Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ: МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
: бет
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ 8
:
МАЗМҰНЫ: 1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негізі
:
МАЗМҰНЫ:
  1. Депозит және депозиттік операциялардың экономикалық мәні 10
: 5
МАЗМҰНЫ:
  1. Коммерциялық банктің депозиттік саясатының қалыптасу

ерекшеліктері 20

:
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Шетелдің тәжірибедегі депозиттік операциялардың түрлері 25
:
МАЗМҰНЫ: 2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
:
МАЗМҰНЫ: 2. 1 ҚР-ғы депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы 33
:
МАЗМҰНЫ: 2. 2 «Тұран-Әлем Банкі» АҚ -ның депозиттік портфелін талдау 42
:
МАЗМҰНЫ: 2. 3 «Халық Банкі» АҚ-ның депозиттік операцияларының сипаты 49
:
МАЗМҰНЫ: 3. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру жолдары
:
МАЗМҰНЫ: 3. 1 Коммерциялық банктің депозиттік операцияларын басқару 57
:
МАЗМҰНЫ: 3. 2 «Тұран-Әлем Банкі» АҚ-нің депозиттік саясатын жетілдіру 65
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
МАЗМҰНЫ: ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық субьектілері сияқты, өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызметтерін қамтамасыз етіп отыру үшін, белгілі бір ақшалай қаражаттары, яғни ресурстары болуға тиіс.

Қазіргі экономикамыздың даму жағдайында депозиттік ресурсты қалыптасытыру мәселесі бірінші кезектегі мәселеге айналуда. Банк ресурстарының негізгі бөлігі депозиттік операциялары негізінде жинақталатынын ескерсек бұл мәселе экономиканың нарықтық үлгісіне өтуімен байланысты, банк ісіндегі монополияның жойылуына сай екі деңгейлі банктік жүйенің құрылуына байланысты банк ресурстарындағы түбегейлі өзгерістерден туындап отыр десе де болады.

Мұның келесідей өзіндік себептері бар:

біріншіден, кешегі экономикамызға қызмет еткен жалпы мемлекеттік ресурстар қорының қысқару нәтижесінде оның бүгінгі қызмет ету аумағының Қазақстан Ұлттық банкінен берілуі;

екіншіден, кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі формаларда құрылып жұмыс жасауына байланысты олардағы уақытша бос ақша қаражаттарын иеленуші жаңа меншік иелерінің пайда болуына, сондай-ақ, олардың өз ақшалай қаражаттарын сақтауды таңдау құқығының болуына байланысты болды.

Бұрынғыдай клиенттерді қандай да бір банкке әкімшілік тұрғыда бекітіп қою уақыты тарихқа кетті. Қазіргі кезде клиенттерді банктердің өздері іздеп табуға міндетті.

Сонымен қатар, банктердің қызметтерінің ауқымы, яғни, активтік операцияларменен анықталатын обьектілері, банктердің депозиттік ресурстарының жалпы көлеміне, соның ішінде салымдарға тікелей байланысты болып табылады. Міне осындай жағдай, банктердің депозиттік ресурстар тарту барысында өзара бәсекелестікке баруына жол береді.

Бүгінгі таңда қаржы нарығының несие нарығынан кейінгі ең дамып отырған нарығы бұл депозиттік нарық. Ол нарықта екінші деңгейлі банктер мен қатар банктік емес мекмелердің қызмет етуі банктерге бәселестік туғызуда. Депозиттік нарықта өзінің позициясын ұстап отыру әр банктегі депозиттік саясатқа тікелей байланысты. Міне осы жоғарыда айтылған мәселердің болуы бұл диплом жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Диплом жұмыстың басты мақсаты екінші деңгейлі банктердегі депозиттік ресурстардың құралуына баға бере отырып, ондағы орын алар мәселелерді анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешу қажет:

  1. Банк депозиттік операциясының анықтамасын нақтылау
  2. Депозиттік саясаттың қалыптасу ерекшеліктеріне мән беру.
  3. Шетел тәжірибесіндегі банктік депозитердің түрлерін зерттеу.
  4. Екінші деңгейлі банктердегі депозитік операцияларының дамуына талдау жасау.
  5. Банктің депозиттік операцияларын дамыту жолдарын қарастыру.

Диплом жұмыстың зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің депозиттік операциялары және депозиттік нарықтың дамуы алынады.

Диплом жұмысты жазу барысында шетелдік және отандық экономист ғалымдардың шығармашылық еңбектері пайдаланылды.

Диплом жұмыстың құқықтық негізіне: Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құжаттары мен актілері, сол сияқты Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің әдістемелік нұсқамалары мен ережелер пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан және қортыныдыдан тұрады.

Кіріспеде автор, тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері туралы сұрақтарды қарастырған.

Бірінші тарауда автор коммерциялық банктердің депозиттік операцияларынң теориялық негізі, соның ішінде депозит және депозиттік операциялардың экономикалық мәні, коммерциялық банктің депозиттік саясатының қалыптасу ерекшеліктері, шетелдің тәжірибедегі депозиттік операциялардың сипаты туралы мәселелер қарастырылады.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау, соның ішінде ҚР-ғы депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуын талдау, «Тұран-Әлем» АҚ -ның депозиттік портфелін талдау, «Халық Банкі» АҚның депозиттік операцияларын талдау сияқты сұрақтардың мазмұны ашылған.

Үшінші тарауда коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру жолдары Коммерциялық банктің депозиттік операцияларын басқару Тұран әлем банкі АҚ-нің депозиттік саясатын жетілдіру

Қорытындыда банктердің депозиттік саясатын жетілдіру бағытында өзінің ұсыныстарын берген.

1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын теориялық негізі

1. 1 Депозит және депозиттік операциялардың экономикалық мәні

Депозиттік операцияларды қарастырудан бұрын, депозит ұғымына аса көңіл аудару қажет сияқты.

Депозит латын сөзінде deposіtum банкке сақтауға берілген затты білдіреді. Бұл зат ретінде ақша, бағалы қағаз, алтын немесе өзге құныдылықтар болуы мүмкін. Қазіргі банктік тәжірибеде депозит ретінде тек қана сақталған ақшалай қаржатты түсінеміз.

Шынымен де бүгінгі күнгі отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде депозит ұғымына қатысты әр түрлі көзқарас қалыптасқан.

В. И. Клесниковтің жетекшілігмен жазылған ресейлік “Банковское дело” оқулығында депозит - бүл банкке уақытша пайдалануға берілген клиенттің қаражатына байланысты экономикалық қатынастар делінген. Біздің ойымызша мұндай көзқарас депозиттің толық ұғымын бермейді. Себебі, біріншіден, пассивтік операцияның бір түрі ретінде депозитті клиент банкке сақтау үшін және одан пайда көру үшін салатындығы айтылмай қалуда, екіншіден, активтік операция тұрғысынан депозиттің мәні мүлде ескерілмеген.

Ал, О. И. Лаврушиннің жетекшілігімен жазылған келесі ресейлік “Банковское дело” оқулығында: депозит - банктік заңдылыққа және шоттың режиміне сәйкес банктің пайдалануға құқығы бар, клиенттердің - заңды және жеке тұлғалардың банктегі белгілі бір шотқа салынған ақшалай қаражаттары деп түсіндіріледі.

Әрине мұнда да келіспейтін сұрақтар бар, яғни бұл жерде де депозитті бір жақты қарастырған немесе банктік депозит туралы сөз қозғалмаған десе болады.

Отандық әдебиеттерге келсек, соның бірі ретінде, Кәсіпкерге арналған орыс-қазақ түсіндірме экономикалық сөздікте депозит - клиенттің банкке қатысты талапттарын сипаттайтын банкке берген салымы және жинақ кассасы, сондай-ақ банктік кітаптағы жазулар деп береді. Мұндай анықтама өте ауқымды және нақты түсінік бермейді. Жинақ кассасын депозит ұғымына сиғызу бұл кемшілік немесе банктің кітапшасындағы жазу деп санау өте орынсыз.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, депозит - бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын-ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитардың) басқа тұлғаға - банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген.

Сонымен қатар осының қысқарған түсінігі С. Б. Мақыштың Коммерциялық банктер операциялары деген еңбегінде былай беріледі: депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Менің ойымша осы аталған соңғы екі түсініктемемен біршама келісуге болады.

Дегенмен, депозитке банктің активі мен пассиві тұрғысынан мынадай анықтама берген дұрыс сияқты: депозит - бұл қандай да бір банкке уақытша сақтауға салынған, кез келген уақытта қайтарып алуға және одан пайда алуға болатын, жеке тұлғалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ өзге банктердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Осыған анықтамаға сәйкес, банктік депозиттерді пассивті және активті деп екі топқа бөлуге болады (1-сурет) .

.

1-сурет. Банктік депозиттердің түрлері

Мұндағы, активтік депозиттер - бұл банктің басқа банктерде пайда табу және өтімділігін қолдау мақсатында орналастырылған, сондай-ақ корреспонденттік қатынас негізінде жасалған келісім-шартқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін уақытша бос ақша қаражатын сипаттайды.

Отандық тәжірибеде активтік депозиттер Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегі банктердің депозиттері мен өзге коммерциялық банктерде, соның ішінде шетелдік немесе отандық банктерде орналастырған ұлттық және шетел валютасындағы шоттардағы қаражаттарын сипаттайды.

Банктік тәжірибеде активті депозиттерді банкаралық депозит деп атайды. Банкаралық депозит негізінен банкаралық несиенің қалыптасуына себеп болады.

Пассивтік депозитер - бұл банктің ресурсының негізін құрайтын тартылған қаражат көзін білдіреді. Пассивтік депозитер банктерге клиенттердің инициативасы бойынша жинақтайды .

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды .

Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жергілікті билік органдары, қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен ораналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын

кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады;

  • банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
  • депозиттік операциялар әрекет етуі керек;
  • банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді;

  1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
  2. Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
  3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
  4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Банктік депозит салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылуы шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жергілікті билік органдары, қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен ораналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады;

  • банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
  • депозиттік операциялар әрекет етуі керек;
  • банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді:

  1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
  2. Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
  3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
  4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әр бір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көп деген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыларын таныстырып, толық және ақысыз кеңес беру.

Шот ашу үшін салымшы банкпен банктік салым туралы келісім шартқа отырады. Талап еткенге дейінгі және мерзімді жинақтаушы салымдар бойынша шот ашу кезінде салымшыға депозиттік сертификат немесе жинақтау кітапшасын береді.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс.

Жалпы экономикалық мағынасы тұрғысынан депозиттерді мына топтарға бөліп қарастыруға болады. Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге мүлдем тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олардың әр түрлі формаларда - қолма қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларының жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Талап еткенге дейінгі шоттарда иеленуші клиенттер өз шоттарындағы ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толық пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп дәрежеде немесе аз дәрежеде компенсациялайды.

Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражатары үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырыуы нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Осы қаражаттар қалдықтарымен талап еткеннге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге векселге немесе нақты несие бере алады.

Отандық банктік тәжірибеде депозиттерді, олардың сипатына қарай әр түрге бөліп қарастырады.

Айталық, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзінің нормативтік актілерінде, соның ішінде ақша массасын құрылымын анықтауда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерді былай жіктейді:

Аудармалы депозиттер - 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер - негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Отандық банктер тәжірибесіндегі депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етуіне дейінгі депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады :

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
  • банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылымайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;
  • 30-90 күнге дейінгі;
  • 90-180 күнге дейінгі;
  • 180 күннен 360 күнге дейінгі;
  • 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгеленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банктің пассивтік операциялары
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Пассивті операциялар жайлы
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Банктің депозиттік қызметі
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz