Қасіреттің дүниеге келуі туралы бірер сөз



Жоспар:

Кіріспе

I. Қасіреттің дүниеге келуі туралы бірер сөз

ІІ. Полигон және қоршаған орта

ІІІ. Адам ағзасына радиацияның кері әсері

ІV. Ядросыз өткен он төрт жыл

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет
КІРІСПЕ

Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп біз, бәлкім, болашақтағы ұлы даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұлы ойшылдар аз болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мұнда философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет үшін әрбір ғұмырға баға жетпейді.
Адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре береді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы тұрғынының басынан да тап осьшдай ахуал етті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде. қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіпдеп көтеріле беретін, саңырауқұлақ секілді аләпат бұлт пен жарық дүниенің ғажайьш құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін табиғаттың үйреншікті құбылысына айналды.
Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады. Бірақ тамыздың тып-тыныш аспанында саңырауқұлақ секілді алапат бұлттың біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді. Кәзір, осы жолдар жазылып отырған шақта, қырық жылдан аса бақылаусыз әрі жеке-дара білгенін істеп, бізге батпандай ауыр жүк қалдырған құбыжықтың үні өшті: енді түбегейлі жеңіс үшін аймағымызды ауыр жарақаттан айықтырып, оның байырғы күш-қуатын қалпына келтіріп алу қажет. Әрине, полигонның үні бірден өшкен жоқ. Оған біз соқтықпалы соқпақсыз, бардарсыз да ауыр жолдармен жеттік.
Адамзат бұл қозғалыстың тарихын білуі керек. Олар осынша ұзақ қырық жылдың біздің аймаққа нендей зобалаң әкелгенін білуге тиіс.
Пайдаланған әдебиет

1.Арцишевский А. Полигон закрыт, но раны им нанесенные, не заживают // Наука Казахстана. – 1997. – 1-15 мая.
2. Асылбек Е. Так создавался полигон // Абай. – 1997. - № 4. – С. 44-45.
3. Асылбеков А. Взрывы в Семипалатинске еще аукнутся в поколениях // Новое поколение. – 1999. – 10 сент.(№36). – С. 6.
4. Атчабаров Б. А. Семипалатинский полигон - факты и размышления. – Алматы, 1995. – 39 с.
5. Балмуханов С. Б. Атомный полигон моими глазами // Простор. – 1990. - № 11. – С. 155-174.
6. Беляников К. Тишина на полигоне // Комс. правда. – 1989

Жоспар:

Кіріспе

I. Қасіреттің дүниеге келуі туралы бірер сөз

ІІ. Полигон және қоршаған орта

ІІІ. Адам ағзасына радиацияның кері әсері

ІV. Ядросыз өткен он төрт жыл

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

КІРІСПЕ

Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп біз, бәлкім, болашақтағы ұлы
даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған
болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұлы ойшылдар аз
болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-
ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі
біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мұнда
философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет
үшін әрбір ғұмырға баға жетпейді.
Адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре
береді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы тұрғынының басынан да
тап осьшдай ахуал етті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде.
қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіпдеп
көтеріле беретін, саңырауқұлақ секілді аләпат бұлт пен жарық дүниенің
ғажайьш құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай
қарады. Өзі тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін
табиғаттың үйреншікті құбылысына айналды.
Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады.
Бірақ тамыздың тып-тыныш аспанында саңырауқұлақ секілді алапат бұлттың
біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді. Кәзір, осы
жолдар жазылып отырған шақта, қырық жылдан аса бақылаусыз әрі жеке-дара
білгенін істеп, бізге батпандай ауыр жүк қалдырған құбыжықтың үні өшті:
енді түбегейлі жеңіс үшін аймағымызды ауыр жарақаттан айықтырып, оның
байырғы күш-қуатын қалпына келтіріп алу қажет. Әрине, полигонның үні бірден
өшкен жоқ. Оған біз соқтықпалы соқпақсыз, бардарсыз да ауыр жолдармен
жеттік.
Адамзат бұл қозғалыстың тарихын білуі керек. Олар осынша ұзақ қырық жылдың
біздің аймаққа нендей зобалаң әкелгенін білуге тиіс.
ҚАСІРЕТТІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

Радиоактивтік, атом және оның ядросының құрылымы сияқты аса ірі
жаңалыңтармен қатар, өткен жүзжылдыңтың аяғында басталған жаратылыстану
ғылымдағы жаңа кезең, табиғат туралы ескі көзқарасты түбірімен өзгертті.
Ол адамзатты дамудың жаңа сатысына көтерді, сонымен бірге оның табиғат және
жалпы адамзат байлықтары алдындағы жауапкершілігін де көтерді.
Енді жаңа проблема — бізді қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселесі тұрды: ядролық реакция энергиясының әсерінен тірі
клеткалардың ыдырайтындығы сол кездің өзінде-ақ белгілі болған. Енді
өмірдің өзін және ол тіршілік ететін ортаны қорғау секілді аса үлкен
жауапкершілік пайда болды. Соған қарамастан атом энергиясын зерттеу және
пайдалану тәрізді жаңа басталған процесс тоқталмас арнаға түсті.
1943 жылдың өзінде, неміс коммунист-физигі К. Фукстың АҚШ-та үлкен жұмыс
жүргізіліп жатқандығы жөніндегі хабарламасынан кейін-ақ, ССРО үкіметі И. В.
Курчатовқа бірінші атом ғылыми орталығы мен атом проблемасына байланысты
барлық жұмысқа басшылық жасауды тапсырған болатын.
Мәселе тек кімнің алда, кімнің кейін келе жатқандығында еді. Ғылыми
милардың Европадан Америкаға ауып көтуінің нәтижесінде, екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында
бірінші ядролың қаруды сынауды Америка Құрама Штаттары 1946 жылдың 16
шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 августта,
жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сүрапыл қиратқыш күші
бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат американ әскерлерінің
қылығына жағаларын ұстады.
Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіреті алыс емес екенін ол кезде
білген жоқ.
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, соғыста қираған халық шаруашылығын қалпына
келтіруді күтпестен, еліміздің басшылығы өте қысқа мерзім ішінде атом
проблемасын шешпек болды да, сол арқылы АҚШ-ты атом қаруына жекедаралықтан
айырды.
Тиісті жобалау және өндірістік ұйымдар мөн ведомстволарға орасан
мүмкіндіктері бар американ ғалымдары бес жылдан астам уақыт ішінде атқарған
істі бір жарым жылда аяқтауды міндеттейтін үкімет қаулысы қабылданды.
І946 жылдың басында ССРО Министрлер Советінің жанынан тиісті Бас
басқармалар құрылды, олардың міндеттеріне уран кендерін іздеп табу, өңдіру,
өңдеу, бөлінетін материалдардың технологиясы мен өндірісін, сондай-ақ атом
бомбасының конструкциясын жасау жұмыстары кірді. Бұл Главкаларға басшылықты
И. Сталиннің өзі жүзеге асырды.
Жоспарлы шаруашылық және сол кезеңдегі мемлекетті өркендетудің басты
бағыттарында орасан мол материалдық және адам күші ресурстарын
шоғырландыру, соғыс кезіндегі қиын жылдарда да, соғыыстан кейінгі жылдарда
да жаңа атом индустриясын жедел құруға мүмкіндік берді.
Атом индустриясын жасауда аса дарынды физиктар, конструкторлар және тамаша
ұйымдастырушылар таңертеңнен түн жарымына дейін еңбек етті. Бұған, бір
жағынан, Отанға деген сүйіспеншілік, шынайы патриотизм және, екінші жағынан
— өз ақылың мен дарыныңды көрсетуге деген табиғи ұмтылыс итермеледі. Нақ
осындай мемлекеттік, және жеке бас мүдделерінің үндестігінен, дәуір мен
елге қарамастан жалпы адамдық байлықтар құрылды.
21 тамызында ССРО үкіметі өзінің арнайы қаулысымен атом ғылыми-зерттеу
полигонын құру туралы шешім қабылдады, оған № 2 жаттығу полигоны деген
шартты ат берілді.
Полигон құруға басшылықты ССРО Қарулы Күштері Бас штабының арнайы бөлімі
жүзеге асырды. Полигонның барлық қызметін бағыттап отыруды және тікелей
басшылықты И. В. Курчатов қолға алды
И. В. Курчатовқа және басқаларға полигон құрылысы үшін диаметрі шамамен 200
километрдей болатын жер таңдау тапсырылды. Келешек полигон темір жол мен
жұмыс істеп тұрған аэродромнан 200 километрден алыс болмауға және
автомобиль көлігіне қолайлы жерде орналасуы керек еді.
Көзімен көргендердің сөзіне қарағанда талай жерлер зерттелсе керек. Содан
Семей қаласына жақып жердегі қазақ даласына тоқталыпты: шексіз жазықтық, ол
кезде халық аз қоныстанған, орталықтан аулақ және сонымен бірге қасында —
суы мол Ертіс, теміржол мен автомобиль жолдары, аэропорт. Осындай және
басқа да факторлар ядролық сынақ полигонын салуға өте ыңғайлы болып шықты.
Оны салуға арналған алаңның өзі диаметрі шамамен 30 километрдей келетін,
оңтүстігінен, батысынан және солтүстігінен аласа (200 метрге дейін) таулар
қоршаған жазықтық — сынақшылардың ойынша тамаша жер, сынақтар жүргізуге өте
ыңғайлы жағдай жасау үшін табиғаттыңң өзі дайыңдап қойған сияқты.
Қырқыншы жылдардың аяғында Сарыарқаның төрінде халық үшін жұмбақ объектінің
құрылысы басталды.
Бұл ежелден адамға дөнсаулық пен қуаныш сыйлап келген, дала шөбінің жұпар
иісті ауасын жұтып, тап-таза бұлақ суы мен дертке ем қымызын ішіп, дала
әуедерін тыңдап, денсаулығын түзеуге сонау Ресейден ата-бабаларымыздың
достары ат басын тіреп жататын қазақ сахарасының тағдырындағы шұғыл
бетбұрыс еді.
Сарыарқаны қазақтар ықылым заманнан бері қоныстапып келеді: жазда жайлауға
көшсе, қыста қыстауға келеді. Мал шаруашылығы ғасырлар бойы асырап та,
киіндіріп те келеді. Уақыт оза келе, колхоздар ұйымдастырылған кезде, дала
келбеті өзгере бастады, жаңа селолар, жолдар, көп жерлерде электр қуаты мен
байланыс желілері, осы заманның басқа да белгілері пайда болды. Енді міне
кенет жұмбақ объектінің құрылысы қарқынды жүргізіле бастады.
Бұл кезде Орал қалаларының бірінде ғалымдардың, үлкен тобы ядро зарядын
зор қарқынмен жасап жатқан. 1946 жылдың маусымында-ақ Ю. Харитоп бірінші
атом бомбасының конструкциясын Министрлер Советінің бекітуіне ұсынған
болатын. Алайда Сталин қол қойған үкімет қаулыларында плутон нүсқасына 1948
жылдың басында жане уран нүсқасына —1948 жылдың ортасынан кешіктірмей сынақ
өткізу керек деп бөлгіленген атом бомбасын жасау мерзімдері асығыстық болып
шықты. Бірақ бірінші сынаққа дайындық жұмыстарының қарқынды жүргізілгені
сонша, 1949 жылдың 6 шілдесінде ол әзір болды.
Шілденің аяғында мемлекеттік комиссия полигон объектілерін құрылысшылардан
қабылдап алды және аппаратуралық комплекстер мен барлық жұмыстардың сынаққа
дайын түрғанын анықтады.
Полигонның тұтастай алғанда дайын өкендігі үкіметке баяндалды және сынақ
өткізуге мақұл деген рүқсат алынды.
Шілденің орта кезінде-ақ Семей қаласы, Жаңа Семей стансасы адресіне Оралдан
арнайы құрастырылған темір-жол эшелондарымен барлық қажетті жабдықтар
жөнелтілген болатын, ал тамыздың басында самолеттармен ядролық зарядтың өз
бөлшектерімен тетіктері жеткізілді.
Жабдықтармен және зарядтың өзімен қоса Оралдан Семейге бірінші атом
бомбасын жасаушылардың үлкен тобы келді.
Полигонды салу және сынақтар өткізуге байланысты жұмыстардың бәрі аса қатаң
құпия жағдайда орындалды. Осы мақсат үшін әскери инженерлік бөлімшелердің
мерзімдік қызметіндегі офицерлері мен солдаттары іссапармен келіп жатты.
Әскери емес ерікті құрам болған жоқ. Әрбір жүмыс тобы тек өз міндеттерін
ғана білді және бір-бірлерімен мүлдем қатыстырылмады.
Полигондағы тәртіп қызметін 1953 жылы Бериямен қоса атылған генерал-
лейтенант II. Я. Мешик басқарды.
Тамыз бойы өте ыстық әрі қуаң болды. 28-күннің ке-шінде ауа райы бірден
өзгерді: солтүстіктен жел соқты кенетте салқындап кетті , аспанды бүлт
жапты, жаңбыр сіркіреді де тұрды. Осы бір құрып кеткір ауа райы, қасақана
қырсыңқандай түнімен тұрып алды, ол таңертең де өзгерген жоқ. Төмен шөккен
қалың бұлт жарылыстан соң радиоактивті ауадан доза алу үшін ұшырылатын
үшқышсыз басқарылатын самолетке кедергі келтіретін еді. Табиғат алдағы
жарылысты болдырғысы келмегендей. Сынақ басшылығы ауа райының жаңсаруынан
үміттеніп, алғашқыда оны 7.00-ден 8.00-ге шөгеруге шешім қабылдады. Бірақ
ауа райы болжаушылардың хабары үміттенерліктей болмады.
Сондықтан жарылысты таңертеңгі сағат 7.00-де өткізуге, ал басқарылатын
самолеттерді жібермеу жөнінде шешім қабылданды. 1949 жылдың 29-тамызында
ертемен сынақ өткізілетін Ш алаңыңдағы үш дүркін қайталанғаан үлкен
репетициядан кейін, И. В. Курчатов жарылыс-ты жүргізуге жазбаша нұсқау
берді.
Диктордың қатаң даусы секундтарды санап шықты. Ноль деген кезде жер оқыс
шайқалып кетті, оған құллақты жаратын сұмдық күшті соққы, шатырлаған,
күңіренген үн жалғасты. Осының бәрі бірнеше секундқа созылды, содан соң
бәрі тына қалды.
Қүпия жария болды. Семей маңындағы полигонда биіктігі 30 метрлік мұнара
үстінде жазғы күнгі даланы ұйқысынан оятқан қуаты 20 килотонн бірінші атом
жарылысы болды.
Аспанды алып нажағай тіліп өтті, жер үстінде жарқ ете қалған екінші күннің
сәулөсін қалың бұлт та бүркей алмады.
Биіктігі 7 километрден асатын шаң — газ аралас саңырауқұлақ тәрізді бұлт
пайда болды, Даланың саррайған шөптері қудай лап етіп жана бастады, даланы
өрт қаптады.
Эксиеримент сәтті болды. Сынақ басшылары, ішінде Берия да бар, командалық
пункттөн шығып, бірін-бірі табыспен құттықтады, құшақтасып, сүйісіп жатты.
Сонымен ССРО-да жарылыс қуаты 20 мың тонна тротилға тең бірінші атом
бомбасы жасалды. Оның американікіне қарағанда жақсы параметрлері болды. АҚШ-
тың атом монополиясы аяқталды. Біздің елімізге атом шабуылын жасау қауіпі
алынды.
Бүл кезде полигон атом зарядтарын топтап дайындауға және сынақтан өткізуге
кірісті. Бірақ оларды жасап шығару керек еді, ал ол уақытты талап етеді.
Алайда 1953 жылға дейін халыққа жарылыстар туралы ескертілмей келді және
қауіпті жерлерден көшірілген де жоқ. Сынақтар өткізудің қауіпсіздігіне
кейінірек көңіл бөліне бастады. Жер үстіндегі жарылыстар кезінде
радиоактивті өнімдер тарайтын зонадан адамдар мен жануарларды көшіруді
көздейтін, ал радиоактивті бұлттар қаптауы мүмкін ауадағы сынақтар кезінде
жұртты баспаналарға кіргізуді көздейтін қорғаныс жүйесі жасалды.
1956 жылдан бастап жарылыстан бір сағат бұрын халыққа хабар берілетін
болды. Қуаты 50 килотоннан артық жарылыстар кезінде адамдар үйлерден ашық
жерлерге шығарылды. 50 килотоннан кем жарылыстарда ешкім терезеге
жақындамасын деп ескертетін болды. Халық шындыққа айналған жұмбақ объектіні
.полигон деп атайтын болды, бірақ оның қызметіне тереңдеуге қатаң тиым
салынды. Лақап сөздер мен долбарларды тиып тастап отырды. Әрбір жарылыс
адам ақыл-ойының жеңісі, еліміздің әскери қуатының көрінісі, халықтың
патриотизмнің үлгісі ретінде бағаланып отырды.
Сонымен бірге полигон иелігі де кеңейе берді. Абыралы ауданы таратылып, бір
миллион сегіз жүз мың гектар жер тартып алынды, көп адамдар ата-бабаларының
жерінен көшуге мәжбүр болды. Жергілікті тұрғындар бүған іштен тынып жүрді,
туған-туысқандар мен жора-жолдас-тар арасында әрбір жарылыс сайын
кеуделерін ыза-кек кернеп, ал бөгде адамдардың алдында ештеңені байқамаған
боп жүріп жатты.
1953 жылдың 12 тамызында халық қатты тітіркеністі бастан өткерді. Биіктігі
33 метрлік мұнара басында қуаты 480 килотоннаға тең термоядролық жарылыс
өткізілді. Диаметрі 16 километрлік саңырауқұлақ тәрізді шаң-тозаң бұлт 16
километр биікке көтерілді. Ондаған мың тұрғындарды 9 күнге эвакуация жасап
басқа жаққа көшіріп апарды. Кам кірпіштен салынған тұрғын үйлер, мекткптер
және басқа да ғимараттар қирап қалды, жарылыс эпицентрінен 130 шақырым
жердегі облыс орталығында терезе әинектері ұшып кетті, көптеген үйлердің
кабырғалары жарылды.
1955 жылдың 22 қарашасында бірінші сутегі бомба сынақтан өтті, оның қуаты
бірінші сутегі жарылысынан әлдеқайда күшті еді. Бұл жарылыс 1500 метрлік
биіктікте өткізілді. Биіктігі 18 километр болатын саңырауқұлақ тәрізді алып
шаң-тозаң бұлт аспанға көтерілді. Ядролық күннің сәуле шашқаны сонша,
тіпті ол жүздеген километр жерден анық көрінді, ал толқын соққысы 500
километрлік қашықтықтан сезілді.
1956 — 1958 жылдары полигонда үсті-үстіне сынақтар өткізілді, ол ядролық
қару-жарақтың жаңа типтерін жасауға мүмкіндік берді.
1959 —1960 жылдары жарылыс болған жоқ.
1961 жылы елімізде континентаралық баллистикалық ракеталар жасалды да,
оларға қажет ядролық, зарядтарды сынақтан өткізу міндеті қойылды. Сондықтан
1961 — 1962 жылдарда сынақтар жиірек өткізілді. Жылына ауада және жер
бетінде 40—50 жарылыс болып тұрды.
1963 жылы ССРО, АҚШ және Ұлыбритания араларында ядролық қаруды атмосферада,
космоста және су астында сынаудан шектеу туралы келісімге қол қойылды. Жер
бетіндегі және ауадағы ядролық жарылыстар тоқтатылды. Келісім биосфераның
радиоактивтік ластануын азайтты, бірақ ядролық қарулар шығару бәсекесін
тоқтатқан жоқ. Семей полигоны өз жұмысын белсенді түрде жүргізе берді.
Келісім ядролық жарылыстарды тек жер астына алып кетті.
ССРО-да жер астындағы жарылыстарга дайындық 1959 жылы басталған болатын.
Бірінші рет ядролық зарядты 200 метр тереңдіктегі көлбей қазылған
кеңістікте сынау 1961 жылы өткізілді. Тек 1965 жылдан бастап сынақтар 500
метр және одан да терең тік қазылған шахталарда өткізіле бастады. Көлбей
қазылған көңістіктерде қуаты аздау және шектеулі зарядтар сыналды, ал тік
қазылған шахталардағы сынақтардың қуаты 150 килотонға дейін барды.
1965 жылдың ңаңтарында Шаран мен Ащысу өзендерінің қосылған жеріндегі
далада жерді жарып шығатын ядролық жарылыс жасалды — әскери ведомство
кезекті эксперимент ретінде қолдан көл жасамақ болған. Тереңдігі 100
метрдей, диаметрі 400 метрлік ондай көл пайда болды да кең даланың төсінде
айнадай жарқыраған көгілдір су қоймасы бір көргенде қатты қызықтырады. Ал
шын мәнінде, халық тауып айтқандай, өлі көл өзінің жұмбақтығымен
қорқынышты болатын. Ол маңынан өтетін ескі жолдар жабылды, су қоймасы
қоршалды. Жарылыс үлкен аумақты бөлінгіш заттармен ластады.

ПОЛИГОН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

Адам өзін қоршаран ортамен бірге өсіп, біте қайнап келеді, өзі де осы
табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам — әлеуметтік ақиқат иесі
дейміз, бірақ оның биологиялық түрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе
оны қайта құрсақ дейміз.
Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де сау
болады.
Адам — Жердегі биологиялық түрлердің ең жақсысы. Жер адам пайда болудан
миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір-бірімен және
табиғатпен бейбіт өмір сүруді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлдары
Әбіш Кекілбаевтың өмір
Абай Құнанбаев – реалистiк, гуманистiк жаңа әдебиеттiң негiзiн қалаушы
Махамбет ақын туралы әр жылдары жазылған мақалалар, алғы сөздер және баяндамалар
Шортанбай Қанайұлы туралы
Хамза Ықсанұлы Есенжанов
Ежелгі Шығыс философиясы
Абай шығармаларындағы лирикалық кейіпкерлер
Ақан сері
Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың көрнекті ақыны
Пәндер