Қазақстандағы туризм жағдайы
КІРІСПЕ
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗАСЫ.
1.2 Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай.күйi
2.2 Туризм инфрақұрылымы
2.2.1 Әуе көлiгi саласында
2.2.2 Темiр жол көлiгi саласында
2.2.3 Автокөлiк саласында
2.2.4 Су көлiгi саласында
2.3. Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және iлгерiлеуi
2.4 Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi . iшкi туризмдi дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi
2.5 Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi және туризм саласын ғылыми.әдiстемелiк қамтамасыз ету
2.6 Туризмдi ақпараттық қамтамасыз ет
2.7 Туристер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
2.8 Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
3 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІС.ШАРЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР.
3.1 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралары
3.2 Қазақстан Республикасының туристік имиджін қалыптастыру шаралары.
3.3 Қызмет сапасын арттыру шаралары
3.4 Дене шынықтыру және спорт саласындағы дамыту шаралары.
3.5 Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007.2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
3.5.1 Бағдарлама өзектілігі
3.5.2 Туризм дамуының қазiргi жай.күйiне талдау. Туристiк саланы дамытудың 2003.2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырудың қорытындылары
3.5.3. Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
3.5.4 Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
3.5.5 Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер және оның көрсеткiштерi
3.6. Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру
3.7. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiн дамыту
3.7. Халықаралық маңызы бар»"белсенді"»жобаларды іске асыру
4. ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ.
4.1 Іскерлік туризмге анықтама, және қызметтер түрлері
4.2 Іскерлік туризмнің дамуы мен жағдайы
4.3 Іскерлік туризм түрлері.
4.4 Іскерлік туризмдегі қызмет, олардың түрлері
4.5 Іскерлік туризмнің Қазақстан экономикасында алатын орны
4.6 Іскерлік туризмнің әлемдегі даму алғышарттары
5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫ
5.1 Алматы қаласының іскерлік туризмінің потенциалы мен дамуының алғышарттары
5.2 Алматы қаласының іскерлік туризмінің проблемалары мен оларды шешу жолдары
5.3 Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығын құру жобасы
5.3.1 Жоба өзектілігі
5.3.2 Құрылатын қаржы орталығының негізгі ерекшеліктері
5.4 Астана қаласының іскерлік туризм потенциалы
5.4.1 Астана қаласында іскерлік туризмді дамыту
5.4.2 Астана қаласының туристік инфрақұрылымының жағдайы
5.5Ақтөбе облысының іскерлік туризмі
5.5.1 Ақтөбе облысындағы туризмнің дамуы.Туризімнің қазіргі жағыдайы және болашағы
5.5.2 Облыстың туристік рыногы
5.5.3 Туризм инфрақұрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Қазақстан егемендік алғалы бері дүние жүзілік нарықтан өз орнын
алуға тырысады. Бұл жолда республика нарықтық экономикаға көшуі арқылы қиын
бірақ дұрыс жолмен дамып келе жатыр. Мемлекеттің өзгеруімен онда тұратын
адамдар да өзгерді, дамудың әр түрлі жолдарын іздеу үстінде.
Туризм елімізге шетелдік капиталды тарту үшін бірден бір сала
ретінде белгілі. Туризм дүние жүзүлік экономикада бұрыннан бері маңызды рөл
атқарады, ол жаппай ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құрайды. Және осы
туризм секторы өте тез дамып келе жатқан сектор болып саналады.
Соңғы жылдар туризм бизнестің тиімді түріне айналды. Дүние
жүзінің жеті проценттей капиталын қолданады. Туризм тауарлар мен
қызметтерді сатудан түсетін пайдалары арқылы мұнай мен автомобиль
экспортынан түсетін пайдамен теңесті.
Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамыту үшін үлкен
алғышарттары бар елдердің бірі. Олар:
1. тиімді геосаяси жағдай
2. саяси тұрақтылық, демократиялық өзгерістер, экономикалық
реформалардың тиімді өткізілуі
3. дүниежүзілік туристік бизнестің халық тығыздығы аз және өзіндік
мәдениет ерекшеліктері бар елдерге көп көңіл бөле бастауы
4. тарихи мәдени мұралардың әртүрлілігі
5. буддизм, христиандық, мұсылмандық ескерткіштер болуы, және олардың
қажылық мақсатта қолданылуы
6. тарихи архетектуралық, қалалық және жолдардың болуы
7. мұражайлық, мәдени көріктік және ойын сауық мекемелері және
фольклерлік этнографиялық халықтық ансамбльдер
8. флора мен фаунаның әртүрлілігі, климаттық және туристік зоналардың
әртүрлілігі, бай табиғи ландшафтар және т.б
Іcкерлік туризм осы үлкен туризм инфраструктурасының бір бөлігі
болғандықтан іскерлік туризмді зерртеу үшін бүкіл туризм жағдайын біліп алу
жөн.
Туризм шаруашылығының дамуымен іскерлік туризм дамуы өтее тығыз
байланысты. Және айта кететін жай, іскерлік туризмнің ел экономикасымен
байланыстылығы. Экономиканың дамуы , халықаралық арақатынастрмен және оның
ұлғаюымен байланысты. Сондықтан бұл диплом жұмысында іскерлік туризмге ең
басты әсер ететін үш факторға мән беруді жөн көрдім . Олар :
1. елдегі туризмнің жағдайы мен дамуы
2. ел экономикасының дамуы мен тенденциялары
3. Қ.Р. саяси жағдайы мен саяси бағыты
Соңғы кездері халықаралық туризмде іскерлік туризм мәнді орын алып
жатқаны байқалады. Туризм тез дамып келе жатқан шаруашылық саласы болып
саналады. Оны кейде жиырмасыншы ғасыр феномені деп те атайды.
Іскерлік туризм дамыған елдерде перпективті және пайдалы бизнес
түріне айналған баяғыда мойындалған. Мысалы, АҚШ та іскерлік туризм 100 жыл
бұрын, Еуропада 50-ші жылдары пайда бола бастады.
Іскерлік туризм жайлы белгілі бір түсінік жоқ. Біреулердің айтуы
бойынша іскерлік туризм бұл көрмелерге, конференцияларға және басқа да
осындай шараларға саяхат жасайтын туризм түрі деп белгілейді. Бірақ біз тек
қана осындай мақсаттағы саяхаттарды іскерлік туризм дей алмаймыз. Өйткені
бір елге дамыған немесе дамып келе жатқан ел болсын, осы елдерге көптеген
адамдар белгілі бір экономикалық мақсатпен келеді. Ол болуы мүмкін
инвесторлар жиналысы, акционерлер жиналысы, еншілес компаниаларына
қызметтік сапарлар, келіссөздер өткізу үшін келген бизнесмендер, мамандар
дайындау үшін келген жұмысшылыр, т.б. қызметтік мақсаттағы саяхатшылар
келуі мүмкін. Міне осы адамдар келген елінде белгілі бір жерге орналасады,
көлік қызметін қолданады, тамақтану орындарын қолданады, бос уақыттарын сол
елмен танысуға жұмсауға немесе тағы басқа мақсаттарға байланысты
ұйымдастырады. Міне осыдан келіп біз осы саяхатты туризммен
байланыстыруымызға болады. Және де осы диплом жұмысын іскерлік туризм түрін
айқындауға бағытталады.
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ
ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗАСЫ.
1.2 Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
заңы
Осы жұмысты заңнамалық жүйемен танысудан бастауымның себебі кез
келген шаруашылық түрімен айналысу алдында сол шаруашылықтың ережелері мен
үкімет шығарған заңмен танысу қажет. Сол саладағы тәртіпті, стандарттарды,
ұйымдастыру ережелерімен танысып алу керек. Туризм де шаруышылықтың бір
түрі болғандықтан үкімет оған қатысты заңдар шығарады. Бірақ туризм басқа
салалардан ерекшеленеді. Өзіндік спецификаға ие сала түрі
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Констетуциясына негізделеді және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикасы салаларының бірі
ретінде туристік қызметтің құқықтық , экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық
негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы 5
тараудан, және 29 баптан тұрады. Бірінші таруда Негізгі ережелер
жазылған. Онда қазіргі туристік бизнесте қолданылытын негізгі түсініктерге
тоқталады. Осы шаруашылықтың субъектісі мен объектілері анықталады.
1. Туристік қызмет субъектілеріне :
1) туристік операторлар (туроператорлар);
2) туристік агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид аудармашылар) туризм нұсқаушылары,
экскурсаводтар;
4) туристер және олардың бірлестіктері;
5) экскурсанттар;
6) туристтік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
7) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейтін мемлекеттік органдар;
2. Туристік қызмет объектілері : табиғи объектілер және табиғи
климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік мәдени көрсету
объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра
алатын өзге де объектілер.
Ары қарай заң туристік ресурстар мен туристік индустрияға
түсініктеме береді.
1. Туристік индустрия- туристерді орналастыру құралдарының,
көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын сауық объектілері мен
құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық, және өзге де
мақсаттағы объектілердің, туристтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың,
сондай ақ экскурсиялық қызмет және гидтер қызметін көрсететін ұйымдардың
жиынтығы.
2. Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері:
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлік қызметін көрсету;
6) ойын сауық;
7) өзге де туристік қызмет көрсетулер;
Қазақстан Республикасысының туристңк ресурстарының классификациясы
мен оларға баға беру, оларды қолдану , сақтау, және қалпына келтіру
шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
6-шы бапта туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлері қарастырылады.
1. Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып
танылады.
2. Халықаралық туризм:
1) келу туризмі- Қазақстан Республикасысының аумағында тұрақты
тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты;
2) шығу туризмі- Қазақстан Республикасысының азаматтары мен
Қазақстан Республикасысындағы тұрақты тұратын адамдардың басқа елге
саяхатын қамтиды;
3. Ішкі туризм- Қазақстан Республикасысының азаматтары мен оның
аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасысының шегіндегі
саяхаты;
4. Туризмнің түрлері - әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы,
спорттық, іскерлік, конгрестік, емдеу сауықтыру, мәдени танымдық, діни және
басқа туризм.
Заңның екінші тарауы туристік қызметті мемлекеттік реттеу
қарастырады. 8- ші бапта туристік қызметті мемлекеттік реттеудің
принциптері белгіленеді.
1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы
жағдайлар жасау;
2) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
3) Қазақстан Республикасысы туралы туризм үшін қолайлы ел деген
түсінікті қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының туристері мен туристік
ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын
қорғауды қамтамасыз ету, сондай ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
9-шы бап туристік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, басым
бағыттары және тәсілдері
1) азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп тұру
2) қоршаған ораны қорғау;
3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтруға бағытталған
қызмет үшін жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін
туристік индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру,
мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
6) халықаралық туристік байланыстарды дамыту болып табылады;
2. Туристік қызметтерді мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:
1) туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабелді
саласы ретінде қалыптастыру;
2)туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау
3) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың
күнкөрісі төмен топтардың арасында туристік және экскурсиялық жұмысты
ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
4) туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі
туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
6) ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін
туристік қызметтің тиімді жүйесін құру болып табылады;
3. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу:
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі
саясатты айқындау;
2) туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті
лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және
сертификаттау;
4) бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
5) туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және
олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына
жәрдемдесу;
7) ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға
жәрдемдесу;
8) елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке
алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
10-шы бап Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреті
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасын әзірлейді және оның бюджет заңдарына сәйкес орындалуын
қаржыландырады;
2) туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік
құқықтық актілерді қабылдайды;
3) туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке
қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
4) туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды
белгілейді;
5) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты
айқындайды;
6) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік
жүйесін құрады;
7) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актлерімен
өзінің құзіретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді;[5]
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйi
Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе
облыстарында сырттан келушiлер туризмiнiң барынша кең көлемi байқалады, бұл
ретте iскерлiк туризм басым. Көрсетiлген қалаларда, сондай-ақ Алматы,
Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым
сыртқа шығушылар туризмi дамыған. Iшкi туризмнiң барынша дамуы
Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола
облыстарында байқалады. Тұтастай алғанда, республика бойынша
туризмнiң барлық түрлерiнен барынша көп туристке Алматы, Астана
қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе
облыстарында қызмет көрсетiлген (5-қосымша). Бұл өңiрлердегi туристердiң
сапар мақсаты негiзiнен iскерлiк және кәсiби мақсат, бос уақыт, рекреация
және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады. 2001 жылдан
бастап, жергiлiктi атқарушы органдар саланы дамытуға қажеттi қаржылай
қаражатты бөлiп келедi, алайда, талдау көрсеткенiндей, облыстардағы
туристiк индустрияның дамуын тежеушi факторлардың бiрi жергiлiктi атқарушы
органдардың экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн басымдықтардың бiрi
ретiнде аталған салаға жеткiлiксiз назар аударуы болып табылады. Айталық,
туризмдi дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлiк және республикалық
бағдарламасын iске асыруға Солтүстiк Қазақстан облысында жыл сайын орта
есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл
сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында - 1,5 млн. теңге шегiнде
бөлiндi. Тұтастай алғанда, республика бойынша туризмнiң барлық түрлерiнен
барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетiлген (5-
қосымша). Бұл өңiрлердегi туристердiң сапар мақсаты негiзiнен iскерлiк және
кәсiби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар
болып табылады. Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң
қатарына кiру стратегиясын iске асыру және Қазақстанды туризм елi ретiнде
алға жылжыту шеңберiнде мынадай шаралар қабылдау қажет: туризмнiң
экономикалық көрсеткiштерi өсiмiн қамтамасыз етудiң жаңа Қазақстанның
әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясын
iске асыру және Қазақстанды туризм елi ретiнде алға жылжыту шеңберiнде
мынадай шаралар қабылдау қажет: туризмнiң экономикалық көрсеткiштерi
өсiмiн қамтамасыз етудiң жаңа [12]
Негізінен туризм типтерін үшке бөледі. Олар : келу туризмі, шығу
туризма, ішкі туризм. Келу туризмі, аты айтып тұрғандай шет елден келетін
туристермен анықталады, сол сияқты шығу туризмі мемлекеттен басқа елге
сапар шегіп шыққан туристерді тіркеумен байланысты. Ішкі туризм, сол ел
ішіндегі сапарлар. Келесі графикте осы үш туризм типтерінің үш жылдық
динамикасы көрсетілген :
Сурет 1.Туризм түрлерінің динамикасы
Статистика агенттігінің мәлімметтері бойынша
Сурет 1 көретініміз соңғы жылдары туристер саны азайған. Бұған көп
себептер әсер етуі мүмкін. Экономикалық тағы да басқа. Бұның бір себебі
біздің елде келу туризмі қалыпты өсуде. Бұл меклекетімізді көп адамдар тани
бастады, саяси тұрақтылық пен экономикалық дамудың арқасында, ал ішкі
туризм мен сыртқы туризм аутқуларының бір себебі сапарға шығын екінші
туристер белгілері бір әлеуметтік топ болуы мүмкін. Олар бір жыл сапарға
шығып екінші жылы шықпауы мүмкін. Келесі кесте Республикадағы, және
облыстардағы туристік фирмалар санына байланысты [32]
2.2 Туризм инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005
жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның
iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-
профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4
пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35
сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1
балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай,
2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар,
қолөнершiлер қалашықтары) - 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының
340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа
мемлекеттердiң меншiгiнде болды. Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78
қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Республика бойынша туристердi орналастыру объектiлерiн пайдаланудан
түскен кiрiс 2005 жылы 21156 млн. теңгенi құрады, аталған кәсiпорындар
көрсеткен қызмет көлемi 17737,5 млн. теңге, оның iшiнде - мейрамханалары
бар қонақ үйлер - 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 1533,3
млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристiк базалар - 57,7 млн.
теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотiркемелердi қоюға
арналған тұрақтарда көрсетiлетiн қызметтi қоса алғанда - 0,7 млн. теңге,
қалған орналастыру объектiлерi - 218,8 млн. теңгенi құраған (6-қосымша)
Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат,
санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерiн
257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйiнде, пансионаттарда
32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына "Сарыағаш" (ОҚО),
Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы),
"Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы),
"Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады. Қазақстан
Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2003 жылы туризм
объектiлерiнiң негiзгi жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге, 2004 жылы
37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция бөлiнген. Бұл
туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдiстерiне куә болады, алайда
қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристiк
индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткiлiксiз. Талдау
көрсеткенiндей, елдiң инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың
жалпы сомасынан туристiк ұйымдардың қызметiн жүзеге асыруға 2003 жылы тек
139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге
тартылған.[11]
Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына
шекараның арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын
(iскерлiк туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң толық жиынтығын
ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк
орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң
одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады.
Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын
қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ
санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың
жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.
Кесте 1. Тур фирмалар саны
Аймақтар 2004 2005 2006
Қазақстан Республикасы 713 751 846
Ақмола 10 19 16
Ақтөбе 11 16 20
Алматы 29 37 30
Атырау 13 18 22
Шығыс Қаз. 22 24 34
Жамбыл 13 10 11
Батыс Қаз. 4 5 6
Қарағанды 25 29 46
Қостанай 5 6 10
Қызылорда 3 4 3
Маңғыстау 10 12 15
Павлодар 25 21 23
Солт. Қаз. 7 12 15
Оңт. Қаз. 5 12 16
Астана қаласы 37 26 28
Алматы қаласы 494 500 551
Статистика агенттігінің мәліметі.
2.2.1 Әуе көлiгi саласында
Халықаралық туризмдi дамытуға ықпал етушi негiзгi факторлардың
бiрi жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазiргi уақытта
республикаға алыс шетелдiң алты авиакомпаниясы ("КLМ", "Lufthansa",
"British Airlinees", "Asiana Air Arabia", "Сhiпа South Airlines", "Turkish
Аirlinеs") тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы "Эйр Астана"
Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстiк Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндiстан,
БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды. Қазiргi уақытта
Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе алатын әуежайлары:
Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл,
Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар. Статистикалық
деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлiгi қызмет көрсетулерiн 248578 турист
(57,1 процент) пайдаланған.
Сапарлардың басым көпшiлiгiнiң әуе көлiгiн пайдалану арқылы
жүргiзiлетiнiн ескерсек, авиапарктi жаңарту, жолаушыларды әуе көлiгiмен
тасымалдау географиясын кеңейту, туристiк ағынды көбейту мақсатында елеп-
екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру
қажет.[4]
2.2.2 Темiр жол көлiгi саласында
Соңғы жылдары темiр жол көлiгi билет құнының қолжетiмдiлiгiне
байланысты республика халқының негiзгi жол жүру құралына айналды.
Статистика деректерi бойынша, 2005 жылы темiр жол көлiгiн 87615
турист (10,27 процент) пайдаланған. Қазақстан аумағы бойынша өзiмiзде
жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүрiп өтедi. Оның iшiнде қала
маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергiлiктi қатынаста - 49,
мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық қатынаста - 3 поезд
жүредi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерiнде
жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтедi.
Жолаушыларға темiр жол көлiгiнде сервистiк қызмет көрсету деңгейiн
арттыру мақсатында бiрқатар iс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы
аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар
поезында жолаушылар үшiн ланч-бокстар құрудың технологиялық процесiнiң
жобасы қарастырылуда, "ЖВ купе", "РИЦ купе" санатындағы вагондардың
жолаушылары үшiн безендiрiлiп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару
бағдарламасының жобасы әзiрлендi. Сонымен қатар "Жолаушылар тасымалы"
акционерлiк қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейi халықаралық
стандартқа сәйкес келмейдi. Вагон паркiнiң әбден тозуы және бiршама
бөлiгiнiң ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту
қажеттiлiгi жолаушылар тасымалының өзiн-өзi ақтамайтындығымен, оларды
субсидиялаудың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге
асырылатындығымен түсiндiрiледi.
2.2.3 Автокөлiк саласында
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N
1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы
автомобиль жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және
туризмдi одан әрi дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар
енгiзiлуiне байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi
түрде пайдаланылып жүр:
1.Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас; 2.Шымкент -
Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара; 3.Алматы – Қарағанды -Астана -
Петропавл;
4.Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркiменстан шекарасы; Омбы
- влодар - Семей - Майқапшағай; 6Астана - Қостанай - Челябi
- теринбург. Статистика деректерi бойынша 2005 жылы қалааралық
автобустардың қызмет көрсетулерiн 87615 (20,1 процент) турист, басқа да
құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлiнген жолақта мынадай
объектiлер жұмыс iстейдi: 925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 -
тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.[7]
2.2.4 Су көлiгi саласында
Каспий теңiзiндегi Ақтау порты Қазақстанды Ресей,
Түркiменстан, Әзiрбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан
Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен iшкi
су жолдары бойынша қатынастар бар. Шығыс Қазақстандық су жол дары
республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жолаушылар тасымалдауға
лицензиясы бар және туристiк қызметке кiрiктiрiлген кемелер yшiн Өскемен
мен Бұқтырма шлюздерi арқылы шлюздеу құнының 25 процентi мөлшерiнде
жеңiлдетiлген тариф белгiледi. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздерi
арқылы aз мөлшерлi флотты шлюздеу ұзындығы 10 м. дейiнгi кеменi - шлюздеу
құнының - 10%-iмен және 10 метрден ұзын кеменi - шлюздеу құнының 20%-iмен
жеңiлдетiлген тариф бойынша белгiленген кестемен жүргiзiледi.
Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсiпорын 276 туристке қызмет
көрсеткен. Елдiң басқа да су артериялары туристiк мақсатта
пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде Еуропадан
келген туристердiң Каспий теңiзi бассейнi аумағында үлкен қызығушылығы
жағажай туризмiнде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.
2.3. Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және
iлгерiлеуi
Ұлттық турөнiмнiң маркетингiн және iлгерiлеуiн қамтамасыз ету үшiн
Қазақстан белгiлi халықаралық туристiк көрмелерге белсендi қатысып келедi
және осындай iс-шаралардың республикада жыл сайын өткiзiлуiн ұйымдастырады.
Елдi әлемдiк туристiк нарыққа iлгерiлету мақсатында Қазақстан
Республикасының тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру жөнiндегi iс-
шараларды одан әрi жүзеге асыру қажет. Қазақстанның әлемдегi
бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясын iске асыру
және Қазақстанды туризм елi ретiнде алға жылжыту шеңберiнде мынадай шаралар
қабылдау қажет: туризмнiң экономикалық көрсеткiштерi өсiмiн
қамтамасыз етудiң жаңа бағыттарын қалыптастыру және оны кең ауқымды
мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру; халықаралық маңызы бар "белсендi"
туристiк жобалар әзiрлеу және оны iске асыру; көлiк инфрақұрылымын
және туристiк қызмет көрсетулер нарығын дамыту; халықаралық
экономикалық ұйымдар мен одақтарға қатысу арқылы елдiң туризм саласындағы
жаһандық экономикаға енуi;
елдiң еуразиялық тарихи даму факторын және қазақстандық қоғамның
көпұлтты, көпконфессиялы және мультимәдени сипатын, оның құндылықтарын,
дәстүрлерiн, асханасын, өнерiн, Қазақстан халықтары ассамблеясын,
республиканың мәдени және ғылыми күштерiн тарта отырып, белсендi пайдалану;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйым, ЮНЕСКО (Бiлiм беру, ғылым және мәдениет
мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы), БҰҰДБ (Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының Даму бағдарламасы), Дүниежүзiлiк Банк, Азия Даму Банкi, Ислам Даму
Банкi сияқты халықаралық ұйымдарды және отандық даму институттарын тарта
отырып, Қазақстанды әйгiлендiру және шетелдiк жұртшылық өкiлдерiн оның
әкiмшiлiк және мәдени-тарихи орталықтарымен таныстырудың пәрмендi тетiгiн
әзiрлеу;
Қазақстан Республикасындағы туризмнiң мамандандырылған түрлерiн
дамыту жоспарын әзiрлеу; "Атамекен" этномемориалдық кешенi секiлдi
өңiрлiк деңгейде тақырыптық парктер салу мәселесiн пысықтау;
туристiк қызмет көрсетулердiң iшкi және сыртқы нарығында қазақстандық
турөнiмдi тиiмдi жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету.
2.5 Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi - iшкi туризмдi
дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн
қалаушы факторлардың бiрi
Бала жастан туризмнiң әр түрiмен айналысу азаматтық сезiмге, туристiк
мәдениетке және қонақжайлылыққа тәрбиелеуге мүмкiндiк бередi, iске асыру
кезiнде туризм экономиканың пәрмендi секторы ретiнде табиғат пен қоғам үшiн
ең төмен салдарлар әкеле отырып, мемлекеттiң тұрақты дамуын қамтамасыз
етуге ықпал ететiн болады. Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi
туризмнiң белсендi түрi бола отырып: -өскелең ұрпақты табиғатпен
байланыстыру арқылы оны салауатты өмiр салтына баулуға, жiгер мен
руханилыққа тәрбиелеуге;
-туған өлкенi iс-жүзiнде тануға, қоршаған ортамен, тарих және
мәдениет ескерткiштерiмен танысуға ықпал етедi. Балалар мен
жасөспiрiмдер (мектеп жасындағы) туризмiн дамытуды мектептiк бiлiм беру
жүйесiндегi он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар мен жасөспiрiмдер
мекемелерiн қалпына келтiру, көптеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын
уақыт талабына сәйкес жаңарту арқылы кешендi түрде жүргiзу қажет: оқу
бағдарламаларының тақырыптық жоспарларына туристiк техника мен дайындық,
Қазақстанның тарихи объектiлерiн, бiрегей табиғи ескерткiштерi бiлiмдерiн,
жердi бағдарлау және карта бойынша бағдарлау дағдыларын қалыптастыру
жөнiнде сабақтар енгiзу арқылы туристiк бiлiмнiң жалпы бiлiм беру деңгейiн
жетiлдiру; балалар мен жасөспiрiмдердiң мектептен тыс туристiк
мекемелерiнiң желiсiн: балалар мен жасөспiрiмдер туризмi станцияларын
республикалық буыннан аудандық буынға дейiн, туристiк клубтарды, балаларға
арналған туристiк базаларды қалыпқа келтiру және кеңейту "Менiң
Отаным - Қазақстан" жобасын iске асыруға, сондай-ақ туризмнiң белсендi
түрлерiн ұйымдастыру кезiнде гидтер және экскурсияшылар ретiнде жастарды
кеңiнен тартуды қамтамасыз ету.
2.5 Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жүйесi және туризм саласын ғылыми-әдiстемелiк
қамтамасыз ету
Туристiк кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшiн мыналарды
орындау қажет: Халықаралық тәжiрибеге сәйкес Дүниежүзiлiк туристiк
ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды "Қазақстан Республикасының
бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктегiшi" ҚРМЖ08-2004
Мемлекеттiк жiктегiшке енгiзу; туристiк сала үшiн кадрлар дайындайтын
жоғары оқу орындарына туристiк бiлiм беру сапасының "WTO - Теd Qual"
сертификатын енгiзу; республикада ғылыми-практикалық конференциялар
өткiзудi және кадр дайындау мен туристiк индустрияны дамытудың негiзгi
мәселелерi жөнiндегi халықаралық туристiк iс-шараларға Қазақстанның
қатысуын ұйымдастыру; туристiк кадрлар даярлауды жүзеге асыратын
жоғары және орта оқу орындары үшiн оқу бағдарламаларын, оқу-әдiстемелiк
құралдарды, оқулықтар мен көрнекi материалдарды әзiрлеуге қатысу;
гидтар, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристiк
индустрия мамандарын, оның iшiнде айрықша қорғалатын аумақтар мен
мемлекеттiк ұлттық парктер үшiн, оқытып-үйрету семинарлары мен бiлiктiлiгiн
арттыру курстарын тұрақты негiзде жүргiзу; Еуропа бiлiм беру қорымен
халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде дайындалған "Туризм саласындағы ұлттық
бiлiктiлiк құрылымы" (ҰБҚ) пилоттық жобасын iске асыруды және Алматы
қаласында ҰБҚ әзiрлеу жөнiндегi Үйлестiру орталығын және орталықазиялық
өңiр елдерi үшiн басқа да бiрлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге
асыру.
Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристiк
саланы дамыту жөнiндегi маңызды шаралардың бiрi оның ғылыми-әдiстемелiк
қамтамасыз етiлуi болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдiстемелiк
базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секiлдi әлемнiң
дамыған елдерiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнiң
даму болашағын зерттеу және болжамдау жөнiндегi орталықтар бар.
2.6 Туризмдi ақпараттық қамтамасыз ет
"IРК International" компаниясының Қазақстанның туристiк әлеуетiн
бағалау бойынша жүргiзген зерттеулерiнiң қорытындысы және оны ұзақ мерзiмдi
кезеңге одан әрi дамыту жөнiндегi ұсынымдары туристiк саланы одан әрi
дамыту мақсатында әлемдiк практикада пайдаланылатын жаңа технологияларды
қолдана отырып, дамуды ақпараттық көрсетудiң жүйелi тұжырымдамасын жасауды
көздейдi. Бүгiнгi таңда жаhандану, қазiргi заманғы ақпараттық
технологияларды енгiзу ғасырында аталған мәселенi шешуге жаңа қағидат
қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану Қазақстанның туристiк
мүмкiндiктерi туралы барлық қажеттi ақпаратты, оның iшiнде туризм
объектiлерi, авиа билеттер мен қонақ үйлердегi орындарды брондау, клиенттiң
тiлегi бойынша туристiк қызмет көрсетулер пакетiн қалыптастыру туралы
барлық қажеттi ақпаратты тұрақты негiзде ұсынып отыруға мүмкiндiк бередi.
Әлемдiк туризмде виртуалды туризм деп аталатын бағыт пайда болды.
Толыққанды ақпарат алу мен оны әлемнiң кез келген нүктесiндегi әлеуеттi
туристке дейiн жеткiзуде қазiргi заманғы технологиялар мүмкiндiгi бiрегей
де теңдессiз. Бұл ретте ақпараттық орталықтардың мүмкiндiгi туристiк қызмет
көрсетулер нарығын дамытуды мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi шаралары ретiнде
пайдаланылады.
Мұндай орталықтар туризм жай-күйiнiң көрсеткiштерi мен оның дамуының
әлеуеттi мүмкiндiктерiн жүйелеу, туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк
нарығындағы отандық туристiк өнiмнің тұтынылуы үшiн сұраныстарды зерделеу
мен ұсыныстар қалыптастыру, туризм индустриясына жаңа технологиялар мен
ғылыми әзiрлемелер енгiзу, мемлекеттiң тартымды туристiк имиджiн нығайту
мақсатында iрi халықаралық iс-шаралар мен форумдар ұйымдастыру жөнiнде
қарқынды жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Туристiк саланы
ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет:
"Ақпараттық туристiк орталық" акционерлiк қоғамын құру;
қажеттi көлiк жолдарының, инженерлiк және инфрақұрылымдық
объектiлердiң болуын ескере отырып, ел өңiрлерi бойынша туристiк индустрия
мониторингiнiң тетiгiн әзiрлеу; ұқсас халықаралық желiлермен одан әрi
оны кiрiктiру мақсатында Қазақстан аумағында бiртұтас туристiк-ақпараттық
желi құру;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның ресми тiлдерiнде берiлетiн қажеттi
ақпаратты орналастыра отырып, елдiң туристiк әлеуетi, Қазақстанның
мәдениетi мен тарихы, туристiк ұйымдар мен қонақ үйлiк қызмет көрсетулер,
көлiктiк коммуникациялар мен байланыс, виза алу тәртiбi, тiркеу және
әкiмшiлiк рәсiмдерi туралы жаңартылып отыратын деректер банкi бар бiртұтас
Интернет-портал ашу.
Сонымен қатар Қазақстанның тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру
мақсатында шетелдiк, республикалық және өңiрлiк жетекшi бұқаралық ақпарат
құралдарында кең ақпараттық-жарнамалық науқанды қамтамасыз ету қажет.
Мiндеттiң маңыздылығын ескере отырып, тиiстi мемлекеттiк тапсырысты
орналастыру арқылы Қазақстан Республикасында туризмдi дамытуды жүйелiк
ақпараттық қамтамасыз ету практикасын пайдаланған жөн. Сонымен қатар,
Германияда, Францияда, Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда және АҚШ-та туристiк
ақпараттық орталықтар ашу жоспарланып отыр. [9]

Туризмдi дамытудың негiзiн қалаушы шарттардың бiрi оны туристер үшiн
қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету болып табылады. Туристердiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету Дүниежүзiлiк туристiк ұйым Бас ассамблеясының София
қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен VI сессиясында мақұлданған Туризм
хартиясында, Сантьяго қаласында (Чили) 1999 жылғы 1 қазанда қабылданған
Этикалық туристiк кодексте жарияланды. Туристiң қауiпсiздiгi
мемлекеттiң саясатына, туроператорлар мен турагенттердiң турларды
ұйымдастыру кезiнде қабылдайтын шараларына тiкелей байланысты. Террорлық
актiлердiң, iндет пен техногендiк сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсiп
отырған жағдайында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi өткiр қойылып
отыр. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет:
туристiк кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету
жөнiндегi туроператорлар мен турагенттердiң қызметiнде қауiпсiздiк
техникасы жөнiндегi нормалардың, ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге
асыру мәселесiн пысықтау;
туристiк ортаны қорғау және күзету; қорғану және қауiпсiздiк
мәселелерi бойынша халықты және туристердi ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестiкке және адам саудасына, әйелдер мен
балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргiзу;
Қазақстанға туристiк және өзге де көшi-қон ағындарының кiрiп кету,
оның iшiнде туристiң атын жамылған экстремистердiң "ыстық нүктелерге" өтiп
кету мүмкiндiгiнiң алдын-алу үшiн бақылауды күшейту; облыстар мен
Астана және Алматы қалаларында туристерге көмек ретiнде "hot line"
режимiндегi телефондық ақпараттық қызмет құру.

Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектiсi Дүниежүзiлiк
туристiк ұйыммен (ЮНДТҰ) өзара iс-қимыл болып табылады. Қазақстан ЮНДТҰ
өткiзетiн iс-шараларға белсендi түрде қатысады. Туризмдi дамытудағы және
әлемдiк туристiк қоғамдастық елдерi арасында ынтымақтастық орнатуда бұл
ұйымның рөлiне баға жетпейдi және оның үстiне ЮНДТҰ Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының арнаулы мекемесi болып аталған ұйымның өз кезегiнде әлемдегi
туризмдi белсендi алға жылжыту мен тұрақты дамыту жөнiндегi позициясын
күшейтiп отырған кезде оның барлық мүшелерi үшiн маңызды.
Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен ынтымақтастық шеңберiнде Қазақстанға
1997 жылы елдiң туристiк әлеуетiн алдын-ала зерттеуде техникалық көмек
көрсетiлдi, ол Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасының негiзi болды. Республикада "Экологиялық туризм - ТМД, Қытай
және Монғолия елдерiнiң өтпелi экономикасы үшiн тұрақты даму құралы",
"Әлемдiк туризмнiң даму үрдiстерi мен әдiстемелерi" атты ЮНДТҰ-ның өңiрлiк
семинарлары өткiзiлдi.
Халықаралық туризмдi дамытудағы басты бағыттар халықаралық туристiк
байланыстарды кеңейту және туризм саласындағы үкiметаралық келiсiмдердi
Бұл ретте:
туризм саласындағы бұрын жасалған үкiметаралық келiсiмдердiң iске асырылуын
қамтамасыз ету; республикаға келетiн негiзгi туристiк ағынға күш
берiп отыратын елдердегi Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң жанынан
туристiк өкiлдiктер ашу жөнiндегi мәселенi пысықтау; Қазақстанда iрi
халықаралық форумдар, саммиттер, конференциялар мен семинарлар өткiзуге
бастамашылық ету және өтуiн қамтамасыз ету; Дүниежүзiлiк туристiк
ұйым Бас ассамблеясының XVIII сессиясын 2009 жылы Астана қаласында өткiзу
мәселесiн пысықтау;
iргелес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастық шеңберiнде туристер
үшiн бiрлескен туристiк бағдарлар ұйымдастыру және шекара, кеден
бақылауының оңайлатылған рәсiмдерiн енгiзу жөнiнде жұмыс жүргiзу;
трансшекаралық туристiк бағдарларды дамыту жөнiнде Орталық Азия
мемлекеттерiмен, бiрiншi кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөл өңiрiмен
өңiрлiк Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Атқарушы Кеңесiне 2007 жылы
Қазақстанды шығару жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.
3 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ШАРЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР.
3.1 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және
оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралары
2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығымен Қазақстан
Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)
құрылды.
Қазіргі уақытта Министрлік құрылымы 2 комитеттен (Спорт
комитеті, Туризм индустриясы комитеті) және 4 департаменттен тұрады.
2006 жылы Министрліктің негізгі қызметі Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және 2006-2008 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасын орындаудың Желілік
кестесін іске асыруға бағытталды. Есептік кезеңде Министрлік туризм
саласында біршама жұмыс атқарды: Мемлекет Басшысының “Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа
Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының
мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің
қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленді. Туризм
саласындағы кластерлік бастаманы іске асыру шеңберінде Министрлік қызметі
“Туризм” пилоттық кластерін құру және дамыту жоспарын (Үкіметтің 2005 жылғы
25 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген) іске асыруға бағытталды. Осыған
сәйкес туристік кластер құру үшін пилоттық орталықтар (Алматы қаласы және
Алматы облысы) анықталды. 2006 жылы мәслихат қаулыларымен аталған өңірлерде
туристік кластерді дамыту жөніндегі шебер-жоспарлар бекітілді. ҚР
Үкіметінің 2006 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарын орындауға
орай “Қазақстан Республикасының туристік қызмет жөніндегі кейбір заңнамалық
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы бірінші кезекті
міндеттерді іске асыруды көздейді. Олар:
-туризмді мемлекеттік реттеудің, өзгерген әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға жауап беретін, жаңа тәсілдері жүйесін қамтамасыз
ету;
- туристік саланы дамыту және оны мемлекет экономикасының жоғары
кірісті секторына айналдыру жөніндегі мемлекеттің деңгейдегі шараларды іске
асыру;
- туризм саласындағы атқарушы органдар мен ұйымдар арасындағы
өзара іс-қимылды реттеу мен үйлестірудегі мемлекеттік рөлін республикалық
уәкілетті орган арқылы күшейту. Туризмді дамытудың маңызды
элементтерінің бірі Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыру және
жаһандық экономикаға бірігу арқылы ұлттық турөнімді туристік қызмет
көрсетулердің әлемдік нарығына шығару болып табылады.
3.2 Қазақстан Республикасының туристік имиджін
қалыптастыру шаралары.
Қазақстан Республикасының әлемдік туристік нарықтағы оң туристік
имиджін қалыптастыруға әсер ететін басты фактор Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бері Мемлекет Басшысы жүргізіп келе жатқан саясаттың нәтижесі
болып табылатын, бәрінен бұрын, экономикалық өсім, елдегі саяси тұрақтылық
пен қауіпсіздік болып табылады. Осы бағыт бойынша Министрлік келесі іс-
шараларды жүргізді:
- 2006 жылы Қазақстанның туризм елі ретінде 7 халықаралық туристік
көрмеге (Нидерланды, Испания, ГФР, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания,
Өзбекстан) қатысуы қамтамасыз етілді; - Жыл сайын көрме алаңдары
ұлғаюда, республиканың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-
ақпараттық өнімнің запасы артуда. (2006 жылы барлығы 290 туристік қызмет
субъектісі көрмелерге қатысты) Туризм және спорт министрлігі құрылғаннан
бергі алғашқы шаралардың бірі 2006 жылғы 25-27 сәуір аралығында
Дүниежүзілік туристік ұйымның Еуропаға арналған комиссиясының 45-отырысын
Алматы қаласында өткізу болып табылады, оған Еуропаның 42 елінің Ұлттық
туристік әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Мұндай масштабты Форумды
ұйымдастыру мен өткізудің елдің туристік индустриясын дамыту үшін ғана
емес, сонымен қатар, тұтастай алғанда мемлекеттің оң имиджін қалыптастыру
үшін де маңызды стратегиялық мәні бар. 2001 жылдан бастап еліміз жыл
сайынғы “КІТҒ” Қазақстандық халықаралық туристік көрмесін өткізіп келеді,
ол 2003 жылдан бастап Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) халықаралық іс-
шаралар күнтізбесіне енгізілді. 2006 жылы аталған жәрмеңкенің жұмысына
әлемнің 34 елінен туризм индустриясының 450-ден астам өкілі қатысты. Бұл
қазақстандық туристік Жәрмеңкенің туристік нарыққа қатысушылардың
барлығының арасындағы серіктестік байланысты орнатуға сүбелі үлес
қосатынына және Орталық Азия өңірінде ірі туризм форумына айналуға нақты
мүмкіндіктері бар екеніне куә болады. 2006 жылғы 27-30 қыркүйек
аралығында республикамыздың елордасында “Астана – Демалыс” атты 3-ші
Халықаралық туристік көрме өткізілді, оның шеңберінде мүдделі министрліктер
мен ведомстволардың қатысуымен туристік саланы дамыту мәселелері бойынша
республикалық семинар-кеңес өтті. Аталған семинар-кеңестің барысында
визалық тәртіпті оңайлату, шекаралық және трансшекаралық туризмді дамыту,
чартерлік рейстерді ұйымдастыру мәселелерімен қатар, Қазақстанда
экологиялық, іскерлік, белсенді және мәдени-танымдық туризмді дамыту
мәселелері де қаралды.
Министрліктің бастамасы бойынша және Дүниежүзілік туристік
ұйымның қолдауымен 2006 жылы алғаш рет 12 жетекші еуропалық бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері үшін (Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия,
Нидерланды және Грекия) ақпараттық тур өткізілді. Аталған іс-шараны
өткізудің мақсаты ұлттық туристік өнімді әлемдік нарықта ілгерілету және
шетелдік туристерді тарту болды. Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша
2006 жылы шетелдік БАҚ баспа және электронды баспаларында Қазақстан туралы
70-тен астам мақала жарық көрді, сондай-ақ Интернетте бейнеролик беріледі,
бұл ретте жарияланымдардың жалғасып жатқанын айта кету керек. Грекия
басылымдары Қазақстанды – ай елі етіп жариялады. Сонымен қатар, Министрлік
2006 жылы шетелдік жетекші арналарда (CNN, BBC, Euronews) Қазақстанның
туристік мүмкіндіктерін жарнамалайтын бейнеролик көрсетуді ұйымдастырды.
Өткен жылы электронды және қағаз жеткізушілерде сегіз тілде (орыс, ағылшын,
қытай, француз, италян, неміс, корей және жапон) 180 мыңнан астам
жарнамалық-ақпараттық өнім дайындалды, олар Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкілдіктері бар әлемнің 54 еліне жіберілді. Қазақстанның
туристік бренді мен логотипі әзірленіп, бекітілді.
3.3 Қызмет сапасын арттыру шаралары
Туристік индустрия қызметтерінің сапасын арттыру және оның
инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мақсатында қонақ
үйлерді және басқа да орналастыру орындарын Жіктеу ережесінің жобасы
әзірленді.
Министрлік Елбасының тапсырмасын орындауға орай мүдделі мемлекеттік
әкімдіктермен бірлесе отырып, Қапшағай қаласы мен Ақмола облысының Шучье
ауданында туристік орталықтар салу тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
2006 жылғы жедел деректер бойынша алдыңғы кезеңмен салыстырғанда туристік
индустрия дамуының оң үрдісі байқалады, бұған келесі көрсеткіштер дәлел
бола алады: сырттан келушілер туризмі 19 %-ке өсіп, 5 млн. 200 мың адамды
құрады; - шығу туризмі 30 %-ке артып, 3 млн. 900 мың адамды құрады;
- ішкі туризм 8 %-ке өсіп, 3 млн. 550 мың адамды құрады.
Жалпы алғанда, республика бойынша туристік индустрия
кәсіпорындарынан түскен кіріс 14, 6 %-ке артып, 35 млрд. теңгені құрады,
сондай-ақ бюджетке 7 млрд. теңге аударылды, бұл өткен жылғымен
салыстырғанда 8 %-ке артық. Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалардың саны
2006 жылы 903-ті құрады да, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 %-ке артты.
Қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының саны 17,6 %-ке, яғни
385-тен 453-ке артты (оның ішінде мемлекеттік меншікте - 30, басқа
мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігінде - 31,
жеке меншікте - 351, шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындардың меншігі -
41). Туризм саласында инвестициялық жобалар пакетін қалыптастыру мақсатында
жобалардың өңірлер тұрғысында ақпараттық базасы жасалды. Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасының туристік саласын одан әрі дамыту үшін бірқатар
мәселелерді шешу қажет. Бұл - туристік қызмет көрсетулердің және
туристік кадрлар даярлау деңгейінің сапасын арттыру (көптеген қонақ
үйлердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, кәсіби гидтер,
экскурсияшылар, турменеджерлер санының жеткіліксіздігі); - туристік
ұйымдар мен туристік нарық субъектілерінің: авиакомпаниялар, автопарктер,
“Қазақстан темір жолы”, ІІМ, СІМ, әкімдіктер және ұлттық парктер арасындағы
өзара іс-қимыл, баға мен тариф саясатының икемсіз жүйесі; -
статистикалық есепті халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. -
визалық және тіркеу тәртібі процедурасы оңайлатылған елдер тізбесін
арттыру, Қазақстанға келетін туристік ағын үшін донор елдерді анықтау
(Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея); -
өңірлерде туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін
арттыру Туризм индустриясын дамыту және туристік саланың жоғарыда
көрсетілген проблемаларын шешу үшін 2006- шы жылы Министрлік Туризмді
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 231 Жарлығымен бекітілді.

Дене шынықтыру және спорт - ел азаматтарының денсаулығын нығайтудың,
жастарды рухани және дене қабілеті тұрғысынан тәрбиелеудің, салауатты өмір
салтын қалыптастырудың және адам капиталын дамытудың маңызды құралдарының
бірі. Осыған байланысты, саладағы мемлекеттік саясаттың бірінші кезекті
міндеті - дене шынықтырумен және спортпен айналысуды елдің барлық
тұрғындарының қолы жететіндей ету. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемнің
бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіруі республика спортшыларының
даярлығын және халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол
жеткізуін талап етеді. 2006 шы жылы Қазақстан Республикасының
спортшылары 290 халықаралық, 275 республикалық спорттық іс-шараға қатысты,
470 оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Министрліктің бастамасы бойынша
Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы ҰОК, Азия Олимпиадалық
Кеңесі 7-ші қысқы Азия ойындарын 2011 жылы Алматы қаласында өткізу туралы
шешімқабылдады.
7-ші Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу туралы қабылданған
шешімге сәйкес Азия ойындарына дайындық жөніндегі жұмыс тобы құрылып,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі өкімімен
( “2011 жылы қысқы Азия ойындарын және 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындарын
Алматы қаласында өткізу үшін қажетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz