Өрттердің алдың алу
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мазмұны
Тыңайтқыштарды сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Өрттердің алдың алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Газбен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аэрозольмен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тыңайтқыштар және улы химикаттардың қоймаларында өрттi сөндiру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тез от алатын сұйықтықтары бар бөлмелерді есептеу ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Өрт – өмірге қауіп және азаматтардың денсаулығына, қоғамның
қызығушылықтарына және мемлекетке материалдық шығынға әкелетін бақылаусыз
жану.
Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу
ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Бұл құбылыс өрттің
параметрлерімен өзара байланысты және сипатталады: жанудың жылдамдығымен,
температурамен және т.б. және көбі аяқ-асты сипаттағы бірнеше шарттармен
анықталады.
Өрт-қорғаныс сигнализациясы дер кезінде күзет қызметтерін ғимаратқа
не оның жеке бөлімдеріне ену, қорғаныс шекарасының бұзылғандығын уақыт,
белгілі орын мен фактлерді тіркеу әрекетін хабарлау үшін арналған.
Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам
өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің
маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және
басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар
объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де
өрт шығу қаупі бар.
Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады.
Оларға жататындар:
- жанған затқа оттың тікелей әсері;
- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге
қашықтықтық әсері;
- жану зонасында иісті газбен улану;
- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан
адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың
технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы,
жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың
өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті
ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына
кедергі жасау керек.
Өрт қауіпсіздігі саласында жыл басынан шаруашылық объектілері мен
тұрғын секторында өрттің алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді,
бұл ретте 57679 объектінің, оның ішінде 2178 өнеркәсіптік объекті мен
тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және 55501 әлеуметтік-мәдени
тұрмыс объектілерінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді. Зерттеу барысында
өрт қаупі бар жағдайындағы 771 объектінің қолдануы тоқтатылды, 202903
бұзушылық анықталды.
Өрттен қорғанудың мақсаты — өрттердің алдын алу үшін ең тиімді,
экономикалық жағынан пайдалы, техникалық жағынан дәлелденген тәсілдер мен
құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді
тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда
болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің
қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану
болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт
қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрт профилактикасы болып өртті болдырмау
немесе оның салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені
саналады.
Тыңайтқыштарды сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға
негізделеді:
минералды тыңайтқыштар үшін:
1) жанғыштығы;
2) тотықтырғыштық әсері;
3) коррозиялық әсері;
4) уыттылығы;
5) көзді зақымдауы;
6) теріні жеуі;
7) көз бен теріні тітіркендіруі;
8) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі;
9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі;
10) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ
жақсартушы заттар үшін);
органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштар үшін:
1) бактериологиялық;
2) паразитологиялық;
3) энтомологиялық.
Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), ыдыстарда
(сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ контейнерлерге
буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаңдарда және қалқа
астында сақтауға рұқсат етіледі. Сақтау кезінде тыңайтқыштардың бұзылмауы
(олардың саны және сапасы) қамтамасыз етілуі және қоршаған ортаға зиян
келтіру қатері болмауы тиіс.
Тыңайтқыштың нақты түріне арналған нормативтік құжаттамада және қауіпсіздік
паспортында көрсетілген сақтау шарттарына қойылатын ерекше талаптар
сақталуы тиіс.
Тыңайтқыштарды сақтау кезінде олардың физика-химиялық қасиеттері және
оларды күшті тотықтырғыштардан, өрт қауіпті және жарылыс қауіпті заттардан
бөлек сақтаудың қажеттілігі ескерілуі тиіс.
Өрт-жарылыс қауіпті тыңайтқыштарды (селитралар және олардың негізінде
жасалған тыңайтқыштарды) жеке тұрған қоймаларда немесе қойманың тік
қойылған бөлігінде орналасқан және қойманың басқа бөліктерінен бітеу өртке
қарсы қабырғамен оқшауланған қоймалардың секцияларында сақталады.
Тыңайтқыштарды сақтау орындарында көрінетін жерлерге көрсетілген заттарды
сақтаудың ерекшеліктері, гигиена ережелері, қауіпсіздік шаралары, оның
ішінде, сол немесе өзге авариялық жағдайларды жою кезіндегі қауіпсіздік
шаралары туралы ақпарат орналастырылады.
Сақталатын тыңайтқыштардың мөлшері жобада көзделген қойманың сыйымдылығынан
аспауы тиіс.
Тамақ өнімдерін, мал азығын, шаруашылық және тұрмыстық мақсаттағы әр
түрлі заттарды, техникаларды бірге сақтау үшін тыңайтқыш қоймаларын
пайдалануға жол берілмейді.
Тыңайтқыштармен байланысты қоймалық жұмыстар жеке қорғаныс құралдарын
қолдана отырып жүргізіледі.
Сұйық тыңайтқыштары бар бөшкелерді, бидондарды қоймада сақтау құю
тесіктерін жоғары қаратып жүргізіледі.
Тыңайтқыштарды қоймада сақтау орындарына авариялық жағдайларда
персоналдың еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Сұйық тыңайтқыштары бар ыдыстарды сақтау кезінде ыдыс авариялық
бүлінген жағдайда төгілген өнімнің барлық көлемін оқшаулауға бағытталған
тиісті техникалық шаралар мен құралдар (ылғал өткізбейтін үй-жайлар, су
өткізбейтін тұғырықтар немесе басқа құралдар) көзделуі тиіс.
Буып-түйілмеген әр түрлі минералды тыңайтқыштар қойманың жеке
бөліктерінде немесе жеке қоймаларда сақталуы тиіс.
Егер минералды тыңайтқыштардың қасиеттері бірге сақтауға кедергі
келтірмейтін болса және ені 1 метрден кем емес әр түрлі тыңайтқыштар
арасындағы бөлу аймағын сақтау және қоймада сақталатын өнімнің түрін
көрсете отырып тақтайша орнату шартымен бір қоймада бірнеше түрлі минералды
тыңайтқыштар сақтауға рұқсат етіледі.
Әр түрлі тыңайтқыштарды араластыруға және олардың бөтен қоспалармен
және заттармен ластауға рұқсат етілмейді.
Тыңайтқыштары бар орамдарды сөрелерге немесе тұғырықтарға орналастырады.
Тұғырықтарда сақталатын буып-түйілген түрдегі тыңайтқыштар қатарының
биіктігі 2 метрден аспауы тиіс. Жұмсақ контейнерлердегі тыңайтқыштарды 2
қабат етіп сақтайды.
Буып-түйілген тыңайтқыштар түрлері бойынша бөлек сақталуы тиіс. Буып-
түйілген тыңайтқыштарды тұғырықтар мен сөрелерді пайдаланбай қойма еденіне
үйіп сақтауға рұқсат етілмейді.
Сөрелердің және қоймада сақталатын буып-түйілген тыңайтқыштардың қойма
ішіндегі тұғырықтарға орналасуы үй-жайды жинаудың, жүк тиегішті қозғалтудың
мүмкіндігін, персоналдың еркін қол жеткізуін, сондай-ақ, қойма ішіндегі ауа
айналысын қамтамасыз етуі тиіс.
Төселетін көң, қорда, сұйық көңнің қатты фракциялары тыңайтқыштың топыраққа
және жер асты суларына инфильтрациялануына кедергі кетіретін қатты жабыны
бар алаңқайлардың дөңдерінде сақталады. Сақтау алаңқайлары сұйық көң
жинағыштармен жабдықталуы және жауын мен қар суларының құйылуынан қорғалуы
тиіс.
Қоректік элементтердің жоғалуын, ауаның улы газдармен ластану деңгейін
төмендету мақсатында қатты органикалық тыңайтқыштардың дөңдері сақтау
кезінде сіңіргіш материалдар - шым тезек, үгінді, сабан қабатымен жабылуы
тиіс.
Жартылай сұйық, сұйық көң, тезек, ағындар секциялық типтегі арнайы
жинағыштарда сақталады.
Сұйық көңді өңдеу жөніндегі ғимараттар орналасқан аумақта алты тәулік
сақтауға арналған карантиндік ыдыстар болуы тиіс.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану
кезіндегі қауіпсіздік талаптары

пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарға, сондай-ақ
қолданыстағы экологиялық қауіпсіздік талаптарына және санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау және қолдану санитарлық-
қорғаныс аймақтары мен кәсіпорындар, құрылыстар және басқа да объектілердің
санитарлық жіктемесі жөніндегі қолданыстағы санитарлық нормалар мен
ережелер талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау бұл үшін экологиялық
қауіпсіздік, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен
нормалар талаптарына жауап беретін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге
асырылады.
Пайдаланатын немесе жабық қойма үй-жайларының жұмыс істеуінің гигиеналық
қауіпсіздігінің өлшемдері жұмыс аймағының ауасындағы, атмосфералық ауадағы,
ашық сутоғандар суындағы және топырақтағы химиялық заттардың шектеулі
жоғарғы қоспалары, сондай-ақ физикалық факторлардың шектеулі рұқсат етілген
деңгейлері болып табылады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезінде физикалық-химиялық
қасиеттері (ұшпалығы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылыс
қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, температуралық сақтау режимі бойынша
үйлеспейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдай жасауды қоса алғанда,
ыдыстың затбелгі жапсырмасында, нақты пестицидтерді (улы химикаттарды)
қолдану жөніндегі ұсынымдарда, олардың жіктеме шифрларында көзделген
талаптарды сақтау қажет.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) поддондар мен сөрелерді
пайдаланбастан қойманың еденінде үйіп сақтауға жол берілмейді.
Төгілген жағдайда пестицидтерді (улы химикаттарды) бейтараптандыру
үшін қойма үй-жайлары сақтаулы пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстың
затбелгі жапсырмасында көрсетілген дезактивациялау құралдарымен қажетті
мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Халықтың тұру жағдайына қолайсыз әсер етудің алдын алу және болдырмау
мақсатында қойма үй-жайларының аумақтарында және санитарлық-қорғаныс
аймақтары шегінде талдау және аспаптық бақылау әдістерін пайдалана отырып
тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау көлік
саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған
лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау, тасымалдау кезіндегі
қауіптілік туралы ақпарат жүйесінің авариялық кәртішкелерін ("Абайла -
пестицидтер (улы химикаттар)") қоса алғанда, әр түрлі көлік түрлерінде
қолданылатын қауіпті жүктерді тасым алдау ережесінің талаптарына сәйкес
өндірушінің герметикалық ыдысында, арнайы жабдықталған және тиісті таңбасы
бар көлік құралдарында жүзеге асырылады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау белгіленген үлгідегі
арнайы санитарлық паспорты бар көлік құралдарында ғана жүзеге асырылады.
Тамақ өнімдерін, жемшөп пен ауызсуын пестицидтермен (улы
химикаттармен) және дәріленген тұқымдармен бірге немесе бұрын пестицидтерді
(улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік құралдарында
тасымалдауға жол берілмейді.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік
алдын ала тазартылмай және залалсыздандырылмай басқа азық-түліктік емес
жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
Физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалығы, тотығуы және басқа
қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша үйлеспейтін пестицидтерді
(улы химикаттарды) бірлесіп тасымалдауға жол берілмейді.
Тасымалдау кезінде көлік құралдарында бөгде адамдардың болуына жол
берілмейді.
Көлік құралдары тасымалдау жұмыстары аяқталған және пестицидтерден
(улы химикаттардан) босаған соң ыдыстың затбелгі жапсырмасында және
тасымалданатын препараттардың ілеспе құжаттарында көрсетілген талаптарға
сәйкес сумен жуылып, залалсыздандырылады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған әрбір көлік
құралы пестицидтерді (улы химикаттарды) бейтараптандыру құралдарымен,
тиісті өртсөндіргіштермен, құмның қажетті запасымен және жеке қорғаныс
құралдарымен жабдықталады.
Дәріленген тұқымдарды сақтау мен тасымалдау мықты, пестицидтерді (улы
химикаттарды) өткізбейтін материалдан жасалған, буып-түйілгеннен кейін
тығыз жабылатын арнайы ыдыста жүргізіледі. Ыдыста "дәріленген" деген анық
таңба жасалады.
Жеке және заңды тұлғаларды пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану
жөніндегі жұмыстарға жіберу тиісті нормативтік құқықтық
кесімдерде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер
(улы химикаттар) тізімімен қамтылатын пестицидтер (улы химикаттар) ғана
қолдануға жатады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану тіркеу куәлігі болған кезде
ғана жүзеге асырылады.
Пестицидтермен (улы химикаттармен) істелетін барлық жұмыстар беттері
тігілген және нөмірленген журналдарда тіркеледі, оларда міндетті түрде
мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) пестицидтің (улы химикаттың) атауы;
2) әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер жіктемесіне
сәйкес пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігі;
3) зиянды организмнің атауы;
4) жұмсау нормасы;
5) ерітіндінің көлемі;
6) ерітіндінің дайындалған күні;
7) өңдеу түрі (жер үсті, авиациялық, аэрозольдік);
8) өңдеу орны мен алаңы;
9) өңделген күні;
10) өңделген дақылдың түрі.
Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істелетін орындар
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу
кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекі құралдармен, нұсқаулармен,
жадынамалармен қамтамасыз етіледі.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану пайдалану (қолдану)
регламенттеріне (жұмсау нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, шектеулер, күту
мерзімдері, ұсынылған жеке қорғаныс құралдарынан қолдану) сәйкес жүзеге
асырылады.
Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеген кезде жұмыс
орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, тамақ ішуге жол
берілмейді.
Өсімдіктерді пестицидтермен (улы химикаттармен) тозаңдатуды және
бүріктіруді ерте таңғы және кешкі сағаттарда желдің жылдамдығы жерүсті
аппаратурасын қолданған кезде 3 мс және авиацияны қолданған кезде 2 мс
аспағанда жүргізуге рұқсат етіледі.
Қала саябақтарын, гүлбақтарды, бульварларды, көшелер мен даңғылдарды,
оның ішінде трамвай жолдары мен жолөтпелерді пестицидтермен (улы
химикаттармен) ошақты өңдеу өте кешкі, түнгі және ерте таңғы сағаттарда,
пестицидтердің (улы химикаттардың) ең төмен жұмсау нормасымен, жерүсті
штангалық аппаратураны пайдалана отырып және тұрғын үйлерге дейінгі
санитарлық қашықтықты 50 метрден кем емес сақтай отырып жүргізіледі.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) шаруашылық-ауызсу су құбырлары
көздерінің қатаң режим аймағында қолдануға жол берілмейді. Шектеу аймағында
қауіптілігі 1 және 2-сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалануға
тыйым салынады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) балалық, спорттық-сауықтыру,
медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін
сату кәсіпорындары аумағында қолдануға жол берілмейді.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданған кезде барлық
орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (құдықтар, ұңғымалар) көздері берік
жабылуы қажет.
Балдырларды, арамшөптерді, масалардың құрттарын, қоқысты балықтарды
жою мақсатында сутоғандарды пестицидтермен (улы химикаттармен) өңдеу
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүргізіледі.
Уақытша сақтауға арналған арнайы орындардан басқа, жұмыс орындарында
пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) қалдыруға жол берілмейді.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде бұзушылықтар болған
жағдайда пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерінің болуына
талдау зерттеулері жүргізілгенге дейін ауыл шаруашылығы өнімін сату
тоқтатылады.
Пестицидтердің (улы химикаттардың) құрамы белгіленген ең кеп рұқсат
етілетін деңгейден артық өнімді халыққа сатуға жол берілмейді.
Азық-түлік запастары немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға
арналған жемшөп салынған қоймаларда кеміргіштермен күресу кезінде сусымалы
(оның ішінде дәндік) уландырылған еліктіргіштерді ыдысқа салынбаған тамақ
өнімдері мен жемшөптердің жақын маңына салуға жол берілмейді.
Дератизациялық құралдарды кеміргіштер оңай бүлдіретін ыдыстарға (картон
қораптар, қағаз қалталар, қаптар және т.б.) салынған тамақ өнімдерінің
арасына орналастыру қажет болған жағдайда кеміргіштердің еліктіргіштерді
тасуын және улы заттардың абайсызда тамаққа түсуін болдырмайтын арнайы
қорғаныс контейнерлеріне салынған дератизациялық блоктар (парафиндік,
балауыздық) қолданылады.
Жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді (улы химикаттарды)
аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі
қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге
асырылады.
1. Өрттердің алдың алу
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.
Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа
төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын,
жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың
әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі
шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік
шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне
байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі
қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.)
орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер
парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу,
өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
1. ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
2. ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
3. ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан
төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт
тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер,
асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық
көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті
отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті
генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт
сөндіру жүйелері).
Әр түрлі мақсаттағы объектілерде автоматты өрт дабылы, өрт туралы
хабарлау, өрт сөндіру, түтін жою және өрт кезінде технологиялық және
инженерлік жабдықты басқару қондырғылары мен жүйелерін қолдану олардың өрт
қауіпсіздігін арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Объектіде адамдардың
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиісті деңгейіне қолданыстағы
нормативтік құжаттардың талаптарын орындау арқылы қол жеткізуге болады, осы
деңгейді қамтамасыз етуде өрт автоматикасы жүйесі едәуір үлесін қосады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, объектіде өрт автоматикасын дұрыс әрі
орынды пайдалану объектідегі адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға,
сондай-ақ өрттен байланысты материалдық залалдарды азайтуға мүмкіндік
береді.
Еліміздің үдемелі инновациялық-индустриялық даму жағдайында заманауи
өрт автоматикасы қондырғыларын (жүйелерін) енгізудің объектінің өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басым мәні бар.
Өз кезегінде, олардың сенімді түрде жұмыс істеуі өрт-техникалық
өнімнің сапасына, жобалау мен монтаждауға, әсіресе, жөнделген қондырғыларды
пайдалануға қабылдау сапасына және дер кезінде қызмет көрсетуге байланысты
болады.
2. Газбен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі
Газбен өрт сөндіру қондырғысының қағидатты сызбасы 1-суретте
келтірілген.
1-сурет.
Газбен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау кезінде
мемлекеттік өрт бақылау өкілі:
1) қондырғының құрамдас бөліктеріне механикалық зақымданудың, кірдің
болмауына, бекіткіштердің беріктігіне, пломбалардың болуына сыртқы тексеріс
жүргізуі;
2) қысыммен жұмыс істейтін газбен өрт сөндіру қондырғыларының құрамдас
бөліктерінің техникалық куәландырудың болуын және оның қолданылу мерзімін
тексеруі;
3) жобаға сәйкес саптамаға жобалық құжаттамаға сәйкес қондырғылардың
саптама кеңістігінде орналасуы мен бағдарын тексеруі, суландырғыштардың
ықтимал зақымдану орындарында олардың қорғалуын тексеруі;
4) өрт сөндіргіш газ құрамын қолдануға қорытындының болуын
тексеруі;
5) газбен өрт сөндірудің орталықтандырылған және модульдік автоматты
қондырғылары жабдығын оған қызмет көрсету мүмкіндігімен орналасуын
тексеруі;
6) желдеткіш жүйелерінің ауа өткізілгішінің болуын анықтауы, олар
болған жағдайда оларға ысырмаларды (клапандарды) орнатылуын тексеруі ;
7) қорғалатын үй-жайларда, сондай-ақ тек қорғалатын үй-жайлар арқылы
шығу жолдары бар аралас үй-жайларда Газ – шық! деген жарық таблосында
жауы бар жарықтандырылған хабарлау сигналы мен дыбыстық хабарлау сигналының
болуын тексеруі қажет. Оларға кірер алдында Газ – кіруге болмайды!,
Автоматика өшірілген деген жарықтандырылған сигналының болуын тексеруі;
8) қысымды өлшеу немесе бақылау арқылы өрт сөндіргіш заттың мөлшерін
бақылауы;
9) резервтік қоректендіру көзінің болуын тексеруі;
10) қорғалатын үй-жайлардың есіктерінде автоматты іске қосуды
ажыратуға сигнал беретін құрылғылардың, сондай-ақ тиектердің
қондырғыларының болуын тексеруі;
11) автоматты іске қосуды қалпына келтіру құрылғыларының болуын
тексеруі, қорғалатын үй-жайларға кіретін жолдарда осы құрылғыларды орнатқан
жағдайда заңсыз қол жеткізуден қорғалуын тексеруі;
12) қондырғыны қашықтықтан қосудың болуын тексеруі қажет.
Өрт сөндіру бекетін немесе тәулік бойы кезекшілік атқаратын персоналы
бар өзге де үй-жайды қарау кезінде:
1) өрт сөндіргіш затты беру туралы жарық және дыбыс дабылының болуын;
2) автоматты іске қосуды өшіру және қайта қалпына келтіру
құрылғыларының болуын;
3) мынадай.
а) автоматы бақылау бойынша;
б) іске қосу құрылғыларын басқарудың электрлік тізбектерін және іске
қосу құрылғылары тізбектерінің үзілуіне автоматты бақылау бойынша
в) электрмен қамтамасыз етудің резервтік кіру жолдарында кернеудің
жоғалғаны туралы дыбыс және жарық дабылының болуын;
4) автоматы іске қосудың өшірілгені туралы жарық дабылының болуын
тексеруі қажет.
Өрт дабылы тетіктерінен газбен өрт сөндіру қондырғыларын іске қосуға
сигналдар бергенде тетіктердің нормативтік құжаттардың, жобалық құжаттама
мен дайындаушы зауыттың паспорттық деректеріне сәйкес орналасуын тексеру
қажет.
Үй-жайды қарау аяқталғаннан кейін қондырғыны электрлік басқару
құралдарын тексеріп, мыналарды:
1) автоматты және қолмен қашықтықтан іске қосуды;
2) автоматты іске қосуды ажыратуды және қайта қалпына келтіруді;
3) негізгі қайнар көздер кернеу өшірілгенде негізгі қайнар көзден
резервтік қайнар көзге электрмен қоректендіргіштің автоматты ауыстыруды;
4) өрт дабылы мен қосқыш желілердің шлейфтерінің жарамдылығын
(үзілуін, қысқа тұйықталуын) бақылауды;
5) іске қосу элементтерін басқарудың электрлік тізбектерінің
жарамдылығын (үзілуін) бақылауды;
6) іске қосу, баллон және қозғаушы құбырлардағы қысымды бақылауды;
7) дыбыс және жарық дабылының (шақыру бойынша) жарамдылығын бақылауды;
8) дыбыс дабылын ажыратуды;
9) көлемнің технологиялық және электр техникалық жабдығын,
желдеткішті, ауа баптауды, сондай-ақ өрт туралы хабарлау құрылғыларын
басқару үшін командалық импульс қалыптастыру мен беруді қамтамасыз ететіне
көз жеткізу қажет.
Қондырғылар іске қосылғанда қызметкер адамдарды үй-жайдан көшіру,
желдеткішті тоқтату, ауа ысырмаларын жабу үшін қажетті, бірақ үй-жайда
көшіру туралы хабарлау құрылғыларын іске қосқан сәттен бастап 10 секундтан
кем емес уақытта қорғалатын үй-жайға газбен өрт сөндіргіш құрамды беруді
ұстайтынын қамтамасыз ететінің бақылауы тиіс.
Қондырғы іске қосылғанда қызметкер қорғалатын үй-жайдағы желдеткіш
жүйелерінің ауа жолдарында ысырмалардың (клапандардың) толықтай жабылу
уақытын анықтауы қажет, ол үй-жайдан адамдарды көшіру үшін қажетті уақыттан
аспауы тиіс.
Технологиялық үдерістің қауіпсіздігіне байланысты үй-жай желдеткіш
жүйелерін ажырату қарастырылмаған жағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz