Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сот сараптамасының қорытындысы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 8
1 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудегі арнаулы білім институты . . . 11
1. 1 Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуде арнаулы білімді пайдалану ұғымы және нысандары . . . 11
1. 2 Қылмыстық іс жүргізудегі сот сарапшысы және маманның құзыреті . . . 24
2 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сот сараптамасының қорытындысы . . . 28
2. 1 Сарапшының қорытындысын алудың тәсілі ретінде сараптаманы жүргіз . . . 28
2. 2 Дәлелдемелер ретіндегі сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны . . . 33
2. 3. Сарапшы қорытындысын бағалаудың тактикалық ерекшеліктері . . . 41
3 Маманның қорытындысы және жауаптары . . . 50
3. 1 Дәлелдемелерді жинаудың жаңа тәсілі ретіндегі сарапшы қорытындысы . . 50
3. 2 Маманның қорытындысы мен жауаптарының дәлелдемелік мағынасы . . . 54
3. 3 Маман қызметін бағалау . . . 57
Қорытынды . . . 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектiлiгi - ТМД елдерінде, соның ішінде біздің республикамызда да қылмыстық іс жүргізуде сарапшының қорытындысы маңызды болып табылатын қылмыстық іс бойынша дәлелдеменің орны ерекше.
Қылмыстық іс жүргізуде сот сараптамасының ролін дұрыс түсіну оның ары қарай дамуына, қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында нәтижелі қолдануда маңызы жоғары.
Осы мәселені зерттеудің қажеттілігі сот танымының мақсаттарының ерекшеліктерінен, қылмысты тану процесінің өзінің ерекшелігінен, нақтырақ айтар болсақ, сот ісін жүргізуде қарастырылып жатқан іске қатысы бар және құқықтық бағалауға жататын және белгілі бір мөлшерде қылмыстық құқық нормаларын пайдалануды анықтайтын фактілердің бекітілуі керектігінен келіп шығады. Барлық қылмыстық іс жүргізу құралдары, соның ішінде сот сараптамасы, қылмыстық заң ұйғарымдарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін бағытталған. Сондықтан қылмыстық іс жүргізудің қатысушысы ретіндегі сот сарапшысының ролін айқындап алмай жатып сот сараптамасының мағынасын ашу мүмкін емес.
Іс жүргізу дәлелдемесіне хабардар тұлғаны тартудың екі нысаны тарихи қалыптасқан: тергеуге және сот әрекеттеріне қатысуға маманды немесе сот сараптамасын тағайындау барысында сот сарапшысын тарту арқылы. Арнаулы білімді пайдалану нысандардың әрқайсысы іс жүргізу заңымен регламенттелген және әділ сотты жүзеге асыру барысындағы тиісті өзінің мәртебесі, міндеттері мен іске асырушылық әдістері бар.
Маман мен сот сарапшысының арасындағы негізгі процессуалдық айырмашылық - олардың сот ісін жүргізуге қатысуларының нәтижелеріне байланысты.
Сот ісін жүргізудегі маман мен сот сарапшысының арнаулы білімінің ара жігін айырып алудың нақты процессуалдық шарттарының болмауы сот сараптамасының қылмыстық істің мән-жайларын бекітуді және ғылыми негіздемелерін талап ететін зерттеу ретіндегі түсінікті айқындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Жұмыстың маңыздылығы сарапшының қорытындысын ғылыми негізделген дәлелдеме ретінде бағалау үшін қажетті, бүгінгі таңда «сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген қорытынды» ретінде қарастырылатын қылмыстық іс жүргізудегі сот сарапшысы мен маманның іс жүргізу мәртебесін айқындауды көздейді.
Сот тәжірибесінде мұндай қадам, бір мезгілде, құқық қорғау органдарының мамандырылған криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің оларды жүргізулеріне процессуалдық шектеулердің болуы сараптама мекемелерінің жай зерттеулермен жұмыс басты болуына, нәтижесінде арнаулы білімді пайдалануда, соның ішінде сараптаманы жүргізуде процессуалдық бұзушылықтардың тууына алып келеді.
Жұмыстың жаңалығы қылмыстық-құқықтық ғылымда сарапшы қорытындысы мен маман қорытындысы арасындағы ұғымның ара-жігін айырудың мәселелерін зерттеуге арналған қандай да бір зерттеулердің болмауымен, маманның жазбаша жауаптарының жазбаша рәсімделу ерекшелігінің, олардың ең алдымен қылмыстық-құқықтық заңының тиісті нормаларымен белгіленетін қызметтеріне негізделген дәлелдеу процесіндегі мәні көрсетілмегендігімен айқындалады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Осы жұмыстың мақсаты сарапшы қорытындысының қылмыстық жауапкершіліктің негіздемесін құратын мән-жайларды анықтаудың құралы ретіндегі дәлелдемелік ролін ашу, сондай-ақ маман жауаптарының, содан барып маманның қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретіндегі мәртебесінің мәнін айқындау болып табылады.
Жұмыстың мақсаты дипломдық зерттеулердің төменде аталған міндеттерін айқындайды:
Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білім ұғымы және мазмұны, сарапшы мен маманның жалпы алғандағы арнаулы білім жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік беретін түрлі негіздеме бойынша арнаулы білімді пайдланудың нысандарын жіктеу;
сот сарапшысы мен маманның құзіреттілік шегін олардың іс жүргізу мәртебесіне сәйкес анықтау;
сот сараптамасын тағайындау және жүргізу шараларының ерекшелігі, сараптама зерттеулерін арнаулы білімді пайдалану нысандарының бірі болып табылатын қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі нәтижелерін келесі бағалау;
маманның қорытындысының, қылмыстық істерді тергеу барысындағы жауаптарының орны мен маңыздылығын қарастыру.
Дипломдық зерттеудің қойылған міндеттерін шешу жұмыстың басты тарауларында ұсынылады. Айтар болсақ, бірінші тарауда, қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білім институты, арнаулы білімді пайдаланудың ұғымы мен нысандары, маман және сот сарапшысының құзіреттерін анықтау мәселелері қарастырылған.
Екінші тарауда, сот сараптамасын тағайындау және жүргізу сияқты өзіндік іс жүргізу әрекеттерінің ерекшеліктерін айқындауға әрекеттер жасалды.
Қорытынды, үшінші тарауда, маман қорытындысының дәлелдемелік мағынасы туралы новелла, оның тергеу және сот әрекеттеріне қатысу барысындағы қызметін бағалау туралы қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың теоретикалық негізі ретінде сот сараптамасы және криминалистика саласындағы С. Ф. Бычкова, К. Н. Шакиров, А. А. Исаев, Р. С. Белкин, Е. Р. Россинская, М. С. Строгович және т. б. сияқты ғалым-заңгерлердің іргелі еңбектері, Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде диалектикалық және формальды логиканы қамтитын жалпыға ортақ әдістемелік әдіс, салыстырмалы талдау әдістемесі, қылмыстық сот ісін жүргізуде арнаулы білімді пайдаланудың тәртібін реттейтін, іс жүргізу заңнамаларының нормаларын салыстыруды жүргізу барысында қолданылған жүйелі қадам және статистикалық әдістері алынды.
Дипломдық жұмыста сондай-ақ, эмпирикалық материал - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының Астана қаласындағы Аймақтық сот сараптамасының ғылыми-өндірістік зертханасының қылмыстық істі қозғау сатысындағы сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу тәжірибелерін жалпылаудың қорытындылары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық қолданылуы: Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы өте зор, яғни тергеушілер мен судьяларға қылмыстық істі қозғау бойынша іс жүргізу барысында арнаулы білімінің сот сараптамасын тағайындау және жүргізу, сондай-ақ, маманның тергеуге және сот әрекеттеріне тарту сияқты нысандарын қолдану бойынша оқу құралы ретінде қолданылуына болады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АРНАУЛЫ БІЛІМИНСТИТУТЫ
1. 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ АРНАУЛЫ БІЛІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңы белгілі бір уақыт ішінде құқықтық қатынастың осы саласын реттеу бойынша бір ізге салу нұсқамаларынан тұратын КСРО және одақтас республикалардың Қылмыстық сот ісін жүргізудің негіздері базасында қалыптасты. Ұлттық заңнамалардың өзіндік даму мүмкіндігі мемлекетіміздің егемендік алған, яғни 1997 жылғы 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (ары қарай - ҚР ҚІЖК) қабылдаған уақыттан бастап жүзеге асырыла бастады. Кодексте республикамыздың қылмыстық әділет жүйесін қазіргі заманғы демократиялық құқықтық мемлекеттің сипаттамаларына сәйкестендіру қажеттіліктеріне бағыттылған принципті түрдегі жаңа ережелері бекітілген [2; б. 3] .
Қазақстанның қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңының айрықша ерекшеліктері оның жеке институттарын құқықтық реттеудің ерекшеліктерін айқындайды. Бұл қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында туындайтын, міндеттерді шешу үшін арнаулы білімді пайдалануға байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін институттарға да қатысты. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу заңында жоғарыда аталған институттың концептуалды негізі болып табылатын «арнаулы білім» деген ұғым бірінші рет анықталды. ҚР ҚІЖК 7-б. 41-т. сәйкес, арнаулы білім дегеніміз - адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланатын қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім (3) . Заңда бекітілген анықтама арнаулы білімнің процессуалдық санатына қылмыстық сот ісін жүргізуде жалпыға белгілі емес бола тұра ҚР ҚІЖК 8-б. тұжырымдалған - қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану міндеттерін шешуге бағытталғандарды жатқызуға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешу үшін арнаулы білімді пайдалану күрделі процессуалдық-танымдық қызметтің нәтижесінде жүргізіледі, ол келесі субъектілер топтарының: тергеу және істі сот қарауын жүргізетін органдар (тұлғалар) ; өзінің немесе ұсынылатын құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін процесске қатысушылар; сарапшы, маман және аудармашы ретінде процессуалдық қызметтерді орындаулары үшін тартылатын тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастың туындауымен, өзгеруімен және тоқтатылуымен сипатталады. Сонымен қатар арнаулы білімі бар сарапшы, маман және аудармашылар мемлекеттің (лауазымдық тұлғалардың) органдарына сот ісін жүргізуге және азаматтарға құқықтарын қорғау міндеттерін орындауларына жәрдем берулері үшін тартылады.
Сарапшы және маманның іс жүргізу міндеттері және арнаулы білімдерінің мазмұны ҚР ҚІЖК-нде келесі тұрғыда регламенттеледі:
ҚР ҚІЖК 83-б. 2-б. сәйкес іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін; сарапшы алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге міндетті [ҚР ҚІЖК 83-б. 5-б. ] ;
Тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ, техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам шақырылуы мүмкін [ҚР ҚІЖК 84-б. 1-б. ] ;
Алайда, бүгінгі күні заңнамалық регламентацияларда маман мен сарапшының арнаулы білімдерінің мазмұны, сондай-ақ, олардың процессуалдық қызметтерін шектеу шарттарымен келіспеушілік қисынды:
- ҚР ҚІЖК 7-б. 41-б. келтірілген «арнаулы білім» ұғымының анықтамасында маманның ғана мазмұндылық жағы нақтыланған және сарапшының «арнаулы ғылыми білімінің» ерекшеліктеріне түсініктеме берілмеген.
- ҚР ҚІЖК 84-б. 2-бөлімінде маманның салыстырмалы зерттеулерді қоспағанда, тергеу немесе сот әрекетінің шеңберінде оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 203-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен қылмыстық іске қосылатын хаттамада не ресми құжатта көрсету арқылы істің материалдарына объектілердің толық немесе ішінара жойылуына не сыртқы түрінің немесе негізгі қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргізу құқығы бекітілген.
