Мұнай жобаларын маркетингілік талдау


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1-Тарау. Қазіргі жағдайдағы мұнайдың әлемдік нарығы 7

1. 1 Мұнай әлемдік нарығының қазіргі жағдайы

мен даму тенденциялары 7

1. 2 Мұнай нарығындағы әлемдік бағалары: даму эволюциясы 17

2-Тарау. Мұнай жобаларын маркетингілік талдау 26

2. 1 ҚР-ның мұнай кешенінің қазіргі деңгейін бағалау 26

2. 2 Қазақстандағы мұнайдың өндірілуі мен қайта өңделуін талдау 41

2. 3 ҚР-ның мұнай экспортының дамуын талдау 49

3-Тарау. Қазақстан Республикасындағы мұнай кешенінің даму

мәселелері мен болашағы 53

3. 1 ҚР-ның мұнай секторының даму мәселелері 53

3. 2 Мұнайдың әлемдік нарығындағы Қазақстанның

позициясын нығайтудың жолдары 59

Қортынды 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

КІРІСПЕ

Мұнай және табиғи газ энергияның негізгі көздеріне жатады, олардың лидерлік рөлі өткен ғасырдың соңына дейін ғана емес, осы ғасырдың басында да сақталып отыр. Энергияның балама түрлерін пайданудың өсу қарқындарын сөзсіз ұлғайту кезінде мұнай мен газ 2006 жылы, тіпті 2020-2030 жылдары әлемдегі энергияның бүкіл тұтынысының кем дегенде жартысын қамтамасыз ететін болады. Бүкіл XX- ғасыр бойына мұнай ағымдарына үстемдік ету құқығы үшін қатаң күрес болды. XXI ғасырда мұнай бұрынғысынша әлемдегі өте ірі және кең тараған бизнес, саяси ықпалдың өте күшті тетігі болып отыр.

Өнеркәсіптік өндірістің жетекші салаларының бірі ретіндегі мұнай-газ секторы экономиканың дамуының негізі болып табылады және көп жағдайда елдің экономикалық тәуелсіздігін айқындайды.

Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі кездегі жағдайы жоғары әлеуетімен сипатталады: мұнай мен газдың үлкен запасы, көмірсутектердің игерілген кеніштерінің болуы, мұнайдың өндірісі мен экспортының өсуі. Қазақстанда мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын динамикалық дамушы мұнай-газ өнеркәсібі бар. Қазіргі таңда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімі жиынтық өнімнің жалпы көлемінің 30 пайыздық үлесін алады. Қазақстан өзін ресурстармен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге көмірсутектік шикізаттың ірі экспорттаушысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасында Қазақстанның мұнай секторына назар аударылады және елдің экономикалық гүлденуі және де ұлттық мұнай ресурстарын (6, 2 млрд. тонна) тиімді пайдалану арасында параллель жүргізіледі. (2, Кожантаева У. Параллельные старты //Деловая неделя. -31 мая 2004г. -с. 9)

Жағымды тенденциялармен қатар, мұнайды тасымалдаудың перспективті маршруттарын жүзеге асыру, мұнай өңдеуші сектордың дамуы, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешумен байланысқан проблемалар кешені де бар. Мұнай мен газ запастары бойынша әлемнің мұнай өндіруші елдерінің алғашқы ондығына кіретін Қазақстан ірі әлемдік мұнай бизнесінен тыс қалып отыр. Бұл факторлар Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу қажеттілігін туындатып отыр.

Осыған байланысты мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешу мұнай-газ саласын дамытудың төмендегідей басым бағыттарын жүзеге асыруды айқындайды: жаңа мұнай-газ кеніштерін барлау және игеру, транспорттық инфрақұрылымды мөдернизациялау, әрекет етуші мұнай өңдеуші өндірістерді реконструкциялау және олардың жаңасын құру, қазіргі кездегі озық технологияларды қолдану, инвестициялардың тартылуын қамтамасыз етуші заңдық-құқықтық базаны дамыту. (1, Султанов Б., «Политика и интересы мировых держав в Казахстане». -Алматы, 2004. -с. 137-140)

ҚР Президентінің 2007жылғы Жолдауының 5-ші бағытында энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру. Әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс.

Біріншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет.

Екіншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе, энергия үнемдейтін технологияларға көшу жөніндегі практикалық шаралар бағдарламасын әзірлеуге тиіс. Табиғи ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың мұндай технологиялары мен бағдарламаларын енгізуді экономикалық, әлеуметтік, экологиялық факторларды оңтайлы ұштастыру қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырған жөн. Мұндай бағдарлама, айталық, энергетика өндірісі мен тұтыну қалдықтарын төгу мен орналастыруға қатаң мемлекеттік бақылау енгізу, кәсіпкерлердің экологиялық нормаларды сақтау жөніндегі контрактілік міндеттемелерін орындауы, қалдығы аз технологиялар енгізу және басқа да мәселелерді қарастыуы қажет.

Үшіншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы жылдың соңына дейін мұнай мен газ саласында теңдестіре өндіру мен экспортқа шығаруға, сонымен бір мезгілде көмірсутегінің жаңа кен орындарын барлау мен іздестіруге және мұнай мен газ ресурстарын пайдаланудың жаңа тәсілдерін пайдалануға бағытталған жаңа даму стратегисын әзірлеуі тиіс.

Төртіншіден, заңнамалық базаны жетілдіріп, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануы мен міндеттемелерін орындауының кешенді мониторингін жүзеге асыру қажет. Үкімет бюрократиялық кедергілерге жол бермеуге, рұқсат ететін құжаттар тізбесін азайтып, жер қойнауын пайдаланушыларға құқық беру тәртібін оңайлатуы тиіс.

Бесіншіден, Үкіметтің ірі кәсіпорындардың әлеуметтік міндеттемелерін орындауы және шетелдік білікті жұмыс күшін қазақстандық мамандармен алмастыру жөніндегі контрактілік міндеттемелеріне бақылау жүйесін жетілдіруі қажет. (3, ҚР Президентінің 2007ж. Жолдауы. //Егемен Қазақстан. 1 наурыз, 2007ж. )

Бұл дипломдық жұмыс жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының мұнай кешенінің ерекшеліктері мен даму тенденцияларына негізделген мұнай жобаларының маркетингісіне арналған.

Жұмыстың бірінші тарауында мұнайдың әлемдік нарығының қазіргі кездегі жағдайы сипатталады, мұнайдың әлемдік бағаларының даму сатылары қарастырылады.

Екінші тарауда Қазақстанның мұнай әлеуетінің қазіргі кездегі жағдайының маркетингтік зерттеуі өткізілді. Оның ішінде : негізгі кеніштері, өндіру көлемдерінің тенденциялары, қазақстандық мұнайды тасымалдау маршруттарының балама варианттары, мұнай өңдеуші секторды дамыту мәселелері талданған.

Үшінші тарауда Қазақстанның мұнай-газ кешенінің даму болашағы, республиканың мұнай-газ секторының жобаларының тартылысына тиімді басқару мәселелері қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның мұнай-газ нарығының тиімді дамуының экономикалық механизмдерін маркетингілік анықтаудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін көрсету.

Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыста төмендегідей негізгі міндеттерді шешу ұмтылысы жүзеге асырылған:

  • мұнай нарығының даму заңдылықтары және басымдықтары;
  • ҚР-ның мұнай саласының, сонымен бірге алынатын шикізаттың сапалық сипаттамаларының ерекшелігін ескере отырып, көмірсутек ресурстары нарығын тиімді реттеудің экономикалық механизмін анықтаудың теориялық негіздерін айқындау;
  • мұнай нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қазіргі кездегі жай-күйін маркетингілік талдау;
  • мұнай нарығының тұрақты даму ерекшеліктерін ашу және жер қойнауы саласындағы экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
  • қазақстандық мұнайды әлемдік нарықтарға тасымалдаудың жобаларының маркетингін өткізу мен экономикалық және геосаяси аспектілері.

1-Тарау. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҒЫ

1. 1. Мұнайдың әлемдік нарығының қазіргі

жағдайы мен даму тенденциялары

Мұнай саласы әлемдік экономиканың өте жетілген салаларының қатарына жатады. Әлемдегі мұнайдың өнеркәсіптік өндірілуі 19-ғасырдың ортасында басталды және ол әлемдік экономиканың энергия сыйымдылығының ұлғаюына пропорционалды деңгейде өсті. 1859 жылы бүкіл жер шарында күніне 100 баррель, 1880 жылы - 76. 5 мың баррель, ал 1900 жылы - 400 мың баррельге жуық мұнай өндіріле бастады. Әлемдегі мұнай өндірісінің абсолюттік өрнектеудегі едәуір өсімі 20 ғасырдағы соғыстан кейінгі жылдарда жүзеге асты. 1945 жылы күніне 7 млн. баррель мұнай өндірілді, ал содан кейінгі 15 жылда оның көлемі үш есеге өсіп, 1960 жылы күніне 21 млн. баррельге тең болды.

Мұнай өндірісінің өсу қарқындарының едәуір төмендеуіне әр түрлі себептер ықпал етті, олардың ішіндегі геосаяси конфликтілер (қақтығыстар) басым болды. (4, В. Школьник:Отрасль, устремленная в будущее. Состояние и перспективы нефтегазового комплекса РК. //Нефть и газ Казахстана. -2004. аналитическая служба «Нефтегазовой вертикали», -15стр)

Мұнай өндірісінің қарқынды өсуі ең алдымен энергия ресурстарының әлемдік тұтынысының өсуімен анықталады, солардың ішінде жеңіл өндірілетін және технологиялылығы зор болып табылатын көмірсутектің біріне мұнай жатады. Әлемдік отын балансындағы мұнайдың үлесі уақыт өте өзгеріп отырды. Мұнай запастарының жекелеген елдер және олардың аймақтары арасында бөлінуі біртегіс емес. Әлемдегі мұнайдың нақты запастары 1050 млрд. баррель (шамамен 143 млрд. тонна) деп есептелінеді. Оның 2/3 бөлігі Таяу Шығыстың бес еліне, яғни Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері және Иранның үлесіне тиеді. Екінші орынды американдық континент алады, яғни Венесуэла, Мексика, АҚШ, Канада және Бразилияның үлесіне 15, 2 пайыз тиесілі. Үшінші орынды Африка (7, 2 пайыз) , төртінші орынды ТМД елдері (6, 2 пайыз) алады. ( 5, Гусейнов В. Каспийская нефть. Экономика и геополитика. - 2002г. - 380 с. )

ВР халықаралық статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша Таяу Шығыс елдерінің мұнай запастары 685, 6 млрд. баррельді, Оңтүстік және Орталық Американың - 96 млрд. баррельді, Африка - 76, 7 млрд. баррельді, бұрынғы Кеңес Одағы елдері - 65, 4 млрд. баррельді, Солтүстік Америка - 63, 9 млрд. баррельді, Азия - 43, 8 млрд. баррельді, Еуропа - 18, 7 млрд. баррельді құрайды. (6, Бурлака В. Г., Шерстюк Р. Трансформация рынков нефти и газа: Киев, 2005г. 320стр. )

Мұнайдың баланстық ресурстары бойынша әлемдік көшбасшылар ондығына Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, БАӘ, Иран, Венесуэла, Мексика, Қытай және АҚШ жатады. Шет елдік коммерциялық ақпарат бюллетенінің мәліметтері бойынша табиғи газдың негізгі дәлелденген запастары екі аймақта шоғырланған: ТМД және Таяу Шығыс. АҚШ пен Канаданың үлесіне 4, 5 пайыз және батысеуропалық елдерге - 3 пайыз тиеді. Әр түрлі бағалаулар бойынша, Ресей Федерациясы табиғи газдың әлемдік дәлелденген запастарының 33-тен 35 пайызға дейінгі үлесін және болашақтағы запастарының 30 пайызын иеленеді. EIA сарапшыларының пікірі бойынша, бұл мәліметтер Ресейді «ОПЕК-тің өсіп бара жатқан мұнайлық ықпалына бірінші газдық геосаяси бәселесі» болып табылатындығын дәлелдейді, өйткені ол болашақтағы 15-20 жыл ішінде мұнайдың әлемдік нарығындағы негізгі жабдықтаушысы болуы ықтимал. (7, Бизнес в зеркале политики // Нефтегазовая вертикаль. - 2002. - №13. - с. 89)

Газдың әлемдік запастары «көгілдір отынның» өндірісі мен тұтынысының өсуіне пропорционал деңгейде өседі. Планетамыздағы газдың дәлелденген және болашақтағы запастары әлі 150-200 жылға жетеді деп болжанады.

Егер де газдың әлемдегі негізгі кеніштерін қарастырар болсақ, онда мынаны айтуға болады, яғни әлемдегі 23 ірі газ кенішінің жартысына жуығы (11) Ресейде орналасқан. Әлемдегі кеніштердің бастапқы запастары 2000 жылдың басында 1 трлн. текше метрді құрады. Бірақ та олардың ең ірісі Катарда орналасқан. Қалған 11 кеніштің бесеуі Таяу Шығыста (соның ішінде үшеуі Иранда), екеуі Еуропада (Норвегия мен Нидерланды) және қалған төрт кеніш АҚШ-та, Алжирде, Қазақстанда және Түрікменстанда орналасқан. Егер бұл тізімге бастапқы запастары 0, 5-1, 0 трлн. текше метр болатын барлық кеніштерді қосса, онда олардың ең ежелгісі - АҚШ-тағы Панхендл-Хъюготон кеніші болып саналады. Ол өткен ғасырдың алғашқы он жылында ашылған, ең жас кеніш - 2002 жылы Иранда ашылған Тобнах кеніші. Әлемдегі ең ірі газ кеніштерінің көбісі (44 кеніштің 28-і) бір онжылдық ішінде, яғни 1965-1975 жылдар аралығында ашылған. (8, Эксклюзив // Petroleum. - 2002. - №5. -с. 13. )

ОПЕК-ке қатысушы елдерде запастардың, геграфиялық және геологиялық орналасудың жақсы қатынасы бар. Таяу Шығыс елдері өндірген 1 млрд. тоннадан астам мұнайдың (әлемдік мұнай өндірудің үштен бірі) 85 пайызы экспортталады, ол әлемдік экспорттың жартысына жуық (46, 5 пайыз) . Өндірудің жоғары сапасы және төмен өзіндік құны (1 баррелі 2 доллар) скважиналардың орташа дебеті, яғни тәулігіне 500 тонна кезінде Таяу және Орталық Шығыс елдеріндегі мұнай өндіруді тартымды етеді. Таяу Шығыста шоғырланған мұнай ресурстарының бестен бір бөлігі Ирак территориясында орналасқан, осының нәтижесінде ол мұнайдың 25-28 млрд. тонна деп бағаланатын барданған запасы бойынша 2-ші орынға және әлемдегі мұнай экспорты бойынша (БҰҰ-ның санкциялары шеңберінде де) 4-ші орынға шығады. Ирактың мұнайлық әлеуетін басқа мұнай экспорттаушы елдермен (Сауд Арабиясынан басқа) салыстыру мынаны көрсетеді, яғни онда мұнай нарығына ықпал етуге қабілетті ірі ресурстар бар. Атап айтқанда, Норвегиядағы жыл сайынғы мұнай өндіру 150 тоннаны, Кувейтте - 102 млн. тоннаны, Қазақстанда - 35 млн. тоннаны құрайды. Каспийдің көмірсутек ресурстарының жалпы көлемі дәлелденген бүкіләлемдік запастардың 10 пайыздан азын құрайды.

Әлемдік мұнай запастарын бағалау кезінде осы сараптаудың ақиқаттылығы (шынайылығы) мәселесі туындайды. Мысалы, ОПЕК- тің 2000 жылғы ресми мәліметтері бойынша осы ұйымның мүше елдерінің үлесіне мұнай запастарының 820 млрд. баррелі тиесілі екен, яғни ол әлемдік мұнай запастарының 78 пайызға жуығын құрайды. 1980 жылдардың басында мұнай бағасының күрт төмендеуінен кейінгі ОПЕК шеңберіндегі «квоталар соғысы» мынаған әкелді, яғни әрбір мүше ел өз запастарының көрсеткіштерін ұлғайтуға тырысты, өйткені бұл көрсеткіштер өндіру квоталарын бекітуге арналған негіз болып табылды. Petroconsultants - тың мәліметтері бойынша ОПЕК - ке мүше елдердің мұнай запастары жөніндегі мәліметтер асыра сілтенген, мысалы, Абу-Даби үшін - 1, 6 есе, Иран үшін - 6, 1 есе, Ирак үшін - 1, 5 есе, Кувейт үшін - 1, 8 есе. (9, М. Афанасьев, Л. Мясникова . Время глобализации // Мэ и МО. - 2005г. - с. 11-19. )

Егер де өткен ғасырдың соңғы онжылдығында байқалған мұнайдың әлемдік тұтынылуының өсу қарқындары сақталып отыр. Онда шикізаттың осы түрінің бүгінгі таңдағы дәлелденген запастары 2030 жылға қарай шамамен 80 пайызға сарқылуы ықтимал. ВР -дің оптимістік бағалауларына сәйкес, бүгінгі таңда дәлелденген, бірақ та өндірілмеген мұнай 30 жылдан кейін 30 млрд. тоннаны құраса, Petroconsultants-тың пессимистік бағалаулары бойынша - 20 млрд. тоннаны құрайды.

Осыдан запастар өсімі мәселесі туындайды. Әлемдегі мұнайдың ірі негізгі кеніштері өткен ғасырдың 50-80 жылдарында-ақ ашылғаны баршаға мәлім. Соңғы 40 жыл ішінде осы жобадағы ірі жаңалық 60 млрд. баррельдік (8, 16 млрд. тонна) запастары бар Солтүстік теңіз бассейні болды, ол соңғы үш жылдың ішінде мұнайдың жалпы әлемдік тұтынудан сәл көбірек. Осы орайда американдық геологтардың есептеуінше өткен ғасырдың соңғы 10-15 жылында жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының көлемі мынаны болжауға мүмкіндік береді, яғни 2015-2020 жылға қарай мұнайдың дәлелденген әлемдік запастарының өсімі, шамамен, 260 млрд. баррельді (35 млрд. тонна) құрайды. Осылайша, 2020 жылға қарай мұнайдың дәлелденген, бірақ та алынбаған запастары 60 млрд. тоннадан астам болады.

Әрине, келтірілген бағалаулар шартты болып келеді. Олар, мысалы, Шығыс Сібірдің көмірсутек ресурстарын ескермейді, олар геологиялық жобада мүлдем зерттелмеген. Сондықтан да әлемге мұнайдың қанша жылға жететіндігін айту өте қиын. Бұл жерде мынандай көзқарасты ескеру керек, яғни 45-50 жылдан кейін мұнай запастарының өсімі мәселесі өзінің өзектілігін мүлдем жоғалтады, өйткені сутегі, күн энергиясы және жел энергиясы сияқты энергия тасымалдаушылардың дәстүрлі емес түрлері мұнайды ығыстыруы мүмкін.

Мұнайдың жалпы әлемдік шынайы геологиялық запастары соңғы отыз жыл ішінде жоғарылаудың тұрақты тенденциясын иеленеді.

(1-кесте) .

Кесте 1 - Мұнайдың әлемдік шынайы запастары, млрд. тонна.

1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
: Барлығы:
1999: 149, 41
2000: 152, 96
2001: 153, 56
2002: 154, 69
2003: 156, 45
2004: 157, 12
2005: 157, 95
: Сауд Арабиясы
1999: 37, 54
2000: 37, 54
2001: 37, 53
2002: 37, 60
2003: 37, 58
2004: 38, 18
2005: 38, 12
: Ирак
1999: 16, 07
2000: 16, 07
2001: 16, 07
2002: 16, 08
2003: 16, 07
2004: 16, 09
2005: 16, 08
: Біріккен Араб Әмірліктері
1999: 13, 97
2000: 13, 97
2001: 13, 97
2002: 13, 99
2003: 13, 99
2004: 13, 97
2005: 13, 99
: Кувейт
1999: 13, 79
2000: 13, 79
2001: 13, 79
2002: 13, 81
2003: 13, 81
2004: 13, 85
2005: 13, 89
: Иран
1999: 13, 30
2000: 13, 30
2001: 13, 30
2002: 13, 36
2003: 13, 35
2004: 13, 38
2005: 13, 38
: Катар
1999: 0, 53
2000: 1, 88
2001: 2, 17
2002: 2, 16
2003: 2, 55
2004: 2, 56
2005: 2, 89
: Оман
1999: 0, 81
2000: 0, 84
2001: 0, 84
2002: 0, 88
2003: 0, 88
2004: 0, 91
2005: 0, 93
: Сирия
1999: 0, 36
2000: 0, 36
2001: 0, 36
2002: 0, 37
2003: 0, 38
2004: 0, 40
2005: 0, 43
: Солтүстік Америка
1999: 8, 36
2000: 8, 76
2001: 8, 61
2002: 8, 62
2003: 8, 59
2004: 8, 62
2005: 8, 90
: Мексика
1999: 4, 06
2000: 4, 04
2001: 3, 85
2002: 3, 89
2003: 3, 68
2004: 3, 91
2005: 4, 01
: АҚШ
1999: 3, 00
2000: 3, 11
2001: 3, 15
2002: 3, 02
2003: 3, 09
2004: 3, 45
2005: 3, 11
: Канада
1999: 1, 25
2000: 1, 30
2001: 1, 61
2002: 1, 61
2003: 1, 64
2004: 1, 68
2005: 1, 70
: Венесуэла
1999: 10, 98
2000: 10, 98
2001: 11, 10
2002: 11, 25
2003: 11, 30
2004: 11, 31
2005: 11, 36
: Бразилия
1999: 1, 05
2000: 1, 16
2001: 1, 21
2002: 1, 25
2003: 1, 28
2004: 1, 33
2005: 1, 37
: Эквадор
1999: 0, 43
2000: 0, 44
2001: 0, 44
2002: 0, 45
2003: 0, 45
2004: 0, 47
2005: 0, 49
: Аргентина
1999: 0, 39
2000: 0, 44
2001: 0, 42
2002: 0, 43
2003: 0, 45
2004: 0, 43
2005: 0, 46
: Колумбия
1999: 0, 37
2000: 0, 28
2001: 0, 25
2002: 0, 31
2003: 0, 29
2004: 0, 36
2005: 0, 35
: Африка
1999: 11, 93
2000: 12, 86
2001: 13, 26
2002: 13, 51
2003: 13, 56
2004: 13, 62
2005: 13, 65
: Ливия
1999: 4, 21
2000: 5, 14
2001: 5, 14
2002: 5, 13
2003: 5, 012
2004: 5, 23
2005: 5, 29
: Нигерия
1999: 4, 14
2000: 4, 14
2001: 4, 50
2002: 4, 63
2003: 4, 65
2004: 4, 67
2005: 4, 89
: Алжир
1999: 1, 62
2000: 1, 62
2001: 1, 62
2002: 1, 62
2003: 1, 61
2004: 1, 68
2005: 1, 68
: Ангола
1999: 0, 77
2000: 0, 77
2001: 0, 77
2002: 0, 78
2003: 0, 79
2004: 0, 79
2005: 0, 80
: Египет
1999: 0, 42
2000: 0, 42
2001: 0, 42
2002: 0, 45
2003: 0, 45
2004: 0, 46
2005: 0, 46
: Габон
1999: 0, 36
2000: 0, 36
2001: 0, 36
2002: 0, 37
2003: 0, 38
2004: 0, 38
2005: 0, 38
: Азия-Тынық мұхиты аймағы
1999: 6, 05
2000: 6, 04
2001: 6, 04
2002: 6, 05
2003: 6, 06
2004: 6, 06
2005: 6, 05
: Қытай
1999: 3, 43
2000: 3, 43
2001: 3, 43
2002: 3, 44
2003: 3, 44
2004: 3, 45
2005: 3, 46
: Индолнезия
1999: 0, 74
2000: 0, 73
2001: 0, 73
2002: 0, 73
2003: 0, 75
2004: 0, 75
2005: 0, 78
: Үндістан
1999: 0, 72
2000: 0, 72
2001: 0, 72
2002: 0, 75
2003: 0, 76
2004: 0, 78
2005: 0, 77
: Малайзия
1999: 0, 56
2000: 0, 56
2001: 0, 56
2002: 0, 56
2003: 0, 58
2004: 0, 58
2005: 0, 58
: Австралия
1999: 0, 41
2000: 0, 41
2001: 0, 41
2002: 0, 41
2003: 0, 48
2004: 0, 48
2005: 0, 49
: Бруней
1999: 0, 19
2000: 0, 19
2001: 0, 19
2002: 0, 21
2003: 0, 20
2004: 0, 23
2005: 0, 24
: Еуропа
1999: 2, 98
2000: 2, 89
2001: 2, 88
2002: 2, 89
2003: 2, 91
2004: 2, 92
2005: 2, 92
: Норвегия
1999: 1, 55
2000: 1, 45
2001: 1, 47
2002: 1, 46
2003: 1, 45
2004: 1, 47
2005: 1, 48
: Ұлыбритания
1999: 0, 74
2000: 0, 71
2001: 0, 70
2002: 0, 71
2003: 0, 70
2004: 0, 72
2005: 0, 71
: Италия
1999: 0, 09
2000: 0, 09
2001: 0, 09
2002: 0, 09
2003: 0, 10
2004: 0, 10
2005: 0, 10
: Бұрынғы КСРО
1999: 9, 34
2000: 9, 33
2001: 9, 34
2002: 9, 35
2003: 9, 36
2004: 9, 36
2005: 9, 37
: Ресей
1999: 8, 03
2000: 8, 01
2001: 8, 03
2002: 8, 03
2003: 8, 05
2004: 8, 05
2005: 8, 06

Қолда бар бағалауларды ескере отырып, мұнайдың қазіргі кездегі деңгейі кезінде оның әлемдік геологиялық запастары ең кем дегенде 42 жылға, соның ішінде Сауд Арабияның мұнайы - 83 жылға, Иранның - 69 жылға, Венесуэланың - 58 жылға, Ливияның - 56 жылға, Мексиканың - 43 жылға, Ресейдің - 22 жылға, Қытайдың - 21 жылға, Алжирдың - 19 жылға, АҚШ-тың - 10 жылға, Норвегияның - 9 жылға, Индонезияның - 9 жылға және Ұлыбританяның - 5 жылға жетеді деп болжанады.

Дәл осындай мағлұматтарды British Petroleum компаниясының сарапшылары да келтіреді мұнайдың қазіргі кездегі қарқындары кезінде Кувейттің мұнай кеніштері 123 жылдан кейін, Сауд Арабиясының - 80 жылдан кейін, Иранның - 62 жылдан кейін, Ресейдің - 15 жылдан кейін, Түркменияның - 7 жылдан кейін, АҚШ-тың - 5 жылдан кейін, Әзірбайжанның - 62 жылдан кейін сарқылады екен. Ирактың мұнайы шамамен 24 жылға жетеді екен. Қазіргі таңда әлем елдерінің мұнайға деген сұранысы шамамен жылына 4 млрд. тоннаны құрайды.

Өткен онжылдықта мұнайдың өндірілуінің өсуінің жалпы тенденциясы екі есеге қысқарды: 1991-92 және 1999 жылдары. Екі жағдайда да ол аймақтық дағдарыстар нәтижесінде болып отыр: ең алдымен АҚШ-тағы өнеркәсіптік өндірістің қысқаруы есебінен, содан кейін - 1997 жылғы Азия-Тынық мұхыты аймағындағы экономикалық дағдарыстар есебінен болды.

Әлемдегі мұнай өндірісінің қарқынды дамуы, сараптаушылардың болжамы бойынша, мұнай запастарының сарқылу тенденциясына әкеледі және болашақта осы шикізат түрін өндірудің технологиялық күрделілігімен және өзіндік құнының өрістеуімен қатар жүреді, өйткені мұнайдың әлемдік запастарының өсімі ең алдымен терең мұхиттық мойнақтар, соның ішінде Арктика есебінен жүзеге асады, оларды әзірлеу едәуір технологиялық күш-әрекеттерді және үлкен материалдық шығындарды талап етеді. Онда өзіндік өндіруді жүзеге асырушы елдер үшін қымбат әрі «қиын» мұнайды өндіруге қаржы салу немесе әлемдік нарықта өте арзан энергия тасымалдаудаушыларды сатып алуға көшу сияқты балама нұсқалар тұрады. Бұл АҚШ, Канада, Норвегия, Ұлыбритания сияқты өнеркәсібі дамыған импорттаушы елдер және мұнай өндірушілерге қатысты жайт. Ұзақ мерзімді болашақта бұл елдердегі мұнай өндірісі қысқарады деген болжам бар. Мысалы, Норвегияда, яғни Батыс Еуропадағы ең ірі мұнай өндіруші елде, 2006 жылы күніне 3, 7 млнюбаррель мұнай өндіріліп, бұл көрсеткіш тұрақты түрде төмендейді деп болжанған еді. Ұлыбританиядағы мұнай өндірісі 2020 жылға қарай қазіргі кездегі 3, 3 млн. баррельден 2, 5 баррельге қысқаруы ықтимал. Бірқатар американдық сарапшылар 2004-2005 жылдары Аляскадағы ең ірі «Предо Бей» кенішінің бірі консервацияланғанын атап көрсетті. (10, На распутье // Petroleum. 2005. - №5. - с. 33)

Батыс сарапшыларының бағалауынша 2015-2020 жылдары ОПЕК-ке мүше елдердің, Каспий аймағының және Ресей Федерациясының әлемдік мұнай өндірісінің жалпы көлемі ұлғаяды.

Егер бүгінгі күні ОПЕК, Ресей Федерациясы және Каспий аймағына әлемдегі мұнайдың тәуліктік өндірісінің 50 пайызға жуығы тиесілі болса, онда 2020 жылға қарай ЕІА болжамы бойынша бұл көрсеткіш 66-70 пайызға жуықтауы мүмкін.

Келтірілген болжам ОПЕК елдеріне, ең алдымен оған мүше Таяу Шығыс елдеріне қатысты даусыз деп есептеледі:

Біріншіден, дәл осы елдерде әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда мұнай өндірудің минималды өзіндік құны бар;

Екіншіден, осы елдердегі скважиналарда максималды салыстырмалы өндіруге қол жеткізіледі.

Үшіншіден, осы елдерде мұнайдың дәлелденген запастары аз көлемде анықталған. Сондықтан да ОПЕК елдерінің әлемдік өндірудегі көлемі қазіргі кездегі 42 пайыздан 50 пайызға дейін көтеріледі деген болжам өте оңды саналады. (2-кесте) .

Кесте 2 - Елдер бойынша мұнай өндірісі, млн. тонна. *

Елдер
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
Елдер: Сауд Арабиясы
1998: 405
1999: 376
2000: 400
2001: 395
2002: 409
2003: 407
2004: 408
2005: 415
Елдер: Ресей (1980 жылға дейін)
1998: 306
1999: 308
2000: 325
2001: 367
2002: 397
2003: 421
2004: 459
2005: 467
Елдер: АҚШ
1998: 419
1999: 405
2000: 405
2001: 393
2002: 389
2003: 395
2004: 380
2005: 335
Елдер: Иран
1998: 182
1999: 175
2000: 185
2001: 179
2002: 182
2003: 188
2004: 185
2005: 190
Елдер: Мексика
1998: 175
1999: 168
2000: 173
2001: 156
2002: 170
2003: 176
2004: 178
2005: 181
Елдер: Қытай
1998: 160
1999: 160
2000: 162
2001: 165
2002: 166
2003: 168
2004: 165
2005: 172
Елдер: Норвегия
1998: 157
1999: 157
2000: 166
2001: 161
2002: 162
2003: 165
2004: 164
2005: 165
Елдер: Канада
1998: 134
1999: 128
2000: 137
2001: 134
2002: 134
2003: 129
2004: 109
2005: 102
Елдер: Ирак
1998: 106
1999: 126
2000: 129
2001: 129
2002: 130
2003: 131
2004: 135
2005: 135
Елдер: Венесуэла
1998: 156
1999: 140
2000: 145
2001: 140
2002: 120
2003: 120
2004: 115
2005: 113
Елдер: Великобритания
1998: 142
1999: 147
2000: 135
2001: 119
2002: 119
2003: 118
2004: 110
2005: 98
Елдер: БАӘ
1998: 115
1999: 104
2000: 112
2001: 106
2002: 109
2003: 109
2004: 112
2005: 115
Елдер: Нигерия
1998: 106
1999: 98
2000: 102
2001: 101
2002: 105
2003: 104
2004: 106
2005: 106
Елдер: Кувейт
1998: 91
1999: 83
2000: 89
2001: 88
2002: 94
2003: 95
2004: 97
2005: 98
Елдер: Бразилия
1998: 62
1999: 68
2000: 75
2001: 78
2002: 76
2003: 77
2004: 79
2005: 79
Елдер: Бұрынғы КСРО (Ресейден басқа)
1998: 59
1999: 67
2000: 71
2001: 75
2002: 70
2003: 72
2004: 71
2005: 70
Елдер: Ливия
1998: 74
1999: 69
2000: 71
2001: 68
2002: 62
2003: 60
2004: 61
2005: 59
Елдер: Индонезия
1998: 67
1999: 64
2000: 60
2001: 58
2002: 47
2003: 45
2004: 45
2005: 50
Елдер: Оман
1998: 45
1999: 44
2000: 48
2001: 46
2002: 39
2003: 40
2004: 42
2005: 41
Елдер: Аргентина
1998: 45
1999: 43
2000: 41
2001: 42
2002: 42
2003: 42
2004: 43
2005: 42
Елдер: Алжир
1998: 41
1999: 38
2000: 40
2001: 40
2002: 41
2003: 42
2004: 41
2005: 43
Елдер: Египет
1998: 44
1999: 43
2000: 41
2001: 36
2002: 41
2003: 43
2004: 40
2005: 42
Елдер: Австралия
1998: 31
1999: 31
2000: 39
2001: 35
2002: 38
2003: 36
2004: 37
2005: 39
Елдер: Малайзия
1998: 36
1999: 36
2000: 38
2001: 38
2002: 39
2003: 37
2004: 38
2005: 38
Елдер: Ангола
1998: 37
1999: 38
2000: 38
2001: 38
2002: 38
2003: 37
2004: 37
2005: 38
Елдер: Үндістан
1998: 38
1999: 38
2000: 37
2001: 36
2002: 37
2003: 36
2004: 38
2005: 37
Елдер: Колумбия
1998: 39
1999: 42
2000: 35
2001: 32
2002: 33
2003: 32
2004: 36
2005: 38
Елдер: Катар
1998: 33
1999: 32
2000: 35
2001: 34
2002: 32
2003: 33
2004: 34
2005: 35
Елдер: Бейтарап аймақ
1998: 28
1999: 30
2000: 32
2001: 32
2002: 32
2003: 33
2004: 35
2005: 32
Елдер: Сирия
1998: 28
1999: 27
2000: 27
2001: 26
2002: 27
2003: 26
2004: 26
2005: 27
Елдер: Йемен
1998: 20
1999: 21
2000: 23
2001: 23
2002: 24
2003: 23
2004: 25
2005: 25
Елдер: Эквадор
1998: 19
1999: 19
2000: 20
2001: 20
2002: 21
2003: 21
2004: 23
2005: 23
Елдер: Габон
1998: 17
1999: 17
2000: 15
2001: 15
2002: 19
2003: 19
2004: 20
2005: 22
Елдер: Басқа елдер
1998: 364
1999: 370
2000: 390
2001: 393
2002: 393
2003: 395
2004: 398
2005: 398
Елдер: Барлығы
1998: 3774
1999: 3703
2000: 3834
2001: 3836
2002: 3839
2003: 3841
2004: 3843
2005: 3851

*Алынған жері. World Energi Outlook, 2005.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ЕІА) болжамдары бойынша 2020 жылға қарай мұнайдың әлемдік өндірісі қазіргі кездегі 3, 7 млрд. тоннадан 5, 8-6 млрд. тоннаға өседі екен. Бұл жағдайда өндірудің 45 пайызға жуығы Таяу Шығыстың бес елінің, яғни Сауд Арабиясы, Абу-Даби, Кувейт, Иран және Ирактың үлесіне тиеді екен.

Газ өндірісінің бағалануы мынаны көрсетеді, яғни газдың әлемдік өндірісінің төрттен үш бөлігі әлемнің ірі 10 елінде шоғырланған. Лидерлік позицияны Ресей мен АҚШ алады, олар өндірудің әлемдік көлемінің 47, 5 пайызын алады. Газ өндіруші 71 елдің ішінде Қазақстан Республикасы 33 орынды алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Халықарылық маркетинг
Туристік өнім
Маркетингтік ақпарат жүйесі туралы
Өнеркәсіптік маркетингтің мәні
Нарықтағы маркетингтік зерттеулер теориясы
Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің мәні мен қажеттілігі
Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу
Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндетін анықтау мәселелері
Turist tur ЖШС-і жалпы сипаттамасы және қызмет бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz