Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1-тарау Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекет тәртібі . . . 6
1. 1. Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері . . . 6
1. 2. Қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдеу құралдары . . . 13
1. 3. Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдері . . . 23
2-тарау Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты . . . 32
2. 1. Қылмыстық процесстің алғашқы сатысының түсірігі және мәні . . . 32
2. 2. Қылмыстық істі қозғау сатысының негіздірімен себептері . . . 38
2. 3. Қылмыстық істі қозғауды туындатпайтын жағдайлар . . . 42
3-тарау Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету . . . 44
2. 1. Қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды қарау және шешуге ведомстволық бақылау . . . 44
2. 2. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау . . . 48
2. 3. Заңдылықты қамтамасыз етуге соттың ролі . . . 51
Қорытынды . . . 56
Қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі . . . 59
Қосымшалар . . . 62
Кіріспе.
Қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізу заңында 2-түрлі мағынада қаралады.
Біріншіден, қылмыстық істі қозғау қылмыстық процестің алғашқы сатысы болып табылады, мұнда қылмыстық ізге түсу органы қылмыс жөніндегі арыздарды (хабарларды) қарайды, қылмыстық істі қозғау жөніндегі шешімді қабылдайды, оны ары қарайғы өндіріс үшін жібереді немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тартады.
Екіншіден, қылмыстық істі қозғау - көрсетілген сатының қорытындысы бойынша қылмыстық іс бойынша өндірістің бастауы жөніндегі қылмыстық ізге түсу органының шешімі.
Тақырыптың өзектілігі.
Қылмыстық істі қозғау қылмыстық ізге түсудің басталуын білдіреді. Бұл сатыдағы іс-әрекеттің сәттілігінен Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген қылмыстық процестің белгіленуі жүзеге асырылады, яғни қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Қылмыстық сот өндірісі органдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін көтеру қылмыстық процестің алғашқы сатысында жеке тұлғаның процессуалды кепілдігін күшейту мәселелері көптеген процессуалист-ғалымдардың зерттеулерінде елеулі орын алады. Көп уақытқа дейін қылмыстық сот өндірісінің алғашқы сатысындағы іс-әрекеттердің нақты қылмыстық-процессуалды регламентациясы берілмейді.
Берілген әрекет азаматтардың жеке құқықтары мен заңды мүдделер аумағына мемлекеттің қылмыстық-процессуалды араласуының алғашқы қадамы болып табылады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленген мемлекеттің міндеті болып табылады, сондықтан бұл кезеңде қатаң заң шектеулерін белгілеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әлі де осы қылмыстық процестің алғашқы сатысында адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан негізсіз және заңсыз бас тарту жағдайлары ұлғаюда. Мұның бірнеше себебі бар. Яғни, қылмыс жөніндегі алғашқы мәліметтерге уақытылы назар аудармау, қылмыс жөніндегі мәліметтер бойынша алдын ала тексерулердің сапасыз ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіби дайындығының төмен болуы.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздері:
Қылмыстық істі қозғау сатысының мәселелері көптеген процессуалист-ғалымдардың зерттеулерінен орын алды. Атап айтқанда, Ю. Н. Белозеров, Марфицин П. Г. Галустян О. А. “Проблемы обоспечения законности при возбуждении и отказе в возбуждении уголовных дел органами дознания и предварительного следствия ” (1997) ; Григорьев В. Н. “Задержание подозреваемого” (1999) ; Давлетов А. А. “Возбуждение уголовного дела” (1994) ; Фаткуллин Ф. Н. “Возбуждение уголовного дела” (1961) ; Николюк В. В. “Стадия возбуждения уголовного дела ” (1995) ; Тетерин Б. С. “Возбуждение уголовных дел”, Шуруханов Н. Г. “Қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру” (1998) және т. б.
Бұл дипломдық жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым төмендегідей:
- Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігін, мәнін ашу;
- Қылмыстық істі қоғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер тәртібін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасызету жағдайларын көрсету.
Осы белгіленген мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді белгіледім:
- Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігін беру;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының негіздері мен себептерін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғауды туындатпайтын жағдайларды көрсету;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілерін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдерін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының заңдылығына прокурорлық қадағалау жүргізілу тәтібін көрсету;
- Заңдылықты қамтамасыз етуде соттың ролін көрсету.
Дипломдық жұмыс құрылымына келсек: ол кіріспеден, үш тараудан, әрбір тарау бірнеше параграфтан, қорытындыдан және қолданылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиет тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда қылмыстық процестің алғашқы сатысына түсінік беріледі, екінші тарауда қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері, бұл сатыдағы дәлелдеу құралдары және осы сатыдағы процессуалды мерзімдер жөнінде түсінік беріледі, ал үшінші тарауда қылмыстық істі қозғау сатысына жүргізілетін ведомстволық бақылау, прокурорлық қадағалау, соттық бақылау түсінігі берілген.
1 - тарау. Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс - әрекет тәртібі
1. 1 Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері .
Осы сатыдағы ең кемінде бір ісжүргізу құқығы бар немесе іс жүргізу міндеті бар Қылмыстық жүргізу теориясында ұзақ уақыт бойы субъкт және қылмыстық жүргізуге қатысушы деген ұғымның ара - қатынастық байланысы, пікірлері айтылды.
Қылмыстық іс қозғау сатысындагы қатынасу субъектілері :
- прокурор
- анықтау органы
- анықтау органы бөлімінің басшысы
- анықтаушы
- тергеу бөлімінің бастығы
- тергеуші
- судья
- арызданушы
- кінәсін мойындаушы
- бұқаралық ақпарат құраодарының бас редакторы
- коммерция немесе коммерция емес ұцымдардың басшысы
- қылмыстық істі қозғау шешіміне қатысты тұлға.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 84 бабына сәйкес анықтау мен алдын - ала тергеу сот пен прокурордан бөлінген және арнайы органдармен жүзеге асырылады [1; 15] .
Бірақ әрекет етуші заңдылық бойынша сот пен прокурордың бастауымен де қылмыстық іс қозғалады.
Жеке және жеке айыптау қылмыстық істерді қозғауға қатысты заң жәбірленуші, оның жақын туысқандары мен оның өкілдері жөнінде көрсетеді. Жеке айыптау тәртібінде қозғалатын істер бойынша арызды берген тұлғаға қатысты субъект іс әрекет етеді. Сондай-ақ арнаулы субъектілердің жеткілікті тізімі қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен берілген, бұл тұлғаларға қатыстық қылмыстық істердің ерекше тәртібі белгіленген
(судья, адвокат, адам құқығы жөніндегі өкілетті тұлға және т. б. )
Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері болып маман, куәгер, аудармашы, жауап беруші материалдар сұралатын және талап ететін тұлға. Маман және куәгер қылмыстық істі қозғау сатысының субъектісі болып табылады, егер алдын ала тексеру кезінде оқиға болған жерді қарау жүргізілсе.
Қылмыстық істі қозғағанға дейін заңгер куәландыру және сараптама жүргізуге мүмкіндік бергендіктен, берілген кезеңдегі процесс қатысушысы және берілген тергеу әрекеттерінің қатысушысы болып : куәландырушы, дәрігер, өзге маман, сараптамамекемесінің жетекшісі және сарапшы болып табылады. Мұндай жағдайларда берілген тергеу құқықтары мен міндеттерінің қандай да бір ерекшеліктері болмайды.
Қылмыстық істі қозғау счатысының барлық субъектілерін былайша жеткізуге болады:
- қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық процесті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар
- қылмыстық істі қозғау сатысының белгілі бір шешімдерінен және қылмыс жөніндегі хабарларды тексеру нәтижесіне мүдделі тұлғалар және олардың өкілдері
- қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдемелік іс - әрекетті қамтамасыз етуге қызмет ететін өзге де субъектілер (куәгер, маман, аудармашы және басқалар) .
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы іс - әрекетті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мыналарды жатқызамыз :
- анықтау органы. Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына : заңмен
белгіленген күзіретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қодану.
Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру әрекеттерін орындау
Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау
- мыналар анықтау органдары болып табылады :
- ішкі істер органдары;
- ұлттық қауіпсіздік органдары;
- сотты құрметтеу және сот шешімдерінің атқарылу тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша - әділет органдары;
- қаржы полициясы органдары;
- контробанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша - кеден органдары;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарда өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша - әскери полиция органдары;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы істер бойынша, сондай - ақ Қазқстан Республикасының контининтальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша - шекара бөлімдерінің командирлері;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріеде Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынышты әскери қызметшілер, сондай - ақ олар әскери жиындар өткеру кезіндегі запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланыстынемесе осы бөлімдердің құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасалған қылмыстары туралы істер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командірлері, әскери мекемелер және гарнизондардың бастықтары;
- өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдерінің, консульдық мекемелерінің және өкілетті өкілдерінің басшылары;
- өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша - мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен басшылары;
Анықтау органдары қылмыстық істі қозғау сатысында мынадай өкілеттілікке ие болады :
- кез - келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс жөніндегі хабарларды қабылдау және тексеру;
- қққылмыс жөніндегі хабарларды қабылдау туралы құжатты хабарлаған тұлғаға беру;
- қққылмыс іздерін сақтауға және бекітуге байланысты процесуалды әрекеттерді жүзеге асыру;
- қажетті материалдарды талап ету;
- қылмыс жөніндегі хабарларды тексеру нәтижесі бойынша процесуалды шешімдерді қабылдау;
- қылмыс жөніндегі хабарларды тексеру үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу.
- Анықтау органдарының лауазымды тұлғаларына анықтау органдарының бастығы және анықтау жүргізуші жатады. Анықтау органының бастығы анықтау жүргізушіге анықтау өндірісін табыстауды өкілетті және іс жүргізу заңымен жекелеген процесуалды өкілеттілікке ие болатын анықтау органының лауазымды тұлғасы болып табылады. Анықтаушы - анықтау нысанында алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті анықтау органының лауазымды тұлғасы болып табылады.
Анықтаушы қылмыстық істі қозғау сатысында мүмкін болатын тергеу және өзге де процесуалды әрекеттерді дербес түрде жүргізуге құқықты.
4) Тергеуші - өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеудіжүзеге асыруға өкілеттілік берілген лауазымды адам. Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және заңмен белгіленген барлық қызметтерді орындауға құқылы. Тергеуші алдын ала тергелуі міндетті істер бойынша анықтау органдарының қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындауын күтпей - ақ істі кез келген сәтте іс жүргізуге қабылдауға және оны тергеуге кірісуге құқылы.
5) Тергеу бөлімінің бастығы - алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзіреті шегінде іс - әрекет жасайтын оның орынбасарлары. Тергеу бөлімінің бастығы тергеу ісін жүргізуді тергеушіге тапсырады, олардың қылмыстық істер бойынша дер кезінде іс - әрекет жасауына процессуалды мерзімдердің сақталуына, іс бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізіді. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне алуға және тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып, жеке дара алдын ала тергеу жүргізуге құқылы.
6) Прокурор - өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай - ақ қылмыстық процесстің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға [2; 56] . Прокурор қылмыстық істі қозғау сатысында мынандай әрекеттерді жүргізеді :
- қылмыс жөнінде хабарларды қабылдау, тіркеу және шешу жөніндегі заң талаптарының орындалуын тексереді және жасалған қылмыс жөніндегі қажетті материалдарды анықтау органдарына, тергеушілерден талап етеді;
- тергеушінің немесе анықтаушының заңсыз немесе негізсіз қаулыларын бұзады;
- тергеушіге немесе анықтаушыға қылмыстық істі қозғауға немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға келісімін береді;
- қылмыстық істерді қозғайды немесе қозғаудан бас тартады;
- белгілі бір процессуалды әрекеттер өндірісі жөнінде нұсқаулар береді;
- қылмыс жөніндегі хабарларды тексеруші лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне түсірілген шағымдарды шешеді;
- қылмыс жөніндегі арыздарды тексеру мерзімін ұзартады.
1. 2 Қылмыстық істі қозғау сатысындағы дәлелдеу құралдары .
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы әрекет қылмыстық процессуалды дәлелдеудің формасы болып табылады яғни бұл сатыда дәлелдемелер жиналады. Дәлелдемелерді материалдарды талап ету, түсініктемелерді алу тәсілдері арқылы жинайды. Ерекше жағдайларда, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық істі қозғағанға дейін оқиға болған жерді қарау жүргізіледі.
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы дәлелдеу құралының түсінігі қылмыстық процесс теориясында берілген.
Кейбір прцессуалитер осы сатыдағы дәлелдеу құралы деп дәлелдемелердің өзін көрсетеді [1; 26] .
Ал басқа процессуалистердің пікірі бойынша бұл сатыдағы дәлелдеу құралдары дәлелдемелерді алу тәсілдеріне келіп саяды деп көрсетеді [2; 5] .
Қылмыстық процесстегі «дәлелдеу құралдары» термині көп жақты ұғымды белгілеу үшін қолданылуы қажет. «Құрал» сөзі қабылдау, тәсіл, құрал - жабдықтар деген ұғымдарды білдіреді, яғни дәлелдеу құралы болып анықтау органының тергеушісімен, прокурормен және сотпен берілген мәліметтерді іс - әрекет жүргізу барысында алатын және пайдаланатын қандай да бір тәсілдері және формалары болып табылады.
Азаматтардан және лауазымды тұлғалардан алынған түсініктемелердің дәлелдемелік мәні жөніндегі мәселе ерекше назар аудартқызатын жағдай болып табылады. Көптеген заң әдебиеттерінде бұл мәселе теріске шығарылды немесе оларға күмән келтірілді. Түсініктемелердің дәлелдемелік мәнін теріске шығаруды мынамен байланыстырады : олар жалған мәлімет хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертусіз алынған және шынайылық талабына сәйкес емес деп көрсетеді. Алайда, шынайылық дәлелдемелерді пайдаланудың маңызды шарты болғанымен, белгілі бір қайнар көзде, дәлелдемелерде бар мәліметтерді тану үшін міндетті болып табылмайды [2; 44] .
Жекеленген процессуалистер былай деп көрсетеді: дәлелдемелердің шынайылығын анықтау үшін оны басқа дәлелдемелердің жиынтығында анализдеу қажет, ал бұл үшін берілген мәліметтерді сәйкес тексеруге, анализдеуге дейін дәлелдеме ретінде жіберу қажет [4; 86] .
Сонымен түсініктемелердегі берілген мәліметтерді кейін тексеру олардың дәлелдемелік мәнін растайды.
Кейбір жағдайларда қылмыстық істі қозғағанға дейін оқиға болған жерді қарау жүргізілуі мүмкін. Бұл өндіріс нәтижесінде алынған фактілер жөніндегі мәліметтер дәлелдемелер болып табылады, және бұның қайнар көзі оқиға болған жерді қарау хаттамасы болып табылады. Қылмыстық істі қозғау жөніндегі қаулыны қабылдағаннан кейін, бірақ мұндай қозғауға прокурормен келісім бергенге дейін куәландыру және сараптама тағайындалуы мүмкін. Бұл дәлелдемелердің қайнар көзі куәландыру хаттамасы және сараптама қорытындысы болып табылады.
Қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдемелерді жинаудың тағы бір тәсілі ретінде қылмыстық іс жүргізу заңдылығы сезіктімен, айыпталушымен, жәбірленушімен, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен және олардың өкілдерімен қылмыстық іске тіркеу үшін жазбаша құжаттарды және заттарды ұсынуды көрсетеді [5; 89] .
Практика жүзінде өкілетті органдар қажетті құжаттар мен заттарды алып қою әрекетімен кездеседі. Әрекет етуші қылмыстық іс жүргізу заңы алып қоюды дербес процессуалды әрекет ретінде көрсетпейді, тек оның өндірісі мынандай тергеу әрекеттерінің нәтижесінде болатындығын көрсетеді:
-тінту
-алу
-қарау
-куәландыру
-салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді алу
-мүлікке тиым салу.
Заттарды және құжаттарды алып қою мүлдем рәсімделмеуі мүмкін немесе әкімшілік тәртіпте алып қою хаттамаларымен рәсімделуі мүмкін.
Заң әдебиеттерінде қылмыстық іс қозғалғанға дейін автотехникалық және сот-медициналық сараптамаларын жүргізу жөніндегі пікірлер білдірілуде [29; 56-59] .
Бұл пікірлердің негізгі аргументі ретінде былай көрсетіледі: қылмыстық іс қозғалғанға дейін тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттілігі маңызды дәлелдемелік мәліметтерді алуға мүмкіндік береді және қолайсыз жағдайлар туындаған жағдайда бұл дәләлдемелік мәліметтерді жоғалтып алуы мүмкін.
Алайда, сараптаманың тағайындау және жүргізуде, сондай-ақ оның нәтижесін бағалауда бірқатар процессуалды әрекеттердің жүргізілетінн ұмытпау қажет. Сараптаманы тағайындаушы лауазымды тұлға мынандай іс-әрекеттерді жүргізеді:
- бұл жөнінде сәйкес қаулы қабылдайды;
- сарапшыны жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді;
- қажетті жағдайларда одан жауап алады.
Қылмыстық істі қозғау жөніндегі қаулыны қабылдағанға дейін сараптама жүргізу мүмкіндігінің болмауы басқа нысанда арнаулы зерттеулер жүргізу қажеттігін жоққа шығармайды.
Мысалы, дене жарақаттарын келтірумен байланысты қылмыстар жөніндегі арыздар бойынша қылмыстық істерді қозғау жөніндегі мәселені шешу барысында соттық-медициналық куәландыру жүргізу қажет. Бұл зерттеу барысында, сәйкес лауазымды тұлғаның бағыты негізінде дәрігер дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі, сипаты жөнінде анықтамасын береді. Бұл анықтама қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдемелік мәнге ие болады, әдетте бұны өзге құжаттарға жатқызады.
Іс бойынша өндірісті жүргізуші лауазымды тұлғалар ревизияларды және құжатты тексерулерді жүргізуді талап ете алады. Қылмыстық іс жүргізу заңдылығында ревизия және тексеру актілері дәлелдемелердің жеке дара қайнар көзі ретінде көрсетілген.
Жоғарыда айтылған жағдайларды қорытындылай келе мынаны көрсетуге болады: өкінішке орай, әрекет етуші қылмыстық процессуалды заң қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстар жөніндегі арыздарды тексерудің құқықтық негіздерін көрсетпейді, ал бұл тексеруді тиімді жүргізуді және мұндай әрекетке қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірместен жүргізуді қиындатады. Сонымен қатар қылмыстық істі қозғау сатысында тергеу әрекеттерінің есебінен дәлелдеу құралдарын кеңейту қажет.
1. 3. Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдері.
Қылмыстық істі қозғау сатысының маңызды қылмыстық процессуалды шарттарының бірі берілген сатыда дер кезінде шешімдерді қабылдау болып табылады [30; 27] .
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыс жөніндегі хабарлар бойынша ол хабарды алған күннен бастап үш тәуліктен аспайтын мершімнің ішінде шешім қабалдауға міндетті.
Алайда, қылмыс жөніндегі хабарларды шешу мерзімі бұзылуда. Бұл мерзімдердің бұзылуына ең алдымен қылмыстық іс жүргізу заңының 184 бабының сәтсіздігі ықпал етеді:
1) Мұнда қылмыс жөніндегі хабарлардың тексеру мерзімінің өзгеруіне қандай жағдайлардың ықпал ететіндігін және қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды 10 тәулікке дейін қарауға берілетіндігі қандай жағдайларда екендігі көрсетілмеген.
2) Жоғарыда көрсетілген мерзімдердің нақты қай кезеңнен бастап есептеу қажеттілігі көрсетілмеген.
Берілген нормаға анализ бере отырып мынандай қорытындыға келуге болады: қылмыс жөніндегі арыздарды қараудың үш тәулік мерзімі жеткілікті болып табылады, өйткені бұл сатыда қылмыс белгілерін көрсететін және қылмыс бойынша өндірісті туындатпайтын негіздердің болмауын көрсететін жеткілікті мәліметтер жиналады. Ал логика тұрғысынан алатын болсақ жоғарыда көрсетілген нормадағы 10 күндік мерзім қосымша материалдар жинау үшін белгіленген.
Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімін есептеу өкілетті мемлекеттік органға немесе оның лауазымды тұлғасына қылмыстық істі қозғауға негіз болатын себептердің түсуінен басталады [31; 12] .
Қылмыстық процесстің алғашқы сатысының мерзімінің бұзылуының тағы бір себебі, осы кезеңде анықталуға жататын жағдайларды дұрыс көрсетпей және осы жағдайларды зерттеудің қажетті шегін белгілемеу. Көпшілігі осы сатыда қылмыстық процесстің келесі сатысына қатысты мәселелерді шешуге тырысады [32; 92] .
Берілген сатыдағы мерзімнің бұзылуының келесі себебі қылмыс жөніндегі хабарларды заңмен белгіленген мерзімде тексерудің практика жүзінде мүмкіндігінің болмауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz