Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы ... ... ... ... 12
1.2. Кеден органдарының міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
1.3. ҚР кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде ... ... ... ... ... ... 26
1.4. Кеден органдарының құқық қорғау қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

2. КОНТРАБАНДАНЫҢ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕГІ КЫЛМЫСТЫҚ МӘНІ
2.1. Контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері ... ... ... ... 34
2.2. Контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және қарқыны ... ... ... ... ... 50

3. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ
3.1. Кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .76

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы ... ... ... ... 12
1.2. Кеден органдарының міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
1.3. ҚР кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде ... ... ... ... ... ... 26
1.4. Кеден органдарының құқық қорғау қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 29

2. КОНТРАБАНДАНЫҢ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕГІ КЫЛМЫСТЫҚ МӘНІ
2.1. Контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері ... ... ... ... 34
2.2. Контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

3. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ
3.1. Кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 76

КІРІСПЕ

1995 жылдың 20 тамызында референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, қоғам, мемлекет, азамат өміріндегі негізгі қағидалар мен бағыттарды бекітті. Оның бірінші бабында Қазақстан - демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы болып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.
Бірақ, бірнеше онжылдықтар бойында қалыптасқан қоғамның "социалистік" қарым-қатынастарының "рыноктық қатынастарға "айналуы, тәуелсіздікті шынайы іске асыру, жас мемлекеттің егемендікке қол жеткізуі, бірталай қиындықтар мен мәселелерге тап болуына әкелді. Экономикада кризис орнады. Жұмыссыздар, жалақы және зейнетақы қарыздары пайда болды, сол себептен, Қазақстанның бірнеше аймағында ереулдер өтті. Қазіргі көзқарастармен, салыстырсақ, сол кезде қоғамдық және құқық тәртібі күрт төмендеген екен.
Президент Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, жағдайының жақсаруы" отты Жолдамасында, қоғам мен мемлекеттің болашақта даму жобасы көрсетілген. Сонымен қатар, көптеген жұмыстарды қайта қарастыру қажеттілігі пайда болды, бұл қоғамға қарсы жағдайларды тойтару, қылмыспен күресу, жиналған өмірлік тәжірибелерді жоғалтпау мақсатында, оны тарихи тұғырдан ғылыми талдау қажеттілігі туындады. Жолауда аталғандай, біздің бүгінгі күні, дамуымыздың кейбір негативті жағдайлары - бұл, "уақытша және ауыспалы құбылыстар, кеңестік дәуірден қалған, ауыспалы кезіңнің қиындықтары, бірақ мүмкіндіктерді пайдалану және қауіпті жағдайларды тойтару, активтерді көтеріп, пассивтерді төмендетуіміз - өзімізге ғана байланысты, басты бағыттарды ұстануымыздан және оны іске асырудағы қазіргі заман талаптарына сай болуы және имкемділігіне байланысты "27.
Біздің алдымызда көлемі жағынан өте ауқымды істерді орындау, және уақыт бойынша, азаматтық қоғамның сапасы жағынан жаңа, құқықтық және әлеуметтік жағдайларға ауысу жұмыстары тұр.
Сонымен қазіргі Қазақстанынның бүкіл құқығы, құқық жүйесі, құқық идеологиясы оның мемлекет ретіндегі түпкі стратегиялық мақсат-мұраттарынан, ішкі, сыртқы мемлекеттік функцияларын жеткілікті дәрежеде орындауға деген қажеттіліктен, Қазақстан қоғамындағы жаңа қарым-қатынастарды соңғы, қәзіргі заманғы демократиялық ұғым-түсіндік тұрғысынан реттеуден, жалпы қазақ мемлекетінің негізін қалаған идеялар мен принциптерден туындап, соларға сәйкес жасалып, қалыптасып, өзгеріп, дамып отыр деп есептейміз. Соған сәйкес өз іс-әрекетінде мемлекеттік функциялардың белгілі бір бөлімін қамтитын, мемлекеттің кейбір стратегиялық мақсаттарын, ішкі-сыртқы экономикалық, кеден саясаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің бір тармағы болған кеден органдарының құқықтық базасы, заңнамалары, құқықтық мәртебесі, іс-әрекетінің әдістері мен түрлері, құзырлығы, т.б. мәселелері дәл осы тұрғыдан, яғни Қазақстан мемлекетінің дәл қазіргі кезендегі өркендеуі дәрежесінің, оның кезеңдегі нақты тактикалық міндеттері мен мақсаты, функцияларының іске асырылуы тұрғысынан зерттеп-зерделеуді қажет етуде.
Соңғы кезеңдегі Қазақстанның, әсіресі оңтүстік шегіндегі геоcаяси ахуалдың шиеленісуі, халықаралық терроризм қаупті, көршелес Қырғыстан мен Өзбекстанда содырлар топтарымен болған қақтығыстар, экстремистік діни көзқарастарды насихаттаудың өршеуі, есірткі тасымалының, заңсыз миграцияның күшеюі, кейбір көрші елдермен шекараны айқандау, нақтылау, делимитизациялау, демаркацияллау мәселелері, сондай-ақ Ресей тарапынан да кейбір эстремистік пиғылдағы адамдардың елімізге өтіп кетуі (баспасөзде Ресейдегі кавказ ұлтына жататындардың Қазақстан жерінде қарақшылық қылмыстар жасағаны, діни экстремистік мағынадағы, ұлт араздығын қоздырушы әдебиеттер, есерткі әкелгені жөнінде болды 33 - осы жағдаяттардың бәрі Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарының мемлекет шекерасын белгілеу, шекараны қорғау, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, ішкі қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ елді халықаралық аренадағы белсенді әрекеттер арқылы саяси қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге итермелеп отыр. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың халықаралық аренадағы іс әрекетінің, көрші елдердің мемлекет басшыларымен өткізген кездесулерінің және сол кездесулерде жасалған келісімдерінің басты мәні Қазақстан мемлекетін саяси, экономикалық тұрғыдан қоргау, сенімді серіктестер табу, сыртқы қауіп-қатармен көрші мемлекеттермен бірге өзара ынтымақтаса отырып күресу болғандығы белгілі.
Сонымен қатар, Қазақстан мемлекетін саяси аренада саяси құралдармен қорғау ғана емес, сондай-ақ оның әскери күштерін дамыту, шекерасын әскери-кедендік қоғау бойынша да нақты жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорғаныс, шекара, көрші елдемен сауда-саттық, татулық қарым-қатынастары тұрғысынан алғанда қазіргі кезенде кеден органдарының іс-әрекетінің маңызы артып және оған мемлекет тарапынан қоғамдық тұрғыдан көп көңіл бөлініп отыр.
Осыған орай, қоғамда өзгерістерге сай материалдық қана емес, рухани да атмосфера құру өте маңызды, ол мемлекет саясатының барлық қоғамдық өмір салаларында салмақты қолдауымен бола алады. Мемлекетті дамыту стратегиясы догма емес, барлық қоғамдық өмір салаларының түбегейлі өзгерістеріне әкелетін әдістеме екендігін естен шығармау қажет. Сонымен бірге, ақырғы онжылдық ішіндегі Қазақстан Республикасында белең алған құқық бұзу, оның ішінде ауыр қылмыстардың санының өсуі қоғамдағы мінез- құлықтық саясаттың климатына кері әсерін тигізеді, сондай - ақ әлеуметтік - психологиялық қысымның өсуіне, адамдардың ертеңгі күнге және өз қауіпсіздігіне деген сенімсіздігін тудырады.
Тіркелеген қылмыстар бойынша, республика бойынша, қылмыс саны ақырғы он бір жыл ішінде екі есе өскені көрінеді. Жалпы қылмыс құрылымы ішінен, экономикалық қылмыстар басым екендігі көрінеді.
Әрине, экономикалық қылмысты жасау - кеңестік қоғамдық қарым-қатынастардың "рыноктыкқа" көшуі себепкер болады, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық механизмді өзгерту, көпшілік санасына әлеуметтік және құқықтық мемлекет принциптерінің азаматтық қоғам идеологиясын енгізуде де тұр.
Экономикалық қылмыс санының басым көпшілігі, бірқатар себептерге де байланысты: әкімшілік-бюрократиялық механизмнің таралып, коррупцияның орнауы, қосарланған мораль, қылмысқа жоғарғы үкімет өкілдерінің қатысуы, қосарланған заңдылықпен, немесе, заң алдында басшы мен қатардағы азаматтың шын мәніндегі теңсіздігі, еңбек нәтижесіне жете көңіл бөлмеу, және мемлекеттік меншікті сақтауға талпынбау. Экономикалық қылмыс санының жүйесінде кедендік қылмыстар ерекше орын алады. Ішкі экономикалық процесстердегі кеден бақылауының орны мен рөлі және ішкі экономикалық қызметті жариялықтандыру және либерализациялау жағдайындағы олардың әсер диапазонын кеңейту, қарым-қатынастардың күрделі және бірткелкі болмаған кешенін құқықтық реттеудегі жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Жаңа кедендік қарым-қатынастарын құқықтық негізделген реттеу істері, кеден заңдарының тарихи дамуының бұрыңғы кезеңдерде жиналған тәжірибелеріне сүйену тиіс.
Төлемдердің біртұтас, белгілі бір мақсаттары бар жүйесін құру, және оны кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қолдану арқылы, кеден саясатын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық ретінде жұмыстары қарастыру арқылы ғана, кеден саласының жалпы мақсаттары, кеден саясатының алға қойған мақсаттарының және, кеден ісі қызметтерінің маңызы зор екендігіне көз жеткізуге болады.
Жаңа сыртқы экономикалық қарым-қатынастарға көшу құбылысы, оның кейбір кері әсерлері бар жайларын анықтайды, солардың нәтижесінен, Републиканың қолданыстағы қылмыстық, әкімшілік, кедендік заңдарын бұзу санының көбеюін танытады. Соның ішінде, ақырғы кезде белең алған, кейде орны толмайтын, мемлекетімізге үлкен экономикалық зиянын тигізетін, қылмыстық жазалау контрабандасының санының өсуі байқалады. Контрабандаға қарсы күрестің өзектілігін осы категорияда жасалған қылмыстар санының күрт өсуін растайды. Кәзіргі кезде мемлекет деңгейінде, әсіресе кеден саласындағы, экономикалық қылмысқа қарсы күресу, жалпы, қылмысқа қарсы күресудің басты бағытарының болады.
Соған орай, Қазақстан Республикасы Президенті 1998 жылдың 12 - қазанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін әрі қарай реформалау" Нұсқауында, мемелекет кірістері Министірлігін құрып, оған мына міндеттерді жүктеді:
- өз уәкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
- мемлекет алдындағы салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ету;
- ішімдік өнімдерінің өндірісі және айналымына мемлекеттік бақылауды;
- мемлекетке шығын клтіретін экономикалық қылмыстар мен құқық бұзуға қарсы күресу, экономикалық қылмыстарға қарсы күресудегі халықаралық өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Контрабанданың қоғамға келтіретін нұқсаны тек экономикалық шығын ретінде ғана қарастырылып қоймайды. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-психологиялық және моральдық жағынан келтіретін зияндылығымен де күрделенеді. Мәселен, казіргі кезде, кеден қылмыстарының саны өсуі әртүрлі әлеуметтік топтардың негізсіз жіктелуінің тереңдеуіне, және негативті, қоғамға қарсы жеке ұстанымдардың пайда болуына әкеледі.
Қазақстандық кеден заңдарының дамуы, рыноктық қарым- қатынастардың құрылу жағдайларындағы контрабанданың кеңінен таралуы, бұл қылмыстың қоғамға төндіретін қауіпінің үлкен дәрежесі болып саналады.
Бұл зерттеулердің барлығында дерлік, негізінен қылмыстық - құқықтық мәселелер зерттелді, оның ішінде, жалпы контрабанда түсінігі, жалпы құрам мен қонтрабанданы анализдеу, сонымен қатар, айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттарды анализдеу кеңінен зерттелген. Ал криминологиялық контрабанда, оның себептері мен жағдайлары, сондай - ақ, оның жалпы және арнайы алдын алу шаралары тіптен де зерттелмеген.
Сонымен бірге, кеден саясаты, ішкі және сыртқы саясаттың басты құрамы ретінде, мемлекетіміздің заңмен бекітілген мақсаттарына сәкес, қазақстандық рынокка, өндірушлер мен тұтынушыларға жақсы жағынан ықпал етуі тиіс; экономиканың, импорт пен экспорттың дамуын қарқындату; сауда саясатының мәселелерін шешуге және т.б. сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттеу, негізінен экономикалық әдістермен, кеден баждары, салықтар мен алымдар көмегімен орындалады.
Әкімшілік әдістердің мәні күрт төмендедеі, бірақ мемлекет олардан толық айнуы мүмкін емес, өйткені олар экономикалық әдістерді толықтырады, және, сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтерінің белгілі бір салаларында өз мәнін сақтайды.
Сонымен қатар, тағы бір мәселені атай кетейін. Меншік түрлерін өзгерту процесстерінде жаңа экономикалық қарым-қатынастар пайда болды. Бұл бұрын қатаң иерархиялық және әкімшілік - бұйыру әдісімен реттелген қарым-қатынастар, қазіргі кезеңде қатаң реттеуге тәуелсіз, еркін салаға айналды. Бұл әсіресе алғашқы кезеңдергі жаңа жағдай, барлығына рұқсат сенімін пайда болғызып, қалыптастырады, кеден бақылауының іс - шаралар мен шешімдерге құқықтық баға беруді талап етеді.
Зерттелген саланың криминалдық жағдайын құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлерінің дайындығының жеткіліксіздігі мен біліксізідігі, кеден қылмыстарының алдын алу және ашудағы жұмыстарын үйлестірудің тимдсіздігімен қиындатады.
Кеден қылмыстарының алдын алудың бүгінгі күнге дейін, криминалистік негізі жоқ екендігін айтпай кеткен жөн емес.
Сондықтан, кеден саласындағы қылмыстарының алдын алуды тиімді ұйымдастыру, оларды жасайтын тұлғаларға қоғамдық - әлеуметтік және арнайы, сонымен қатар, қылмыстық- құқықтық, шараларды қолдану - еліміздің экономикасы мен дамытудағы айтарлықтай жағдайларды қорғау, кеден мекемелерінің қалыпты қызмет атқаруын, қоғам мүшелерінің дұрыс өмір ұстанымдарын қалыптастыруындағы әртүрлі негативті жайларын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қорғалуға ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты айқындалады - Кеден ережелерін бұзумен күрестегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметі туралы зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдын-ала мынадай міндеттер қойылды:
- кеден бақылауы органдарының рөлі
- кеден органдарының міндеттері
- Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде
- кеден органдарының құқық қорғау қызметтері
- контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері
- контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және қарқыны
- кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары.

1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өзінің құзыры шегінде кеден саясатын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасында кеден ісін тікелей жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған өзге де қызметтерді орындаушы мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі - елдегі кеден қызметін басқаратын негізгі орган. Комитеттің басшылығы төраға, Бірінші орынбасары, орынбасары, төраға көмекшісі және төраға кеңесшісінен тұрады. Комитеттің негізін мыналардан тұратын басқарма құрайды: контрабанда және кеден ережелерін, кеден кірісін бұзумен күрес ұйымы Басқармасы, кедендік бақылау Басқармасы, қаржы-шаруашылық басқармасы, аппарат жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі басқарма, кадр Басқармасы. Сыртқы қатынастар және өз қауіпсіздігі бөлімшелері, кеден сараптамасын ұйымдастыру бөлімдері қызмет етеді.
Бұл басқармаларды сыныптарға бөлуге болады. Соның ішінде, оперативтік қызметі қамтамасыз етуге кедендік бақылау Басқармасын кіргізуге болады; ішкі қамсыздандыру басқармасының тобына кедендік күзет және режим басқармасын, қаржылық-шаруашылық басқармасын және басқаларды жатқызуға болады. Қызметтік басқармаларға мыналарды атап шығуға болады: кедендік кірістер басқармасы, автоматтандыру және кедендік статистика Басқармасы, сыртқы байланыс бөлімі, кадрлар Басқармасы, ұйымдық-сараптамалық басқарма.
Әрбір басқарманың негізін құраушы бөлімдердің атаулары бойынша, басқарманың қызметтері жайлы айтуға болады. Осылайша, кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасы саудасыз айналымдағы кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінен, кедендік басқармаларды әдістемелеу бөлімінен, кедендік режим бөлімінен тұрады. Контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күрес басқармасында оперативтік бөлім, контрабандамен күрес бөлімі, кеден заңын бұзумен күресу бөлімдері қызмет етеді. Қарастырып отырған басқармада нашақорлықпен күресудің аса маңыздылығын ескере отырып, есірткі контрабандасымен күресу бөлімін жасау және кинологиялық қызметін ұйымдастыру шешілген болатын.
Бөлімдердің атаулары осы басқарманың қызметіне кейбір айқындықты береді: сауда айналымындағы кедендік төлемдер бөлімі, кедендік-тарифтік басқару, тауарлық номенклатура және кедендік құн бөлімдері, жанама салық бөлімдері, саудасыз айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдар бөлімі, валюталық бақылау бөлімі. Бұл басқарма кеден шекарасын кесіп өтетін шаруашылық субъектілерін баж бен алымдары төлеуін ұйымдастырумен айналысады. Осы баждар мен салықтардың жалпы жинағы мемлекет қазынасына түсетін кеден кірісіп құрайды 24.
Статистикамен талдау, тораптық және техникалық қызмет көрсетудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бөлімдерінің жиынтығы автоматтандыру және кедендік статистика Басқармасын құрайды.
Құқықпен қамсыздандыру бөлімінде заңды кодтау және кеден заңы мәселелері мен арнайы ұйымдық бөлім айналысатындығы қарастырылған, ал іс жүзінде, құқықтық мәселелер құқықтық бөлім қарамағына кіреді. Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының құрылымдары да белгілі бір қызығушылықты тудырады. Жұмысшылар штаты толық бухгалтерия қарастырып отырған басқарманы маңызды бөлімшелерінің бірі болып табылады. Кеден қызметін қалыпты жүзеге асырудың қажетті бөлімшесі - материалдық қамсыздандыру, жарақтау, қорғау құралдары мен техникалық бақылау бөлімі болып табылады. Кедендік бақылау агенттігі кеден нысандарын толық құрылысын жүргізу және эксплуатациялау қызметін өзіне алғандықтан, осы басқармада сәйкес бөлімдер құрылған. Формалық киіммен қамсыздандырумен сәйкес бөлім айналысады.
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің 1995 жыл 30 шілде №163 бұйрығымен кедендік бақылау Агенттігінің құрамында кедендік сараптауды ұйымдастыру бөлімі құрылды, ол кейінірек Орталық кеден лабораториясына қайта құрылды. Бұл лаборатория кедендік бақылау Агенттігінің негізгі сараптау және зерттеу мекемесі болып табылады. Бұл лабораторияның негізгі міндеті кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу кезінде сараптамалық көмек беру болып табылады. Сараптамалық көмек арнайы білімді қолдану және қажетті зерттеулерді жүргізуден көрінеді.
Кеден ісін ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі кеден қызметінің ұтымды құрылымын және оның органдарын еліміздің территориясында орналастырудың ұтымды вариантын таңдау. Кеден қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарының біркелкі жүйесі ретінде құрылады және қызмет етеді.
Кеден органдарының біркелкі жүйесінің принциптері кеден ісін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың негізі болатын біртектес принциптермен үздіксіз байланысты: біркелкі кеден саясаты, біркелкі кеден территориясы, біркелкі кеден заңдары, біркелкі тарифтік реттеу және оларды экономикалық саясат шараларымен үйлестіру. Жалпы алғанда, олар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы принциптерінің негізін қалаушылардың бірінің мәнін айқындай түседі.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі кеден органдарының біркелкі жүйесі түсінігіне осы жүйені құрушы органдардың атауларын жатқызады: кеден ісі мәселелері бойынша өкілетті орган; облыстар бойынша кеден ісі мәселелері бойынша өкілетті органның территориялық бөлімшелері; кедендер; кеден бекеттері; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пунктері; мамандандырылған кеден мекемелері.
Осы жүйелердің әрбірі Қазақстан Республикасының кеден органдары болып табылады және құқық қорғау мәртебесіне ие. Кеден органдарының біркелкі жүйесі - бұл кеден органдарының барлық жиынтығы; жалпы жүйелі принциптерге негізделген, кеден ісін жүзеге асырудағы олардың қарым қатынасы мен байланыстары: тұтастық, құрылымдық, иерархиялық, қоршаған ортамен өзара тәуелділік.
Кеден ісі мен кеден саясаты негіз қалаушы институттар бола отырып, осы саладағы мемлекет қызметінің қазіргі кездегі жағдайын және кеден саласындағы жалпы проблемаларды көрсетеді 23.
Көптеген жылдар бойы сыртқы экономикалық қызметке жүріп келген мемлекеттің монополиясы жойылды. Заңдарда қарастырылған жағдайлардан өзге, Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын алып келуде немесе шығаруда ешкім шектетілмейді және құқығынан айырылмайды.
Кеден кодексіне сәйкес, кеден саясаты Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты бола отырып, мемлекеттік биліктің орталық органын енгізуге жатады. Қазақстан Республикасы кеден саясатының мақсаттары: қазақстандық нарықты қорғау; қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономиканың дамуын ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге көмек көрсету; бәсекелестік пен монополизмге қарсы әрекеттерді марапаттау; экспортты ынталандыру және импортты алмастыру өндірісін марапаттау; шетелдік инвестицияларды тарту; сауда саясатының тапсырмаларын шешу; заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік биліктің орталық органдарымен анықталатын өзге де мақсаттар.
Қазақстан Республикасының кеден саясатының осы мақсаттары мен тапсырмаларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыруға міндеттелген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік билік тұтас және ажыратылмайды, олар заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу принциптеріне сәйкес Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылады деп бекітілген.
Кеден органдары биліктің атқарушы тармағына жатады. Кеден ісінің даму тарихына көңіл бөле отырып, Қазақстанның кеден мекемелерінің қалыптасу кезеңін бақылауға болады. Кеден мекемелерінің әу бастан қалыптасқан жүйесіндегі кедендік басқармалардың, кеденнің және кеден бекеттерінің саны жағынан көлемі өсіп отырғанын, қызметкерлер сананың өсуі немесе төмендеуі, орталық кеден органының құқықтық мәртебесі өзгерістерге ұшырап отырғанын аңғарамыз.
Республикалық кеден қызметі Қазақстан Республикасының Кеден комитеті 1991 жылы 12 желтоқсанда құрылғаннан бастап, келесі қайта ұйымдастырулар арқылы әр түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырап отырды: 1992 жылы қараша айында Қаржы Министрлігінің Бас кедендік басқармасына, 1995 жылы сәуір айында Министрлер кабинетінің жанындағы Кеден комитетіне, 1995 жылы қазан айында үкімет құрамына кірмейтін, бірақ оған бағынатын, орталық орган статусы бар Қазақстан Республикасының Кеден комитетіне, 1997 жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекеттік кеден комитетіне, 1997 жылдың қазан айынан Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетіне, 1998 жылдың қазан айынан бастап орталық кеден органының қызметі Мемлекеттік кіріс министрлігіне толығымен берілді. Оған келесі секілді негізгі міндеттерді орындау жүктелді: Қазақстан Республикасының фискалды және кеден саясатын құру және осы саясатты жүзеге асыру; кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру; Қазақстан Республикасы мүддесінің экономикалық қауіпсіздігін өзінің құзыры шегінде қамтамасыз ету; мемлекет алдындағы салықтардың, төлемдердің және өзге де қаржы міндеттерінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету; мемлекетке зиян келтірген экономикалық қылмыстар және заң бұзушылықпен күрес.
Осы органдарды сипаттау кезінде олардың келесі негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады: Конституцияның, заңның және өзге де заң актілерінің ережелері мен нормаларын ұйымдастыру мен жүзеге асырудан тұратын қызмет ретіндегі атқарушы биліктің мәнін көңілге ала отырып, кеден органдары атқарушы билік органы ретінде кеден ісі саласында атқарушы және жарлық қызметін жүзеге асырады.
Кеден органдарының атқарушы және жарлық қызметін жүзеге асыруы кеден ісін күнделікті тәжірибе жүзінде ұйымдастыру және жүзеге асыруынан тұрады.
Кеден органдары әр түрлі әдістер мен формаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін ұйымдастыру; кедендік төлемдерді өндіріп алу, кедендік ресімдеу мен бақылау саласында өз қызметтері мен өкілеттіктерін жүзеге асырады. Бұл бағыттар кеден органдарының қызметінде негізгі болып табылады. Қызметтің бұл салаларында кеден органдары әкімшілік-атқарушы органы ретінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының кеден органдары жарлық, сондай-ақ атқарушы-ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады. Қызметтің бұл екі түрі де өзара тығыз байланысқан және жиынтық түрінде біртұтастықты құрайды. Сонымен бірге кеден органдарының жарлықтық қызметі өз ерекшеліктеріне ие, соның ішіндегі оның нормативтік сипаттары маңыздысы болып табылады. Ол, кеден органдарының сәйкес заң актілерін қабылдауынан көрінеді. Атқарушылық қызметтері өзге де формаларда жүзеге асырылады.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруы олардың ерекшелігі болып табылады. Олардың сипаттамалары қосымша айқындауды талап етеді. Жалпы алғанда кез-келген мемлекеттік органды құқық қорғау органдарына жатқызуға болады. Бірақ құқық қорғау органдары терминінің нақты түсінігі бар. Мұнда, әдетте, ішкі істер, сот, прокуратура органдары жатады.
В.М. Семенов құқық қорғау органдарының келесі анықтамасын жасады: құқық қорғау органы - бұл демократиялық принциптерде заңның және сәйкес формалардың негізінде өздерінің бар қызметтерімен заңдылық пен құқық тәртіптілікті, азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және заң мен құқық тәртібін бұзған тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу мен әсер етулерді қолдануға бейімделген мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруы, көп жағдайларда кеден ісінің өз құрылымымен негізделген, сонымен қатар кеден ісі саласындағы барлық негізгі міндеттер мен өкілеттіктерді кеден органдары елдің мүддесін ескере отырып, оның экономикалық егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін нығайта отырып жүзеге асырады.
Кеден ісі мен кеден органдарының өзі бастапқыда кеден ісінің айрықша табиғаты мен құрылымына байланысты өз сипатына бойынша құқық қорғаушы болып табылады және көп жағдайларда осы сапада әрекет етеді.
Кеден органдары қызметінің құқық қорғау сипаты едәуір нақты айрықша айқындыққа ие. Кеден ісінің кешендік сипаты онда біртектес емес элементтердің болуын айқындай түседі, соның ішінде құқық қорғау.
Кеден органдары құқық қорғаушы ретінде келесі белгілерімен сипатталады: кеден органдарының шешетін негізгі міндеттері олардың қызметінің құқық қорғау сипатын дәл және нақты анықтайды. Кеден ісі жайлы заң кеден саясатының мақсатын анықтайды, оны қазақстандық нарықты, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау үшін кеден органдары жүзеге асырады. Заңның бұл ережесі кеден органдары қызметінің құқық қорғау сипатын ашуда негізгі бағдар болып табылатындығына күмән жоқ.
Кеден органдары жоғарыда тұрған атқарушы билік органдары арқылы жасалады, қайта құрылады және жойылады. Қазақстан Республикасының Кеден комитеті жайлы ережені 1999жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген. Комитет заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық құқық қабілетіне ие. Кеден органдары тану белгілері мен тану туына ие.
Кеден органдары қызметінің ерекшеліктері мен бағыттары жайлы барлық айтылғандар олардың келесі анықтамасын құрастыруға мүмкіндік береді: кеден органы - сипаты бойынша құқық қорғаушы болып келетін, мемлекет атынан әрекет ететін және билік өкілеттігі берілген, өзіне тән қызмет формалары мен әдістері арқылы өз міндеттері мен қызметтерін кеден ісі салаларында және сонымен байланысты облыстық басқармаларда орындайтын атқарушы билік органы. Кеден органдарының қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік-процессуалдық сипаттағы қызметтерді орындауы олардың атқарушы-жарлық, әкімшілік органы табиғаты мен қасиетін өзгертпейді, бірақ оларды өзге де құқық қорғау органдарымен жақындата түседі.
Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметтерін тиімді орындау үшін өзге құқық қорғау органдарымен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынаста болады. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары оларға көмек беруге міндетті. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары өздері бақылау астына ала отырып, өз құзырындағы жеке әрекеттерді өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауына рұқсат береді.
Қазақстан Республикасының кеден органдары 1991 жылы желтоқсан айында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін және экономиканың дамуын, баждар мен салықтарды алу, контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күресуді, валюталық бақылау және кеден ісінің дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған 38.
Өткен жылдар ішінде Қазақстанның кеден заңын құру бойынша белгілі бір жұмыстар орындалды, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі жайлы Заң күшіне ие жарлығы шықты.
Қазақстанның территориясында қазіргі заман талаптарына сай тек нақты екі кеден мекемесі әрекет етті.: Қарғос және Алматы кедені; Достық, Бахтинск, облыс орталықтарындағы бірқатар кедендер сыртқы экономикалық және сауда байланысын дамыту мүмкіншілігімен ашық болатын. Қайта ашылған кеден мекемелерінің жұмысшылары кәсіби дайындықтың алғашқы кезеңін өтіп үлгерді. Белгілі бір жағдайларға байланысты 1991 жылы Қазақстан территориясында көптеген кадрлар кеден мекемесіне кетіп қалды, кебір жағдайларда бұл кеден мекемелері басшылығының объективті жағдайларымен түсіндірілді.
Логикалық және психологиялық әдістердің негізінде талдау жасау кедендік бақылау шараларын анықтауға мүмкіндік береді, мысалы, кеден органдары тәжірибесінде тексеріп қарау түрін анықтау: қол жүгі мен жүкті; көлік құралын; жеке; қайта; бақылап. Кеден қызметі жұмысшыларының әрекеттері мәнді, тез және тиімді болуы керек, әйтпесе кеден органдары жұмыс істеуге құқықтары да, мүмкіншіліктері де болмайды. Халықаралық әуе жайларында, темір жол және автомобиль өткелдерінде жаппай тексеруді елестетіңіз, мұның салдары кезекте зарығып тұрған адамдар, ұшақтардың, поездардың жылжу кестесі бұзылады, уақытында жетпеген немесе бүлінген тауарлар.
Немесе басқаша тиімді бақылаудың жоқтығы еліміздің қылмыстық жағдайына әсерін тигізетін есірткі, тиым салынған заттардың кіргізу, шығару және транзитін, сыртқы сауда статистикасының дәлсіздігі, баждар мен салықтарды бюджетке толық ала алмау, мемлекеттің сауда-экономикалық саясатының дамымауы мен айқынсыздығы, соның салдарынан шетелдік инвестициялардың іскерлік белсенділігінің қысқаруын және нарықтың оқшаулануын білдіреді.
Облыстық кеден басқармалары, ірі кедендер және шекаралардағы кеден бекеттері секілді ведомстволық кеден органдарының біртиптес құрылымы соңғы кездерде өзгеріп отыр. Атырау, Актау және еліміздің өзге мекен жайларында орналасқан Барыс теңіз кедені, республикалық мемлекеттік кәсіпорын Кедентранссервис, энергетикалық ресурстарды бақылау жөніндегі департамент пайда болды. Барлық кеден органдары мен оларға ведомстволық мекемелердің кедендік бақылау Агенттігі бекіткен өз атаулары бар кодтарға ие.
Кеден органдарының құрылымы мен штаттық қызметкерлер саны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі өкілетті орган бекітеді. Кеден бекеттері торабы сандық ұлғаюды қажет етіп отыр.
Қазақстанның құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері арнайы әскери атаққа ие, яғни осы органдардың жүйесінде және арасында олардың құқықтық мәртебесін теңеуге және кейбір, әсіресе зейнеткерлік секілді, мәселелерді басқаша шешуге мүмкіндік береді.

1.2. Кеден органдарының міндеттері

Кедендік бақылау Агенттігінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасау мен жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының территориясында өз құзыры шегінде біркелкі кеден саясатын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың басымдылықтарын алға қоя отырып, кедендік реттеуді ұйымдастыру және жетілдіру; кеден заңдарын ұстануды қамтамасыз ету, оларды қадағалау кеден органдарына жүктелген; кеден мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыра отырып, өз құзыры шегінде кедендік режимдерді құқықтық реттеу ерекшеліктерін анықтауға; өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан белгіленген тәртіппен сұраттыруға және алуға; заңда бекітілген тәртіппен басылым қызметімен айналысуға; белгіленген тәртіппен өнімге мемлекеттік тапсырыс беруші қызметін атқаруға; кеден ісі мәселелері бойынша координациялық сараптама кеңесі мен жұмысшы тобын құруға; өз құзыры шегінде мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен және азаматтармен Қазақстан Республикасында да, одан тыста да өзара қатынас жасауға құқылы. Қазір бұл орган жойылған, бұл Кеңестің қызметін Үкіметтің өзі атқарады.
Кедендік күзет пен режимдерді басқару мақсаттары мен міндеттерін кедендік күзет пен режимді ұйымдастыру бөлімі, арнайы бөлім, кезекшілік қызметі атқарады.
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі жайлы Ереженің 10 пунктінде оның негізгі міндеттері мыналар екендігі көрсетілген: мемлекеттің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, Республикаға әкелінетін тауарлардан тұтынушылардың мүдделерін қорғау; кеден ісі саласындағы контрабандамен және өзге қылмыстармен күресуді енгізуді ұйымдастыру, кеден ережелерін бұзумен байланысты жұмыстарды жүргізу, халықаралық терроризммен күресуде көмек көрсету.
Кеден органдары қызметінің құқық қорғау сипаты жайлы олардың орындайтын қызметтері куә болады. Кеден ісі жайлы заңда, кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден органдары құзырына жатқызылған істер бойынша сұрау алу органы екендігі көрсетілген. Олар, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заң нормаларын басшылыққа ала отырып, қылмыстық іс қозғайды және қылмысты жасаған тұлғаны анықтау және қылмыс іздерін бекіту бойынша жедел тергеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының кеден органдары заңмен қылмыс деп табылатын заңға қайшы әрекеттерді дайындағаны және жасағаны үшін тұлғаларды анықтау мақсатында оперативті-тергеу қызметтерін жүзеге асырады, сұрау алады.
Құқық қорғау органдары секілді, Қазақстан Республикасының кеден органдары да әсер етудің заңдық шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген қызметтерді орындайды, олардың қатарына, заңдарға сәйкес белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу және құқықтық өндіріп алу шаралары жатқызылады. Мысалы, кеден органдары қолданатын мәжбүрлеудің ең типтік шараларына, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаларды кедендік бақылау және қаржы-шаруашылық қызметін тексеру; кеден мақсаттарына қажетті құжаттар мен мәліметтерді тексеру; тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау; жеке тексеру, есепке алу және есептілік жүйесін тексеру.
Кеден ережелерін бұзғаны үшін кеден органдарының өндіріп алуларының ішінде келесі шараларға маңызды орын берілген: ескерту, айып салу, кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық беру үшін кеден органдарының беретін лицензияның немесе біліктілік аттестатының әрекетін тоқтата тұру немесе қайтарып алу, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын заңмен бекітілген тәртіппен тәркілеу, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының құнын сот ережесімен өндіріп алу, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы, кеден ережелерін бұзудың тікелей нысаны болып табылатын заттарды жасырып өткізу үшін пайдаланылған тауарлар мен көлік құралдарының құнын сот ережесімен өндіріп алу.
Кеден органдары кеден ісі саласында қатаң анықталған құзырға ие. Заңмен бекітілген форма мен әдістер арқылы, кедендік реттеу құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу саласында өз қызметтері мен өкілеттіктерін орындайды, кедендік баждарды, салықтарды және өзге де кедендік төлемдерді алады, кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізеді және т.б.. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті, Үкіметінен басқа ешбір мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының кеден органдары құзырына қатысты шешімдерді қабылдауға, сәйкес рұқсатсыз олардың қызметтерін орындауға немесе өзгертуге, оларға қосымша міндеттер жүктеуге немесе басқаша айтқанда олардың қызметіне араласуға құқылы емес.
Кеден ісін жүзеге асыру барысында кеден органдарының қызметі өзінің құқықтық мазмұны бойынша жарлықтық болып табылады. Өздерінің құзыры шегінде олар кеден ісі бойынша құқықтық акт шығарады, бұл акт барлық ведомстволық территорияларда әрекет етеді және төменде тұрған барлық кеден және өзге мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар меншік иелігіне және бағынуына тәуелсіз, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы міндетті. Жалпы кеден органдары өзіндік құқық қолдану және құқық қорғаудың кең өкілеттіктеріне ие.
Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің біркелкі жүйесінің ішінде бола тұрып, кеден органдары бұл жүйеде ерекше орынға ие. Бұл ерекшелік олардың орындайтын міндеттері мен қызметтері арқылы анықталады. Жүктелген міндеттерді орындау, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының кеден органдарының атқарушы қызметінің ерекшелігімен ескертілген.
Кеден органдарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасау және жүргізуге қатысу;
Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңдарын сақтауды қамтамасыз ету, бұның орындалуын Қазақстан Республикасының кеден органдары бақылауы тиіс; өзінің құзыры шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сауда-экономикалық қатынастарда кедендік реттеу құралдарын қолдану; кедендік төлемдер мен салықтарды алу.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифсіз реттеу шараларын жасауға қатысу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдары өтуі кезінде рұқсат ету тәртібін сақтауды қамтамасыз ету; кеден ісі саласында контрабандамен және қылмыстармен, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ережесі мен салық заңдарын бұзумен күресу; кеден ісі саласында сыртқы экономикалық және өзге қызметтерге қатысушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау; өз құзыры шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауды және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттарын жасауға қатысу; шетелдің кеден және өзге құзырлы органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру; біркелкі бюджет саясатын жүзеге асыруға, материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу; өз құзыры шегінде ұлттық қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны сақтау шараларын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу; халықаралық терроризммен күреске және Қазақстан Республикасының әуе жайларында халықаралық азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласудың алдын алуға көмек бер; кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жылдамдатуға мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.
Қазақстан Республикасының мүддесі үшін өте қажетті стратегиялық және өзге материалдарды шығаруына бақылау жүргізу; кеден ісі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын және кеңес беруді жүргізу; осы салада мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін мамандардың біліктігін көтеру, дайындау және қайта дайындау;заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік билік органдарына, ұйымдарға және азаматтарға кеден мәселесі жөнінде ақпараттар беру.
Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау қызметін, фискалдық сипаттағы қызметтерді және құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыру жүктелген. Осы міндеттерді орындау үшін, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің, кедендік режимдердің, кедендік төлемдердің, кедендік ресімдеудің, кедендік бақылаудың негізгі принциптерін анықтау түрінде жеткілікті құралдарды кеден заңдарында қарастырған.

1.3. Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттік
басқару саласы ретінде

Егеменді Қазақстан үшін кеден саясаты сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласына бағытталған мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның кеден комитетіне Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында орналасқан бұрынғы ССРО кеден органдары берілді.
Нақты бақылаудың Қазақстаннан әртүрлі шикізаттарды кедергісіз шығарып әкетуге әсерін тигізе алмады. Мемлекеттік органдар бұл процесті елдің ішінде де, сыртында да тоқтата алмады.
Кедендік жүйе біртіндеп қалыптасып келеді, кедендік құқық құрылып, даму үстінде. Кедендік құқық пен кеден саласы 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бөлшектенді.
Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуын ынталандыруға, оны сырттан келетін деструктивті элементтерден қорғауға бағытталған. Егеменді мемлекеттің ойластырылған және жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүдделерді сенімді жүзеге асырады, экономиканы құлдыраудан қорғаштайды, оның өсуіне мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы 2 бабында елдің кеден саясатының келесі мақсаттары анықталған: қазақстандық нарықты қорғау; қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономиканың дамуын ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге көмек беру; әділ бәсекелестікті марапаттау және монополизмге қарсы тұру; экспортты ынталандыру және импортты алмастыратын өндірісті марапаттау; шетелдік инвестицияларды тарту; сауда саясатының міндеттерін шешу; сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің орталық органдары анықтайтын өзге де мақсаттарды шешу.
1992 ж. 19 тамыздағы 127 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден қызметі жайлы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Кеден комитетінің маңызды міндеттері анықталды іс-жүзінде қолданылуды қамтамасыз ете отырып, кеден саясатын жасау. Мемлекеттік кеден саясатының басты мақсаты - мемлекеттік бюджетті толықтыру. Егер оның мақсаты - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту болса, оның міндеті ұлттық экономиканы дамыту. Сәйкесінше, тапсырма: экспорт пен импортты ынталандыру; құрылымдық қайта құруға көмек беру; ұлттық өндірушілерді қорғау; ал халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мына тапсырмаларды қарастырады: мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру; білімін, ақпараттылығын жоғарылатуға, ой-өрісін кеңейтуге, шетелдік халықтармен достықты нығайтуға бағытталған халықаралық қатынаста азаматтарға, қоғамдарға және ұйымдарға көмек көрсету.
Қазақстан Республикасының кеден органдары өздерінің сыртқы экономикалық қызметтерінде мемлекеттік басқарудың белгілі бір саласы ретінде белгілі бір мақсаттарға бағытталған:
oo әлемдік экономика жүйесіне интеграциялану;
oo ұзақ мерзімді стратегиялық сипатқа ие және оларды жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар кешенін орындауды талап ететін, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу.
Осыдан, екі топқа бөлуге болатын, алғашқы кезектегі міндеттер шеңберін анықтауға болады. Біріншісіне мыналар кіреді: халықаралық еңбек бөлінісіне тиімді кіру; әлемдік тауар нарығында өзінің орынын табу;сыртқы сауда да ұлттық экономикалық операторларға көмек беру.
Міндеттердің екінші тобы біріншісін толықтырады және келесі мәселелерді шешумен байланысты: экспортқа табиғи ресурстарды емес, дайын өнімді шығаруы басым экспортқа бағдарланған ел болу; отбасылық-топтық басыбайлығына тәуелсіз, барлық адамдар үшін заң ды міндетті, сыртқы сауданың өркениетті нормалары мен ережелерін, климатын қоғамда қалыптастыру; қоғамның, биліктің және бизнестің мәдениеті мен өркениетінің жалпы деңгейін көтеру.
Бірінші және негізгі мәселе, бүгінгі күні республикалық экспорт құрылымында шикізат өнімдерінің басымдылығымен (96-98%) байланысты: түсті және қара металл, мұнай, минералды тыңайтқыштар. Осыған орай Қазақстанға, экспорттық потенциалының негізі болатын салаларды дамыта отырып, республикадан тыс елдерде тұтынуға дайын болатын, бәсекеқабілетті соңғы өнімдердің өндірісін өсіру қажет. Оларға тағам өндірісі, электрондық және машина құрылысы саласының, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін жатқызуға болады.
Қазіргі кезде Үкімет тарифтік және тарифсіз реттеудің әртүрлі тәсілдері арқылы шамалы протекционизмдік саясат жүргізуде, ол экспорттық баждарды алып тастау мен импорттық кеден тарифтерін қолдануды кеңейтуден көрінеді. Отандық өндірісті қорғау үшін, ұлттық шығындардың қай деңгейін экономикалық тұрғыдан негізделген деп және шетелдік бәсекелестіктен белгілі бір қорғауды талап етеді деп тануға болады. Әрине, мұндай қорғауды жеке-дара шығындары орташа ұлттық деңгейден асық келетін, техникалық тұрғыдан артта қалған кәсіпорын мен өндірістерге қатысты болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Орталық Кедендік орган
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Контрабанданың түрлері
Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметі
Контрабанданың түсінігі, түрлері
Пәндер