Жер қойнауы жерлерін құқықтық қорғау


ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ . 6

1. 1 ҚР-ғы жер қойнауының жалпы сипаттамасы, түсінігі, құрамы, жер қойнауын пайдалану құқығы және оны шектеу . . . 6

1. 2 Жер қойнауына мемлекеттік меншік және де оны қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті . . . 13

1. 3 Жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері …. 18

2 ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖЕРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ . . . 25

2. 1 Жер қойнауы зандары, және де жерге мемлекеттік меншік пен жерге меншік құқығы . . . 25

2. 2 Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау. 29

2. 3 ҚР - ғы жер қоры, оның құқыктық жағдайы және де жерге жеке меншік кұқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау, заңдылықта көзделген зиянды өтеу және де жауаптылықтар 38

3 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАР . . . 46

3. 1 Жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім шарттарды реттеудің пайда болуы және дамуының тарихы . . . 46

3. 2 Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салықтар мен арнайы төлемдер: бонус, роялти, қосылған құн салығы . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз алғаннан бері еліміз мемлекет дербестігін нығайту мен азаматтарының өміріне тірек болатындай құқытық негіздерді қайта құруда біршама жетістіктерге қол жеткізді деп айта аламыз. Осыған байланысты елімізде жүргізіліп отырған құқықтық реформаның басты мақсаты құқықтық, зайырлы демократиялық қоғам қалыптастырып, мемлекетімізді өркениетті елдер шоғырына іліктірумен қатар мемлекеттік меншік пен жеке меншік секторын да қатар дамыта отырып дүние жүзінде қалыптасқан еркін әрі мықты бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға өту және де ойып тұрып орын алу.

Сөзіміз нақтырақ болуы үшін ата заңымыз Конституцияда "Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. " делінген 6- бабының 3- тармағын мысалға келтіре кетейік. Бұдан ұғатынымыз бізде екі меншік танылады. Ал, ел экономикасын орнықтырып халықтың әл-ауқатын жақсартуда, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына үлкен үміт, сенім мен қарауымызға, жер және оның қойнауынан берер пайданы да тигізер әсеріде шексіз екені баршамызға аян.

Елімізде жүргізілген реформалардың нәтижесінде кең байтақ жеріміздің біршама тіптен басым көпшілігіне (мұнай-газ, тау-кен т. б. ) пайдалы қазбаларға шетел инвестициялары тартылғаны белгілі. Яғни олар ҚР аумағындағы заңдылықтарға сәйкес қызмет етуде. Инвесторлар (пайда табушы ) - өз көздегенімен мақсатын жүзеге асыру үшін келеді.

Республикамыздағы маңдай алды кен орындары мен мұнай-газ саласындағы пайдалы қазбалар кешенін игеріп жатырғанда солар. Менделеев - кестесіндегі химиялық элементтердін барлығы дерлік табылатын жер қойнауын иеленген қазақ елі, Алла бұйыртқан бақтың рахатын толық сезіне алып отырма? Міне, біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі өзектілігі де осында.

"ҚР-ғы жер қойнауын падалану құқығы: теория және практика мәселелері" тақырыбындағы дипломдық жұмысымды жаза отырып мен негізгі мынадай ұсыныстар айткым келеді.

1) Жер қойнауының құқықтық ережелерін, қазіргі таңдағы қабылданған заңды актілердің орындалуын қатаң бақылауға алу.

2) Жер қойнауын қорғауды бұзғаны үшін жауаптылықтың мөлшерін арттыру.

3) Әр құқықтық норма да шашыраңқы күй кешіп жүрген жер қойнауына қатысты экологиялық заңдылықтарды жүйелеп бір арнаға жолға салу.

Қазіргі таңда жер қойнауын құқықтық қорғау ережелер ойдағыдай сақталып отыр деп айту қиын. Тау- кен өнеркәсібі саласындағы компаниялардың қазба байлықты расуа етіп игеруі, мұндай- газ компанияларының қалдықтарды өзен - суға құйып, теңіз қайрауын ластап жатқанынан әр бір 2-ші Қазақстандық хабардар. Осы орайлас тақырыптарды дипломдық жұмысымның негізгі өзектілекттері етіп алдым. Бұл бір дипломдық жұмыс аясында ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамдағы күн тәртібінен түспей тұрған өзекті де көкейкесті проблемаларға айналғаны біраз уақыт болды. Әрине ауызды қу шөппен сүртуге болмас, үкімет тарапынан біраз қолға алынып жатқан жақсы бастамалар бәрібір екеуіне тоқталсақ қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзыреттілігінің кеңейтілуі және бірқатар өкілеттіктердің берілуі. Мысалы: Ауаға, суға, топыраққа зиянды лас қалдықтардың тасталғаны үшін жауаптылықтың сол аталмыш кәсіпорынның тоқтатылуына дейін жалғасын табуы жақсы жалғасын тапса дейміз.

Дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттеріне тоқтала кетсек, олар төмендегідей:

1) Жер қойнауын ұтымды кешенді, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.

2) Жер қойнауы және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етудің бастамаларына жол ашу.

3) Республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін ұйымдастыру.

4) Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргізу.

5) Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау.

6) Шаруашылық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерінен өзектіліктердің орындалуын қамтамасыз ету дипломдық жұмысымыздың басты мақсаттары болып табылады және де аталмыш өзектіліктер мен міндеттердің орындалуының негізгі жолдарын көрсету, ұсыныстар енгізу және т. б. да жұмыстың негізгі мақсаттарының қатарын толықтырады. Олармен дипломдық жұмыстың жоспары барысында таныс боламыз. Біз осы дипломдық жұмыста жер қойнауының құқықтық ережелері мен құқықтық қорғау тақырыбының басқа да құқық салаларымен байланысын (экологиялық құқық, жер құқығы, мұнай құқығы, инвестициялық құқық т. б. ) байланысын жан-жақты терең ашып көрсетеміз және де осы тақырыптың бүтіндей мемлекетіміздің стратегиялық басты бағыттарының бірі екенін басшылыққа ала отырып оның заңи табиғатын құқықтық мағынасын өміршеңдігі мен салмақтылығын жан-жақты талқыға саламыз.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі зерттеу жұмысын жазу

барысында Қазақстанның және Ресейдің көптеген заңгер ғалымдарының, Байдельдинов Д. Л. Экологическое законодательство РК., Бренчук М. М. Экологическое право., Боголюбов С. А. Экологическое право., Ерофеев Б. В., Правовая охрана природы Казахстана., Стамкулов С. А. Экологическое право РК., Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды., Хаджиев А. Х. Земельное право., Боголюбов С. А. Защита экологических прав., Байсалов С. Б., Сулейманова С. Ж. Правовая охрана вод и антропогенного воздействие., Культелеев С. Т. Архипов И. Г., Усенова Ж. Б., Әбдікерім Ерәлидің., Стамкулов А. С. пен Стамкулова Г. А., Яковлев В. Н., Дубровин О. Л., Әбдірайымов Б. Ж., Жалинский А. Э., Серікбаева Ш. Б-ң авторефераттарынан., және т. б. көптеген заңгер цивилист ғалымдардың еңбектерін сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жер қойнауы қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілері пайдаланылды.

Жалпы дипломдық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады.

Бірінші тарауда, Қазақстан Республикасы жер қойнауының құқықтық жағдайы, оны пайдалану және қорғау ережелеріне, жалпы сипаттамасымен түсінігіне, құрамы, жер қойнауын пайдалану құқығы және оны шектеу негіздеріне жан жақты тоқталып кетеміз. Жер қойнауына мемлекеттік меншік және де оны қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреттерімен жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін бағамдауда осы тараудың еншісінде.

Екінші тарауда жер қойнауы зандары, және де жерге мемлекеттік меншік пен жерге меншік құқығымен жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жер қойнауының құқықтық жағдайы оның жалпы сипаттамасы жер қойнауын пайдалану құқығы мен оны шектеудің құрылымына толыққанды мәлімет береміз.

Үшінші тарауда жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім шарттарды реттеудің пайда болуы және дамуының тарихы, сондай ақ жер қойнауын пайдаланғаны үшін салықтарды шама шарқымызша ашып қарастырдық. Ең соңында қорытындымен пайдаланылған әдебиеттер тәзәмәнен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. 1 ҚР-ғы жер қойнауының жалпы сипаттамасы, түсінігі, құрамы, жер қойнауын пайдалану құқығы және оны шектеу.

Жер қойнауының ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайында, өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Қазақстан - кенге бай өлке. Мұндағы кеннің жалпы қоры ондаған млрд. тонна болуы мүмкін. Республикамызда бірнеше ірі кенді алқаптар бар. Орталық Қазақстанда оның алып жатқан ауданы 80. 000 км2. Мұнда көмір, темір, марганец, мыс, вольфром, қорғасын, мырыш т. б. пайдалы қазба кендері бар. Олардың жалпы саны 5500-дей. Бұлардың ішіндегі ең ірілері Қарағанды, Екібастұз кендері. Кенді Алтай ұзындығы 500 км, ені 50 км ауданды алып жатыр. Онда мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс сирек кездесетін металл, жанғыш тақтатас кендері бар [12; 45] . Қостанай облысындағы Торғай ойпатының ұзындығы 500 км, ені 80 км шамасы. Бұл алқапта жоғары сапалы темір, көмір, астбест, никель, боксит, титан т. б. кендері бар. Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау аймағандағы қорғасын, мырыш, ваннадий жане фосфорит кендерінің мол қоры бар. Манғыстау түбегінен мұнай-газ өндіріледі. Көкшетау, Ақмола, Семей облыстарында алтын және сирек металлдар өндірілетін кендер бар.

1) Кейінгі кездерде Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы, Каспийдің Республикамызға тиісті аймағында, Қызылорда облысының шығысына қарай бай мұнай-газ көздері ашылып отыр. Каспийдің Шығыс Қашағаннан табылған мұнай-қоры 7 миллиард тоннаға шамаланып отыр. Бұл әлемдегі кейінгі жылдары ашылған ең ірі кен орны.

2) Талдықорған облысындағы Текелі кен орны бұрыннан белгілі. Жамбыл облысында фосфорит түсті металдар, газ, тас көмір, ғаныш, селитра т. б. кендер бар. ҚР-ның барлық облыстарында кен байлықтары бар екені сөссіз. Оның саны мен сапасын геологиялық іздестірулер ғана белгілеп бере алады.

Жер қойнауының пайдалы қазбалары қайтадан қалпына келмейтін байлыққа жататыны белгілі [17; 95] .

Әр түрлі металл кендері өндіріс, мұнай, радиоктивті элементтердің кендері қуат көзі көптеген тау жыныстары құрылыс материалдары болып табылады.

Қазба байлықтарды пайдаланудағы кемшіліктер де аз емес. Оларды кешенді, яғни толық пайдалану жүзеге асырылмайды. Тау - кен өндірістері кендік өзіндік құнының арзандығына қызығып, кен байлығының қаймағын ғана сыпырып алады, яғни тау жыныстарының бай жерін ғана пайдаланылады ал косымша кендер үйіндіге айналады.

Республикамыздың кен байлығы-халқымыздың негізгі байлық көздерінің бірі [28; 100] . Оны неғұрлым халкымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмукіндіктерді, соның ішінде шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғаларды қатыстыра отырып, жер қойнауының байлығын толық пайдалануымыз керек. Бұл саладан туындайтын барлық қатыныстарды реттейтін жаңа заңдарымызда бар. Ол заңдардың ережелерін, талаптарын жүзеге асыру мемлекеттік шараларға жатады. Алдымен, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлығын және осы жарлыққа байланысты қабылданған ережелер, нұсқаулар мен басқа да заңды актілерді біліп алды. Қызметте жүзеге асырып отырса аталған игілікті іске әр адам өзінің үлесін қосатыны сөссіз.

Жер қойнауы-табиғи ортанын бір бөлігі, табиғи байлық топырақ қабатынан, ол жоқ болса-жер бетінен және теңіздердің, көлдердің өзендердің және басқада су қоймаларының түбінен төмен орналасқан ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке соғылған жер қыртысының бөлігі (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңның 1 бабы) олар жалпы тараған және жалпы тарамағандарға бөлінеді.

Жер қойнауында пайдалы қазбалар бар. Олар қатты, сұйық немесе газ күйінде кездесетін материалдық өндірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық зат (соның ішінде жер асты сулары мен шипалы балшықта бар) [27; 118] . Олардың кең тараған түрлеріне табиғи немесе сәл өңделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар-құм, саз, қиыршық, шағыл тастар және басқалары жатады.

Минералдық шикізат тері жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба бар жер қойнауының бөлігі (тау жынысы, кен шикізаты мұнай, газ және басқалары) .

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізгенде пайдаланылатын және пайда болатын қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңмен, мұнай туралы жарлық пен және басқа нормативтік құқықтық актілермен (олардың құқықтық негіздері қатарында) реттеледі.

Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар (мысалы минералдық шикізаттарға меншік құқығы) ЖК нормаларымен реттелген болса, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары нормаларымен реттеледі. Жер, су (жер асты және шипалы балшықтардан басқа) орман, өсімдік және жануарлар әлемі жөніндегі қатынастар басқа заңдармен реттеледі. Бірақ жер астындағы сулар су кодексінің 3 бабына сәйкес Қазақстан Республикксының су қорын құрайды және осы кодекстің 28 бабы негізінде арнайы су пайдалану санатында реттеледі. Сондықтанда жер асты сулары жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жарлығы және Қазақстан Республикасының Су кодексінің нормаларымен реттеледі.

Пайдалы қазбаларды топтастыру.: Пайдалы қазбаларды топтастыру.

Жалпы тарағандары: Жалпы тарамағандары:

- құм (әйнектер мен - темір рудалары

квару, формагнеллардан басқасы - көмір

- шағыл - мұнай

- қиыршақ тас - платиний

- уран

- алтын

-топырақ (отқа төзімді - күміс және басқалар.

Формовогналарлонлари

цинді бетонниктік, балау

лык, қышқыл және калды)

- долодий

- кесек тас

- ірі тас

- ірі құм (династордан басқа) .

- бар

- гипс

- менргель

- туф

- известняк (флюстікпен би күштерден басқа)

- слансы (жанатыннан басқасы)

- зианит

- базелит

- диорит

- сионит

- габбро

- андезит

- порфир

Мұндай жағдай Ресей Федерациясының заңдарында бар. (Ресей Федерациясы су кодексінің 15-17 баптары) . Осындай қосарланған нормалармен реттелген қатынастар жер мен орман, жер мен су заңдарында да бар. Соңғы қосарланған қатынастар алдағы тауарларда қаралады. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі жарлық пен жер "Жер туралы" заңда да қосарланған нормалар бар.

Мысалы жер туралы заңның 1 бабының 21-1 бөлігінде сақтық аймақ-теңіз жағалау сызығынан Қазақстан Республикасның аумағында құрлық жағына қарай 5 км сызылып жатқан аймақ жер қойнауы қатынастарының обьектісі болып саналады. (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықтың 1999 жылғы 11 тамыздағы редакциясы) . Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 303-305 баптарында Қазақстан Республикасының континенттік қайранында жасалған әкімшілік құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік бар. Онын ішінде континенттік қайранда теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, қалдықтар мен басқа да материалды көму ережелерін бұзу, минералдық және жанды ресурстарды заңсыз беру сияқты заң бұзушылықтар бар. Осыған орай континенттік қайран (шельф) туралы ережелер Қазақстан Республикасының қандай заңы бар деген сауал туындайды. Жер туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы. Мұнай туралы Жарлықтарда Қазақстан Республикксының Су кодексінде де континенттік қайран туралы нормалар-ережелер жоқ. Өз алдында, жеке қабылданған континенттік қайран туралы заң жоқ. Россия Федерациясында 1995 жылғы 30 қарашада қабылданған "О континентальном шельфе" деген заңы бар. Бұл заң өзінің мазмұны жағынан экологиялық заңдар қатарына жатады. Сондықтан бұл заңды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі істерді Россияның федералдық органдары қарайды (ст. 219. 3КРАП РСФСР) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 303-1, 305-1 баптарында қаралған континенттік қайран туралы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау туралы органдар қарайды. Сондықтан аталып отырған қайран туралы заң Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарында орын алуы керек еді. Бірақ бұл саладағы заңдарда континенттік қайран туралы нормалар қарастырылмаған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 1982 жылғы теңдік құқығы туралы конвенциясының анықтамасына қарағанда Каспий теңіз емес, үлкен көл, теңіз мұхиттармен жалғасып жатуы керек. Мысалы, Жерорта теңізі, солтүстік теңізі сияқты. Аталған конвенцияда теңіздің жағалауынан 200 миль қашыққа дейінгі теңіз түбі немесе тереңдік қойнауы континенттік қайран болып саналады. Егер Каспий көл болып саналса аталған қайран туралы сөзде болмауы керек. Бұрынғы Кеңестер Одағы мен Иран арасындағы 1994 жылғы 16 маусымдағы "Континентік қайранның минералдық ресурстарын барлау және пайдалану туралы" заң бойынша Кеңестер Одағы мен Иран Каспийді Теңіз деп таныған [34; 51] . Бірақ әр қайсысы өз аумақтарында теңізді пайдаланған. Кеңестер Одағы одақтас Республикаларда Конституция бойынша тәуелсіз деп танылғандықтан 1970 жылы Каспий теңізін оның жағалауындағы Республикаларға - Россияға, Қазақстанға, Әзірбайжанға, Түркіменстанға орта сызықтан секторларға бөліп берген. Бірак Каспий байлығын пайдалану және қорғау мәселелерінің шешілуі әлі алда, Каспий теңізінің континентік қайраны пайдалануды заңдастыру жөнінде Каспий жағасындағы көрші елдермен келісім шарт жасауды және ұлттық мүддені қорғайтын өз заңдарын жетілдіруі қажет.

Аталған заңдардың міндеттері - Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау, шаруашылық жүргізудің барлық нысандардын бірдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында операцияларды жүргізуді реттеу болып табылады (ЖК-нын 2 бабы) .

Жоғарыда аталған жер қойнауы туралы қатынастар мынадай қағидаттарға негізделген:

1) жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

3) Республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз ету;

4) минералдық шикізат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;

5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргізу.

6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы.

7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта жер қойнауы туралы қатынастардың, оның объектілері, жер қойнауын пайдалану және оның объектілері және жер қойнауының қоры да аталмаған.

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жер қойнауы, оның ішінде пайдаланатыны және пайдаланылмайтыны да Қазақстан Республикасының жер қойнауы қорын құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы №1287 қаулысымен: Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жүргізудің тәртібі туралы Ереже қабылданды. Осы пайдалы қазба қорларында жер қойнауы қорының құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстан Республикасы жер қойнауының мемлекеттік қоры болуы тиіс екені Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің саласынан да байқауға болады (Жер туралы жарлықтын 7 бабы) . Жер қойнауы жөніндегі қатынастардың объектісі осы жер қойнауы болып саналады. Бұл құқықтық қатынастар негізінде жер қойнауының мемлекеттік меншік құқығы жатыр. Мемлекет жер койнауының меншік иесі ретінде оны заңдар арқылы басқарады, пайдалануды және қорғауды ұйымдастырады, құқықтық реттейді. Осыларға орай жер қойнауы құқықтық қатынастарды мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығы саласындағы қатынастар;

2) жер қойнауын мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар;

3) жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастар;

4) жер қойнауын қорғау саласындағы құқықтық қатынастар.

Осы аталған топтардағы құқықтық қатынастар түрлеріне қарай өз алдына жіктеледі [29; 78] . Мысалы, жерге мемлекеттік меншік құқығы жер қойнауының мазмұнына қарай жер қойнауын мемлекеттік иемдену, пайдалану, билік ету қатынастарына бөлінеді.

Жер қойнауын мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық қатынастар оның басқару механизмдерін белгілеуге байланысты туындайды. Бұл механизмдер экономикалық, экологиялық, құқықтық реттеулерге бөлінуі мүмкін.

Жер қойнауын қорғау саласындағы қатынастар жер қойнауына меншік құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығын қорғауға байланысты қатынастарға бөлуге болады. Жер қойнауын пайдаланудың түрлері жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 10 бабында көрсетілген. Осы жарлықта жер қойнауын пайдалану құқығының мынадай түрлері де бар;

1) жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеу.

2) барлау.

3) өндіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заны
Жердің құқықтық режимі туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Табиғи ресурстарға меншік құқығы
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы 2828 Қазақстан Республикасының Заңы
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқығы
Елді мекендер жері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz