Өндірістік объектілерге арналған өрт қатерінің нормативтік мәндері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамассыз ету ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылаумен жүзеге асырады. Мұндай бақылаулар Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылы 22 қарашадағы заңына сәйкес жүргізіледі. Осы заңға сәйкес елді мекендердің, сондай-ақ, барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелерді, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы объектілерді қажеттілігіне қарай, бірақ үш жылда бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша тексереді.
Қазақстанда өндіріс ғимараттыры мен өзге де нысандарда өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамассыз ету бұл елдегі өмір сүру деңгейін арттырудың басты шарттарының бірі. Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда ғимараттар мен үймереттерді нормалар мен ережелерге сай жарылыс-өрт қауіпсіз етіп жобалау, салу дамуда.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны - Шымкент қаласындағы энертегика нысаны.
Жұмыстың мақсаты - белгілі нысандағы өрт және жарылыс қауіпсіздігі принциптерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- ғимараттардың өрт және жарылыс қауіптілігі категорияларына
- сипаттама беру;
- ғимараттың технологиялық схемасына талдау жасау;
- энергетика нысанында өрт және жарылыс қауіпсіздігін сипаттау;
Курстық жұмысты жазу барысында бақылау, мәлімет жинау, құрылыс материалдары сауда кешенінің өрт және жарылыс қауіпсіздігіне техникалық талдау жасау, анализ, синтез, жүйелеу тәсілі сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
- Ғимараттар мен үймереттердің өрт - жарылыс қауіпсіздігі бойынша жіктелуі. Материалдардың өрт класстары
Өндірістің өрт қауіпінің сол өндіріске қолданылатын материалдардың қасиеттері мен технологиялық процестердің өзгешіліктерін анықтайды.
Өрт қауіпі деп өрттің пайда болу немесе өрттің мүмкіндігін айтады. Өндірістің өрт қауіпі технологиялық процесстердің одақтық нормалары ОНТП-24-86 бойынша 5 категорияға :А, Б, В, Г, Д бөлінеді. Өндірістің категорияларға бөлінуі жоғарғы А-дан төменгі Д-ға дейін біртіндеп ажыратылып 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте
А-
жарылыс, өрт қау-іпті (түтану темпера-турасы 28 0 С дейін)
Түтану температурасы 28 0 С-дан аспайтын жанғыш газдар мен тез от алатын сүйықтар белгілі бір мөлшерде жарылғыш газ, бу, ауа қоспаларын түзейді және олар от алған кезде бөлменің қысымы 5 кПа-дан артық болса жарылысқа соқтыру мүмкін.
Бөлмедегі жарылыс кезінде есептелген қысым 5кпа-дан артық болғанда, сумен оттегімен немесе бірі-бірімен араласқанда жарылу және жану мүмкіндіг бар заттар мен материалдар.
өрт, жарылыс қауіп-ті (түтану тем-расы 28-61 0 С дейін)
В
өртену қауіпі (түтану температурасы 61 0 С жоғары)
Ғимараттардың өртену қауіпі олардың негізгі конструкциялық элементтерінің отқа төзімділігі дәрежесі мен анықталады да, құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП 2. 01. 02-85) бойынша тағайындалады. Құрылыс материалдары мен конструкциялары жануына байланысты жанбайтын, жануы қиын және жанатын болып 3 топқа бөлінеді.
Жанбайтынға - оттың немесе жоғары температураның әсерінен от алмайтын, бықсымайтын және көмірленбейтін материалдар жатады. Оларға минерал талшықтарынан жасалған тақталар, табиғи және жасанды бейорганикалық заттар жатады.
Жануы қиын материалдарға - оттың әсерінен немесе жоғары температура әсерінен бықситын және көмірленетін, бірақ от алмайтын, от көзі барда ғана жануы және бықсуы тоқтайтын материалдар жатады. Ол асфальт бетоны, битум негізіндегі минерал тақталары, балшық ерітіндісі мен сыланған киіз, антиперен мен өңделген ағаштар.
Оттың әсерінен немесе жоғары температураның әсерінен от алатын, болмаса бықситын және от көзін алып тастағаннан кейін де жанаберетін материалдар жанатын материалдарға жатады. Жанатын материалдарға барлық органикалық материалдар, одан басқа оттың әсерінен және жоғары температураның әсерінен қорғалмаған жанғыш материалдардан жасалынған конструкциялар жатады.
Өндіріс орындарында жанғыш қоспалардың от алуы әр түрлі жылу көздерін электр тізбегіне қосқанда және ажыратқанда пайда болатын үшқынға, статикалық электрлену үшқынына, соғылу кезіндегі үйкеліс арқылы пайда болатын үшқынға байланысты болады. Сығылған газ бөлінбейтін жанғыш қоспаның тез күюі және түтануы жанғыш қоспалардың от алуына себепші болады.
Тұтану температурасы деп (арнайы сынақ жағдайында) жанғыш заттардың ең төменгі температурасын айтады. Осы кезде заттардың бетінде ауада от көзінен түтануы мүмкін бу мен газдар жиналды, бірақ олардың жиналу жылдамдылығы одан әрі жануына жеткіліксз болады.
От алу температурасы деп жанғыш заттардың температурасын айтады. Осы кезде от көзінен от алған газ бен будың бөліну жылдамдығы жануды қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, кенеттен экзотермиялық реакциясы күшейетін заттардың (материал, қоспа) ең төменгі температурасы, ол жалыңдап жануымен аяқталады.
Белгілі сұйықтардың түтану температурасы от алу температурасынан төмен болады. Сол себепті сүйықтардың өрт қауіпі тұтану температурасы мен сипатталады. Өрт қауіпі ПВНЭ үлгісіндегі аспаппен анықталады.
Түтану температурасы 1 формуламен есептеледі:
Т Т =Т ±ΔТ; 0 С /1/
Мүнда: Т Т - сүйықтың есепті тұтану температурасы;
Т - тәжрибелі түтану температурасы;
ΔТ - барометр қысымына түзету коэффициент.
Барометр қысымына түзету коэффициентін 2 формуламен анықтаймыз:
ΔТ =0, 345* (760- В) ; /2/
В- барометр қысымы, мм. сн. бағ.
Тұтану температурасын сүйықтың қайнау температурасымен эмпирикалық формула мен есептеуге де болады: /жобаланған/
Т т =0, 736 *Т Қ ; /3/
Т Қ - сүйықтың қайнау температурасы, /анықтамадан алынады/.
Жанатын және от алатын сүйықтардың барлығы ГОСТ 12. 1. 004-85 бойынша тез от алатын және жанғыш болып екіге бөлінеді:
1. Тез от алатын сүйық деп от көзін алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын және тұтану температурасы жабық тиглде 61 0 С аспайтын, ал ашық тиглде 66 0 С аспайтын сүйықты айтады.
2. Жанғыш сүйық деп от көзін алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын және тұтану температурасы жабық тиглде 61 0 С-ден жоғары, ал ашық тиглде 66 0 С-ден жоғары болатын сүйықты айтады.
Жануын болдырмаудың алдын ала тұрлері: сүйықтың температурасын тұтану температурасынан төмен ұстау, ыдыстың ішіндегі сүйықтан бос тұрған көлемін жанбайтын газ бен немесе бумен /мысалы: азот, көмір қышқылымен ж. т. б. /толтырып қою қажет, жарылудан қорғайтын жабдықтарды пайдалану; сүйықтың электрленуін азайтып және тағы басқа шаралар қолдану.
Өрт пайда болса оны сөндіретін құрал жабдықтар бөлінеді. Өрттің ауданы аз болса оны сөндіретін алғашқы құралдары -киіз, құм, көрпені, одеялды қолданады. Ал жанған ауданы көп болса онда өрттің класына байланысты айқындалады 2 кесте.
Өрт кластары және оны сөндіруге берілген заттар.
2 кесте
Жанғыш сүйықтар және қызғанда балқитын материалдар (мазут, бензин, лак, майлар,
спирттер, стеарин, каучук, синтетикалық заттар) .
Газ құрамдары: өқшау сұйытқыштары/СО 2 ,
N 2 /, галлоид сутектері, ұнтақтар.
Жанғыш сүйықтардың тұтану температурасы 20 0 -тан 250 0 -қа дейін аралығында стандарттық әдіспен ПВНЭМартенс-Пенскийдың құралымен анықталады.
Құралдың құрлысы: жез тигл, оның ішіне сүйықты құяды; тигльдің қақпығында арластырғыш; тұттандырғыш /фитиль/; фитильдің қақпағын ашып жабатын заслонка; термометрді тильге тығып қоятын тетік бар. Тигльдің өзін электрқыздырғыштың ішіне салып қояды. Приборды трансформаторға /немесе реостатқа/ жалғастырады, сол арқылы сүйықты қыздырған кезде температураның осу жылдамдылығын реттейді.
- Өндірістік объектілерге арналған өрт қатерінің нормативтік мәндері
Ғимараттардағы, құрылымдардағы, құрылыстардағы және өндірістік объектілер аумақтарындағы жеке өрт қатерінің шамасы жылына 10
-6
аспауы керек. Қауіпті өрт факторларының әсерінің нәтижесінде адамдардың қырылу қатері ғимараттарды, құрылымдарды және құрылыстарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жүйелерінің қолданылуы ескеріліп анықталуы керек.
Жылына 10
-6
жеке өрт қаупінің шамасын технологиялық процестердің қолданылу ерекшелігіне байланысты мүмкін болмайтын өндірістік объектілер үшін, жылына 10
-4
мәніне дейін жеке өрт қаупін арттыруға рұқсат етіледі, мұндайда қызметкерлер құрамын өрт кезінде және жұмыскерлерді жоғары қауіп жағдайында олардың жұмысының орнын толтыратын әлеуметтік қорғау бойынша әрекеттерге оқыту бойынша шаралар қарастырылуға тиіс.
Объектінің жанындағы адамдар тұратын аймақта болатын адамдар үшін, өндірістік объектідегі қауіпті өрт факторларының әсері нәтижесінде жеке өрт қаупінің шамасы жылына 10
-8
аспауы керек.
Объектінің жанындағы адамдар тұратын аймақта болатын адамдар үшін, өндірістік объектідегі қауіпті өрт факторлары әсерінің әлеуметтік өрт қаупінің шамасы жылына 10
-7
аспауға тиіс.
Технологиялық процестердің өрт қауіптілігін талдау технологиялық процесс параметрлері болатын технологиялық процесте айналатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін салыстыруды қарастырады.
Технологиялық ортаның өрт қауіптілігі сипаттамалары үшін қажетті және жеткілікті олардың агрегаттық жағдайына байланысты, заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерінің тізбесі осы
Өрт қауіпті технологиялық ортаның әлеуетті жану көздерінің тізбесі технологиялық процесс параметрлерін және заттар мен материалдардың өрт қаупінің көрсеткіштері болатын өзге жану көздерін салыстыру көмегімен анықталады.
Өндірістік объектідегі өрт қауіпті жағдайларды анықтау технологиялық процестің әрқайсысының өрт қаупін талдау негізінде іске асырылуға және қауіпті өрт факторларымен және қауіпті өрт факторлары әсерінің қайталанатын зардаптары әсер ететін аймақта болатын адамдар үшін туындайтын қауіпті жүзеге асыру кезінде жағдайды таңдауын қарастыруға тиіс.
Өрт қауіпті апатты жағдайларға адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудырмайтын апатты жағдайлар жатады. Бұл жағдайлар өрт қауіптілігін есептеген кезде ескерілмейді.
Өндірістік объектіде әрбір өрт қауіпті жағдай үшін, өрт қауіпті жағдайлардың пайда болу және даму себептерін, адамдар болатын жерде олардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудыратын олардың факторлары мен туындау орындарын сипаттау берілуі керек.
Өрт қауіпті жағдайлардың туындау себептерін анықтау үшін, жүзеге асыру жанғыш ортаның түзілуіне және жану көзінің пайда болуына әкелетін оқиғалар анықталуға тиіс.
Өндірістік объектідегі өрт қаупін бағалау мыналарды қарастыруы қажет:
1) өндірістік объектінің өрт қауіптілігін талдау;
2) өндірістік объектідегі өрт қауіпті апатты жағдайлардың жүзеге асырылу жиілігін анықтау;
3) өрттің белең алуының түрлі сценарийлері үшін, оның қауіпті өрт факторларының алаңын салу;
4) өрттің белең алуының түрлі сценарийлері үшін, қауіпті өртфакторлары әсерінің зардаптарын бағалау;
5) өрт қаупін анықтау.
Өндірістік объектілердің өрт қауіптілігін талдау мыналарды
қарастыруға тиіс:
1) технологиялық ортаның өрт қауіптілігін және өндірістік объектідегі технологиялық процестер параметрлерін талдау;
2) өрт қауіпті апатты жағдайлар мен әрбір технологиялық процеске арналған параметрлер тізбесін анықтау;
3) әрбір технологиялық процесс үшін, жағдайды өрт қауіпті ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін туындау себептерінің тізбесін анықтау;
4) адамдардың опат болуына әкелетін өрттің туындау және белең алу сценарийлерін құру.
Өндірістік объектіде өрт қауіпті жағдайлардың жүзеге асу жиілігін анықтау үшін, мынадай ақпарат пайдаланылады:
1) өндірістік объектіде пайдаланылатын жабдықтың істен шығуы туралы;
2) өндірістік объектіде қолданылатын жабдықтың сенімділік
параметрлері туралы;
3) өндірістік объектінің қызметкерлер құрамының қате әрекеттері туралы;
4) өндірістік объектінің орналастыру ауданындағы
гидрометеорологиялық жағдай туралы;
5) өндірістік объектінің орналастыру ауданындағы географиялық жер ерекшеліктері туралы.
Қауіпті өрт факторларын, олардың белең алуының түрлі сценарийлеріне арналған жарылысты бағалау өндірістік объекті аумағында және оған іргелес жатқан аумақта қауіпті факторлар динамикасын жасау туралы ақпаратты және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін талданатын өрт, жарылыстың қауіпті факторларының мәндері туралы ақпаратты салыстыру негізінде іске асырылады.
Өрт, жарылыстың қауіпті факторларының адамдарға әсерінің зардаптарын өрт қауіпті оқиғалардың белең алатын түрлі сценарийлері үшін бағалау, өрт, жарылыстың қауіпті факторларының әсер ету аймағына тап болған адамдар санын анықтауды қарастырады.
- Объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Объектілерді пайдалану кезінде осы Техникалық регламенттің, " Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері " және объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары болатын, белгіленген тәртіппен бекітілген өзге нормативтік-құқықтық актілер талаптары сақталуға тиіс.
Ұйым басшылары немесе жеке кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларды белгіленген тәртіппен тағайындауға тиіс.
Әрбір ұйымда бұйрықпен немесе нұсқаумен олардың өрт қауіптілігіне сәйкес келетін өртке қарсы режим белгіленеді, оның ішінде мыналар:
1) ашық отты пайдалану тәртібі және қауіпсіздік шаралары анықталады;
2) темекі шегуге арналған орын анықталады және жабдықталады;
3) өрт сөндіретін автомашиналардың объектіге өту тәртібі анықталады;
4) үй-жайда бір мезгілде болатын шикізат, шала өнімдер және дайын өнімдердің орны және рұқсат етілген мөлшері анықталады;
5) жанғыш қалдықтар мен шаңды жинау, май болған арнайы киімді
сақтау тәртібі белгіленеді;
6) өрт жағдайында және жұмыс күні аяқталған кезде, электр
жабдықтарын тоқсыздандыру тәртібі белгіленеді;
7) уақытша отты және басқа өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібі реттеледі;
8) үй-жайды жұмыс аяқталғаннан кейін қарап шығу және жабу тәртібі реттеледі;
9) жұмыскерлердің өртті байқаған кездегі әрекеттері реттеледі;
10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқамадан өту тәртібі және мерзімі және өрт-техникалық минимум бойынша оқытулар
анықталады, сондай-ақ оларды өткізуге жауапты тұлғалар тағайындалады.
Әрбір объектіде әрбір жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті учаске (шеберхана, цехтар) үшін, осы Техникалық регламенттің 16-қосымшасында берілген талаптарға сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулар әзірленген болуы қажет.
Түтінді кетіру және өртті автоматты қондырғылармен байқау және сөндіру жүйелерімен жабдықталған ғимараттар мен құрылымдарды пайдалану үшін жауапты ұйым (оның ішінде тұрғындық-пайдалану) басшылары аталған жүйелерді дұрыс күйінде күтіп ұстауға міндетті.
Ғимараттың өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының (өрт дабылының және өрт сөндірудің автоматты қондырғылары, түтінге қарсы қорғау жүйелері, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және басқа жерге көшіру және қолмен өрт сөндіргіштерді басқару) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, басшының бұйрығымен өртке қарсы қорғау жүйелерін пайдалану, бастапқы өрт сөндіру құралдарын сатып алу, жөндеу, сақтау және дайындау, техникалық қызмет көрсетудің (қолмен өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау) және жоспарлы-сақтандыру жөндеуінің уақытылы және сапалы өткізілуіне жауапты тұлғаны ұйым басшыларының қатарынан лауазымды тұлға тағайындалған болуға тиіс.
Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша жұмыстарды пайдаланушы-ұйым осы жұмыстарды орындау бойынша білікті мамандар болған кезде, өздері жүргізуге тиіс.
Арнайы оқытылған қызмет көрсетуші қызметкерлер болмаған жағдайда, өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша реттеу жұмыстарын дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасы және реттеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері ескеріліп жасалған жылдық жоспар-кестеге сәйкес, мамандандырылған ұйымдар келісім-шарт бойынша іске асыруға тиіс.
Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша жұмыстарының есебі, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын және жағдайын тексерулер арнайы журналда көрсетілуі керек.
Қондырғының (жеке желілер, хабарлауыштар) немесе жүйенің сөндірілуімен байланысты, техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеуі бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде, ұйым басшысы ғимаратты, құрылымды, үй-жайларды, жабдықтарды өрттен қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдауға міндетті.
Ғимараттар мен имараттардың барлық үй-жайларында (тұрғын үйлер ғимараттарын қоспағанда), сондай-ақ заттар мен материалдарды ашық сақтау және технологиялық қондырғыларды орналастыру жерлерінде өртке қарсы қызметтің телефон нөмірі көрсетілген кестелер ілінуге тиіс.
Кестелер бастапқы өрт сөндіру құралдарын және ішкі өрт сөндіру крандарын орналастыру жерлерінде, сондай-ақ пайдалану шыға берістерінде орнатылуы керек.
Ұйым жұмыскерлері жұмысқа өртке қарсы нұсқамадан өткен соң ғана жіберілуге және өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша кезекті оқудан өтуге тиіс.
Өртке қарсы нұсқамадан өту барысында, жаңа келген жұмысшылар мен қызметшілер мыналармен танысуға тиіс:
1) ұйымда белгіленген өртке қарсы режиммен, сондай-ақ ішкі тәртіп нұсқауларымен және өзге өрт қауіпсіздігі талаптарымен;
2) жұмыс учаскелеріндегі барынша өрт қауіпті жерлермен;
3) өрт туындайтын ықтимал көздермен және себептермен, олардан
сақтандыру шараларымен және өртті байқаған кездегі әрекеттермен;
4) жұмыс орнында, қондырғыда, аппаратта, цехта және ұйым аумағында лапылдап жануды болдырмау үшін, жұмысты бастар алдында, процесте және аяқтағаннан кейін, жұмыстан кетер алдында сақталуға тиіс өрт қауіпсіздігі шараларымен;
5) өрт сөндіру құралдарын пайдалану әдістерімен, өрт сөндіру
ережелерімен және тәсілдерімен.
Аумағында ғимараттар (құрылымдар), сондай-ақ жарылыс өрті және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В санатының сыртқы технологиялық қондырғылары, көпшілік адамдар болатын қоғамдық және өндірістік ғимараттар орналасқан ұйымдарда ұйым басшысының бұйрығымен өрт-техникалық комиссиялары және өртке қарсы ерікті құрамалар құрылуы керек.
Көпшілік адамдар болатын қоғамдық ғимараттар (құрылымдар), өндірістік және қоймалық ғимараттар (құрылымдар) үшін, сондай-ақ жарылыс өрті және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатындағы өндірістік және қоймалық ғимараттар (құрылымдар) орналасқан ұйымдар үшін, ұйым басшысының бұйрығымен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық әзірленген болуға тиіс. Осы ғимараттардың (құрылымдар) жекелеген үй-жайлары, технологиялық қондырғылар үшін аталған нұсқаулықтарды және олардың тізбесін әзірлеу қажеттігін ұйым басшысы немесе егер бұл жалға беру келісім-шартында қарастырылған болса, мүлікті жалдаушы (қосалқы жалдаушы) анықтайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz