Отбасы және мектептің жағдайсыз отбасылармен бірлескен жұмысын ұйымдастыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс.әрекетінің ғылыми теориялық негіздері
1.1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны ... ... ... ... ... 6
1.2. Отбасындағы қарым.қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы ... ... ... ... .12
ІІ. Отбасылық қарым.қатынаста ата.ана ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын тексеру бойынша тәжірибелік.эксперименттік жұмыс мазмұны
2.1.Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі негізінде ата.аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Ата.аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Батыс Қазақстан Инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Отбасы және мектептің жағдайсыз отбасылармен бірлескен жұмысын ұйымдастыру
Орал, 2012жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздері
0.1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
0.2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ. Отбасылық қарым-қатынаста ата-ана ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны
2.1.Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының міндеті анық көрсетілген. Қазақстан - 2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда тұлғалық мен бейнесі қалыптасады.
Отбасында әр түрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда бала өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-аналардың мінез - құлқы, бір-біріне және балаға қарым-қатынасы қалыптасып келе жатырған бала тұлғасына үлкен әсер етеді. Бала үлкендердің әрекеттеріне сезімтал болады, отбасының тәрбие үрдісінде алынған тәрбиені тез меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы - жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғымын түсіндіреді.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсуде. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу отбасы қарым-қатынасы сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен, әлсірей түсуде. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі - толық емес отбасылар, жалғыз басты аналар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т.б туысқандық байланыстар әлсіреді.
Отбасында бала тұлғасының қалыптасуына ата-ананың мақсатты ұйымдастырылған тәрбиесі мен саналы ұғынылған және бейсаналы деңгейдегі инстинктивті реакцияларымен шартталған қарым-қатынасы шешуші әсер етеді. Осыдан отбасы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты бала бойында әртүрлі тұлғалық сапалар, қасиеттер, әдет-дағдылар қалыптасады.
Ата-ана мен бала қарым-қатынасын қалыпты және бұзылған деп бөлуге болады және олар баланың отбасындағы дамуына тікелей әсер етеді. Баланың отбасында сәтті дамуы үшін ата-ана өзара қарым-қатынасын және баламен қарым-қатынасын саналы түрде ұғынуы қажет. Меніңше, қиын, тілалғысыз, сотқар балалар, сонымен қатар өзін өзгелерден төмен санайтын, жасық, бақытсыз балалар - көбіне отбасындағы теріс қалыптасқан қарым-қатынас нәтижесі. Сондықтан, қазіргі қоғамдағы қиын отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері мен баланың тұлғалық дамып-жетілуіне әсер ететін факторларды теориялық тұрғыдан талдау, сараптау қажеттілігі зерттеу мәселесін көкейкесті етеді.
Отбасында бала тәрбиелеу ешкандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлау не болмаса педагогика, психология саласынан элементарлы болса білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттелуге алынбаған. Сондықтан бұл мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Зерттеу мақсаты - отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалы.
Зерттеу пәні - бала мен ата-ана қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу болжамы: егер, ата-аналар мен педагогикалық ұжым мүшелері арасындағы бірлескен іс-әрекетті жүйелі тұрғыдан ұйымдастырып жүргізетін болсақ, онда ол ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге үлкен ықпалын тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
oo отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздерін зерттеу;
oo отбасылық қарым-қатынаста ата-ана ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.
Зерттеудің теориялық және әдімнамалық негіздері болып - отандық және шетелдік педагогика-психология ғылымындағы ата-ананың балаға тәлім-тәрбиелік ықпалына қатысты ізгілікті философиялық тұжырымдар; отбасы қарым-қатынасы жайлы А.С.Макаренко; В.А.Сухомлинский, Д.И.Фельдштейн сынды ғалымдардың ой-пікірлері мен ережелері.
Зерттеу көздері - Қазақстан Республикасының Конституциясы Неке және отбасы туралы заң, педагог, философ, әлеуметтану ғылымындағы отбасы қарым-қатынасына қатысты еңбектер. Білім туралы заң, тәрбие туралы тұжырымдама; оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, отбасы тәрбиесі бойынша Знание қоғамы, жекеленген ғалымдардың ата-аналардың бала тәрбиесі бойынша сауатын ашуға арналған бағдарламалары.
Зерттеу әдістері - ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат; Отбасы қарым-қатынасының педагогикалық ықпалын арттыру бағдарламасы бойынша эксперименттік жұмыс; сауалнама және тест арқылы білім-білік тексеру; алынған нәтижелерді статистикалық зерделеу.

1.1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың "өзі үшін өмір сүруге"ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар еенгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне өзінше қиындық әкеледі.
Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз бала отбасында, негізінен бір баласы бар отбасында, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол - балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық қөңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Ата-ана құқығына айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейді әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастайды. Мұндай отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасындағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана отбасы тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.
Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата- ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері- еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады. Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата- аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.
Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата- аналар түрлі еңбек іс- әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы қажет. Бала отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.
Балалардың бос уақыты- бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады.
Көптеген отбасыларында ата- аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналады. Егер ата- аналар қоршаған табиғат және өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болады.
Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі-бұл ерлі- зайыптының өзара махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс- әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды жеке басының қамын ойламайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Ж. Б. Қоянбаев,
Р. М. Қоянбаевтың пікірінше, оларға мына мәселелер жатады:
1. Отбасының этикалық құрамы және құрамы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы;
1. Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл- ауқаты, селолық және қалалық отбасы:
2. Отбасының мәдени потенцияллы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті; күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер:
3. Ішкі отбасылық қатынастар отбасы микроклиматтарының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы,
отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
4. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
5. Отбасының тәрбиелік потенциялы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата- аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі (20,194).
Отбасының осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі; адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік- шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы.
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі- үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін- өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй- күйі төмен болады.
Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата- аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.
Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата- аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден: ата- аналар балаларды еркімен қарым- қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс- әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдерде кездеседі. А. С. Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетті: "Басу беделі", "Мейірімділік беделі", "Сатып алу беделі", "Тақуалық беделі" т.б.
Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірбиесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу өте қажет. Отбасына қатысы бар адамдардың әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жіктелген. Мысалы, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен апа, іні мен қарындас, немере, шөпшек, жиен, жиеншар, құда мен құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен қайынсіңілі, жезде, бажа, т.б. жеті ата мен одан тарайтын шаңырақтар ру, жүз, т.с.с.
Адамдардың ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орыналатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет пен тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан қарым-қатынастың іс-әрекеттік байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Отбасында, мектепте бұл қатынастар тәрбиенің пәрменді құралына айналуы қажет.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады.
Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан иіскемеген, әже бауырының ыстығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұсқан келе береді.
Отбасы- қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары бой көрсетіп қалыптасады.
Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата- ананың басты борышы.
Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен дұрыс тәрбие қажет. Ата- ана өз баласының неге қызығатының, нені жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай іс- әрекеттерге ынта- ықыласы барын, қандай іске бейім екенін біліп отыруға тиіс.
"Ел болу үшін бесігінді түзе" деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар: білімді, парасатты, ұл- қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің ұлы парызымыз.
"Неке және отбасы" туралы Заңда ата- аналардың балалары алдындағы міндеттері айқын көрсетілген. Мысалы, 62- бапта мыналар көрсетілген.
oo ата- аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;
oo ата- аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті;
oo ата - аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар;
oo бала тәрбиелеуші ата- аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады; (41)
Міне осы заң арқылы қоғам ата- аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырып отыр.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жаупкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқығы туралы конвенцияның маңызды негізгі құжат.
Балаға дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау, - деп жазылған Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс деп ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БӘӘ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылданған Бала құқығының декларациясы; Адам құқықтарының жалпы декларациясы және басқа да көптеген халықаралық құүжаттар ҚР Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдық тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Констинуциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
1.2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы
Қазақстан Республикасының Конституциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының міндеті анық көрсетіледі. Қазқстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін, басқалардың кім және қандай екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Қазіргі заман отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да аз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда.
Психолингвист ғалымдар бала болсын, ересек адам болсын, алдымен сөздің дауыстағы астарына мән беретінін белгіленген. Олардың зерттеулері бойынша сөз арқылы қарым-қатынасқа енуде алдымен дауыс басымы не ырғағы көңіл-күйді білдіретін тұстарына, одан соң айтушының ым-ишарасына, ең соңында барып, сөздің мәнін аңғартатыны туралы эксперимент түрінде дәлелденген.
Солардың ішінде А.Е.Личко, У.А.Блинков, К.С.Лебединская, И.С.Кон, Дж.Джанпайд, М.Ю.Долфтов т.б. әке-шешесінің баламен қарым-қатынасында, оның мінез-құлық ерекшеліктерін ескермеуінен келіспеушілік туындап, ол баланың психикалық кеселге ұшырауына: ашушаң, қырсықты, не болмаса ынжық, ез, тарыншақ, жағымпаз, жасқаншақтық қылықтардың қалыптасуына себеп болатынын эксперимент түрінде дәлелдеген. Олар осыған орай отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді төмендегідей жіктеді:
* баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігін - гиперпротекция деп атаған;
* қызымырлық пен көзден бір елі таса қылмай, бақылаудың да жақсылық әкелмейтіндігін белгілеп, оны әсіреқамқорлық (гиперпротекцияның) күшті түрі деп белгілейді. Бұдан душар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды да, оған қолы жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әртүрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да, баланы болашағы күмәнді істерге соқтырады;
* баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, келтірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен алаңғасарлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады;
* ауыруын, әлсіздігін сылтаулатып, ата-анаға дегенін істету өзімшілдік, тәкаппарлық, бағасын арттыру секілді қылықтардың қаншалықты назар аударуды талап ететінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да, маңызды мәселе екенін естен шығармау керек;
* баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz