Кәсіпорынның қаржылық жағдайын факторлық талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі мен олардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілердің таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зеттеу, қаржылық тұрақтылығының маңызы тез жоғарылауда. Мұның бәрі кәсіпорынның таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зеттеу, қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін және қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.
Мұндай талдаудың нәтижесі біріншіден меншік иесіне, сонымен қатар кредиторларға, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлар мен салық қызметтеріне қажет. Осы жұмыста кәсіпорынның қаржылық талдауы меншік иесінің көзқарасы жағынан жүргізілген, яғни ішкі қолдану мен қаржыны оперативті басқару үшін қажет.
Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру үшін, өндірісті кеңейту үшін, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Табыс есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.
Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын.
Бұл жұмыстың басты мақсаты - «УПТК -СНАБ» ЖШС - нің қаржылық жағдайын зерттеп, шарушылықтың табыстылық деңгейін анықтап, қаржылық кызметінің негізгі мәселелерін қарастырып және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Алға қойған мақсаттан келесідей мәселелерді қарастыруға болады:
- кәсіпорын балансы мен оның өтімділігін талдау;
- Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зеттеу;
- айналым құралдарының айналымдылығын талдау;
- табысы мен рентабельділікті факторлық талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- төлем қабілеттілігін анықтау;
- талдау нәтижесінде пайда болған мәселелерді шешу жолдарын ұсыну;
- Кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау.
Жоғарыда айтылып өткен мәселелерді шешу үшін «УПТК -СНАБ» ЖШС-нің келесі мәліметтері қолданылды:
- 2005 жылдан 2007 жылға дейінгі бухгалтерлік есебі;
- мемстат орталығына табыс ететін 2005 жылдан 2007 жылға дейінгі кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері;
- үш жылдық бухгалтерлік балансы;
- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебі;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі.
Зерттеу объектісі «УПТК -СНАБ» ЖШС -гі болып табылады. Талдаудың заты кәсіпорынның қаржылық процестері мен оның қызметінің сонғы өндірістік- шаруашылық нәтижелері болып табылады.
Ғылыми - техникалық ілгерілеудің қазіргі заманғы кезеңінде халық шаруашылығында оның жетістіктерін пайдалану - қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының қозғалтқыш күші болып табылады. Уақыт өткен сайын ғылымның өндіріспен органикалық бірігуінің интенсивті процесі жүріп отыр, бұл өндірістік өнімнің материал сыйымдылығын жүйелі түрде төмендетуге кең жол ашып отыр.
Әрбір өндірістік - өнеркәсіптік кәсіпорында айналым қорларын үнемдеудң басты бағыты - жұмыс орындарында (цех, учаске, бригадада) дєл сол көлемдегі шикізат пен материалдардан соңғы өнімнің шығуын ұлғайту. Бұл ең алдымен өндірістің техникалық жарақтандырылуына, жұмысшылардың шеберлік деңгейлеріне, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді тиімді ұйымдастыруға, материалдық ресурстар қоры мен шығынының нормасына, осының негізделген болуына тєуелді болады.
Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде кәсіпорын қаржысының теориялық негіздері қарастырылған. Оның қоғамдық өнімді ақшалай формада бөлумен байланысты экономикалық қатынастардың көлемді аймақтарын қамтитыны және ғалымдардың енбектері туралы айтылып өтілген. Қаржының концепциялары мен оның негізгі қызметтері және кәсіпорын қаржысын ұйымдастырудағы негізгі принциптері мен қаржылық механизм қарастырылған. Сонымен қатар бұл бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстры мен қаржы қорларының қалыптасуы көрсетілген.
Жұмыстың екінші бөлімінде «УПТК -СНАБ» ЖШС-нің негізгі қызмет барысы сипатталған. Сонымен қатар қаржылық жағдайды сипаттайтын негізгі көрсеткіштері факторлық талданады. Олардың ішінде кәсіпорынның жылдық балансы, пайдасы мен шығындары, рентабельділігі, қаржылық тұрақтылық коэффиценттері мен өтімділік көрсеткіштері. Талдау барысында қаржылық көрсеткіштердің өзгерісі қандай себептерге байланысты екендігі қарастырылған.
Үшінші бөлімде екінші бөлімде пайда болған негізгі мәселелерді шешу жолдары ұсынылған. Олар кәсіпорынның рентабелділік денгейін көтеру үшін айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету жолдары мен айналым құралдарын үнемдеудің қажеттілігі. Сонымен қатар бұл бөлімде ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін көтеретін шарттар негізіндегі жолдар да ұсынылған.
Дипломдық жоба 70 беттен тұрады, 11 кесте мен суретпен көркемделген.
- КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКәсіпорын қаржысының түсінігі және негізгі қызметтері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етудің экономикалық пайдаоылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорвн табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерімен сипаттлады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың соммасы. Шетелдік арнаулы әдебитеттерде «табыстар» ұғымы анықталады:
“Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағадайдағы капиталдың өсуіне әкеледі”
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 2007 жылы ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заң күші бар ҚР Президентінің №111-234 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: “Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы”. Белгіллі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді өткізуден алған табыс: жалпы табыс: негізгі қызметтен алынатын табыс: салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынған табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылды қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Табыстардың пайда болуының негізгі қайнар көзі болып материалдық өндіріс ортасында алынатын ұлттық табыс саналады. Ұлттық табыстың алғашқы бөліну процесінде, экономиканың негізгі звеносы болып саналатьын кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың және үй шаруашылығының алғашқы табыстары пайда болады. Қайта бөлу процесі кезінде олардың табыстарынан жинақтау жолы арқылы, әртүрлі жеке мақсаттарға пайдалану үшін ақша құралдарының қорлары және міндетті төлемдер арқылы қоғамдық қатынастардағы басқа қатысушылардың ақша құралдарының қорлары құрылады.
Нарық жағдайда табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы - диретивті экономика рөлі төмендетілген болады. Табыс ( Пайда ) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілген. Нарықтық экономика көшу табыс ( пайда ) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналады. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселесінің шешімін анықтайды : нені, қалай және кім үшін керек ? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызметі етуінің мақсаты болып қалыптасады, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді шығындардың толық ақталуы және кәсіпорынның өндірістік - техникалық базасының кеңейуі негізделеді. Бұл кәсіпорынның өзіндік ағымдағы және күрделі шығындардың өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығын кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудалармен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар капитал салымдар банктің ұзақ мерзімдік несиелермен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндетмелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіш болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық денгейі мен осы салынған салымдар табыстылығын анықтайды.
Нарықтық экономика жағдайдағы табыстың ролі ол атқаратын қызметтерімен анықталады. ТМД елдердегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымзша, ол тек екі қызмет атқарады:
- Мемлекеттік бюджет табысының көзі;
- Кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Табыс өз қызметінің тиімді орындай алу үшін келесідей негізігі шарттар орындау қажет болады:
- Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсету тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескерту керек.
- Бұымдарды калькулациялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
- Табыс бөлу механизімі белсенді роль атқару керек және өндірістің дамуы мен оның тиім ділігін арттыруда ынталандырушы фактор болу тиіс.
- Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар. Есеп айрысунысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т. б) ғана мүмкін.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылқ жүргізуші субьектінің өзі де, мемлекетте мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер жүйелі түрде талдау жасау қажет:
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
- Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштердің жоспарының орындалуын бақалау;
- Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зеттеу;
- Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденияларын зерттеу;
- Табыстың өсу резервтерін анықтау;
- Кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
- Табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффиценттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зеттеу.
Кәсіпорын қаржысы - бұл кәсіпорынның ақша құралдары қорларының, негізгі және айналым капиталының қалыптасуы, сонымен бірге оларды бөлу мен пайдалану процесі кезінде пайда болатын қаржылық немесе ақшалай қатынастар.
Қаржының күрделі айрықша экономикалық категория болуына
Жалпы қоғамдық өнім және оның маңызды бөлігі ұлттық табыс, сонымен бірге ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалға мемлекеттік мүлікті өткізу бойынша операциялар, айналым құралдарын айналыстан алып тастау операциялары) бөлу қызметінің көмегімен бөлінеді және қайта бөлінеді.
Қоғамдық өнімнің бастапқы бөлінуін және келесі немесе қайта бөлінуін айырып көрсетеді. Жалпы қоғамдық өнімнің барлық көлемінің бастапқы бөлінуі кезінде орнын толтыру қоры және қайта құрылған құн - ұлттық табыс бөлінеді, өндірістік аялардың (шаруашылық субъектілері және олардың жұмыскерлері) бастапқы табыстары құрылады.
Экономиканы қайта бөлу кезінде, заң бойынша мемлекетке қажет аударымдарды есептемегенде шаруашылық субъектілердің болжамды табысын пайдалану, коммерциялық есептесу және өзін-өзі қаржыландыру әдістерін енгізу арқылы қайта бөлудің сала ішілік және ішкі шаруашылық ортасы бірте-бірте тарыла түседі.
Қаржының бөлу қызметі арқылы ақшалай табыстар мен шығындардың құрылуы жолымен экономикалық агенттердің және мемлекеттің экономикалық қызығушылығын тудыратын кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сонымен бөлу қызметі арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, жиынтық қоғамдық өнімнің, оның ақшалай түрдегі құрамдық элементтері қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар
айқындалады және сату - сатып алу арқылы табиғи зат түріндегі қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдай туады. Нәтижесінде нақты еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесін есепке ала отырып қоғамдық өндіріске барлық қатысушылардың экономикалық қызығушылықтары қанағаттандырылуы қажет.
Ұдайы өндіріс концепциясын жақтаушылар қаржы мәнін осындай кең түсінікте көрсетуіне байланысты, олар қаржы қызметін келесі түрлерге бөледі:
- ақшалай табыстар мен қорлардың құрылуы;
- ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
- бақылау қызметі.
Қаржының осындай қасиетінің арқасында, олар экономикалық басқарудың әр кезеңіндегі бөлінудің сандық пропорциялары қалай жүріп жатқандығы туралы, табыстар мен қорлардың және олардағы кейбір элементтердің арақатынасы туралы, мақсатты белгіленген қаржы ресурстарын пайдаланудың дұрыстығы туралы хабарлай алады. Сонымен бірге қаржылар ұдайы өндіріс процесіндегі ауытқулар мен үйлеспеушіліктерді де хабарлай алады және оларды қажетті арнаға бағыттауға рұқсат береді. Табыстардың, жинақтардың және қорлардың пайда болуы және оларды қолданудың сандық түрдегі көрінісі құндық көрсеткіштердің әртүрлілігі ретіндегі көрінетін қаржы көрсеткіштері жүйесінде бейнеленеді. Қаржылық көрсеткіштер жалпылама қорытындылап нәтижелеу қасиетіне ие, яғни экономиканы басқарудың кез-келген деңгейінде шауашылық есептік органның барлық қызметіндегі нәтижелерді кешенді түрде көрсетеді.
Бақылау қызметі - қаржылық бақылауда көрінеді, бірақ бұл түсініктерді теңестіруге болмайды. Бақылау қызметі қаржының ішкі қасиеті болып табылады, ал қаржылық бақылау-бақылау қызметін қаржының объективті мағынасына тән ретінде тәжірибелік түрде қолдануды айтамыз. Бақылау қызметі бөлектенбей, керісінше табиғи өзара қатынаста басқа қызметтермен бірге әрекет етеді. Қаржылық ресурстардың пайда болуын және оларды пайдалануды бақылаумен байланысы жоқ бірде-бір қаржы түрінде бейнеленетін қатынастары болмайды, сонымен бірге тек бақылау қызметіне ғана тән қаржылық қатынастар болмайды.
1. 2 Табыстылық абсолютті көрсеткіштерін талдау
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т. с. с салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетілуде.
Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарлар өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгеййімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторларымен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауврлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы - материалдық құндылықтардың азаюы немесе керсінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндіріспен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы - материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айрысудың алдын ала төлем нысаны да қолданылады. Алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарладың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айрыысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорын қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
- біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді:
- екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылдау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрестулер нарығында мрнополиялық орын алатвн болса;
- үшіншіден, тұтынушылар төлем жүргізілгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенітін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта) .
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне әсерін тигізеді.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар - бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады ( тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, бала-бақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер ) .
Айналым қорлары бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым қорлары екі бөлімнен тұрады:
- өндірістік айналым қорлары;
- айналыс қорлары.
Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70 %, машина жасау мен металл өңдеуде 80 % аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
- Өндіріс қалдықтары. Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
- Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
- Болашақ кезеңдердің шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі болып мыналар болуы мүмкін:
- өндірістік тауарларды өткізуден түскен табыс;
- істелген жұмыс пен көрсетілген қызметтен түскен табыс;
- мүлікті қолдануға бергеннен түскен табыс.
Бұл табыстар кәсіпорынның есеп айырысу немесе валюталық шотқа (егер өнімді экспорттаса) өткізуден түскен түсім формасы ретінде көрінеді. Түсім біріншіден өндіріске кеткен шығындарды жабу, нарықта жылжу және тауарды (жұмыс, қызмет) өткізу көзі болып табылады. Бұған тағы да өнімді өткізу мен сатуға тікелей байланыссыз, бірақ пайда табу мен байланысты экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін кеткен шығындардың бір бөлігі кіреді. Сонымен қатар бұл шығындар заңға сәйкес өнімнің өзіндік құнына жатады. Түсімнің содан кейінгі бөлінуі өзінің экономикалық негізінде негізгі қорларды қайта өндіруге арналған амортизациялық қордың құрылуымен байланысты.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы мақсаты мен нәтижесі табыс пайда болып табылады. Салықтық төлемдерден кейін кәсіпорынның иелігінде қалатын пайда құрылады. Бұдан резервтік капитал мен басқа да ұқсас резервтер және жинақ қоры мен тұтыну қоры қалыптасады.
Резервтік капитал- бұл кәсіпорынның ақша қоры, ол өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңы мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес құрылады. Оның қалыптасу көзі болып кәсіпорын иелігінде қалатын пайдадан бөлінген ақша қоры табылады. Ол есептік жылдағы пайданың жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда есептік жылдың шығындарын жабуға және дивиденттерді төлеуге арналған.
Резервтік қордың болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Сонымен қатар ақша құралдарының резервтік қорлары есебіне кейінге сақтау қоры, өтеу қоры және тағы да басқа акционерлік қоғамдардағы облигацияны өтеу мен акцияны сатып алу үшін құрылған қорлар жатады.
Жинақ қоры - бұл өндірістің дамуына арналған ақша құралдары. Бұл кәсіпорын мүлкін өсіру мақсатындағы негізгі өндірістің дамуы мен пайда табуы үшін қаржылық салымдармен де байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz