Еуропалық Қауымдастық құқығының заңдық болмысы мен құрылтай және институционалдық сипаттағы негізгі құжаттары


Жоспар:
кезендегі орны мен іс-әрекеттерінің маңызы . . .
КІРІСПЕ
Еуропалық құқық - біріншіден, өз пәні мен реттеу әдістері бар құқықтың жеке саласы. Екіншіден, еуропалық құқық өз алдына оқу тәртібі ретінде еуропалық құқық туралы білім жүйесін үйрету және құқықтық реттеу саласындағы жұмысқа мамандарды дайындау үшін арналған. Үшіншіден, еуропалық құқық еуропалық құқықтың негіздерін, оның тарихын, ішкі қызметінің заңдылығын, басқа құқық салаларымен байланысын, еуропалық құқықтың құрылымы мен оның құзыреті арасындағы келіспеушілікті, пәрменділік жолдарын биіктету мен даму тенденцияларын зерттейтін ғылым ретінде саналады.
Еуропалық құқық, біріншіден, біздің континенттегі экономикалық қатынастарды реттейді: сауда-саттықты, банкылық операцияларды, бірлескен кәсіпорынды құру, инвестициялық операцияларды. Ол бірқатар шамада азаматтық құқықтар мен бостандықтар саласын қамтиды. Бүл адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияның әрекет механизмінде айқын көрініс табады.
Еуропалық құқық - өзіне әртүрлі құқық салаларына жататын нормаларды енгізетін үлкен және бұтақталған құқықтық массив болып табылады. Бұфнда жариялық пен жеке құқық нормалары, дәстүрлі және жаңа құқық салалары байланысады.
Еуропалық құқықтың дамуы барлық Еуропаның бірігу бағытына апаратын позитивті процестерді қамтиды. Бүған мысал Еуропалық Кеңес. Бүл өте беделді халықаралық ұйым, оның мақсаты жалпы байлық болып табылатын мүшелер арасындағы мұрат пен принциптерді жүзеге асыру мен қорғауға бағытталған үлкен бірлікке жету, олардың экономикалық және әлеуметтік үдеуіне көмектесу (Еуропалық Кеңес Жарғысының 1 Бабы) . Еуррпалық Кеңес өз мақсаттарьша жетудің жалпы мүддесін біддіретін мәселелерді қарастыру, келісімдерді бекіту және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, қүқықтық, әкімшілік салаларында бірлескен әрекеттерді өткізу жолын таңдайды.
Еуропалық құқық қауымдастық құқығы ретінде жеке және айрықша құқық болып табылады. Өз шекарасымен қатар өз табиғаты бар. Ол дәстүрлі халықаралық құқықтан елеулі ерекшеленетін жаңа құқық. Олар Қауымдастықтың ата заңын құрайды және онда бекітілген құқықтық нормалар Қауымдастық құқығының ішкі жүйесін құрайды. Халықаралық құқықтан пайда болған Қауымдастық құқығы оның барлық сипаттамасын қабылдамады, Қауымдастық құқығының тұжырымдамасы халықаралық құқықтағы сәйкестіктерге қарағанда, көбірек ұлттық құқықтың конституциялық және әкімшілік саларымен ұқсас. Бірақ Қауымдастық құқығы ұлттық соттармен қолданылатындығына қарамастан, ол ұлттық құқықтын ерекшеленеді. Ұлттық заңнаманың құрамалары Қауымдастық нормаларын жоюға немесе оған түзетулер енгізуге құқығы жоқ. Жанжал пайда болған жағдайда Қауымдастық нормалары ұлттық, құқықтың және соңғы инстанцияның алдында басымдық заңды күшке ие.
Қауымдастық құқығында континенттік және жалпы құқықтың нормалары мен идеялары, егемендік пен ұлттықүсті принциптері, бір тараптан - халықаралық, екінші тараптан -үлттық құқықтар арасындағы өзара келісушілікпен табысты қатар өмір сүреді.
Қауымдастық құқығын түсіну үшін, біріншіден 3 қүрылымын атап өту керек; олар: Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігі, Еуропалық экономикалық қауымдастығы, атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық.
Үш қауымдастық арасындағы ең бастысы Еуропалық экономшсалық қауымдастығы. Ол жалпы экономикалық сипаттағы кең интеграциялық бірлестік болып табылады. Ал Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігі мен атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық Еуропалық экономикалық қауымдастықтан өзгеше, мүше-мемлекеттің интеграциясында тек қана экономиканың жеке секторларында ғана әрекет етеді.
Еуропалық құқықтың батыстылығының өз тарихи тамыры бар. Оның территориялық шекарасы - Еуропаның саяси нышаны бойынша Батысқа және Шығысқа бөлінуімен байланысты. Экономика саласында Еуропаның бөлінуін Батыстағы капиталистік мемлекеттердің еуропалық қауымдастықтарды құруынан көруге болады.
Қауымдастық құқығы алғашында халықаралық шарттар негізінде пайда болған. Қауымдастық құқық - халықаралық құқық тәртібінде өз негізі бар автономиялы жүйе. Оның құқығы бір жақтан халықаралық құқықпен, екінші жақтан ұлттық құқықпен шектеседі. Ол екі тараптың да ықпалына түседі, екеуімен де шекаралық жүйемен генетикалық байланыста, әсіресе халықаралық құқықпен, бірақ оның табиғаты мен беталысының дамуы барған сайын өзінің дербестігін айқындайды.
Маастрихт Шарты өз автономиясы мен қауымдастық құқығының дербестігін бекітті. Көбінесе түтас ішкі нарықтың құрамасы мен қызмет ету мәселесі бойынша ол тауар, тұлға, қызмет көрсету мен капиталдың еркін жылжуын, аймақтық ауылшаруашылықты және көліктік саясатты, әсіресе экономикалық және валюталық Одақты жүзеге асыру саласында Қауымдастыққа кеңірек өкілдік бекітті. Бұл жаңа өкілдіктер мүше-мемлекеттер үшін шешімдерді қабылдауға міндетті болып келетін кеңірек мүмкіндік алған Еуропарламент, Кеңес, Комиссия, Сот және қауымдастықтың басқа мекемелер іс-әрекетінің белсенді дамуына құқықтық негізі ретінде қызмет етеді.
Қауымдастық құқығының басымдығы - халықаралық құқықпен жақындастыратын белгі. Бүл мүше-мемлекеттердің ішкі құқығының алдында қауымдастық құқық билігінің жоғары орын алатындығын білдіреді.
Егер қауымдастық құқығы өз алдына ұлттық - және халықаралық құқытан ерекшеленетін құқықтық тәртіп болса, онда Еуропалық Одақтың құқықтық реттелуі халықаралық құқықтың құрамды бөлігі болып табылады.
Дипломдық жұмыс барысында Еуропалық Одақтың құрылуына негіз болған 1992 жылғы Маастрихт Шартына, 1951 жылғы Еуропалық көмір мен болат қорыту туралы Париж Шартына, 1957 жылғы Еуропа экономикалық қауымдастық, атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қауымдастық туралы Рим Шартына, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы көптеген келісімдерге, екіжақты және көпжақты шарттарға көп көңіл аударылды.
Диплом жұмысының зерттеу мақсаты болып - Еуропалық Қауымдастық пен Еуропалық Одақтың құқықтық базасы мен құқықтық жағдайын анықтау, Қауымдастық құқығы мен халықаралық құқықтың ара-қатынасын зерттеу, интеграция мәселесін қарастыру, Еуропалық Қауымдастық пен Еуропалық Одақтың құқықтық даму тарихына анализ жасау, Еуропалық Одақпен Қазақстанның қарым-қатынасын зерттеу және Еуропалық Одақ пен Еуропалық Қаымдасықтың құқықтық сипаттарының ерекшеліктерін орнату, негізгі бағыттарын айқындау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жүгіне отырып, келесі міндеттерді анықтау қажет:
1. Еуропалық Қауымдастық пен Еуропалық Одақтың құқықтық базасының қалыптасу тарихын, құқықтық институттары мен пәнін, басты органдарын, халықаралық құқықпен байланысын көрсету.
2. Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасын орнату жөніндегі, ТАСИС бағдарламасының мәнін ашып көрсету, Республикамыздың Еуропалық Одақпен заң саласындағы ара-қатынасын зерттеу.
3. Қауымдастық құқықтың жалпы принциптерін зерттеу мен талдау жасау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі - Еуропалық Қауымдастық пен Еуропалық Одақтың жағдайына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Ал осы ұйымның шеңберінде жүзеге асырылған және жүзеге асырылады деп болжанып отырған интеграциялық процесстер - осы диплом жұмысының пәні болып табылады.
Диплом жұмысын орындау барысында эмпирикалық, теоретикалық зерттеу әдістері қолданылды, соның ішінде тарихи, талдау және синтез әдістері көрініс тапты.
Қорғауға келесі ережелер шығарылады:
- Еуропалық Одақтың ТМД елдерімен ынтымақтастық бастамасы 1991 жылдың 31 желтоқсанынан басталды. Егемендікті алғаннан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттер халықаралық қарым - қатынастардың жеке субьектісі болды. Орталық Азия аймағындағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаты басынан әлемнің барлық мемлекеттерімен өзара тиімді және тең құқылы қатынастар орнатуға бағытталған еді. Бұл мемлекеттер үшін Еуропалық Одақпен қарым - қатынас дамытуының қажеттігі мен перспективасы осы одақтың әлемдік саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі алатын орнымен және ролімен түсіндіріледі. 1992 жылдан бастап, Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қатынастарды орната бастады. Еуропалық Одақтың құқықтық саясатының негізі ТАСИС бағдарламасының тәртібі болып табылады. 1992 жылдың аяғында Алматыда Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету бойынша ТАСИС бағдарламасының шеңберінде Еуропалық Одақтың Координациялық Бюросы ашылды. ТАСИС бағдарламасы шеңберінде негізінен саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрғысынан, сонымен қатар ауылшаруашылық экономикасы саласында көмек беріледі. Демек, Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым - қатынастарды дамыту, Республикамыз үшін маңызды екенін ескере отырып, әр - түрлі бағдарламаларға қосылуды орынды деп есептейміз.
- Еуропалық Одақтың құқықтық базасы, әлі күнге шейін даулы мәселелерді туындап жатыр, мысалға, Еуропалық Одақтың Конституциясы әлі барлық мемлекеттермен қабылданбаған, мемлекеттер бір шешімге әлі келген жоқ. Сонымен қатар жаңа 10 мемлекеттің Еуропалық Одаққа қосылуы Еуропалық Парламентте депутаттар санын өзгерту жөнінде мәселе қарастырылып жатыр және бұл көптеген түсінбеушіліктерге, жағымсыз мәселелерге әкеліп соқтыратындығын атап өту орынды болып табылады.
Біздің оймызша, жоғарыда айтылып кеткен шаралар Еуропалық Одақтың қызметінің келешегін, әлемде өзінің жағымды орын алуына сенімдіміз.
Диплом жұмысының құрамы: кіріспеден, 4 бөлімге жинақталған 12 тармақтан, қорытынды және библиографиядан тұрады. Диплом жұмысының жалпы көлемі 65 бет.
1. ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ ПЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОРНЬІ МЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДАРЫ.
1. 1. Еуропалық Қауымдастықтардың құрылуы мен олардың Еуропалық Одаққа трансформациялау процесі.
Соғыстан кейін жаңа халықаралық экономикалық және саяси жағдайларда Еуропада интеграциялық процестер басталды, олар тұтас шаруашылық комплексінің қалыптасуына апаратын өзара бейімделумен, экономикалық және өндірістік ынтымақтастықты кеңейтумен, бірден алты мемлекеттің ұлттық шаруашылығын бірлестірумен, шаруашылық өмір жоғары нысанымен сипатталады.
Халықаралық экономика мен саясатта дүниежүзілік соғыс әсерінен ұстанымның әлсіреуі батысеуропалық мемлекеттердің біреулеп емес, бірлесе өзін бекіту жолдарын іздеуді талап етті.
Осы заманғы батысеуропалық интеграциясының негізі басында екі француз саясаткерлері - Жан Монне және Робер Шуман тұрды. Олар көмір өндіру мен болат қорыту өндірістерінің қайнар салаларын франко-германиялық бірлесуіне бастама салды. Канцлер Адэнауэрдің Монне-Шуман жоспарын белсенді қолдауы көмір және болат қорыту жөніндегі Еуропалық бірлестігінің құрылуына маңызды қадам жасады.
Экономиканы қалпына келтіру үшін Батыс елдеріне көмек көрсету жөніндегі Маршалл жоспарын жүзеге асыруына қатысқан 1948 жылғы еуропалық экономикалық ынтымақтастық Бірлестігінің қүрылуы батысеуропалық интеграция жолына тәжірибелі қадам болды. Еуропалық көмір мен болат қорыту Бірлестігіне 17 мемлекет кірді, ал 1949 жылы оған ГФР қосылды.
Батысеуропалық мемлекеттер Бретон-Вуд жүйесіне қосылып, оларға несие беретін халықаралық валюта қорының және Халықаралық қайта құру мен даму Халықаралық банкінің мүшелері болды. Валюта курсының және қаржы жүйесінің қалыпқа келуі экономиканың бекітілуіне маңызды әсерін тигізді.
Экономикалық өрлеудің тағы бір себебі жаңа техника мен технологияның енуі болды. Экономиканың жаңа ғылыми салаларының дамуы - бірінші орында: атом энергетикасы, есептегіш техникасы, электроника, химия полимері - өндірістің кейінгі мамандығын анықтады. 1
Еуропа үшін жаңа құбылыс ол экономикадық интеграциясы шеңберінде үш қауымдастықтың құрылуы болды - Еуропалық
көмір мен болат қорыту бірлестігі (ЕКББ), Еуропалық экономикалық қауымдастығы (ЕЭҚ), атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық(АЭЕҚ) . Бүл процесс негізінде экономиканың бұтақталған механизмі құрылды, аяғында саяси интеграциялық органдар мен институттар да құрылды. Еуропалық Қауымдастықтардың құрылуына бастапқы этапына 5 жылдық кезең жұмсалынды (1945-1950ж. ж. ) .
1950 жылдың шілде айында үкіметаралық келіссөздері шеңберінде алты мемлекеттің өкіддері (Франция, Германия, Италия және Бенилюкс) сарапшыларымен қоса Еуропалық көмір мен болат қорыту Бірлестігін құру жоспарының ақырғы детальдарын дайындады. Көмір және болат қорыту өндірісі саласында Еуропалық қауымдастықтың формальді туылған күні 1951 жыл 18 сәуір болып табылады, Еуропалық көмір мен болат қорыту Бірлестітін құрған Париж шартына қол қойылған күннен бастап. Шарт 50 жылға бекітілді; оған алты хаттама, өтпелі ережелер туралы конвенция, сонымен қатар Саара мәселесі бойынша Франция мен ГФР арасындағы өзара хаттары қосымша құжат ретінде қосылды.
Жалпы нарықтың принциптерін тәжірибелі жүзеге асыру, мүше-мемлекеттердегі шарт ережелерінің орындалуын бақылау, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің барлық территориясында көмір мен болат қорыту өндірісін басқару мен реттеу қүзыреті Бірлестік институттарына жүктелді - Жоғарғы Орган, Министрлер Кеңесі, Сот және Ассамблея.
Римде Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігіне қатысушы мемлекеттер Еуропалық экономикалық қауымдастық пен атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қауымдастығын құру туралы Шартты 1957 жылдың 25 наурызында бекітті (Римдік келісімдер) . Қол қойылған шарттар барлық мүше-мемлекеттерде бекітілгеннен кейін өз күшіне 1958 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Ал 1958 жылдың наурызында Страсбург қаласында Еуропалық парламенттік ассамблеяның бірінші жиналысы өтті.
Сонымен Батыс Еуропада үш Қауымдастық қүрылды: Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігі, Еуропа экономикалық қауымдастығы және атом энергиясы жөніндегі қауымдастық. Шарттар оларды қолдану . салаларындағы айырмашылықтарына қарамастан, бірдей мақсаттарды жариялайды: экономикалық өмірдің үйлесімді дамуын, экономиканың тұрақты өсімін, оның қалыптылығын, өмір деңгейін және мемлекеттер арасындағы байланыстың тығыздылығын көтеру. Еуропалық экономикалық қауымдастықты бекітетін шарт үлкен маңызға ие. Еуропа экономикалық
қауымдастығы туралы Шарттың маңызы және Еуропа экономика қауымдастығының құқықтық актілері мен институттар қызметінің негізгі мазмұны нарықты құру мен реттеуге апарады. 2
Еуропа экономикалық қауымдастығы жалпы нарығының құрылуы 3 негізгі элеметтен тұрады: біріншіден, қауымдастық негізін қүру - Еуропа экономика қауымдастық мемлекеттердің Кеден Одағын және олардың арасындағы кедендік шекараларын тарату, сонымен қатар бәсекеге кедергі жасайтын бөгеттерді тарату және көмір мен металлургия салаларының өнімдерін сатудағы жалпы либерализациясын енгізу. Бұны жүзеге асыру үшін 12-15 жылдық өтпелі кезең алдын-ала қарастырылған еді. Әлсіреу, одан ары кедендік тосқауылды түсіру жағдайы Батыс Еуропада өзара саудада сыйымды нарық құруға рұқсат бермеді және 30 жылдары протекционизм саясатымен туылған халықаралық шаруашылық байланыстардың құлауына төтеп бере алмады.
Екіншіден, Жалпы нарық ішінде бәсекеге кедергі жасайтын барлық бөгеттер таратылды; қауымдастық мемлекеттері арасындағы капиталдар мен ақша айналымына, инвестицияға барлық шектеулер жойылды. Жалпы нарықты құру 4 бостандықтармен қамтамасыз етуді қарастырады: тауарлардың, қызмет көрсетудің, капиталдың және жұмыс қүшінің еркін жылжуын.
Жалпы нарықтың үшінші элементі позитивті интеграцияны
жүзеге асыру болып табылады - Еуропа экономикалық
қауымдастығы институттар арқылы мемлекеттердің жалпы
саясаттарды жүргізуі: ауылшаруашылық, көліктік,антимонополиялық және т. б.
Рим Шартында Еуропа экономикалық қауымдастық әрекетінің басқа да бағыттары анықталған, оларды жүзеге асыру шаралары туралы баяндалған. Олар өзіне мүше-мемлекеттердің экономикалық саясаты мен төлем баланс диспропорциясының үйлесімділігін; жалпы нарықтың қызмет жасау мақсатымен мемлекет заңнамаларының жақындасуын; еңбекшілер үшін жүмыспен қамтамасыздандыруды жақсарту мақсатымен Еуропалық әлеуметтік қордың қүрылуын; жаңа ресурстарды тартуға шақырылған Еуропалық инвестициялық банктің қүрылуын енгізеді.
Аtom энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық Еуропа экономикалық қауымдастыққа қарағанда шағын мәртебеге және іс-әрекеттің кішігірім масштабына ие болады, бірақ ол еуропадағы экономикалық даму салаларынан біреуін қамтитын жартылай интеграцияның құрылуы болып табылады.
Рим Шарттарының күшіне енуі мүше-мемлекеттер өз өкілетін Еуропа экономикалық қауымдастық құзыретіне біртіндеп беру және экономиканың кейбір салаларында өкілеттіктерінің шектеулі екендігін білдіреді. Мемлекеттер Қауымдастық шеңберінде жалпы еріктің қатысушылары бола бастады, және серіктестіктердің пікірін ескермей өз бетінше дербес әрекет жасай алмайтын болды. Өзіне міндеттерді қабылдау нәтижесінде мүше-мемлекеттер Еуропа экономикалық қауымдастықтың жалпы құзыретіне өзінің үлттық экономикалық салаларында егеменді құқықтарын берді және қауымдастық құқығын қолдану мен сақтау жолымен жалпы ерікті орындауға келісті. 3
1958 жылы Еуропа экономикалық қауымдастығының мемлекеттері алты мемлекеттің Кеден Одақ ұйымының маңызды экономикалық бастамасы болып табылатын валюталардың айналымын енгізді. Еуропа экономикалық қауымдастығының ішіндегі кеден тарифтерінің бірінші арзандауы . 1959 жылдың 1 қаңтарында болды. Кеден одағы барлық тауар алмасымды, әсіресе өндірістік тауарларды өрістеді. Мүше-мемлекеттер арасындағы импорттық және экспорттық кеден баждары жойылды. Нәтижесінде 1968 жылдың 1 шілдесінде Қауымдастықтағы барлық ішкі кеден шекаралары таратылды, ал оның ішкі шекараларында жалпы кедендік тарифтер енгізілді.
Батыс Еуропадағы интеграциялық процестердің дамуына көмегін тигізген маңызды фактор, алпысыншы жылдардағы экономикалық бум экономикада орайлы жағдай болды, ол өнеркәсіптік, ауылшаруашылық өндірістің көптеген салаларын қамтыды.
Осы жетістіктер толқынында 1971 жылы Вернер жоспары деп аталатын экономикалық және валюталық одаққа өту программасы қабылдады. Бірақ экономикалық және валюталық одақты құру жоспары сәтсіздікке ұшырады. Бұнда маңызды рольді сыртқы жағдай ойнады. 70 жылдардың басында интеграциялық қозғалысы алдыңғы уақытта бәсендеді, ал одан кейін мүлдем тоқтатылды.
Қауымдастық дамуының жаңа кезеңі, Еуропалық Одақтың құрылуы. 1980 жылы А. Спинелли федералистің басқаруымен үлкен тобы бастама қабылдауға әрекеттенді, бұл бастама онан ары 1984 жылдың қаңтар айында Еуропалық Одақ туралы Шарт жобасын көпшілік дауыспен қабылдануына әкеліп соқтырды. 1985 жылы Қауымдастық Комиссиясының "Ішкі нарық құру туралы ақ кітабында" ойлап қойылған мерзімді сақтау жөнінде алаңсыздық білдірілді.
1985 жылдың мамыр айында Миландағы жоғары деңгейдегі
кездесуде, Үлыбритания, Дания және Греция мемлекеттерінің
оппозициясына қарамастан, Қауымдастықтың көпшілік
мемелекеттік лидерлері 1957 жылғы Рим шартын қайта қарастыру
мақсатында арнайы үкіметаралық конференцияның
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz