Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Сулейменова Азиза

«Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар: ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030200 - « Халықаралық құқық » мамандығы

Қарағанды, 2011


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___»2011 ж. № хаттама

«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі.

з. ғ. к., профессор

А. С. Алимжанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар: ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері»

5В030200 - « Халықаралық құқық » мамандығы

Орындаған:

ХҚ - 209 топ студенті Сулейменова А.

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Молдабеков Ғ.

Қарағанды, 2011

АННОТАЦИЯ

В дипломной работе рассматривается задача правового сотрудничества международных региональных организации и Республики Казахстан. Возникновение международных организаций определяется объективными условиями общественного развития, необходимостью поисков согласованных решений важнейших международных проблем, стремлением государств к сотрудничеству в различных областях.

При всем большом значении договоров, связанных с международным сотрудничеством, нельзя не признать, что потребность в международных организациях, способных содействовать углублению этого процесса, все более возрастает.

ANNOTATION

In the research paper considers the problem of legal co-operation of international and regional organizations and the Republic of Kazakhstan. the emergence of international organizations is determined by objective conditions of social development, the need to find agreed solutions to key international problems, the desire of States to cooperate in various fields.

For all the importance of treaties relating to international cooperation, we can not accept that the need for international organizations that can contribute to the deepening of this process increases.

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

І Бөлім. Халықаралық Ұйымдар . . . 8

1. 1. . Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты . . . 8

1. 2. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы . . . 13

1. 3. Әлемдегі халықаралық ұйымдар және Одақтар . . . 16

ІІ Бөлім. Қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫ және халықаралық аймақтық ұйымдар: Ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері . . . 34

2. 1. Қазақстан және халықаралық ұйымдар: ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері . . . 34

2. 2. Қазақстан және халықаралық аймақтық ұйымдар . . . 47

2. 3. Бүкіләлемдік сауда ұйымы . . . 53

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59

Кіріспе

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.

Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.

Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.

Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар.

Халықаралык, ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органдар құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделіленуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты. Мүның өзі халықаралық-құқықтық мәселелерді реттеп отыру талаптарынан туындаған еді.

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына енгендігі - біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде кіргендігің көрсететің маңызды тарихи акция болып табылады.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік қауымдастықтың қарапайым ғана жаңа мүшесі ретінде емес, ядролық қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы қатарында тұратын, қазіргі кездегі маңызды халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді жақты ұстанатын мемлекет ретінде кірген. 1991 жылы Семей ядролық полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы - Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз еткен.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық келісімдерге жолын ұстаушылықты өте жоғары бағалады.

Біздің еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.

Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нығайтуға үлкен көніл бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату қызметіне белсенді қатысады. 1995 жыл ы ТМД елдерінің бастамасы бойынша Орталық Азиядағы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату батальонына Қазақстан жағынан да бір топ сарбаздар жіберілді. 1996 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қолдау операцияларына қажетті Резервттік Келісімдер Жүйесіне 51-ші мемлекет етіп қосылған. Қазіргі таңда бұл жүйеге қатысушы елдердің саны 70-ке жуық.

Орталық Азия аймағына және жалпы әлемдік қауымдастыққа қауіп төңдіретін Ауғананстандағы тұрақсыздықты Қазақстан әрқашанда бейбіт жолмен шешуге тырысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті резолюцияларын қабылдағанға тиянақты ұсыныстарды жасайды.

Біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы - Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы, адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит төңірегінде резолюцияны қабылдауға бастама жасаған. Бұл резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту бағдарламаларын ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін бекітеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар ынтымақтастықтың құқықтық мәселерін ашу, еліміздің халықаралық ұйымдарға қатысу белсенділігіне қатысты өзекті мәселелерді толық қамтып оларға тоқталып кету.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысымда мынандай міндеттер алға қойылды:

  • Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғатына тоқталу;
  • Халықаралық ұйымдардың даму тарихын зерттеу;
  • Әлемдегі халықаралық ұйымдар және Одақтарға тоқталу;
  • Қазақстан және халықаралық ұйымдар: ынтымақтастықтың құқықтық мәселелеріне тоқталу;
  • Қазақстан және халықаралық аймақтық ұйымдардың қызметін ашып көрсету;
  • Бүкіләлемдік сауда ұйымына тоқталу;

Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректер тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т. с. с.

Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Зерттеу жұмысында тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген.

І Бөлім. Халықаралық Ұйымдар

1. 1. Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатқызылады. Олар мемлекетпен бірге доктриналдық, сондай-ақ конвенциялық тәртіпте халықаралық құқықтың субъектілері болып есептеледі. Халықаралық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдасуының ең бір күрделі проблемасын - мемлекеттік тәуелсіздік пен үкіметаралық ұйымдардың құзіретіндегі мемлекеттен тыс белгілердің арақатынасындағы мәселе ретінде көрсетеді.

Мемлекеттің тәуелсіздік проблемалары мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың құзіреттерінің арақатынасындағы мәселелермен айқындалады, яғни бұл мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзіретін ішінара беруі арқылы немесе оған белгілі бір міндеттерді атқаруына мүмкіндік беруі бойынша түсіндіріледі. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығының көп жақтылы нысаны болып табылады, оны мемлекеттер тиісті жағдайларда құрады және ол халықаралық қатынастардың қажеттіліктерінен туындап отырады. Мұнда баса айтатын бір мәселе, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі мүше - мемлекеттердің еркін білдіруіне, осы ұйымдардың мақсаттарына, құзіреттеріне, өкілеттіктеріне, органдарының құрылымына, қабылданатын шешімдердің заңдық салдарларына тікелей тәуелді болып келеді. [1, 44]

Ұйым Жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық салдарларды қамтамасыз етеді. Мәселен, халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда болады, ол өзін құрған мемлекеттен өзгеше сипатпен анықталады. Дегенмен де, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъктілеріне тән маңызды ерекшелігіне - мемлекеттер, ұлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін - дербестігін қорғап күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет, кез келген халықаралық ұйымға кірген кезде өзінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырады. Бірақ, мұндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекеттің тәуелсіздігін толықтай шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік - бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдық сипаты, ол құзіреттердің саяси режимі, билік механизмі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асыралады. Халықаралық ұйымдардың жарғыларында тек қана бір белгі- құзіреттер бойынша ғана шектеу қойылады. (Халықаралық Даму және қайта құру Банкісінде, Халықаралық Валюта Қорында - бұл экономикалық мәселер, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелері) .

Халықаралық Ұйым - халықаралық қатынастарды халықаралық - құқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті құбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен шарт - жағдайлар жүйесі болады. Олар мынадай:

  • шаруашылық қызметін интернационалдау;
  • ғылыми-техникалық процесс;
  • қазіргі заманғы маңызды проблемалардың ғаламдық сипаты.

Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құқықтық нысанының біреуі болып табылады. Қазіргі заманғы ғаламдық проблемаларды қарастыру халықаралық ұйымдардың қызметінде бара-бара өзекті мәселеге айналып келеді. Халықаралық ұйымдардың тәуелсіз мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеуде айтарлықтай рөл ойнайтыны жалпыға мәлім.

ХІХ ғасырдың ортасында қоғам дамуының табиғи қажеттіліктері тұрақты әрекет ететін, халықаралық әкімшілік одақ деп аталатын халықаралық ұйымдардың пайда болуына себеп болды. Халықаралық ұйымдардың қазіргі дәуірдегі дамуының кейбір заңдылықтары бар. Олар: алуан түрлі қоғамдық құрылымды мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі, колониялық жүйенің күйреуі, шаруашылық, саяси, ғылыми және мәдени өмірдің интернационалдануы, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттердің өмір сүруі.

Халықаралық ұйымдардың құрылуының объективті-нақтылы негізі бар және ол әлемдік бірлестіктің шынайы қажеттіліктерінен туындайды. Олар, халықаралық қатынастарға құқықтық реттеудің тұтас шегінде, халықаралық ұйым аясында құқықтық ықпал етудің арнайы әдісінен басқа ешнәрсе де емес. Халықаралық ұйым құқықтарын халықаралық құқықтың дербес саласы ретінде бөліп шығару мәселесінде олар белгілі бір рөл атқарады.

Халықаралық ұйымдардың құқығы күрделі нормативті құрылымға ие. Жалпы халықаралық құқықтың қағидалары - яғни, jus cogens қағидаларына бейбіт қатар өмір сүру, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекеттердің тең құқықтылығы және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау қағидаларын, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың құқықтарының қағидалары да жатады. Мәселен, аталған қағидалардың көпшілігі БҰҰ жарғысындағы 2 баптың мазмұнымен сәйкес келеді. Онда, нақты халықаралық ұйым қызметінің қағидалары айқындалған.

Көпке дейін халықаралық шарттар құқықтарының теориясында 2 түрлі тенденция өмір сүріп келді:

  • халықаралық ұйым құқықтарының мәліметтері; бұл концепцияның жақтастарының көзқарасы бойынша БҰҰ-ның төтенше құқықтарына жалпы халықаралық құқықтан бөлек әрекет ететін жаңа құқық кіреді;
  • халықаралық ұйымдар құқықтарының ұғымы, БҰҰ-ның құқықтары деген ұғымнан әлдеқайда кең; сондай-ақ осы құқықтың жалпы халықаралық құқықтан бөлінуін және оның жалпы халықаралық құқықпен қатар параллелді әрекет ету мүмкіндігін мойындау.

Байқап отырғанымыздай, бұл тұжырымдаманың екеуінде қазіргі заманғы халықаралық құқықтың ғылыми жүйесі қабылдай алмайды.

Халықаралық ұйымдар құқығы - халықаралық ұйымдардың қызметтерін және құқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін қазіргі заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. [2, 6]

Көп жағдайларда халықаралық ұйым құқығы халықаралық құқықтың бір саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, баяғы қалпынша халықаралық құқықтың жүйенің ішкі құрылымының проблемалары шешілмеген, соның ішінде бұл жүйедегі халықаралық ұйымдардың құқықтарының алатын орыны әлі айқындалмаған. ХІХ ғасырдың ортасында тұрақты әрекет ететін халықаралық ұйымдар пайда болғанға дейін мемлекетаралық тікелей байланыстар халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып келді. Кейінірек, халықаралық ұйымдардың пайда болуына орай, халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық қатынастар пайда болды, олар:

  • мемлекеттердің, халықаралық ұйым мүшелері есебінде өзара байланыстары;
  • мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қатынасы;
  • халықаралық ұйым органдарының өзара қатынастары;
  • ұйымдардың мүшелері емес мемлекеттермен халықаралық ұйымдардың байланыстары.

Жоғарыда аталғандардан басқа ұйымдардың өзара арақатынастары да пайда болады. Сонымен, жаңа халықаралық қатынастардың пайда болуы оларды халықаралық құқықтың нормалары арқылы реттеу қажеттілігін негіздеп берді.

Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің арнаулы бір пәні пайда болды - ол, халықаралық ұйым шеңберіндегі халықаралық қатынастар. Халықаралық ұйымдардың қызмет ету процесінде нормативтік база құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар көлемінің артуы халықаралық ұйымдардағы шарт құқығының қалыптасқандығын көрсетеді.

Құқық ғылымында құқықтың салалануының өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу тәсілдерінің рөлі жөнінде бірнеше көзқарастар өмір сүріп келеді.

Бұдан сала жүйелерінің ішкі құрылымын айқындау қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Халықаралық құқықтық реттеу әдістерінің мазмұнын қарастыра отырып, біз бұл әдістің құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдік жағдайында, міндеттемелерді ерікті түрде қабылдауы және құқықтарды күштеу элементтерінсіз, тараптардың келісу жолымен құқықтарының орнатылуымен сипатталатынынан көреміз.

Халықаралық ұйымдардың жұмыс істеуі - оның органдарының әр түрлі қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіпті орнатуға негізделеді. Халықаралық құқық жүйесінде халықаралық ұйымдардың құқықтарынан тыс бірде-бір салада құқықтық реттеу әдістерінің мұндай ерекшелігі жоқ екенін ескерсек, бұл саланың дербес сала жағдайында тұрғанын атап айтуға болады.

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектісі болғандықтан мемлекеттің әртүрлі әлеуметтік - экономикалық құрылымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, қазіргі заманғы ғаламдық проблемаларды шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқықсубъектілігін алуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар нормашығарушылық, кодификациялық және бақылау қызметтерін жүзеге асырады. Аталған қызметтерді жүзеге асыру халықаралық ұйым қызметтерін халықаралық - құқықтық реттеу механизміне ықпал етуді арттыруды қамтамасыз етеді.

Халықаралық ұйымдар норма шығарушылық процеске қатыса отырып, халықаралық-құқықтық санкцияларды пайдаланады. Ол халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің құқықты пайдалану процесіндегі рөлінің күшейгенін көрсетеді.

Халықаралық ұйымдардың даму процесі ішкі ұйымдастыру тетігінің дамығанын және жақсарғанын қуаттайды. Сөйтіп, халықаралық ұйым өзінің заңдық табиғаты бойынша мемлекеттің ынтымақтастық органы болып табылатындықтан ұйымның қызметін өз мақсаттары үшін кейбір белгілерін жетілдіре отырып пайдаланады. Осыған мысал ретінде халықаралық ұйымдардағы дауыс беру процедурасының эволюциялық дамуын айтуға болады. Мәселен, Ұлттар Лигасына мүше мемлекеттер БҰҰ жүйесінде бір ауыздан шешім қабылдау қағидасынан дауыстың көпшілігіне қарай ойысты, ал кейінірек халықаралық ұйымдарда дауыс беру тәртібінің консенсус сияқты кеңінен таралған түрі қолданыла бастады. Консенсус - шешімдерді дайындау мен қабылдау процедурасы, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ үйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай алғанда қарсылықтардың болмауы тән. [3, 78]

Ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттердің нысандары мен әдістері бара-бара түрленіп және белсенді болып келеді. Халықаралық ұйым құқығы саласының нормативті базасы кеңеюде. Халықаралық ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болғандықтан құқықтық нормалар шығарады. Бұл ұйымның бірінші норма шығарушылық қызметі болып табылады. Ал, екінші түріне квазинормашығарушылық қызметі жатады. Бұл жағдайда халықаралық ұйым құқықтық норма шығармайды, алайда норма шығарушылық қызметті:

  • халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар;
  • халықаралық ұйымдардың норма шығарушылық процесіне тікелей қатысуы;
  • халықаралық ұйымдардың кодификациялық және бақылау қызметтерін жүзеге асыруы;
  • халықаралық-құқықтық санкцияларды қолдану жолы; - арқылы қамтамасыз етеді.

Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар. Қазіргі таңда, халықаралық ұйымдардың шарттық тәжірибесі қалыптастырған нормалар саны өсіп келе жатқандығы байқалады. Осындай жағдайда, мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері бола отырып, халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің шарттық тәжірибелерінің маңызы артып келе жатқандығын ескермеуі мүмкін емес. Халықаралық құқық комиссиясы 12 жыл (1970-1982 ж. ) көлемінде мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттардың құқықтары туралы конвенцияның жобасын дайындады. Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Конвенцияда “Халықаралық ұйымдардың шарт жасаудағы құқыққабілеттілігін” айқындайтын бап бар. Конвенциялық нормаға сәйкес, бұл құқыққабілеттілік осы ұйымның тиісті ережелерімен реттеледі.

Халықаралық ұйымдардың норма шығарушылық процесіне тікелей қатысуы. БҰҰ - ның мамандырылған мекемелерінің Жарғыларындағы тиісті баптарды сараптағанда, аталған мамандандырылған мекемелердің халықаралық конвенциялардың, келісімдердің және регламенттердің жобаларын қабылдау құқығына ие екенін білуге болады. Мұндай норма шығару процесінің мақсаты - олардың тиісті құзіреттерінің аясында тиімді халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Осыған екі түрлі жолмен қол жеткізуге болады: көп тарапты конвенциялар мәтінінің халықаралық ұйымдардың аясында және бақылауында қабылдануы, сондай-ақ халықаралық әкімшілік және техникалық регламенттерді қабылдау [4, 58] .

Халықаралық ұйымдардың кодификациялық және бақылау қызметтерін жүзеге асыруы. БҰҰ жарғысының Кіріспесінде, ұйымдардың басты міндеттерінің бірі “шарттар және халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздерінен туындайтын міндеттерді әділ бағалау және құрметтеу сақталуы үшін жағдай жасау” керектігі бекітілген. Халықаралық ұйымдардың кодификациялық және бақылау қызметтері осы міндеттерді орындауға бағытталады.

  • Халықаралық- құқықтық санкцияларды қолдану жолы.

Соңғы кездерде халықаралық құқық нормаларын сақтауды мәжбүрлеп қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдардың рөлі өсіп келеді. Халықаралық ұйымдардың мұндай санкциялары шарттың құрылтай құжаттарының нормаларында, олардың органдарының қаулыларында болуы мүмкін. Санкцияларды қолдануды құқықтық мәжбүрлеудің әртүрлі шаралары қамтамасыз етеді. Мысалы, көбірек қолданылатыны мыналар:

  1. Халықаралық ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілген құқықтар мен артықшылықтарды тоқтату;
  2. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің органдарының жұмысына қатысудан, халықаралық ұйым қатысуымен жасалатын шарттардың арнайы мәселелері бойынша ынтымақтастықтан шығарып тастау.

Халықаралық ұйым - бұл белгілі бір міндеттерді орындау үшін халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқықсубъектілігіне және халықаралық құқық нормалары мен қағидалары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.

Халықаралық ұйымдардың белгілері мынадай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде
Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Халықаралық құқықтық норма ұғымы мен белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz