Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын төмендету және пайданы көтеру жолдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ 4

1 КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 6

1. 1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 6

1. 2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары 13

1. 3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы 16

Жалпы табыс 16

2. «ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАЛДЫ - МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАВОДЫ» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ 21

2. 1 Өндірістік кәсіпорынның табысын талдау 21

2. 2 Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын талдау әдісі 27

2. 3 Өндірістік кәсіпорынның пайдасын және рентабельділігін талдау 40

3 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ПАЙДАНЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ 47

3. 1 Пайданы көтеруге бағытталған іс-шаралар 47

3. 2 Кәсіпорындағы өзіндік құнды төмендету резервтері 52

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

А -қосымшасы- КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАЛАНСТЫҚ ПАЙДАНЫ БӨЛУ СЫЗБАСЫ 63

Ә -қосымшасы - «ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАЛДЫ - МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАВОДЫ» ЖШС КӘСІПОРНЫНДА ӨНДІРІСТІК ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КАЛЬКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР СҰЛБАСЫ 64

Б -қосымшасы - 2010 жыл бойынша пайда мен зияндар туралы есеп 65

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек. Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады. Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші боып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады. Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:

- кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;

- кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;

-кәсіпорынның өзіндік құнын талдау әдісін қарастыру;

-кәсіпорындағы тиімділік көрсеткіштерін анықтау;

-кәсіпорынның табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шараларын қарастыру.

Зерттеу объектісі ретінде «МАТОКазахстан» ЖШС-нің өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады. Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады. Екінші тарау барысында кәсіпорындардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады. Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады. Дипломдық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

  1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні.

Басқару мәселелерін шешу үшін әрдайым өзгеріп отыратын нарық жағдайында кәсіпорын бәсекеқабілеттілігін сақтау мақсатында әрқашан қызмет ету аясына талдау жасауы тиіс.

Басқару обьектілерінің жағдайы түрлі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Көлеміне, қызмет ету аясына, табыстылығы немесе шығындалуына байланысты нарықтық ортаға әсер ететін күрделі жүйесі болады. Кәсіпорынның қызмет ету аспектісін сипаттайтын тек бір ғана көрсеткіштің болуы екі талай. Сол сияқты табыс та жалғыз көрсеткіш бола алмайды. Яғни кәсіпорынның қызмет аясын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі болады. Кез келген өнімді шығару үшін ресурстар қажет: ақша, жұмыс күші, құрал-жабдықтар, шикізат, материалдар. Кәсіпорын осы элементтерді, яғни өндіріс факторларын тиімді басқара ( жоспарлау, талдау, бақылау) отырып, бәсекеқабілетті өнім шығару керек.

Кәсіпорынның жалпы жағдайы және нарықтағы алатын орны көптеген көрсеткіштермен сипатталады.

  1. Шығаратын өнім параметрлері мен көрсеткіштері:
  • Өнім көлемі және ассортименті;
  • Сұраныс және өткізу нарығы;
  • Сапа;
  • Өнімнің өзіндік құны және бағасы;
  • Бәсекеқабілеттілік.
  1. Кәсіпорынның техникалық деңгейінің параметрлері мен көрсеткіштері:
  • Техникалық және технология жағдайы;
  • Өндіріс икемділігі;
  • Еңбектің техникалық қамтамасыз етілуі және т. б.
  1. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер:
  • Өнімнің өзіндік құны;
  • Орташа еңбекақы;
  • Еңбек ету жағдайлары;
  • Еңбек өнімділігі;
  • Тиімділік деңгейі және т. б.
  1. Қаржылық көрсеткіштер:
  • Өтімділік және төлемқабілеттілік;
  • Капитал айналымдылығы;
  • Меншікті және қатыстырылған қаражаттар және т. б.

Бұл көрсеткіштер нарықтық экономика заңдары мен ережелеріне сәйкес құрылатынын айта кету керек. Кәсіпорынның қызмет ету аясының соңғы нәтижелі көрсеткіші оның негізгі және негізгі емес қызметінен тапқан табысы болып табылады.

Табыстар мен шығындардың нақты тізбегі кәсіпорынның қызмет ету аясына байланысты және ол қаржылық нәтижелер есептілігінде көрініс табады. Жалпы табыс түсінігі нені білдіреді?Табыс қандай көздер арқылы қалыптасады? Табыстың түрлі кіріс түрлерінен айырмашылығы қандай? Осы сұрақтар бойынша тереңірек тоқталайық.

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Кәсіпорындардың қаржылық ресурстары нақты субъектінің иелігіндегі ақшалай ресурстарды құрап, оның кірістерін құру, бөлу және пайдалану процесін сипаттайды.

Өндіріске инвестицияланған алғашқы капитал өткізілген өнім бағасында көрініс табатын құнды құрайды. Өнімді өткізгеннен кейін ол ақшалай формаға - түсім формасына ие болады.

Алайда түсім - бұл өндіріске жұмсалған қаражаттарды өтеу және кәсіпорынның қаржылық резервтерін қалыптастыру көзі болып табылса да, әлі де табыс болып саналмайды. Пайдалану процесінде түсім сапалы әртүрлі құраушы бөліктерге жіктеледі.

Кірістер мен шығыстарды нақты жіктеу белгілі кезеңдегі таза іс-әрекет нәтижесін анықтау базасы болып табылады.

Осыдан басқа, жіктеу келесілер үшін қажет:

- есепті кезең кірістері мен падасының негізгі бөлігінің қандай көздерден алынғанын анықтау;

- өнімнің өндірістік өзіндік құны мен өндірістік емес шығындарды бөлу, оның ішінде басқару мен өткізу шығындарын, қаржылық іс-әрекет шығындарын бөлу;

- басқарушылық және қаржылық талдау мақсатында тұрақты және ауыспалы шығындарды бөлу.

Табысты алу көздерін анықтау үшін кәсіпорынның барлық іс-әрекеті төмендегідей жіктеледі:

- негізгі және операциондық іс-әрекет (кәсіпорын өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін өндіру және өткізу) ;

- қаржылық іс-әрекет (несие алу және оларды өзге кәсіпорындарға беру; кәсіпорынның өзге компаниялардың іс-әрекетіне қатысуы; кәсіпорынның қаржылық нарықтардағы операциялары, курстық ауытқулар) ;

- төтенше баптар (кәсіпорын іс-әрекетіне тән болып табылмайтын операциялар) .

Осылайша жіктеу аса маңызды, себебі ол кәсіпорынның негізгі іс-әрекетінен, сондай-ақ аталмыш кәсіпорынның іс-әрекетіне тән болып табылмайтын және табыс алудың тұрақты көзі ретінде қарастырыла алмайтын көздерден алынған табыстардың үлес салмағының қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Активтердің келіп түсуі нәтижесіндегі (ақша қаражаттары, өзге де мүлік) немесе ұйым капиталының артуына әкелетін міндеттемелерді өтеу (қатысушылардың салымдарын ескермегенде) нәтижесіндегі экономикалық пайданың артуы ұйымның табыстары болып танылады. Осыдан шығатыны, белгілі кезеңде келіп түскен ақша қаражаттары мен өзге де мүлік ұйымның кірісін (табысын) құрайды.

Өзге заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін төмендегі түсімдер табыстар болып есептелмейді:

• қосылған құнға салынатын салық, акциздер, корпоративтік табыс салығы, экспорттық баждар, өзге де міндетті төлемдер сомалары;

• комиссия шарттары, комитент пайдасына қатысты агенттік және өзге де шарттар бойынша түсімдер;

• өнімдер, тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жүргізу тәртібінде;

• өнімдер, тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу шотына аванстар;

• алдын ала берілген қаражаттар;

• қарызгерге берілген несие, қарызды өтеу.

Сипаты, алу шарты мен кәсіпорын іс-әрекетінің бағытына байланысты кәсіпорынның табыстары төмендегідей топтарға жіктеледі:

1) кәдімгі іс-әрекет түрлерінен түсетін табыстар;

2) өзге де түсімдер (операциондық табыстар, өткізуден тыс түсімдер, төтенше табыстар) .

Кәдімгі іс-әрекет түрлерінен түсетін табыстар - тұрақты сипатқа ие болып, кәсіпорынның күнделікті өндірістік-коммерциялық, қаржылық немесе инвестициялық іс-әрекетімен байланысты табыстар.

Тауарлар мен өнімдерді өткізуден түскен түсім, жұмыстар орындау және қызметтер көрсетумен байланысты түсетін түсімдер кәдімгі іс-әрекеттен түскен табыстар болып танылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытынды көрсеткіші осы өнім өткізуден түскен табыс болып табылады. Тәжірибеде өнім өткізуден түскен табыстың орташа табыс және шекті табыс сынды түрлерін ажыратады. Бұлардың әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызмет аясын басқаруда өз ролі бар.

Өнім өткізуден түскен кәсіпорын табысы орташа бағаны сатылған өнім данасына көбейту арқылы анықталады:

TR = pq (1. 1)

Мұнда:

TR - өткізуден түскен ақша;

р - өнім данасына баға;

q - сатылған тауар саны.

(1. 1) Формуласына сәйкес табыс көлемі сату бағасының деңгейіне сәйкес және сатылған тауар санына байланысты екені анықталады. Өз кезегінде сатылған өнім көлемі баға деңгейіне тікелей қатысты болады. Тәжірибеде бұл қатыстылық икемді, икемді емес және бірегей болуы мүмкін. Әр қатыстылық үшін нақты икемділік коэффициенті сәйкес келеді: бірінші жағдайда ол бірден көп, екіншісінде аз, үшіншісінде бірге тең.

Өзге де табыстарға операциондық табыстар жатқызылады, оның ішінде:

• кәсіпорын активтерін белгілі ақыға уақытша пайдалануға (уақытша иелену және пайдалану) берумен байланысты түсімдер;

• ойлап табуға патенттерден туындайтын, өнеркәсіптік үлгілер, интеллектуалды меншіктің өзге де түрлерімен байланысты құқықтарды белгілі ақыға ұсынуға байланысты түсімдер;

• өзге кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысумен (құнды қағаздар бойынша табыстарды қоса алғанда) байланысты түсімдер;

• кәсіпорынның бірлескен іс-әрекет нәтижесінде алынған пайдасы;

• негізгі қорларды сатудан түскен түсімдер.

Өткізуден тыс түсімдерге жатқызылатындар:

• айыппұлдар, өсімпұлдар, т. б. ;

• ұйымға келтірілген зияндарды өтеуге қатысты түсімдер;

• есепті жылы айқындалған өткен жылдардың пайдасы;

• кредиторлық және депонирленген берешек сомалары;

• курстық ауытқулар;

• активтерді қосымша бағалау сомасы;

• өзге де өткізуден тыс түсімдер.

Түсім коммерциялық кәсіпорынның басты табысы болып табылады.

Осылайша, қаржылық басқару жүйесінде табыстар мен пайданың келесі көрсеткіштеріне ие болу қажет:

1) өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен таза түсім - бұл қосылған құнға салынатын салықты, акциздер, қайтарылған тауарлар мен бағалық жеңілдіктерді шегергендегі өткізуден түсетін жалпы түсім. Дәл осы көрсеткіш пайда көрсеткіштерін әрі қарай есептеу және кәсіпорынның рентабельділігін бағалау базасы болып табылады;

2) өткізуден түсетін жалпы пайда - өткізілген өнімнің өндірістік шығындарын шегергендегі өткізуден түсетін таза түсім. Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетінің тиімділігіне талдау жасауға мүмкіндік береді;

3) негізгі іс-әрекеттен түсетін пайда (шығын) (операциондық пайда немесе операциондық шығын) - басқару шығындары мен өткізу шығындарын шегергендегі өткізуден түскен жалпы пайда. Бұл көрсеткіш басқару мен өткізу шығындарының өткізуден түсетін қаржылық нәтижеге ықпалын сипаттайды;

4) қаржылық іс-әрекеттен түсетін пайда - қаржылық іс-әрекет бойынша кірістер мен шығыстар сальдосы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен түсетін пайданы кәсіпорынның пайыздар мен дивиденд алуы, шетелдік валютамен жасалатын операциялардан алшақтату үшін қажет.

5) кәдімгі шаруашылық іс-әрекеттен түсетін пайда - негізгі шаруашылық іс-әрекеттен және қаржылық іс-әрекеттен түсетін пайда сомасы;

6) төтенше пайда;

7) салықты төлегенге дейінгі пайда (шығын) . Бұл көрсеткіш бухгалтерлік пайдадан салық салынатын пайдаға көшу нүктесі болып табылады. Бухгалтерлік (немесе есептік) пайда - бұл бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес есептелген пайда. Бухгалтерлік пайданы анықтаудың негізгі мақсаты - есепті кезеңдегі кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін көрсету. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның кірістері мен шығыстары, болашақ кезеңдерге басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оның іс-әрекетінің таза нәтижесі туралы ақпарат жинап, өңдеу үшін қажет. Осы мақсатқа қол жеткізгеннен кейін алынған нәтиже (салықты төлегенге дейінгі пайда) елдің салық заңнамасына сәйкес түзетілуі керек. Осылайша, салық салынатын пайда - бұл салықтық талаптарға сәйкес қайта есептелген бухгалтерлік пайда;

8) таза пайда (таза шығын) - салықты төлегеннен кейін пайда. Нарықтық экономика жағдайында бұл кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткіші. Ол кәсіпорын басшылары мен қаржылық нарықтардың назарына алынады. Оның қарқынынан кәсіпорынның әрекет етуі, оның жұмыскерлері үшін жұмыс орындарының болуы, акционерлік компанияда дивидендтерді төлеу тәуелді болады. Кәсіпорынның операциондық пайдасының барлық түрлерінің сомасына ықпал ететін маңызды фактор - операциондық іс-әрекет процесінде қалыптасатын табыс көлемі. Операциондық іс-әрекет бұл кәсіпорынның негізгі іс-әрекет түрі. Кәсіпорынның операциондық іс-әрекетінің сипаты кәсіпорын әрекет ететін сала ерекшелігімен анықталады.

Операциондық табыстар - кәсіпорынның операциондық іс-әрекетінің нәтижесінде алынған табыстары. Олар жалпы және таза операциондық табыстар формасыда әрекет етеді.

Кәсіпорынның операциондық табыстары екіге бөлінеді:

-

Ескерту-автормен құрастырылған.

Кәсіпорынмен құрылатын операциондық табыстардың сомасы мен деңгейі бірқатар факторлардан тәуелді болады. Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарындағы жалпы және таза операциондық табыс сомасына ықпал ететін негізгі факторлар 1 кестеде келтірілген.

Келтірілген факторларды қарастыра отырып, олардың агрегатталған сипатқа ие болатынын айта кету керек, яғни сыртқы факторлардың ықпалымен қалыптасады: сәйкес тауарлы нарық сыйымдылығы, ондағы бәсекелестік деңгейі, өндірілетін өнім номенклатурасы.

Кесте 1.

I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда
II. Сауда кәсіпорындарында
I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда: 1. Өндірілген өнімді өткізу бағасының деңгейі
II. Сауда кәсіпорындарында: 1. Жабдықтаушылардан тауарларды сатып алу деңгейі
I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда: 2. Өндірілген өнімді өткізу көлемі
II. Сауда кәсіпорындарында: 2. Сатып алушылардың сатып алған тауарлар бағаларының деңгейі
I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда: 3. Жалпы операциондық табысқа салық салу деңгейі
II. Сауда кәсіпорындарында: 3. Тауар айналым көлемі
I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда:
II. Сауда кәсіпорындарында: 4. Жалпы операциондық табысқа салық салу деңгейі
I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда:
II. Сауда кәсіпорындарында:
I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда: Ескерту - «Корпоративтік қаржы» электрондық кітабы

Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарындағы жалпы және таза операциондық табыс сомасына ықпал ететін негізгі факторлардың құрамы.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған факторлар кәсіпорынның жалпы және операциондық табысын басқару механизмін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басқарудың осы механизмінің деңгейін төмендегілер құрайды:

- тиімді бағалық саясатты қалыптастыру;

- операциондық табыстарды жоспарлау.

- операциондық шығындарды жоспарлау.

Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11) . Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Кәсіпорын шығындары мен пайданы арттыру
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы
Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Өндіріс шығыны теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz