XV – XVI ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуындағы керей – Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты


ЖОСПАР
Кіріспе
І. XV - XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуындағы Керей - Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты.
1. 1 . Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, Керей және Жәнібек хандардың хандықты құрудағы және нығайтудағы алатын орны.
1. 2. Хақназар ханның XVI ғасырдың II жартысындағы Қазақ хандығының нығайтудағы тарихи рөлі, оның ішкі және сыртқы саясаты.
1. 3. XVI ғасырдағы Тәуекел ханның Қазақ хандығын одан әрі нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде XIV-XV ғғ. бірыңғай экономикалық аймақтың құрылуы сол аймақтың барлық жерін саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі. Көшпелі және отырықшылықты аймақтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірігуіне, халықтың қосылуының ұзақ мерзімді процесінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туғызды. Бұл жағдайлар өзіндік қазақ мемлекеттігін құрудың объективті себептері мен алғы шарттары болды. Қалыптасқан ірі этно-әлеуметтік мүдде ортақтығынан өз дара мемлекеттігіне және өздерінің әлеуметтік-теориялық мемлекеттік ұйым құруға талпынуы тек кейінгі уақытқа - ұлттарды қалыптастыру уақытына ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия аймағында негізінен алғанда осы заманғы халықтардың қосылуы аяқталып біткен орта ғасырға да тән еді.
Қазақ халықының бір бөлігінің әр түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап кетушілігін, саяси жағынан бастарының бірікпеушілігін жеңу Жәнібек және Керей есімдерімен байланысты. Олардың әулеттік мүдделері, сайын далада билік жүргізу үшін Шыңғысханның өзге әулеттерімен күресі ру ақсүйектерімен бірге қатардағы малшы еңбеккерлерден және егінші-диқандардан шыққан халықтың әр түрлі әлеуметтік таптарының мүдделерімен дөп келді. Мұның өзі бірігіп нығайған халықтың дербес өз мемлекетін құруға деген талпынысын бейнелейді.
Бірқатар түпкі материалдардағы (мысалы, «Таварих-и гузида-ий нусрат-наме») шежірелер бойынша Жәнібек пен Керей жақын туыс адамдар болған. XV ғ. 50-70 жылдарында елді бірлесіп басқарған бұл алғашқы қазақ хандары жайында баяндайтын жазба материалдарда бұлардың қайсысы бірінші басшы болғаны жөнінде дәл түсініктеме жоқ, олардың есімдері ешбір реті сақталмай қатар жазыла берген. Бірі Барақ ханның тікелей ұрпағы (Жәнібек) ретінде, де, бірі - жасы жағынан үлкен ретінде (Керей) бұлардың екеуінің де елге билік жүргізуге құқы болды. Бірақ орта ғасырдағы Қазақстан мемлекеттерінде бірте-бірте орныққан хан билігіне тікелей мұрагерлік принципімен қатар (әкесінен баласына) хан билігін алуға балалардын, үлкені басым құқықпен пайдаланатын көне түрік-монғол принципі де сақталып қалғандықтан Жәнібек сияқты Керейдің де хан атағын иеленуге талаптануына болар еді. Қазақ хандығының құрылуына сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің-Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбек мемлекеті) мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені XV ғ. екінші жартысында бұл мемлекеттердің тарихи тағдыры елдігінен айрылып күйреумен аяқталған-ды. Екі мемлекетте де көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуаты күшейе түсті, оның сыртқа тепкіш талпынысы артты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың рулары мен тайпаларының неғұрлым ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе ғасырдың орта шенінде Әбілхайыр (көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Есенбұға (Моғолстан) хандардың билігіне таласуларын жалғастырып жатқан Шыңғысхан әулеттерінің әйтеуір біреуінен қорғаушы іздестірді.
Қазақ қоғамы билеуші топтарының мүдделерін бейнелегендіктен алғашқы қазақ хандарының бірыңғай мемлекет құрып, нығайтуға бағытталған әрекеттері қазақ рулары мен тайпаларының ақсүйектері тарапынан қолдау тауып отырды. Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы - Қаратау қойнауларындағы, Сырдария сағаларындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі олардың едәуір бөлігі 40-50 жылдардың өзінде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. Әбілқайыр хан даладағы өз билігін нығайту жолындағы күреспен айналысып жүргенде Ақ Орда хандарының мұрагерлері Қазақстанның оңтүстігінде өздерінің күшті билігін қамтамасыз ете алды. Рулар мен тайпалардың Әбілхайырға наразы көптеген көсемдері өздерінің қол астындағылармен бірге бұларға ағылып келіп жатты.
Тынымсыз дерлік өзара тартыстар мен соғыстар халық бұқарасының жағдайына ауыр тиді. Соғыс қимылдары қатардағы көшпелілерді өнімді еңбектен қол үздірді, оларға бақытсыздық пен қайыршылық, кесел мен өлім-жітім әкелді. Халық бұқарасының наразылығы ортағасырлық көшпелі қоғамға тән қарсыласу түрінде - өз әкімдерінің билігінен кетіп қалуға, басқа жаққа көшіп кетуге әкеп соқтырды. XV ғ. 50-жылдардың аяққы шенінен бастап ондаған жылдар бойы осындай бір үдере көшіп кетушілік - қазақ халқының бір бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне, Моғолстан жеріне жаппай көшіп баруы еді. Әбілхайыр хандығының сыртына кетуші рулар мен тайпаларды Жәнібек пен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар бірінші рет Мұхаммед Хайдар дұғлаттың «Тарихи - Рашидиінен» көрінді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты. Және өздерінің бұл бас тартуларын Шыңғысхан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрімен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті Қыпшақта билік жасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен дәлелдеді деп көрсетеді.
XVI ғ. 30-жылдарыңда қазақ хаңдарының саяси белсенділігі негізінен оңтүстік-шығысқа бағытталды. Олар мұнда қырғыздармен одақтаса отырып, моғолдармен және ойраттармен соғысты. Сондай-ақ батыс пен солтүстікке де қатты көңіл бөлінді, мұнда олар ноғайлықтармен, башқұрттармен, татарлармен қиын қарым-қатынастыққа килікті. Бұл бағыттарда көрнекті қазақ ханы Ақназардың (1538-1580) әрекеттері әуел баста табысты болды. Ол ойраттарға және моғол ханы Әбд ар-Рашидке қарсы күресті, сөйтіп, Шығыстағы және Жетісудың оңтүстігіндегі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да сақтап қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдаллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты.
Ақназар өзінің әкесі Қасымның тұсындағы Қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты. Бірақ сыртқы саяси ахуалдың ауыр жағдайында бұл міндет тұтас алғанда орындалмайтын болып кетті. Оның тұсында қазақ даласы шекараларына Қазан, Астрахань, сонан соң Сібір хандықтарын жаулап алғаннан кейін Орыс мемлекеті жақындай түсті. Қазақ далаларына ноғайлықтар, башқұрттар, сібір татарлары қаптап келе бастады, Сырдария бойында қарақалпақтар пайда болды. Осы аралықта Жетісу жерлерін, ондағы Ұлы жүз қазақтарын ығыстырып, ойраттар (жоңғарлар) жайлай бастады. Белгілі бір кезеңде қазақ басқарушылары Ұлытаудың оңтүстігіне таман Сарысудағы, Арал маңының Солтүстігіндегі, Қаратаудағы, Батыс Жетісудағы, шамамен, «Үлкен Сызық Кітабында» көрсетілген шептегі жерлерді ғана бақылай алды. Сөйтіп, хандықтың шекаралары хандардың тек әскери және дипломатиялық қабілетіне немесе соғыстағы жеңістері мен жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге, негізінен алғанда, сыртқы саяси ахуалға да байланысты өзгеріп отырды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллыхқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтап қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер дерек-темелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
. . . Тәуекел Сыр өңірінің калалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуы-лы Түркістан, Ташкейт, тіпті Самарқанд сияқты орталықтарға қатер төндірді. Ол Ташкент жасағын талкандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Осы жоғарыда айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Мәселенің зерттелу деңгейі.
Қазақ хандығының құрылу тарихы XIX ғасырдың 60 жылдарынан зерттеушілердің назарында болып келе жатыр. Солардың ішінде В. В. Вельяминов - Зернов, Ш. Құдайбердіұлы, А. П. Чулошников, М. Тынышпаев, С. К. Ибрагимов, В. Г. Юдин, Т. И. Сұлтанов және тағы басқа тарихшылардың бұл мәселені зерттеуге қосқан үлестері орасан зор. Қазақ хандығының тарихына қатысты сан түрлі мәселелерді зерттей отырып, бұл ғалымдар қазақ хандығының құрылған уақыты деп әртүрлі жылдарды атап келеді. Шамамен алғанда аталған зерттеушілердің еңбектері XV ғасырдың 50-70 жылдарын қамтып, 10-20 жылдар алшақтықта тұр. Соңғы 5-10 жыл ішінде бұл мәселе бойынша тарихшылар Ә. Хасенов, С. Жолдасбаев, Б. Кәрібаев өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Сондай - ақ қазақ хандығының құрылу тарихы осы жылдары өткен бірнеше ғылыми конференцияларда да қарастырылды. Соған қарамастан қазақ хандығының құрылған жылы - толық анықталмай, даулы мәселе болып қалып отыр.
Бұған хандықтың құрылу тарихына қатысты жазба дерек мәліметтердің бір - бірімен қайшылықты болуы себебін тигізуде. Ең алғашқы рет Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы жазба дерек мәліметтерін XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы М. Х. Дулати жазды. Ол өзінің 1541 - 46 жылдары жазған «Тарих - и - Рашиди» деп аталатын еңбегінде XIV - XVI ғасырларда Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан жерлерінде болған Моғолстан атты мемлекеттің тарихын баяндай келе, Қазақ хандығына қатысты бірнеше мәлімет береді. «Тарих - и - Рашиди» екі бөліктен немесе екі дәптерден тұрады және олар әр жылдары жазылды. Бірінші дәптердің 39 тарауында аталмыш еңбектің авторы Моғолстан ханы Есен - Бұға ханның тұсында болған оқиғалардың біріне - Керей мен Жәнібек хандардың Әбілхайыр ханнан бөлініп, Есен - Бұғаға келуін және оның оларға Моғолтанның батысындағы Шу бойынан жер бергендігін жатқызады. Осы жерде М. Х. Дулати: «Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хиджра бойынша - 1465 - 66 жж. ) басталады» - деп айтып өтеді. Бірақ бұл датаның кейіннен қарама - қайшылықты жері көрініп қалды. Жоғарыда аталған зерттеушілер XVI ғасырдағы Хақназар және Тәуекел хандардың Қазақ хандығын нығайтудағы рөлі, олардың ішікі және сыртқы саясаттағы қол жеткізген нәтижелерімен жіберген кемшіліктері туралы өзіндік ой - пікірлері мен тұжырымдамаларын да жасады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Диплом жұмысының мақсатына Қазақ хандарының тарихи рөлі, олардың ішкі және сыртқы саясаты жөніндегі тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой - пікірлердің қалыптасу деңгейін анықтау және осының нәтижесінде өзіндік тәуелсіз тарих және тарихнама ғылымын қалыптастыру жолында кезеңдік және тақырыптық тұрғыдан зерттеулер жүргізу бағытын айқындау жатады. Осы мақсаттан келіп зерттеудің мынадай міндеттері туындайды: Қазақ хандарының (Керей, Жінібек, Хақназар, Тәуекел) тарихи рөлі, ішкі және сыртқы саясат туралы Қазақстан тарихы мен тарихнамасының теориялық және методологиялық мәселелерін қарастыру.
- Қазақ хандарының билік жүргізген дәуіріне қатысты тәуелсіздік алған жылдарда жазылған және жарық көрген зерттеулерге талдаулар жасап, олардың ғылыми нәтижелері мен қоыртындыларын объективті бақылау.
- Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығайю дәуіріндегі Қазақ хандарының тарихи рөлі мен ішкі және сыртқы саястаттары жөніндегі балама көзқарастарды тарихнамалық талдау және осы мәселелерге қатысты өзіндік қорытындыларға келу.
- Кеңестік тоталитарлық кезеңдегі Қазақ хандығының қалыптасуы, дамуы және нығайю туралы Қазақстан тарихының мәселеріне арнаған жаңа зерттеулерге талдау жасау барысында бұл мәселелердің зерттелу деңгейін анықтау және ғылыми құндылықтарын көрсету.
Ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары мыналар:
- Қазақ хандығының құрылуының, дамуының және нығайюның кезеңіндегі Қазақ хандарының тарихи рөлі, ішкі және сыртқы саясатының тарихи мен тарихнамасына жасалған талдау нәтижесінде бұл дәуірдегі Қазақ хандығының қай жылы құрылғандығы жөніндегі мәселенің әлі де шешілмегендігін анықталды. Осы мәселеде тарихшыларды келелі міндеттер күтіп тұр.
- Осы дәуірдегі орыс - қазақ келіссөздері нәтижесінде Қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін жоғалту түрінде жүргізілгендігі туралы, еуропацентристік көзқарасқа сын көзбен қарап, бұл мәселеге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау ұсынылды.
- Қазақ хандықтарының тарихы, Қазақ жүздерінің қалыптасу тарихы мен байланыста тарихнамалық тұрғыдан талданды.
Зерттеу жұмысының методологиялық және әдістемелік негізі.
Диплом жұмысының методологиялық негізіне зылпы тарихтық принциптер мен тарихтың және тарихнаманың өздеріне ған тән принциптері алынды. Дәлірек айтқанда, зерттеуде негізінен тарихилық принципы мен диалектикалық принциппен, ғылыми объективтілік принциптері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысында алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін арнаулы тарихи және тарихнамалық әдістер қолданылды: талдау, салыстырмалы - тарихи, хронологиялық және өзектілік.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы.
Диплом жұмысы Шымкент әлеуметтік - педагогикалық Университетінің Экономика - педагогикалық факультетінің Тарих және география кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы.
Зерттеу жұмысы бір тараудан, үш тармақтан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. XV - XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуындағы Керей - Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты.
1. 1 . Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, Керей және Жәнібек хандардың хандықты құрудағы және нығайтудағы алатын орны.
Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді. Олардың басқа Шыңғыс ұрпақтарымен (негізінен алғанда Шай-бани ұрпақтарымен) бұрынғы Жошы ұлысының мұраға қалған жерлерінде билік жүргізу құқығы жолындағы тайталастағы әулеттік мүдделері топтасқан халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысын объективті түрде бейнелеген еді. Қазақ хандары жалпы мемлекеттікке және ұзақ уақытқа созылған өзара байланысты Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан аумағын мекендеген этникалық топтардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени да-муы арқылы бірігуге дайындалып та қойған жерлерді топтастырғанын атап өткен жөн.
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдай-ында аталған кең-байтақ аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе әлдебір Шыңғыс ұрпағы арқ-ылы қамқоршы іздестірді. Олардың көбісі алғашқы қазақ хандарының біртұтас мемлекет құру мен оны нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін қолдады.
Қазақ рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау 40-50-жылдардың өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде - Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысыңда, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан қырда өз билігін нығайту жолындағы күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тай-палардың бағынбаған басшыларының қарсылығын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда хандарыиың мұрагерлері бұл аумақга тұрақгы билігін қам-тамасыз етіп алды.
Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан мен Қазақ хандығы-ның негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей де Орда-Еженнің ұрпақгары деп саналатын болған, дегенмен бұл деректемелерде нақты мәліметтер жоқ. Теңге деректері мен Му'ин ад- дин Натанзидің «Мунтахаб ат-таварих Му'ини» шы-ғармасының мәліметтеріне қарағанда, Ұрұс ханның генеалогиясы Сасы-Бұға ханға барып тіреледі: Сасы-Бұға - оның ұлы Ерзен хан (Лэн Пуль Стенлиде Ерзеннің орнына Мүбәрак-Қожа хан аталған) - оның ұлы Шымтай - Шым-тайдың ұлы Ұрұс хан. Алайда, бұл деректемеде Сасы-Бұғаның тегі Орда-Ежен емес, Алтын Орданың әмірі Ноғай деп саналады, бұл басқа деректермен қуат-талмайды. Рашид ад-Диннің айтуынша, Ақ Ордада Сасы-Бұғаға дейін Орда (Орда-Ежен) - Сартақтан (Сартақ) - Қуынжы (Қоңшы) - Байан билік еткен Сасы-Бұғаның Орда ұрпақтарының бұл тармағымен генеалогиялық байланысы дәлелденбеген, дегенмен де дәстүр бойынша Ұрұс хан Орда-Еженнің ұрпақтарынан шыққан деп саналады.
Осы әулетке жатқан Ахмет хан мен Махмұд хан (олардың генеалогиясы: Жошы-Тоқа-Темір-Үз-Темір-Абай-Томған - Құтлық-Темір-Темірбек - Темір - Құтлық хан - Темір - (Кіші) Мұхаммед хан - Ахмед хан және Махмұд хан) Әбілқайыр ханға көп қарсылық көрсетті (1) . Шайбанилік ханның 1431-32 жылы әскерімен Хорезмді шабуға кеткенін пайдаланып, сол жерлер-ден үміткер және сол кезде Арал өңірінде кешіп жүрген Ахмет пен Махмұд өздерінің іс-қимылын жандандыра түсті, Ма' суд Кухистанидің сөзімен айтқ-анда, «бүлік пен бұзақылықтуын көтеріп, бағынбау және құлақаспау жағында тұрды»(2) . Осы Тоқа-Темір ұрпақтары әскерлерінің өз Ұлысына басып кіруінен қорыққан Әбілқайыр Хорезмнен қайтып келген.
Қарсылығын Әбілқайыр ақырына дейін баса алмаған Жошыдан тарайтын сұлтандар ішінде деректемелерде Ұрұс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар да аталады, ал олар туралы алғашқы мәліметтер Мұхаммед Хайдар Мырза Дуғлаттың «Та'рих-и Рашиди» деген шы-ғармасында (ал одан кейін басқа да бірсыпыра шығармаларда, мысалы, Хондемирдің «Хабиб ас-Сийарында», «Бахр әл-асрарда») XV ғасырдың 50-жылдарының екінші жартысына байланысты ғана пайда болады. Бұл кезге дейін олар Ақ Орданың 20-жылдарда Барақ ханның билігі мейлінше берік болған және одан кейінгі жиырма жыл бойы Әбілқайыр хан аттап баса алмаған нақ сол оңтүстік бөлігінде болған еді. Олар Барактың осы аумақтағы билігін мұраға алды және Ахмет хан мен Махмұд ханның өздері мұраға алған жерге көз алартқан Әбілқайырға қарсы күресінде оларға одақтас болғаны күмәнсіз. Олардың келісе отырып іс-қимыл жасауы да мүмкін, Жәнібек пен Керейдің алыс болса да, неғұрлым құдіретті осы туыстарымен одақ жасасып қана қой-май, сонымен қатар қамқорлығында болуы да ықтимал еді. П. П. Иванов Жәнібек пен Керейдің арғы атасы «Барақ ханның атасы, Алтын Орда ханы Ұрұс» «Астархан әулетінің бабасы», яғни Кіші-Мүхаммедтің балалары Ахмет хан мен Махмұд ханның да атасы болған деп санайды. Ал егер Ұрұс хан Тоқа-Темір әулетінен шыққан болса да, оның Кіші-Мұхаммедпен туыстығы, жоғарыда келтірілген генеалогияның көрсеткеніндей, дегенмен де оның бабасы деп санауға тым алыс болған.
Жәнібек пен Керей жастары жағынан Ахмет хан мен Махмұд ханның за-мандастары, қатарлары ғана емес, сонымен бірге олардың серіктері де болуы мүмкін еді (Керей хан мен Ахмет хан шамамен қатар өлген, біріншісі 1470 жыл шамасында, екіншісі 1481 жылы қайтыс болған) . Жәнібек пен Керейдің туған кезі туралы дәл деректер болмағанымен, жанама деректер олардың жас шама-сын анықтауға мүмкіндік береді. Бұған, атап айтқанда, олардың бір-бірімең туыстық қатынастарын анықтау көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz