Қазақстан және ТМД елдеріндегі қонақ үйдің пайда болу кезеңдері



Мазмұны
Бет.
Кіріспе 3

1 ТМД елдерінің көлеміндегі қонақ үйлердің дамуы мен қалыптасуы 5
2 Алматы қаласындағы қонақ үй шаруашылығының жағдайы 8
3 Әлемдік қонақ үй шаруашылығының құрылымы 15

Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Факультет Әлеуметтік қызмет және бизнес

Кафедра Туризм

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан және ТМД елдеріндегі қонақ үйдің пайда болу
кезеңдері.

Тексерген: Бейсекей Е.
Орындаған: Балымбетов М.
Мамандық:Туризм
Топ: 303

Алматы, 2011

Мазмұны

Бет.
Кіріспе 3

1 ТМД елдерінің көлеміндегі қонақ үйлердің дамуы мен қалыптасуы 5
2 Алматы қаласындағы қонақ үй шаруашылығының жағдайы 8
3 Әлемдік қонақ үй шаруашылығының құрылымы 15

Қорытынды 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы туризм және қонақжайлылық
индустриясы бүл әлемнің көптеген елдерінде пайдалы қарқынды даму саласына
айналған халық шаруашылығының кешені. Қонақ үй және туристік бизнес
кәсіпкерлерді өзінің бастапқі капиталының аздығымен, оның тез арада
қорлануымен, туризм мен орналастыр қүралдарына әрдайым сүраныстың болуымен,
өндірістік шығындардың рентабельділігінің жоғарғы деңгейімен тартымды
етеді. Қазақстандағы жеке бизнестің дамуы туристік қызметтер аясындағы
мемлекеттік монополияның жоғалуына, қонақ үйлердің және басқа да
орналастыру орындарының көптеп ашылуына әкелді. Туристік рыноктағы
сүраныстың артуы үсынылатын қызметтер санының өсуіне алып келді. Қонақ үй
шаруашылығы орналастыру қүралдарының негізгі экономикалық аспектілерін,
қонақжайлылықтын экономикалық табиғатын, қонақ үй қызметіндегі экономикалық
заңдардың қолданылуын, және де ондағы шаруашылық механизмінің әрекет етуін
қарастырады. Бүл бағдарлама қонақ үй жіктемесінің мәнін ашады, сондай-ақ
әлемдегі қонақжайлылық ерекшелігін қарастырады, және де қонақжайлылық
индустриясындағы франчайзинг, келісім шарттық басқару, жалға беру және
т.с.с. түсініктерге анықтама береді.
Рефераттың мақсаты:
- қонақ жайлылық индустриясын басқару, қонақ үй шаруашылығы саласы жөнінде
білім және дағдыларды оқып-үйрену.
Қызметкерлерге білім негізінде өндірістің ең перспективалы факторы ретінде
көзқарасты қалыптастыру, жеке адамдардың немесе группалардың,
коллективтердің потенциалын ашатын көзқарасты қалыптастыру. Курс туризм
менеджеріне мекеменің кадрлық саясатын анықтауға, туристік мекемеде
қызметкерлерді басқару әдістерін қолдануға, технологияны құрастыруға
мүмкіндік береді.

Ежелгі Грекияда біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықта таверналар
әлеуметтік және діни өмірдің маңызды элементтері болып табылды.
Таверналарда саяхатшыларды орналастыруға арналған бөлмелер болғанына
қарамастан, көп дәрежеде таверналар тамақтандыру қызметін беруге арналды.
Сауданың дамуы мен осымен байланысты ұзақ қашықтықтарға жол жүру тек
тамақтандыруды ғана емес, жатын жерді ұйымдастыруды да талап етті. Осы бір
жағдай кәсіпорындардың басқа түрінің – тұрақ аулалардың пайда болуына негіз
болды. Тұрақ аулалардың ең кең тармақталған жүйесі Рим империясының
аумағында құрылды. Тұрақ аулаларды, әсіресе негізгі жолдарда тұрғандарын,
римдіктер істі біле отырып тұрғызды және олар өз заманы үшін әбден ыңғайлы
болды [1].

Кейініректе Марко Поло олар туралы мұнда корольге тұрақтау да ұят
емес екендігін айтты. Үкімет шенеуніктері мен тасымалдаушылар жолда онша
шаршап-шалдықпай, әрқайсысында дем алулары үшін , олар бірінен бірі шамамен
25 миль қашықтықта тұрғызылды. Оларды ұсынушылардың ерекше мәртебесін
куәландыратын, арнайы үкімет құжатын көрсетіп қана, тұрақ аулаларды
пайдалана беруге болатын еді, сондықтан мұндай ресми құжаттар жиі ұрланып,
қолдан жасалатын. Марко Поло өзінің Қиыр Шығысқа саяхатына аттанып кеткен
уақытқа таман мұндай тұрақ аулалар елде ондаған мың болып еді.

1 ТМД елдерінің көлеміндегі қонақ үйлердің дамуы мен қалыптасуы

2000 жылдары жекеменшілік, шағын әртүрлі типтегі конак үйлер қалыптасуы
нарыктық жағдайда өтуде.ТМД елдері көлеміндегі конак үйлердің даму,
калыптасу тарихы темендегідей.
Ерте ғасырларда Ресей, Европалық бөліктегі ТМД елдерінде және Жібек
жолы бойындағы қалаларда атпен серуендеушілердің, саудагерлердің, пошта
т.б. мемлекеттік қызметкерлердің жол бойында тынығуға, тамактануға ыңгайлы
керуен сарайлардан басқа, пошта стансаларының салынуы, қонақ үй аулаларының
трактирлер құрылысы пайда болып, 1818 ж. өзінде Мәскеу каласында 7 конақ үй
жұмыс істеген. Оган дейінгі кезеңде көрші мемлекеттерден келген шет елдерін
конактарға арналған арнайы демалатын, тамақтанатын орындар болған.
Олар армяндық, ағылшындық, гректік, голандық т.б. болып
аталған. Құрылымында шағын сауда сөрелері, кішігірім дүкендер, зат
сақтайтын қоймалар т.б. қызмет көрсетуге арналған нысандар болған. Калуга
каласында көненің көзі ретінде қазірге дейін сакталып туристік экскурсиялық
нысан құрайды.
1878 ж. Мәскеуде бес кабатты ен ірі конақ үй және ресторанымен ашыла
отырып Үлкен Мәскеу серіктестігі болып аталған.
1890 жылдары Европа, Центральный конак үйлерінде Люкс нөмірлері
ашылды. Кейінірек Балчуг, Метрополь іргетасы қаланған болатын.
1910 жылдары Ресей жерінде 4685 қонақ үйлері пайда болған екен.
Бұлардан басқа кішігірім демалыс тамақтану орындарын есептемегенде [2].
Кеңестер дәуірінде бұрынғы жекеменшік қонак үйлер мемлекеттік
коммуналдық жүйеге көше отырып, екінші дүние жүзілік соғысқа дейін Москва
және 669 калаларда конақ үйлер салынды. Қонак үй бизнесінің тоқырауы екінші
дүниежүзілік соғыс кезінде байкалды.
1960-1970 жылдары 6 мыңнан астам конак үйлер пайдалануға беріле отырып
Золотой колос (4000 орынды), Ярославль (2000), Туриск, Алтай,
Восток (2400 орынннан), Ленинградская (500), Украина (1660), Россия
(5350) т.б.Бұл жылдары туризм саласының дамуы байқалды.Алдымен кәсіподақ
араласуымен және өкімет қолдауымен қабылданған қаулы қарарлар өзіндік үлес
қосты.
1980 ж. Олимпиада ойындары қарсаңында Космос, Измаилово,
Севастополь, Спорт, Международная т.б. қонак үй жұмысы жанданды.
1990 ж. қонақ үй шаруашылығы күйзелісі Кеңестер одағының ыдырауы,
жекешелендіру, баска салаға, офистік ойын-сауык орталықтарына көшу
теңденциясы байқалады.
Қазакстан конажайлығының қалыптасуының көне тамыры тереңде жатыр. Онын,
пайда болуы алғашқы қоныстардың, келік жолдарының және сауда катынастарының
дамуымен байланысты. Алғашқы конак үйге ұксас ғимараттардын, ашылуын біздің
эрамыздың алғашкы ғасырларына катыстыруға болады. Ұлы Жібек Жолы бойындағы
аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен
керуендермен түйелер арқылы қатынайтытынын білдік. Олар керуен жолының
бойындағы қалалардан немесе елді-мекендерден шатыр құрып түнейтін болған.
Бірақ кейде олар ерте қонақ үй келені болып табылатын — керуен-сарайларда
токтаған екен. Керуен-сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату ауласы болып
табылса керек. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Европаға
карағанда әлдеқайда ілгері болганымен де, шығыстағы керуен-сарайлар ақша
табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында
салынган екен. Бірақ 13-ші ғасырдың басы болашак Алматымен жалпы Жетісу
аймағына қай салада болсын үлкен төңкеріс әкелді. Моңгол шапқыншылығы елдің
экономикасына ғана емес, қала мәдениетіне де кері ықпалын тигізді. Ұлы
Жібек Жолы маңындағы калалардың күйеруі сауда және керуен жолдарының
әлсіреуіне әкелсе, ол өз алдына сол кезеңдегі енді өркендеп келе жатқан
керуен-сарайларының еріксіз өз жұмысын тоқтатуына әкеп сокты. Алайда
саудамен келік жолдарының қайта өркендеп дамуы Ақсак Темірдің билей
кезекінде басталады. Соғыс қимылдары алаңының өркендеуіне байланысты елдер
жаңа жолдар салып, жаңа калалардың ашылуы халыкаралык қатынасты дамыта
түсті. Мұны өзі жаңа қонақ жайларын ашуды міндеттеді. Тарихтың келесі
парағы XV ғасырдың аяғымен XVI ғасырдың басын ашады.
Қазақ хандығының құрылуы конақ үй шаруашылығына еш кері әсерін
тигізбей, бірқалыпты дамуды байкатады. Қонак үй кешендері дамуының одан
арғы тарихы Қазакстанның Ресейге косылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың
алғашкы жартысының соңына карай Қазакстан толығымен Ресей империясының кол
астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен калалардың салынуы
қонак үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы
конақ үйлердің мысалы ретінде пикеттерді, қонак үй палаткаларымен
шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй
шаруашылығы 1903 ж. Алматы қаласында алғашкы Европа конақ үйінің
салынуына әкеп сокты. Осыншама тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 160-
қа жуык қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда,
Қарағандыда, Шығыс Қазакстан және Оңтүстік Қазакстан облыстары аумағында
орналаскан [3].
Қонак үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліп қарауға болмайды. Ал
соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде
біршама жақсы дамыған: казакстандықтар шетелде демалуды әдетке айналдырған
— 45,8 %, ішкі туризм — 37, 9 % көрсетсе, туристердің Қазақстанга келу
көрсеткені небәрі 16,3 %-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардын соңғысына
мұқтаж, себебі оның арқасында елге валютаның кеп келуімен өндіріс
салаларының қаркынды дамуы басталады.
Қазакстанға туристерді келтіру үшін біркатар жұмыстар аткарып, оның
ішінде қонақ үй инфраструктурасын колға алу керек. Еліміз дамудын нарыктық
жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап,
әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр
қаланың конақ үй өмірі біршама тірілді. Жаңа конак үйлер пайда болып,
ескілері жаңартылып жатыр.
Алматының Евразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен катар
қалада көптеген саммиттер, халыкаралык конференциялар, семинарлар,
көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетін
бірнеше отырыстар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар,
ол көктем-күз айларына келеді. Қыскы, әсіресе жазғы кезде бизнес-
туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен катар Қазакстанға
іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейі қонақтар
бар. Бірак іскер адамдармен бизнес-туристердің қонақ үймен отельдерге деген
нақты талаптары бар — ол сервистің тиісті деңгейін камтамасыз ететін
қазіргі заманга сай әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек. Ал
5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда конақ үй бизнесі мамандарының
айтуынша, бір орынды нөмірге тәулігіне 290 $ төлейтін туристердің арқасында
Алматыдағы әлемдік кұрылымдағы Тһе Regent Ankara және Hyatt Regency
қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ алғашкы бекітілген баға көп
жағдайда қалыпты баға болып саналмайды да, нөмірлер тұрлі жеңілдіктер
бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер, мысалы: корпоративті
клиенттерге немесе отельмен біріге жұмыс жасайтын туристік операторларға
берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да ықтимал:
кейбір тур.фирмалар Алматының 5 жұлдызы қонақ үйінін, бір орынды нөмірін
прайста көрсетілген бағадан 30 % түсіреді. Бірак Тһе Тһе Regent Ankara
немесе Hyatt Regency деңгейлес қонак үйлерінің мейрамханалардың, түнгі
клубтардың, казино, фитнесс-орталыктарының, конференц-залдарының болуы
салдарынан. Аталмыш орындар жергілікті компаниялардың презентация,
семинар немесе пресс-конференцияларды ұйымдастыруында белсенді тұрде
жалға алынуда.
Кейбір деректерге сүйенсек қонак үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай
косалкы қызметтері олардың нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді. Бірақ
баска да көзқарастың барлығын да мойындау керек. Мысалы Отырар конақ үй
кешенінің директоры Назигүл Шорманованың айтуынша қонақ үйдің негізгі
кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал ғимарат ішінде казино, түнгі
клуб, мейрамхана, авиакасса және т.б. болуын тек туристердің ұсынысынан
туындағанын айтып түсіндірді.Бірак Отырардың тек 4 жұлдызды қонак үй
екендігін ескерсек, оның жұмыс спецификасының да біраз өзгеше өтетіндігін
түсінеміз. Қалай дегенмен де қосалқы қызметі бар қонақ үйлердің кірісі,
ондай қызметсіз қонақ үйлерге қарағанда жоғары екендігін статистика
керсетіп отыр.
Яғни қонақ үйдің қосымша қызмет керсетуі биік сұраныска ие. Айта
кететін бір жәй: 5 жұлдызды конак үйде тұру кезінде жоғарыдағы қосымша
қызметтер бағасы нөмір бағасымен бірігіп кетеді (бассейнге түсу, фитнесс-
орталығында, түнгі клубта болу, саунаға кіру т.б.). Бірак елімізге
келушілердің барлығы дафирмадағы жұмыс орнына байланысты, 5 жұлдызды қонак
үйде бола алмауы мүмкін. Осылайша Қазақстан шетелдік қонақтарға тағы не
ұсына алады деген орынды сұрак туындайды.Қазақстан қалаларының қонақүй
шаруашылығы жаман емес .оған мысал Алматы қаласынын орталық бөлігінде бір
біріне қатар орналасқан қонақ үй ғимараттарын көруге болады.Рахат
Паласс.,Анкара,Астана,Айсер көп жұлдызды эжлиталы қонақжай болып саналады.
Данияр т.б .2000 жылдардан бері бұрынгы мемлекеттік ғимараттардың
жекешелендірілуі Алматы қаласының қонақүйлерінің дәл есебін алуға мүмкімдік
бермейді.Ең арзан баға 800 теңге ден басталып жоғарылай береді.Олардың
қызмет көрсету деңгей орташа.Ал бағасы 2000-8000 тенге тұратын жатын орны
бар қонақүйлер Европалық стандартқа келеді.Олардың инфрақұрылымы жеткілікті
болғанымен қызмет көрсету дәрежесі төмендеу [4].

2 Алматы қаласындағы қонақ үй шаруашылығының жағдайы

Қазақстан және ірі сауда орталығы , оңтүстік астанамыз Алматы
қаласының қонақ үй шаруашылығы жайында айта кету біздің
міндетіміз.
Жалпы қонақ үй шаруашылығын туристік- нарықтан бөлек
қарастыруға болмайды. Себебі біздің мемлекеттің туристік - нарық
жүйесі аздап ақсауда. Соңғы мәліметтер бойынша біздің мемлекеттен
шетелге шығушы туристер саны 45,8 % пайыз, ал келетін
туристер саны 37,9 % пайыз. Қазіргі кезде дамыған және дамушы
мемлекеттердің өзі бұл салаға қызуғышылық танытуда, себебі бұл
индустрия саласы шетел валютасынның қайнар көзі болып
табылады.Осы индустрияның көзін табушы байлық, бақыт, бедел иесі
бола алады.
Алматы қаласы Евразиялық орталық ретінде статусы көтерілуде.
Қаламызда көптеген саммиттер, халық аралық конференциялар,
семинарлар, жоғары дәрежелі көрмелер өтіп тұрады. Осындай
ғылыми прогрестер арқылы, біз өзімізге шетелдік компаниялардан
партнерлар тауып отырмыз. Олардың сұранысы бойынша қонақ
үйлердің барлық жабдықтары қазіргі заман талабына сай болуы
қажет. Өкінішке орай біздің қалада ондай қонақ үйлер аз.
Біздің мемлекетке келетін туристердің көбісі іскерлік
мақсатта келеді, олар әр-түрлі қоғам қабаттарынан құралған
қауым. Келетін туристердің басым бөлігі The Regent Ankara
және Rahat Palace қонақ үйлеріне келіп жайғасады. Қаламызға
келген туристер бұл қонақ үйлерде бір орынды бөлмеге 290
доллар төлеуге даяр, бұл бізді қуандыратын жай. Қаламыздағы
қонақ үйлердің жанында әлемдік қонақ үйлер талабына сай
ойынхана, мейрамхана, авиакасса, түнгі клубтар, фитнес-орталықтар,
конференц-залдар бар. Арнайы емес мәліметтер бойынша біздің қонақ
үйлердің осындай қосалқы бөлімдері қонақ үйлердің негізгі
пайда көзіне айналып отыр. Демек жергілікті туристердің ,
шетелдік туристерге қарағанда белсенді екендігіне көз
жеткіздік.
Отырар қонақ үйінің президенті Назгүл Шорманова басқарып
отырған қонақ үйі жөнінде былай дейді; Біздің қонақ үйіміздің
жанында ойынхана, мейрамхана, авиакасса, түнгі клубтарымыз бар.
Ол қонақтарымыз үшін әбден ыңғайлы. Қонақ үйіміз 4 -
жұлдызды, келген туристер қосалқы қызметтер ( бассейн, фитнес-
орталық, сауна, түнгі клубтар ) үшін қосымша ақы төлемейді.
Осындай төлем түрлерімен біз өз қонақтарымызды қызықтырамыз [5].
Алматы қаласында қазіргі кезде 4- жұлдызды қонақ үйлер:
Қазақстан (41-125 доллар), Отырар (94 доллар), Достық (125 – тен
жоғары), Ambassador (151 – ден жоғары), және 1-3 жұлдызды қонақ
үйлер; Алматы, Пекин, қонақ үй-санатори Каргалинка, Каз – жол Алатау
санатори құрамында және Astana International Hotels. Қаламызда
қазіргі кезде 3- жұлдызды қонақ үйлердің жетіспеушілігі
байқалуда. Себебі олардың тәулік бойғы бағасы, бір орынды
бөлмеге 50-70 доллар аралығында, мұнда тек сауда мақсатындағы
қонақтар емес, сонымен қатар мемлекетімізді қызықтап келген
қонақтар үшін әбден үнемді және ыңғайлы. Осындай қонақтар
үшін арнайы төлем түсіру саясаты, бәсекелестік пайда болған
жағдайда ғана біз бұл саланың қызығын көре аламыз.
Қонақ үй шаруашылығы:
А) Қонақтардың сұраныс түріне байланысты қонақ үйлер.
1) Қала қонақ үйлері.
2) Курортты қонақ үйлер.
3) Әуежайдағы қонақ үйлер.
4) Таудағы қонақ үйлер.
Б ) Жыл мерзіміне байланысты бөлінуі.
1) Жаздық қонақүйлер.
2) Қыстық қонақ үйлер.
3) Бүкіл жыл мерзіміне арналған қонақ үйлер.
В) Басқару формасына қарай қонақ үйлердің бөлінуі.
1) Мемлекеттік қонақ үйлер.
2) Жекеменшік қонақ үйлер
3) Жартылай жекеменшік қонақ үйлер.
Г) Қонақ үйлердің қызмет көрсету дәрежесіне сәйкес бөлінуі.
*- жұлдызды.
**- жұлдызды.
***- жұлдызды қонақ үйлер.
Е) Үлкендігіне қарай қонақ үйлердің бөлінуі.
1) Үлкен қонақ үйлер.
2) Орта қонақ үйлер.
3) Кіші қонақүйлер
Қонақ үй шаруашылығының осындай моделді мекен жайларының қызмет көрсету
жүйелігі, әрқашанда өзінің сапалы дәрежелі денгейін көрсетеді. Ол мынандай
қонақ үйлердің жұлдыздық жүйелігіне сай болуы қажет [6].
1 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты ескі, 1-2 қабатты, бөлмелерінде
терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре
беріс жері жоқ, полы ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет тұрлері
жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан (әрбір қабатында бір-бірден
немесе сыртта), асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортак.
Бөлмелері жиһаздалмаған, 1-2 төсек орны бар, үлкен столы, орындыктары,
айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазыткышы, радиосы жок, электр жүйесі
ортақ, тесек орын 12 күнде 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй бойынша кезекшілік
тек қана күндіз, күзеті жоқ.
2 жұлдызды қонак үйлер. Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған. 1
-3 қабатты ғимарат. Терезелері ашылады, лоджиясы мен балконы жоқ, жалпы
кішігірім холы бар. Холы телевизормен және жұмсак жиһазбен жабдықталған,
тек қана жүк тасуға арналган лифті бар. Бөлмелері кішігірім, жиһаздары
стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде
айнасы бар; душы дәретханасымен бірге орналаскан. Тесек орын келген
мерзімнен бастап 2 рет ауыстырылады; ыстық елдердегі конак үйлерде
кондиционері бар; 1 қол сүртетін орамал мен сабын беріледі; стол,
орындыктар, тоңазыткыш, телевизор, конак үй ішіндегі телефон, кала бойынша
телефон кезекшіде ғана бар; элекір жүйесі ортак. Бөлмені жинау күнделікті
жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес
және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй бойынша тәулік бойығы кезекшілік
жүргізіледі.
3 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған; 2-
7 кабатты ғимарат, қонак үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше
телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңгайлы жұмсақ креслолары бар.
Қабаттардың бірінде, тәулік бойы, бары жұмыс істейді. Холы және әрбір
қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген;
жылдам лифті (жүк және адам тасымалдауга) бар. Міндетті түрде қонақ үйдің
сыртына аты жазылады. Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған;
стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін. Тесек орны бар;
электр жүйесі белме бойынша барлығына да ортак. Терезелері ашылады, балкон
мен лоджия міндетті түрде емес, қонак үйдің қабырғалары суреттермен
әшекейленген, телевизорды пультті; кондиционер; тоңазытқыш,
радиоаппаратура, бар (тек кана "люкс" нөмірлерінде); қонақ үй бойынша
телефон тегін; ал қала бойынша ақылы; дүние дәретханасымен бірге
орналасқан; дәретхана қағазы, орамал (қол сүртетін және моншалык), сабын
(күнделікті ауыстырылады). Бөлмені күнделікгі жинайды, төсек орын
күнделікті ауыстырылып отырылады; туристтердің жеке, кұнды заттарына
арналған сейф үсынылады. Қонақ үйде тәулік бойғы кезекшілік және күзет
жүргізіледі.
4 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан
салынады. Міндетті түрде сырткы атының жазылуы болу керек, демеушілердің
жарнамасы. Қонақ үй көп қабатты, 17 қабатқа дейін болуы мүмкін. Қонак үйде
жылдам лифті (2 жүк тасымалдауга және 45 адамдарға арналған) кем болмауы
тиіс. Қонак үйде үлкен холы бар. Холы қазіргі заман талабына сай
жиһаздалган, қабырғалары әдемі дизайнды, гүлдермен әсемденген, жалпы жаксы
жарықпен және радио-видео-телеаппаратураларымен жабдықталған. Қонақ үйде
кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.
Бассейні қонақ үйдің қасында орналаскан және бильярд ойнайтын жері бар.
Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері — үлкен кіреберіс
жиһаздармен және толық жиһазбен жабдыкталған. Міндетті түрде: телевизор,
магнитола, кондиционер, бары бар тоңазытқыш, төсек асты кілемшек, қонак үй
ішіндегі және кала бойынша телефон болады. Лоджиялар мен бассейн бар; душы
дәретханасымен бірге орналасқан, 2 орамал (қол сүртетін және моншалық)
беріледі. Төсек орнын күнделікті ауыстырылады, бөлме күнделікті
жинастырылып отырады. Қонақ үй бойынша кезекшілік пен күзет тәулік бойы
жүргізіледі. Буклеттер, визиткалар, қала бойынша проспектілер тегін
таратылады.
5 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты казіргі заман талабына сай, кеп
қабатты. Міндетті түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері, кымбат соңғы үлгідегі
қүрылыс материалдарынан салынған. Кіре-беріс есігінде міндетті түрде
швейцар тұрады. Кіретін есіктері бірнеше, территориясы қоршалған және өте
жақсы күтілген (төсеніштер, гүлдер, клумбалар т.б.), міндетті түрде
туристердің және конак үйдің транспорты тұратын орын болады. Бір қабаты
қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал-
жабдықтар тұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады. Егер де қонақ
үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және
теңізге шыга алады. Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қакпамен салынады.
Бассейн жағалауында көптеген де столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар
т.б. барлығы да тегін. Бұл жерде-ақ, солярий (ауа ваннасы) болуы мүмкін.
Массаж т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Іскерлік туризмнің сыныптамасы
Стандарт салалары
Қазақстандағы әлемдік қонақ үй жүйелері және Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы
Аққу қонақ үйіндегі нөмірлер құны
Қонақ үй бизнесі жайлы
Қызметтің нақты саласына қарай істелген қызметтер
Қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база туралы ақпарат
Бас әкімшілік кеңсесінің ұйымдық құрылымы
Пәндер