XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс



XIX ғасырдың 60-жылдары Россияда үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың негізінде пайда болды.
1853—1855 жылдардағы Қырым соғысы Россиядағы крепостнойлық жағдайдың әлсіздігін айқын ашып берді.
В. И. Ленин 60-жылдарды сипаттай келіп, былай деп жазды: «Европада демократиялық қозғалыстың жандануы, Польшадағы толқу, Финляндиядағы наразылық, бүкіл баспасөздің, бүкіл дворян тобының саяси реформалар жасауды талап етуі, бүкіл Россияда «Колоколдың» таралуы, цензураның бақылауындағы маңалаларымен де нағыз революционерлерді тәрбиелей білген Чернышевскийдің күшті уағызы, үндеу хаттардың шығуы, шаруалардың бас көтеруі, өздерін тірідей тонайтын «Ережені» оларға «екінің бірінде» соғыс күшімен, қан төгіспен қабылдатуға тура келуі, дзоряндардың — келістіруші билердің мұндай «ережені» қолданудан ауыз біріктіріп бас тартуы, студенттердің тәртіпке бағынбауы — осындай жағдайда ең сақ, ақыл-ойлы саясатшы адам революциялың дүмпудің өзін толық ықтимал деп тануға тиіс еді».
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси, экономикалың және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин т. б.), орыс музыкасы (бір топ композиторлар), орыс бейнелеу өнері («Передвижники»), орыс ғылымы (Сеченов, т. б.) бұл кезеңде дамудың жоғарғы сатысына көтерілді.
60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік идеяның, сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болады.
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалың қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға күрес, жалпы білім беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс
XIX ғасырдың 60-жылдары Россияда үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды.
Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық
қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың
негізінде пайда болды.
1853—1855 жылдардағы Қырым соғысы Россиядағы крепостнойлық жағдайдың
әлсіздігін айқын ашып берді.
В. И. Ленин 60-жылдарды сипаттай келіп, былай деп жазды: Европада
демократиялық қозғалыстың жандануы, Польшадағы толқу,
Финляндиядағы наразылық, бүкіл баспасөздің, бүкіл дворян тобының
саяси реформалар жасауды талап етуі, бүкіл Россияда Колоколдың
таралуы, цензураның бақылауындағы маңалаларымен де нағыз революционерлерді
тәрбиелей білген Чернышевскийдің күшті уағызы, үндеу хаттардың шығуы,
шаруалардың бас көтеруі, өздерін тірідей тонайтын Ережені оларға екінің
бірінде соғыс күшімен, қан төгіспен қабылдатуға тура келуі, дзоряндардың —
келістіруші билердің мұндай ережені қолданудан ауыз біріктіріп бас
тартуы, студенттердің тәртіпке бағынбауы — осындай жағдайда ең сақ, ақыл-
ойлы саясатшы адам революциялың дүмпудің өзін толық ықтимал деп тануға тиіс
еді.
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси,
экономикалың және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы
мен әдебиеті (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Толстой,
Тургенев, Салтыков-Щедрин т. б.), орыс музыкасы (бір топ композиторлар),
орыс бейнелеу өнері (Передвижники), орыс ғылымы (Сеченов, т. б.) бұл
кезеңде дамудың жоғарғы сатысына көтерілді.
60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік
идеяның, сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болады.
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалың қозғалыс сол кездегі
қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені
қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға күрес, жалпы білім
беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі
діни оқуға, құрғақ, жаттау мен жазалауға қарсы күрес, баланың жеке басын
сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғары мектеп автономиясы
— міне, осылар XIX ғасырдың 60-жылдарындағы орыстың прогресшіл
педагогикасының көтерген негізгі мәселелері болды.
Бұл кезеңде бірнеше қоғамдық ұйымдар ашылып, олар өз алдарына
педагогика теориясы мен практикасының өзекті проблемасын шешу мақсатын
кездеді. 1859 жылы октябрьде Петербургте педагогикалық жиналыс ңұрылды.
Кейіннен 6л Петербург педагогикалық ңоғамы болып аталды. Оның жұмысына К.
Д. Ушинский, В. Я. Стоюнин, В, И. Водовойов, Д. Д. Семенов, Я. Я. Герд т.
б. көптеген педагогтар мен методистер қатысты. Көптеген қалаларда қоғамдық
педагогикалық ұйымдар пайда бола бастады.
XIX ғасырдың 60-жылдарында орыс педагогикалық ғылымының даму тарихында
әр түрлі бағыттар орын алып келді. Педагогикалың қозғалыс бір бағытта
болған жоқ.
Әр түрлі қоғамдың топтар мен сол топтарды жаңтаушы педагогтар
педагогикалық мәселелерді өз топтарының тұрғысынан түсіндірмек болды.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері ең
прогресшіл революцияшыл демократиялық бағытта болды. Бүл бағыттың ең
көрнекті өкілдері Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбов еді. Бұл бағыт
мынаны: жалпыға бірдей оқу, мектепті демократизациялау, қоғамдық өмірдің
барлың саласында бірдей әйелдер мен ерлердің тең праволылығы, оның ішінде
халық ағарту саласындағы тең праволылығы, тәрбиенің мақсаты революционерді,
крепостнойлықтың қалдықтары мен самодержавиеге қарсы күрескерді даярлауды
талап етті.
Белгілі дәрежеде революцияшыл-демократиялық бағыттан буржуазиялық-
либералшыл педагогикалың бағыттың айырмашылығы бар. Бұл бағыттың ең
көрнекті өкілдерінің бірі Н, И. Пирогов, В. Я. Стоюнин, И. А. Корф т. б.
Крепостниктік тәрбиеге қарсы шығып, мектеп реформаларын талап ете
отырып, адам тәрбиесі үшін, балаға адамгершілік тұрғысынан қарау туралы
пікір айтумен қатар, бұл бағыттың өкілдері өздерінің педагогикалың
көзқарастарыида либералдарға тән екі жүзділік көрсетті. Олар патша үкіметі-
нің қанағаттанарлықтай дәрежеде мектеп реформаларын жүргізуге толық
мүмкіншілігі келеді деп түсінді. Әйелдерге білім беруді жаңтай отырып,
бірақ олардың тең праволылығына қарсы шықты, Халық мектептерін көбірек
ашуды ұсына отырып, жалпыға бірдей оқыту мәселесін ескермеді. Ескі оқуға
қарсы шыға отырып, балаларға адамгершілікпен қарауды жақтай отырып, ол ұрып-
соғу арқылы жазалауды жоққа шығарған жоқ, оны белгілі дәрежеде шектеу
керектігін айтты.
Тәрбиенің мақсатын буржуазияшыл-либералдың бағыттың педагогтары мәдени
және адамгершілік жағынан дамыған адамды дайындау екендігін түсіндіріп
берді, бірақ та олар мұндай сапалар деп нені түсінетінін нақтылы ашып
берген жоқ. Бұл мәселе туралы екі ұшты пікірде болды. Революция-шыл-
демократиялық бағыттың өкілдері ұсынған тәрбиенің мақсаттары мен идеялың
саяси принциптеріне либерал-педагогтар көп жағдайларда сенімсіз қарады.
Олардың көзқарастарына қарсы болды.
Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстаған, біразы буржуазиялық-
либералшыл бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық-
демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Бұл бағыттың өкілдерінің қатарына
К. Д. Ушинский және оның жолын ұстаушы педагогтарды (В. Й. Водовозов, Н. Ф.
Бунаков т. б.) атауға болады. Бұл топ-қа кіататын педагогтар, буржуазиялық-
либералшыл бағытқа жататын педагогтар сияқты, белгілі қоғамдың құрылыстың
көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан
адамдарды тәрбиелеуге болатындығын түсіндірді.
Оларды тәрбиелеуде діннің атқаратын роліне жете мән берді, әйелдерге
білім беруді талап өте отырып, әйелдердің барлық жағынан тең праволылығы
мәселесін ескермеді.
Бірақ та олардың буржуазиялық-либералшыл бағыттан айырмашылығы сол,
бұлар орыс халқының орасан зор творчестволық күшіне сене білді, педагогика
мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады, шетел мектеп жүйесін қабылдауға және
шетел педагогикасына бас июге қарсы шықты.
Буржуазиялық-демократияшыл бағыттағы педагогтар орта білім берудегі
классикалық бағытқа қарсы болды. Кейбір мәселелер бойынша буржуазиялық-
демократтар революциялық демократтардың көзқарастарына жақындады (мәселен,
ұрып - соғу, жазалау туралы), бірақ өздерінің методологиялың және саяси
көзқарастары жағынан үлкен айырмашылықтары болды. Олар революционерді
тәрбиелеу талаптарын қою дәрежесіне жете алмады. Мектеп реформасының
демократиялық талаптарына қосыла отырып, патша үкіметінің жағдайында
мектепті толық демократизациялаудың мүмкін емес екендігін және патша
үкіметін революциялық жолмен жоюды түсін-беді.
60-жылдардағы қозғалыстың алғашқы басталған кезінде үкіметтің
мектептер туралы жақа ережелерді қабылдауы — орыс жұртшылығының жақа
мектептер ұйымдастырудағы және оқу-тәрбие жұмысының әдістерін жақсартуға
бағытталған шаралары еді. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-
педагогикалың қозғалыстың әсерімен бұл жылдары бірнеше педагогикалық
журналдар пайда болды. Олар тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін қызу
талқылап отырды.
Ондай журналдардың қатарына: Журнал для воспитания (1857 жылы пайда
болды, 1860 жылдан бастап Воспитание деген атпен шықты), Русский
педагогический вестник, Учитель (ол 1860 жылдан 1870 жылға дейін шығып,
халық мектептері мәселелеріне арналып отырылды), Педаго-гический сборник
журналы, Ясная поляна (мұны 1861— 1862 жылдары Л. Н. Толстой шығарып
тұрды. Яснополяка мектептерінің тәжірибесін көрсетіп, еркін тәрбие
идеясын на сипаттады) журналдары шықты. Олардың көбі өз жұмыстың реакция
жылдарында, яғни 70—80-жылдарда тоқтатты.
Тәрбие және халық ағарту мәселелері әдеби және саяси журналдарда да
орын алды. Современник— революцияшыл-қ бағыттағы журнал. Онда Н. Г.
Чецнышевский мен Н. А. Добролюбовтың тәрбие және білім беру мә-селелері
туралы бірнеше маңалалары басылып тұрды.
60-жылдардың бас кезінде кейбір арнаулы журналдар жалпы тәрбие
мекемелеріне арналып отырылды. Мәселен, Пироговтың Өмір мәселелері атты
белгілі мақаласы 1856 жылы Морской сборник журналында басылған болатын.

Николай Иванович Пироговтың (1810—1881) педагогикалық көзқарасы
Н. И. Пирогов — белгілі орыс ғалымы, атақты хирург, XIX ғасырдың
екінші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, әрі ірі
педагог. Н. И. Пирогов Москва университетін бітіргеннен кейін (медицина
факультетін) Дерпт университетікде (Тарту қаласы, Эстон ССР-і) медицина
ғылымының докторы дәрежесіне диссертация қорғайды. 26 жасында Дерпт
универсктетінде ол хирургия профессоры атағын алады, содан кейін
Петербургтегі медициналық-хирургия академияеыкда профессор болды.
1854 жылы Пирогов өз еркімен Севастопольге Қырым соғысына аттанады.
Онда ол бар күш-жігерін жарақаттанғандарды емдеуге арнады. Хирургия
саласындагы теориялық еңбектері мен практикалың қызметі оның ұлы ғалым
дәрежесіне көтерілуіне себепші болды. Пироговтың тәрбие мәселесіне арналған
Вопросы жизни (Өмір мәселелері) атты мақаласы 1856 ж. пайда болды. Ол
мақала жұртшылықтың назарын өзіне аударып, автор өзінің алдыңғы қатарлы
жалпы адамгершілік тәрбие туралы идеяла-рымен белгілі бола бастады.
1856 жылы Пирогов Одесса оқу округының попечителі болып тағайындалады.
II Александр Пироговты бұл жұмысқа тағайындағанмен, оған
сенімсіздікпен қарады.
Пирогов Одесса оқу округын екі жылдай басқарғанда,
гимназиялардың педагогикалық кеңесінің маңызын көтеруге барынша күш салды,
оқу орындарының директорлары мен мұғалімдеріне балаларға адамгершілікпен
қарауға бағыт берді. Одессада университет ашуға даярлық жасады.
Кейін Пирогов Киев оқу округының попечителі қызметіне ауыстырылды. Ол
онда мектептердің жағдайын жақсартумен шұғылданды. Мұғалімдердің
методикалық білімін жетілдіруге көмектесті, гимназия практикасына кластан
тыс әдеби әңгімелерді өткізу енгізілді. Киевте Россиядағы ең бірінші ерлер
үшін жексенбілік мектептердің бірін ашуға көп жұмыс жасады.
Пирогов Одесса мен Киев оқу округтарында жұмыс істеп жүргенінде
гимназиялардың педагогикалық кеңесінің жұмысына өзгертулер енгізіп, оны
жақсартуға белгілі дәрежеде еңбек сіңірді. Ол талқыланылатын мәселелердің
мазмұнын кеңейтті, кеңестің жұмыс мазмұнына баяндамалар мен дидак-тикалық
мәселелердің төңірегінде пікір алысуды енгізді, методикалың жағынан
мұғалімдердің жұмыстарын жақсартты, мұғалімдердің сабақтарына өзара қатысып
отыруын талап етті. Гимназия және прогимназия мұғалімдері мен басшыларынан
оқушылар мен олардың сабаққа үлгірімін жан-жақты зерттеуді талап ете
отырып, Пирогов бір кластан екінші класқа оқушылардың жылдық үлгіріміне
қарай бағалап кешіруді ұсынды.
Н. И. Пирогов 1861 жылы попечителдік қызметінен шығарылғанда, Киевтің
прогресшіл жұртшылығы оны салтанатты түрде шығарып салды. Герцен
Колоколда Пироговты жұмыстан шығару — бұл ақымақтар Россиясының дамып
келе жатқан Россияға қарсы жексұрын істерінің бірі болды,— деп жазды.
Пирогов — буржуазиялық-либералшыл педагогиканың көрнекті өкілдерінің
бірі болды. Қайшылықтары мен кемшіліктері оның көзқарасының ерекшелік
сипаттарына байланысты еді. Ол крепостнойлық тәртіпке, үкіметтің басқару
орындарына келіспеушілігін білдіргенмен, онымен күресуге қарсы болды.
Пирогов реформалар арқылы, монархтың жағымды еркі арқылы халықтың
өмірін жақсартуға болады деп түсінді. Бұл оның көзқарасындағы негізгі
қайшылығы еді. Қоғамдық өмірді жақсартудың негізгі шараларының ішінде
ерекше орынды ағарту ісіне бөлген болатын.
Сонымен қатар Пирогов белгілі ғалым да болды. Өзінің атақты
зерттеулерімен медицина ғылымы саласына ерекше үлес қосты. Ол ғылымды
дамытудың қажеттігін қолдай келіп, оның үлкен танымдық және тәрбиелік
маңызын көрсетіп берді.
Н. И. Пироговтың көзқарасындағы осы ерекшелік оның педагогикалық
қызметі мен көзқарасына өз әсерін тигізбей қоймады. Кей жағдайларда бұл
бағытта екі ұштылың, солқылдақтың білдірді. Бірақ біз оның тәрбие мен
педагогика саласында атқарған ролін жоққа шығара алмаймыз. Оның пе-
дагогикалық еңбектерінен өз кезінде орыстың прогрейсивті педагогикасының
дамуына үлкен әсер еткен құнды пікірлер болғандығын білеміз.
Тәрбиенің мақсаты. Мектеп жүйесі
Пирогов Өмір мәселелері маңаласында 60-Тәрбиенің жылдағы қоғамдық
қозғалыста сословиелік мектепке және ерте мамандандыруға ба-ғыттайтын жалаң
мағыналық білім беруге қарсы болды. Ол мұндай білім беруге жалпы адамзаттың
тәрбие идеясын қарсы қойды. Ондай тәрбие қоғамдық өмірге жоғары
адамгершілікті, ой-өрісі жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеуге тиісті деді.
Ол балаларды күні бұрын, ерте мамандандыруға қарсы болды. Ондай тәрбие мен
білім беру балалардың ой-өрісінің де, адамгершілік жағынан дамуын да
тарылтады деп түсіндірді.
Негізгі идеясы жалпы адамзаттың білім беруді жақтаған Өмір
мәселелері мақаласы өз замандастарының назарын аударды. Мақалаға сол
кездегі алдыңғы қатарлы педагогикалық жұртшылықтың тарапынан көптеген пікір
айтылды. Оны буржуазиялық-либералшыл, сонымен қатар буржуазиялық-
демократияшыл, тіпті революцияшыл-демократиялық баспа-сөздер тарапынан
қолдау болып жатты.
Бірақ либералдар мен революцияшыл-демократтардың арасында қандай
адамды тәрбиелеу керек деген мәселені түсінуде үлкен айырмашылықтар бар
еді.
Революцияшыл-демократтар (Чернышевский, Добролюбов) жоғары
адамгершілікті, мәдениетті адам деп крепостнойлыққа және патша үкіметіне
қарсы шыққан табанды революционер-күрескерді түсінді. Ал Пирогов және оны
жақтаушылар адамдардың жалпы адамгершілік қасиетін ғана жақтады.
Пирогов жалпы адамгершілік тәрбиесіне байланысты со-словиелік мектепке
қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды.
Осы мақсатта мектеп типтеріндегі әр түрлілікті жоюды және бір-бірімен
байланысты бірнеше сатыдан тұратын бірыңғай мектеп жүйесін құруды талап
етті. Сонымен қатар мектептердің оқу жоспарларындағы көп пәнділікті жоюды,
жалпы білім беруде екі бағытты, яғни классикалың және реалдың бағыттарды
талап етті.
Демек, Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылы болу керек деп есептеді.
Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін екі типті 4 жылдың прогимназия (орталау
мектеп), одан кейін тағы да екі типті 3—5 жылдың оқу мерзімі бар гимназия.
Одан кейін жоғары мектеп (университеттер, жоғары оқу орындары).
Пирогов орта мектепте негізгі пәндер латын және грек тілдері, орыс
тілі мен әдебиеті, математика, тарих болуға тиісті деді.
Классикалық гимназияда барлық оқу пәндері — жалпы білім беретін
сипатта болды, ал реалдың гимназияларда оқу пәндерінің кейбіреулері
кәсіптік пәндерге арналды. Мұның өзі реалдың гимназиялардың жалпы білім
көлемін төмендетті, себебі онда оқу мерзімі классикалық гимназияларға
қарағанда аз (3 жыл) болатын.
Классикалың гимназиядан кейін университетке немесе арнаулы жоғары оқу
орындарына түсуге болады. Ал реалдың гимназияны бітіргендер тек қана
арнаулы жоғары оқу орындарына ғана түсе алады, немесе практикалық жұмысқа
барады.
Пироговтың ұсынған мектеп жүйесі көп пәнділікті жоюға жол ашып берді.
Жаңа мектеп жүйесі программалар, оқулықтар және оқу құралдарын жасау
жұмысында жеңілдіктер туғызды, сонымен қатар мұғалімдер даярлау жұмысы мен
мектептерді бақылау, басқару жұмыстарын жеңілдетті.

Н. И. Пироговтың дидактикалық пікірлері
Н. И. Пирогов өзінің оқу округтары бойынша нұсқауларында
мұғалімдердің ескі, догматикалық оқу тәсілін алып тастап, жаңа әдістерді
қолдануға баса назар аударғаи болатын. Пирогов балалардың ойын, қабілетін
дамытуға, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға көңіл ау-
дарып отырды.
Тәжірибелі мұғалім оқушылардың сабаққа зейінін арттырып, оқу
материалына ынтасын оята біледі, ал мұның өзі, Пироговтың түсінуінше,
оқытудың жемісті болуы үшін аса қажет.
Негізгі дидактикалың принциптерді Пирогов саналылың, көрнекілік,
оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады.
Пирогов балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты болуын
талап етті. Ол методикалың енердің негізі кернекілік пен сөзді орынды
бірлікте қолдана білу деді. Оның пікірінше, мектептегі бүкіл оқу жұмысын
бір ғана көрнекілікке, не болмаса баяндау түрінде құруға қарсы болды.
Көрнекіліктің,— деп жазды Пирогов,— неғізгі мақсаты оқушылардың
сыртқы сезім мүшелеріне әсер ету... Сөз де сырттан ықпал жасай отырып,
адамдардың ең негізгі, ең қажетті қабілеттілігіне әсер етеді .
Демек, Пирогов көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесіндегі бір-
бірімен байланыстылығын көрсетіп берді. Бірінсіз екіншісінің іске
аспайтындығын өз еңбектерінде дәлелдеп түсіндірді. Көрнекіліктің бір өзі
сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды.
Сөздің маңызын жоғары бағалаумен байланысты, Пирогов орта мектептегі
әдістердің (мұғалімнің әңгімесі, әңгімелесу, оқушылардың шығармасы) ролі
мен маңызын да дұрыс бағалады. Бұл әдістерді гимназиядағы білім беру
жүйесінде кеңінен қолдануды талап етті. Оның ішінде әңгіме әдісін қолдануға
ерекше мән берді.
Кіші жастағы мектеп балаларын оқыту мен тәрбиелеуде Пирогов ойын
әдістерін пайдалануды ұсынды. Ойынды ол алғашқы білім берудің күшті құралы
деп атады. Балалар ойынын жоққа шығару, пайдаланбауды тәрбиешілердің
әлсіздігі деп білді.
Сонымен қатар кіші жастағы мектеп балаларының музыкамен, ән-күймен
және басқа да көркемөнердің түрлерімен шұғылданулары қажет деп есептеді.
Көркемөнер балалардың рухын көтереді, ойлау процесі мен талғамын дамытады
деп есептеді.

Мектептегі тәртіп
Пирогов оқушылардың тәртібіне жете маңыз бере келіп, саналы тәртіп
оқыту мен адамгершілік тәрбиесін жақсартудың бірден-бір қажетті шарты деп
білді.
Сол кездегі мектептерде үстемдік еткен қатаң полицейлік шараларға,
балалардың адамгершілігіне жауапсыздықпен қарауға қарсы шығып, тәртіпті
іске асыруда балаларға адамгершілікпен, сүйіспеншілікпен қарауды талап
етті.
Егер оқушы тәртіпсіздік жасаған жағдайда, педагог сол тәртіпсіздіктің
болған себебін анықтап, сол жағымсыз қылыққа берілген жазаның әділетті
болуын талап ету керек деді.
1858 жылғы Балаларды ұрып-соғу қажет пе? деген мақадасында Пирогов
балаларды ұрып-соғу, жазалауға бүтіндей қарсы шықты. Ұрып-соғу балалардың
ар-ұят сезімін жояды, балаларды жағымсыз қылықтарға итермелейді дей келіп,
оны жоюды талап етті.
Бірақ бұл пікірінде үнемі тұра алмады, кейін солңылдақтық білдірді.
1859 жылы Пирогов Киев оқу округы бойынша жариялаған бір нұсқауында
жазалауды қолданбай болмайды, оны гимназияларда жиі қолданбай, тек қана
кейбір жағдайларда педагогикалың кеңестің шешімі бойынша қолдануға бо-лады
деді.
Н. А. Добролюбов өзінің атақты Дүремен қиратылған бүкіл Россиялық
иллюзиялар деген мақаласында Пирогов пікірінің екі жақтылығын қатты
сынады. Пирогов 1860 жылғы өзінің жауабында Добролюбовтың және
демократияшыл баспасөздің айтқан сын ескертпелеріне қарсы шығып, өзін
ақтамақшы болды.
Добролюбов Тамшыдан теңізге деген мақаласымен Пироговтың
келісімпаздығын және оның бұрынғы ұстаған прогрессившіл принциптерінен бас
тартқандығын қатты сынады.
Пироговтың жоғары мектеп мәселелері бойынша көзқарасының ішінде ерекше
роль алатыны — университеттер туралы айтқаны. Бұл мәселеге бірнеше
мақалалар арналған болатын. (Біз не тілейміз?). Оның түсіндіруінше
университеттер тар көлемдегі мамандарды даярламай, жан-жақты ғылыми жағынан
дамыған және жоғары адамгершілік сенімдері қа-лыптасқан азаматты даярлайтын
жоғары мектептің ең жақсы түрі деп білді.
Пироговтың педагогикалық қызметі мен теориялың еңбектерінің кейбір
кемшіліктері мен қателіктеріне қарамастан, оның отандың педагогика ғылымы
мен мектептердің даму тарихында атқарған ролі зор болды. Оның сословиелік
мектепті сынап, сословиесіз, таптық мектепті жақтауы, ерте маманданудың
кемшілігін ашуы және жалпы азаматтық білім беру мен бірыңғай мектепті
жақтауы, оқытудың әдістеріне жете кеңіл бөлуі, оның ішінде сөз бен
көрнекілікті орынды байланыстыра білуді талап етуі, жоғары мектептердің
көптеген проблемаларын кетеруі — осының барлығы прогрессивті орыс
педагогикасының теориясы мен практикасына қосылған пайдалы үлес болып
табылады.

Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский
(1824—1870)
Константин Дмитриевич Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIX ғасырдың
екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында
саналады. Ол — Рос-сиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің
негізін қалаушы. Оның Балалар әлемі, Ана тілі, Педа-гогикалық
антропология атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған
басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық
шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор
ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.
Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар
тәрбиесіне арнады.
Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру — менің өмірімнің бірден-бір
мақсаты,— деп жазды К. Д. Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы
сөздерінде еді.

Өмірі мен педагогикалық қызметі.
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы 18 февральда Тула қаласында
туды. Әкесі оқыған офицер дәрежесінде 1812 жылғы Отан соғысына қатысты.
Константин Дмитриевичтің балалың шағы Чернигов губерниясындағы
Новгород-Северск қаласының маңындағы әкесінің шағын имениясында өтті.
Семья жағдайы баланың тәрбиесіне қолайлы болды. Орта білімді Новгород-
Северск гимназиясында алады. 1840 жылы Москва университетінің заң
факультетіне түсіп, оны 1844 жылы бітіріп шығады. Университетті бітіру
қарсаңында Ушинский қоғамдық қозғалыстың ықпалында болды.
Университетті сәтті аяқтағаннан кейін білімін әрі қарай тереңдетіп,
екі жылдай профессорлың атаққа әзірленді. 1846 жылы Ярославльдегі заң ли-
цейіне профессордың міндетін атқарушы болып тағайындалды. Лицейде
Ушинскийдің педагогикалық шеберлігі күннен-күнге ұштала берді. Оның
мазмұнды лекцияларын студенттер құмарта тыңдап, демократияшыл бас-
тамаларына студент жастар мен алдыңғы қатарлы оқытушылар көңілін аударады.
Сөйтіп, Ушиыскийге жылы лебіз, сүйіспеншілік білдіруші студенттер мен
оқытушылардың тобы арта береді, әрине, мұндай жағдай-ларға лицей басшысы
мен оқытушылардың реакцияшыл тобы және жергілікті губернатор сенімсіздікпен
қарады, Көп кешікпей оны қудалауға да кірісті. Оқытушылардың творчестволың
инициативасын төмендетуге бағытталған, олардың оқу жұмысына полицейлік
бақылау жасаған оқу министрлігінің нұқауына Ушинский ашық қарсы шығады.
Лицей про-фессорларының мәжілісінде ол: Бүл талапқа адал ниетті ешбір
оқытушы риза бола алмайды,— деді.
Үш жыл жұмыс істегеннен кейін дарынды педагог лицейден шығарылады.
Мұнан кейін де педагогтық жұмыс іздейді, бірақ орналаса алмайды, көп
ізденістен кейін ұсақ чинозниктік жұмыс атқаруға мәжбүр болады. Бұл жұмысқа
қанағаттанбаған ұлы педагог 1852 жылдан бастап қосымша қызмет ретінде
Совремеыник журналына, ал кейіннен Библиотека для чтения журналына
орналасады. Ақырында тек 1854 жылы ғана Гатчинадағы жетім балалар
институтына оқытушы болып орналасуға мүмкіндік алады, 1855 жылдан бастап,
осы институттың инспекторы болады.
Бұл институтта Ушинский өзінің жігері мен күшін, тамаша педагогтың
ұйымдастырушылық, ғылыми қабілетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік алады.
Жетім балалар институтының оқу-тәрбие бөлімін басқаруына байланысты,
ол өзінің негізгі мақсаты оқу-тәрбие процесін жетілдіру деп білді. Шетелдің
және орыс мектептерінің тәжірибесіне сүйене отыра, ол жетім балалар
институтының ең алдымен оқу-тәрбие жұмысына түбірлі өзгерістер мен
түзетулер енгізу ісін батыл қолға алып, сабақтарының программаларын
өзгертті. Оқудың тиімді әдістері мен жолдарын сабаққа енгізіп, осы
өзгерістердің нәтижесін ұқыпты зерттеді. Осының нәтижесінде мұғалімдердің
педагогикалың шеберліктері артты. Олардың өз істеріне және студенттерге
қатынастары өзгерді, студенттер тиянақты білім негіздерін меңгерді. Осы
процесте Ушинский кең салалы педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізіп, зор
табысқа ие болады. Институтта жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
Ушинский отандық педағогикаға бағалы үлес қосып, өзінің: Педагогикалың
әдебиеттің пайдасы туралы, Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы,
Мектепті құрайтын үш нәрсе атты маңызды еңбектерін ұсынды.
Осы институтта Ушинскийдің есімі тәжірибелі педагог және оқу процесін
талантты ұйымдастырушы ретінде танылды.
1859 жылы Ушинский Смольный институтына ауыстырылды. Сонымен бірге
1860 жылы оған Халық ағарту министрлігінің журиалын редакциялау ісі
тапсырылды. Смольный институтында Ушинский жаңа қарқынмен өзінің жаңашыл
педагогикалық пікірлерін дамытты. Оқу жоспарын түбірлі өзгертіп, негізгі
көңілді орыс тілі мен әдебиетіне белді, ғылыми жаратылыс білімдерін
енгізді. Оқытудың алдыңғы қатарлы, белсенді әдістерін қолдады. Институтқа
В. И. Водовозов, Д. Д. Семеыов, Л. Н. Модзалевский сияқты белгілі педа-
гогтарды, методистерді жұмысқа тартты, олармен біріге отыра, бүкіл
ескілікпен күресті, жаңа прогресшіл педагогикалық дәстүрлерді өмірге
пайдаланды.
Өзінің институттағы оқытушылық қызметін нсемісті ғылыми жұмыспен
байланыстырды.
Осы институтта жұмыс істеу кезінде ол мынандай еңбектерін жазды:
Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні, Қоғамдық тәрбиедегі
адамгершілік элементі туралы, Оқытушы семинариясының жобасы, Балалар
дүниесі атты хрестоматиясы.
Ушинский Халың ағарту министрлігі журнальша педагогикалың бағыт беру
саласында да көп еңбек еткен.
Ушинскийдің Смольный институтындағы ұстаздың істері студент қыздарға
да, ондағы мұғалімдер тобына да ұнады, олар оны құрметпен қадірледі.
Бірақ институт басшылары оның педагогикалфқ жаңалықтарына қыңыр қарап
қолдамады, ақырында Ушинскийдің үстінен жоғарғы орындарға жалған мазмұнда
оны кінәлайтын шағым түсірді. Осындай жағдайда Ушинский 1862 жылдың жазында
Смольный институтынан кетуге мәжбүр болды.
Мұнан кейін ол шетелдердегі әйелдер оқитын оқу орындарының жұмысымен
танысу үшін ұзақ мерзімді командировкаға кетеді. Әрине, бұл командировка
бүркемеленген түрдегі жер аудару еді, оны Ушинскийдің өзі де түсінді. Бұл
командировканы Ушинский өзінің кең салалы ғылыми-педагогикалың жұмысына
пайдаланды. Ол Европа елдері мектептерінің тә-жірибесін зерттеді, әсіресе
бастауыш мектептердің оқу ісіне зер салды.
Командировка кезінде Ушинскийдің құнды ғылыми еңбектері: Швейцарияға
педагогикалың саяхат, Адам тәрбиесі жазылып бітеді. Осы кезде ол өзінің
бастауыш мектепке арналған Ана тілі (Родное слово) оқулығын жазды. Оның
бұл еңбектері прогресшіл отандың педагогика ғылымының қазынасына бағалы
үлес болып қосылды.
К. Д. Ушинский денсаулығына байланысты шетелдерден Россияға 1867 жылы
оралады. Әлі де болса ұлы педагог отандық педагогика мен өзі мейлінше сүйе
білген халық мектебі үшін еңбек етуді арман етеді. Бірақ асқынған науқас
бұл армандарының орындалуына мүмкіндік бермеді.
К. Д. Ушинский 1870 жылы 22 декабрьде Одесса қаласында қайтыс болады.
Орыс халқының ұлы педагогы 46 жасында дүниеден кетті.

К.Д. Ушинскийдің көзқарасы
Өзінің саяси-қоғамдық көзқарастары бойынша буржуазиялық демократ,
ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоны жоюды және патшалық үкімет билігін
өзгертуді жақтады. Россияның бостандықта, молшылықта және жоғары мәдениетті
ел болуын арман етті.
Бірақ ол қоғамның кемшіліктерін ашып көрсете отырып, оны қайта
құрудың, өзгертудің нақты жолдарын жете білмеді. Сонымен қатар Ушинский
халық тұрмысын жақсартудың негізгі жолы мен құралы білімді тарату, халың
ағарту ісін кеңінен дамыту деп ұғынған. Осындай халық ағарту ісінің
дамуын шаруалардың іс жүзінде азат етілуімен тығыз байланыстырады.
Ушинский өзінің философиялық дамуында идеализмнен материализмге
қарай ойысып отырады, оның ойларында материализм мен идеализмнің
элементтері қабаттасып келеді. Ушинскийдің көзқарастарындағы
материалистік тенденция оның сыртқы дүние мен нерв жүйесін
мойындауынан, материяның қозғалысы заңды деуінен айқын байқалады. Ол
өмірінің соңғы жылдарында, әсіресе ең ірі еңбегі Адам тәрбиесінде
материализмге мойын бұра түскен. Бірақ оның материализмі тұрақты да,
табанды да бола алмайды, идеализмнен материализмге көтерілу процесі
аяқталмай қалды, көзқарасында дін бағыты кең орын алды.
Қоғам дамуы жөнінен (социология) Ушинский идеалист-ойшы еді, қоғам
дамуында заң мен ақылдың дамуына шешуші мән берді.

К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы, тәрбиенің халықтық идеясы
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні — әрбір
елде халықтың мақсат- мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту
жүйесі болуы керек деген халықтың идеясында еді.
Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала
зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық
жақтарының болғанымен, әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері
болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи
өмірі мен тұрмысын, талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті.
Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мынандай ерекшеліктерді
көрсетеді: ғасырлар бойына сиынып өткен өз отанына деген терең
сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске әзір
болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволың сезімділік.
Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді,
халықтың өмірін жөндеуге, оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептеді
Ушинский. Ол: Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтык, болуы тиіс,—
деді. Ушинский тәрбие саласындағы орыс халқының ғасырлар бойы қалыптасқан
бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі халың тілегін
ескермеушілерді, орыс мектебіне орынсыз түрде шетелдердің педагогикалық
теориялары мен тәрбиесін енгізушілерді аяусыз сынады.
Тәрбиедегі халықтың идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский
мынандай негізгі жолдарды белгіледі:
1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын
көздеді. Тәрбие ісіне халыңтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың
жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық
құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін помещиктік-
буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің
көзқарасындағы қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.
2. Халықтық идеяның басты бір сипаты — қоғамшылдық, соған байланысты
тәрбие мең білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы
тиіс, себебі халыңтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.
Халықтың өзі және оның ұлы адамдары ғана болашаққа жол сілтейді,
тәрбие осы жолмен ғана ілгерілейді,— деді.
Ушинский Россияны басқа елдер мәдениетінен, прогресшіл тәрбие
мәселелерінен алшақтату талабын ұсынған жоқ. Ушинскийдің педагогикалық
теориясындағы халықтың идея оның көзқарасының кейбір таршылығы мен
тапшылығына қарамастан, өз дәуірінде прогресшіл роль атқарады. Бұл идея
белгілі дәрежеде Россияның реакцияшыл топтарының халық ағарту мәселесіндегі
халықтың талаптары мен мұқтаждарын ескермеушілікке қарсы халың бұқарасының
қарсылығын білдірді.

Еңбек және оның тәрбиелік мәні
К. Д. Ушинский өзінің Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні
деген мақаласында еңбек тәрбиесін әдейі қарастырды, ал Балалар әлемі,
Ана тілі оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап көп материалдар
жазды.
Ушинский: Адам өзінің жеке басының еңбегінсіз бір адым да алға
ілгерілей алмайды, бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес, ол адам
қайта кері кетеді — деді.
Ұлы педагогтың айтуынша, еңбек, біріншіден, адам өмірінің кегізі,
өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек — адамгершілік, ақыл-ой тәрбиелерінің,
адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Сондықтаы еңбек — тәрбиенің күшті
құралы.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық талаптарының ең бастыларының бірі —
еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу.
Ол кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы
бола алады деп білді.
Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің
жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасына
сәби кезінен-ақ еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы
іс істеуге тырысушылыққа және қандай істі болса да шын ниетпен және ұқыпты
орындауға тәрбиелеуді ұсынды. Тәрбие шәкірттің еңбекке деген сый-құрметі
мен сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның
бойына сіңіреді 2,— деді.
К. Д. Ушинский селолық мектептерде еңбек ауыл шаруашылығына тікелей
байланысты болу керектігін талап етті. Балалар жұмыс істейтін іргесінде
бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ
емес,— деп атап көрсетті.
Сонымен бірге Ушинекий ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына
да көңіл белді. Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы
ғана емес, ол әрі өте пайдалы тынығу,— деп есептеді.

Халық мектебінің міндеттері мен жалпы білім беретін мектептердің оқу
мазмұны
Ушинский халық мектебі мен оның міндеттері жөніндегі мәселені де
халықтық идея негізінде қарастырды. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеуде
қоғамдың тәрбие қажет, ал мұндай мектептердің тәрбиені жүргізетін орын —
мектеп. Ушинский оқу мазмұны ол кездегі помещиктік-дворяндық мектеп
жүйесіне байланысты мектептің әлі халықтық сипат ала алмай отырғандығын
көрсетті. Өзінің Жүйелі білім туралы сөз деген мақаласында мектептің
міндеті халықтың қоғамдық-экокомикалық дамуына, халықтың өмірі мен тұрмысын
жөндеуге тиіс деді. Шын мағынасындағы халық мектебін құру үшін елде жалпыға
бірдей бастауыш білім енгізілуі тиіс. Тек қана балалар үшін ашылған
мектептердің білім беру мен адамгершілікке тәрбиелеуді жүргізуі
жеткіліксіз. Сондықтан халыққа білім берумен қатар адамгершілік тәрбиесін
қоса жүргізетін жексенбілік мектептерді көбірек ашу керек деді.
Сонымен бірге Ушинский халық мектебінің тағдыры мен тізгіні халықтың
өз қолына берілуін талап етті.
Халық мектебі білімінің міндеті балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту,
айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде
дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше құратын өмір мен
әрекетке қабілетін дұрыс өсіру,— дейді Ушинский.
XIX ғасырдың 60-жылдарында жалпы білім беретін мектептердің оқу
мазмұны жөнінен формальдық және материалдық білім беру теорияларын
жақтаушылардың арасында ұзаққа созылған айтыс жүріп жатқан еді. Ұлы педагог
бұл айтыстан шет тұра алмайды. Бұл теориялардың екеуін де Ушинский бір
жақты деп бағалады. Себебі —мектеп білімі арқылы баланың ақыл-ой қабілетін,
ойлауын, сөзін т. б. қайшалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет
болса, оны заманының жүйеге түскен білімдерімен қаруландыру (материалдық
білім беру) да соншалықты қажет деді. Білім берудегі бұл екі міндет бір-
бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты біріне-бірін қарсы қою да
теріс.Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни оқу баланы ақыл-
ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын бір процесс болғандықтан, оқу
үстінде баланың тиісті білімдермен ақылын да байыту, сол сияқты формальды
әрекеттері, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деген
Ушинский.
Сөйтіп, дидактиканың негізгі проблемасы — формальдық және материалдың
білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.
Ушинский білімнің осы екі бағытын қамтитын пәндерді де анықтайды. Оның
ойынша, мектепте табиғат және қоғам жөнінде білімдер оқытылуы тиіс, олар:
ана тілі, тарих, география, математика, жаратылыс, шет тілдер, өзінің
халықтық идеясына сәйкес бұл пәндердің негізгісі — ана тілі деді.
Ана тілі баланы тек жазуға және оқуға ғана үйретіп қоймай, айналасын
қоршаған дүниені білуге, оңиға мен құбылыс-тардың ішкі сырына түсінуге
көмектеседі. Сондықтан да Ушинский: Ана тілі бүкіл ақыл-ой дамуының негізі
және бүкіл білімдердің қазынасы,— деген. Осы себептен де бүкіл тәрбие мен
оқу процесін ана тіліне байланыстыра құрған жөн. Ана тілін оқытуда негізгі
назар картиналар бойынша әңгімелесуге және көркем әңгіме жүргізуге бөлінуі
тиіс.
Оқу мазмұнын шешуде Ушинский жаратылыстануға зор мән берді.
Балалармен не істеу қажет деген мақаласында ол жаратылыстанудың зор
білімдік және тәрбиелік маңызын көрсетті. Жаратылыстанумен байланысты
географияның, отан тарихының да үлкен мәнін ашты.

Оқытудың дидактикалық негіздері
Дидактика және методика мәселелері К. Д. Ушинскийдің педагогикалық
еңбектерінен көрнекті орын алды, бұл мәселелер оның Адам тәрбиесі, Н. И.
Пироговтың шығармалары, Ана тілін оқытура басшылық, Швейцарияға
педагогикалық саяхат деген шығармаларында кең түрде баяндалды.
К. Д. Ушинский оқытудың догматикалың әдістерімен мектепте құрғақ
жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да жұмысын, іс-әрекетін
творчестволық процесс деп қарастырды. Ал оның негізі — ойдың, ақылдың
жұмысы. Оқу — еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс, бірақ оқудың
қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі
еңбек болатын болсын деген талап қойды.
Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете
алатындай ғана бағытта оқыту керек деді. Бірде-бір мұғалім өзінің ең басты
міндеті — тәрбиеленушілерді ой еңбегіне үйрету екендігін, бұл міндет сол
пәннің өзін оқудан әлдеқайда аса маңызды екенін ұмытпауы керек,— деді. Бұл
үшін Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын
арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөліп, мұғалімдерден де
осыны талап етеді.
К. Д. Ушинский дүние жүзілік классикалық педагогиканың қорытқан
мұрасын ескеріп, орыс мектебі мен педагогикасының тәжірибесіне сүйене
отыра, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.
Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді.
Оқуды ол тәрбиенің негізгі құралы деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік
ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді
ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-ойын да, адам-гершілігін де
дамытатындай етіп үйымдастыруды талап етті.
Оқу ісі тек ақыл-ойды қамтып қоймай, жүрек, сезім, ерік т. б.
адамның барлық жағын, барлық өмірін қамтуы тиіс. Тәрбиелік күш барлық оқу
пәндерінде де болады. Бұл жөнінде ол: Адам сезімін қамтымайтын... оқу
жақсы емес. Тәрбиеші оқу арқылы бала жанына ұрық себу үшін барлық кезеңді
де пайдалану қажет. Бұл жағдай барлық ғылым саласында да мүмкін,— деді.
Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі қу процесін
ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу
ісінің сапалы құрылуы оқу троцесін белсенді ететіндігіне, бүкіл оқу
процесінде бала белсенділігін тудыратындығына ол түсінді де сенді.
Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірікен
білінбейді деп есептеді.
Баланы белгілі нәрсені, пәнді түсіну дәрежесіне көтере ілмаған адам
сол пәнді баланың өте төмен түсінігінің дәрежесіне дейін жеңілдеткісі
келеді, бұл педагогикалық жол емес 2,— деді Ушинский.
К. Д. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне
жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы
көрнекілік — Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты
фактілерге, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу —оқушыларды
өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.
Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік
тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір нақты пікірді сынады.
Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым
көбірек қатынасса, зат, я құбылыс жөніндегі қабылданған ұғым, түсінік
есімізде соғұрлым берік, тиянақты орнығады да, кейін олар оңай еске түседі.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазy т. б.
сезім мүшелеріміз белсенді қатысуы тиіс, ...егерде педагог баланың есінде
бірдемені берік қалдыруды көздейтін болса, ол көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет
сияқты сезім органдарын, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де
есте сақтап қалу актісіне көбірек қатыстыруға тырысуы керек — деген
Ушинский.
К. Д. Ушинскийдің көрнекілік мәселесіндегі ең құнды көзқарасы — ол
оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады, бастауыш
мектептердегі кернекіліктің методикасын жасады.
Ушинскийдің ескертуінше, бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап
етіп отырады, сондықтан көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан
бастау керек деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда кебінесе сөзбен
байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуі де,
тілі де дамиды. Бұл жөнінде ол: Бастапқы оқуда тұр, түс, дауыстарды сезбен
қамтып, оны балалардың көбінің түсінігіне жететін етіп, біз өзіміздің
оқытуымызды да балаларға жетімді ете отыра, өзіміз де балалар ойлауының
сырына енеміз,— деген. Оқытудың көрнекілігінің Ушинский мынадай құралдарын
ұсынды: нақты заттың езі, заттың, нәрсенің, оқиғаның үлгісі болатын моделі,
суреттер, т. б. көрнекі құралдар. Ушинский шығармаларында жоғарыдағылардан
басқа оқытудың жүйелілігі мен сатылылығы, білім мен дағдылардың
тиянақтылығы сияқты дидактикалық принциптер қамтылды.

Оқытудың ұйымдастыру және оның методикасы
К. Д. Ушинский оңыту жұмысын ұйымдастаырудың негізгі жолы кластағы
сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский шығармаларында
ретті, дұрыс ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды.
Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы
тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды,
ұғымдар мен деректерді ендіріп отыру, білімдердің байланыстарын
ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп
жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп
пен реттіліктің болуы т. б.
К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты —
методикалық шеберлікте, ал методикалың шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне
байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары
бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, баңылай әңгімелесу, әр
түрлі жаттығулар (ауызша, графикалык, жазбаша).
Әрбір сабақтың сапалы болуы — мұғалімнің бүкіл класс бойынша жүмыс
істей білуінде, әрбір оқушының зейінін са-баңқа жүмылдыра білу шеберлігінде
деді Ушинский. Бұл жөнінде ол: Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі
мұғалім ісінің көрсеткіші 1— деді.
Ушинскийдің айтуынша әрбір сабаңтың басы өткенде меңгерілген білімді
анықтау, оны жүйеге келтіру болуға тиіс. Әр-бір берілетін білім мен
дағдыларды оқушылар класта өтіліп жатқан сабақ үстінде меңгеріп алатындай
болсын. Үйге берілетін тапсырмаларды ретсіз үйіп-төгіп, ауырлата беруге
болмайды.
К. Д. Ушинский сабақ жүргізудің кейбір мәселелері жөнінен: сабақты
жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық мәселелерді іріктеудегі
талаптарды сабақта қолдану, кластағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау
жөніне нақты нұсқаулар береді.

Мектептегі тәртіп
Ушинекий мектептегі тәртіп мәселесін онда атқарылатын тәрбиелік
міндеттермен тығыз байланыста қарастырады.
Ол оқытушынын, жазалауына, ызбарына негізделген өз дәуіріндегі мектеп
тәртібін сынай келе, оқытушының ылғи қорқыныш, үрей туғыза беруі класты екі
жүзділікке жетелейді, шәкірттерді теріс мінезге тәрбиелейді деп есептеді.
Сондықтан Ушинский балалардың саналы тәртібін, белсенді әрекетін
тәрбиелеуді талап етеді. Педагогакалық ықпал етудің маңызды құралдары:
саналылыққа негізделе жүргізілетінін түсіндіру және сендіру. Бұл әдістерді
тиімді қолдану үшін Ушинский мұғалім мен оқушының арасындағы түсінісу және
сыйласу қарым-қатынасын мақұлдайды.
Тәртіптілік мектепте жалпы сөз болмай, бала үшін үйреншікті
қажеттілікке, оған қойылатын заңдылыққа айналуы тиіс, бұған жету үшін
сабақтың өзін тәртіптілікке шақыратын құралға айналдыру қажет, әрбір сабаң
бүкіл класс оқушыларын тәртіпке жұмылдыратын орынға айналуы тиіс. Құр
сенделіс, уақытты босқа өткізу ұнамсыз мінез-құлықтарды туды-ратын әдеттер.
Ушинскийдің құнды өсиеттерінің бірі — мектептің өзінде саналы
тәртіптілікті дәріптейтіндей жағдай болуға тиіс. Мұндай жағдай жөнінде ол
былай деген: ...Мектептс анда-санда көңіл көтеретін әзілі бар, бірақ істің
бәрін әзіл-күлкіге anapun соқтырмайтын салмақтылқц... үлгілі тәртіп және ең
бастысы үнемі іспен шұғылдандырушылық үстемдік етуі керек1. К. Д. Ушинский
мектепті қоғамдық тәрбиенің Мұғалім орталығы, ал мұның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне
Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
Уақыт және тарих
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
Қоғамдық кеңестік жүйе
Ермұқан Бекмахановтың өмірбаяны
Пәндер