Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын алудағы әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі туралы ақпарат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын алудағы

әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі

Орындаған:

4 курс студенті Г. О. Жаманбаева

Ғылыми жетекші:

п. ғ. д., профессор Ә. Т. Табылды

п. ғ. к., доцент Қ. Қ. Шалғынбаева

Норма бақылаушы: А . С . Сатывалдинова

Қорғауға жіберілді

"" 2007 ж.

Жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. д., профессор З. Ә. Исаева

Алматы 2007

РЕЗЮМЕ

Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын алудағы әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі

I-тарау. Бiлiм берудегi әлеуметтiк педагог қызметiнiң ғылыми-әдiстемелiк негiздерi

1. 1. Бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк педагог қызметiнiң мазмұны

1. 2. Жалпы орта бiлiм беру мектептерiндегi әлеуметтiк педагогтың кәсiби қасиеттерi, бiлiктiлiгi мен мiндеті

1. 3. Әлеуметтiк педагогтың кәмелетке толмаған жасөспiрiмдермен өткiзетiн жұмыс қызметiнiң ерекшелiктері

II-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық iс-әрекетiн болдырмаудың педагогикалық негiздерi

2. 1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар

2. 2. Оқушылар арасында қылмысты болдырмаудың орта жалпы білім беретін мектептің рөлі

2. 3. Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты қылмысты болдырмаудың алғы шарттары

2. 4. Кәмелетке толмаған балалармен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық эксперименттің мазмұны

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Мазмұны

Кіріспе 4-7

I-тарау. Бiлiм берудегi әлеуметтiк педагог қызметiнiң ғылыми-әдiстемелiк негiздерi 8-24

1. 1. Бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк педагог

қызметiнiң мазмұны 8-13

1. 2. Жалпы орта бiлiм беру мектептерiндегi әлеуметтiк педагогтың кәсiби қасиеттерi, бiлiктiлiгi мен мiндеті 14-17

1. 3. Әлеуметтiк педагогтың кәмелетке толмаған жасөспiрiмдермен өткiзетiн жұмыс қызметiнiң ерекшелiктері 18-24

Бірінші тарау бойынша тұжырым

II-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық iс-әрекетiн болдырмаудың педагогикалық негiздерi 25-55

2. 1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар 26-33

2. 2. Оқушылар арасында қылмысты болдырмаудың орта жалпы білім беретін мектептің рөлі 34-40

2. 3. Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты қылмысты болдырмаудың алғы шарттары 41-49

2. 4 Кәмелетке толмаған балалармен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық эксперименттің мазмұны 50-55

Қорытынды 56-57

Қолданылған әдебиеттер 58-61

Қосымшалар 62-81

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қоғамның тұрақты өмiр сүруiнiң және үдемелi дамуының, қазақстандық азаматтардың өмiр сүру деңгейiне лайықты жағдайлар жасаудың конституциялық шарты болып табылады.

Осы мiндеттер кешенiнiң барлығын шешу мемелекеттiң ұдайы қолдауынсыз, республикалық және жергiлiктi билiк пен басқару органдарының күш-жiгерiн бiрiктiру мен үйлестiрусiз, мемлекеттiк емес құрылымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, оқу мекемелерiнiң және халықтың белсендi араласуынсыз мүмкiн емес.

Бүгінгі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айтылып отыр. Бұл тараптан ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де, мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің маңызды сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет.

Елiмiздегi криминогендiк ахуалдың барлық параметрлерiне болашақта ықпал етуi ескерiле отырып, кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу ерекше көңiл бөлудi талап етедi. Соңғы жылдары жасөспiрiмдер ортасының тұрақты өсу үрдiсi қалыптасқан, олардың жасаған қылмыстарының 75% -ы ауыр және аса ауыр қылмыстар (оның iшiнде кiсi өлтiру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, қарақшылық шабуыл) болып табылады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер топтасып жасайтын қылмыстардың алдын алу өзектi проблема болып отыр. Қылмыстық қол сұғушылықтарға қатысатын кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы оқушылар мен студенттер болып табылады. Көптеген жасөспiрiмдер құқыққа қарсы iс-қимылды, мас күйiнде жасаған немесе бұған дейiн қылмысты болған.

Әртүрлi себептер салдарынан әлеуметтiк жетiмдiк және балалардың кезбелiкке салыну проблемасы шиеленiсе түсті.

Мұндайда елiмiзде ауыр өмiрлiк жағдайға душар болған және әлеуметтiк оңалтуды қажет ететiн кәмелетке толмағандарға арналған мамандырылған мекемелер желiсiн кеңейту өзектi мiндет болып табылады. Алайда, елiмiздiң көптеген аймақтарында мұндай мекемелер жоқ.

Жеке адамның құқыққа сай мiнез-құлқын қалыптастырудың негiзi және сонымен қатар оның өлшемi болып табылатын қоғамның құқықтық мәдениетiн арттыру жөнiндегi тұрақты да, мақсатты жұмысты жүргiзусiз құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы мүмкiн емес.

Өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы заң бiлiмдерiнiң қажеттi деңгейiнiң болуы әрбiр жеке тұлғаның дамуы үшiн мiндеттi шарт болуы тиiс, ал оларды иемденуге ұмтылу оның iшкi сенiмiне сәйкес келуi керек, заң нормаларын орындау жазадан қорқумен емес, белсендi азаматтық-құқықтық ұстаныммен айқындалуы тиiс.

Бұл мiндеттердi iске асыру әрбiр жасөспiрiм үшiн мiндеттi болуы тиiс құқық нормаларын бiлумен және оларды қолдана алумен, ал құқық әдiлеттiгiне деген құрметтiң кез келген даулы жағдайларын шешу үшiн күш қолдану әдiстерiн пайдаланудан бас тартуды анықтайтындығына байланысты құқықтық ойлау таптаурындарын бiрiншi кезекте өзгертуге бағытталған қоғамның ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етудегi бiртұтас жүйесiн құруды болжайды.

Сонымен, жасөспiрiмдердi жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғам міндетінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамның, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажеттiлiгi арта түсуде. Қазақстан ғалымдары құқықтық салаға байланысты: (К. А. Бегалиев, К. А. Вайсберг, Ө. С. Жекебаев, С. Х. Жадбаев, Е. І. Қайыржанов, М. С. Нарықбаев, С. А. Шапинова) . Орыс педагогы А. С. Макаренко еңбектерінде жазылған. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекетін алдын алуда Қазақстанда бұл мәселе мен айналысқан белгілі педагогтар: (Л. К. Керимов, В. В. Трифонов, Ш. Ж. Колумбаев, Г. А. Уманов, В. В. Баженов, Л. О. Сарсенбаев, Е. В. Пейфор) жалпы кәмелетке толмағандар қылмысының алдын-алу мәселесi туралы нақты материалдарға сүйене отырып, осы бiтiру жұмысы дайындалған. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетін алдын-алу мәселесі түбегейлі зерттелмеген.

Жастардың әлеуметтенуінің әлемдік тәжірибесіне көз жүгіртсек, тұлғаны әлеуметтендіру бойынша ғылыми бағыттар ерекшеліктері қаншалықты ескерілетініне көңіл аударуымыз қажет. Біздің әлеуметтік-педагогикалық білімнің дамуына американдық мектебінің тәжірибесі теориялық және практикалық маңыздылыққа ие? АҚШ-та оқушыларды әлеуметтендірудің теориясы мен практикасын өндіру бағытында төрт ғылыми мектеп анықталған: құрылымдық-қызметтік, символдық интеракционизм, мәдениеттік-антропологиялық, гуманистік [Кенесарина З. У. ]

Ресейде тұлғаны әлеуметтендіру мәселесіне байланысты бірнеше көзқарастар қалыптасқан: қоғамдық тәрбиесі бағыты және баланың интеллектуалдық, табиғи қабілетін дамытудағы бағдарланған жеке тәрбие беру. ХХ ғасырда Қазақстанда ғылыми-зерттеудің гуманистік бағыты тұлғаны әлеуметтендірудің қазіргі тұтас педагогикалық тұжырымдамасы болып табылады. Осы тұжырымдама тәрбиеге гуманистік көзқараста бағдарланған және тарихи шарттары мен жағдайларды есепке алады.

Тұлғаны әлеуметтендiру мәселесi бойынша қазақстандық педагогикалық ғылымда зерттеудiң бiрнеше бағыты бар: гуманистiк (әл-Фараби, Ибн Сина (Авиценна), М. Дулати, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймаутов, А. Байтұрсынов, К. Досмұхамбетов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Ғабдуллин, Т. Тәжібаев т. б. ) ; тарихи-педагогикалық (Ә. А. Орынбасарова, Л. Н. Iлясова, С. П. Күлсариева, А. Т. Абдулина т. б. ) ; этнопедагогикалық (Ә. Табылды, Ж. Т. Түркпенұлы, Қ. Б. Бержанов, А. Алдамұратов, т. б. ) .

Қазiргi таңда тұлғаны әлеуметтендiру үдерiсi аз зерттелген ғылыми аспект болып табылады. Сондықтанда мемлекеттiң және қоғамның негiзгi мақсаты әлеуметке бағытталған гуманистiк тәрбиеге сүйнедi, оның негiзгi қызметi: түрлi әлеуметтiк мәдени орталарды қалыптастыру, онда тұлға қажеттi әлеуметтiк тәжiрибе алып, әлеуметтiң өзiн-өзi жетiлдiруде әлеуметтiк-педагогикалық қолдау көрiп, көмек алады. Әлеуметтендiру тұрғысынан тәрбиелеу барлық әлеуметтiк факторлардың әсерiн есепке ала тұра, осы сәтте субъектiнiң өзiн-өзi дамыту мен өзiн-өзi басқару идеясына негiзделедi.

Қазiргi проблемалық жағдайда балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендiруде бiр қатар мiндеттерiн шешуге әлеуметтiк педагогтар бiлiм беру мекемелерiне қажет болғандықтан әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң моделiн жобалау керек. Мысалы, қазiргi кезде бiздiң қоғамызда төмендегідей мәселелерді қамтамасыздануы қиынға соғады:

  • өзiн -өзi танып бiлу үшiн оқушыларда әлеуметтiк бiлiм мен бiлiктер жиынтығын қалыптастыру, нормадағы әлеуметтiк мiнез-құлықты қалыптастыру, қоршаған адамдармен тиiмдi қатынастарын орнату;
  • мiнез-құлық ауытқуларының әлеуметтiк-педагогикалық алдын-алуды ұйымдастыру;
  • мiнез-құлық ауытқуларын әлеуметтiк-педагогикалық түзету;
  • баланың мүмкiндiктерiне сәйкес iс-әрекеттi жоспарлау;
  • әлеуметтiк-педагогикалық проблемаларды шешуде әлеуметтiк институттардың әрекеттестiгiн ұйымдастыру;
  • жағымсыз бiлiм беру ортасын оңалту.

Осыған орай әлеуметтiк педагогтың мiндетiне балалардың қызығушылықтары мен құқықтары сақталуын қамтамасыз етудi жүктеген. Ол баланың отбасындағы, мектептегi, түрлi әлеуметтiк топтардағы баланың проблемаларын шешуде әлеуметтiк реттеушi рөлiн атқарады. Сондықтанда кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алуда әлеуметтiк педагог iс-әрекетi өзiнiң бiлiм беру мекемесiнiң шеңберiмен шектелмейдi, ол басқада мекемелермен әрекетке түседi.

Елiмiздегi криминогендiк ахуалдың барлық параметрлерiне болашақта ықпал етуi ескерiле отырып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу ерекше көңiл бөлудi талап етедi. Кәмелетке толмағандар топтасып жасайтын қылмыстардың алдын алу өзектi проблема болып отыр.

Негізгі идеясы: Кәмелетке толмағандармен жұмысты ұйымдастырудағы iзденiс.

Зерттеу пәні: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық iс-әрекетiн алдын-алудағы мектептегi әлеуметтiк-педагогтың жұмыс жүйесi.

Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие процесі.

Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық әлеуметтiк-мәдени ерекшелiктерiн ескеретiн әлеуметтiк-педагогикалық қызмет көрсету саласының жұмыс мазмұнын ғылыми-әдiстемелiк және теориялық тұрғыдан негiздеумен қатар, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық iс-әрекеттiнiң себептерін тудыратын жағдайларға талдау жасау, теориялық тұрғыдан жүйелеу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайларды айқындау.

2. Әлеуметтік педагог қызметінің жұмыс ерекшеліктерін сипаттау.

3. Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктерінiң құқық бұзушылықтың алдын алу шарасымен байланыстылығын көрсету.

4. Құқық бұзушылықтың алдын алуда жалпы бiлiм беретiн мектептiң ролiн анықтау.

Зерттеудiң тұжырымдамалық базасы: Қазақстан Республикасы орта және жалпы бiлiм беру тұжырымдамасы, ҚазақстанРеспубликасы этномәдени бiлiм беру тұжырымдамасы, салауатты өмiр салтын қалыптастыру тұжырымдамасы, Мектепке дейiнгi және мектеп оқушыларын тәрбиелеу тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының бiлiм беру мекемелерiнiң кешендiк тәрбие бағдарламасы, 2005-2010 жж. арналған Қазақстан Республикасының бiлiм беру бағдарламасы, “Қазақстан Республикасында баланың құқығы туралы” заңы, Адам құқықтарының декларациясы, Бала құқықтары туралы конвециясы, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуының алдын-алу» туралы Қазақстан Республикасының заңы, т. б.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жалпы бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, объектісі, пәні, ғылыми болжам, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ұсынылатын негізгі мәселе, зерттеудің практикалық мәнділігі ашылады.

I-тарау. Бiлiм берудегi әлеуметтiк педагог қызметiнiң ғылыми-әдiстемелiк негiздерi

1. 1. Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны

Қазіргі таңда көптеген мектептерде әлеуметтік педагог қызметі кірістірілген. Бірақ осы маман көбінесе тәрбиешінің міндеттерін орындап түрлі сауықтыру жұмыстарын атқарады. Бұрын осы іспен тәлімгер айналысатын. Тәжірибенің нәтижесіне қарай осы мамандықтың кәсіби іс-әрекетi ерекше болатындығы бізге мәлім. Әлеуметтiк педагогтың iс-әрекетi әлеуметтiк ортаның әлеуметтiк-мәдени жағдайын оңды өзгертуге мақсатты түрде педагогикалық тұрғысынан бағытталған. Ортаны гуманизациялау мен педагогизациялау - бұл әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң рухани-адамгершiлiк негiзi мен мақсаты.

Әлеуметтік педагог оқушылар мен түрлі оқушы топтарымен, олардың ата-анасы және мұғалімдерімен әлеуметтік-педагогикалық жұмысын, тәрбиені педагогикалық тұрғыдан барлық талаптарға сай маман ретінде ұйымдастыра білу керек.

Әлеуметтік педагог мамандығының жұмыс мазмұнына келесі адамдарға көмек көрсету жатады:

1) Мұғалімге:

- оқушы - ата-ана -мұғалiм жүйесiнде оқыту мен тәрбиелеу үрдiсi барысында туындаған тұлға аралық мәселелердi шешу жұмысын ұйымдастырудың әдістемесін дайындауға;

- сыныппен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға;

- кейбір ата-аналардың өз баласымен өзара қарым-қатынасын іске асырудағы әдістемесін әзірлеуге, жоспарлауға;

- мұғалім-оқушы, мұғалім-ата-ана, мұғалім-сынып арасындағы қақтығыстарды шешуге;

2) Оқушыға:

- өзін-өзі жетілдіру жұмысы бойынша әрекеттенуге;

- тұлғааралық қақтығыстарды шешуге, сонымен бірге мұғалімі мен ата-анасымен сұхбаттасу негізінде қақтығыстан шығу жолдарын анықтауға;

3) Ата-аналарға:

- кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету арқылы оқушының мәселелерін шешуге;

- баланың теріс әлеуметтенуін түзетуге;

  • әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жетілдіру мақсатында ата-ананың мұғаліммен қатынасын дамытуға.

Оның негiзгi мiндеттерi мен қызмет мазмұны келесiлерден тұрады:

  1. Әлеуметтiк педагог өз қызметiн үш бағытта жүргiзедi:
  • балалар мен отбасының мүшелерiне жүргiзiлетiн психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдiстерiн негiздеп, сараптайды және өндейдi;
  • социумдағы әлеуметтiк жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтiк-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерiн ұсынады;
  • баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге терiс көзқарасты жою, салауатты өмiр салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерiн анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргiзу. Үгiт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын қамтамасыз ету [1. 38]

Осы маманның кәсіби іс-әрекетінің мәні адамның әлеуметтік қызметi тұжырымдамасының жаңа тарихи жағдайларда өзгеруімен сипатталады. Осы тұжырымдамаға сәйкес білім беру саясатының негізінде әлеуметке бейімделген қоғам мүшелерінің мұқтаждарын мемлекеттік тапсырыс деңгейінде қағаттандыру мәселесі қойылған.

Сонымен бірге қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда тегін білім алу мүмкіндігі шектелген кезде, балаларға білім берудегi көптеген мәселелері отбасының материалдық жағдайына байланысты болады. Нәтижесінде жағдайы жоқ немесе жағдайы төмен отбасындағы баланың үйлесімді дамуына қатысты қажеттіліктері өтелмегендіктен бала үлгірмеушілер қатарына түсіп сынып ұжымының қудалауына ұшырайды. Осы жәйттердің салдарынан балада әлеуметтік жатсыну пайда болады екен. Сондықтанда көптеген оқушылардың әлеуметтік дамуы осындай сипатта болуымен анықталып отыр.

Осы жағдайларда оқушыларға дәстүрлі формадағы (ыстық тамақ, киіммен қамтамасыз ету т. б. ) әлеуметтік көмек көрсету олар үшін қажет болғанымен де, олардың мәселесін шешпейді. Бүгінгі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық қолдау ісін кәсіби тұрғыда ұйымдастырудың жолы - сыныптан тыс сауықтыру шараларын, түзету жұмыстарын өткізу маңыздырақ болады

Әлеуметтік педагог кәсіби әрекетінің кіші шеңбері:

мектеп директоры

сынып жетекшілері сауықтыру шарасын ұйымдастырушылар (тәлімгер)

тәрбиешілер

логопед

психолог Дефектолог

директордың пән мұғалімі орынбасары

Әлеуметтік педагог нақты міндеттерді орындауда түрлі мамандармен байланысудың әрекеттер жүйесін құрайды. Осы жүйенің көлемі, яғни мамандар шеңбері, шешілетін мәселенің сипатына байланысты [2. 58]

әлеумет мәселелері бойынша

әкімшілік басшының

орынбасары

әлеуметтік қосымша білім беретін қорғау бөлімнің мекемелерінің қызметкері

қызметкері

мәдениет және спорт

орталығының

қызметкелері бөлімдерінің

жұмысшылары

ИДН инспекторы

МПК қызметкерлері

Білім беру Департаментi басшысының

орынбасары

Білім беру бөлімдерінің қызметкерлері

Әлеуметтік педагог әрекеттер жүйесін ұйымдастырып, оны іске асыруға кірісу барысында әлеуметтік педагогтың әрекеттер жүйесінде тұлғааралық және кәсіби қатынастары бірнеше кезеңдерден өтеді:

- мәселенің мәнін әрбір қатысушыға түсіндіру;

- мәселенің бір аспектісін шешудегі қажетті қадамдарын нақты көрсету;

- қатысушыларды белсенділікке тарту, яғни әрқайсысына жеке табыстарын көрсетіп олардың әрекеттерін түрлі тәсілдермен белсендету.

Осы жүйе табысты болу үшін әлеуметтік педагог келесі мәселелерді шешуге тиіс:

  1. рөлдерді тарату;
  2. қарым-қатынастарды анықтау;
  3. тұлғааралық қатынастарын реттеу;
  4. қақтығысқа бейімділікті айқындау;
  5. құндылық бағдарлардағы қайшылықтарды көрсете білу;
  6. мақсатты нақтылау.

Түрлі мәселелердің шешімін табу үшін әлеуметтік педагог жағдайды жан-жақты талдауға тиісті. Мәселе шешілуінің мүмкін жолдары:

  1. басқа адамның рөлін өз міндетіне алу;
  2. істің барысындағы өзгерістерді ескеру;
  3. бағдарламаға сәйкес іс-әрекетті жүргізу;
  4. әрекеттер жүйесіндегі мүшелер құрамының өзгеруін ескеру;
  5. әрекеттер жүйесіндегі мүшелерге көмек беру [3. 61]

Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың келесі негізгі бағыттарын анықтаймыз:

- баланың тәрбиесі мен оқуымен байланысты мәселелері бойынша отбасына көмек;

- баланың үлгеріміне, мектеп пен сабаққа үздіксіз қатысуына теріс әсерін тигізетін себептерді жоюға балаға көмек;

- әлеуметтік-педагогикалық шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қауымдастықты, ата-аналарды, балаларды қатыстыру;

- баланың алғашқы даму кезеңдерінде қауіпті қиын жағдайларды болдырмау мақсатында қиын өмірлік сәттерді, мәселелерді, қарым қатынастағы қақтығыстарды шешу мен диагностикалау;

- отбасында балаларды тәрбиелеу, қақтығыстар мен қиын жағдайларды шешу сұрақтары бойынша әкімшілікке, педагогтарға, ата-аналарға, балаларға топтық және жеке кеңес беру;

- тиісті мекемелер мен ұйымдардан мамандардың қатысуымен нақты оқушыларға көмек көрсету шараларын ұйымдастырып дайындау және балалардың қажеттіліктерiн анықтау;

- оқу-тәрбие жұмысындағы сұрақтарды анықтауға, оларды шешудегі шараларды ұйымдастыруға педагогтарға көмек;

- білім беру мекемесі іс-әрекетінің түрлі бағыттары бойынша бағдарламалар мен жоспарлар дайындап жобалау;

- педагогтардың, отбасылардың, балалардың құқықтарын оқып үйрету мен насихаттау;

- оқу сабақтары кестесінен тыс оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз етудің тәжірибелік сұрақтарын шешу [4. 127]

Әлеуметтік технологияның сипаттамалық белгілері:

- жұмыс пен іс-әрекет нәтижелерін қамтитын үдерістік сипаттағы әрекеттің мақсатқа бағытталған және мазмұнды болуы;

- объектіні өзгертудегі әдістер жиынтығының болуы;

- үдерістің оны құрайтын әрекеттер өзгеруінің жобалануы.

Әлеуметтік технология дегеніміз - халықтың әлеуметтік қорғануын қамтамасыз ететін және түрлі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қолданылатын әлеуметтік жұмыскерлердің, әлеуметке қызмет көрсетудегі кейбір мекемелердің және әлеуметтік қызметтің әсер ету тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Әлеуметтік технологияның белгілері:

- нақты әлеуметтік мәселе шеңберінде шешілетін стратегиялық бағдарламаның болуы;

- нақты нәтижеге жетудегі операциялар бірізділігінің алгоритмінің сақталуы;

- іс-әрекет тиімділігін, табыстылығын бағалау өлшемдерінің болуы;

- әлеуметтік жұмыс клиенттерінің болуы мен қатынас үздіксіздігінің сақталуы;

- әлеуметтік қызмет әдістері, формалары мен мазмұнының динамикасының сақталуы.

Әлеуметтік технологиялардың классификациясы түрлі негіздеулерге сүйенеді: іс-әрекет түрлеріне, міндеттерді шешу сипатына, қолдану деңгейлері мен аумақтарына және басқа да түрлі параметрлеріне қарай.

Әлеуметтік педагог қызметінің келесі технологияларына тоқталып кетейік.

Әлеуметтік диагностика - дамудың тенденциялары мен себеп-салдарының байланыстарын анықтау мақсатындағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеу үрдісі. Ол әдістер, тәсілдер жүйесі арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік диагностика әлеуметтік мәселені талдау тұрғысында оны құрамдас элементтерге бөлумен сипатталып, осылардың негізінде кіші зерттеуді іске асырады. Сонымен, әлеуметтік педагог маман ретінде диагностикалық жұмыс барысында алынған мәліметтер негізінде әдістеме, әдістемелік нұсқаулар әзірлейді.

Анықталған әлеуметтік диагноз зерттелетін әлеуметтік құбылыстың жағымсыз, теріс тенденцияларын тежеу мен болдырмауға бағытталған тәжірибелік әрекеттер мен шешімдер қабылдауға негіз болады.

Әлеуметтік бейімделу - бейімделмеген тұлғаларға өзінің әлеуметтік орнын анықтау мен өмірлік сәтсіздіктеріне байланысты жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу, яғни әлеуметтенуі барысында оларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Әлеуметтік алдын-алу - мінез-құлықтағы теріс және басқа да әлеуметтік қатерлі ауытқуларды тудыратын негізгі себепкер жағдайларды жоюға, болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық-тәрбиелік пен әлеуметтік-медициналық, қоғамдық, мемлекеттік шаралар жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын -алудағы әлеуметтік- педагог қызметінің жүйесі
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кылмыстық құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар саны
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстық себептері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы түсінік
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың таралуының негізгі себептері, факторлары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайында
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі - әлеуметтік мәселе ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz