Жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 9
- Жерді пайдалану құқығының мәні мен қоғамдағы маңыздылығы . . . 12Жерді пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы . . . 12Жерді пайдалану құқығының режимі . . . 27Жерді пайдалану құқығының түрлері . . . 37
- Жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық негіздері . . . 40Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары және олардың қызметі . . . 40Жерді пайдалану құқығының субъектілері және олардың құқықтары мен міндеттері . . . 62Жерді пайдалану құқығын жетілдірудің өзекті мәселелері . . . 80
Қорытынды . . . 87
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 96
Аннотация
Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы жерді ұтымды түрде пайдалану құқығының құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдарымыздағы кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді көрсете отырып, теориялық қорытындыларды негіздеу және жер пайдалану құқықтарын реттеуді қамтитын жер заңдарын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау, осы жұмыста ашып көрсетілді.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, жүйелік, нақты-тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістері қарастырылды. Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғылымдардың жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқықтық қатынастары және жерге меншік құқығы туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативті-құқықтық деректермен, жалпы құқық теориясы бойынша бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектерін зерттеп қарастырдым.
Нормативтік сілтемелер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 2009 - 25 б.
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі. Алматы: Юрист, 2009 - 88 б.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы 2010
- «Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру тәртібі туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы 08. 04. 1996 ж.
- «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» 20 маусым 2003 ж.
- Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 8 мамырда қабылданған №576 «Мемлекеттік жер пайдалану және жеке меншікке сатудың құнын белгілеу» Үкіметінің Қаулысы.
Анықтамалар
Жер - табиғи байлық ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы, азаматтардың қызметі мен өмірінің негізгі.
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз - бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с. с. ) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі болып табылады.
Жерді пайдалану құқығының режимі дегеніміз - Қазақстан Республикасындағы жерлерді ұтымды, әрі кешенді пайдалану және олардың құқықтық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Меншік - материалдық иелікке иелік етудің тарихи құбылыс ретінде қоғамдық қатынастардың белгілі формасы
Зат - жаратылыстағы табиғи қалпында тұрған немесе адамның еңбегімен жасалған, мүліктік құқық қарым-қатынасында негізгі объектісі болып саналатын сыртқы әлемнің заты, нәрсесі.
Жерді пайдалану құқығының субъектілері деп - құқық қабілеттілігі мен құқық әрекеттілігі бар, заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді атқара алатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар, азаматтар танылады.
Белгілер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР ЖК - Қазақстан Республикасының Жер Кодексі
ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҰҒА - Ұлттық Ғылым Академиясы
ҚСРО - Қазақ Советтік Республика Одағы
ВКП - Жалпыодақтық Коммунистік Партия
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады» деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұлға біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай ұрығын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, бұл міндеттер мен іс-шаралардың орындалуын жер заңдарының шеңберінде және белгіленген құзыреті жер ресурстарын басқаратын орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистикка бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халықымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.
Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады. Осы мәселелер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жерді пайдалануда және жерді қорғау саласындағы заңдарды және басқару органдарының қызметтерін реформалауды талап етуде, осыған байланысты жер реформасына заңгер ретінде үлес қосу.
Жұмыстың объектісі. Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастардың дамындағы жерлерді ұтымды түрде пайдалану құқығы болып табылады.
2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады.
Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.
Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конститутциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.
Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы - Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы - Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2010 жылы - Бюджет, Салық кодекстері әзірлеп, қабылданды. Бірқатар өңірлерде экологиялық қиын жағдай орын алған біздің ел ішін ең өзекті мәселе табиғат қорғау заңнамасын, оның ішінде халықаралық міндеттемелер мен дамыту болып табылады.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (жерді ұтымды пайдалану) қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қорғауды құқықтық реттеу тетіктерінің нақты аражігін ажырату керек.
Күннен-күнге жер дауларының көптен кездесуіне байланысты жерді пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы әлі де жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығын зерттеуге арналған еңбектер аз десек қателеспейміз және олар негізінен жерді ұтымды пайдалануды құқықтық түрде реттеудің жалпы мәселелерін қарастырады.
Дегенменде Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен Ә. Е. Еренов, Ә. С. Стамқұлов, С. Б. Байсалов, К. А. Шайбеков, Н. Б. Мухитдинов, Ә. Е. Бектұрғанов, Д. Л. Байдельдинов, Л. К. Еркінбаева, Ж. Х. Қосанов, А. Х. Хаджиев, С. Т. Культелеев, Б. Ж. Абдіраимов, Е. Ш. Дүсіпов, Ә. Ерәли, Н. Батырбаев, Б. Бегалиев, С. Мұстафаев және т. б. бөліп айтуға болады.
Жерді пайдалану құқығын төмендегідей ресейлік ғалымдар зерттеген Иконицкая И. А., Краснов Н. И., Ерофеев Б. В., Фомина Л. П., Карамышева О. В., Топорнин Б. Н., Сыроедов Н. А., Быстров К. Е, Боголюбов С. А., Волков Г. А., Крассов О. И., Камышанскийлер және т. б. айтуға болады.
Дипломның зерттеу объектісі болып - республикамыздағы нарықтық қатынастар мен құқықтық реформаның жүргізілуіне байланысты, жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқықтық реттелуі, жер пайдалану құқығы және онымен тығыз байланыстағы жер және азаматтық құқықтық қатынастар танылады. Ал, зерттеу пәні - жер пайдалану құқығы туралы ұғым, жер пайдалану құқығының объектілері, осы құқық институтының субъектілері және олардың құзіреттері, құзіреттерінің құқықтық жағдайы, олардың қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы жер ұтымды түрде пайдалану құқығының құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдарымыздағы кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді көрсете отырып, теориялық қорытындыларды негіздеу және жер пайдалану құқықтарын реттеуді қамтитын жер заңдарын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау, мен үшін болашақ заңгер ретінде алға қойған мақсат болып отыр.
Мен, зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, жүйелік, нақты-тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістермен қарастырғандыжөн санадым. Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғылымдардың жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқықтық қатынастары және жерге меншік құқығы туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативті-құқықтық деректермен, жалпы құқық теориясы бойынша бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектерін зерттеп қарастырдым.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер туралы қабылданған еліміздің заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Азаматтық заң актілері, сонымен бірге бұрынғы Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативті-құқықтық актілері зерттеудің нормативтік базасын құрайды.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы жерді ұтымды түрде пайдалануды құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелері - зерттеудің негізгі нәтижелерінің бірі. Жұмыста жаңа немесе жаңашылдық сипаттағы өзіндік қорытындылар мен ұсыныстар назарға ұсынылады.
Жұмыс құрылымы мен көлемі мыналардан тұрады: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Жерді пайдалану құқығының мәні мен қоғамдағы маңыздылығыЖерді пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз - бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с. с. ) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі болып табылады.
Жер пайдалану құқығы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;
- жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;
- жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.
Жер пайдаланудың мынадай түрлері бар:
- уақытша өтеулі жер пайдалану:
- қысқа мерзімді (5 жылға дейін) ;
- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін;
- өтеусіз негізіндегі уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл ретте уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс, (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда) ;
Жер кодексінде немесе заттық құқытық мәніне қайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады.
Жердің тұлғаның меншігінде болуы оның экономикалық және әлеуметтік жағдайына ықпал етіп, аса маңызды рөл атқарғанын қоғамдық даму үрдісінін тарихы дәлелдеп отыр. Сондықтан да болар, барлық кезеңде және барлық халықтар арасында жерге иелік ету құқығы үшін күрес бір сәт те толастаған емес. Бұл күрес әлемдегі көптеген төңкерістің қозғаушы күшінің негізі болды. Ендеше осы тұста тарихқа көз жүгіртіп көрсек. Қоғамдық қатынастар жүйесінде жерге деген құқықтық қатынас адамзат қоғамының даму сатыларының ерте бастауының өзінде аса маңызды орын алған. Ақиқатына келер болсақ, құл иеленуші қоғамда да, сондай-ақ, феодалдық қоғамда да жерге деген құқықтық қатынас аталған құқықтық жүйесінің негізгі мәселесі болып табылады [1-бет] .
Сондықтан да жер құрылымы мәселесі, жерге меншік формасының мәселелері, жерге қауымдық иелік формасы, ең аяғы жеке меншіктік жер иелігінің маңызы мен ерекшелігі - көне дәуір мен феодализмді зерттеуде аса маңызды орын алды. Ең алдымен құл иеленуші қоғамдағы жер қатынастарының екі типін - көне Шығыстағы жер қатынастары мен антикалық дәуірдегі жер қатынастарын ажырата білу қажет. Құл иеленуші қоғамдағы жер қатынастарының мысалы ретінде Көне Вавилондағы жер қатынастары мен антикалық Римдегі жер қатынастарын келтіруге болады.
Көне Вавилондағы мемлекет пен құқық жер қатынастарын зерттеуде өте қажетті мәлімет беретін ерекшелегімен өзіне назар аудартады, атап айтсақ, Көне Вавилон көне шығыс құл иеленуші қоғамының типтік мысалы бола алады. Бұл құл иеленушілік қоғам, сол қоғамға сай, антикалық құл иеленуші қоғамынан оның өзгешілігін көрсететін бірқатар өзіне тән ерекшелігі бар (Грекия, Рим) .
Көне Қосөзендегі мемлекеттің қалыптасу процесі, бұл роцестің сыртқы фрмасы тұрғысынан алып қарағанда, жеке қоғамдардың бірлесуінен қалыптасты. Яғни, олардың үстінен қараған патша, жердің ең жоғарғы иесі ретінде танылды. Шындығына, кейбір жеке қауымда мұра етіп қалдарығанға иелік еткенде ол жалғыз өзі жеке-дара барлық меншікке иелік етті. Қауымдық меншік мемлекеттік меншікке айналып, нақтылап айтқанда, соған бірігіп, сіңіп, тұтасып кетеді. Осының негізінде біртіндеп, Сарай (Орда патшалық) шаруашылығы үшән арнайы жер - патеси және патша үшін - патшалық жер бөлінеді, және, әдетте оған, храмдық жер де қосылады. Патша мен храмдарға қарасты жерлер мемлекет қарамағындағы құлдардың күшімен өңделетін, соның нәтижесінде ұжымдық құл иеленудің өзі жоғарғыдағы азғана топтың пайдасына қызмет етті. Сол ортадан, яғни пайдаланып отырған азғана топтың арасынан құл иеленуші кластың өкілдері шықты, солар алғашқы жекеменшік жер иелері болды [2-бет] .
Көне вавилондық патшалықта жердің төмендегідей бөлініс категориялары болды:
- сарай иелігіндегі жерлер;
- храм иелігіндегі жерлер;
- қауымдық иеліктегі жерлер;
- жекеменшік иелігіндегі жерлер.
Соңғысы өз кезегінде іштей бірнеше түрге бөлінді. Жоғарыда көрсетілген түрлі категориялық жерлер өзіндік құқықтық режимге бағынды. Барлық бұл категориялар Хаммураби Кодексіне белгілі, дегенмен Кодекс дамыған құл иеленуші шаруашылық негізінде ақша-тауар қатынасы мен тауар айналымының дауымуына байланысты өрістеген жерге жекеменшіктің болуына байланысты мәселелерді тереңдетіп қарастырған.
Хаммураби дәуіріндегі түрлі категориядағы жерлерге құқықтық режим мынадай көрініс тапқан.
Сарай иелігіндегі жерлер сол сарай шаруашылығын қамтамасыз етуге қызмет етті. Бұл жер тікелей патша иелігіндегі жерлер болды, оны қалай пайдалану керек екенін патша өзі шешетін, бірақ тікелей мемлекет те пайдаланды және бұл жерлер тікелей мемлекет шенеуніктері бақылауы арқылы, құлдар күшімен өңделді. Хаммураби дәуірінде сарай иелігіндегі жерлер аса иол кеңістікті алып жатты, әсіресе оңтүстік аймақта. Храм иелігіндегі жерлер де құқықтық талабы жағынан да және ұжымдық құл иелену көмегі арқылы жерді пайдалану жүйесі жағынан да сарай иелігіндегі жерлерді пайдалану үрдісіне ұқсас келеді. Храм иелігіндегі жерлер сол храм шаруашылығын ұйымдастыруға қызмет етті. Осы бағдарда, атап айтатын мәселе, көптеген храмдар патша иелігінде болды және патша храмдары деп есептелетін. Храм иелігіндегі жерлер жалпы мемлекеттік иелікке жатпайтын [3-бет] .
Қоғамдық иеліктегі жерлер ерекше категориядағы жерлер болып табылатын. Яғни, бұрынғы рулық-тайпалық қауымдар территориялық қауымға айналып, жерді бірігіп пайдаланудан жеке пайдалануға көшкенінен көрініс тапты. Қауым ішіндегі жерлерде жекелеген үлкен отбастарының бөліктері болды. Бұл қауымда жерді пайдаланудың жекешеденуі мен таптық бөліністің нәтижесінде жерге иелік етуде теңсіздік пайда болды.
Соған қарамастан қауымдық байланыс сақталды. Қауымдық байланыс сақтауда аса маңызды рөл атқарған мәселе, ортақ суды пайдалану жүйесі болды. Суармалы жүйені шаруашылықта бірігіп пайдалану, бірігіп су бөлісін жүргізу де қауымдық байланысты сақтаудың негізгі тіректері ретінде көрініс тапты.
Хаммурапи дәуірінде жекеменшік жер иеліктері жердің ерекше категориясы ретінде аса маңызға ие болды. Қалай болғанда да Хаммурапи Кодексі жердің бұл категориясына ерекше көңіл бөледі, атап айтар болсақ, одан ертеректе болған суммерлік Кодекске қарағанда жеке жер иеліктерінің құқықтық нормаларын кеңітіп және дамытуға барынша күшін салды. Сонымен қатар, жеке меншік жер иелігі құрамына түрлі құқықтық режимдегі жер иеліктері де кіреді.
Жеке меншік жер иелігі құрамында ең үлкен категоряны сыйға берген жер құрайды. Бұл жерлер, патшаның шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге «өзін асырауға» деп бөлген жерлері. Олардың иелік жүргізу құқығы Хаммураби Кодексінде кеңінен таратылып айтылған. Бұл жеке меншік иелігі шартты болып есептеледі. Өйткені, бұл жеке меншік иелігі оның әскери қызметімен тікелей байланысты. Әскери қызметкерлердің ұлы патшалық әскери қызметте әкесінің қызметін жалғастырған жағдайда ғана аталған құқық сақталады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген жағдайға қатысты иелікке берілген жерлер толығымен азаматтық айналымнан шығарылып тасталған. Әскери қызметінің өтеуіне қатысты алған жері мен бау-бақшасы, сондай-ақ, мүлік «илка» деп аталатын, оларды сатуға немесе басқа да мәміле жасауға әскери қызметкер құқылы емес еді. «Илка» деп аталатын жер иелігін шеттететін кез-келген мәміле заңсыз және жарамсыз деп танылды [4-бет] .
Жеке меншік жер иелігінің екінші түрі - бұл салық алуға арналған жерлер, яғни мемлекеттік салық алу үшін жерге иелік етіп, оны пайдалануы. Бұл жерлерді де иеліктен шығару жоғарыдағы әскери қызметкер мен шенеуніктердің «илка» жеріне қатысты қолданылатын құқықтық ережелерге бағындырылған. Олар да әскери қызметкерлер мен шенеуніктер жерлеріне қатысты Кодекстегі баптармен реттеледі. Екеуінің айырмашылығы сол қалыпта көрсетілген мақсатта ғана көрініс тапқан. Біріншісінде. Патшалық қызметке адал болып, соны дұрыс атқару жатса, екінші бағдарда салықтық жердің мақсаты басқа, яғни патша қазынасына салықтың дұрыс, уақытында түсіп тұруын қамтамасыз етеді. Салықтық жерлер - бұл шаруа-қауымдастық жеке иелігіндегі жерлер және салық алу үшін анықталған жерлер. Ең соңында, жеке меншік иелігіндегі жердің түрін еркін сатуға болатын жер категорялары құрайды. Бұл жерлер салықтық жерлерге қарама-қарсы қойылады. Міндетті етіп берілген жерге жеке меншіктік иелік ету, міндетті етіп берілмеген еркін жерге иелік етуден көп айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі иеліктен тіптен шығарылмайды, ал екіншісі азаматтық айналымда еркін жүреді. Бұның барлығы әскери қызметкердің әскери қызметі үшін алған жерплерін және басқа да мүліктерін сатуға тыйым салатын Кодекс баптарында көрініс тапқан. Алайда, аталған субъектілер сатып алу және сату шарты арқылы алған жерлерін еркін пайдалануға құқылы, оған Кодекстің өзінде де рұқсат берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz