Рыноктың шаруашылық тауарлық өндiрiс дамуның жоғарғы баспалдағы ретiнде
Жоспар
Кiрiспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I. Рыноктың шаруашылық тауарлық өндiрiс дамуның жоғарғы баспалдағы ретiнде. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Рынок түралы негiзгi түсiнiктеме ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Рыноктың пайда болу шарттары. ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Рыноктың қызметтерi және қасиеттерi. ... ... ... ... ... ... .
II. Рыноктық механизм және түрлерi. ... ... ... ... ... ... . 2.1. Рыноктық механизмнiң мәнi мен негiзгi элементтерi. ... ...
2.2. Рыноктық механизмнiң қызметтерi мен басты принциптерi 2.3. Рынок түрлерi. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III. Рыноктық қатынастардың экономикалық теориясы
3.1. Сауда және бәсеке рыноктың элементi ретiнде. ... ... ... ..
3.2. Биржа және банк . рыноктың буындары. ... ... ... ... ... ..
IV. Рыноктық экономиканың басымдылықтары мен кемшiлiктерi. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.1. Рыноктың инфрақұрылымы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.2. Трансакциялық шығындар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кiрiспе.
Рынок адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебi адамдар өмiр сүру үшiн алдымен материалдық, рухани игiлiктер өндiруi қажет. Екiншi сөзбен айтқанда өмiрге қажеттi азық – түлiк, киiм, тұрғын үй, отын т.с.с тұтынуға жарамды заттар өндiрiлуi керек. Осыған орай не өндiру керек, қалай өндiру керек, кiмдер үшiн өндiру керек деген сұрақтар адам баласының әрбiр жеткiншек буындарының алдында тұрған көкейтестi мiндет. Бұл мiндеттен ешбiр қоғам құтыла алмайды. Өмiр сүру үшiн тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқтамаса, өндiрiс те солай тоқтамауы керек. Сайып келгенде өндiрiс қоғамдық өндiрiс болып саналады. Себебi жеке өнiм өндiрушiлер өздерiнiң қажетiн өтеп қоймайды, қоғам мүшелерi үшiн де қызмет атқарады. Қоғамның өндiргiш даму барысында, алдымен адамдардың еңбекке қабiлеттерi өсуiне байланысты алғашқы қауымның өзiнде қосымша өнiм пайда болуына сәйес тайпалар арасында тiкелей өнiм айырбасы, кейiннен ақша арқылы айырбас жүргiзiлiп экономикада тауар – ақша немесе рынок қатынасы пайда болды. Бұл рыноктық, товар – ақша қатынастарының тарихы кем дегенде 5 - 7 мың жыл бұрын болғаны белгiлi. Рынок қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен келiсiлген және шаруа-шылық субъектiлерiмен шеттелген тауарлы өндiрiс дамуының табиғи – тарихи процесi нәтижесi.
Бұл тақырыпт рыноктың пайда болу шарттарын, ролi, қызметтерi, оның инфрақұрылымы, түрлерi артықшылықтары мен кем-шiлiктерiн, оның механизми түралы мәлiмет алуға болады.
Рынок - әлемдiк өркениеттiң жетiстiктерiнiң бiрi. Рыноктық қаты-настар мәнiн рынок түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек. Бiрiншiден, рынок өз мағынысында айырбас айналым сферасында iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, рынок - бұл өндiру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерiн қамтитыт адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Борисов Е.Ф. “ Экономикалық теория негiздерi “ , 1998
2. Жатқанбаев Е. “ Аралас экономика негiздерi “ А. Қаржы – қаражат “ , 1996
3. Отаров Ә.К. “ Нарықтық экономика негiздерi “ Шымкент-2001
4. Әубакиров Я.Ә. “ Экономикс “ Оқу құралы. А. Эк .
5. Гельбрейт Дж. “ Экономические теории и цели общества “. М., 1978
6. Отаров Ә.К, Мейiрман А.Ә, Дулатбеков Ж.А “ Экономикалық теория негiздерi “ Оқу құралы. Шымкент – 2004

Кiрiспе. ----------------------------------- ------------------------------
--
I. Рыноктың шаруашылық тауарлық өндiрiс дамуның жоғарғы баспалдағы
ретiнде. ----------------------------------
1.1. Рынок түралы негiзгi түсiнiктеме ---------------------------------
1.2. Рыноктың пайда болу шарттары. ---------------------------------
1.3. Рыноктың қызметтерi және қасиеттерi. -------------------------
II. Рыноктық механизм және түрлерi. -------------------------
2.1. Рыноктық механизмнiң мәнi мен негiзгi
элементтерi. -------
2.2. Рыноктық механизмнiң қызметтерi мен басты принциптерi 2.3.
Рынок түрлерi. ----------------------------------- ----------------------
III. Рыноктық қатынастардың экономикалық теориясы
3.1. Сауда және бәсеке рыноктың элементi ретiнде. --------------
3.2. Биржа және банк – рыноктың буындары. ----------------------
IV. Рыноктық экономиканың басымдылықтары мен кемшiлiктерi. -----------------
----------------------------------- --
4.1. Рыноктың инфрақұрылымы. ----------------------------------- ---
4.2. Трансакциялық шығындар. ----------------------------------- ----- 25
Қорытынды ----------------------------------- ----------------------
Әдебиеттер ----------------------------------- ------------------------
Кiрiспе.
Рынок адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын
алады. Себебi адамдар өмiр сүру үшiн алдымен материалдық, рухани
игiлiктер өндiруi қажет. Екiншi сөзбен айтқанда өмiрге қажеттi азық –
түлiк, киiм, тұрғын үй, отын т.с.с тұтынуға жарамды заттар өндiрiлуi
керек. Осыған орай не өндiру керек, қалай өндiру керек, кiмдер үшiн
өндiру керек деген сұрақтар адам баласының әрбiр жеткiншек
буындарының алдында тұрған көкейтестi мiндет. Бұл мiндеттен ешбiр
қоғам құтыла алмайды. Өмiр сүру үшiн тұтыну қажет. Тұтыну қалай
тоқтамаса, өндiрiс те солай тоқтамауы керек. Сайып келгенде өндiрiс
қоғамдық өндiрiс болып саналады. Себебi жеке өнiм өндiрушiлер
өздерiнiң қажетiн өтеп қоймайды, қоғам мүшелерi үшiн де қызмет
атқарады. Қоғамның өндiргiш даму барысында, алдымен адамдардың
еңбекке қабiлеттерi өсуiне байланысты алғашқы қауымның өзiнде қосымша
өнiм пайда болуына сәйес тайпалар арасында тiкелей өнiм айырбасы,
кейiннен ақша арқылы айырбас жүргiзiлiп экономикада тауар – ақша
немесе рынок қатынасы пайда болды. Бұл рыноктық, товар – ақша
қатынастарының тарихы кем дегенде 5 - 7 мың жыл бұрын болғаны
белгiлi. Рынок қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен келiсiлген және шаруа-шылық
субъектiлерiмен шеттелген тауарлы өндiрiс дамуының табиғи – тарихи
процесi нәтижесi.
Бұл тақырыпт рыноктың пайда болу шарттарын, ролi, қызметтерi,
оның инфрақұрылымы, түрлерi артықшылықтары мен кем-шiлiктерiн, оның
механизми түралы мәлiмет алуға болады.
Рынок - әлемдiк өркениеттiң жетiстiктерiнiң бiрi. Рыноктық қаты-
настар мәнiн рынок түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу
керек. Бiрiншiден, рынок өз мағынысында айырбас айналым сферасында
iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, рынок - бұл өндiру,
бөлу, айырбас пен тұтыну процестерiн қамтитыт адамдар арасындағы
экономикалық қатынастар жүйесi.

ретiнде.
1.1. Рынок түралы негiзгi түсiнiктеме
Рынок тар мағынада-тауарлар мен капиталдардың еркiн айналысының
сондай-ақ жұмыс күшi қозғалысының, өндiрiстiң басқа да факторының
саласы дегендi бiлдiредi. Ал, кең мағынада алғанда тауарларды өндiру,
айналысқа жiберу, бөлу, сондай-ақ субъектiлердiң сатып алушылар мен
сатушыларды таңдаудағы, бағаны белгiлеудегi, ресурстар көздерiн
қалыптастырып, пайдаланудағы еркiндiгi тән сипат болып табылатын ақша
қаражаттарының қозғалысы қалыптасатын экономикалық қаты-настар жүйесi.
Рынокта барлық субъектiлердiң, тұтынушылардың, сатушылардың
құқықтары бiрдей.

керек.
Бiрiншiден, рынок (market) өз мағынысында айырбас айналым
сферасында iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi.
Екiншiден, рынок- бұл өндiру, бөлу, айырбас пен тұтыну
процестерiн қамтитыт адаидар арасындағы экономикалық қатынастар
жүйесi.
Рынок меншiктiң тауар – ақша байланыстары мен қаржы – несие жүйесiнiң
түрлi – түстi нысандарын пайдалануға негiзделген экономиканың әрекет
етуiнiң күрделi механизмi ретiнде жүрелi. Ай-налымнан басқа рыноктық
қатынастарға енедi:
• екi субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негiзде iске асырылатын
кәсiпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берiлуiмен
байланысты қатынастар;
• шетелдiк фирмалармен бiрлескен кәсiпорындарды айырбас процестерi;
• еңбек биржасы арқылы жұмыс күшiн жалдау және пайдалану процестерi;
• белгiлi бiр процентпен несиелердi беру кезiнде несиелiк қатынастар;
• тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементердi қамтитын рыноктық
инфрақұрылымдарды қызмет ету процесi.
1.2. Рыноктың пайда болу шарттары.
Рынок, айырбас, айналыс – бұл категориялар өзара тығыз
байланысты және тұрмыстық деңгейде жиi теңестiрiледi. Сонымен
қатар олар қатаң себеп – салдарлы жүйеленген және тауарлы
қатынастардың дамуындағы әр түрлi тарихи сатыны бiлдiредi.
Қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң болуы қызмет пен еңбек өнiмдерiнiң
айырбас қажеттiлiгiнiң пайда болуына әкеп соғады. Бұл айырбас барлық
экономикалық дәуiрге тән экономикалық категория екендiгiн бiлдiредi.
Ең көп тараған формасы бартер болып табылады.
Бартер – бiр тауарды ақшаның көмегiнсiз басқа тауарға тiкелей
айырбастау.
Айырбас пен тауар айналысы түсiнiктерiнiң арасында айырмашылық
бар.
Тауар айналысы – бұл ақшамен жанамаланған тауар айырбасы. Көрiнiп
тұрғандай, тауар айналысы ақша айналысымен байланысты және дамыған
ақша жүйесiнiң барлығын көрсетедi.
Алайда көптеген жүзжылдықтар бойы тауар айналысы кездейсоқ
құбылыс болып қала бердi.
Ол жалпы сипатқа ие болған кезде ғана рынок жүйесiнiң бекiтiлгенi
туралы айтуға болады. Бұл 6-7 мың жыл бұрын болған.
Рынок белгiлi бiр жағдайларда қызмет етедi.
Рыноктық қалыптасу жағдайын екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топ рыноктық
байланыстарды қамтамасыз ететiн шаруа-шылықты жүргiзудiң жалпы жағдайлары
енгiзумен байланысты.
Оларға жататындар:
• меншiктiң сан қырлы нысандарын iске асыру (жеке кооперативтi,
акционерлiк, мемлекеттiк );
• мемлекеттiк реттеуiштердi сақтаған жағдайлардағы өндiрiстi
демократизациялау. Бұл кезде рыноктық экономиканың өзi шексiз даму
қабiлетi бар өзiн - өзi реттеушi жүйе емес екенiн есте ұстау керек.
• тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндiрiс факторлары және қаржы рыногы
сияқты үш негiзгi элементтi бiрiктiретiн рынокты инфроқұрылымды құру.
Факторлардың екiншi тобына құқықтық заңдарды дайындау және шаруашылықты
жүргiзудiң рыноктық әдiстерiне өту жөнiндегi экономикалық ережелердi
қабылдаумен байланысты шаралар жүйесi енедi. Бiрiншiден, ресурстарды
ұрлаумен тиiмсiз пайдалануға жол бермейтiн меншiк пен шаруашылықты
жүргiзудiң көп қырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнiнде анық
шаралары қа-жет. Екiншiден, экономикадағы басым салаларды құрылымдық қайта
құру арқылы топшылықты игеру. Үшiншiден, экономиканы шетелдiк капитао тарту
және аралас кәсiпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.
1.3. Рыноктың қызметтерi және қасиеттерi.
Рынок мәнi оның қызметтерiнде өте толық көрiнедi.
Ең маңызды қызметтерiне жататындар:
- тауарлық өндiрiс өзiн - өзi реттеу қызметi. Ал тауарға деген
сұраныс өскен кезде өндiрушiлер өз өндiрiсi көлемiн кеңейтедi және
бағаны өсiредi. Соның нәтижесiнде өндiрiс қысқара бастайды. Рынок
арқылы қоғамдық өндiрiстi реттеудi iске асырады, яғни не өндiру
керек, қалай өндiру керек, кiм үшiн өндiру керек деген мәселелер
шешiледi;
- ынталандырушы қызметi. Баға төмендеген кезде өндiрушiлер
өндiрудi қысқартып, жаңа техника, технологияны енгiзу, еңбектi
ұйымдастыруды жетiлдiру арқылы шығындарды азайту мүм-кiндiгiн iздей
бастайды;
- өндiрiлген өнiм мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын
орнату қызметi. Бұл тапшылықсыз өндiрiс жағдайында (сатып алушы
таңдай алғанда, өндiрiстегi монополиялық жағдай бол-мағанда және
олардың арасындағы жарыста ) әрекет ете алады;
- реттеушi қызметi. Рынок көмегiмен экономикада, өндiрiс пен
айырбаста негiзгi микро және макро тепе – теңдiк орнатылады;
- шаруашылық өмiрдi демократиялау, өзiн - өзi басқару
принциптерiн iске асыру қызметi. Әсер етудi рыноктық тетiктерi
көмегiмен қоғамдық өндiрiс оның экономикалық өмiрлiк қабiлетi жоқ
элементтерiнен босату жүргiзiледi және осының есебiнен тауар
өндiрушiлердiң дифферренциясы iске асырылады.
Рыноктың өзiне тән қасиеттерi:
• рынокта бейтарап тұлғалар болмайды, сатушы қымбатырақ сатуға, алушы
арзанырақ бағамен алуға әрекет жасайды;
• рынокта барлық тұлғалар тең құқықтық, ешкiмге жеңiлдiктер бермейдi;
• рынокта бағаны күштеп белгiлеу немесе бақылау жасау мүмкiн емес;
• рынок – бұл бәсекелестер құресi;
• рыноктағы ең негiзгi көрсеткiштер – сапа және баға;
• рынокта бiреуге кiнә тағу мүмкiн емес. Себебi, ұсыныс сұраныстан кем
болса баға көтерiледi сондықтан тұтнушы мен сатушы арасында наразылық
туындайды.
II. Рыноктық механизм және түрлерi.
2.1. Рыноктық механизмнiң мәнi негiзгi элементтерi.
Рыноктың экономикалық әрекет етуi жиынтығында рынок жүйесiн
құрайтын оның белгiлi бiр элементтерiнiң болуын көздейдi. Рыноктың
экономиканың бiрiншi әрi маңызды элементi өндiрiшiлер мен тұтынушылар
болады. Олар еңбекты қоғамдық бөлiнуi процесiнде, бiреулерi тауар
өндiрiп басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзiндiк
және өндiрушi болып бөлiнедi. Жеке тұтыну кезiнде тауарларды өндiрiс
сферасынан шығарып, олар халықты жеке қажеттiлiгiн қанағаттандыру үщiн
пайдаланылады.
Өндiрушi тұтыну өндiрiс процесiнiң жалғасы ретiнде жүредi, бұл
кезде тауар басқа өндiрушiлер арықарайы өңдеу үшiн пайда-ланылады. Бұл
жағдайда өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет
нәтижелерiн алмасу үшiн орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол
тұрақтылығымен ерекшеленiп, мамандандыру негiзiнде құрылады және
көтерме рыноктық мәмiле нысанында көрiнедi.
Рыноктық экономиканың екiншi элементi ретiнде өндiрiстiк
бiрлiктердi корпаротивтi басқару базасындағы меншiктiң жеке немесе
аралас нысандарымен ерекшеленетiн экономикалық ерекшелiк жүредi.
Рыноктық экономиканың үшiншi маңызды элементi баға. Ол айрықша
зерттеудi қажет етедi. Бiз бұл жерде тек екi ескерту жасағымыз
келедi. Бiрiншi, баға арақатынасы әрекет етушi конъюнктураға
байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасады.
Екiншi, баға осы географиялық ауданда өндiрiлетiн осы тауарға деген
рыноктық қатынастың әрекетi сферасын анықтайды. Осы сфераның шекарасы
трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым
шығындармен анықталады.
Рыноктық экономиканың төртiншi элементi- орталық буыны сұраныс
пен ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс рынокта тауарларға
деген қажеттiлiк түренде жүредi. Тұтынушылар осы тауарларды
қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезiнде сатып ала алады. Ұсыныс
өндiрiстiң ең үнемдi әдiстерi мен ресурстарды тиiмдi пайдалануға
қатысты ынталандырушы ретiнде жүредi. Сұраныс пен ұсыныс материалдық
игiлiктердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты
қамтамасыз ететiн рыноктың механизмнiң маңызды элементтерi болып
табылады.
Рыноктың механизмнiң бесiншi элементi-бәсеке. Ол пайданы мол
табуды және осының негiзiнде өндiрiс көлемiн кеңейтуге жол
ашады. Бәсеке рыноктық субъектiлер мен пропорйияны реттеу
механизмiнiң өзара әрекетiнiң нысаны ретiнде жүредi. Адам Смит
бәсекенi рыноктың “ көрiнбейтiн қолы ” деп атаған және сол арқылы
өзiнiң экономикалық пайдасы түрiндегi өз бас пайдасын ойлаған
жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игiлiгiне айналады.
Бәсекенiң негiзгi қызметi пайда, процент нормасы, баға және т.б
экономикалық реттеушiлер көлемiн анықтауда болып табы-лады.
Рыноктық экономикадағы баға өндiрушiлер мен тұтынушылар
мүддесiнiң үйлесуiне көмектеседi. Баға сұраныс пен ұсынысқа, өндiрiс
шығындарына, рынокқа қатысушылардың пайда алуға талпынуына және оны
бәсеке мен сатып алушылар мүддесiне қарамастан алу мүмкiндiгiне
байланысты болады. Осы элементтер сипаттамасы мына сызбада берiлген.
Сұраныс
Ұсыныс
2.2. Рыноктық механизмнiң қызметтерi мен басты принциптерi.
Рыноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты принципке
негiзделедi:
• маржиналдық (шектi) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық рационалдылық.
Маржиналдық талдау принципi негiзiнде рыноктық субъектiлер мiнез-
құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Рыноктың
тауарларға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде рыноктың
экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiрқалыпты жүредi. Бұл жаңа,
шектi субъектi сұраныс немесе ұсыныс түрiнде рыноктық экономикаға әсер
етпеуiнен болып отыр. Жетiлген рынок жағдаында үлкен және тұрақты сұраныс
пен шаруашылықты жүргiзетiн субъектiлердiң шексiз саны болған кезде,
осыларды әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол
рыноктық кеңiстiктiң үздiксiз қызмет өтiп қамтамасыз еткендей болып,
сұраныс пен ұсынысты кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкiндiгiн болдырмайды,
тауар өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы тепе-тең жағдайды ұстап
отырады.
Балама талдау шығындарының принцiпi. Балама талдау шығындары
ресурстарды пайдаланбаудың басты тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер
қызметiне байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған
пайдаларды сомасы түрiнде болады. Рыноктық эконо-миканы құ жiберiп
алынған мүмкiндiктер тiзiмi iшiнен аз, бiрақ көпi табыс беретiн ең
нашар вариант таңдау алуына негiзделедi. Балама таңдау шығындары
принципi өндiрушiлер қолда бар ресурстарды тиiмдiрек пайдалаеудың
жолдар iздеуге итермелейдi.
Экономикалық рационалдылық принципi пайда мен шығындарды
салыстыруға негiзделедi. Рационалды талдау кепiлдi табысты пайда-
ның ең төменгi бөлiгi көлемiн қамтамасыз ететiнi шектi болып
табылатын өзгермелi варианттардың бiрiнде iске асырылады.
Рационалдылы критерий табысқа деген құқықпен анықталады.
Капиталды шектеулi пайдалану кезiнде фирмалар пайданы жоғары-
латуға тырыса, тұтынушылар өз игiлiгiн барынша жақсартуға ұмтылады.
Көрсетiлген принциптер негiзiнде рыноктық экономиканы құру бiр
жағынан, сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштердi, екiншi
жағынан, нарықтық бағаларды пайдалануға негiзделетiн рыноктық
механизмiнiң орталық проблемасы болып табылатын тепе-тең жағдайға қол
жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
2.3. Рынок түрлерi.
Рынок күрделi құрылымға ие және өз әсерiмен экономиканың барлық
сферасын қамтиды .
Рыноктық экономикалық құрылымы мыналармен анықталады :
• меншiк нысандарымен (мемлекеттiк және ұжымдық аралас );
• бүтiн экономикадағы шаруашылықты жүргiзуы субъектiлердiң қандай да бiр
нысандарының ұлы салмағына байланысты болатын таруар өндiрушi құрылымы (
мемлекеттiк, жал, коопе-ративтiк, жеке кәсiпорын, жеке еңбек қызмет
кәсiп - орыны );
• тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
• шаруашылықтың құрылмдық бөлiмшелерiн жеке шелендiру мен мемлекеттен алу
деңгейi;
• елде пайдаланылатын сауда түрлерi.
Рынокты келесiдей критерийлер бойынша белуге болады .
1. Рыноктық қатынастар объектiлерiнiң экономикалық қызметi бойынша:
• материалдық игiлiктермен қызмет көрсетулер рыноктары;
• өндiрiс құралдары рыноктары;
• ғылыми – техникалық жасалымдар рыноктары;
• құнды қағаздар рыноктары;
• жұмыс күшi рыноктары;
2. Рыноктары тауарлық топтар бойынша саралау болады:
• өндiрiстiк бағыттағы тауарлық рыноктары;
• халық тұттынатын тауарлар, азық – түлiк тауарлар рыноктары;
• шикiзат пен материалдар рыноктары және т. б.
3. Рыноктарыды өндiрiстiк белгiлерi бойынша құраты рынокта ры:
• аймақ iшiлiк;
• аймақ аралық;
• ұлттық;
• халықаралық ( әлемдiк ).
4 . Бәсекенi шектеу дәрежесi бойынша бөледi:
1. монополиялық;
2. алигополиялық;
3. салааралық рыноктар.
5. Рыноктық қатынастар субъектiлерiнiң түрлерi түрлерi бойынша рыноктар
былай бөлiнуi мүмкiн:
• сатып алушылар мен сатушылар ретiнде кәсiп – орындар мен ұйымдар жүретiн
көтерме сауда рыноктары ;
• сатып алушылар ретiнде жекелеген азаматтар жүретiн бөлшек сауда
рыноктары;
• сатып алушылар ретiнде мемлекет, ал сатушылар ретiнде – ауыл шаруашылық
өнiмдерiн тiкелей өндiрушiлерi жүретiн шаруашылығың өнiмдерiн
мемлекеттiк сатып алатын рыноктар .
6. Экономикадағы заңдылықты сақтаудың өскерiлуiнен рыноктар мынадай болып
бөлiнедi :
• ашық , ресми ;
• ашық емес “ жасырын “ , “ қара “ және т. б.
Рынокты құрылымдандыруды зерттеу рыноктың негiзгi ұрлерiн бөлiп
көрсетуге мүмкiндiк бередi:
Тауарлар мен қызмет көрсетулер рыноктары. Бұған мынадай рыноктар енедi:
• тұтынушылық бағыттағы тауарлар – азық – түлiк және азық – түлiк емес
тауарлар;
• қызмет көрсету рыноктары – тұрмыстық, көлiктiк, коммунал -дық ;
өндiрiстiк емес бағыттағы тұрғын үйлер мен ғимараттар рыноктары .
Өндiрiстiк факторлар рыноктары . Оларға :
• қозғалмайтын мүлiктер рыноктары ;
• еңбек құралдары ;
• шикiзат пен материалдар ;
• энергетикалық ресурстар ;
• пайдалы қазбалар .
Қаржылық рыноктар . Бұл :
• капиталдар рыноктары , яғни инвестициялық рыноктар ;
несие рыноктары ;
• акция , облигация , опцион , варант ,фьючерстiк көлiсiм – шарттармен
және т . б көсетiлген құнды қағаздар рыноктары ;
• валюта – ақша рыноктары .
Орналасу жағдайларына байланысты:
• жергiлiктi;
• аймақтық;
• дүниежүзiлiк;
Экономикалық байланыс дәрежелерiне қарай:
• еркiн;
• монополиялы;
• олигополиялық;
• таза монополиялық;
Тауардың шеттен келуiнiң мүмкiндiгiне қарай:
• ашық;
• жабық;
Интелектуалдық өнiм рыноктары – инновациялар , өнертапқыштар, ақпараттық
қызмет қөрсетулер, әдебиет пен өнер туындылары .
Жұмыс күшi рыноктары. Олар жұмыс күшi рыноктары экономика заңдарына
сай пайдаланылатын еңбек ресурстары қозғалысының эко-номикалық нысаны
түрiнде болады .
Тауарлы өндрiстiң даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.
Рыноктың мынадай үлгiлерi белгiлi: дамымаған, еркiн, реттелетiн ерекше
моделi сәйкес келедi.
1. дамымаған рыноктың тауарлы өндiрiсi;
2. еркiн рыноктың тауарлы өндiрiсi;
3. реттелетiн рыноктың тауарлы өндiрiсi;
4. деформацияланған рыноктың тауарлы өндiрiсi.
1. Дамымаған рыноктың тауар өндiрiсi ( жай товар өндiрiсi ) қоғамдық
еңбек бөлiнiсiне, өндiрiс құралдарына жеке меншiктiң болуына, тауар
өндiрушiлердiң өз еңбектерiне негiзделген. Жай тауарлы өндiрiс кезiнде
шығарылған өнiмнiң тек белгiлi бiр бөлiгi ғана рынокқа шығарылады.
Сондықтан, ол бүкiл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
2. Еркiн рыноктың тауарлы өндiрiсi ( рыноктық экономика ) түбегейлi
жаңа белгiге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесi
құбылыстарды бiлдiредi:
• адамның жұмыс күшi тауарға айналды және өндiрушiнiң өз еңбегiнiң орнына
жалдамалы еңбек келдi;
• қоғамдық өнiмнiң басым бөлiгi тек жеке тұтыну үшiн емес, рынок арқылы
сатуға арналды.
Бұл кезеңдерi тауарлы өндiрiс еркiн бәсекенiң болуымен сипатта-
лынатындықтан, оны әлi күнге дейiн еркiн бәсеке дәуiрiнiң капитализмi
немесе еркiн экономика деп атайды. Мемлекеттiң шаруашылық өiрiне
тiптi толық араласпауы оны “ таза “ – laisser яғни “ қалай жүрсе,
солай жүрсiн ” дегендi бiлдiретiн капита-лизм деп атауға мүмкiндiк
бередi. Iс - әрекеттi үйлестiру мақсатында барлық жерде рынок пен
баға жүйелерiн қолдану бұл тауарлы өндiрiстi рыноктық ( капиталистiк
) экономика деп атауға негiз болды. Рыноктық экономика машиналы
өндiрiс сатысында қалыптасты.
3. Реттелетiн рыноктың тауарлы өндiрiс экономикада мем-лекеттiк және
сектордың болуымен сипатталынады. Бұл екеуiнiң елдегi барлық ресурстар мен
материалдық игiлiктердi өндiру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестерi
жоғары. Мемлекет белсендi түрде рыноктық экономикаға араласқанымен,
рыноктың ретеушi ролi – көрiнбейтiн қолды жоққа шығармайды. Реттелетiн
рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкiмет алдында монополияны шектеу
мәселесi пайда болатын кезде қалыптасады. Мемлекеттiк реттеудiң басты
формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.
Реттелетiн рыноктық тауарлы шаруашылықтың бiрнеше модельдерi бар:
• әлеуметтiк рыноктың шаруашылық;
• аралас эономика;
• корпоративтiк экономика.
Олар, ең алдымен мемлекеттiк бағдарламалардың мақсатты
бағытталуымен ерекшеленедi. Әлеуметтiк шаруашылықтағы басты мақсат –
азаматтар мүдделерiн қорғау; аралас экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына
жағдай жасау; корпоративтiк экономикада – iрi бизнес мүдделерiн
қорғау. Бiрiншiсi, көбiнесе Германияға, екiншiсi – АҚШ – қа, үшiншi
модель – Жапония мен Швецияға тән.
4. Деформацияланған рыноктың тауар өндiрiсi әмiршiл - әкiмшiлiк
экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлiнiсiн реттеудi, еркiн
нарықтық қатынастарды басып тастауды бiлдiредi.
Бұл экономиканың екi моделi бар: жоспарлы – директиавлық және
нормативтi.
Жоспарлы – директивалық жүйе шаруашылық қызметiн ресурстарды
таратуда қалай болса, баға тағайындауда да сондай орталықтандыруға
негiзделген. Нормативтi модель тауар өндiрушiлердiң дербестiгiне
рұқсат бередi: әр кәсiп – орынның орындауы мiндеттi жоспар –
директива, нормативтер, бағдарламалар және анағұрлым бәсең
жоспарлаумен алмастырылады.
Рынок жағдайында тауарлар өндiрiсi тұтынушiларды жекелеген
топтарының сұранысын қанағаттандырумен байланысты болады.
Рынок түрлерiн жiктеу.
1. әлемдiк рынок.
2. Iшкi рынок.
3. Iшкi рыноктар жиынтығы.
Рынок сигментi – бұл – рынок бөлiгi ; ортақ белгiлiбар кәсiпорындар ,
өнiмдердi тұтынушылар тобы .
Рынокты сигменттеу – тауарларға бiрдей емес талаптар қоятын осы
тауарларды тұтынушыларды жөкелеген топтарға бөлу .
III. Рыноктық қатынастардың экономикалық теориясы.
3.1. Сауда және бәсеке рыноктың элементi ретiнде. Қоғамға нақты
өндiрiс аясынан басқа тауарды тұтынушыға дейiн жеткiзудi iске асыратын
қызметтердiң жиынтығы қажет.
Өнiмнiң өндiрушiден тұтынушыға қарай қозғалысымен байланысты
экономикалық қызмет ету аясы айналыс сферасы деп аталады.
Айналыс сферасында өнiм сатушыдан сатып
алушыға өтедi, яғни меншiк иесiн ауыстырады. Тауардың бiрiншi иесi, оны
сатушы мен екiншi иесi, сатып алушының арасында туындайтын тауарлы-ақша
қатынастарының делдалы немесе агентi САУДА болып табылады.
Сауда - бұл тауар айырбасы мен сату және сатып алу актiсiн iске асыру
жөнiндегi адамдардың қызет. Сату-сатып алу операциялары өнiмдi тудырмайды,
олар тек тауарды өткiзудегi қоғамның қажеттiлiгiн қанағаттандырады. Бұл
жағдай осы қызметтi қызмет көрсету аясына жатқызуға мүмкiндiк туғызады.
Отандық экономикалық ғылымда сауда қызметтерiн негiзгi және толықтаушы
деп бөледi.
Негiзгi сауда қызметтерiне тауарды өткiзуге, жарнамаға, сатушы сұранысын
зерттеуге, тауарды жәрмеңкелерде, аукциондарда көрсетуге байланысты
қызметтер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz