Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері


Жоспар:
Кіріспе . . . 4
1 Қаржылық құқық және қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
1. 1 Қаржылық құқық және қаржы заңдарының түсінігі, жүйесі . . . 6
1. 2 Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері . . . 9
2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының даму ерекшеліктері
2. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі және бюджеттік құқық негіздері . . . 12
2. 2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының даму ерекшеліктері . . . 17
3 Салық және салықтық заң шығарудың мақсатты бағытталуы .
3. 1 Салықтың экономикалық мәні, салық салуды ұйымдастыру . . . 23
3. 2 Салықтық заң шығарудың мақсатты бағытталуы . . . 40
4 Валюталық-қаржылық заң және ҚР Банктік заңнамасы
4. 1 Валюталық-қаржылық заңдардың реттелуі мен даму ерекшеліктері . . . 52
4. 2 Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік-құқықтық қатынастар . . . 59
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 69
Кіріспе
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері». Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу:
Қаржы заңдарының дамуы экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.
Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.
Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іргелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан - қаталдықпен сипатталады.
Мемлекет бұл реттеу жолымен мысалы салық төлеушілердің ақшаларын өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.
«Қаржы» категориясының үш мәнің көрсетіп айтады. Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады.
Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.
Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады. Осының күшімен бір жақты мағнада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды.
Қаржы құқығының негізгі институттарын: қаржылық бақылау, бюджет құқығы мен үрдісі, банкілік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздері, валюталық реттеу және бюджеттен тыс ақша қорларын қалыптастыру және қолдану сияқты мәселелермен таныстыруды негізге алады.
Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты.
Мемлекеттің қаржы және салық саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей заңгерлер мен экономистерді айтуға болады: А. Герун, А. И. Худяков, А. К. Арыстанова, Б. Б. Шермухаметова, Б. Ж. Ермекбаева, В. Г. Фурсов, В. Д. Мельников, Г. К. Жакупова, Г. М. Бродский, Е. Калюжанова, Е. Х. Сигаев, З. Атығаева, К. А. Сержантов, М. Т. Оспанов, М. Х. Тусеева, С. С. Сатубалдин, А. А. Нурумов, А. Б. Зейнельгабдин, А. Смит, А. Соколов, А. Тривус, В. Д. Ли, Г. А. Лесбеков, Г. Карагусова, Д. Г. Черник, Е. В. Порохов, К. А. Аттапханов, К. Ә. Сағадиев, К. К. Ильясов, М. Б. Кенжегузин, О. Тимофеева, С. Г. Пепеляев, С. М. Мусин, Ф. С. Сейдахметова және тағы басқалар. Бірақ, қаржы заңдарының дамуы, салық жүйесінің бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық бақылауының көпжақтылығы және мәселелерінің күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады: Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері, жаңа қаржы заңдылықтарын білу; нақты құқықтық жағдайда нормативтік актілерді қолдана білу; қаржылық құқықтық қатынастарды біліп, субъектілердің қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің шегін білулері қажет.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады
Зерттеу обьектісі : Қаржылық құқық және қаржы заңдарының түсінігі, жүйесі, қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері, мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, бюджет заңдарының даму ерекшеліктері, салық және валюталық-қаржылық заңдардың даму ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері : Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері түсінігі мен ерекшеліктерін толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні: Қаржы құқығы.
1 Қаржылық құқық және қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
1. 1 Қаржылық құқық және қаржылық-құқықтық нормалар түсінігі
Қоғамда пайда болатын қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл ретте қаржылық құқықтың әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржылық құқық - бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджеттік құқыққа, салықтық құқыққа, шаруашылықтық құқыққа межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыным тұрғысында жалпы ақшалай қатынастар ретінде баян етілуіне байланысты қаржылық құқыққа сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банктік құқықты, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдер де кіріктіріледі.
Қаржылық құқықта қаржылық-құқықтық нормалар-құқықтың негізгі бастапқы әлементтері, яғни құқық белгілеу органы қабылдаған және қаржылық қатынастардағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.
Қаржылық-құқықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржылық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тиым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржылық қатынастар қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржылық қатынастар қаржылық-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады. Қаржының қосалқы категорияларының сыныптамасына сәйкес қаржылық құқықтық қатынастар бюджеттік, салықтық, мемлекеттік-кредиттік, қаржылық-шаруашылықтық, сақтық, валюталық-қаржылық, есеп-қисаптық, бақылау және т. б. болып бөлінеді. Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады.
Нормативтік-құқықтың қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттер кезінде болжанған кірістерді алуды, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу мен пайдалануды мемлекеттің және басқа экономикалық субьектілердің қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл ретте бір органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржылық құқықтық қатынастардың басқа қатысушыларының кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар.
Нұсқамалардың мұндай түрі алғашқылардың бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржылық құқықтық қатынастарға ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана емес, сонымен бірге олардың қаржылық қатынастарының басқа қатысушыларының құқықтарымен байланысты міндеттері де болады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.
Өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті іс-қимылдарының нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті қаржылық құқықтық қатынастарды шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизімі ретінде, ал сан алуан қаржылық-құқықтық нормалар мен актілер оның тұтқалары ретінде көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқық нысандары мен әдістерінің экономикалық үдерістерге қаржылық-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы болады. [29, 131-б ]
Қаржылық қатынастардың бір қатысушыларына тиісті өкілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының өкіметтік нұсқамалары қаржылық-құқықтық реттеудің әдістері болып табыпады (императіівтік әдіс) .
Қаржылық міндеттемелердің орындалуы ең алдымен заңды сөзсіз орындаушыларға негізделген сенім әдісі мен және азаматтар мен лауазымды адамдардың саналылығымен қамтамасыз етіледі. Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкцаялары.
Санкциялар қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларын білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақшалай қорлар мен қаражаттар арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтержәне т. б. жатады.
Басқа жағынан қаржылық қатынастардың субъектілеріне олардың құқықтарын әкімшілік, сот тәртібімен немесе мемлекеттің билік жүргізуші органдарының өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі үдерісінде қорғау мүмкіндігі кепілдендіріледі; олар өздерінің бақылауындағы құрылымдардың актілерін заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі. [29, 134-б ]
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал, керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінгі қардыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады.
Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: а) бақлыау субъектісі; б) бақылау объектісі; в) бақылау заты (тақырыбы) ; г) бақылаудың максаты; д) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: а) мемлекеттік органдар; б) мемлекеттік заңды тұлғалар; в) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; г) азаматтар жатады.
1. 2 Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржылық қатынастарды реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржылық - құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржылық - құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар уәкілетті органдардың олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржылық - құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржылық - құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің сол немесе өзге құқықтық нысандарды қолдану реттелінетін қатынастардың маңызы мен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен заңи акт ұзақ және тұрақты қаржылық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастарды, мысалы республикалық бюджет туралы заңды да елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржылық қызметте іс-әрекет етеді; оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжілістерін өткізу және т. т.
Қаржылық-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және дара, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржылық қатынастардың тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, белгіленген төлемдерді есептеудің тәртібін, төлеушілердің тұрпатты белгілерін және басқа шарттарын белгілейді. [29, 135-б ]
Дара актілер құқықтық нормаларды белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.
Заңнамалық актілер - бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Президенттің Жарлықтары.
Заңға тәуелді актілер - бұл заңға негізделген және заңды атқаруға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етуі туралы қарарлары және т. б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол олар өзара қаржы саласындагы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржылык ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджеттік қаржыландыруда тұратын мемлекеттік мекемелердің шығындарын қаржыландырудың дара жоспарлары жатады. [29, 136-б ]
Қоғамның саяси және экономикалық өмірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге көз қарасты түбегейлі өзгертулерді қажет етеді. Бұл талаптарға экономикалық реформаның дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы, жер және жер қатынастары туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылық қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банк қызметі туралы, сақтық қызметі туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар. Аталған заңдар қаржылық қатынастарды да қоса, қоғамдағы әлеуметтік -экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жасау үшін база болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар рыноктық экономиканың жаңа үлгісін жасауға, өндіріс тиімділігін ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар ретіндегі қаржылық қатынастарды дамытуға бағдарланған. Шаруашылық өмір, экономикалық өзара қатынастар, қаржылық қызмет өңірлердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.
Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері:
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақшалай қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылау функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақшалай қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджеттік ресурстарды, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық қаражаттарды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-әрекетінің ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару (атқарушы- жарлықшы қызмет) түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік биліктің жоғары органы Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары - депутаттардың жиналысы -мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-жарлықшы қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде - басшылар (әкімдер) және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:
мемлекеттің жұмыс істеуінің нақтылы кезеңдеріндегі оның міндеттеріне;
қаржылық құқық субъектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына;
мемлекет кірістерінің көздеріне;
ақшалай қаражаттарды пайдаланудың мақсаттарына;
мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады:
а) Орталықтандырылған мемлекеттік қорларға: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, сақтық және несие қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары (әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар) жатады. Ерікті негіздерде жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекеттік қарыздар, ақшалай-заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар және депозитор бойынша жүзеге асырылады. [29, 136-б ]
б) Мемлекеттің ақшалай қаражаттарын бөлген кезде мына әдістерді ажыратады: қаржыландыру - қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру (несиелендіру) - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.
в) Қаржылық операциялар кезінде ақшалай қаражаттармен қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен есеп айырысу әдістері қолданылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, басқа шаруашылық ұйымдарымен және ішінара халықпен қарым-қатынастарында пайдаланылады
Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекет қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді.
2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының даму ерекшеліктері
2. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі және бюджеттік құқық негіздері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz