге асыру қаражаттарының жеткіліктілігін айтуға болады.
Бұл көрсетілген өтімділік пен төлемқабілеттілік арасындағы қарым-қатынас тәжірибе жүзінде мынаны түсіндіреді: банк кейде белгілі мерзімге өзінің міндеттемелер бойынша төлемін жүзеге асыра алмауы мүмкін, бірақ өтімді болып қала береді. Ал өтімділікті жоғалту өз кезегінде төлем қабілетсіздікпен түсіндіріледі.
Банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша-несие жүйесін тұрақтандыру, салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банкпен банктердің орындауларына міндетті экономикалық нормативтер бекітті.
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақтарды қамтиды:
- капитал;
- активтердің сапасы;
- пайдалылық пен рентабельділік;
- өтімділік.
Банк өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер етеді. Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктердің экономикадағы рөлі жоғары, өйткені олар халыққа сапалы қызметтер ұсынуда. Банктер тұрақтылығын бағалау үшін ең алдымен оларды сандық топтарға бөліп көрсетеміз. Қазақстанның облыстарында тіркелген, жұмыс істеп тұрған банктер мен олардың филиалдарының саны төмендегі 1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Қазақстанның облыстарында тіркелген, жұмыс істеп тұрған банктер мен олардың филиалдарының саны (2003-2007 жылдар аралығында)
кезеңнің соңына
банктер
филиалдар
банктер
филиалдар
банктер
филиалдар
банктер
филиалдар
банктер
филиалдар
Дерек көзі:ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі
*Қазақстан Даму Банкін есепке ала. отырып
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz