А.гитлердің германияға жеке билік режимінің орнауы



ЖОСПАР

Кіріспе

1. А.Гитлердің Германияға жеке билік режимінің орнауы
2. Фюрердің рейхканцлер лауазымын алу жолындағы идеологиялық ықпалы
3. Гитлердің Германиядағы билігін кеңейтудегі фашистік бағыттары
4. А.Гитлер . Германиядағы шексіз билік иесі

Қорытынды
Кіріспе
Фашизм тарихи құбылыс тұрғысынан қарастырғанда әлі күнге дейін саяси тартыстар тудыруда. Бұл құбылысты фашистік идеялардың тіршілік әрекетін жүргізуіне байланысты және бұл идеялардың қайта жандануын болдыртпау үшін терең зерттеу қажет. Германияда национал-социализмнің пайда болуын зерттеу арқылы біз фашистік тоталитарлық диктатураның орнауының жолдары мен тәсілдерін меңгеру мүмкіндігін аламыз, ал бұл мәселе оған тоқталуын талап етеді. Себебі, қазіргі таңда да национализм, шовинизм мен зорлық-зомбылық бой көтеруде.
30-40 жылдары Германияда орын алған зорлық пен зомбылықты қайталамау үшін,фашизм қандай кереғар нәрсе екенін үнемі мағынасын ашу арқылы адамзат есінен шығармау керек.
Неміс фашизмінің негізін салушы Адольф Гитлер болып табылады, оның жеке тұлғасын қарастырсақ, ерекше адам екендігіне көз жеткізе аламыз.
Өмірінің алғаш 30 жылында ол саяси салада аса белсенділік көрсетпеген болатын, ал келесі 26 жыл ішінде Германияның диктаторы және жай ғана адам бола тұра, Европаның бір бөлігі мен Германияның тас талқанын шығарған сұмдық геноцид соғысын бастады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. А.Гитлердің Германияға жеке билік режимінің орнауы
2. Фюрердің рейхканцлер лауазымын алу жолындағы идеологиялық ықпалы
3. Гитлердің Германиядағы билігін кеңейтудегі фашистік бағыттары
4. А.Гитлер – Германиядағы шексіз билік иесі
Қорытынды

Кіріспе

Фашизм тарихи құбылыс тұрғысынан қарастырғанда әлі күнге дейін
саяси тартыстар тудыруда. Бұл құбылысты фашистік идеялардың тіршілік
әрекетін жүргізуіне байланысты және бұл идеялардың қайта жандануын
болдыртпау үшін терең зерттеу қажет. Германияда национал-социализмнің
пайда болуын зерттеу арқылы біз фашистік тоталитарлық диктатураның
орнауының жолдары мен тәсілдерін меңгеру мүмкіндігін аламыз, ал бұл
мәселе оған тоқталуын талап етеді. Себебі, қазіргі таңда да
национализм, шовинизм мен зорлық-зомбылық бой көтеруде.
30-40 жылдары Германияда орын алған зорлық пен зомбылықты
қайталамау үшін,фашизм қандай кереғар нәрсе екенін үнемі мағынасын
ашу арқылы адамзат есінен шығармау керек.
Неміс фашизмінің негізін салушы Адольф Гитлер болып табылады, оның
жеке тұлғасын қарастырсақ, ерекше адам екендігіне көз жеткізе аламыз.
Өмірінің алғаш 30 жылында ол саяси салада аса белсенділік
көрсетпеген болатын, ал келесі 26 жыл ішінде Германияның диктаторы
және жай ғана адам бола тұра, Европаның бір бөлігі мен
Германияның тас талқанын шығарған сұмдық геноцид соғысын бастады.

Адольф Гитлердің Германияда жеке билік режимінің орнауы
Партиядағы бас орын үшін таласы кезінде Гитлер Германияға деген
шексіз билік орнату туралы ұмытпағанды. Гитлердің мемлекеттегі төңкеріс
жасаудың алғаш талпынысы 1923 жылы 8-9 қарашаның сәтсіз аяқталған сыра
бүлігі еді. Дәл сол қараша оқиғалары Гитлердің саяси мансабында
шешуші рөл атқарды. Фюрердің өзі айтқандай бұл оқиғалардан кейін
конституцияны зорлықпен құлату ойларынан арылды.
1924 жылы 24 желтоқсанда түрмеден шыққан соң Гитлер партияны
біріктірді.
1925 –1927 жылдары партия мемлекеттің территориясында еркін әрекет
қабілеттілікке ие болса, Гитлер жиналыстар мен ереуілдерде сөз
бостандығына ие болды.

Фюрердің рейхканцлер лауазымын алу жолындағы идеологиялық ықпалы
Еркіндікке шыққан фюрер белсенді түрде жұмысқа кірісті. Мемлекет
аралап, жиындарда сөз сөйледі. Гитлердің жақтастары оның барлық
жақсы қасиеттерін насихаттады. Бірақ, 1924 –1928 жылдары нацистер
жеткілікті мөлшерде сайлау дауыстарына ие бола алмады. 1924 жылғы
рейхстагқа сайлауда 6,5 %, 1928 жылы 2,6 % дауысқа 12 дауысқа
ғана ие болды.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында мемлекет экономикалық
дағдарыстан шыққан кезең болатын. Азаматтар өмірі қалыпқа келіп,
сондықтан да нацистік лозунгтерге қажеттілік азайды.
Бірақ, Гитлер оны мойындамады, ол партиядағы беделін одан әрі
нығайтып, мемлекетте фюрер культін кеңінен жаяды.
Насихаттау ісі толассыз жұмыс істеді. Нацистер үшін ол
“психологиялық соғыстың” бір бөлігі болды. Насихаттау – фашизмнің
сыртқы әлеммен қатынас ұстаушы ең маңызды қаруы болды.
1928 жылы желтоқсанда “шешуші насихаттау акцияларын” бір жылдық
жүргізілуі жоспарланды: 70-тен 200-ге дейін әр 7–10 күн сайын барлық
округтерде жиындар өткізу жоспарланды. Дауыс эффектілері, прожекторлар
транспаранттар, үлкен жалаулардың сол жиындардағы рөлі ерекше болды. Осы
тәсілдерді қолданудың басты мақсаты аудитория әсері неғұрлым қатты
болу үшін: жай ғана қол шапалақтаудан эйфория мен экзальтацияға дейін
осындай жиындардың күнтізбесі Гитлердің өзі, Гиммлер мен Гесстың
қарауында болды.
Нацистердің жеңістеріне 1929 жылы болған экономикалық дағдарыс
әсер еткен. Әлсіз мемлекетті одан әрі әлсіретті. Веймар
республикасында саяси парламенттік дағдарыс байқалды.
Гитлер халықтың күшті де беделді көсемді күткенін жақсы
түсінген. Бұл көсем экономикалық және әлеуметтік реформалар емес, ұлтты
қайтадан дүниеге әкелетін көсем болу керектігіне көзі жеткен. Гитлер
тез арада жұртшылық одан естігісі келетінін айта білген.
Билікті өз қолына алу тұрғысынан қарастырғанда Гитлер жұртшылық
алдында біресе “солшыл”, біресе “оңшыл” кейіпте сөз айтқан. Гитлер
барлық дүниедегі бақытты әкелемін деп сендірді. Немістерге
сословиелердің ұлттық бірлігін әперем деп уәде бере тұра, осы
бірліктің әр тұлғаның таптық және топтық мүдделеріне кері әсер
тигізбейді деп сендірген. Немістер үшін “қызыл қауіпке”, еврейлерге
қарсы күрес және арийлік нәсілдік тазалығы үшін күрес жалпы сипат
алды. СА-ның зорлық-зомбылығы, терроры арқылы нацизм күш пен мықтылықтың
белгісі екендігіне жұртшылықты сендіргісі келді.
Гитлер миллиондаған адамның сеніміне бөленді. Гитлер халықты тек
ол ғана партиямен бірге Германияны экономикалық және әлеуметтік апаттан
құтқара алатынына сендірді.
1930 жылдың көктемінде Гитлер мен Геббельс рейхстаг
сайлауынақарқынды түрде әзірлене бастайды. Олардың басты мақсаты
қателеспейтін, ұлы фюрер басқаратын партия бейнесін көрсету еді.
Нәтиженің соншалықты жоғары болуы нацистердің өздерін таң қалдырды:
6,5 млн. адам 18,3% дауыс беріп, енді НДСАП-та 107 депутат мандаты
болды. Партия рейхстагта көлемі жағынан екінші орын алды. социал-
демократтардан кейін.
Біреулер Гитлер Германияның тарихи құндылықтарын қайтарады деп
сеніп дауыс берсе, енді біреулері, әсіресе, жастар оның ұлттың
ұлылығын қайта тудырады деп сенген. 1930 жылы 1928 жылмен салыстырғанда
Гитлерге сеніп дауыс берген адам саны 8 есе көп болса, 1932 жылы
бұл мөлшер тағы да 2 есе көбейді.
1932 жылы рейхпрезидент сайлауы өткізілді. Гиденбург осы орынға
жаңа мерзімге сайлануға тағы да шығады. Фюрер де осы орынға
талпынды, дегенмен өзіне толығымен сенбеді: “Мен билікке келетінімді
білемін. Өзімді канцлер кейпінде көріп тұрмын... Және канцлер боламын
да. Бірақ, ешқашан президент бола алмайтынымды жақсы білемін”1.
Бұған қарамастан Гитлер сайлауда белсенділігін танытады. Гитлердің
арқасында нацистік партия өздеріне дауыс берушілердің санын 11 млн-ға
жеткізеді. Яғни, жалпы дауыс берушілердің 30%-ін өздеріне қаратты.
Алайда фон Гинденбург үшін берілген дауыстардан 7 млн-ға кем болды.
Гинденбургті социал-демократтар, профсоюздер, католиктік центристік
партия қолдаса да, оған қажет абсолютті көпшіліктен 200.000 дауыс кем
берілді.
Дауыс берудің екінші кезеңінде Гитлер жаңа сайлау компаниясын
өткізуге ерекше құлшыныспен кірісті. Гинденбург сайлауда жеңсе де,
басты жаңалық нацистердің жетістіктері еді.
Гитлер сайлауда фиаско тапса да, енді Рейхстаг сайлауына назарын
аударады. Насихаттау мен пайымдау бұрын болмаған қарқынмен жүріп
жатты.
1932 жылы жазда гитлерлік қозғалыс жандана түсті. 1932 жылдың 30
маусымында Рейхстагқа сайлану күні болды. Нәтижесі жарияланған соң,
нацистер Германиядағы ең үлкен партия екендігі анықталды: НДСАП
Рейхстагта 230 орынға ие болды.
Фюрер Рейхстагтағы ең ірі партияның көсеміне айналғандықтан канцлер
орынтағын талап етті. Гитлер баяғыша қыспаққа түсіру, арандату
тәсілдерін қолданудан жалықпады.
Дегенмен, президент фон Гиденбург пен рейхканцлер фон Папен
Гитлердің талаптарын орындаудан бас тартып, тек вицеканцлер орнын
беруге уәде берді. Фюрердің ашу-ызасы қатты болды. Әйтсе де биліктен
бас тартуға асыққан жоқ.
1932 жылы 12 қыркүйекте Рейхстагтың бірінші толық жиналысында осы
оқиғалар өз шегіне жетеді. Нацистер үкіметке сенімсіздік білдірді:
512 дауыс қарсы, 42 дауыс фон Папен үшін. Ал, канцлер жауап ретінде
Рейхстагтың бір күн ішінде таратылу бұйрығын шығарады. Нацистер бір
жыл ішінде 5-ші сайлау компаниясын жүргізуге мәжбүр болады. Енді НДСАП
қолдауы 33,1 %-ке дейін кемісе де нацистер 197 орынмен Рейхстагта
күшті партия болып қала береді.
Кезекті саяси дағдарыстан кейін 1932 жылы желтоқсанда канцлер
болып генерал фон Шлейхер тағайындалады. Ол национал-социалист Грегор
Штрассерге вице-канцлер постын және Пруссияның премьер-министр
орындарын ұсынады. Осылайша Шлейхер Гитлерді оның Шлейхердің
үкіметіне кіру нацистер үшін пайдалы болатынына сендіргісі келді.
Ал, Гитлер болса жағдайды пайдаланып, Штрассерді сатқындыққа
айыптайды.
Шлейхердің Рейхстагтағы жағдайы тұрақсыз болды, оның үкіметі
рейхсыр арқасында ғана өмір сүрді.
1933 жылы 4 қаңтарда фон Папен Шлейхерді хабардар қылмай,
Гитлермен келіссөз жүргізеді. Онда Гитлер канцлер болуын талап етіп,
Папенмен коалицияға кіруге уәде береді. Шлейхер құпиялы келіссөз
жайлы естігенде ызаланып, Рейхстагты таратады. Папен Гиденбургпен
келіссөздерді консервативті күштердің богын құру және Гитлерді
канцлер етіп тағайындауды ұсынды.
1933 жылы 30 қаңтарда А.Гитлер Германияның рейхканцлері болып
тағайындалады.
Гитлерден басқа кабинеттің 11 мүшесінен тек екеуі ғана нацист
болды. Екеуі де беделді орындарға тағайындалды.
Фон Папен рейхтың вице-канцлері болып тағайындалады және
канцлердің президентке баяндамалары кезінде болу құқығына ие болады.
Папен өзін президенттің жақын жолдасы және Гитлерге сөз айта алатын
тұлға ретінде сезінді. Гитлер болса, канцлер орнын иеленген соң
Папен белгіліген тексерулерді сақтауға мүлдем асықпады.

Гитлердің Германиядағы билігін кеңейтудегі фашистік бағыттары
1933 жылы 30 қаңтарда Гитлер билік басына келген соң, нацистік
идеология сіңген өз мемлекетін құра бастайды.
Идеология НДСАП пен Гитлер жақтастарын біріктірер негіз болды.
Фашистік идеология билікке деген гипертрофирленген түйсікке
негізделген. Нацистік идеологияның постулаттары антиземитизм,
антидемократизм, антимарксизм, расизм, национализм мен шовинизмге
негізделсе, НДСАП-тың саясаты мен идеологиясының қаруы террор мен
үгіт-насихат болды.
Фашистік насихаттауда құпиялы да қауіпті, баршаға қарсы
бағытталған қару қолданыла бастады – кінәлі де, кінәлі еместерді де
қырып-жою.
Террор болса – қозғалыстың ішкі заңын іске асыру; мақсаты –
табиғат пен тарих күштеріне адамзат арасында еркіндікті қамтамасыз
ету. Дәл қозғалыстың өзі террорды қажет ететін адамзат жауларын
таңдайды. Террор заң атқарушысы ретінде ру, ұрпақ үшін индивидті,
тұтастық үшін бір бөлікті құрбандыққа шалады.
Террор ағыны мемлекетте үрей туғызып, нацизм жауларын құрту
керек еді. Әуел баста террор аппаратының негізін СА құраса, енді
оның “ұзын қылыштар түнінен” кейін нацистік иерархиялық ұйымдардағы
беделі түсіп кетеді. Мемлекеттік террордың бас қаруы енді СС-тың
таңдаулы жауынгерлері болды. Нацистік режимінің маңызды бөлігіне
айналған концлагерлер саны көбейе түсті. 30 қаңтардан бастап, бірнеше
ай бойы Германияда жаппай террор орнады. Табиғаты бойынша зұлымдық
пен жеккөрушіліктің жарылысы секілді болды.
Террормен бірге нацизмнің өркендеуіне насихат та біраз үлес
қосады. Насихат негізін алдау-арбау құрады. “Алдау-арбау неғұрлым
көбірек болса, соғұрлым адамдар оған көнеді”,- деді Гитлер өзінің
шектен шыққан арсыз сөзінде.
Бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен насихат негізінде Гитлер
культі айналды. Фюрер “әлемдегі ең ақылды адам” ретінде баспасөз
көздерінде көрсетіледі. Көпшілік үшін дәл фюрердің тұлғасы нацизм
символы мен большевизм және еврейлермен күрес, “өмірлік кеңістігін”
жаулау негізі болды. “Гитлердің мифы” діни табынушылықты ауыстырды.
1933 жылы Й.Геббельс басқарған халық ағарту мен насихат
министрлігі дүниеге келген күнінен-ақ толықтық санасын бақылаушы
ретінде жұмыс істеген.
“Біздің мақсатымыз адамдармен бізге бас игенше, біздің
көзқарастарымызды мойындағанша, Германияда болып жатқанды түсіне ғана
қоймай, бұны қабылдағанша қарқынды жұмыс істеу керек”,- деді Геббельс.
1933 жылға дейін басталған қоғаммен жұмысты одан әрі датытып,
нацистер өмірдің барлық салаларын қамтитын бірлестіктер мен ұйымдарды
құрды. Спорт, өнер, білім салаларындағы профессионалдық
бірлестіктерді өздеріне көндірді немесе мүлдем жойды.
Техникалық жетістіктер арқасында фюрер есімі барлық жерде
әңгіменің ортасына айналды: оның бейнесі барлық жарнамаларда,әрбір
кинокадрларда болды, барша тыңдауға міндетті болған радиодан оның
дауысы естіліп жатты.
Фюрердің құдаймен теңелуі, насихат көмегімен оның абыройы жоғары
көсемге айналуы Үшінші рейхтың маңызды бір бөлігі болды.
1933 жылы қаңтарда билікке келген террор мен насихатты қолдана
отырып, мемлекеттегі шексіз билік үшін күресін бастайды. Фашистердің
ең қауіпті жаулары солшыл күштер, яғни коммунистер, социал-
демократтар, профсоюздер болды. Билік құрылымында буржуазиялық
партиялар, генералитет бәсекелестері болды.
1933 жылы 27 ақпандағы Рейхстагтың өртелуі коммунистерге ашық
соғыс ашуға сылтау болды. 1933 жылы 5 наурыздағы Рейхстагқа сайлаудан
кейін де нацистерге әлі де коммунистер кесел келтірді. Коммунистердің
мандаттары жойылды. Гитлердің саяси оппоненттерін тұтқынға алу,
өлтіру, зорлау күнделікті нәрсеге айналды. Барлық коммунистер түрмеде
қамалып отырды немесе өлтірілді, ресми түрде ешқандай заңмен де
коммунистік партияға тыйым салынбаса да, КПГ саяси аренадан жоғалып
кетті.
Социал-демократтар және алғаш апталарында арандатушылықты
болдыртпау үшін абайлап қана әрекет қылды. Дегенмен, барлығы да
басқа болды. Профсоюздар СДПГ-дан бөлініп, жаңа үкіметпен жұмыс
істеуге әзір екендігін білдіреді. Бірақ олар да 1933 жылдың 2
мамырында таратылды. Профсоюздардың мекемелерін шабуылшылар қиратып, ал
олардың жетекшілері концлагерлерге қаматылды.
10 мамырда профсоюздардың орнына “Еңбек майданын” құрды, оның
құрамына міндетті түрде барлық немістер бірікті. Бұл бірігу күллі
әлемдегі билікке ие болу үшін Германиядағы қоғамның барлық таптарын
фюрердің жетекшілігіне, қоластына жинақтау үшін бағытталған шара
болған. Сондықтан да, Э.Самойлов айтқандай, “мәжбүрленген таптық
дүниені ұйымдастыруға” тырысты.
Социал-демократиялық партиялар заңды түрде профсоюздардан гөрі
ұзағырақ өмір сүрді, дегенмен, 22 маусымда 1933 жылы СДПГ да
таратылды, ал оның мүлкі тәркіленді. Партияның бөлімшелері жабылып,
жетекшілерінің көбі қоныс аударды, ал қалғандары тұтқынға алынды.
Қалған партиялар да режимнен қысым көрді. Националистік партиялар
мен “Болат дулыға” НДСАП партнерлері деңгейін ұстағысы келгенмен,
бұл ойы да маусымдық аяғында таратылды. Католиктік партиялар ең
соңғы, 1933 жылдың шілде айында өз еркімен таратылды. 1933 жылы 14
шілдеде саяси биліктегі монополизациясын “Жаңа партиялар құруға
қарсы заң” арқылы аяқтады. Онда: “1. Германия тек бір саяси партия
НДСАП болу керек... 2. Егер қайсыбіреу басқа бір саяси партияны
құруға ат салысса немесе қолдаса, жазаға ұшырайды...”- деп жазылған.

Осы ұсыныс тек конституцияны ғана емес, төтенше заңның өзін
жоққа шығарды, себебі, бұл ұсыныс парламенттік жүйені жойып,
Рейхстагты биліктен айырды. Енді ешқандай ұйымдық оппозиция
Гитлердің беделіне қарсы шыға алмады.
1933 жылдың ортасында Гитлерге “билік беру” процессі толығымен
аяқталды. Бұл процесс зорлық пен зұлымдық арқылы іске асты.
Гитлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фашистік қозғалыстың пайда болуы, а.гитлердің үкімет басына келуі
Фашистік Германияның сыртқы саясаты
ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның жағдайы
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
Германия және фашистік режимнің күйреуі
Германия революция қарсаңында
Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты
Германия тек бір саяси партия
Бенито Муссолинидің өмір жолы
Пәндер