Жұмысбастылықты басқару



Мазмұны

Кіріспе

1. Жұмысбастылықты басқару
1.1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жұмысбастылық саясаты.
1.2. Халықтың табысы мен шығыны және ал.аухатын арттыру.
1.3.Еңбек нарығы және жұмысбастылық

2. Жұмыссыздық
2.1. Жұмыссыздық әлеу меттік.экономикалық категория ретінде.
2.2. Қазақстандағы жұмыссыздық ерекшеліктер
2.3. Жұмыссыздарға көмек
2.4. Кедейшілік әлеуметтік проблема ретінде

3. Әлеуметтік.демографиялық процестердің бағасы
3.1. Әлеуметтік құрылымды талдаудағы әлеуметтік .демографиялық өзгерістерді зерттеу.
3.2. Миграция.
3.3. Демографиялық жағдай және демографиялық болжам.
3.4. 2005.2007 Жылдарға болжамды нәтижелер.

Қорытынды

Пайдаланылған Әдебиеттер
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Жұмысбастылық пен жұмыссыздық және демографиялық әлеуметтік көрсеткіштерінің байланысы. Соныме қатар, осы курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. ұсынылған еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту және халытың ал – аухатын жақсарту мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Жалпы халықтық дәрежеде жұмысбастылықтың мемлекет саясаты жүреді, елдегі еңбек нарығының заңды базалары, жұмыс күшінің сапалы сипаттамалары (білім жүйесі мен кадрларды қайта даярлау арқылы) қалыптасады, құрылымдық саясат жүргізіледі, еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс реттеледі, еңбек нарығы институттары жетілдіріледі.
Аймақтық дәрежеде жұмыс күшінің аймақтық нарығы туралы ақпараттар талдап қорытылады, жұмысбастыларға көмектесу бағдарламасы, жұмысбастылықты аймақтық жеке қызмет көрсету мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы тікелей инвестициялыр жүзеге асырылады.
Демографиялық жағдай – бұл белгілі бір территорияда олардың қарқыны, белгілі бер кезең мен зардаптардың нәтижелерінен өтетін демографиялық процестердің (туу, өлім, миграция, неке, ажырасу) құрама сандық сипаты мен сапалы бағасы.
Еңбек нарығы неліктен өндірістің басқа нарықтағы ресурстарымен ұқсас келеді ? Ең бастысы – бұл ұсыныс пен сұраныс заңдарының іс-әрекеті.
Жұмыссыздық – бұл әлеуметтік-экономикалық көрініса. Жұмыссыздық Халықаралық Еңбек Ұйымының анықтамасы бойынша жеке тұлға болып табылады, яғни:
1) дәл қазіргі уақытта жұмысы жоқ;
Пайдалынылған Әдебиеттер тізімі
1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.Ә., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. «Экономика», 2000 ж.
2. Ивашковский С.И. Макроэкономика. М., «Дело», 2000 г.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә.
5. Микроэкономика. «Экономика», 2000 ж.ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары. ОҚО Статистика агентігі. Шымкент, 2005*.
6. ОҚО 2005 – 2007 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы. ОҚО Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті. Шымкент, 2005
СІЛТЕМЕЛЕР

7. ҚР жинақтаушы зейнет ақы жүйесі, 1 шілде 2000 ж//Құнды қағаздар нарығы №8
8. НКЦБ жинақтаушы зейнет ақы жүйесі бойынша 2000-2002 ресми ақпарат
9. The Wall street journal, 10.12.2000 year
10. Показатели накопительной пенсионной системы Республики Казахстан на 01.01.2001
11. Информация предосталена комитетом по регулированию деятельности пенсионных фондов при Министерстве труда и социальной защите

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Жұмысбастылықты басқару
1.1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жұмысбастылық саясаты.
1.2. Халықтың табысы мен шығыны және ал-аухатын арттыру.
1.3.Еңбек нарығы және жұмысбастылық

2. Жұмыссыздық
2.1. Жұмыссыздық әлеу меттік-экономикалық категория ретінде.
2.2. Қазақстандағы жұмыссыздық ерекшеліктер
2.3. Жұмыссыздарға көмек
2.4. Кедейшілік әлеуметтік проблема ретінде

3. Әлеуметтік-демографиялық процестердің бағасы
3.1. Әлеуметтік құрылымды талдаудағы әлеуметтік -демографиялық
өзгерістерді зерттеу.
3.2. Миграция.
3.3. Демографиялық жағдай және демографиялық болжам.
3.4. 2005-2007 Жылдарға болжамды нәтижелер.

Қорытынды
Пайдаланылған Әдебиеттер

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Жұмысбастылық пен жұмыссыздық және
демографиялық әлеуметтік көрсеткіштерінің байланысы. Соныме қатар, осы
курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек қызықтығымен шектелмейді, олар
тағы қазіргі таңда өте актуалды. ұсынылған еңбектің тақырыбының үлкен
актуалдығы бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту және халытың ал – аухатын
жақсарту мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Жалпы халықтық дәрежеде жұмысбастылықтың мемлекет саясаты жүреді,
елдегі еңбек нарығының заңды базалары, жұмыс күшінің сапалы сипаттамалары
(білім жүйесі мен кадрларды қайта даярлау арқылы) қалыптасады, құрылымдық
саясат жүргізіледі, еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс реттеледі, еңбек
нарығы институттары жетілдіріледі.
Аймақтық дәрежеде жұмыс күшінің аймақтық нарығы туралы ақпараттар
талдап қорытылады, жұмысбастыларға көмектесу бағдарламасы, жұмысбастылықты
аймақтық жеке қызмет көрсету мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары
арқылы тікелей инвестициялыр жүзеге асырылады.
Демографиялық жағдай – бұл белгілі бір территорияда олардың қарқыны,
белгілі бер кезең мен зардаптардың нәтижелерінен өтетін демографиялық
процестердің (туу, өлім, миграция, неке, ажырасу) құрама сандық сипаты мен
сапалы бағасы.
Еңбек нарығы неліктен өндірістің басқа нарықтағы ресурстарымен ұқсас келеді
? Ең бастысы – бұл ұсыныс пен сұраныс заңдарының іс-әрекеті.
Жұмыссыздық – бұл әлеуметтік-экономикалық көрініса. Жұмыссыздық
Халықаралық Еңбек Ұйымының анықтамасы бойынша жеке тұлға болып табылады,
яғни:
1) дәл қазіргі уақытта жұмысы жоқ;
2) нақты және белсенді әрекет жасай отырып, жұмыс табуға шешім қабылдайды;
3) дәл қазіргі уақытта жұмыс істеуге дайын.
1. Жұмысбастылықты басқару
1.1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жұмысбастылық саясаты.
А) Жұмысбастылық саясатының мақсаты мен әдістері
Мемлекеттік жұмысбастылықты реттеудің басты мақсаты – толық,
өнімді және еркін таңдалған жұмысбастылықтарға жету болып табылады. Бұдан
толық жұмысбастылық барлық еңбекке қабілетті халықтарға қоғамның тиімді
еңбекпен айналысу үшін реальды мүмкіндіктерді беру ретінде қарастырылады;
өнімді жұмысбастылық – өндірістік және еңбек потенциалын тиімді қолдануды
білдіреді; еркін таңдалған жұмысбастылық – жұмыс күші меншігіне ие
әлеуметтік-экономикалық еркін шараларды білдіреді.
Мынандай әртүрлі әдістер қолданылады:
1) Заң шығаратындар
• Антимонополды заң шығарушылар;
• Антидискриминациялық заң шығарушылар;
• Иммиграциялық реттеулер;
• Кәсіби одақ қызметтерін реттеу;
• Еңбекті заң жүзінде қорғау;
• Төмен еңбек ақыны белгілеу;
• Еңбекке қабілеттілерді белгілеу.
2) Экономикалық
• Фирмалар мен азаматтардың салық салуы;
• Траныферттер мен субсидияларды төлеу;
• Экономиканың қоғамдық секторларындағы өндіріс ұйымдары;
• Жеке сектордағы мемлекеттік алымдар.
3) Әкімшілік
• Кәсіпкерлермен келісім жүргізгенде жұмысқа тұруға квотаны белгілеу;
• Жұмысбастылыққа таңдаулы салықты енгізу;
• Кәсіби оқудың мерзімі мен қабілеттілігін белгілеу.
Мемлекеттік жұмысбастылық саясатының құқықтық қамтамасыз етілуі.
А) Құқықтық негізі
Мемлекеттік әлеуметтік саясатының құқықтық негізін мынандай заңды
актілер құрайды: Еңбек кодексі, Ұжымдық келісімдер, қоғамдық бірігулер,
еңбектегі ұжымдық қарама-қайшылықтарды ретке келтіруге рұқсат алу, міндетті
әлеуметтік сақтаулар негізі, мемлекеттік әлеуметтік көмек, ҚР-ғы халықтың
жұмысбастылығы туралы актілер.
1.3.Еңбек нарығы және жұмысбастылық
Еңбек нарығы.
Еңбек нарығы – бұл жұмысшыларға өз әдет-ғұрпын, қабілеттілік пен
шеберлікке сәйкес іс-әрекеттерді табуға, ал жұмыс берушілерге ұйымның алға
қойған мақсаттарына жету үшін жұмыс күшін жалдауға мүмкіндік беретін
тәсілдер, механизмдер мен институттар (мемлекеттік және қоғамдық). Тар
мағнада, еңбек нарығы сөзін жұмыс берушілер мен жұмысшылардың жалдау, еңбек
ақы, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер, еңбек жағдайлары туралы келісетін
орынмен анықтауға болады.
Еңбек нарығы неліктен өндірістің басқа нарықтағы ресурстарымен
ұқсас келеді ? Ең бастысы – бұл ұсыныс пен сұраныс заңдарының іс-әрекеті.
Еңбек нарығындағы мемлекет саясаты 2 бағытты ұстанады:
Жұмыссыздық дәрежесі мен ұзақтығын реттеу.
Жұмыссыздықты әлеуметтік қорғау.
Еңбек нарығын құрайтындар еңбекке деген сұраныс, ұсыныс,
конъюнктура, сыйымдылық, еңбек нарығының инфрақұрылымы.
Еңбек нарығын реттеу механизмі тар көлемде, заңдар, нормативтік,
ұжымдық-келісім актілер (ұжымдық келісімдер) жинағы және индивидуалды еңбек
келісім-шарттары деген мағнаны білдіреді. Кең көлемде, бұл механизм тек
бүкіл заңды спекторларды ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық
жағдайларды, әлеуметтік-мәдени және психологиялық аспеутілерді де қамтиды.

А) Еңбек нарығының құрылымы
Еңбек нарығының құрылымына мыналарды жатқызуға болады:
• Нарықтық блок (ұдайы жұмыс күші өндірісі үшін талап етілетін еңбекке
деген қабілеттілікті өмірлік құрал қорына айырбастау);
• Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың муниципалды, мемлекеттік және жалпылық
реттеу блогы;
• Халықты әлеуметтік қорғау векторы (жұмысбастылыққа кепілдік, төмен еңбек
ақыны белгілеу, санитарлық-гигиеналақ еңбек жағдайын қамтамасыз ету,
жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу т.б.).
Б) Еңбек нарығының дәрежелері
Жұмысбастылық проблемасы көп дәрежелі болып табылады және еңбек
нарығын реттеудің жеке қабаттарын қамтуға болады. Және әрбір дәреже үшін
міндеттер айналымын анықтауға болады:
1. Жалпы халықтық дәрежеде жұмысбастылықтың мемлекет саясаты жүреді, елдегі
еңбек нарығының заңды базалары, жұмыс күшінің сапалы сипаттамалары (білім
жүйесі мен кадрларды қайта даярлау арқылы) қалыптасады, құрылымдық саясат
жүргізіледі, еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс реттеледі, еңбек нарығы
институттары жетілдіріледі.
2. Аймақтық дәрежеде жұмыс күшінің аймақтық нарығы туралы ақпараттар талдап
қорытылады, жұмысьастыларға көмектесу бағдарламасы, жұмысбастылықты
аймақтық жеке қызмет көрсету мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары
арқылы тікелей инвестициялыр жүзеге асырылады.
Еңбек нарығын басқарудың локальды дәрежесіне жеке шаруашылық субъектілер
кіреді.
Еңбек нарығының субъектілері.
Еңбек нарығының субъектілері болып жалдамалы жұмысшылар (өндіріс
құралдары жеке меншігінің иесі) болып табылады. Сол себепті олардың барлығы
бір кезде сатушы және сатып алушы да болып табылады. Олай болса сұраныс пен
ұсынысты тек жұмыс күші қатынасында ғана қарастырып қана қоймай, сондай-ақ
жұмыс орнын – белгілі субъект жағдайындағы жұмысты, еңбек ақы сипатын да
қарастыруға болады. Айналым объектілерінің (жұмыс күші мен жұмыс орны)
айырмашылығы, сондай-ақ контрагенттер (жұмыс күшін сатушы мен еңбек нарығын
сатып алушы ретінде) мен жұмыс орны (жұмыс орны нарығында сатушы және сатып
алушы ретінде) меншігіне ие жеке меншік иелерінің сәйкес келмеуі бірқатар
білімгерлерге еңбек нарығы жұмыс орнын автономды деп санауға негіз береді.
Бұдан кәсіпкерлер жұмыс орнын емес, керісінше өндіріс құралдарын сатып
алады деген тұжырым шығады. Бұл жағдайда мынандай жағдайлар да болуы
мүмкін, яғни кәсіпорын жұмысшылармен сатып алынғанда, соның ішінде жұмыс
орнын сақөтап қалу мақсатында мемлекет жұмыс беруші ретінде әлеуметтік
міндеттерді көздей отырып кәсіпорынды сатып алады немесе кәсіпорынды
национализациялайды.
Бұдан басқа да еңбек нарығының субъектілері болып мыналар болып
табылады:
• Делдалдар;
• Еңбек қатынастарын реттейтін ішкі фирмалық субъектілер.
Еңбек нарығындағы жағдай, оған әсер ететін факторлар.
Еңбек нарығының инфрақұрылымы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық
және саяси кеңістіктерде іс-әрекет жасай отырып ішкі және сыртқы орта
факторларының әсерінде болады. Сыртқы орта факторларына макроэкономикалық
факторларды, демографиялық және әлеуметтік-психологиялық факторлар жатады.
Ішкі орта ыакторларына әсер ететіндер ұйымдық, нормативті-құқықтық,
қаржылық болып бөлінеді. Олар өз кезегінде еңбек нарығындағы мемлекеттің
стратегиясын анықтайды.
Сыртқы ортаға әсер ететін макроэкономикалық факторларды
қарастырайық:
Инфляция мен бюджеттік тапшылық факторы
Сыртқы экономикалық факторлар
Инвестициялық жағдай
Банкротқа ұшырау процесі
Сол себепті экономика мен жұмысбастылық құрылымы экономикалық
активтілік пен өмір сапасын төмендетеді.
Біріншіден, бұл халық шаруашылығы салалары құрылымының өзгеруінен
жұмысбастылықты қайта құрумен байланысты.
Екіншіден, еңбек нарығында квалификациялық дисбаланс болады.
Үшіншіден, демографиялық факторларға жеткілікті күшті әсер етуге ие.
1.2. Халықтың табысы мен шығыны және халықтың әл-ауқатын артыру.
Халықтың табысы (жайнақтық, жеке, ақшалай, жалпы, реальды, орналасуы).
А) Халықтың табысына нелер кіреді ?
Халық табысы – белгілі уақыт аралығында үй шаруашылығымен алынған
немесе өндірілген ақшалай құрал мен материалды игіліктердің соммасы.
Халықтың ақшалай табысы еңбек ақыны, кәсіпкерлік қызметен түскен табысты,
пенсия, стипендия, әртүрлі жәрдем ақылар, пайыз түріндегі жеке меншіктен
түскен табыс, дивиденттер, рента, бағалы қағаздарды сатудан түскен
құралдар, қозғалмайтын мүлік, ауылшаруашылығының өнімдері, сондай-ақ
әртүрлі қызметтерден түскен табыстарды қамтиды.
Халық табысының дәрежесі мен динамикасын бағалау үшін номиналды,
орналасу және реалды табыстар көрсеткіші қолданылады.
Номиналды табыс – белгілі кезең ішінде жеке тұлғалармен алынған
ақша саны.
Орналасу табысы – жеке тұтынуға және жеке сақтауға қолдануға
болатын табыстар.
Реалды орналасу табысы белгілі кезең ішінде тауар мен қызмет санын
орналасу табысына сатып алуды білдіреді.
Б) Халықтың табысы туралы мәлімет көздері
Халықтың табысы мен шығындары туралы негізгі мәлімет көздері
мемлекеттік және ведомствалық статистика болып табылады.
Мемлекеттік статистика халық және үй шаруашылығына қатысты емес
ақпараттарды жинайды.
Ведомствалық статистика халықпен өндірілген төлемдер туралы,
ведомствалық есептік негізінде
алынған төлемдер туралы ақпараттарды талдап қорытады. Бұған мыналар жатады:
• Халықтың ақшалай табысы мен шығындарының балансы;
• Төленген пенсия мен жәрдем ақы мөлшері туралы мәліметтер.
Халықтың табысы мен шығындарын оқып-меңгеруде статистиканың негізгі
міндеттеріне мыналар жатады:
• Халықтың табысы мен шығындарының мөлшері мен құралының және үй
шаруашылығының сипаттамасы;
• Ақшалай табыс дифференциациясы мен тұтынуды талдау;
• Халықтың табысы мен шығындарын және тұтынуын модельдеу;
• Ақшалай табыс динамикасын оқып-меңгеру;
• Табыстың тұтынуға әсерін және басқа әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштерді оқып-меңгеру.
В) Табыстар дифференциациясы
Халықтың әлеуметтік дифференциациясын зерттеу статистиканың ең бір
актуалды міндетін құрайды, оның үстіне экономикада нарықтық қатынастың
қалыптасуы қоғамның әлеуметтік жіктелуін толықтыра түседі. У.Черчилль
капитализм мен социализмді салыстыра отырып, каритализмді игіліктің әділ
емес бөлістіруі десе, ал социализмді кедейшіліктің әділ бөлістіруі деп
көрсетеді.
Халықтыр дифференциациясының табыстар бөлігі халықтың әртүрлі
әлеуметтік демографиялық топтар табысындағы арақатынасты объективті
қамтамасыз етуді білдіреді. Ол экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және
географиялық факторлардың комплекстік өзара іс-әрекеттерінің нәтижесі.
Халықтар дифференциациясының табысы мен тұтынуын оқып-меңгеру үшін
үй шаруашылығын қайта топтастыру жүргізіледі:
• Децильдік топтар бойынша – 10 топ бөлінеді, әр топта 10 % үй шаруашылығы;
• Квинтильдік топтар бойынша – 5 топ, әр топта 20 % халық;
• Халықтың сатып алу қабілеттілігі бойынша – топтар бойынша.
Д) Халықтың әл-ауқатын артыру.

Халықты жұмыспен қамти отырып, табыс табуға жағдай жасау, жаңа жұмыс
орындарын құру, әлеуметтік қамтамасыз етуді белсендіру, халықтың тұрмыстық
жағдайын жақсартудағы стратегиялық мәселелерді шешудің негізгі мақсаты
болып табылады. Жоспарланған еңбек ақыны ары қарай көтеру халықтың
сұранысын ұлғайтады, бұл өндірістің артуына және еңбек ақының әрі қарай
көтерілуіне алдын ала жағдай жасайды.

Облыста кедейшілікті төмендетудің орта мерзімді мәселелерін шешу,
жұмысқа орналастыруға белсенді түрде көмек беру, еңбек қатынастарын
ресмилендіру және еңбек ресурстарының сапасын көтеру, сонымен қатар
әлеуметтік көмек көрсету құралдарын жетілдіру мен олардың жаңа
механизмдерін жасау, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту саясатының
негізгі бағыттарымен анықталды.

Осы мәселелерді шешу үшін қоғамдық жұмыстар саласын кеңейту, жұмысқа
орналасуға көмек беру, кәсіпкерліктегі еңбекпен қамтылуды дамыту
жоспарланды. Еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін
учаскелік комиссия арқылы шағын несие беру механизмін қолдану міндет пен
мақсат болып жоспарланды. Базалық кәсіби білім беру, сонымен қатар қосымша
кәсіби дағдыны дамыту мақсатында тиімді кәсіби оқыту жүйесін құру
жоспарланды.

2005 жылы ең төменгі жалақы мөлшерін 2004 жылмен салыстырғанда 5
пайызға, 2007 жылы - 15,8 пайызға көтеру жоспарланды. Айлық орта зейнетақы
мөлшері де 2005 жылы - 6,4 пайызға, 2007 жылы - 17,3 пайызға артады.

2. Жұмыссыздық
2.1. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде.
А) Жұмыссыздық дегеніміз не ?
Жұмыссыздық – бұл әлеуметтік-экономикалық көрініса. Жұмыссыздық
Халықаралық Еңбек Ұйымының анықтамасы бойынша жеке тұлға болып табылады,
яғни:
1) дәл қазіргі уақытта жұмысы жоқ;
2) нақты және белсенді әрекет жасай отырып, жұмыс табуға шешім қабылдайды;
3) дәл қазіргі уақытта жұмыс істеуге дайын.
Жұмыссыздық дәрежесі – бұл жұмыссыздар санының экономикалық
белсенді халық санына қатынасы. Есептеу барысында барлық халық 3 үлкен
топқа бөлінеді:
1) 16 жастан жасырақ тұлғалар;
2) үлкендер;
3) жұмыс істеуге қабілетті және дайын тұлғалар.
Жұмыссыздар дәрежесін анықтағанда келесі моменттерді қамту керек:
1) жарым-жартылай бірең-сараң жұмысбастылар;
2) жұмысқа тұруға үмітін үзген жұмысшылар;
3) жалған ақпараттар.
Б) Жұмыссыздық түрлері
Жұмыссыздық түрлері:
1. Фрикциондық жұмыссыздық – ол жұмысты іздеумен немече күтумен байланысты.
Фрикциондық жұмыссыздық жұмысшыларға еңбек жағдайын жақсартуға және жоғары
еңбек ақы алуға мүмкіндік береді.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – ол құрылымда сұраныстың еңбекке сала, аймақ
бойынша өзгерістермен байланысты.
3. Циклдік жұмыссыздық – экономикалық цикл фазасының құлдырауын білдіреді.
Ол жалпы шығындардың жетіспеушілігімен сипатталады. Тауар мен қызметке
деген жиынтық сұраныс төмендейтін болса, онда жұмысбастылық қысқарады, ал
жұмыссыздық жоғарылайды.
4. Маусымдық жұмыссыздық қандай да бір қызметтердің уақытша сипатта
орындалуымен пайда болады және шаруашылық салаларының жұмыс істеуі. Оған
ауылшаруашылық жұмыстары, балық аулау, құрылыс, аң аулау және т.б.
қызметтердің бірқатар түрлері жатады.
5. Жасырын жұмыссыздық – отандық экономикаүшін сипатталады. Ресурстарды
толық қолданбау жағдайында экономикалық күйзеліске ұшыраған кәсіпорын,
компания жұмысшыдарды жұмыстан шығармайды, керісінше оларды жұмыс уақытының
қысқарған режиміне ауыстырады, немесе оларды мәжбүрсізден ақшасын төлемей
отпускаға (демалысқа) шығарып салады.
6. Еркін жұмыссыздық – жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс істегісі
келмейтіндермен байланысты.
7. Мәжбүрлі жұмыссыздық – кәсіпорынның тоқтауына алып келетін шикізат,
энергиялырдың жоқ болуы салдарынан туындайды.
В) Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары:
1. Материалды қамтамасыз ету мен әлеуметтік қорғалу дәрежесі төмендейді.
Ақшалай табыстың тек индивидуалды дәрежесі ғана төмендеп қана қоймайды,
сондай-ақ ақшалай емес табыстар да қысқарады.
2. Еңбек ақының төмендеуіне мүмкіндік береді және еібек жағдайының
жоғарылауына кедергі жасайды.
Қылмыстық істердің өсуі.
Денсаулықтың нашарлауы, өмір ұзақтығының қысқаруы.
Маскүнемдіктің өсуі.
Депрессия, психикалық кедергілер, өзін-өзі өлтіруге дейінгі жағдайлар.

2.2. Қазақстандағы жұмыссыздық ерекшеліктер.
А) Жұмыссыздар деп кімді айтады ?
Жұмыссыздарға дәл қазіргі кезеңде жұмысы жоқ, бірақ жұмыс іздеумен
айналысқан (олар жұмысбастылықтың мемлекеттік немесе коммерциялық
қызметтеріне, кәсіпорын администрациясына өтінішпен барды, жеке
байланыстарды қолданды, газет, журналдарға хабарландыруларды жарыққа
шығарды) немесе ұйымның жеке істері үшін күш салған және жұмысқа тез арада
кірісуге дайын. Бұл аталған критериийлер Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ)
қабылдауымен тұтастай сәйкес келеді. Бұдан басқа ХЕҰ-ның әдістеріне келісе
отырып, жұмыссыздарға оқушылар,студенттер, пенсионерлер мен инвалидтер де
кіреді, егер олар жұмыс іздеумен айналысып, оны істеуге дайын болатын
болса.
Б) Тіркелген және нақты жұмыссыздар
Реальды жұмыссыздық көрсеткіштері туралы анықтама алу үшін
материалды тексерулер мен халыққа негізінен бірқатар критерийлерге қатысты
сұрақтар қою қолданылады. Олардың әрқайсысы жеке уақыт шеңберіне ие.
Жұмыстың болмау критерийі тексеру аптасын қамтиды, жұмысты іздеу критерийі
сұрақтарға жауап беруден өткен 4 аптаға таратылады, ал жұмыс істеуге дайын
болу критерийі – сұрақтарға жауап бергеннен кейінгі 2 аптаға таратылады.
Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың барлық қызметі соңғы жұмыс орнымен
анықталады.
2.3. Жұмыссыздарға көмек.
А) Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетудің заңды негіздері
Б) Жұмыссыздарға көмек көрсету формалары (жәрдем ақы және
компенсациялық төлемдер)
Жәрдем ақы – тіркелген жұмыссыздарға.
Компенсациялық төлемдер (трансферттер) 2 үлкен топқа ажыратылады:
1. Әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдер: төлем мөлшері жұмысшының еңбек
карьерасы ағымында салған ақшасына байланысты (мысалы, пенсия мөлшері
немесе жұмыссыздарағ берілетін жәрдем ақы бұрынғы еңбек ақы мен еңбек өтілі
мөлшеріне байланысты).
Әлеуметтік көмек бойынша жәрдем ақы: төлем мөлшері еңбек күшіне тәуелді
емес.
• Категориялылық: жәрдем ақы қандай да бір әлеуметтік-демографиялық топтар
қатарындағылар негізіне төленеді.
• Қажеттілік бағасымен: жәрдем ақы қажет етушілер негізіне төлене
2.4. Кедейшілік әлеуметтік проблема ретінде. Молшылық пен кедейшілік.
А) Теңсіздік пен кедейшілік
Теңсіздік пен кедейшілік – әлеуметтік стратификациямен тығыз
байланысты түсінік.
Теңсіздік – қоғамның тапшылық ресурстарын теңдей етпей бөлістіруі –
ақша, билік, білім мен тәрбие.
Кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздік бүгінде ең макңызды сипатты
қабылдады. Бұл жөнінде Джеймс, Вулфенсон, Дүниежүзілік Банк Президентінің
сөздерінде анық айтылған (Прата, 26 сентябрь 2000ж.): Бұл дегеніміз
әлемдегі бірқатар бай адамдардың 20% әлемдік табыстың 80%-ын алады, жақсы
деп айтуға болмайды. Ал халықтың 10% ұлттық табысының жартысын алады, бұл
бүгінде өте көп елдерде орын алады, оны жақсы деп айтуға болмайды.
Б) Байлар
Байлар деп ақшаның максималды санына ие адамдарды жатқызуға
болады. Байлық ақшы соммасымен анықталады, яғни үй, машина, яхта, суреттер
коллекциясы, акция, сақтау полисі және т.б. иеленетін адамдар. АҚШ-та 1
млн. адам шамамен 1 млн долл. Соммасындағы активтерге ие. Оның құрамына
ескі байлар және жаңа байлар кіреді. Ескі байлар – олар 10 жыл және жүз
жыл, басқаша айтқанда ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыратын ақша соммасын салып
отырған. Жаңа байлар – олар өз игіліктерін санаулы жылдардын құрылған.
Екеуі де өздеріне 750 мың долл.-ға әдемі лимузин алуға мүмкіндік бере
алады.
Кедейлер.
А) Кедейшілік және оның түрлері
Кедейшілік – бұл ақша, білім, билік пен мәртебенің минималды
санына ие адамдардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары. Бірақ
кедейшілік – мәдени көрініс. Кедейшілік бірнеше факторлардың салдары болып
табылады. Ол мыналарға бөлінеді:
• Экономикалық (халық табысының түсуі, жоғары дифференциация, төмен еңбек
ақы, жұмыссыздық);
• әлеуметтік (инвалидтілік, кәрілік, балалық бұзақылық);
• демографиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу
Әлеуметтік басқару жайында
Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайындағы жұмыспен қамту
ҚР-дағы жұмыссыздық себептері және формалары
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайы
Жұмысбастылық - еңбек нарығының басты мәселелерінің бірі
Еңбекке жарайтын халықтың жұмыс бастылығы
Пәндер