Үйдің су жүйесін құруға арналған жабдықтар мен материалдар



Нормативтік белгі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1 Үйдің су жүйесін құруға арналған жабдықтар мен материалдар ... ... ... ... 11
2 Үйге су құбырын енгізуді құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3 Үйдің су құбырын енгізудегі су өлшегіш аспаптары мен су өлшейтін түйіндер орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4 Үйлердің сумен жабдықтау жүйелеріндегі жергілікті су арттыратын қондырғылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Еңбек, қоршаған ортаны және техника қауіпсіздігін қорғау ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Мазмұны

Нормативтік белгі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1 Үйдің су жүйесін құруға арналған жабдықтар мен материалдар ... ... ... ... 11
2 Үйге су құбырын енгізуді құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3 Үйдің су құбырын енгізудегі су өлшегіш аспаптары мен су өлшейтін
түйіндер орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4 Үйлердің сумен жабдықтау жүйелеріндегі жергілікті су арттыратын
қондырғылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Еңбек, қоршаған ортаны және техника қауіпсіздігін қорғау ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Нормативтік белгі

МС-2874-82- мемлекеттік судың сапасына қойған талабы
МС -3262-75- 09 құбырлардың шартты диаметрі 10 мм-ден 150 мм- мемлекеттік
стандарт
МС - 9583-75- шойын құбырлардың мемелекеттік стандарт
МС- 21053-75 09 шойын құбырлардың стандарттарына сәйкес үш класты ЛА, А,
Б шартты диаметрі 65-150 мм, 1,0 МПа артық қысымға арналған етіп жасайды

Анықтамалар

Тұрмыстық жүйе шаруашылық – тұрмыстық ластанған суды әкетуге арналады.

Су құбырын енгізу- сыртқы су торабын үйдің ішіндегі су торабында орналасқан
өлшеуіш құрылғыға қосатын құбыр учаске

Ершік - шойыннан жасалған фасонды бөлшек, оны құбырға болты бар қамытпен
бекітеді.

Белгілер мен қысқартулар
1 МПа- мега паськал
ВТ-6 мен ВТ-12- 09 құбырлар диаметрі
1 м- метр

Кіріспе

Қазақстанның су жүйесі экономиканың дамуына және халық денсаулығына
зор әсер ететін негізгі себебі болып тұрғаны белгілі.
Жер шарында адам саны көбейіп, өнеркәсіптің нығаюына
байланысты, суармалы көлемдердің көбейюіне қарап және тұрғындардың
санитарлы гигиеналық жағдайы жақсаруына байланысты сумен жабдықтау және
канализацияның да нығая түсуіне де куә болуда.Үлкен өндірісті қалалардың
жанындағы өзендердің келген сарқын сумен ластанатыны белгілі. Суды
пайдалану мөлшеріне сәйкес ластанған судың да көлемі ұлғая түсуде.Сонымен
қатар лас суды әкететін.
Мемлекет басшысы Нурсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған
өткен жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында ел экономикасын
уақыт талабына сәйкестендіре отырып алға бастыруға айрықша мән берілген.
Мәселен, осы құжатта Экономикалық тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп,
ұстап тұру емес, оның өсуін басқару бірінші міндет ретінде атап
көрсетілген.
Елде жаңа экономикалық бағыттың негізгі өзекті элементтерін
қалыптастырумен жүзеге асыру жөнінен кең көлемде жұмыста жүргізілуде.Ол
отандық индустрияның жетімсіз тұрған,әсіресе өңдеуші өндірістегі, қызмет
көрсету саласын дамытудағы, жоғары технологиялық, инновациялық жаңа
экономикалық іргетасын қалаудағы алқы буындары толықтырудан тұрады. Осынау
тұжырымдамалық шешуші проблемалар 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған
индустриялық иновациялық даму стратегиясына нақты баяндалған.
Ішкі канализация дегеніміз елді мекеннен немесе өндіріс орнынан шыққан
ластанған суды қабылдап,оны тазартып, үй сыртымен және ішімен немесе
топтасқан үйлерде шыққан суды канализация жүйесіне тасымалдайтын
инженерурлік құрылымдар және ғимараттар жиынтығы.
Ласты тазалау және жинау әдістеріне қарай ағызбалы және шығармалы
жүйелер болады.
Ағызбалы жүйе орталықтандырылған болуы мүмкін, егер оны үйлердің
су құбыры бар канализацияланған ауданға орнатса. Бұл жүйе ласты қабылдауға
, оны сумен араластырып үй сыртындаға елды мекеннің, ықшам ауданның ,
объектінің кварталаралық торабына дейін тасымалдауға арналған.
Канализациясы жоқ аудандарда егер үйлер тек су құбырымен
жабдықталса, канализация жүйесіне түсетін ластанған суды тазалауға арналған
жергілікті қондырғылар қолданылады.
Шығарылмалы жүйеде ласты жергілікті жерде жинайды және оны
транспортпен тазалау ғимаратына әкетеді.Елді мекендердегі үйлердің су
құбыры және канализациясы жоқ болса, онда ласты жинау үшін – клозет немесе
шұңқыр орнатады.
Міндетіне және оның сипатына қарай тұрмыстық , өндірістік және
жаңбыр жүйелері болады.
Тұрмыстық жүйе шаруашылық – тұрмыстық ластанған суды әкетуге
арналады.
Өндірістік жүйе өндірістен шыққан ластанған суды әкетеді.Ондағы
ластанған судың сапасы және құрамы әртүрлі болады, оларды араластырмаған
дұрыс,сондықтан бірнеше канализация жүйелерін құрады.
Жаңбыр жүйесі жаңбыр және шатырдан аққан еріген суларды алып
кетеді.Атқаратын қызметіне қарай жүйелер біріккен және бөлінген болады.
Ішкі канализацияның біріккен жүйелері шаруашылық – тұрмыстық ,
өндірістік және кейбір жағдайда жаңбыр суларын жинап үй сыртына әкетуге
арналған. Егер тұрмыстық және өндірістік суды біріктіріп тазалауға
мүмкіндік болса және оларды сыртқы торапқа тасымалдауға жағдай жасалса осы
жүйені қолдануға болады.Егер тұрмыстық және өндірістік суды біріктіріп
тазалауға мүмкін болса және оларды сыртқы торапқа тасымалдауға жағдай
жасалса осы жүйені қолдануға болады. Егер ластанған суды ластану құрамына
байланысты сыртқы канализация торабына тастауға рұқсат етілмесе бөлінген
жүйелерді қолдануға болады. Мысалы, егер сыртқы канализация торабына әсерін
(бұзылу,бітеліп,т.б.) тигізетін агрессивті немесе жоғары концентрациялы
(сілтілі немесе қышқыл) ластанған суларды әкету керек болса. Бұл жағдайда
бөлінген тораптардағы ластанған суды алдын – ала тазалауға, нейтралдауға
арналған ғимараттар (сепарация, орталау, зарарсыздандыру) қолданады.

1 Үйдің су жүйесін құруға арналған жабдықтар мен материалдар

Үйді сумен жабдықтау жүйелерінде бәрінен көп қолданылатын болаттан
жасалған су мен газ жүргізетін құбырлар. Оларды мемлекеттің 3262-75
стандартына сәйкес шартты диаметрі 10 мм-ден 150 мм-ге тең жасайды. Бұл
құбырлар шет жағы цилиндрлік немесе конус оймасымен аяқталады, онымен
бірге шеті тегісте құбырлар шығарылады. Құбырларды мырышпен қапталған және
мырышпен қапталмаған етіп жасайды [1].
Құбырдың бетіндегі мырыш қабаты оларды коррозиядан сақтайды.
Мырышпен қапталған құбырлардың ұзындығы 2- ден 8-м-ге дейін, ал қапталған
құбыр -4- тен 12-м-ге дейін болады.
Оймасы бар болат құбырларын бір-бірімен жалғау үшін әр түрлі жалғайтын
мемлекеттің 8943-75 стандартына сәйкес болаттан немесе шойыннан жасалатын
бөлшектер қолданалы, оларды фитинг деп атайды. Жалғанған жерінен су ақпас
үшін ең алдымен ойманы зығырдың бір бұрымын орап оның үстіне қызыл
немесе ақ бояуды жағады. Бұл бөлшектердің түрлері: муфта, үштік, өткел,
бұрғыш, төрттарам.
Шойыннан жасалған кең қонышты су жүргізетін құбырларды мемлекеттің
9583-75 және 21053-75 стандарттарына сәйкес үш класты ЛА, А, Б шартты
диаметрі 65-150 мм, 1,0 МПа артық қысымға арналған етіп жасайды.
Бұл құбырды суды енгізетін учаскелерді салу үшін пайдаланады.
Құбырлардың ұзындығы 2- ден 6 м-ге дейін.
Біріне-бірін жалғағанда құбырдың тегіс шетін басқа құбырдың кең қонышына
кіргізіп, айналасын кендер жіппен немесе резеңкеден жасалған шығыршықпен
толтырады да, үстін асбестцементпен бітеп тастайды. Жалғайтын бөлшектерді
мемлекеттің 5525-61 стандарты бойынша шығарады. Бұл құбырлар корззияға
берік, ұзақ уақыт бұзылмауына байланысты енгізулерді, квартал ішінде
тораптарды жасауда қолданылады.
Пластмасса құбырлардың да кейбірде қолданылатын жерлері болады, мысалы
қысымы 1 МПа-ға жетпейтін тораптарда. Бұл құбырларда жоғары тығыздықты
полиэтиленнен жасалынады, олар мемлекеттің 18599-83 стандартына сәйкес,
ұзындығы 6, 8, 10, 12м, диаметрі 10-нан 150мм-ге дейін болады.
Бұл құбырлардың болат құбырларына қарағанда үлкен химиялық төзімділігі, аз
кедір-бұдырлылығы, соған байланысты үлкен өткізгіштік қабілеті болады.
Бірақ бұл құбырлар беріктігінің төмен шегіне және жоғары температуралардағы
ұзындық ұлғаюының едәуір коэффициентіне байланысты онша көп қолдана
берілмейді. Құбырлардың бір-бірімен жзәне фасонды бөлшектерімен жалғауы
түйіскен дәнекерлеу әдісімен немесе эпоксидті желімді қолданып кейде
фланецтер мен гайкалар арқылы жасалады. Өрттен сақтық су жүйелерінде
пластмасса құбырлардың қолданылуы рұқсат етілмеген.
Асбестцемент құбырларды сыртқы тораптан ішкі торапқа енгізуді құруға
пайдаланылады. Олардың шығарылатын маркалары ВТ-6 мен ВТ-12, диаметрі 100-
500мм. Оларды бір-бірімен асбестцемент муфталарымен жалғайды. Муфта мен
құбырдың арасындағы саңылауды резеңкелі тығыздайтын шығыршықпен не кендір
бұрыммен бітеп тпстап үстін асбестоцементпенен немесе қорғасынмен
толтырады.
Арматура
Су құбырының арматурасын жезден, болаттан, қоладан, қақтауға төзімді
шойыннан, пластмассадан жасайды.
Қызметіне байланысты арматуралардың түрлері былай болады:
1. су үлестіруші арматура;
2. жапқыш арматура;
3. реттеуші арматура;
4. сақтық арматура.
Су үлестіруші арматураға су үлестіруші, туалеттік, араластырушы,
лабораториялық, моншалық, суарғыш және өрттік шүмектер жатады. Оларды
ысырмасының жылжу принципіне байланысты екі түрге бөлуге болады.
1) Вентильдік түрі;
2) Тығынды түрі.
Жапқыш арматураға тығынды, өтпелі шүмектер, жаппалар, жапқыш вентильдер
жатады. Бұл арматураны су тарататын желінің төмен жағына, магистраль
құбырдан тарайтын барлық тораптарда, айналма тораптарды, өрт өшіруге
арналған желіліердің төмен жағында, әр пәтерге енетін тораптарда, суды
жылытатын аспаптарға баратын торапта, басқа да тораптарда орнатады.
Диаметр 50мм-ден асқан құбырларды бекітетін арматура ретінде жаппалар
қолданады, ал құбырдың диаметрі одан төмен болса вентильдер пайдаланады.
Реттеуші арматураға судың шығынын реттеге, торапта немесе үйлестіруші
аспаптар алдында анықты арынды қолдауға арналған арматура кіреді. Оларға
шығын реттеушілер, арын реттеушілер, реттеуші ветильдер пайдаланады. Бұл
арматура үйге, пәтерге, көп қабатты үйлердің әр қабатына суды енгізетін
құбырға орналасады.
Сақтық арматураға сақтық клапандар, қысымды төмендетуге арналған арматура
және кері клапандар жатады. Кері клапан деген құбырда суды бір жаққа ғана
ағызатын арматура. Олар көбінесе сорғыштардан кейін орнатылады [2].

2 Үйге су құбырын енгізуді құрастыру

Су құбырын енгізу дегеніміз сыртқы су торабын үйдің ішіндегі су
торабында орналасқан өлшеуіш құрылғыға қосатын құбыр учаске ( 1 сурет).
Сыртқы су құбырына бұл учаске ершік арқылы жалғанады. Мұндай су
ағызуын тоқтатпай қосу әдісі диаметрі 50мм-ден төмен құбырларда қолданады.

1 - сурет. Үйлерге су құбырын енгізу схемалары:
а – қисық енгізу; ә - екі енгізуді құру: б – енгізудің өзгеруі; в –
орталық жылу пунктке (ожп) келетін екі енгізу; г – екі енгізумен өрттік
сорғыштарды айналма жасау; 1 – енгізу; 2 – енгізуді сыртқы торапқа жалғау;
3 – ысырма; 4 – кері клапан; 5 – су өлшеуіш; 6 – бөлектейтін ысырма; 7 –
бір трансшеядағы енгізулер; 8 - өрттік сорғыштар; 9 – айналма торап; 10 –
тұйықталған торап

Ершік деген шойыннан жасалған фасонды бөлшек, оны құбырға болты бар
қамытпен бекітеді. Сөйтіп ершікке өтпелі шүмекті жалғайды. Құбырды тесу
үшін өтпелі ысырмаға бұрғылайтын аспапты бекемдейді де, тесіп болғаннан
кейін бұл аспапты алып тастап, оның орнына енгізуді жалғайды ( 3- сурет)

2 – сурет. Енгізуді сыртқы құбырға жалғау схемасы:
1- сыртқы су құбыры; 2- қамыт; 3- ершік; 4- резеңкеден жасалған төсем; 5-
өтпелі ысырма; 6- бұрғылайтын аспап.

Сыртқы су құбырын қалалық магистраль торабынан бөліп тастайтын
мүмкіншілік болса енгізуді кейде сыртқы су құбырына дәнекерлеу арқылы
қосуға болады. Сыртқы торапты жүргізу кезінде алдымен енгізуді орнын
белгілеп сол жерде жалғайтын арнайы бөлшектерді орнатады да кейін солар
арқылы енгізуді қосады. Су құбырын коррозияға берікті материалдан жасайды.
Ол үшін көбінесе арынды шойын құбырларды пайдаланады. Енгізудің саны
тұтынушыларға су жіберу тәртібіне байланысты [3].
Кейбірде суды жеткізіп тұруына үзіліс болмайтын үйлерде екі енгізу жасайды.
Мұндайға әртүрлі цехтар және өрт өшіруге арналған 12 шүмектен кем
болмайтын тұрғын үйлер жатады.
Енгізу құбырларының жердің астында орналасатын тереңдігі сыртқы құбырлардың
орналасу тереңдігіне байланысты, ал ол құбырлар болса жердің қату
тереңдігінен 0,5 м төмен түсу керек.
Енгізудің құбырын судан босату үшін сыртқы торапқа қарай 0,003...0,005
еңістігімен салынады.
Су құбырын енгізудің жолын белгілеуде құбырдың ұзындығын азайту үшін
құрылыс конструкцияларды тік кесіп өтуін ойластыру керек.
Жер төлемен техникалық еден астының қабырғаларын енгізумен кесіп өтуде
құбырларды үйдің шөгуінен, жертөленің ішіне жауын-шашын мен еспе суының
кіруінен сақтау керек. Ол үшін құрғақ топырақтарды қабырғадан құбырдың
өтуінде 0,2 метр қалдырылған саңалауды су өткізбейтін шайырылған бұрым мен
құнарлы саз балшықпен бітейді, сөйтіп цемент ерітіндісімен сылап тастайды
( 4-сурет). Ылғалды топырақтарда жертөленің қабырғасын құбырмен кесіп өтуін
сальник тығыздауымен жасайды. Енгізу мен канализацияның ағызғышы аралығы
1,5метрден (енгізу құбырының диаметрі 200 мм-ге деген) және 3,0 метрден кем
болмауы керек (енгізу құбырының диаметрі 200 мм-ден асса). Канализация
құбырларын кесіп өтетін жағдайда су құбырын 0,4м жоғары жүргізген жөн.

3 - сурет. Енгізу құбырының жертөленің қабырғасынан өту схемалары:
а – құрғақ топырақтарда; ә - ылғалды топырақтарда; 1 – қаптама; 2 –
цемент ерітіндісі; 3 – шайырланған бұрым; 4 – саз балшық; 5 – бетон; 6 –
фланцтер; 7 – гидроизолизация; 8 – болттар; 9 – грудбукца:

3 Үйдің су құбырын енгізудегі су өлшегіш аспаптары мен су өлшейтін
түйіндер орналастыру

Су құбырын енгізудегі судың мөлшерін есепке алу үшін су өлшеуіш
қолданылады. Олар қанатты, турбиналық және құрастырылған өлшеуіш деп
бөлінеді. Су шығыны онша көп болмаса енгізудің диаметрі 50мм-ге дейін
құбырларда қанатты өлшеуішті қолданылады. Судың көп шығынында құбырдың
диаметрі 50мм және одан тағы артығырақ болса турбиналық өлшеуішті
қабылдайды. Торапта су шығыны жиі өзгеретін жағдайда құрастырылған
өлшеуішті орнатады. Құрастырылған өлшеуіш екі колибрлі
( бір үлкен, бір кішкентай) өлшеуіштерден құралады.
Қанатты мен турбиналық өлшеуіштер жұмыс істеу приципі бойынша
суды шапшақ санағыштарға жатады, өйткені олардың ағынға орналасқан жұмыс
органы айналым санына қосылып, сол сан ағатын судың санына пропорционал
болады.
Қанатты өлшеуіштер тік айналу өсі бар бірағысты және көпағысты
болады. Есеп механизімі суға батуына не батпауына байланысты бұл
өлшеуіштер сулыжүргіш пен құрғақ жүргішке бөлінеді.
Кейінгі уақытта қанатты су өлшеуіштің жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақылды үйлер
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
Қаптағыш материалдар
Ақылды үйді қашықтан басқару
Архитектуралық дизайнның негізгі принциптерін және олардың тұрғын және жазғы ғимараттарға қолданылуын түсіну
Интерьер сәулеті
Қонақ бөлме
Құрылыс және құрылыс материалдары
«Жасыл» құрылыс дамуының болашағы
«Жасыл» құрылыс
Пәндер