Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Азаматтық құқықтық корғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі . . . 6
- Жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі . . . 6
- Жеке мүліктік емес қатынастардың құқықтық нысандары . . . 10
- Жеке мүліктік емес қатынастардың жүйесі . . . 12
- Қорғалу объектісі ретіндегі интеллектуалдык меншік құқығы . . . 20
- Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері . . . 29
- Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау түсінігі . . . 29
- Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау әдістері . . . 31
4. Объектінің жекелеген түрлерін қорғау ерекшеліктері . . . 36
4. 1 Ар-намыс, абырой мен іскерлік беделді қорғау . . . 36
5. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау құралдарының құқықтық негіздері . . . 45
- Адам құқықтарын қорғау құралдарының түсінігі . . . 45
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарын соттық қорғау . . .
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Адам құқықтары - оның ажырамас қасиеттері. Егер адамның құқықтары болмаса, оның адамдық болмысының табиғаты жойылар еді. Адам құқықтары адамға тиесілі, сондықтан олар мемлекет "сыйы" ретінде қарастырыла алмайды[1] .
Адамның әлеуметтік және құқықтық қорғалуы ақырында қоғамның экономикалық және мәдени дамуы деңгейімен анықталады.
Адам құқықтары - адамның ерікті орнын анықтаудың және ерікті өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және өзге де мүмкіндіктері.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пактіде, сонымен қатар азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде ол құқықтар адамзат тұлғасына сай абыройдан туындайды делінген.
Абырой және одан туындайтын құқықтар адамнан ажыратылмайды.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында адамзаттық әлеуметтің барлық мүшелеріне тән абыройды тану және олардың тең, ажырамас құқықтарын тану бостандықтың, әділеттіліктің және жалпы бейбітшіліктің негізі болып табылады делінген.
Жекелеген тұлғаның да, қоғамның түгелдей де еркіндігі абсолютті құндылық ретіндегі адам абыройын тануға негізделеді.
Еркін қоғамда адамның қоғамға келтіретін пайдасының белгілерін көрсету тән емес.
Демократиялы ұйымдастырылған қоғамда ол үшін пайдалы және пайдасыз тұлғалар болып бөліну орын алмайды.
Барлығы заң алдында тең және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда тең құқылы.
Еліміздің азаматтық заңнамасымен азаматтық құқықтық қорғалу берілген материалдық емес игіліктер шеңбері белгіленген.
Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, келтіретініміз келесі: әлемдік стандарттарға сәйкес біздің ұлттық заңнама мүліктікпен байланысты және байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың шарттарын, тәртібін және әдістерін белгілейді.
Ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы
Заң ғылымындағы азаматтардың мүліктік емес құқықтарын қорғауды кешенді түрде зерттей отырып, оның маңызыдылығын көрсетті.
Азаматтық құқықтарды қорғау - құқықтың қол сұғылмаушылығының, оның жүзеге асырылуын, бұзылған жағдайлардағы қалпына келтірілуін және бұзылу салдарының жойылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Ғылыми проблеманы шешудің казіргі жағдайын бағалау
ҚР Азаматтық кодексіне алғаш рет мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес құқықтарды реттеуге арналған арнайы тарау енгізілген.
Ол ең алдымен Азаматтық кодекстің 1 бабының 2 тармағының ережелеріне негізделеді, онда айтылғандай мүліктікпен [1] байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамамен реттеледі, егер заңдармен өзгеше белгіленбесе немесе өзгеше жағдай жеке мүліктік емес құқық мәнінен туындамаса.
Мысалы, әлдекім әдеби шығарма жазса, оның автор ретендігі мүліктік емес құқықтары туындап, белгіленген тәртіпте қорғалады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты жоғарыда аталған игіліктерді қорғау өзгеше сипатқа ие болды. Әдетте азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін сәйкес құзыетті органдарға әр кезде жүгіне бермейді, өздерінің жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуы фактілерін әр кезде біле бермейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында былай деп көрсетті: « . . . Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен, табанды да қатал күрес жүргізу керек».
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Диплом жұмысы азаматтық құқықтағы азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлеріне арналған.
Жұмыстың негізгі мақсаты - азаматтық құқық объектілерінің ұғымын, сонымен қатар объектілерді ерекшелейтін белгілерін көрсету және олардың түрлеріне ашып көрсету және осының негізінде оны Қазақстан Респубикасының Азаматтық Кодексіндегі жаңа тарауды талдап анықтау болып табылады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайдағы жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың түсінігін құралдарын және әдістерін анықтау талпынысы жасалған.
Қорғаудың ар-намыс, абырой мен іскерлік бедел сияқты жекелеген объектілеріне көңіл бөлінген.
Дипломдық зерттеудің обьектісі-азаматтық құқықтық қорғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі.
Теориялық және методологиялық негізі
Теориялық маңызы зерттеу жұмысындағы шешімдер мен қорытындылар оқу процесінде «ҚР Азаматтық құқығы», «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәндерін оқытуда қолдануға болады.
Методологиялық негізіне диалектикалық логика, философия, азаматтық құқықтың арнаулы теориялық-құқықтық әдістері жатады.
Дипломдық жұмыстың рактикалык базасы: құқыққорғау органдары.
1. Азаматтық қорғалу обьектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі
1. 1 Жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың бір түрі ретінде заңды нормалар әсеріне түсетін жеке мүліктік емес қатынастарды келтіруге болады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы жеке мүліктік емес қатынастардың екі тобын реттейді.
1) мүліктікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар (АК- ң 1 бабының, 1 тармағы) ;
2) мүліктікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар.
"Байланыстылық" термині жеке қатынастардың мүліктік
қатынастарға тәуелділігін білдірмейді, ол олардың тұтас кешенде бірігуін көрсетеді (авторлық, өнертабыстық, т. с. с) .
Мысалы, ұйымның, өзге заңды тұлғаның тауар белгісін заңсыз пайдалануы соңғысына шығын келтіруі мүмкін.
Атап кететін жағдай, жеке мүліктік емес қатынастың өмір сүруі автор үшін мүліктік қатынастардың пайда болуын тілеумен байланысты. Сондықтан мүліктікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.
Азаматтық құқық объектілері ішінде, яғни азаматтық құқық субъектілері өзара қатынастарға түсетін материалдық және рухани игіліктер ішінде Азаматтық Кодекстің 115 бабы интеллектуалдық қызмет нәтижелерін, соның ішінде оларға деген ерекше құқықтарды келтіреді.
Бір мезгілде заң шығарушы оларды жалпылайтын "интеллектуалдық меншік" түсінігін қолданады.
Қазіргі уақытта елдегі және шетелдік заң ғылымдарында қарастырылып жатқан түсінікке екі негізгі көзқарас орын алып отыр. Бірқатар ғалымдар аталған ұғымның заңда бекітілуін қолдап, заңшығарушының "интеллектуалдық меншік" терминің қолдануын ғылыми емес деп таптайды. Басқа ғалымдардың пікірінше, бұл термин о басынан нақты емес және ғылыми емес болып табылады, оған байланысты ол тек саяси актілерде ғана, тәжірибелік бағыты бар құқық нормаларында емес қолдана алынады [2] .
Бұл дау бүгін пайда болған жоқ және түп тамырымен XIX ғ. соңына барады.
Ол кездің өзінде-ақ әлемнің көптеген елдерінің заңдарында және маңызды халықаралық конвенцияларда кеңінен қолданатын интеллектуалдық меншік және оны құрайтын әдеби және өндірістік меншік ұғымдары бірқатар атақты ғалымдар тарапынан катаң сынға түскен.
Бұл ұғым қарсыластары көрсеткендей және көрсетіп жүргендей, материалдық заттар мен материалдық емес, объектілердің құқықтық режимін теңдестіруге болмайды (мәні бойынша оларға авторлық туындылар және техникалық жаңалықтар жатады) ; мерзімі шектелмеген және аумақтық шектеулері жоқ меншік құқығынан ерекше, авторлар, өнертабысшылар құқықтары о бастан уақытта және кеңістікте шектелген; меншік құқығын қорғауға арналған құралдардан ерекше құқықтық құралдармен авторлық және патенттік құқықтар қорғалады; шығармашылық нәтижеге құқық оны жасаушының жеке тұлғасымен байланысты, т. с. с.
Әділетті болып табылатын бұл ескертулерге интеллектуалдық, меншік теориясының жақтаушылары мұнда арнаулы реттеуді қажет ететін ерекше нысандағы меншік жөнінде сөз болып тұр дейді, себебі патент иелерінің авторлық құқықтар мен тауар белгілерінің субъектілерінің меншік құқығының объектісі "денесі" жоқ, "ұсталмайтын заттар болады"[3] .
Қазіргі уақытта авторлық және өнертабыстық құқықтардың екілік табиғатын жоққа ешкім шығармайды.
Бір жағынан шығармашылық нәтижені жасаушы тұлғаға оны пайдалануға ерекше сипаттағы құқығы бар және өзге тұлғаларға өткізіле алады (нәтижені пайдалануға рұқсат беру) .
Бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және меншік құқығымен ұқсас екінші жағынан, авторға жеке мүліктік емес (моральдық) құқықтар жиынтығы тән, оларға авторлық құқығы, авторлық есімге құқық және т. с. с. өзінің табиғатына орай оларды иеленушіден ажыратылмайтын құқықтар жатады.
Мұнда мүліктік және мүліктік емес қатынастар арасында қатаң шекара жоқ, керісінше, олар өте тығыз өзара байланысты және ажырамас бірлікте болады.
"Интеллектуалдық меншік" түсінігі 1967 ж. 14 шілдедегі интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымын құрайтын Конвенцияның 2 бабының VIII тармағында неғұрлым толық ашылады. Онда көрсетілгендей, интеллектуалдық меншік келесілерге жататын құқықтарды қамтиды:
- әдеби, көркем және ғылыми туындылар;
- әртістердің орындаушылық қызметі, дыбыс жазба, радио - жәнетелевизиялық хабарлар;
- адамзат қызметінің барлық салаларындағы өнертабыстар;
- ғылыми жаңалықтар;
- өнеркәсіптік үлгілер;
- тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар жәнекоммерциялық белгілер;
- заңсыз бәсекеге қарсы қорғауға жататын және өндірістік, ғылыми, әдеби және көркем салалардан интеллектуалдық меншікке қатыстыбарлық өзге құқықтар.
Азаматтық кодекстегі интеллектуалдық меншіктің қорғалатын объектілерінің түрлерін нақты көрсетпеу сәйкес заңдарды қабылдау жолымен немесе оларға өзгерістер енгізу арқылы оларға интеллектуалдық қызметтің қайсібір нәтижелерін жатқызуға мүмкіндік береді, яғни АК-І өзгертпей, неғұрлым жедел бұл мәселелерді шешуге болады.
Соңғы екі-үш онжылдықтардың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, интеллектуалдық меншіктің қорғалатын нәтижелерінің саны және түрлері ұдайы кеңеюде.
Қазақстандық заңнама да, халықаралық келісімдер де интеллектуалдық меншік ретінде интеллектуалдық, бірінші кезекте, шығармашылық қызметінің нәтижелеріне және нақты тізімі халықаралық міндеттемелерге сәйкес әр елдің заңдарымен белгіленетін, оларға теңестірілген өзге объектілерге жеке және мүліктік сипаттағы объектілердің жиынтығын келтіреді.
"Интеллектуалдық меншік" түсінігі заңнамада және заң әдебиетінде қолданылатын "әдеби және көркем меншік" және "өнеркәсіптік меншік" ұғымдарына жалпылаушы болып табылады.
Мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастардың екінші түрі.
Мүліктік қатынастардың өзгеше басқа фактілер жөнінде және басқа субъектілер арасында пайдаланылады.
Олар ақшалай бағалану пәні бола алмайтын адам тұлғасынан айырылмас игіліктер жөнінде пайда болады.
Жеке мүліктік емес қатынастар 1995 жылғы Конституциямен реттелді, ондағы II бөлім адам мен азаматтық ажырамас құқықтары мен бостандықтарына арналған.
ҚР АК-ң 1 бабының 2 тармағына сай мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастар азаматтың заңдармен реттеледі, өйткені басқа заң актілерімен өзгеше жағдай қарастырылмаған, не жеке мүліктік емес қатынас мәнінен туындамайды.
Демек, азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастардың ашық шеңбері кіреді.
Яғни, заңшығарушының көлемді нысанын толтырып, онымен қамтылмайтын жеке мүліктік емес байланыстарынан ажырату қажет.
Бүгінде азаматтық құқықтың пәні шеңберінен жеке мүліктік емес қатынастар шығарылады, егер оларды өзгеше реттеу жөнінде заңда тікелей көрсетілсе.
Бұл жағдайда заң шығарушы кең таралған заңды-техникалық амалды қолданады, оны қолдану арқылы келесі қорытынды жасауға болады: отбасылық, әкімшілік құқық және өзге де құқық салаларымен реттелетін жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың реттелу пәніне кірмейді.
ҚР АК-ң 115 бабында азаматқа тиесілі жеке мүліктік емес маңызды игіліктердің толық емес тізімі көрсетілген: өмір мен денсаулық, тұлғаның абыройы, ар-намыс және игі есім, іскерлік бедел, жеке өмірдің қол сұғылмаушылығы, жеке және отбасылық құпия, авторлыққа құқық, туындыға қол сұғылмаушылыққа құқық және өзге де материалдық емес игіліктер мен құқықтар.
Онымен қоса азаматтарға орын ауыстыру еркіндігі, тұрғылықты жер таңдау еркіндігі және өзге де материалдық емес игіліктер жөнінде пайда болатын өзге мүліктік емес құқықтар тиесілі болады.
Заң шығарушы өмір, денсаулық, жеке басына қол сұғылмаушылықты, ар-намыс, абырой, есім және т. с. с. игіліктерді бір деңгейдегі әлеуметтік құндылықтар ретінде қарастырады.
Бұл материалдық емес игіліктерге оларға ие болумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастардың мәнін анықтайтын бірқатар ортақ белгілер тән.
Алғаш рет «жеке құқықтар» термині азаматтық құқыққа 1938 жылы кірді.
Ол кезде М. Агорков оларға «адам тұлғасынан ажыратылмайтын игіліктерді» жатқызды.
Біріншіден, өмір, денсаулық, жеке басына қол сұғылмаушылық, есім, абырой, ар-намыс сияқты және өзге рухани игіліктерге ортақ экономикалық емес табиғат тән.
Олардың барлығы адамға туылғанынан тән, біреулері өмірге келу фактісінің өзіне байланысты болса, екіншілері - туылған тұлғаның белгілі бір социумда туылғанына байланысты пайда болды.
Олардың бір бөлігі - денсаулық, жеке басына қол сұғылмаушылық - бір игіліктің - өмірдің өзінің шектері, екінші белігі - есім, ар-намыс, абырой, жеке өмір - адамға тән әлеуметтік ортадағы оөмір игіліктерінің көрініс табуы.
Екіншіден, кез келген тірі жан (адам, жануар, жәндік) өзінің соңғы дамылысына дейін өмір игілігіне ие, науқастық жағдайында өз денсаулығын қолдауға талпынады және өзінің жеке қол сұғылмаушылығын қорғайды. Дегенмен, тек қана адам өмірінің жеке құндылығын сезінеді және өзінің санасы күшімен оған өмір бойы тиесілі болатын есім, ар-намыс, абырой сияқты жаңа рухани құндылықтарды құрастырады.
Үшіншіден, жеке игіліктердің иесінен айырылмайтындығы, жеке тұлғамен ажырамас байланысы олардың тұтас қызметтік қасиетін - тауар еместігін айқындайды.
Мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастар -экономикалық емес табиғаты бар, иеленушісі үшін жеке құндылықты болатын, тауарлық емес қызметтік қасиетке ие, тұлғаға тиесілі және одан ажыратылмайтын, рухани, материалдық игіліктер жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Мүліктікпен байланысты жеке мүліктік емсс қатынастар жоғарыдағылардан ерекше иеленушімен ажыратылмайтын байланыста болмайды.
Шығармашылық қатынастар келесідей сипатталады: әлеуметтік байланыстарды тудыратын рухани (материалдық емес) игіліктерге өмірге келуі оның шығармашылық әрекетіне байланысты болса да, тұлғаға тәуелді емес жеке болмысы тән.
Нақты тұлғаның еңбегі объективтік нысандағы оны шығарушыға байланысты болмайтын қайта шығаруға жол беретін белгілі шығармашылық нәтижеде көрінетіндіктен, онымен тауар ретінде билік етуге мүмкіндік туындайды.
Өмір, денсаулық, ар-намыс, абырой қалыпты адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының ешқандай жағдайларында тауар болмайды.
1. 2 Жеке мүліктік емес қатынастардың құқықтық нысандары
Жеке мүліктік емес қатынастардың сәйкес нысандары бар, себебі кез келген қоғамдық қатынастарды реттеу, әсіресе оларды қорғау құқықтық нысансыз жүзеге аспайды.
Оларға субъектілері сәйкесінше субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болатын жеке мүліктік емес қатынастар жатады.
Сәйкес қоғамдық қатынастардың заңды нысаны бола отырып, жеке мүліктік емес қатынастар ондай құқықтық байланыстардың әлеуметтік және заңды мазмұнын анықтайтын бірқатар ерекшелейтін белгілерге ие болады [4.
Жеке мүліктік емес қатынастардың әлеуметтік мазмұнымен анықталатын белгілер қарастырылып жатқан заңды қатынастардың атауының өзінде-ақ көрінеді.
Аталған азаматтық құқықтық қатынастар жеке болып табылады, олар ерекше санаттағы объсктілер жонінде, яғни нақты белгіленген жеке материалдық емес сипаты бар материалдық емес игіліктер жөнінде пайда болады.
Аталған игіліктердің өмір сүруінің өзі нақты жеке тұлғамен байланысы мүмкін емес.
Өмір және денсаулық, жеке қол сұғылмаушылық, есім және өзге де материалдық емес игіліктер нақты алынған жеке индивидке тән, онымен ажырамас байланыста.
Осыған байланысты оларға қайталанбас жекелік сипат тән.
Аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес екендігін және мүліктік қатынастармен ешқандай байланыста емес екендігін белгілеу қажет.
Өздерінің бұзылмаған кейпінде ар-намыс пен абыройға құқық, өмір мен денсаулыққа, жеке басына қол сұғылмаушылыққа құқық және өзге де материалдық емес құқықтар олардың иелерінің материалдық құқықтарының пайда болуына алғышарт болмайды, себебі оларға жеке мүлікте емес қасиеттер тән. Аталған құқықтар экономикалық (бағалық) мазмұнынан айырылған.
Тек қана олар бұзылған жағдайда ғана заңшығарушы келтірілген моральдық зиянды ақшалай өтеуге жол береді, ол өз кезегінде материалдық емес игіліктік бағалық эквиваленті болып табылмайды.
Жоғарыда келтірілген жағдайды екі мән-жай толықтырады.
Біріншіден, өздерінің құрылымы бойынша жеке мүліктік емес қатынастар абсолютты болып табылады.
Мұндай қатынастардағы құқыққа ие тұлғаға қарсы анықталмаған тұлғалар саны тұрады.
Соңғылары құқықтанған тұлғаның жеке мүліктік емсс құқықығын бұзуы мүмкін әрекеттерді жасамауға тиіс.
Екіншіден, аталған субъективтік құқық ажырамайтын және берілмейтін болып табылады.
Көрсетілген заңды ерекшелігі материалдық емес игіліктіктің ажырамастығы фактісінен туындайды.
Заң шығарушы бұл мәселені ескереді және қарастырылып жатқан мүліктік емес игіліктердің бір тұлғадан екіншіге ауысуын жоққа шығарып отырып, оны құқық нормаларында көрсетеді.
Осының күшіне орай заңды түрде өзге тұлғаға өзінің есіміне құқықты, жеке басына қол сұғылмаушылығы құқығын және т. с. с. құқықтарды ауыстыруға болмайды.
Керісінше болған жағдайда аталған құқықтар өздерінің тек қана заңдық емес әлеуметтік мәнін жоғалтар еді.
Тек қана ерекше жағдайларға, заңдармен қарастырылған ретте және тәртіпте аталған санаттағы құқықтар өзге тұлғалармен, олардың ішінде құқық иеленушінің мирасқорларымен қорғала ала алады.
Себебі ҚР АК-ң 145 бабының 1 тармағына сәйкес тұлғаның өз бейнесіне құқығы оның өлімінен кейін де сақталады.
Бұл құқықтық қатынастардың субъектілері міндетті және құқықты тұлғалар болады.
Жеке мүліктік емес қатынастардағы құқықтанған тұлға ретін кез келген жеке тұлға бола алады.
Субъективтік құқықтардың иесі ретінде тек қана толық әрекет қабілетті тұлғалар ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы түрдегі әрекет қабілеттілер (14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалар) және әрекет қабілеттігі шектелген тұлғалар да бола алады.
Тұлғалардың міндеттері екі санатта бола алады: жалпы және арнаулы. Біріншіге құқықтанған тұлғадан өзге барлық тұлғалар жатады.
Өмірге, денсаулыққа, жеке басыпа қол сұғылмаушылыққа, ар-намысқа, абыройға және басқа да құқықтарды бұзбау міндетіне кез келген тұлға ие бола алады.
Арнаулы санаттағы субъектілерге заңмен белгіленген шектерде адамға, оның өміріне, денсаулығына, жеке өмірі саласына қатыстылығы бар ұйымдар мен оның белгілі бір ақпаратқа, мәселен, жеке өмір құпиясына байланысты ақпаратқа ие бола алады.
Оларға медициналық мекеме жұмыскерлері, АХАЖ, нотариат органдарының жұмыскерлері жатады.
Жеке мүліктік емес қатынастың заңды мазмұнын құқықтанған жеке тұлғаның жеке мүліктік емес құқығы және онымен сәйкес келетін өзге тұлғалардың субъективтік азаматтық міндеті құрайды.
Субъективтік жеке мүліктік емес құқық жалпы сипатында заңмен нақты көзделген жағдайлардан өзге уақытта әр жеке тұлғаның өз өмірінің жолын өз қалауымен басқа тұлғалардың ешқандай араласуынсыз анықтауға құқығын білдіреді.
Аталған анықтама неғұрлым жалпы болып табылады, себебі абстрактілі түрде мүліктік құқық (жалпы құқық) жоқ болғандықтан, жалпы жеке мүліктік емес құқық та жоқ. Мәселе мынада, әр жеке тұлғаға әр кезде нақты жеке мүліктік емес қатынастар тән (өз есіміне, ар-намысы мен абыройына, жеке өмірінің және жеке басының қол сұғылмаушылығына құқықтар) . Жеке тұлғалардың өздеріне белгіленген шектерде оған тиесілі жеке мүліктік емес құқықтардың мазмұнын анықтауға мүмкіндік беріледі. Азамат өз қалауымен өзіне тиесілі субъективтік құқықтардың қайсысын, қашан, қай жерде және қалай пайдаланатындығын анықтайды.
- 3 Жеке мүліктік емес қатынастардың жүйесі
Қазіргі кезде істегі заңнамада да, цивилистік ғылымда да жеке мүліктік емес қатынастардың біртұтас жүйесі қалыптаспады.
Жоғарыда аталғандай әуелден олар екі үлкен топқа бөлінеді:
- мүліктікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар;
- мүліктікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар.
Жеке мүліктікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастарды өз кезегінде келесі топтарға жіктеуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz