Қазақ – жоңғар қатынастары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

I . тарау. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
1.1 Жоңғар мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жоңғар шапқыншылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 «Ақтабан шұбырынды» жылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.8
1.4 Қазақтардың жоңғарларға қарсы азаттық күресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.12
1.5 Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасынан кетуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Кіріспе

Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым – қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын «жоңғар» атаусөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар – ұлт емес. Бұл атау «сол жақ», «сол қанат» деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжан, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында «Солтүстік ойпат» - Жоңғар, оң қолы жағында «Оңтүстік ойпат» - Қашғар көсіліп жатады. «Ғар» деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шұңқыр дегенді білдіреді.
Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы «сол қанатының» «жоңғар» деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп, «жоңғар» термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер – сайып келгенде «сол жақтың», «сол қанаттың» адамдары. Олар XIY ғ. Екінші жартысында моңғолдар ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері – тайшылардың қол астына қараған, «Ойрат одағын» құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.
Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Тибет, екінші жағы – Моңғолия мен Жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш (буфер) рөлін атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған, XY ғасырда қытай саясатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары елді тастап кетуге мәжбүр болады.
Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан аймағында, Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі Қалмақияда сол жоңғарлардың ұрпақтары тұрып жатыр. Жоңғар тілі қазақ тілімен тамырлас болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп кетті. Қытайдың Іле автономиялық облысында ойрат-жоңғарлардың төрт автономиялық мекендері бар. Сондықтан кейбір тарихшылардың жоңғарлар тарих сахнасынан мүлде жоғалып кетті деген тұжырым шыңдыққа сәйкеспейді.
Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген пікір де – қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси, экономикалық, аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктер болып тұрған. Әскери әрекеттер көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда Қытай мен Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама-қайшылықтарды тереңдете түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ та жеткілікті.
Қазақтар мен жоңғарлардың ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей шамада ағайыншылық қарым-қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете алады. 1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазды: «Сенің туысын Тәуекел Қазақ Ордасында хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы болып сайлагды». Ал, хан Тәуекел Ресейге жолдаған хатында: «Мен қазақтар мен қалмақтардың патшасымын» деп жазған.
Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс моңғол халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы аталарынан тұратын Жоңғар (ойрат) мемлекеті бой көтереді. Бұл тұста халықаралық жағдай былай болатын. Батыста – I Петрдің қазақ жерлерін өзіне қосуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай империясы тарапынан да басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған және дүрдараз көршілердің түртпектеуімен жоңғар-қалмақтар 150 жыл бойына, 1599-1750 ж.ж. аралығында қазақ жеріне ұдайы жортуылдар жасап тұрды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ч. Мусин /Қазақстан тарихы/
Оқулық, 3-ші басылым. Алматы, 2005
2. «Қазақстан тарихы очерктер»
Алматы, «ДӘУІР» баспасы 1994
3. Е. Аққошқаров /Қазақ тарихынан/
Алматы, Жалын 1997
4. Әбдіжапар Әбдәкімұлы
Алматы, ЖШС «Қазақстан» баспа үйі 2005
5. Қ. Рыспаев /Қазақстан тарихы/
Алматы, 1994

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті

Реферат

Тақырып: Қазақ – жоңғар қатынастары

Орындаған:
Байжанов Ж.
Қабылдаған:
Үржанов А.

Жезқазған 2007

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
I - тарау. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне
шапқыншылығы.

1.1 Жоңғар мемлекетінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5
1.2 Жоңғар
шапқыншылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6
1.3 Ақтабан шұбырынды
жылдар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-
8
1.4 Қазақтардың жоңғарларға қарсы азаттық
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .8-12
1.5 Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасынан
кетуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4-15

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16

Кіріспе

Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым – қатынас, қақтығыстарын
суреттеуге көшпес бұрын жоңғар атаусөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп
есептейміз. Жоңғар – ұлт емес. Бұл атау сол жақ, сол қанат деген
түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжан, Шығыс Түркістан аймағын
Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке
бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы
жағында Солтүстік ойпат - Жоңғар, оң қолы жағында Оңтүстік ойпат -
Қашғар көсіліп жатады. Ғар деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шұңқыр
дегенді білдіреді.
Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы сол қанатының
жоңғар деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық
төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт
тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп,
жоңғар термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер – сайып келгенде сол
жақтың, сол қанаттың адамдары. Олар XIY ғ. Екінші жартысында моңғолдар
ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері – тайшылардың қол астына
қараған, Ойрат одағын құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.
Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Тибет, екінші жағы –
Моңғолия мен Жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр
бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш (буфер) рөлін
атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған, XY
ғасырда қытай саясатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды
пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан
жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары елді тастап кетуге
мәжбүр болады.
Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан
аймағында, Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі
Қалмақияда сол жоңғарлардың ұрпақтары тұрып жатыр. Жоңғар тілі қазақ
тілімен тамырлас болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп
кетті. Қытайдың Іле автономиялық облысында ойрат-жоңғарлардың төрт
автономиялық мекендері бар. Сондықтан кейбір тарихшылардың жоңғарлар тарих
сахнасынан мүлде жоғалып кетті деген тұжырым шыңдыққа сәйкеспейді.
Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген
пікір де – қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси,
экономикалық, аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктер болып тұрған. Әскери
әрекеттер көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда
Қытай мен Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама-қайшылықтарды
тереңдете түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ
та жеткілікті.
Қазақтар мен жоңғарлардың ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей
шамада ағайыншылық қарым-қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете
алады. 1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазды: Сенің туысын
Тәуекел Қазақ Ордасында хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы
болып сайлагды. Ал, хан Тәуекел Ресейге жолдаған хатында: Мен қазақтар
мен қалмақтардың патшасымын деп жазған.
Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс
моңғол халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы
аталарынан тұратын Жоңғар (ойрат) мемлекеті бой көтереді. Бұл тұста
халықаралық жағдай былай болатын. Батыста – I Петрдің қазақ жерлерін өзіне
қосуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай
империясы тарапынан да басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды
пайдаланған және дүрдараз көршілердің түртпектеуімен жоңғар-қалмақтар 150
жыл бойына, 1599-1750 ж.ж. аралығында қазақ жеріне ұдайы жортуылдар жасап
тұрды.

1.1 Қазақ жерінде біртұтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі
орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп тұрды. Мұны қазақ
жеріне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері
шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдаланып қалуға тырысты. Оңтүстіктік
– батыстан Жайық казак-орыстарының қолдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің
бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз шабуыл жасады.
Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казак- орыстары килікті. Орта Азиядағы
Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ
жасақтары табандылықпен тойтарыс беріп отырды. Осылардың бәріненде асып
түскен, қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау –
жоңғарлар еді.
XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың
арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс
Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI
ғасырдың аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық бірлестіктен
құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар,
Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа
қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы
шоростар еді.
Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін ірі
қақтығыстар XV ғасырдың өзінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында
ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге
бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар
хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың
басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII
ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының
пайдасына өзгере бастады.

1.2 Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қоңтайшы (1634-1654
жж.) билік құрған кезде ерекше шиеленіске түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту
(1670-1697 жж.) билеген кезде, оның мұранері Цеван-Рабтан (1697-1727 жж.)
өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті.
1698 жылдан ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы қақтығыстардың
жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңызды сауда жолдары
өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып
алуды көздеді. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ
қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялық тірек бекетіне айналды.
Тәуке ханның ойраттармен күрестегі кейбір сәтті шайқастары оған үлкен жеңіс
әкелмеді, соғыс барысындағы басымдық ойраттардың жағында болды.
Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі
жағдай жөнінде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ
жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар
1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын
талқандап жеңді. Келесі жылы жоңғарлардың әскері тағы да қанды жорыққа
аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.
1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста
қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді Бұл жорықтардың табысты болуына
шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен.
1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына
айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың
экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол
қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған
ол қалмақтарды темір балқытып зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті
баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз қол
астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сібір бойындағы
бекіністерден зеңбірек берген деседі.
1.3 Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан
астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда
қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын.
Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу,
Талас өзендерінің аралығымен өтетін.
1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден
бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толық
қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін
тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық
екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп,
Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғызбай
соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру
үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі
Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі
қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле
өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс
жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен – қаперсіз отырған қалың
елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек
кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті.
Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады.
Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір
бөгетсіз, қарсылықсыз, жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау
араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Малын,
қонысын тастап, бала-шағасынан, туысқандарынан айырылып босқан халық беті
ауған жаққа қашып – пысуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары
Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға
ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Мұхаметжан
Тынышбаевтың айтуынша, Орта Азияда осындай екі көл болған. Оның біріншісі –
Сырдың сол жақ бетінде, Бетпақдала каналы екіге бөлінетін жерде, екіншісі –
Ташкенттен 90 шақырым жерде, ол да Сыр бойында. Халық осылардың алғашқысына
барып паналаған. Бұл кезеңді қазақ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деп
атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен
аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Сол сұлағаннан талай қазақ жан тәсілім
қылып, басын қайта көтермеген. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да
қайғылы, ән ұраны сияқты Елім-ай әнін білмейтін, оны айтқанда тебіреніп,
қатігездіктің құрбаны болған боздақтарын еске түсіріп, бүгінге дейін көзіне
жас алмайтын қазақтың кәрі-жасы кемде-кем. Елім-ай әнінің авторы
Қожамберді би.
Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні
қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші іспеттес.
Қазақты бірлікке, елдікке, ерлікке үндейтін бұл өлеңді білу, ұмытпау жастар
үшін бүгінгі таңда да тарихты білу болып табылады.
1.4 Ақтабан шұбырындыда ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді
мекендердегі отырықшы халықтарда жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде
Самарқанд, Бұқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қанырап қалды. Сол жылдарда
Хиуа маңындағы мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп, қаланың өзінде қырық
шақты ғана отбасы қалған.
Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-жүгерін
ұштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға жұмылдырды. 1726 ж.
Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері жиын
өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және
Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы халықтың қаһарлы қарсылығының алғы
шебінде болып, қалмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс жүргізген Әбілхайыр
бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және
оның жиені Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырық
батыр Ырғыздың оңтүстік-шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында Қара
сиыр деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қияң-
кескі соғыста ондаған мың адамынан айырылды. Қазақтар жағы өздерінің
талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат-жігерінің жемісін көріп
қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ арасына ілезде тарап кетті. Алты алаштың
рухын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол жеткен жер
кейін Қалмақ қырылған деп аталды.
1729 жылы көктемде Балқаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
Қазақ хандығы туралы мәлімет
Жоңғар хандығы
Қара қалмақ тайшылары
Жоңғар хандығының құрылуы
XVII – XVIIIғғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
Қазақстанның Ресейге қосылуының күнгейі мен көлеңкесі
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
Пәндер