Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мағұлмат


Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мағұлмат.
Өте қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналағын көрсететін ұлттық ойындардың бірі тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасап келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазіргі Республикамызда кең тарап, дамып, жетіліп келеді.
Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отаудың» орнын жерді оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған.
Тоғызқұмалаң ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Ал, негізінде Қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы бұл ойынды халқымыз көне замандарда-ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу, жердегі Ақшұңыр деген тас төбенің үстіне тоғызқұмалақтың атаулары мен қазандары қашап ойылған. Бұл тақтаны қай кезде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені малшылар Ақшұңыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызңұмалақ ойнаған. Тоғызқұмалаң ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы Қоржынбай жайлауы-ның етегіндегі жартастарға да ойып салынғаны белгілі болып отыр.
Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты кошпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасып келе жатқан оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға болады.
Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі - ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойың таңтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды - қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды - отау деп атаған.
Тогызқұмалақ ойынының көп жабдықты қажет етпейтін қарапайым болуы оның халық арасына кеңінен тарауына мүмкіндік берген. Бүл ойынның тағы бір ерекшелігі - тоғызқұмалақты екі ойыншы ғана ойнап қоймай, оның көптеген қызықтаушы жанкүйерлі де болады. Мәселен, бірнеше адам жиналған жерде екі адам ойнаса, қалғандары солардың жанкүйерлері ретінде екіге бөлініп, қызықтап қарап отырған. Былайша айтқанда әр ойыншының жақтас жанкүйерлері болған. Тіпті, мықты ойыншылар басқа ауылдардағы өзі сияқты ойыншыларды іздеп барып ойнағанда да жанкүйерлері, ақыл кеңес беретін адамдары бірге ілесіп жүрген.
Тоғызқұмалақ ойынын оңнан солға қарай, яғни, сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының өзінше атауы бар: сол жақтағы шеткі, яғни, бірінші отау - «таңдық», екіншісі - «көшпелі», үшіншісі - «атөтпес», төртіншісі - «атсұратар», бесіншісі - «бел», алтыншысы- «белбасар», жетіншісі «қандықақпан», сегізіншісі- « көкмойын », тоғызыншысы - «маңдай». Әр отауды осылай деп атаудың өзіндік тарихи себебі бар, яғни, ойынның ойналу процесі толығынан осы отау аттарына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам «қандықақпан» десе, ол-жүрісін жетінші отаудан бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып, «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай отаудан бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі.
Ойын тақтасы кейіннен ағаштан жасалып, әр отау солдан оңға қарай - а, ө, б, г, ғ, д, е, ж, з әріптерімен белгіленеді. Алайда бұлай белгілеу ойынды жасу процесінде қиындық туғызатындықтан, 1970 жылдан бері қарай 1-ден басталатын тоғыз цифр қолданылатын болды. Бұл математикалық есептеу тұрғысынан ойынның есебін шығаруға, жүрісті анықтап, тезірек шешім қабылдауға қолайлы болды.
Кейінгі кезде тоғызқұмалаң ойынын тек қазақтар ғана емес, республикада тұратын басқа да үлт өкілдері көптеп ойнай бастады. Мысалы, Ақмола ауылшаруашылық институтының оқытушысы Д. С. Поляков алғашқы республикалық жекелей біріншілікте үлкен шеберлік көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Қазіргі кезде тоғызқұмалақ ойынының республикалық федерацпясы бар. Онымен қоса республика біріншілігінің және республикааралық жастардын, жеңімпаздарына « Қазақстан спор шебері» деген атақ беріледі. Тоғызқұмалақтан республиканың жекелей біріншілігімен қоса командалық жарыс та өткізілетін болды.
2. Ойын ережесі. Тоғызқұмалақ таұтасының отауларына тиісті құмалақтар салынып дайын болған соң, төреші ойынның басталғандығын хабарлайды.
Алғашқы жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Есте болатын нөрсе: алғашқы жүрісті ойыншы тоғызыншы отаудан бастауына болмайды, басқа отаулардың кез келгенін бастап жүре беруге ерікті.
Жүрісті бірінші болып бастаған ойыншы өзі «осыдан жүрген дұрыс » деп есептеп отауда бір ғана құмалаң қалдырады да, қалған құмалақтарды сол жүрген отаудан кейінгіден бастап бір-бірден салып шығады. Ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғызқұмалағы бар отауына салып, сол отаудан он құмалақ алады да, өз қазанына апарып салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ алу үшін оның ең соңғы тақ құмалағын өзінің бір құмалағымен жұптап, өз назанына салып қояды.
Әдетте, қарсылас ойыншылар ойын барысында өздерінің отауларындағы құмалақтарды жұп күйінде ұстап отыруға ұмтылады. Ойыншылардың мұндай жағдайдағы отауы «жабық отау» деп аталады. Ойын барысында әр ойыншы өз қарсыласының отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға тырысады. Демек, саны тақпен аяқталған отау «ашық отау» деп аталады.
Ойын барысында ойыншы қарсыласының отауында жатқан құмалақтарын қолымен ұстап санауға болмайды. Тек отауларының қайсысы ашық, қайсысы жабық және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Ал әр ойыншы қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге міндетті. Сондықтан ойыншылар негізінен тақта отауларының әрқайсысында қанша құмалақ барын есте ұстауға тырысады. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол жүріс үшін қажет болса, онда ойыншы жалғыз құмалақты қатарындағы отауына ауыстырады. Яғни, бұл деген жүріс жүрілген болып шығады.
3. Тұздық. Ойын барысында тұздық алу де болады. Жүрген ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жақтан отауына түсіріп, үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан тұздық алған болып есептеледі. Тұздық алудағы мақсат бір жүріс сайын отауға түсетін құмалақты өзіне алып оыру. Ойын ережесі бойынша тек “маңдайдан” яғни тоғызыншы отаудан «тұздық» алуға болмайды. 0йын барысында «тұздық» бір-ақ рет алынады.
4. Атсырау. Ойын барысында, әсіресе, ойын санына таман келгенде ойыншының біреуінің құмалағы таусылып қалады да, жүретін жүрісі бітеді. Тоғызқұақ ойынында бұл жағдайды «атсырату» деп атайды. «Атсырау» жағдайына тап болған ойын партиясы ұтылғанға есептеледі. Себебі, ол ойыншы одан әрі жүре алмайды. Ал енді қарсыласын «атсырау» жағдайына алып келген ойыншы өз отауларындағы құмалақтың барын жинап өз қазанына салады да, барлық құмалактың есебін шығаруға кіріседі. «Атсырау» жағдайына дейін бұл екі ойыншының бірі 82 құмалақ жинап үлгермегенімен, әлі де жүру мүмкіндігінен айырылмаған ойыншы жеңген болып есептеледі. Ойын барысында «атсырау» жағдайы і сирек кездеседі. Себебі ойынның айла-тәсілін білетін ойыншы өзін «атсырау» жағдайына жеткізбеуге тырысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz