Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қазіргі даму жағдайын талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН ДАМУЫ . . . 6
1. 1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері . . . 6
1. 2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері . . . 14
1. 3 Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі . . . 20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 31
2. 1 Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық
банктер қызметтерінің қазіргі жағдайы . . . 31
2. 2 АҚ БТА Банкі қызметтеріне экономикалық талдау . . . 36
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ . . . 51
3. 1 Банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары . . . 51
3. 2 Банк жүйесінің даму перспективалары . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнгі дағдарыс Америкадан басталып, өзінің ауыр зардабын әлем елдерінің бәріне тигізіп отыр. Америкалық үлкен-үлкен компаниялар мен банктердің акциялары күрт арзандап, кейбіреуі банкрот болып, кейбіреуін үкімет өз қарамағына сатып алуға мәжбүр болуда.
Америка Құрама Штаттары еліндегі банктер мен компаниялардың күйреуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бюджеттен оларға жәрдем ретінде 700 млрд. доллар бөлінді. Бірақ бұл да аз болғандықтан ел экономикасына 600-700 млрд. доллар көлемінде қосымша қаржы берілді. Еуропада, Азияда, құрылықтың басқа өңірлерінде де қазіргі дағдарыстың зардабы осындай ауыр.
2008 жылы қаржы дағдарысының салдарынан бүкіл әлем елдеріндегі қор рыногының құны 30 триллион доллардан артық арзандаған. Үнді елінде осындай қағаздар кұны 52 пайызға, ал Қытай Халық Республикасында 66 пайызға төмендеген. Тек кана Америка үкіметі қаржы дағдарысымен күресу жолында 4 триллион 280 млрд. долларға шығынданған, кейбір есептер бойынша бүл әлем елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстағы шығынынан 2 еседен аса артық[1] .
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық[2] .
2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар нарығының құлдырауынан басталған қаржы-экономикалық дағдарыс іс жүзінде әлемнің барлық мемлекеттерін қамтыды. 2009 жылдың басында әлемдік сауда көлемінің өсу қарқыны 50-ден астам пайыздық тармаққа: жылына 20 пайыздық жылдық өсімнен 30 пайыздық төмендеуге дейін азайды.
Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.
Қазақстанның қаржы жүйесінің одан әрі дамуы ағымдағы жаһандық дағдарыстың негізгі қорытындыларын ескеретін болды. Қандай да болмасын қарыз алу коммерциялық қаржылық және валюталық тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін қатаң пруденциалды стандарттарға және ашықтық талаптарына негізделуі тиіс.
Халықаралық капитал нарықтарына қолжетімділік банк секторының және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларының сыртқы борышының деңгейін жауапты басқаруды талап етеді.
Ел ішіндегі жинақтар деңгейінің өсуі орнықты, ашық және тиімді реттелетін болуы тиіс, қаржы жүйесіне сенімнің нығаюына байланысты.
Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін мемлекеттік қолдау сақталады, алайда, бірте-бірте жеке бастамаға орын бере отырып, тікелей мемлекеттің қатысуы азаятын болады[3, 1, 3 - 4 бб. ] .
Мұның әсіресе еліміздің алдағы он жылда әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін маңызы зор.
Нарықтық экономикада банк жүйесінің атқаратын қызметі өте зор. Біріншіден, дамыған банк жүйесі төлем жүйесін басқарады. Нарықтық қатынастар жағдайында коммерциялық мәмілелердің көбісі электрондық төлемдер немесе чектермен төлеу жолымен қаражаттарды бөлу арқылы жүргізіледі. Екіншіден, өзге қаржы делдалдарымен бірге, банктер халық жинақтарын әр түрлі жобаларға бағыттайды, несие саясатын жүзеге асырады. Қаражаттарды инвестициялау процесінің тиімділігі белгілі бір дәрежеде банк жүйесінің ақша қорларын оларды оптималды пайдалана алатын заем алушыларға бағыттай алу қабілетіне байланысты болады. Үшіншіден, коммерциялық банктер орталық банктердің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет етеді, айналыстағы ақша көлемін реттеу процестеріне қатысады.
Осы жоғарыда айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы Қазақстанның банк жүйесінің мәнін, мазмұнын, атқаратын активті операцияларын, даму болашағын зерттеу, еліміздің жалпы банк секторының қазіргі жағдайын сипаттау, зерттеу, ондағы кездесетін проблемаларды айқындау және оны шешу жолдарын, перспективаларын, даму болашағын көрсету. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету нарығына шолу жасау, оның қазіргі жағдайын талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеті -дағдарысқа қарсы банктердегі тұрақтылықты орнатудың қазақстандық жолын айқындау; банк жүйесінің шетелдік тәжірибесін, активті операцияларын, бағыттарын, қызметтерін қарастыру, қазіргі банктердің экономикалық жағдайына талдау жасау. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлін, олардың қажеттілігін, еліміздегі банк жүйесінің даму тарихын, оның негізгі мәселелерін, жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері, Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері, банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық банктер қызметтерінің қазіргі жағдайы ашылып, АҚ БТА Банкі қызметтеріне экономикалық талдау жасалынған.
Үшінші бөлімінде банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары, даму перспективалары көрсетілген.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. 1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген қаржылық, кеңес беру және т. б. қызмет түрлерін басқа экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз клиенттеріне көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Несие қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.
Несие ісі - банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың төлем айналымын қолма-қол ақшасыз формада реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:
-банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшілігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
-өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен айрықшаланатын банк қызметі;
-банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
-банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын, құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Банк оның жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның мынадай болуы керектігін ұйғарады:
-оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы керек;
-бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі қажет;
-өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне өзара әрекеттесуге икемді блуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызмет[4, 360 - 362 бб. ] .
О. И. Лаврушин банктің 3 қызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мәні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тән емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:
-шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
-шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі - бастапқы несие беруші (банк клиенті) ;
-қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицензия) жүзеге асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек.
Оған тереңірек үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай түрлендіру мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелділікті азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл қағидалардың де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т. б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды[5, 37 б. ] .
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері мыналар:
- банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі.
- банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
- банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
- банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
- банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
- банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
- банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Казақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер мен банк қызметі туралы» заңында былайша жазылған:
- Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие;
- Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді;
- ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің екінші деңгейін білдіреді;
- Шетелдік қатысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және (немесе) басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері; ә) заңды тұлғалар - ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және (немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (оқушылардың салым ақшасы) ; ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатында.
- Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған әрі әрекет ететін банк [6, 133 - 134 бб. ]
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
Кесте-1 01. 01. 2010 жылғы жағдай бойынша Қазақстан банк жүйесінің құрылымы
Қайнар көзі: Сейітқасымов Б. К. Ақша, несие, банк. - Алматы: Экономика, 2009. - 356 б.
И. О. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:
-бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді қамтиды;
-өзіндік ерекшелігі бар;
-элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;
-динамикалық жүйе болып табылады;
-«жабық тұрпат» жүйесі ретінде алға шығады;
-өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
-басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болған:
-банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;
-нарықтық банк жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да және социалистік жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір эммисиялық және несие институты болды. Онда барлық несие ресурстары орталықтандырылып, бөлінеді.
Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі банктерге мемлекеттік монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта орталықсыздандырылған басқару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметерді өзара бөлісіп алған. Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялық банктердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның осы заманғы банк жүйелерін жатқызуға болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады, алайда, ол алдындағы банк жүйесінің «меңдік дағынан» әлі арылып біткен жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркенделген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық базасы әрдайым өзгеріп тұрады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы ұдайы өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15 жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңнің әлі тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz