Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе . . . 3

I-тарау. Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері

1. 1. Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы . . . 5

1. 2. Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары . . . 13

II-тарау. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі

2. 1. Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік түрлері . . . 21

2. 2. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі . . . 34

Қорытынды . . . 43

Әдебиеттер тізімі . . . 45

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп атап көрсеткен .

Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Зерттеу нысаны . Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері.

1. Психология, педагогика, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау.

2. Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісінде көрнекіліктің маңызын анықтау.

3. Көрнекілік ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау.

4. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарын түрлеріне сипаттама беру.

5. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесін талдау.

Зерттеу болжамы. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т. б. ) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Зерттеу әдістері:

- Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; олардағы зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар, көрнекілік ұғымының мәні, мазмұны, түрлері, оқыту әдістері мен талаптары контент-анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану арқылы анықталды;

  • әлеуметтік-педагогикалық әдіс (озат мұғалім тәжірибесін зерттеу) ; эксперимент әдісі (анықтау, оқыту, бақылау) ; оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу) .

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 46 бет.

Кіріспе

Ең алғашқы әлем туралы түсінікті адамдар сезіну арқылы алды. Оларды адамдар қоршаған ортаның әсері ретінде қабылдайды. Қабылдаудың сезінуден айырмашылығы - адамдар әлемді бейнелер ретінде қабылдайды, бұл өзін қоршаған денелер мен құбылыстар және олардың қасиеттер жиынтығын тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

Адамның қоршаған ортаны сезімдік тануына сезіну, қабылдау, елестету, есте сақтау жатады. Ал, ойлау мен сөйлеу - әлемді танудың рационалды немесе ойлау тәсілі. Өйткені сөйлеу мен ойлау арқылы сезімі мен қабылдауы арқылы көрсетілмеген әлемді басқа жағынан таниды.

Елестету барлық уақытта бейне түрінде болады, ал есте сақтау көрнекі түрде бейнелеумен қатар, логикалық (ойды есте сақтау), эмоциялық (сезінуді есте сақтау) болып екіге бөлінеді. Адам елестету арқылы шығармашылығын енгізуге мүмкіндік беретіндей әлемді өзбетінше түрлендіре алады. Сондай-ақ алдағы болатын жағдайларды елестете алады.

Елестету адам өмірінде бірнеше арнайы міндеттер атқарады. Нақтылықты елестете алу және оларды қажетті жағдайларда қолдана алу осы міндеттердің бірі болып табылады. Екінші міндет адамның көңіл-күй жағдайын басқара алатындығына байланысты. Үшінші міндет адамның жағдайы мен оның танымдық процестерін еркін басқаруымен тікелей байланысты болады. Төртіншісі - адам өзінің ішкі жоспарын жасап, ойша образдарды манипуляция жасай алатындығында.

Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын- көрнекілік.

Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин де зор көңіл бөлген.

«Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек», - деген.

Жас бала не нәрсені де болса білуге құмар, қызыққыш, қолмен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұымдастырылған сабаққа байланысты.

Бастауыш сыныптарда оқу үрдісінде көрнекілік құралдарын ти і мді пайдалану оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, ынталандырады, танымды қабілетін оятады.

Себебі бастауыш сынып оқушылары қызыққыш еліктегіш келеді, және олардың танымдық қабілеттері өте жоғары.

Көрнекілік әдістерінің тәсілдері пайдаланатын көрнекіліктің түріне қарай өзгеріп отырады. Көрнекілік әдістері арқылы оқушылаға жаңа ұғым берумен қатар олардың бұрын алған білімін де кеңейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастықтарын көре білуге дағдыланады.

  1. Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің іргетасын Я. А. Коменский қалаған. Ғұлама-педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А. Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болды. К. Д. Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.

Дидактика - оқыту мен білім беру теориясы. Дидактика оқыту мен білім беру мен тәрбиелеудің негізгі құралына айналдыра отырып оқу мен тәрбиелеуді біріктіріп, оқытушының оқушыға білім беруіндегі мазмұнды іс-шараларды анықтайтын бірден-бір озық тағылым.

Оқулықтарда дидактиканы оқыту мен білім берудің теориялық негізі қабылдайды. Негізінде дидактиканы тек қана теориялық талдаулармен қана шектеп қарауға болмайды. Себебі, дидактиканың функциясына ғылыми анықтаулар мен болжаулар және оларға сәйкес теориялық және практикалық ғылыми - педагогикалық зерттеулер де енуі тиіс.

Дидактика оқыту мен білім берудің негізгі құралы ретінде анықталып, оқу мен қалай оқытуды үйретудің негізгі бірлікте екенін анықтай отырып, оқытушының оқыту мазмұнындағы ілімді оқушының игеруіне жол ашуы негізінде қарастыруын көздейді.

Мектептің тағылымдық, дағдылық, білімділік іс - әрекеттерінде қалыптасқан дидактикалық принциптердің ішіндегі - ғылыми, көрнекілік, саналық, білімнің жеке игерілуімен, оның жүйелілігімен және пайымдылығы - болып тірескен бес түрі өмір талқысынан өтіп, бұлтартпас айғағы ретінде қоғамдағы білім саласының айқын кепілділігіне ие болады.

Қоғам мен саяси дамудың нәтижесі мен білім беру саласына да өзінің ықпалын тигізіп отыр. Соған сәйкес дидактика принциптері өзгеріске еніп отыруы табиғи заңдылық. Қазіргі кезде оқу процессін ұйымдастыруда, оқытк әдістерін таңдауда мектептердің оқу - тәрбие жұмысының ұзақ мерзімдегі практикасына сүйене отырып жалпы әдістемелік қағидаларды немесе дидактика принциптерін жетілдіру қажеттігі туып отыр. Мұнда оқыту мен тәрбие беру процестерінің заңдылықтарын және ғылымның өркендеуін, оқушылырдың ой - санасының қарқындап дамуын ескере отырып, төмендегідей принциптерді ұсынуға болады.

  1. Ғылымилық принципі.

Оқу материалының мазмұнын осы заманғы білімдердің жағдайымен толықтырып, әрбір пәннің ғылыми тұрғыдан түсіндірілуіне мүмкіндік туғызады.

  1. Көрнекілік принципі

Оқушының материалды сезімдік қабылдауы болып табылады.

  1. Жүйелілік принципі.

Оқушының алған білімінің жүйелілігі болып табылады.

  1. Пайымдылық принципі.

Оқушының алған тұрғысынан ойлануына, білімді өз қажетіне жаратуына, білімді сапалы меңгеруіне әкеледі.

  1. Саналылық принципі.

Оқушының алған білімін саналы меңгеру болып табылады.

  1. Оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеу принципі.

Оқушының бағдарлылығын, іскерлігін, қызығушылығын арттыру болып табылады.

  1. Ынтымақтастық принципі.

Топтық жұмыс істеу, бірегей мүдделерді қорғау үшін білім және тәрбиені негізге алады.

8. Ұжымдық принцип.

Оқытумен тәрбиенің ұжымдық сипаттағы көрінісі.

9. Мәдени бейімділік принципі.

Оқыту мен білім берудің, сонымен бірге тәрбиелеудің әрбір ортаға, ұлтқа, қоғамға, ұлттық менталитетке жергілікті үрдістерге, салт-дәстүрге мәдени бейімделуді, дамуды қалыптастырады.

10. Табиғатқа бой ұсыну принципі.

Экологиялық тұрғыдан білімін дамыту, ой - кеңейту, табиғатты сүюге тәрбиелеу болып табылады.

11. Салауаттану принципі.

Оқушының жек басының тазалығы, өзін - өзі тануы жас шамасына сәйкес жетілуі, табиғи ерекшеліктері, денсаулық, физиологиялық, психикалық дамуы, валеологиялық білім алуға жетелейді.

  1. Тәрбие мен оқытудың беріктігі принципі

Тәрбиелеу мен оқыту әрдайым бірге жүреді, оқыта отырып тәрбиелеу.

  1. Құқықтық принцип.

Оқушының дами отырып өзінің жеке басының құқықтарын жете біліп, өзін заңды қорғай білуі. Оқушының патриоттығын, елінің Атазаңына құрметі мен сүйіспеншілігін туғызады.

  1. Байланыс принципі.

Теория мен практиканы өзара байланыстыру, экскурсия, саяхатқа шығу, шеберханада жұмыс жасау сияқты сыныптан тыс жұмыстар мен іс- шараларды жүзеге асыру.

  1. Өнерпаздық принцип.

Баланың жан - жақты, есті, зерек, өнерлі болып дамуы.

Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай əрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық əрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Принциптерді білу жəне оларды оқу-тəрбие процесінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды жəне ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.

Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ереже - бұл педагогикалық іс-əрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тəсілінің суреттемесі (описание) . Көбіне оқу ережесі деп қандай да принципті қолданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші тұжырымдарды түсінеміз.

Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы заңдары орындалуы шарт.

Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама-қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоққа шығару заңы.

Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі - жаңа əлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.

Сандық жинақтық сапалық өзгеріске түсу заңы да оқу процесінде көрініс береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты (нанымдары, сеп-түрткілері, ұстанымдары, қажеттері, құндылықты бағыттары, даралықты іс-əрекет стилі, ептіліктері мен дағдылары) сандық жинақтың белгілі деңгейдегі нəтижесі.

Санның сапаға ауысуы жоқты жоққа шығару заңы тетіктеріне сəйкес келеді. Тұлғалық жəне психикалық жаңа құрылымдар адамның өткен кездердегі жинақтаған тəжірибесі негізінде қаланады. Соңғы өмір кезеңдерінде пайда болған сапалар бұрынғы қалыптасқандарын “жоққа” шығарады. Жоққа шығару тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір əрекеттер көп қайталаулар нəтижесінде күрделі дағдыларға (жазу, есеп, оқу) айналады.

Диалектиканың жалпы заңдылықтарымен бір қатар оқу барысында арнайы педагогикалық заңдар да əрекетке келеді. Ғалымдар мұндай заңдардың бірқаншасын ашып, педагогикалық тəжірибеге ұсынған. Өз заманында ғұлама педагог И. Г. Песталоцци келесі заңды нақтылаған: елес байқауынан анық ұғымдарға, олардан анық түсініктерге өту.

Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:

- жеке адамның дамуы əуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тəуелді жүріп жатады;

- ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерін қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды;

- балалардың жан жəне тəн дамуы əрқилы деңгейде өтеді.

Теоретиктер мен практиктер ашып, бүгінгі педагогикаға енгізген заңдылықтар саны ұланғайыр (мысалы, И. П. Подласый өз оқулығында 70-тен астам заңдылықты хаттаған) .

Оқудың əрқилы заңдылықтарын реттестіріп, жинақтауға орай, оларды жалпы жəне жеке (нақты) заңдылықтар деп бөлу қабылданған.

Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:

- оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;

- оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді;

- оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру - педагогикалық шеберлігіне, оқушының оқып-үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты;

- оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тəуелді;

- оқуды басқару. Оқудың нəтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады;

- оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына (внутренние стимулы) ; оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) .

Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:

- дидактиканың тек өзіне тəн (оқу нəтижесі қолданылған оқу əдістері мен құрал-жабдықтарына, оқытушының кəсіби шеберлігіне жəне т. б. байланысты) ;

- таным теориясына (гносеологиялық) сай (оқу нəтижесі оқушылардың танымдық белсенділігіне, ептілігіне жəне оқуды қажетсінуіне, т. б. тəуелді) ;

- психологиялық (оқу нəтижесі шəкірттердің оқу-үйрену мүмкіндіктеріне, зейін деңгейі мен тұрақтануына, ой-ақыл ерекшеліктеріне жəне т. б. байланысты) ;

- əлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі басқа адамдармен тікелей не жанама қарым-қатынасына, қоршаған ортаның ақыл-парасат дəрежесіне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасау стиліне жəне т. б. тəуелді) ;

- ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу дəрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті тəрбиелеуге бағытталуына, таным қызығушылығын қалыптастыруына, қанағаттану лəззатына бөлеп, танымдық белсенділікті қанаттандыруына жəне т. б. тікелей байланысты) ;

Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде жəне оларға орай қабылданған ережелерде байқалады.

Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты əрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тəуелді. Мысалы, оқушы сабақ басына кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. Мұндай жағдайда мұғалім ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды əрекет жасауы қажет, себебі тəртіп бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл ескерту қалай орындалады- оның жолы бүтіндей жəне толығымен нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған тəртіптерге, қалыптасқан қатынастарға жəне көптеген басқа да себептерге байланысты.

Оқудың дəстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық жəне белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мəні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де əрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тəуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-əрекетті басқару жəне оқу тəрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған əдістер мен оқу жабдықтары жəне т. б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең əрі берік игеруде пəрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық жəне белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:

- алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну- саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мəнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;

- оқыту барысында оқушы не, неліктен жəне қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мəн, мағынасын ұғынуы;

- оқу барысында танымдық іс-əрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тəсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қоя, біріктіру, сəйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса, индукция тəсілін жиі қолдану;

- оқушылар əр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мəн-мағынасын түсінуі; оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тəжірибесіне сүйену, бейнелі салыстыруларды пайдалану, мəн-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Оқытудың ғылымилық принципі
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Бастауыш сыныпта ойынның оқыту және тәрбиелеу бірлігін жүзеге асыру
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктері
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктерін зерттеу
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін пайдалану жолдары
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz