Өрт қауіпсіздігі, өрттерді алдын алу жұмыстарының негізгі талаптары


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Тұжырым
Берілген курстық жұмыс 35 беттен, 3суреттен, 2 кестеден, 8 суреттен, 1сұлбадан, көлемді графикалық сызбадан және 33 пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Берілген жұмыста жұмыста балар емханасы мемлекеттік мекеменің өрт қауіпсіздік деңгейін жоғарылату іс-шаралары, автоматтық өрт сөндіру (спринкерлі) құрылғыларымен қатар, жартылай автоматты өрт сөндіру(дренчнрлі) құрылғыларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.
Өрт сөндірудің құрылғыларына, үйлесімді жүйесіне негізгі сипаттамалар келтірілген және оларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған, сонымен қатар техника-экономикалық көрсекіштердің есептемелері көрсетілген.
Нормативтік сілтемелер
МемСТ 12. 1. 004-91 - өрт қауіпсіздігі талаптары
МемСТ 12. 1. 004 - 85(40) - өрт сөндіру гидрантына қойылатын талап
МемСТ 27586-88 - өрт сөндіргіштерге қойылатын талап
МемСТ 12. 3. 046 -автоматты өрт сөндіру құралдарына қойылатын талап
МемСТ 27331-87 - өрт техникасы. Өрттердің классификациясы
МемСТ 12. 1. 004. -91-Заттар мен материалдарды бірге сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талабы.
ҚР СТ МЕМСТ Қ 12. 4. 026 - өрт сөндіру қалқанына қойылатын талап
ҚР СТ 1167 -2002 Өрт сөндіру автоматикасы. Классификациясы.
ӨҚН 57-97 - Өрт дабылқаққыштар және өрт сөндіргіштердің автоматты қондырғыларының құрылғылары мен асапаттары
ӨҚН 85-00 - Жылулық өрт хабарлағышы. Өрт қауіпсіздігіне техникалық талаптар. Тәжірибелеу әдістері
ӨҚН 88-01*-Өрт сөндіргіштер мен дабылқаққыштарды орнату. Жобалау нормасы және ережесі
ҚР ҚН және Е 2. 02. 11-2002-«Ғимараттарды, жабдықтауларды және құрылыстарды автоматты өрт дабылқаққыштарымен, автоматты өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықтау нормалары және адамдарды өрт жайлы хабарлау».
ҚР ҚН және Е 2. 02. 15-2003-«Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы».
ҚР ҚН және Е 2. 02. 02-2003-«Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі».
ВҚН 25-09. 68-85-«Қорғау, өрт және қорғау-өртті дабылқаққыштарды қабылдау мен өндіру ережелері».
БҚ 01-94-«Қорғау, өрт және дабылқаққыштардың кешені мен жүйесін басқарушы құжат. ҚР 11м жұмысын қабылдау және өндіру ережелері».
Анықтамалар
Өрт қауіпсіздігі - мемлекеттің, қоғамның, адамдардың және олардың мүліктерінің өрттен қорғау қауіпсіздігі.
Өртке қарсы қызмет - бекітілген тәртіпте жасалынған басқару күш және құралдар сонымен қоса өртке қарсы қалыптастыру органдарының жиынтығы - өртті ескерту және сөндіру ұйымдарының, олармен байланысы алғашқы апатты құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.
Негізгі өжеттік тапсырмалар - өртті мерзімінде және өлшемінде сөндіруге, жоюға, өртке жетуге, оны сөндіруге бағытталған өртке қарсы қызметтің күші мен құралдарын пайдалану мүмкіндігі мен анықталады.
Өрттің зардабын жою - өрт сөндірудің бірінші сатысы, онда жану және оның өздігінен тұтану жағдайы тоқтатылған.
Өрт кезінде адамдарды құтқару - адамдар өздігінен өрт аймағынан шыға алмайтын, оларға зиян келу қаупі бар жағдайда адамдарды құтқару жұмыстары.
Өрт кезіндегі оперативтік штаб - ӨСБ ұйымы өртте күштерді және құралдарды басқаруға арналған уақытша қалыптастырылған ұйым.
Өртті сөндіруге арналған заттар - өртті сөндіру үшін жағдай жасайтын физика - химиялық қасиетке ие заттар.
Құралдар мен күштерді пайдалану жоспары - өртті сөндіруге арналған күштер және құралдар санын тәртібін жобалайтын оперативті құжаттар.
Өрт сөндіру техникасы - өртті сөндіруге, тоқтатуға, адамдарды қорғауға және материалдық құндылықтарды өрттен сақтауға арналған техникалық құрал.
Белгілеулер мен қысқартулар
КӨС
МПа
Көмірқышқылды өрт сөндіргіш
Мега Паскаль
ҚР ӨҚЕ
ВҚН
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздік ережелері
Ведмоствалық құрылыс нормалары
Кіріспе
Қазақстанда қоғамдық ғимараттыры мен өзге де нысандарда өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамассыз ету бұл елдегі өмір сүру деңгейін арттырудың басты шарттарының бірі. Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда ғимараттар мен үймереттерді нормалар мен ережелерге сай жарылыс-өрт қауіпсіз етіп жобалау, салу дамуда.
Қалалық аурухананың ғимараттары технологиялық жағынан күрделі құрылыс үймереттері болғандықтан, қауіптілігі жоғары объектілерге жатады. Сондықтан адамдардың өміріне және жалпы ғимараттың бүтін қалуына қауіпті төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі көбінесе өрт кезінде жоғары болады. Биік ғимараттарда тігінен өрт тез дамиды және жоғарғы қабаттарды тез түтін алып кетеді, сондықтан эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізу қиындық тудырады.
Адамдарды құтқару және өртті сөндіру қиындығын ескере отырып, бүгінгі күні қолданылып жүрген (бұрын қолданылған да) жобалау және құрылыс бойынша нормативтік-техникалық база өрт қауіпсіздігінің жоғарғы талаптарының жиынтығын белгілейді, ғимараттар осы талаптардың негізінде салынады. Өкінішке орай, қаланың аймағында бұрын салынған биік қабатты ғимараттарды пайдалану тәжірибесінде, оларды өртке қарсы жабдықтау мәселелерін шешуде бірқатар қиындықтар бар екендігін көрсетті. Бүгінгі күнге олардың өртке қарсы қорғаныс жүйелері ақау күйінде, ал кейбіреулерінде мүлдем орнатылмаған.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамассыз ету ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылаумен жүзеге асырады. Мұндай бақылаулар Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылы 22 қарашадағы заңына сәйкес жүргізіледі. Осы заңға сәйкес елді мекендердің, сондай-ақ, барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелерді, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы объектілерді қажеттілігіне қарай, бірақ үш жылда бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша тексереді.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны - Шымкент қалалық балалар емханасы.
Жұмыстың мақсаты - белгілі нысандағы өрт қауіпсіздігі принциптерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- аталған мекемеге сипаттама беру инженерлің жүйелеріне шолу жасау;
- өрт қауіпсіздігі туралы мәліметтер жинау, ғимаратта өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру шаралары;
- автоматты өрт хабарлағыш және өрт сөндіру қондырғыларына сипаттама беру;
- балалар емханасы ғимаратында өрт автоматикасын орналастырудың негіздерін зерттеу.
Курстық жұмысты жазу барысында бақылау, мәлімет жинау, құрылыс материалдары сауда кешенінің өрт және жарылыс қауіпсіздігіне техникалық талдау жасау, анализ, синтез, жүйелеу тәсілі сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
1. Объект сипаттамасы және даму тарихы1. 1 Балалар емханасы мемлекеттік мекеменің ғимаратының жылыту желдету жүйесі және электр, су жүйелері
Балалар емханасы мемлекеттік мекемесі 1964 жылы құрылған. Емхана Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Тәуке-хан даңғылында орналасқан.
Құрылыстың ерекшелігі - ғимарат 5- қабатты, көлемі 20 60 қабырғасы күйдірілген қыш, 5 қабаттың жоғарғы жаппасы темір бетон, желдендіру жүйесі табиғи ауа, электр жүйесімен қамтылған, «3 - Жылыу орталағы» жылу жүйесімен жылытылады.
1-ші қабатта:
- асхана
- егу бөлмесі
- киім үтіктеу бөлмесі
- жуыну бөлмесі
- әжетхана
- медбикелер бөлмесі
- меңгеруші бөлмесі
- компьютер залы
- қойма
2 ші- қабатта:
- 28 - бөлме
- 2 әжетхана
- 2 жуыну орны
- 3, 4, 5 қабаттар осы жоспармен құрылған.
Балалар емханасы мемлекеттік мекеменің «3 - Жылыу орталағы» жылу жүйесімен жылытылады жылыту жүйесіндегі сұйықтыққа су қолданылады, жылыту жүйесінің жатақхананың 1-ші қабатында орналасқан.
Жылыту жүйесі біртрубалы жабдықтармен жүргізілген және жылыту батареялары орнатылған, магистральды құбыр жүйесі еден үстімен жүргізілген, жылыту жүйесі ретінде чугунды батарея қолданылған.
Балалар емханасы мемлекеттік мекеменің желдендіру жүйесі табиғи тазарту жүйесімен яғни өзіндік ауа тазартқыш кендіктердің көмегімен қамтылған Жеке бөлмелерде терезе, есік арқылы табиғи ауа алмасу жүйесі жүзеге асырылады жсонымен қатар ішкі бөлмелердің жоғарғы жағында орналасқан ауа тазарту кеңдіктердің көмегімен бөлмедегі шаң-тозаңдарды, лас ауаны сыртқа шығарып ауа алмасып отырады. Желдендіру кендіктерінде ауа тазалағыш желдендіру жүйесі орнатылған. Емхана ішінденгі ауа, жоғарыға шығатын ауа тазалағыш кендігі арқылы және қосымша ауа тазалағыш желдендіру арқылы ауа алмасып отырады.
Балалар емханасы мемлекеттік мекеменің ғимаратында, ішуге тұтынатын таза су және өртке қарсы су көздерімен қамтамасыз етілген. Электр көзі ғимараттан 15м қашықтықта орналасқан трансформатор арқылы қамтамасыз етіледі. Электр қуатының қамтамасыз ету жүйесі 380-220В. Авариялық электр көзі авариялық жағдай орын алған кезде автоматты түрде іске қосылады.
1. 2 Әеуметтік нысандары мен ұйымдарында өртке қарсы қызмет пен шараларды ұйымдастыру
Адамдарды, қоғамның материалдық және мәдени құндылықтарын өрттерден қорғау мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі турапы» № 48 Заңының 25 бабы ұйымдарға олардың меншік түрлеріне қарамастан, белгіленген нормаларға сәйкес өртке қарсы қызмет бөлімшелерін құруды және оларды ұстап тұруды міндеттейді. Бұлардың қатарына ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 239 Қаулысымен берілген тізбеге сәйкес салалар, ұйымдар және объектілермен жасалған шарттар да жатады.
Аталған қаулыны іс жүзіне асыру тізбе мазмұнындағы бірқатар елеулі сәйкессіздіктер мен шалалықтарды анықтады. Бұл Тізбеде өртке қарсы қызмет түрі (көшпелі немесе көшпелі емес өртке қарсы техникалы) айқындалмаған, қопарылыс, өрт қаупі бар стратегиялық бірқатар
объектілер(мұнай мен газ тасымалдау объектілері, элеваторлар, т. б. ) қосылмаған. Тізбеге өзінің қаржы-экономикалық жағдайына байланысты жеткілікті мөлшерде қымбат тұратын өртке қарсы қызмет ұстауға шамасы келмейтін ұсақ объектілер (мешіттер, шіркеулер мен басқа да діни мекемелер, мәдени-көңіл көтеру, емдеу-сақтандыру, сауықтыру, балалардың емдеу- сақтандыру, оқу мекемелері, мұражайлар, кітапханалар және басқалар) ешбір негізсіз енгізілген. Бұдан бөлек көрсетілген объектілер адамдар қоныстанған аймақтарға шоғырланған және оларда ТЖМ-нің өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелері жұмыс істейді.
Объектілер мен ұйымдарда өртке қарсы қызметтерді құру кезінде өртке қарсы қызметтің түрі, өрт сөндіру техникасы мен қызметкерлер саны бойынша келісім жасау мүлдем іске асырылған жоқ немесе сөз жүзінде ғана орындалды. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет органдары белгісіз себептерге байланысты бұл мәселелерді шешуге қызығушылық білдірмеді. Бұл республикада өрт сөндіруді ұйымдастыру жұмысын жақсартуға елеулі әсер еткен болар еді.
Осылайша, ұйымдар мен объектілерде тиімділігі төмен, тіпті қауқарсыз өртке қарсы қызметтер құрылды, барлық жерде дерлік өрт сөндіру техникасы мен қызметкерлердің саны төмендетіліп көрсетілді.
Өрттердің алдын алу мен сөндіру жөніндегі жұмыстардың өзіндік ерек-шеліктерін есепке ала отырып, бұл қызмет түрлерін бәсекелестік ортаға, еркін рынокқа өткізу үшін қызметтің бұл түрлеріне лицензиялар беру қажет. Ресей Федерациясында осылай істелген. Газ зардаптарынан құтқару, таукендік құтқару мен іздестіру-құтқару жұмыстарының қызметтің лицензияланатын түрі болып табылатыны және қызметкерлерді дайындау мен қажетті біліктілік талап етілетіні таңғаларлық, ал Қазақстанда өрттердің алдын алу және сөндірумен кім көрінген айналысатын тәрізді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысының күшіне енгізілуіне байланысты өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын объектілердің саны 2 еседен астам азайғанын атап өткен жөн. Бұл елдегі өрт сөндіруді ұйымдастыру мен өрт қауіпсіздігі деңгейіне оңды ықпал етпейтіні сөзсіз. Өкінішке орай Тізбеден ірі базарлар, сауда орталықтары, базалар мен қоймалар, адамдар көп жиналатын объектілер шығарылып тасталған. Қазақстан Республикасындағы 13 800 елді мекеннің тек 276-сы немесе елді мекендердің 2 %-ы ғана өртке қарсы қызметтің мемлекеттік бөлімшелерімен қорғалатынын ескерсек, ұйымдар мен объектілерде өртке қарсы қызметтерді құру бюджет үшін елеулі демеу болған болар еді.
2 Өрт қауіпсіздігі, өрттерді алдын алу жұмыстарының негізгі талаптары
Қазіргі таңда адам көп қоныстанған жерлерде объектілерде өрт қауіпсіздігі барынша қатаң қадағалануда. Қарастырылып жатқан объекіміз яғни балалар емханасының ғимараттары көпшілік адамдар қоныстанған объект болып табылады. ҚР ҚН және Е 2. 02-05-2002 «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі» талаптарына жауап беруі тиіс.
Өрт қауіпсіздігі - өрт шығудың және дамуының мүмкіндігі, өрттің қауіпті факторлары адамға әсерінің ықтималдылығын болдырмайтын, сонымен қатар материалдардың бағалы заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін обьект күйі. Өрт қауіпсіздігі МЕМСТ 12. 1. 004-91 талапқа сәйкес болуы тиіс.
Өрт қауіпсіздігіне байланысты барлық іс-шараларды екі топқа бөлуге болады; өрттің алдын алу және оны жою. Өрттің алдын алу мен өрттің көлемін азайту өрттік профилактика деп аталады. Жарылғыш заттарды өндіруде және оны өңдеуде өртке қарсы іс шаралар қауіпсіз техникаларымен тығыз байланысты. Барлық өрттер ұйымдастырушылық және техникалық қателерден туады. Жарылғыш заттарға байланысты өндірістегі өртке қарсы режим әрбір жұмыс орнында тәртіп пен тазалықтың болуын, жарылғыш пен өртқауіпті заттарды ұқыпты ұстауды талап етеді. Жарылғыш және өртқауіпті заттар, прибор мен инструменттерден ұқыпсыз ұстағанда искра шығады.
Өрттік профилактиканың негізгі талаптары: жанғыш материалдарды, жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнында қалдыруға болмайды. Жарылғыш заттармен ластанған өнім қалдықтарын негізгі заттардан бөлек арнайы металл жәшіктерде сақтайды. Әдетте бұл жәшіктер шеберханадан тыс жерде орналасады. Өндірісте пайдаланылмайтын жарылғыш заттардың қалдықтарын арнайы бекітілген ережелерге сәйкес жояды.
Балалар емханасы ғимараттарында өрттен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар:
Өрттен қорғаныс мыналармен қамтамасыз етілуі керек:
- өрт қауіптілігі бар материалдардың орнына мүмкіндігінше жанбайтын немесе өте қиын жанатын заттармен алмастыру, жанатын заттарды шектеу, жанғыш ортаны оқшауландыру, өртті өрт ошағынан асып таралмауын;
- өрт сөндіргіштерді қолдану; объект құрламдарын жану және отқа төзімділік шегін регламенттелгенді қолдану, адамдарды көшіру;
- объектіні өрттен қорғауды ұйымдастыру. Жанғыш заттарды және оларды орналастыру, қолданыстағы санын шектеу мына төмендегі регламенттеумен болады; сыртқы немесе ішкі бөлменің өрт құрылыс қауіптілігі класына сәйкес электр жабдықтарын қолдану, жарыс қауіптілігі бар қосынды мен жұмыс істейтін технологиялық процесс пен жабдықтардың электр ұшқыны шықпайтындай талаптарға сәйкес болуы:
- ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды найзағайдан қорғау құрылымдар мен қамтамасыз ету;
- жаңғыш ортамен контактіге кіретін материалдар, жабдықтар және өнімдердің ең жоғарғы қызу температурасын регламенттеу;
- жаңғыш ортада пайда болатын, ұшқын шығаратын қуатты максималды регламенттеу;
- жаңғыш ортадағы ұшқын разряды бар максималды қатаң регламенттеу;
- жаңғыш заттар, материалдар және құрылымдарды максималды жіберілетін қызу температурасын регламенттеу;
- тез жаңғыш заттармен жұмыс істегенде ұшқын шығармайтын аспаптарды қолдану;
- материалдарды, құрылымдарды өнімдердің жылулық, химиялық немесе микробиологиялық айналысымдағы өз-өзінен жану ғимараттарын жою.
Балалар емханасының ғимараттарында жарылыс қауіпсіздігі
Жарылыс қауіпсіздігі, жарылыс сақтандыру, жарылысты қорғау ұйымдастырушылық және техникалық-ұйымдастырушылық шаралармен іске асырылады.
Жеке өндірістік процестерге қойылатын конструктивтік жарылыс қауіптілігіне қойылатын талаптар осы прцестерге бөлінген нормативті техникалық құжаттарға сәйкестендіру қажет. Ортаның жарылыс қауіптілігі мынандай негізгі параметрлермен мінездемеленеді:
- жану аймағымен;
- өзіндік жану температурасымен;
- жалынның қалыпты таралу жылдамдығы, оттөгінің ең кем жарылу қауіпі бар үлесімен;
- жағудың ең кем қуатымен;
- детонация мен жарылысқа бейімділігімен;
- механикалық әсерге сезімталдығымен.
- Жарылыс қауіптілігінің негізгі параметрлері:
- соққы толқынның қысымы;
- жарылыс қысымның жоғарылығы;
- жарылыс кезінде қысымның жоғарылу жылдамдылығының ең орташасы;
- жылу қауіптілігі бар ортаның бөлшектенуі мөн фугастың қасиеттері.
Жарылу қауіпі бар өндірістік процесті нормативті-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету үшін, оған қауіпсіз коэффициенті белгіленген.
Жарылыс кезінде адамдарға әсер беретін қатерлі және зиянды факторлар:
- шектік дәрежеден асатын соққы толқынның қысымы;
- жалын, өрт;
- жабдықтардың, желілердің, қондырғылардың, кешендер мен ғимараттардың қирауы, кесінділердің жан-жаққа ұшып кетуі;
- ішінде зиянды заттары бар жарылыс кезінде бұзылған аппараттардан ауаға шектік концентрациясынан асатын газ жолдарының пайда болуы.
Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар
Жарылыстың алдын алу үшін алдымен жарылыс пайда болатын ортаны болдырмау. Жарылыс қауіптісі бар ортаның шығу кезеңдері:
- заттардың (газ, бу, шаң) ауамен және басқа тотығыштар мен пайда болатын жарылыстың қабілеті бар қосындылар (оттегі, хлор, азон және т. б. )
- жарылуға дайын жеке заттар (ацетилин, азон, гидразин, аммиакты селитра және т. б. )
Жарылыс көздері:
- жанатын, қызатын заттар;
- электролық разрядтар;
- механикалық қозғалыстар мен химиялық реакция жылуларының шығуы;
- соққыдан пайда болған ұшқындар;
- соққылық толқындар;
- электромагниттік және де басқа сәулелердің күндік радиациясы.
2. 1 Балалар емханасының ғимараттарының өртке қарсы қорғалуы
Халықтың өсуі және шоғырлануының тез арада қарқынды дамуына негіз болатын биік үйлер салу тұрғын үй мәселелерін шешу жолдарының бірі болып табылады. Құрылыстағы қазіргі заманғы технологиялар адамдарды барынша көп орналастыруға жағдай жасайтын ыңғайлы көп қабатты үйлер салуға мүмкіндік береді. Қаланың ені жағы бойынша емес, биіктігі жағынан өрістеуі экологиялық көзқарас тұрғысынан да ең таңдаулы шешім болып табылады.
Балалар емханасының ғимараттарында болған өрт мәліметтерін талдаудың көрсеткені:
1. Егер түтіннен қорғалуы қарастырылмаған болса, түтін және еріп
ыдыраған пластмасса бұйымдары жабындардағы саңылау және тығыз емес
жерлер арқылы, техникапық коммуникация шахталары, сондай-ақ баспалдақ алаңдары және жеделсаты шахталары арқылы өтіп өрт ошағынан жоғары қабаттарына лезде толып кетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz