Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Түйін

Дипломдық жұмыс «Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері» тақырыбында орындалған. Дипломдық жұмыста мемлекет нысаны мен мемлекеттік құрылым нысаның түсінігіне, түрлеріне, олардың анықталуына қатысты бірқатар келелі мәселелер баяндалды, мемлекеттік құрылымның унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысандарының ерекшеліктері, белгілері және жекелеген түрлері қарастырылды.

Аннотация

Дипломная работа выполнена на тему «Проблемы формы государственного устройства». В дипломной работе освещается ряд проблемных вопросов относительно определении, отдельных видов формы государственного устройства, рассматривается виды, особенности, признаки унитарной, федеративной, конфедеративнойформы государственного устройства.

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1. Мемлекет нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі,

түрлері және олардың анықталуына қатысты келелі мәселелер . . . 7

2. Унитарлық мемлекет . . . 32

  1. . Унитарлық мемлекеттің түсінігі, белгілері және ерекшеліктері . . . 32
  2. . Унитарлық мемлекеттердің түрлері . . . 34

3. Мемлекеттік құрылымның федеративті нысаны . . . 38

  1. Федерацияның түсінігі, белгілері, міндеттері және

құрылу принциптері . . . 38

  1. Федерацияның түрлері . . . 43

4. Мемлекеттік құрылымның конфедеративті нысаны . . . 49

4. 1. Конфедерацияның түсінігі, белгілері және ерекшеліктері . . . 49

4. 2. Мемлекетаралық және одақтық құрылымдар . . . 51

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдибиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мемлекет - бұл әр түрлі функциялары, нысандары, құрылу принциптері және тағы басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері - басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.

Өзімнің дипломдық жұмысымда мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысапндарының түсінігі, олардың анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы, түрлеріндегі келелі мәселелер қарастырылады.

Мемлекеттік құрылым мәселесі көп уақыт бойы, және қазіргі уақытта да өзекті болып табылады. Ол өзіне деген қызығышылықты құқықтанушы мен тарихшы зерттеушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алғашында КСРО одақтық мемлекеттің егеменді мемлекеттерге ыдырауы мен бұл мемлекеттердегі проблемаларды, кейіннен Югославияның ыдырауы мен ондағы азаматтық соғысты және осы уақытқа дейін мемлекеттің ұлтық немесе қандай да бір өзге белгілері бойынша бөліну мәселелері жөнінде байқап жүрген жай азаматтардың арасында қызығушылық туындатады.

Дипломдық жұмыста алға қойылған мәселелерді тек теориялық және құқықтық тұрғыларда ғана қарстырылып қана қоймайды, сондай-ақ қандай да бір тарихи жақтары мен ұқсастықтары қарастырылады, мемлекеттік құрылым нысандарына қатысты кейбір мысалдар келтіріледі және өзімнің жауаптарым баяндалады. Дипломдық жұмысымда қарастырылатын мәселелердің біршама жалпы түсініктеріне тоқталамын, өйткені әрбір сұрақ үлкен ғылыми зерттеудің объектісі болуы мүмкін және сондай болып табылады.

Мемлекеттік құрылым нысандарының келелі мәселелерін көптеген зерттеушілер айналысқан және айналысып та жатыр. Мемлкеттік құрылым мәселелері Маркстің және Энгельстің көз қырларына түскен кезде, олар унитарлы мемлекеттің федеративтінің алдында басымдықты иеленетіндігін айтатын. Олардың пікірінше, еңбектің жоғары өнімділігі, еңбек етушілер арасындағы біршама тығыз байланыстар революциялық процеске ықпалын тигізуі керек, оған федеративті бастамалар кезінде қол жеткізуге болмайды. Бірақ мұндай алғышарт Германия, Франция сияқты елдерге, ұлтаралық қақтығыстар болмаған және болмайтын, ұлттық қатынаста бір текті болатын елдерде орынды болады. Олар өз назарларын Ұлыбританиға аударғанда, британдық колониялар астында төрт әр түрлі халықтың өмір сүретіндігін байқайды, және онда мемлекет унитарлы болса, онда таптық емес, ұлттық белгілері бойынша бөлінуі мен келіспеушіліктердің болуы сөзсіз. Яғни ағылшын жұмысшысы ағылшын буржуазиясымен, шотландық шотландықпен және т. б. бір бірімен бірігеді. Мұндайды алдын алу үшін, Маркс пен Энгельс, Британияда мемлекеттіліктің федеративті нысаны қажеттігін белгілеген, ол әр түрлі халықтардың тең құқылығын қамтамасыз етеді, ұлттық мәселені көтереді және әртүрлі халықтардың консолидация құралы болады.

Осыған орай, марксистік теория шегінде мемлекет нысаны ретінде мемлекеттің әлеуметтік таптық және ұлттық-аумақтық мазмұнының сыртқы көрінісі түсінілетін, ол мемлекеттің негізгі құрылымдары - жоғарғы мемлекеттік билік органдары арасында, бұл органдар мен мемлекеттің аумақтық бөлімшелерінің билік пен басқару органдары арасында ара қатынастарының сипатымен анықталады. Бірақ мемлекеттік құрылым нысанына ықпал ететін ұлттық және тарихи дәстүрлер, ұлттық психология, діни сана, мәдени орта, қоғамды идеологияландыру және саясаттандыру деңгейі, эколгиялық факторлар және басқалары зерттеу шектерінен тыс қалады.

Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері - мемлекеттік құрылым нысанының түсінігіндегі, оның түрлеріндегі келелі мәселелерді қарастыру.

Жұмыстың зерттеу объектісі - мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысандарының түсінігі, олардың анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы, түрлеріндегі келелі мәселелер.

Жұмыстың методологиялық негізі. Дипломдық жұмыс тақырыбын ашып, оған қатысты мәселелерді қарастыру кезінде тарихи, әлеуметтік, салыстырмалы-құқықтық зерттеу әдістері қолданылды.

Жұмыстың тәжірибелік мәні. Мемлекеттік құрылым нысанына қатысты дипломдық қарастырылған мәселелер оқу үрдісінде, лекция және семинар сабақтарында дерек көзі ретінде алынуы мүмкін.

Жалпы дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар-көздер тізімінен тұрады.

1. Мемлекет нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі, түрлері және олардың анықталуына қатысты келелі мәселелер

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер тұралы айтатын болсақ олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатынына жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Арестотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанасына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір - бірімен тығыз байланыста дамиды.

Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993жылғы конститутциясының орнына екінші 1995жылғы конституция алынды. Бул соңғы конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік Республиканың саяси режимі құрылды.

Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Ніл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндістанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Европпада - шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршіліс болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәір нұқсан келтіріп отыр. Мемлекет туралы ұғым мемлекеттанудағы ең маңызды мазмұндамалық сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.

Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарымен қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланыпкелген алғашқы қоғамдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып табылады. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеліктің алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жобаны сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін өсуі керек. Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында шағын ғана отбасының кезбе топ құруға, кейінірек қауымның құрамы бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық қатынасы барадамдардан құрылады. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды, ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды:

  1. Сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мумкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек.
  2. Туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір-біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек.
  3. Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды, ру тіршілігінің негізгі мәселелері барлық ру мүшелерінің даусы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып, сонда шешілді.

Жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және де басқа да адамдарды сайлайды. Сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырыды. Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ, ол небәрі осы жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бір-бірлестіктерді де кездестірүге болады. Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан тіршілік ету жағдайларында қайшылықтарға кездесе бастады да, өздеріне жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамының өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымғамемлекеткежол беруі керек болды, мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Олрулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылады. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір институттардың сабақтастығыайқын көрініп тұрады. Әр халықтың нақтылы- тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймайды өзіміздің Қазақстанға келер онда мемлекеттің пайда болуы. Қазақстанның аумақтық, табиғи-географиялық, топрақ-климаттық жағдайлары, оны мекендеген халықтың ерекшеліктері алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде басқару нысанын қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және тіршілік етуін қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және тіршілік етуін қамтамасыз етуге әсер етеді. Дамыған кең даланың өзі де алғашқы табырдың, қауымның, тайпаның бір орнында тұрақтамай, үнемі көшіп-қрнып жүруіне жағдай туғызғандай еді. Сонымен қатар ұлы дала жері жоқ көптеген көршілес тайпалар мен халықтардың осында келіп, орнығып тұррып қалсақ деген көз құртына да айналды. Қазақстан аумағының көптеген миграциялық тасқындардың түйіскен жерінде, халықтың жер аударылуы жолында болғандығының да әсері болды. Осының барлығы аталған аумақта мемлекеттіліктің пайда болу процесінің бірқатар ерекшеліктерінің болуына алып келді.

Қазақ даласы бір халық тың ғана емес, көптеген халықтың сақтар, үйсіндер сарматтар және тағы басқа мекені болғандықтан бірі екіншісін қуып шығып, сосын жаңа келімсектерді мемлекеттікке қайта құру прцесінде айқын жуйелік пен сабақтастықтың болуы кейде қаралмады да. Кейде, мемлекеттіктің бір халықта пайда болған нышаны соғыстың немесе басқа да бір осындай жағдайлардың салдарынан жойылып кетеді де, белгілі бір уақыт өткеннен кейін басқа халықтарда пайда болды.

Дамудың мемлекеттік сатысына жеткен күшті көршілері жауап алған алғашқы қоғамдық құрылыстың сатысындағы кейбір тайпалар мемлекеттікке өзінің еркінен тыс ұтымды. Мұндай жағдайда олардың дамуының табиғи барысы жылдамдығы сияқты болды. Мысалы, сақ тайпалары Александр Македонскийдің, парсы патшалары Кирдің, Дарий 1-нің. әскерлерінің шабуылына ұшырады. Олардың толық немесе жартылай жаулап алуы жаулап алушылардың басқарудың мемлекеттік нысанын енгізуімен, алым- салықтар жинауымен қатар жургізіледі. Бостандық пен тәуелсіздік алған бұл тайпалар бұрынғы, мемлекетке дейінгі нысанға қайта оралу жаңа мен ескінің синтезі байқалатын тайпалық және ертемемлекеттік нысандар мен институттардың шиеленісуі.

Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи информацияның бекітілуімен байланысты. Жер, шөл, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құрамына айналады, олардың иеленуі үшін қырғын ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланыстар мен қарым- қатынастар басқаша жаңғыруы немесе жайылып кетуі керек болды. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен ұлыстардың мемлекет құруының тағы бір ерекшелігі, бұл процесстегі армияның улкен ролінің болуы. Ол бірден ақ құғын - сүрген мәжбірлеу механизмінде басты орын алады. Қандай да бір режимнің тағдыры, биліктің жүзеге асырылу сипаты соған тәуелді болды. Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісінмен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәреже билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан шығыстың нысанда, монархтық (қанағат, хализат, хандық сұлтанат еді) . Өзінің құрамына орталыққа бағынатын үлкен аймақтық - мемлекеттік құрылымдарды жиі - жиі бірлестіріп отырса да, олар, алайда, вассалитет - сюзерениттің негізінде құрылған классикалық феодалдық мемлекеттерден ерекшеленетін еді. Бірақ олардың дамуы біртіндеп осы бағытта жүреді. Нәтижесінде, XIV - XV ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында тұрақтап қалған қазақ халқы қалыптасқан кезде, мұнда хандық билік нысанындағы феодалдық мемлекет орнады. Осылай мемлекет пайда болады.

Сонымен мемлекеттің жалпы ұғымы мен белгілеріне келер болсақ. "Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тыысын қамтамасыз етеін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар туғызуға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады". Мемлекет тек өзіне ғана тән функцияларды, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқансында қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз. Яғни мемлекет дегеніміз - бұл - адамзат қоғамының дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым, қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, топтардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым - қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс - қимылына жағдай жасау оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйысдастырушылық - күш құралдары бар; сондай - ақ тапсырманың орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік - мәжбүрлеу өкілеттігі берген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекет нысаны ұғымы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Мелекет нысанының түрлеріне сипаттама
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz