Мектептегі дене тәрбиесінің маңызы және оның ерекшеліктері



Мазмұны:
Кіріспе

I бөлім. Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы.
I.1.Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері
I.2.Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері

II бөлім. Мектептегі дене тәрбиесінің маңызы және оның ерекшеліктері.
2.1. Мектептегі тазалық және оған қойылатын талаптар
2.2. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

I бөлім. Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы.
I.1.Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері
I.2.Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері

II бөлім. Мектептегі дене тәрбиесінің маңызы және оның ерекшеліктері.
2.1. Мектептегі тазалық және оған қойылатын талаптар
2.2. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік
саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. 1997 жылы қыркүйек
айында ел президенті Тәуелсіз Қазақстанның ата заңының 44-бабының 8-
тармақшасы “ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және олардың
денсаулығын сақтауға деген Конституцияның құқығын іске асыру талабына сай
Қазақстан халқына Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі
(қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” жолдауын жасады. Осы жолдаудың
мақсаты жас ұрпақтың толқынды денсаулығын қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық
бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық
шараларын сақтауымызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін жастарды
салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек
деген.
Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты
салауатты өмір салты болып табылады.
Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған
адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне
тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды
әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасының салауатты өмір салты
туралы сөз еткенде – спорттың бұқаралығына ерекше мән беріп отырады.
Себебі, денсаулық болмаса тән азабын былай қойғанда, адам нағыз азаматтық
асқарына көтеріле алмай, аңсаған армандары көңілді мазалап, жан азабына
шалдығады.
“Он екі мүшең сау болса жарлымын деме” – деп халқымыз денсаулықтың адам
өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын ешнәрсемен теңестіруге
болмайтыны жайлы ескертіп отырған.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен
ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиындығы және
республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі басшылық
ететін ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш
қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа
құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі сабақтарының міндеттері:
- Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы
бар білімге ие болуын қамтамасыз ету;
- Дене шынықтыру арқылы жұмыс қабілеттілігін тұрақты арттыру
аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;
- Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын
үйрету;
- Оқушыларды үнемі шынықтыра отырып тәрбиелеу, әртүрлі дене
жаттығулары түрлерін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру;
- Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын
қалыптастыру.
Осы аталған міндетердің әрқайсысында қозғалыс тәртібін жан-жақты
ұйымдастырудың денсаулықты нығайтудың және дене шынықтыру деңгейін
арттырудың маңыздылығы оқушылардың дене тәрбиесі, мәдениеті мен спортқа
ықыласын арттыру мақсатында дене шынықтыруға тәрбиелеудің, маңыздылығы
тұтастай бейнеленген.

I бөлім. Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы.
I.1.Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері.
Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да
шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір
тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына
қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған
үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен
дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да
толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны
шынықтырудың бірден бір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да
шынықтыруға қажет, оған да жол ашады.
Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі
физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен
шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене
шынықтыру үстінде бұлшық еттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген
организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр
жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан
дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.
Бағдарлама мектептің бастауыш сатысына арналған бағдарламамен
сабақтастықты сақтай отырып спорттық пәндер мазмұнын күшейтуді көздейді.
Дене тәрбиесі базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің
дидактикалық себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі
нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардан жеке тұлғалық
қасиеттерін қалыптастырып дамытуды көздейді.
Дене тәрбиесі құралдарының құрамында негізіне қоса қосалқы элементтер
де болуы қажет. Сондықтан ашық алаңда немесе жабық орында пайдаланылатын
оқу материалдары нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру есебімен жасалуы керек.
Бұл негізінен мына мәселелерге қатысты: мүсіннің өсіп дамуына жоспарлы
ықпал ету, әртүрлі жаттығу түрлерін жүріспен, жүгіріспен, секірумен
байланыстыра отырып, шыдамдылық көрсеткішін жақсарту. Мұндай педагогикалық
міндеттерді орындауға жалпы дамытатын және арнайы дамытатын жаттығуларды
шебер ұштастыру үлкен мүмкіндік береді. Бұлай ұштастыру оқушыларды спорттық
мінез-құлық жағдайына үйретеді, еркін қозғалысты іске асыруда олардың ерік-
жігерін нығайтады.
Дене тәрбиесі жаттығулары.
Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын
дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие
міндеттерін шешуге бағытталып педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл
қозғалыстары ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Кейбір
ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек тұрмыс қимыл
қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып
тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес ол бір ғана негізгі элемент. Дене
тәрбиесі жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі қозғалыс. Қазіргі
пайдаланып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны әр
түрлі.
Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі.
Жаттығулардың тәсілі әрқашанда дамып отырады. Дене тәрбиесі
жаттығуларының тәсілі өзіне тән бөлімі бөлшегі болады. Жаттығулар тәсілінің
негізгі – жалпы қозғалыс суретінен тұрады. Мысалы, ұзындыққа секіруді
алсақ, ол екпіндеп жүгіру, серпілу, ұшу, жерге түсу болып бөлінеді.
Мұндай шешуші сәттер тәсілді толық және жақсы меңгеруге көмектеседі.
Жаттығуды орындау 3 кезеңге бөлінеді:
1. Дайындық кезеңі – негізгі қозғалыс әрекетіне жақсы жағдай
тудыруға арналған қимыл (ұзындыққа секіру алдында екпіндеп
жүгіру).
2. Негізгі кезең – негізгі мақсатты орындауды шешетін қозғалыс
(ұзындыққа секірудегі серпін жасау, ұшу кезеңі).
3. Қорытынды кезеңі – қозғалыстың аяқталу кезі (ұзындыққа
секірудегі жерге түсу кезеңі).
Жаттығуларды топтау.
Дене тәрбиесі тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары
қолданылады. Оларды тиімді пайдалану үшін жаттығуларды топтау қажет.
1) Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша
топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді.
a) Гимнастикалық жаттығулар.
в) Ойын жаттығулары
с) Туристік жаттығулары
д) Спорттық жаттығулары
2) Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар:
a) Төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар.
в) Икемділікке арналған жаттығулар.
с) Комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.
3) Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық
еттеріне кеуде, аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
4) Қозғалысқа арналған жаттығулар. (жүру, жүгіру, ескек есу,
снаряттағы гимнастика, жеке сайыс, т.б.)
5) Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау.
a) Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секунд
аралығында орындалады).
в) Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секундтан 5
минутқа дейін).
Жүру үстінде орындалатын жаттығулар.
I.
1. Сол аяқпен алға аттағанда, екі қолдың ұшын иыққа
тигізу.
2. Оң аяқпен аттағанда екі қолды екі жаққа қарай созу.
3. Сол аяқпен алға қарай аттағанда, екі қолды жоғары
көтеру.
4. Оң аяқпен аттағанда екі қолды жоғары көтеру.
II. Орындалу жылдамдығы жоғарымен бірдей, бірақ қолдың әрбір қимылы
кезінде аяқпен екі адым жасау керек.
III. Бір қалыпты қолды алға жоғарырақ алақанды төмен қаратып ұстау.
1. Сол аяқпен алға аттағанда қолды артқа қарай жіберу.
2. Оң аяқпен алға аттағанда, қол кеуденің алдында иіледі де қолдың
саусақтары қарама-қарсы шынтақтарға салынады.
3. Сол аяқпен алға аттағанда қолды екі жаққа созу.
4. Оң аяқпен алға аттағанда қолды бастапқы қалыпқа әкелу.
IV. Орындалу жылдамдығы үшінші жаттығумен бірдей, қолдың әрбір жасайтын
қимылы да аяқты екі аттау керек.
V. Б.қ. бұларда да солай.
1. Сол аяқпен алға аттағанда қолды төмен ұстап оны нақ алдыңғы
жаттығудағы сияқты тез ию.
2. Оң аяқпен аттағанда қолды екі жаққа созып тез бастапқы қалыпқа
көшу.
3. Сол аяқпен алға аттағанда қолмен бірінші есебіне жасалатын
қимылды орындау керек.
4. Оң аяқпен алға аттағанда қолмен екінші есепте жасалатын қимылды
орындау қажет.
VI. Б.қ. –екі қолды алға ұстап, жоғары қарай көтеру.
1. Аяқтың ұшымен алға үш адым аттап қолды, төмен түсіріп, кейін
шегіну.
2. Аяқтың ұшымен алға үш адым аттау екі қолды кеуденің алдында
иіп, саусақтарды қарама-қарсы шынтақтарға қояды.
3. Аяқтың ұшымен алға үш аттап екі қолды екі жаққа созып ұстау.
4. Аяқтың ұшымен үш аттап қолды бастапқы қалыпқа келтіру.
VII. Бастапқы қалып екі қолды мықында. Аяқтың ұшымен төрт аттап, одан
кейін аяқтың ұшымен сегіз аттау (әр бірі есеп бойынша екі қадам).
VIII. Бастапқы қалып екі қол мықында. Аяқтың ұшымен алға аттап төртінші
есепке біртіндеп табанмен толық жер басып тізені бірге бір аяқты артқа
қарай бүгу және тізені қарама қарсы бағытта (яғни ішке) ұстау.
IX. Бастапқы қалып – екі қол екі жаққа созылған. Адамдар жоғарғыдай
жасалып және сол аяққа салмақ салады төртінші есепте біраз бүгіліп қол
жоғары көеріледі, бас екінші тұрған жаққа қарай бұрылады. Кеуде де аздап
солай қарай бұрылады.
X. Бастапқы қалып – екі қол мықында.
1. Оң аяқпен алға бір аттайды.
2. Екінші аяқпен алға бір аттау.
3. Оң аяқпен үш рет секіру.
Жүгіру үстінде орындалатын жаттығулар.
1. Бір қолды алға қарай, ал екіншісін артқа қарай көтеріп, мықынды
алға шығарып жүгіру.
2. Бұл да солай, бірақ дене қалпын төрт және сегіз есебінде
ауыстыру керек.
3. Бастапқы қалып екі қол екі жаққа созылған.
1) Сол аяққа кідіріс жасау I есебінде сол аяқпен алға кең адым
жасау және есебінде оң аяққа қарай кіші адым жасау.
4. Бұл да солай, бірақ оң аяқпен.
5. Бастапқы қалып – екі қол екі жаққа созылған.
1) Және сол аяққа кідіріп жүгіру (сол аяқпен кең адым)
2) “Және “ оң аяқпен кіші адым жасау.
3) Оң аяқты артқа созып, екі қолды артқа ұстау.
4) Сол аяқпен екі рет секіру, бәрін оң аяқпен қайта бастау.
6. Кең адыммен жүгіру.
7. Бастапқы қалып – екі қолды екі жаққа созып ұстау және оң қолды
алға қарай сілтеу.
Ептілік және оны дамыту әдістемесі.
Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс
әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу
қабілеттілігін ептілік дейміз.
Ептілік дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек.
1. Күрделі қимыл қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін
күрделендіре отырып жетілдіру.
2. Қозғалыс ірекетін өзгертілген жағдайға байланысты құра алу
қабілеттігін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар
жағдайында).
3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін
арттыру.
Ептілік тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған
элементтері бар спорттық қозғалмалы ойындар гимнастика, акробатика
жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды.
Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында бір екі жаңа жаттығу немесе
бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет.
Ептілік дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында кіргізген дұрыс,
өйткені организм балдырай бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді.
Ептілік бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс көру, есту, дене
арқылы сезіну, анализаторлары екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.
Жоғары қимыл ептілігі.
Қимыл дағдысының жетілу процесі шексіз. Оның негізгі міндеттері
оқушының тұрмыс, еңбек, спорттық әрекетті дағдыларын еркін меңгеруге
үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залында
секірген биіктіктен табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік
құндылығы болмайды.
Сонымен жоғары қимыл ептілігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын
нақтылы өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа
өнеркәсіптік әскери әрекеттер) және үйрету мақсатының соңғы межесі. Алға
қойған міндетті орындау үшін қимыл дағдысын мынадай жолмен жетілдіру керек:
біріншіден, жаттығуды орындау тәсілінің даралығы, екіншіден, қиыл
дағдыларын меңгерудің варианттарын игеріп көру, үшіншіден, меңгерген қимыл
дағдысын әртүрлі қозғалыс әрекеттерінде пайдалану шеберлігін игеру,
төртіншіден, өзгертетін әрекет жағдайына сай ауысып бейімделе білу
қабілетін меңгеру, бесіншіден, жаңа қалыптасқан дағдыны ерте игерілген
дағдымен әртүрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.
Қимыл дағдысын жетілдіру әртүрлі оқу әдістерінің көмегімен іске
асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері
алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау тәсіліне өзгеріс кіргізу
керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады.
Икемділік және оны дамыту әдістері.
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін
икемділік дейміз. Икемділіктің өсуі буын құрылыстарына: бұлшық еттің,
сіңірдің созылымдылығына, көңіл күйге (жоғары көңіл-күй де икемділік
артады), бой қыздыруға, сыртқы температураға, тәулік уақытында (12-ден 17-
ге дейін, ал көп), жасқа (16-18 жаста икемділік көп кезеңі), күш дамыту
деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және тағы сол
сияқтыға байланысты. Икемділік белсенді және енжар (бәсең) болады. Өз
бұлшық ет күшімен үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін
енжар икемділік дейміз (штанга, бірге жаттыққан спортшы, бапкер, т.б.).
Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері.
Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Қарапайым,
серіппелі, сермеу, өзіңді ұстаумен, сыртқы көмекпен тағы сол сияқты.
Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін қай сабақ бөліміне де кіргізуге
болады. Икемділік жаттығуларын орындауда нақтылы міндет қою қажет, мәселен,
белгілі затты алу, бір затқа допты дәл тигізу т.с.с.
Созылу жаттығу сериясынан кейін босаңсу жаттығулары орындалады.
Бұлардың жылжымалылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар жасау керек.
Икемді жаттығулары арасындағы үзіліс (екі-үш апта) оның дамуына кері әсер
туғызады. Икемділікті дамытудың негізгі әдісі – қайталау. Жаттығуларды
ретті серияларымен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау
қажет. Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әртүрлі. Жамбас буындағы
иілу және жазу жаттуғыларындағы амплитуданың қозғалу шегі 30-40 рет 15
жастағыларда 45 рет қайталанғаннан кейін жетіледі. Одан әрі қарай амплитуда
қозғалысы азаяды, жаттыуды тоқтатқан дұрыс. Сонымен созылу жаттығуларын
амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін
сезінгенше орындау қажет. Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен
рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының буын жылдамдығын дамыту, жоғары
сынып оқушыларына қарағанда оңай. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оны
дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап қалу міндеті тұрады.

15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплитудасы
азаяды, бәсең икемділіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста
байқалады. 15-17 жас икемділікті жетілдірудің ең соңғы шегі. Қыз балалардың
буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға қарағанда 20-30 процент көп,
сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады.
Дене шынықтыру арқылы сауықтырудың басты түрлері. Сауықтыру үшін
пайдаланылатын қимыл жүктемелері бойынша медициналық ұсынылымдарды
құрастыру.
Сауықтыру дене тәрбиесі дегеніміз организмнің қызметтік
мүмкінділігін тиісті оттегін тұтыну шегінің 100 пайыз деңгейіне
жеткізетін жаттығулар жүйесі. Мұндай жүйені кейде физикалық
жаттықтыру немесе кандициондық жаттықтыру жүйесі дейді. Ал Кеннет Купер
аэробты жаттықтыру жүйесі деп атайды. Сауықтыру дене тәрбиесінің басты
мақсаты денсаулықты нығайту, организмнің қызметтік мүмкіншілігін жоғарлату
арқылы тұрақты денсаулықты қамтамасыз ету.
Сауықтыру дене тәрбиесінде спорттық нәтижені арттыру мақсаты
қойылмайды, басты мақсат – денсаулықты сақтау, жақсарту, ауру-сырқаттардың
алдын алу, денсаулықтағы дене бітіміндегі ағзаның қызметтік күйіндегі
ауытқуларды дер кезінде асқындырмай жою.
Аэробты сауықтыру жаттығудың К.Купер, Н.Амосов, т.б. ғалымдар ұсынған
арнайы жүйелер мен тәсілдері бар. Жаттықтыру бағдарламалары жаяу жүру,
жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу, бір орында тұрып жүгіру, спорттық
ойындар ойнау сияқты жаттығулар түріне негізделген.
Сауықтыру дене тәрбиесі физиологиялық негіздерге сүйене жүргізілсе ғана
пайдалы. Олар: орындалатын жаттығудың түрі, жаттығулардың қарқыны,
жүктемелер көлемі бір аптада жүргізілетін сабақтар жиілігі, әр сабақтың
ұзақтығы.
Жаттығулар түрлері организмде көрсетілетін әсеріне және қимыл
ерекшеліктеріне сәйкес жаттығулар екі үлкен топқа бөлінеді.
1. Циклді жаттығулар (жүгіру, жүру, велосипед тебу, жүзу, шаңғы
тебу).
2. Ацикілді және циклді емес жаттығулар (гимнастикалық жаттығулар,
хатка-йога, жалпы дайындау тобы, спорттық ойындар, т.б.)
Дене жаттығуларының түрлері ағзалар мен жүйлердің функциялық жағдайына
деген әсері.
1. Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер
болады. Егер бе бұлшық еттер ұзақ уақыт жұмыссыз күйде тұратын
болса, онда олар әлсіздене бастайды. Дене жаттығулары олардың
көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық
еттердің өсуі олардың талшықтар санынан көбеюінен, ұзаруынан
емес жуандауы әсерінен болмақ.
2. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген кампиллярлар
кеңейіп қана қоймайды, олардың саны да бірден көбейе бастайды.
3. Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі,
өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет етсе,
соншалықты жүрек те қызмет етеді.
Дене шынықтыру мен спортпен айналыспайтын адамдардың жүрек бұлшық еті
әр жиырылыс сайын қолқаға 60 мм. шамасындай ғана қан сол қарыншадан лықсып
шығарылатын болса, жаттыққан адамды жәй тыныштық жағдайында бір жиырылыстың
өзінде қолқаға 90-100мм қан шығады.
Дене шынықтырумен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әртүрлі дене
шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға
шығаратындары: сауықтырар жүгіріс, жүріс пен алмастырып тұратын жүгіру,
аэробика, жүзу, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы,
дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.
Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Даярлық
төмендегідей іс-әрекеттермен анықталады:
1. Сабақтың міндеттерін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде
барлық сабақтар бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және
тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді.
a) Білім беру міндетінің мақсаты – оқушылардың білімін шыңдай
түсу, жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату, оларды
өмірде қолдана алуға үйрету.
в) Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ
кезінде организмге сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.
с) Тәрбиелеу міндеттері – оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне
дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып әр сабаққа жеке міндеттер
қойылады. Мысалы, төменгі спорттың әдісін үйрету, ұзындыққа секірудің
әдісін жетілдіру, дене қуаты қасиеті – жылдамдықты дамыту.
1. Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау.
2. Әдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім
оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін
таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын
анықтайды, снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді.
3. Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мұғалім мектеп бағдарламасында
кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алу керек. Сондықтан да
мұғалім сабақта үйрететін жаттығуды қайталап, өз мүмкіншілігін
әрдайым тексеріп отыру қажет.
4. Теориялық және сөйлеу дайындығы. Мұғалім өтілетін сабақты жақсы
білумен қатар, шешен сөйлей алуы да керек (әңгімені дұрыс жүргізу,
команда беру, т.б.).
5. Сабақты материал жағынан қамтамасыз ету керек. Құрал жабдықтарды
дайындау және спорттық снарядтарды жасау т.б.
6. Көмекші даярлау. Мұғалімнің әрбір көмекшісі өзінің міндетін жақсы
білуі және дәл уақытында орындауы керек.
7. Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды
ұйымдастыру шаралары. Олар мұғалімнің түсіндірген сөздерін
тыңдауға, жаттығу орындауды бақылауға, мұғалімнің сұрақтарына
жауап беруге, сабақ өткізетін орынды дайындауға, қазылық жасауға
қатысуы қажет.
8. Мұғалім өзінің сыртқы түріне киім киісіне ұқыпты қарауы қажет.
9. Оқушылардың сабақ кезіндегі қимыл әрекеттерін ұйымдастыру. Оқу
процесін басқару қызметін орындай отырып, мұғалім барлық жағдай
жасауы керек. Осы мақсатпен әртүрлі оқу жұмысын ұйымдастыру
әдістері қолданылады. Олар топтық, даралық, шеберлігі, фронтальдық
әдістер болып бөлінеді.
1) Фронталдық әдіс кезінде жаттығушылардың бәрі бір тапсырманы
орындайды. Оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстырғанда, сақтандыру мен
көмекті керек етпейтін қарапайым жаттығуларды үйренгенде, жақсы меңгерген
қозғалыста жетілдіргенде осы әдіс қолданылады. Фронталдық әдістің негізгі
варианттары: жаттығушылардың тапсырманы бір уақытта орындауы, жаттығуларды
кезектесіп орындауы, жаттығуларды толассыз орындауы және ауысымды орындауы.
2) Күрделі жаттығуды тереңдете үйренгенде топтық әдіс қолданылады.Бұл
кезде барлық жаттығулар жұмысына дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты
бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді. Әрбір топ мұғалімнің бақылауымен әртүрлі
тапсырмалар орындайды.
3) Оқушылардың тапсырма алып жеке өз бетімен дербес орындауын дара
ұйымдастыру әдісі дейміз. Көбінесе жеке тапсырма дене қуаты дайындығына,
денсаулығына байланысты беріледі.
4) Шеберлі әдіспен ұйымдастыру деп жаттығушылар топтарға бөлініп,
белгіленген тапсырманы бір “станциядан” келесі “станцияға” ретті ауыса
(шеңбер бойынша) отырып орындауын айтамыз. Мұнда өткен материалдарды бекіту
үшін және дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу үшін қолданылады.

I.2.Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері
Оқушылардың дене тәрбеисі арнайы ұйымдастырылған екі жолмен оқу
сабақтары және жаттықтыру сабақтары арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі
процесін орындайтын негізгі сабақ-оқу сабағы. Оқу сабағы мұғалімнің
басшылығымен арнайы бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша
жүргізіледі. Жаттықтыру жүйелі таңертеңгілік бой жазу жаттығулары,
туристік жорықтар, шаңғымен сырғанау т.б. орындалады.
Жаттықтыру бірнеше топтарға бөлініп жүргізіледі. Күн тәртібі
ішінде физкульт сәттер, кіріспе гимнастика, жаттығу арасындағы тынығу,
кластан тыс спорт түрлерімен жаттықтыру сабақтары, туристік
жорықтар, спорт жарыстары және т.б. Отбасында таңертеңгілік бой жазу
жаттығулары шаңғы, коньки тебу, жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар,
үй тапсырмаларын орындау т.б.
Дене тәрбиесі оқу сабағының жаттығулары мен жүйелі жаттығу түрлері. Оқу
сабағы жалпы білім беру және спорттық мектептерде, кәсіптік техникалық
училищелерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында өткізіледі. Дене тәрбиесі
сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы
деген екі түрі болады.
Сабақтың мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады: оқу сабағына
кіргізілетін дене тәрбиесі жаттығуларының құрамы. Жаттығушы оқушылардың іс-
әрекетінің ұсынылған жаттығуларды орындаумен байланысы. Сабақ мазмұнының
бұл жағы: мұғалімді тыңдау, жаттығу орындау, орындау тәсілін бақылау,
көрген немесе естігенді түсіне білу, орындайтын әрекеттің ойша жобасын
құру, оны орындау, өз әрекетіңді бақылау бағалау т.б. көптеген оқушылардың
әртүрлі әрекеттерінен тұрады.
Мұғалімнің қызметі. Сабақ міндетін қою, оны орындауды ұйымдастыру,
жаттығулардың әрекетін бақылау, орындауын бағалау, талдау, күш түсіруді
реттеу т.б. тұрады.
Уақыт бойынша бір-бірімен байланысты орналасқан сабақ мазмұнының барлық
элементтерін сабақ құрылымы деп атаймыз. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы
үш бөлімге бөлінеді: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
Кіріспе бөлімнің өзі сабақ өткізуге дайындық және таза кіріспе бөлімнен
тұрады. Дайындық бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру,
кезекшіге тапсырма беру, спорт залына кірерде сапқа тұру т.б. Сабақ
басталарда рапорт беру, сабақ міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын
орындау жатады.
Кіріспе бөлімнің негізгі міндеті оқушылардың организмін сабақтың
негізгі бөлімнің қимыл-әрекетіне функционалдық дайындау. Ол оқушыларға
таныс жеңіл үйренетін, жеңіл мөлшерлейтін жаттығулар көмегімен орындалады.
Жүру, жүгіру жалпы дайындық сипатындағы гимнастикалық жаттығулар, би
адымдары, қозғалмалы ойындар элементтері, әртүрлі сипатта сапқа тұрулар
және басқа біртіндеп көтерілген бір қалыпты жүктемелі жаттығулар осы
кіріспе бөлімде жиі қолданылады. Кіріспе бөлімнің жаттығулары негізгі
бұлшық ет топтарына әсер етеді. Ол мынадай реттілікпен орындалуы тиіс:
керілу, жоғары иық белдігіне арналған жаттығу, секіру жаттығулары, босаңсу
жаттығулары, т.б. Сабақтың дайындық бөлімінің мазмұнына сай болуы қажет.
Кіріспе дайындық бөліміне сабақтың жалпы уақытынына 10-20 процент, яғни оқу
сабағына 5-12 минуттен, жаттықтыру сабағына 30-40 минутке дейін уақыт
бөлінеді.
Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасына және сабақ міндетіне
сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. Жаңа
материалды меңгеру секілді күрделі міндеттер сабақтың негізгі бөлімінің
басында орындалады, сонан соң дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар
беріледі. Бұл бөлімде алға қойған міндетті орындау үшін әрбір сыныпта оқу
бағдарламасында белгіленген дене тәрбиесі жаттығулары кеңінен қолданылады.
Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 30-35 минутке жаттықтыру
сабақтарында 90 минутке дейін созылады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде организмнің функционалдық белсенділігі
ақырындап төмендейді. Снарядтарды жинау, сабақ аяғында сапқа тұру сияқты
әрекеттер жаттығушыларды жайландырады, ауыр жаттығудан соң біраз бой
жазуына септігін тигізеді. Қорытынды бөлімге организмді тез бастапқы
қалыпқа келтіруді массаж және су процедуралары да жатады. Қорытынды бөлімде
орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігі және босаңсыту
жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жәй қарапайым
сипаттағы ойындар т.б. Оқушылардың қимыл белсенділін арттыратын үй
тапсырмаларын әрдайым беріп отырған дұрыс.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесіндегі Президенттік сынаманың орны мен
мәні.
Қазақстан Республикасы өскелең ұрпақтың дене тәрбиесін үнемі
жетілдіруге азаматтардың жан-жақты дамуына және дене шынықтыру мен спортпен
айналысуына мүмкіндік жасалуда.
Балалардың дене тәрбиесіндегі мақсаты мен міндеттері Қазақстан
Республикасының Президентінің жарлығымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында
Қазақстан Республикасы балалары мен жасөспірімдердің дене шынықтыру
бағдарламасында және білім жүйесі мен дене шынықтыруды дамыту
концепциясында 1-11 сыныпқа арналған жалпы білім беретін
мектептердің дене шынықтыру типтік бағдарламасында жалпы білім беретін
мектептерде оқушылардың дене тәрбиесі жөніндегі ережесінде өскелең ұрпақты
жан-жақты дамыған демократиялық қоғам мүшесі ретінде тәрбиелеуде дене
тәрбиесінің алар орны маңызды, өйткені жастарды еңбекке, қоғамдық өмірге
және Отан қорғауға тәрбиелейді.
Мектеп оқушылары дене тәрбиесінің өркендеп дамуына Президенттік
сынаманың рөлі зор.
Президенттік сынама мен мектептегі дене тәрбиесінің сонымен бірге
сыныптан тыс спорттық және дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарымен шешетін
мақсаттары бір және бір-бірімен байланысты. Президентті сынама негізінде
талапқа сай өзгертілген 1993 жылғы ҚР Білім министрлігі бекіткен дене
шынықтыру бағдарламасы 4-6 сыныптарда келесі мақсаттарда шешіледі.
1. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың, соның ішінде 4-6
сыныптардың теориялық білімі, жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы
спорты және т.б. Президенттік сынаманың талаптарын орындауға
оқушыларды дайындайды.
2. Негізгі қозғалыс қимыл және олардың әр қилы қиын күрделі
жағдайда орындалуы осыған керекті қозғалыс сапасын дамытуды
үйрету.
3. Оқушыларда өз бетімен дене жаттығуларымен айналысуды
қалыптастыру және әдетке айналдыру, дене шынықтыруға деген
қызығушылыққа тәрбиелеу, оны оқушылардың күн тәртібіне
енгізуіне ықпал ету.
4. Оқушыларда дұрыс тұлғаның қалыптасуына тәртіп мәдениет
дағдысына ықпал етуі.
Президенттік сынама мен дене шынықтыру бағдарламасы көмегімен мектепте
сауықтыру, спорттық, тәрбиелік және білімділік мақсаттар шешіледі, оқушылар
дене шынықтыру сабағымен және бұқаралық спортпен айналысуға талпыныс
жасайды. Осының негізінде көптеген спорт жұлдыздары өмірге келеді.
Қазақстан Республикасында Президенттік сынама оқушылардың дене тәрбиесі
бағдарламасының негізін, соның ішінде 4-6 сыныпта оқитындардың және олардың
жан-жақты дене дайындығының негізгі нормаларын да құрайды. Нақ осы жаста
балалрдың қозғалыс мүмкіндіктері, мінез-құлықтың негізгі ұйыммен дамуы
нәтижесінде білікті тәрбиелеу, өмірге қажетті дене дамуын қамтамасыз ету.
Жаңа бағдарламаға нақты мақсаттармен бірге тұрақты өзгерістер
енгізілді. Әр бөлімнің мазмұны мен көлемі де тұжырымдалды.
1993 жылға дейін қолданылып келген мектептің типтік бағдарламасында 4-6
сыныпта келесі бөлімдер қарастырылған: гимнастика –14 сағат, жеңіл атлетика
– 12-14 сағат, шаңғы дайындығы –12 сағат, баскетбол (4-6 сыныпта) – 14
сағат, жүзі 4-сыныпта – 26 сағат, қимыл ойындары –4-5 сағат, 12 сағат
мектеп мүмкіншілігіне байланысты таңдауға бөлінеді.
Оқыту мен үйретудің міндеттері:
- өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларьн, танымдық - козғалыс белсенділігін
арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығуларының негізгі
түрлерімен оқушыларды таныстыру;
- қимыл – қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға
бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін
оқушылардың меңгеруіне көмектесу;
- уақыт пен кеңістікке қозғалыс әрекеттерін басқаруға деген ізденісті
(творчестволық) қабілеттерді оқушыларда дамыту үшін жағдай туғызу;
- дене жаттығулары және спорттпен дербес айналысуға кызығушылықты
қалыптастырып дамыту.
Дене шынықтыру оқу пәнінің мазмұнын таңдаудың негізгі өлшемдеріне
жататындар:
1) қоғамның дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарға қажеттілігі;
2) дене тәрбиесінің мазмұнын әрі қарай жетілдіру және мектеп пен отбасында
үйрету үшін әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайдың болуы;
3) мектептің бастапқы сатысындағы оқушылардың жеке жасқа байланысты,
функционалдық және козғалысқа байланысты мүмкіндіктері.
Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыруға
даярлаудың бастыларына жататындар:
1) теориялық дайындық дене шынықтыру және қозғалыс іскерліктері мен
дағдыларының базалық негіздерін қалыптасу зандылықтары туралы бастапқы
теориялық білімдер;
2) практикалық дайындық қозғалыс тәртібін (режімін) сауықтыру міндеттері,
дене жаттығуларының техника негіздері, қозғалыс қасиеттерін дамыту.
Бағдарламаның айрықша ерекшеліктеріне жататындар:
1) оқушылардьң қозғалыс қасиеттерін дамытудың жасқа байланысты
ерекшеліктерін есепке алу;
2) дене шынықтыру сабақтарыньң қозғалыс мектебі (жүгіру, жүру, секіру, тепе-
теңдік жаттығулары, өрмелеу), жалпы дамытатын жаттығулар, қозғалыс
ойындары, танымдық қозғалыс қызметі (дене жаттығуларының түрі және оларды
орындау тәсілдері); оқу бағдарламасына енбеген дене жаттығулары гигиенасы
туралы бастапқы түсініктерді хабарлау.
3) оқу материалын іріктеп алуда оқушылардың қажеттілігін есепке алу; дене
шыныктыру, дене жаттығуларының гигиенасы туралы бастапқы түсініктерді
хабарлау;
4) дене жаттығуларымен айналысуды кең көлемде таңдауға мүмкіндік беру
(мектептік (өзгермелі) және оқушыларға қатысты бөліктер);
5) қозғалыс тәжірибесін практикалық іскерліктерді калыптастырумен тығыз
байланыста біртіндеп жинақтау.

"Дене шынықтыру" пәні бойынша оқыту мазмұнына жеке тұлғаға
бағытталған тұрғыда келу мыналарды қарастырады:
- пән бойынша бағдарламаны оқушылардың меңгеруіндегі жекелілік факторды
есепке алу;
- табиғи қозғалыс дағдыларын қалыптастыру мен жаңа қозғалыс қимылдарын
меңгеру барысында оқушылардың қозғалысты өзі орындауы үшін жағымды
жағдайлар туғызуы.
Жоғарыда айтылғандар осы бағдарламаның білім беру кезеңдеріне (циклға)
бөлуді қарастырады, олар:
- дене жаттығуларының негізгі түрі;
- дене жаттығулары және салауатты өмір салты;
- мүсінді дұрыс қалыптастыру мен қозғалыс қасиеттерін дамыту;
- дене жаттығуларымен айналысудың жекелеген түрлері мен күн тәртібі (осы
бөлім мектептен тыс уақытта дене жаттығуларымен топпен және дербес айналысу
жағдайларына тән ерекшеліктерді айырықша қарастырады).

Ескерту:
1) жүзу сабактары мектепте арнайы мүмкіндіктер болған жағдайда жүргізіледі;
2) денсаулық күндері демалыс уақытында жылына үш-төрт рет өткізіледі.
Берілетін білімнің базалық мазмұны
1 сынып
Саптық жаттығулар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Дене тәрбиесі жүйесінің принциптері
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
Пәндер