Тілдік қатынастың ғылыми негіздері


Тілдік қатынастың ғылыми негіздері
Тілдік қатынас күрделі қоғамдық - әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы - кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен арақатысын айқындаған жөн.
Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Типтік қатынас (ТҚ) қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орнын тілдің атқаратын қызметінен көруге болады. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары - лексикология, семасиологая, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік арақатысы, байланысы бар.
Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі - сөйлеу, адамдардың сөйлеу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бірліктердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.
Сөйлеу процесінде басты орын алатын - сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздің тіркесі, сөзжасам - осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеуге де сонша ықпал етеді.
Лингвистикалық заңдылыктар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, беліілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да жүзеге аспайды.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас сөздік құрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінісу тез жүреді. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады.
Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.
Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас құралы тілдің қоғамдағы рөлі мен мәніне байланысты.
Қазақ тілінің қатысымдық ерекшелігін зерттеуде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың, қазақ тілінің қоғамдық мәнін жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бұл - біріншіден, жалпы дүниеге деген танымдық көзқарастың негізінде танылса, екіншіден, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қатынас құралы ретінде алатын орнына байланысты қарастырылады.
Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі - "адам қатынасының аса маңызды құралы" бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.
Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де - ерекше қоғамдық мәні бар үрдістер.
Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz