Жарнамалық әдістердің психотехнологиясы


Жарнамалық әдістердің психотехнологиясы
Жоспар:
- Жарнама деген не?
- Жарнама тарихы
- Жарнаманың психологиялық әсері
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б. ) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленеді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т. б. Жарнаманың қарапайым түрлері б. з. б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экономикалық мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша жарнамалар берілген. 20 ғ-да жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын жарнама компаниялары пайда болды.
Бүгінгі әлеуметтік, экономикалық тыныс-тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын.
Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды. Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып, жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын, өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде көрінуде. Жарнама сауданы «жүргізетін» тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін «өркениет үдеткіші» де болып отыр. Өркениетті тіршіліктің негізін құрайтын ұстындардың біріне айналған жарнама төңірегінде зерттеушілер мен практик мамандар тарапынан түрлі пікірталастардың туындағанына көп болды. Зерттеушілердің көбі оны ғылымның арнайы бір саласына жатқызса, практиктер басқару, кәсіпкерлік пен іскерлік өрісінен іздегісі келеді, ал жарнамалық хабарландырулар әзірлеуге қатысы бар мамандар шығармашылық үдерістің өзіндік бір түрі деп санайды. Жарнама нышандары адамзаттың өзін-өзі танып, саналы тіршілікке көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар. Адамдардың алғашқы томаға-тұйық қауымдастықтарында өмірге келген жарнама дами келе мәдени факторға айналып, тіл, діл, дін, әдет-ғұрып сияқты өзге де обьективті алғышарттармен бірге адамзат дамуының өркениеттік ұғым-түсінігін қалыптастырды. Ал, ақпарат алмасу тұрғысынан алғанда өркениет дегеніміз ең биік деңгейдегі мәдени қауымдастықтың, аралас-құраластық пен сан қырлы байланыстың, яғни коммуникацияның жоғары даму сатысы. Жарнама - коммуникация құралы, мәдени және өркениеттік тетіктер-техника мен технология арқылы ол қоғамдық байланыстардың дамуына өз әсерін тигізеді. Әлбетте, адамзат қоғамының тәй-тәй басқан шағында толыққанды жарнама әлі өмірге келмеген-тін, тек жарнама нышандары ғана бой көрсете бастаған-ды. Жарнама нышандарын алғашқы қауымға қауіп-қатер төнгенде дабыл атқарымын орындаған, бір тайпаның адамын келесі тайпаның өкілінен айырмалаған әлеуметтік ақпарат ретінде қарастыруға болады. Тайпа мүшесінің сақал-шаш жіберуінен, киім киісінен, денесінің түрлі бөліктеріне таңба салуынан осындай ақпарат «көзге ұрып тұратын». Бұл кезеңде жарнама нышандарының экономикалық сипатынан әлеуметтік бағыты басым болды, яғни осы арқылы билік тұтқасын ұстаған өкілетті тұлғалар, ауқатты топтар қарапайым халықтан айырмалана алды. Сөйтіп, қоғам дамуының бастапқы сатыларындағы бұл нышандар жарнаманың пайда болуына жол ашқан әлеуметтік және мәдени тірліктің таптық және мүліктік жіктелу сипаты бар элементтері-тін. Жарнаманың даму үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады: Б. д. д. ІІІ мыңжылдық-б. д. V мыңжылдық - жарнаманың ілкі тарихы (ежелгі дәуір, антикалық кезең және антикадан кейінгі кезең) ; VІ-VІІ (орта) ғасырлар (феодализм дәуірі, өнеркәсіпті цехтық тәсілмен ұйымдастырудың қалыптасуы) ; ХVІ-ХVІІ ғасырлар - Ренессанс және ағарту дәуірінің жарнамасы; ХІХ ғ. -ХХ ғ. басы - индустриялық өндірістің және капиталистік экономиканың даму кезеңі. Қазіргі заманғы жарнама әуелі протожарнама түрінде пайда болды. Протожарнама бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық коммуникация жүйесі қалыптасқан қазіргі жарнама пайда болар алдындағы ақпараттық-жарнамалық қызметті білдіретін тарихи-мәдени құбылыс саналады. Ежелгі протожарнаманың пайда болуы біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңжылдықпен таңбаланады.
Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмайдым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады.
Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан.
Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:
1. Тiкелей жарнама:
- пошта хаттары, баспа материалдары;
- пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
2. Баспа жарнамасы:
- анықтамалар, каталогтар;
- пресс - релиз, баспасөз хабарламасы;
- буклет;
- анықтама;
3. Баспасөз жарнамасы: Газеттер мен журналдар:
4. Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама:
5. Сыртқы жарнама;
- үлкен габариттiк плакат;
- газжарығы құрылымдар;
- роллер;
- мультивизио плакаты;
- электронды панносы;
5. Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер мен слайд -фильмдер;
6. Транспорт жарнамасы: Транспорт сыртындағы жарнама және транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар;
7. Сату орынындағы жарнама: Витрина, тауар қорабы, зат таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар (“ай - стоппер”) ;
8. Жарнаманың басқа түрлерi: Көрме және жәрмеңке және компьютер жарнамасы, кәдесый және купон, лотерея.
Жарнама іс-әрекеті қазіргі таңда енді зерттеліп келе жатқан тың зейін қоятын психологияның ерекше саласы. Жарнама психологиясы туралы Ресей және шетел ғұламалары жазған оның ішінде Лебедев А. Н. «Психология рекламы» атты еңбегі және Сэндидж Ч., Фрайбургер В., Ротцолл К. «Реклама теория и практика» сонымен қатар Мокшанцев Р. И. «Психология рекламы», Мануйлов М. А. «Психология рекламы», Фридленгер К. Т. «Путь к покупателю» атты еңбектерінде жарнаманың психологиялық тұрғыдан қарастырған, жарнаманы қабылдаудағы психикалық процестер туралы толық мәліметтер қамтылған. А. А. Ухтомскийдің жарнамаға доминанта принципін қолдануы қарастырылған. Қазақ тілінде «жарнама психологиясы» туралы әлі ешкім зерттемеген, оның алғашқы зерттеушілері мына біздер болып табыламыз. Біздің елде жарнамаға енді көңіл бөле бастауда. Ол көптеген зертеулерді талап етеді.
XX ғасырдың ортасында біздің өмірді жарнамасыз елестету қиын деген сұрақпен нақты зерттеу басталды. Біз жарнаманы кез-келген жерде кездестіреміз - үйде теледидар алдында отырғанда, радио тыңдағанда, жұмысқа не сабаққа бара жатқанда барлық жерде. Қай жерде болмасақ та тауар немесе күтім туралы айтатын жарнамалық хабарландыруды көреміз не естиміз.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер психология ғылымында жаңа бағыттың тууына әкелді. Ең маңызды сұрақтардың бірі - саяси жарнаманы және өзін жарнамалауды зерттеу. Тағы бір өзекті мәселе- шет елдік жарнамаларды бейімделу мәселесі. Зерттеулер көрсеткендей шет елдік және отандық жарнамаларға қатынас бір жақты емес. Ақпараттық құралдарының психологиялық мәдениетінің төмендігі сол жарнамаларды тұтынушыларға қажет формада емес үлкен пайда алуды көздеп жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz