Сүт безінің жағдайын анықтау



Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Сүт безінің жағдайын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.2. Желінсауды анықтаудың лабораториялық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.3. Желін ауруларын жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3.1. Желінсауды салыстырмалы балау (кесте) ... ... . 10
2.4. Серозды желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.5. Катаралді желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.6. Фибринозды желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.7. Іріңді желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.8. Геморрагиялық желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.9. Тәнді желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.10. Агалактия және гипогалактия ... ... ... ... ... ... ... ...16

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Сүт безінің аурулары.

Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Оларды емдеу шаралары әртүрлі болғандықтан, патологиялық процестің сипатын ажырата біліуміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды клиникалық және лабораториялық әдістерге бөлуге болады.
Клиникалық зерттеулерге: анамнез мәліметтері, организмді жалпы зерттеу және желінді зерттеу кіреді.
Анамнез: қашан бұзаулады, туу процесі мен туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықтануы, туғанға дейінгі, туғаннан кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрыңғы жылдары желін аурулары болған ба, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық шаралар орындала ма, жалпы шаруашылықта желін аурулары көп пе, сиырдың сүттілігі қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді, кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ аурудың туу себебін, патологиялық процестің сипатын анықтауға біршама мүмкіндік туады.
Организмді жалпы зерттеу дегеніміз малдың дене температурасынын өлшеп, тыныс алу жүйесін, жүрек-қан айналу жүйесін, ас қорыта жүйесі мен жыныс органдарын зерттеу, малдың жатып-тұруына көңіл бөлу, сыртқы лимфа түйіндері мен кілегейлі қабықтарды зерттеу болып табылады. Өйткені, желін аурулары көбінесе гастроэнтерит, эндометрит, субинволюция, т.б. ауруладың салдары болуы мүмкін. Сол сияқты желін ауруларының салдарынан басқа органдарының қызметі бұзылуы мүмкін.
Желінді зерттеу. Қарап, ұстап және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді тексергенде сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігін салыстырамыз: көлемі, терісінің түсі мен бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сауған кезде емшегінен сүттің шығуы, сүттің түсі, иісі, бөгде заттардың болуы (құм, ірің, іртік, ұйынды, фибрин т.б.) Бұл белгілер аурудың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Соңынан желін үсті лимфа безін зерттеуді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Студенцов АП, Шитилов В.С, Ветеринарное акушерство, гинекология и биотехника размножения. М: Колос, 2000.
2. Василев М.Ф, Воронин Е.С, Дугин Г.Л. практикум по клинической диагностике болезней животных. – М: Колос, 2003.
3. В.П.Гончаров, В.А.Карпов, Н.Л.Якимчук профилактика и лечение маститов у животных. – М: Россельхозиздат, 1980.
4. Акаевский А.И. Анатомия домашных животных. – М: Агропромиздат, 1975.
5. Беляков М.М. Практикум по клинической диагностике с рентгенлогией – М: Колос, 1992.
6. Валюшкин К.Д, Медведев Г.Ф. Акушерство, гинекология – М: Урожай, 1997.
7. Платохин М.В, Справочник по ветеринарной хирургий – М: Колос, 1977.
8. Жоланов М.Н, Қойбағаров К.У, Туребеков О.Т, Мадияров М.Ә. Мал акушерлігі және гинекологиясы. Оқу құралы – Алматы 2005.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Сүт безінің жағдайын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.2. Желінсауды анықтаудың лабораториялық
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4
2.3. Желін ауруларын жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .6
2.3.1. Желінсауды салыстырмалы балау (кесте) ... ... . 10
2.4. Серозды желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
2.5. Катаралді желінсау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.6. Фибринозды желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.7. Іріңді
желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.8. Геморрагиялық желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.9. Тәнді
желінсау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.10. Агалактия және гипогалактия ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .21

Сүт безінің аурулары.

Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Оларды емдеу
шаралары әртүрлі болғандықтан, патологиялық процестің сипатын ажырата
біліуміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге зерттеу жұмыстары
жүргізіледі. Оларды клиникалық және лабораториялық әдістерге бөлуге болады.
Клиникалық зерттеулерге: анамнез мәліметтері, организмді жалпы
зерттеу және желінді зерттеу кіреді.
Анамнез: қашан бұзаулады, туу процесі мен туғаннан кейінгі кезең
асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықтануы, туғанға дейінгі, туғаннан
кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрыңғы жылдары
желін аурулары болған ба, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық
шаралар орындала ма, жалпы шаруашылықта желін аурулары көп пе, сиырдың
сүттілігі қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді,
кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ аурудың туу себебін,
патологиялық процестің сипатын анықтауға біршама мүмкіндік туады.
Организмді жалпы зерттеу дегеніміз малдың дене температурасынын
өлшеп, тыныс алу жүйесін, жүрек-қан айналу жүйесін, ас қорыта жүйесі мен
жыныс органдарын зерттеу, малдың жатып-тұруына көңіл бөлу, сыртқы лимфа
түйіндері мен кілегейлі қабықтарды зерттеу болып табылады. Өйткені, желін
аурулары көбінесе гастроэнтерит, эндометрит, субинволюция, т.б. ауруладың
салдары болуы мүмкін. Сол сияқты желін ауруларының салдарынан басқа
органдарының қызметі бұзылуы мүмкін.
Желінді зерттеу. Қарап, ұстап және сауып көру сияқты тәсілдерден
тұрады. Желінді тексергенде сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп
қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігін салыстырамыз: көлемі,
терісінің түсі мен бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы,
сауған кезде емшегінен сүттің шығуы, сүттің түсі, иісі, бөгде заттардың
болуы (құм, ірің, іртік, ұйынды, фибрин т.б.) Бұл белгілер аурудың сипатын
анықтауға мүмкіндік береді. Соңынан желін үсті лимфа безін зерттеуді.

Желінсауды анықтаудың лабораториялық әдістері

Аурудың диагнозын қою үшін клиникалық зерттеулерге қосымша, сүтті
немесе желіннің басқа секретін лабораториялық зерттеуден өткізеді.
Лабораториялық зерттеулер, әсіресе субклиникалық (жасырын) желінсауды
анықтауға және желінсауды емдеу нәтижесіне бақылау жасау үшін қажет
кестеге қараңыз.
1. Димастинмен тексеру. Димастиннің 5-10% судағы ерітіндісін дайындап
алады. Сиырдың әр емшегінен жеке-жеке арнайы ыдысқа, 1 мл секрет сауып
алып, оған сондай көлемде димастин ерітіндісін қосып араластырады, егер
сиыр ауру болса сүттің түсі алқызыл түске боялып ұйынды пайда болады. Сүт
таза болса түсі сарғылт тартады, ұйынды болмайды.
2. Бромтимолмен тексеру. Бромтимолдың 0,5 %-дық спиртті ерітіндісін
дайындап алады (50 мл дистиллденген су + 50 мл спирт + 0,5 г бротимол).
Арнайы ыдысқа әр емшегінен жеке-жеке 1 мл сүт сауып алып, 3-4 тамшы реактив
қосып араластырады, егер сиыр ауру болса сүттің түсі қою жасыл-көкке
боялады. Сүт таза болса тек сарғыш тартып қана қояды.
3. Сүтті тұндыру. Кәдімгі бактериологиялық пробиркаға 10-15 мл сүт сауып
алып, қай емшегінен алынғанын белгілеп, тоңазытқышқа (+4о +6о) келесі күнге
дейін салып қояды. Сиыр ауру болса пробирканың түбіне тұнба түседі, бетінде
қаймағы өте аз (0,1 – 0,2 см) болады. Сүт таза болса пробирканың түбінде
тұнба болмайды, қаймағының қалындығы 0,5 – 1 см болады.
4. Уайтсайд әдісімен тексеру. Пробиркаға 5 мл сүт сауып алып, оған 2 мл
натрий сілтісінің 4 %-дық ерітіндісін құйып араластырады, егер сиыр ауру
болса алғашқы 20-30 секундтың ішінде-ақ сүт ұйып, қойыртпаққа айналады. Ол
сүттің құрамында лейкоциттердің көбейіп кеткендігін көрсетеді.
5. Бактериологиялық әдіспен тексеру. Залалсызданған пробиркаға әр емшегінен
жеке-жеке сүт сауып алып, бұрыннан белгілі микробиологиялық әдістермен
тексереді. Онда сүттің 1 мл-ндегі микробтардың жалпы санын және олардың
тегін (стафилоккок, стрептококк, саңырауқұлақтар немесе ішек таяқшаларын
іздейді). Микробтардың әртүрлі антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Желін ауруларын жіктеу

1. Желінсау – желіннің қабынуы.
2. Желіннің қан айналуының бұзылуы – туар алдындағы немесе туғаннан
кейінгі кезеңдегі ісіп – домбығуы.
3. Әртүрлі жарақаттар (кесілген, тесілген, соғылғын, жыртылған).
4. Желін терісінің аурулары (дерматиттер, үсік, күйік, папилломаллар).
5. Емшек кінараттары (цистерна тесігі, емшек арнасының тарылуы, бітелуі).
6. Желіннің қызметінің бұзылуы (лакторрея, агалактия және гипогалактия
қанды сүт, сүт тастарының пайда болуы).

Шаруашылықта малдың бағып – күтімі, азықтануы нашар болып, сауу
ережелері дұрыс сақталмайтын болса, желін аурулары кең таралып кетуі
мүмкін. Сөйтіп, шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Сиырдың бір емшегі
(ширегі) ауырғанның өзінде оның сүттілігі 10 – 20 %-ға кемиді. Желінсау
болған сиырлар (әсіресе сүтті асыл тұқымды сиырлар) мезгілінен бұрын
жарамсыздыққа шығып, етке өткізіліп жіберіледі.
Жасырын (субклиникалық) желінсау кезінде ауру сиырдың сүті таза
сүтпен араласып кетеді де, оның сапасын төмендетеді. Одан жақсы, дәмді
айран ұйытуға, ірімшік-май жасауға болмайды. Ондай сүтті ішкен бұзаудың іші
жүруі мүмкін, адам ауыруы мүмкін. Желін ауруларының ішіндегі ең көп
кездесетіні де, ең көп зиянын тигізетіні де желінсау.
Желінсау – желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды
суалтқан, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі.
Себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы
негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болады.
Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80 % жағдайда микробтардың үлесі бар деп
есептейді. Микробтардың желінге келіп түсуі әрқалай.
1. Емшек үрпісі арқылы (галактогенді жол) – жатқан жері лас болса,
желінді жуып-сүртетін шүберек кір болса, сауыншының қолы, сауын
агрегаты таза болмаса.
2. Қан арқылы (гематогенді жол) – гастроэнтерит, ретикулоперитонит,
эндометрит, вагинит т.б. органдардың ауруынан желінге келіп түседі.
3. Желіннің терісі арқылы (лимфогенді жол) – тері жарақаттанғанда
микроб сол жарадан ары қарай лимфа тамырлары арқылы тарайды.
Бірақ, микроб барлық уақытта міндетті түрде ауру тудыра алмайды, ол
организмнің жалпы резистенттігіне байланысты. Организмнің резистенттігін
төмендететін факторларға мал күтімінің, азықтануының дұрыс сақталмауы
жатады.
Желінсаудың пайда болуына желіннің зақымдануы тікелей себепкер
фактор, сыртқы жарақат (ұрылып – соғылу, сырылып езілуі, жыртылып тесілуі)
немесе ішкі жарақат (альвеолдар мен сүт жолдарының жыртылуы) микробтар
енуші қақпа болып саналады. Ішкі жарақаттар сауу агрегаттарын дұрыс
пайдаланбаудан немесе желінге ауа үрлеген кезде қысымның көбеюінен болыу
мүмкін.
Сатылып жүрген сиырды дұрыстап суалтудың да желінсаудың алдын алу
үшін үлкен маңызы бар.
Туар алдындағы желінде пайда болған ісіктер суыққа ұрынып,
зақымданатын болса, тез желінсауға ауысады. Көктемгі кезде бірден көк шөпке
ауысып кеткен малдың ішінде желінсау көп кездеседі.
Желінсау көбінесе сүтті, 2-3 туған сиырларда кездеседі, оны желін
қызметінің, зат алмасу құбылыстары мен лактация процесінің өте қарқынды
жүруімен түсіндіруге болады.
Жіктелуі. Организм резистентігіне, ауру тудырушы себептердің сипатына
байланысты, желіндегі қабыну процесі әртүрлі деңгейде өтуі мүмкін.
А.П. Студенцов қабыну процестерін сипаттай келіп, желінсауды былай
жіктейді:
1. Серозды желінсау;
2. Катаралді желінсау – а) цистерна мен сүт жолдарының қатары;

б) альвеола қатары;
3. Фибринозды желінсау;
4. Ірінді желінсау – а) ірінді – катаралді желінсау;
б) желін абсцесі;
в) желін флегмонасы;
5. Геморрагиялық желінсау;
6. Кейбір ауруларға тән желінсаулар;
а) желін аусылы;
б) желін актиномикозы;
в) желін туберкулезі;
7. Желінсаудың асқынулары – а) желін индурациясы;
б) желін гангренасы.

Аурудың клиникалық көрінуіне және уақытына қарай желінсауды: жіті (10
тәулікке дейінгі), созылмалы (2-3 аптадан асып кеткенде) және жасырып
(субклиникалық) желінсау деп бөледі.

Желінсауды салыстырмалы бақылау.


Қабыну Димастин Түндыру Бактериологиялық Қорытынды
№ процесінің немесе арқылы зерттеу диагноз
клиникалық мастидинге тексеру
белгілері реакция

1 F + + F Желінсау
Желіннің
2 - - - - тітіркенуі
Микроб тасығыш
3 - - - + мал

4 - - - - Дені сау мал

Серозды желінсау

Серозды желінсаудың клиникалық көріністері: Ауру басталғанда желінде
гиперемия болады және серозды экссудат жиналады, сүттің құрамы өзгере
қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі
төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және
ауырсынады. Желін үсті бездерінің көлемі ұлғайған. Серозды желінсауды
уақытында дұрыс емдесе, мал көп ұзамай жазылып кетеді.
Емі. Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып
тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар
аузынан 10 – 12 г стрептоцид ұнтағын 3 рет бөліп ішкізеді. Д.Д. Логвиновтың
әдісі бойынша қысқа блокада жасайды. Желінді камфора майымен майлап , 2-3
сағатқа озокерит жансырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды
азайтқан жөн.

Катаралді желінсау

Катаралді желінсау кезінде сүтте ірімтіктер пайда болады. Қабыну
процесі екі түрлі өтеді: а) цистерна және сүт жолдарының қатары; б)
альвеола қатары;
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үсті жағын ұстап
көргенде тығыздалған жерлері байқалады олар іріп-ұйып қалған сүттің
жиналып, емшек каналының бітелуінің белгілері. Оны сауып тастағаннан кейін
сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды.
Емі. Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8 – 10 мың ӘБ антибиотиктер
қоспасын бұлшық етке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды
және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын эксудаттан оңай
тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық
мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап
массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар 1-2 рет Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек.
Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт безінің анатомиясы және физиологиясы
Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
Желін жарасы
Сүт безінің патологиясы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Жануарлардың сүт безінің жай-күйі
Сүт безі қатерлі ісігі әйелдердің онкологиялық ауруларының құрылымында
Сүт бездерінің кистасы
Желін безінің аурулары
Сауылатын сиырдың желін ауруын диагностикалау
Пәндер