Заң тұжырымдарынан шыға отырып, маманның зерттеу жүргізуге қажетті шарты зерттелетін объектінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, сарапшының сараптама тағайындаған органның рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түріне немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеу жүргізуге құқығы жоқ болғандықтан объектілердің барынша сақталуын қамтамасыз ету талаптары сарапшыға да таратылады. [ҚР ҚІЖК 83-б. 4-б. ] .
Маманның арнаулы білімі болмаса да оның іс жүргізуіне заңмен ұсынылған құқығы оны шын мәнінде сарапшыға теңестіреді. Екінші жағынан, тергеу және сот әрекеттерін жүргізу барысында жәрдем беру үшін ғана тартылатын маманда мұндай құқықтың болуы, тергеуші мен соттың іс материалдарына алдын ала немесе сараптамаға дейін зерттеулер жүргізулеріне ұқсас құқықтарды береді, алайда, бұл құқық құқықтық іс жүргізу заңының нұсқамаларында жоқ.
Қазақстан Республикасының ТМД елдеріндегі ҚЖК-нен айырмашылығы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының анағұрлым кең таралған регламентациясы болып сарапшы мен маманның арнаулы білімінің мазмұны емес, олардың пайдаланатын білімі мен дағдыларының ерекшелігін анықтайтын олардың процессуалдық қызметтері болып табылады.
Арнаулы білімінің мазмұны - ғылым, техника, өнер, кәсіп саласындағы білім ретінде кең мағынада регламенттелген.
«Арнаулы білім» термині күнделікті өмірде кеңінен таралған, ол нақты бір адамның кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде алынады. 1. Заңда бекітілген арнаулы білім ұғымының ерекшелігі қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі еместігі және қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталғандығынд болып табылады. Алайда тұжырымдалған анықтама қылмыстық іс жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес және белгілі білімді шектеудің нақты шарттарын қамтымайды және бұл бүгінгі күнге дейін арнаулы білімнің мәні мен мазмұнын түсіндірумен байланысты заң ғылымында шешімін таппай келе жатқан проблемалы жағдайдың көрінісі болып табылады.
Арнаулы білім ұғымын талдай келе, А. А. Эйсман оған заң, яғни заң шығарушылық және құқық ғылымы саласындағы білімді қоспағандағы, көпшілік емес, тек бірқатар адамдар ғана меңгерген білімді жатқызады: «Бұл жалпы жұртқа белгілі, қол жетімді, көпшілікке таралған білім емес, қысқасы, мамандардың шектеулі ортасына тән, бір саладағы терең білімі, мысалы, физика саласы биолог үшін көрсетілген мағынадағы «арнаулы» болып табылады, және керісінше сияқты. Тергеуші және сотқа өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, қажетті білімнің арнаулы немесе арнаулы емес екендігі туралы мәселені әр кезде шешу құқығы ұсынылған» [4; 91-92] .
Ю. К. Орлов арнаулы білім мен жалпыға белгілі арнауы білімнің ара жігін келесі тұрғыда бөледі: «Жалпы білім беру және тұрмыстағы тәжірибе аясынан тыс білім, арнаулы білім болып табылады, оны азды-көпті адамдар игерген. Арнаулы таным ерекше даярлау, кәсіптік дағды нәтижесінде пайда болады. Арнаулы таным ұғымының жалпыға қол жетімді танымнан айырмашылығы жылжымалы, қоғамның даму деңгейіне, олардың игерген білім мөлшеріне тарихи негізделуінде» [5; 6] .
А. А. Исаев қылмыстық іс жүргізудегі арнаулы білімнің мазмұнының анықтамасы бойынша ғалымдардың (А. А. Эйсман, В. И. Шиканова, Е. И. Зуева, И. В. Сорокотягина, Г. М. Надгорного, Н. С. Романова, В. Н. Махова және басқа) түрлі пікірлеріне жекелеп талдау жасауы оларды келесі жүйеде мазмұндауға мүмкіндік берді:
-арнаулы білім жалпыға белгілі білім және құқық саласындағы білімді есептемегендегі білімнің кез-келген жиынтығын білдіреді;
-арнаулы білім адамның белгілі бір мамандығының кәсіби білімі болып табылады;
-арнаулы білімді осы топқа жатқызу процессуалдық шешімдерді қабылдаумен байланысты болғандықтан ол ситуациялық сипатқа ие;
-арнаулы білім ғылыми білім болып табылады;
-арнаулы білім ««аналық ғылым» базасындағы жинақталған білім кешені болып табылады [6; 16] .
Е. В. Селин, қылмыстық іс жүргізуде арнаулы танымды пайдалану саласындағы әр алуандығын ажыратуды ұсынады:
- қылмыстық іс жүргізу саласына тартылған тұлғалардың құқығын қамтамасыз ету заң шығарушы, құқық қорғау және сот органдарының алдында тұрған ең бірінші міндет болып табылғандықтан адамның жағдайы туралы арнаулы білім;
- әлеуметтік сала бойынша арнаулы білім;
-тергеуші, прокурор, адвокат, судьялар азды-көпті шамада игергендіктен криминалистикалық арнаулы білім;
- басқа да сала бойынша арнаулы білім (7; 29) .
Аталған арнаулы білімді жіктеуден басқа, олардың күрделі құрылымына назар аударады, олар:
-«өзіндік білім» (алынған деректер) - білімнің теоретикалық деңгейіне сәйкесетін, арнайы оқу орнында хабардар тұлғамен алынған жүйелендірілген ғылыми білімдер, ғылыми әдебиеттерден алынатын мәліметтер, түрлі ғылыми және ғылыми-тәжірибелік семинарлар, форумдар және т. б. алынған әдістемелік құралдар мен оқу құралдары енгізілген құрылымдық бөліктен;
- дағдыдан, яғни қозғалысты таптаурынға негізделген, кейде әрекеттің алгоритмнінен пайда болған, түйсікті ешқандай күш салмай ақ тез, үнемді, дұрыс жасалатын, ойлаудың, мінез-құлықтың автоматтандырылған кешені;
- іскерлік-білімді тәжірибеде пайдалану шеберлігінен, өзінің арнаулы білімін тәжірибелік қызметі процесінде мақсатқа бейімді және шығармашылықпен қолданудан құрылады (8; 26) .
Арнаулы білімді қылмыстық іс жүргізуде пайдалану шарттарының бірі ретінде белгілі ғылыми білімді пайдалану мен оларды заңды мақсатта пайдалану тәсілдерінің арасындағы объективті байланыстың болуын атап өте отырып, Т. В. Сахнова: «Арнаулы білім - бұл мойындалған қолданбалы әдістемелермен түсіндірілетін, белгілі бір заңды мақсаттар үшін пайдаланатын, әрқашан құқықтық сипаттағы ғылыми білім емес» деген анықтаманы ұсынады. (8, 8) .
Келтірілген анықтама бойынша құқықтық саланы қоспағандағы, ғылыми қызметтің түрлі салаларында қалыптасқан білім арнаулы деген мағынаға қылмыстық істерді тергеу және соттың қарауы барысында пайда болатын міндеттерді шешу үшін оларды қолдану қажеттілігі болғанда және белгілі бір қолданбалы әдістемесі бар болған жағдайда ғана ие болады. Қолданбалы әдістемені әзірлеу қылмыстық-құқықтық қызмет аясынан тыс екендігін ескере отырып, арнаулы білімді қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттарына жету үшін қолданатын құрал ретінде есептеуге болады.
Т. В. Сахнованың анықтамасында көрсетілген шарттардың ғылыми арнаулы білімді «акрнаулы» процессуалдық санатқа жатқызу жеткіліксіз екендігін түсінеміз (9, 8) . Біздің пайымдауымызша, қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі және сот өндірісінің тәжірибесінде туындайтын міндеттерді шешу үшін арнаулы білімді пайдаланудың шарттары болып келесілер табылады:
-арнаулы білім нақты және заңды негіздемелер болғанда ғана пайдаланылады. Сонымен сот сараптамасын тағайындау үшін нақты негіздемелер болып арнаулы білімді қолдана отырып іс бойынша туындайтын мәселелерді шешу қажеттілігі табылады. Сараптаманы тағайындаудың заңды негіздемесі сараптаманы тағайындау жолымен мәселелерді шешу қажеттілігі расталатын, істің материалдары болып табылады. Сот сараптамаларын тағайындау міндетті болған жағдайда іс жүргізу негіздемесі болып ҚР ҚІЖК 241-бабында келтірілген талаптары болып табылады;
- арнаулы білім қылмыстық іс жүргізу заңымен регламенттелген нысанда пайдаланылуы қажет. Мысалы, сот сараптамасы ретінде мұндай нысанда арнаулы білімді пайдалануға ҚР ҚІЖК 32-тарауы, дәлелдеме процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға - ҚР ҚІЖК 129- бабы арналған;
-арнаулы білімді қылмыстық сот ісінің субъектілеріне жатқызылатындар ғана (тергеуші, судья, прокурор, анықтаушы, сарапшы, маман, аудармашы) өздерінің іс жүргізу міндеттері (қызметтері) шегінде қолданулары керек. Сонымен қатар, көрсетілген тұлғалардың арнаулы білімді пайдалану тәжірибесінде іс жүргізу қызметтерінің жолын кесуі ҚР ҚЖК 90, 91, 92, 95, 96-б. сәйкес оларға қарсылық білдірудің негіздемесі болады. Сарапшы, маман және аудармашыларды шақыруға себеп болған қажетті мәселелерді шешу бойынша оларға қатысты құзіреттіліктің қосымша талаптары заңмен көзделеді;
- арнаулы білімді пайдалану бойынша қызмет қылмыстық іс жүргізудің салалық қағидаттарын қамтитын принципті ереже жүйесіне негізделуі керек. Мысалы, дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жол беру заңдылық, ғылыми негізділік, нәтижелілік және қауіпсіздік шарттарымен анықталады. (ҚР ҚІЖК 129-б. ) ;
- арнаулы білімді пайдалану бойынша қызмет жүргізіліп жатқан іс жүргізу әрекеттері аясында белгілі тәртіптермен жүзеге асырылуы қажет. Ал, сараптаманы тағайындау тәртібі ҚР ҚІЖК 242-б. регламенттелген, сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерді алу тәртібі ҚР ҚІЖК 259-б. бекітілген;
- арнаулы білімді пайдаланумен байланысты қызметтің нәтижелері тиісті іс жүргізу құжаттарында берілуі қажет. Атап өтсек, егер тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде фотосуретке түсіру, киноға түсіру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не іздің көшірме бедері мен таңбасы жасалса, сызбалар схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны жүргізу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралды, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және алынған нәтижелер көрсетілуге тиіс (ҚР ҚЖК 203-б. ) .
Қылмыстық іс жүргізуде арнаулы білімді пайдаланудың іс жүргізу шарттарының жиынтығына келесі шарттар жатады:
- арнаулы білімді пайдалану үшін нақты және заңды негіздемелер қажет;
- арнаулы білім қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен регламенттелген нысанда қолданылуы қажет (сот сараптамасы, тергеу және сот әрекеттерін жүргізу барысында маманның, аудармашының қатысуы, дәлелдеуге ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану) ;
- арнаулы білімді қылмыстық сот ісінің субъектілеріне жатқызылатындар ғана (тергеуші, судья, прокурор, анықтаушы, сарапшы, маман, аудармашы) өздерінің іс жүргізу міндеттері (қызметтері) шегінде пайдаланулары қажет;
- арнаулы білімді пайдалану бойынша қызмет қылмыстық іс жүргізудің салалық қағидаттары мен ерекше танымдық қызмет қағидаттары қамтылған қағидаттар жүйесіне негізделеді;
- арнаулы білімді қолдану бойынша қызмет рәсімдік сипатта болады және белгілі тәртіптермен жүзеге асырылады;
- арнаулы білімді пайдаланумен байланысты қызметтердің нәтижелері тиісті іс жүргізу құжаттарында бекітіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz