Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару және ЖШС «Ұланның» айналым активтерін бағалау және талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісімен

(ғылыми жәрежесі)

Лисенков А. А.

«___» 20___ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы

Рецензент: Жетекші

ғылыми дәрежесі ғылыми дәрежесі

Д. А. Айтжанова С. Ж. Темиргалиев

«___» 20__ж. «___» 20__ж.

Стандартизация Студент: Либазиева М.

бойынша кеңесші Мамандығы: 522230 Тобы: ММб-03-1қ

ғылыми дәрежесі

Д. И. Данабаева

«___» 20__ж.

АЛМАТЫ 2007

Мазмұны:

Кіріспе . . . 7

Бөлім-І Айналым капиталының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері . . . 11

1. 1 Кәсіпорынның айналым активтерінің жіктелуі мен қалыптасу көздері . . . 11

1. 2 Кәсіпорынның ақшалай активтерін басқару . . . 20

1. 3 Кәсіпорынның ағымдағы активтері мен пассивтерін басқару саясатының негізгі тиртерінің сипаттамасы . . . 30

Бөлім-ІІ Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару және ЖШС «Ұланның» айналым активтерін бағалау және талдау . . . 37.

2. 1 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау . . . 37

2. 2 ЖШС Ұлан кәсіпорынның құрылуы, қызметі мен экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 42

2. 3 ЖШС «Ұлан» кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметін басқару. 58

Бөлім-ІІІ Кәсіпорынның айналым активтерінің негізгі элементтерін тиімді басқаруды жетілдіру жолдары . . . 86

3. 1 Айналым активтерінің көлемін басқаруды жетілдіру . . . 86.

3. 2 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары . . . 87

Қорытынды . . . 91

Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 93.

Кіріспе

Нарықтық экономика, оның модельдерінің әртүтлілігіне қарамастан, мемлекеттік реттеуді міндетті түрде қажет ететін, әлеуметтік-бағытталған шаруашылық ретінде сипатталады. Нарықтық қатынастар құрылымында үлкен рольді қаржы атқарады. Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономиканы жандандырудың стратегиялық курсы шаруашылық субъектілерінің қызметінің нәтижелілігі, қаржы жағдайының тұрақтылығы үшін жауапкершіліктерін жоғарлатуды болжамдайды.

Алғашқы жаңақұру жылдарында байқалған қаржы бақылауы мен ұйымдастырылуының ролін дұрыс бағаламау кәсіпорындардың қаржылық жағдайына теріс әсер етті. Реформа жылдарында шаруашылық субъектілерінің айналым қаражаттарының жетіспеушілігі екі топ факторлардың әсерінен пайда болады.

Бірінші топтың пайда болуына макродеңгейдегі шешім қабылдау мен туатын жағдайлар шарт болады. Олардың қатарына мыналарды қосуға болады: өнімнің өзіндік құнының өсуі мен айналым қаражаттарының жетіспеушілігіне әкелген еңбек ақы қорына салынатын салық салу, шікізат, материалдар, құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін айналым қаражаттарына деген кәсіпорындардың қажеттілігін өсірген қосымша құнына салығы енгізілді; кәсіпорындардың айналым қаражаттарына қосымша салымдарды қажет еткен айналымға салыннан тағы бірқатар салықтар енгізілді; нақты өндірушілерді қолдауға бағытталмаған банктік жүйенің дамымауы кәсіпорындарға уақытында айналым қаражаттарының орнын толтыруға мүмкіндік берген жоқ; инфляцияның жоғары деңгейі; табысқа салынатын салық; қосымша құн салығы, тағы басқа салықтар бойынша аванстық төлемдердің бюджетке жіберілуі.

Фактордың екінші тобы кәсіпорындардың қызметімен байланысты: айналым қаражаттарының ұйымдастырылуына, ең алдымен олардың нормалануына, жеткіліксіз көңіл бөлушілігі; айналым қаражаииарының мақсатсыз қолданылуы; өндіріс процесінен айналым қаражаттарының шығарылуы; жабдықтаушылардың, мердігерлердің және тауар мен қызметтерді тұтынушылардың дұрыс таңдалмауы; дебиторлық және кредиторлық қарыздарды басқарудың төмен деңгейде болуы, банкроттық жүйесінің аз тиімділігі, кәсіпорындардағы қаржы бақылаушыларының төмен дайындығы.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік (2002-2004жж) бағдарламасының мақсаты ұзақ мерзімді динамикалық өсу потенциялы бар, жергілікті халықтың әл-ауқатының бірқалыпты көтеруін, өндіріс аппаратының тиімді жаңартылуын, елдің қамтамасыздығын және бәсеке қабілеттілігінің нығаюын қамтамасыз ететін қазақстандық экономиканың моделін жасау.

Қазақстан экономикасы мен әр шаруашылық субъектісінің алдына бұл бағдарламамен қойылатын басты міндетінің бірі - қарғылық жандандыру болып табылады. Бұл міндеттің орындалуы нарық шаруашылығы субъектілерінің негізгі және айналым қаражатының қолдалынуының тиімділігін жоғарлатуынсыз мүмкін емес. Қаржы-несие механизмі кәсіпорындардың айналым қаражаттарының жеткіліктілігі жағдайында ғана тиімді қызмет етуі мүмкін.

Әрбір кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі бірқатар шарттарға байланысты, оның ішінде ең маңыздыларының бірі айналым қаражаттарының қажетті көлемінің бар болуы. Бәсеке ортасы жағдайында өндіріс тиімділігі кәсіпорынның нарықтық инфрақұрылымдағы алдыңғы қатарларында болуына негізгі шарт болып табылады. Сондықтан, айналым қаражаттарының тиімді ұйымдастырылуы мен оларды қолданудың тиімділігін жоғорлату мәселелері кәсіпорындар алдында өткір түрде тұрады, себебі бұлардың шешілуі өндірістік процесін үздіксіздігін қамтамасыз ететін және өндіріс рентабельділігінің негізгі шарты болып табылады.

Қазіргі кезде ғылыми қызметкерлер айналым қаражаттарына, оларды жоспарлау және қолдану тиімділігі мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөледі. Айналым қаражаттарының теориясы бойынша батыс экономистері еңбектерінің аудармалары санының өсуіне байланысты белгілі терминалогиялық айырмашылықтар туандады. Бұрын жасалған зерттеулерді жарыққа шығарылған монографияларды және оқулықтарды талдай келе, көпшілік кездерде авторлардың айналым капиталы, айналым қаражаттары және айналым активтері тусініктерінің бір мағынада көрсететінін байқауға болады. Айналым қаражаттарын бақылау мәселелері ашылғанда, оларды ұйымдастырудың принциптері көрсетілмейді. Нормалауды жетілдіру сұрақтары терең түрде қарастырылмайды. Бұның бәрі тәжірибелік қызметте кері әсерлерге әкеліп соқтырады.

Жеңіл, тамақ, машина жасау салалары кәсіпорындарының ерекшеліктері олардың активтеріндегі айналым қаражаттарының көлеміне байланысты. Сондықтан бұл салалар кәсіпорындарының айналым қарыжаттарын ұйымдастыру мен тиімді қолдану мәселелері қор сыйымдылықты салаларға қарағанда жоғары. Бұл салалар кәсіпорындарда айналым қаражаттарын жоспарлау мен қолдану мәселелеріне көңіл бөлінбейді. Айналым қаражаттарының нормалануы барлық кәсіпорындарда бірдей жүргізілмейді, ал нормативтердің есептелуі мен түзетілуі жүргізілсе де, тұрақты түрде емес және тек өндірістік қорлар бойынша ғана. Ескірген әдістерді қолдану есептеулердің нақтылығын барлық кезде қамтамасыз етпейді.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері - Алматы облысының орналасқан «Ұлан» ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, кәсіпорынның айналым капиталын, айналым қаражаттарын, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады. Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен анықталады. «Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару мен талдау» деп аталған екінші тарауда «Ұлан» ЖШС-і мысалға алынып, оның жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.

«Кәсіпорынның айналым капиталын тиімді басқару және жетілдіру жолдары» деген үшінші тарау кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне, «Ұлан» ЖШС қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына арналады.

Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-құқықтық құжаттар зеттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және «Ұлан» ЖШС мәліметтері пайдаланылды.

Бөлім - І Айналым капиталының экономикалық мәні және

ұйымдастырушылық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның айналым активтерінің жіктелуі мен қалыптасу көздері

Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің бірден бір құрылымдық бөлігі болып табылады. Оларды қолданудың жағдайы мен тиімділігі - кәсіпорынның табысты қызмет істеуінің басты шарты. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа алғышарттарын анықтайды. Жоғары деңгейдегі инфляция, төлемқабілетсіздік және тағы басқа дағдарыстық көріністер кәсіпорындарды айналым қаражаттарын басқару саясатын өзгертуге, оларды толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді.

Өндірісті тоқтатпаудың бірден бір шарты - оның материалдық негізін, яғни өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отыру. Өз кезегінде, бұл өндіріс құралдардың айналым ретіндегі үздіксіз қозғалуына жағдай жасайды.

Өзінің айналысында айналым қорлары кезектесе ақша, өндіріс және тауар түріндегі формасына өзгереді, бұл олардың өндіріс қорлары және айналыс қорларына бөлінуге сәйкес келеді.

Өндіріс қорларының материалдық негіздері өндіріс құралдары болып табылады, ал бұлар еңбек заттары мен еңбек құралдарына бөлінеді. Дайын өнім ақша құралдары және есертегі құралдармен бірге айналыс қорларын түзеді.

Кәсіпорын қорларының айналысы шикізат, материалдар, жанар-жағар май, отын және тағы басқа өндіріс құралдарын аванстық құнымен ақшалай нысанда сатып алудан басталады - бұл айналыстың бірінші сатысы. Нәтижесінде ақша құралдары өндірістік құралдар нысанына өзгеріп, айналыс аясынан өндіріс аясына ауысуды сипаттайды. Мұнда құн шығындалмай, тек авансталады, себебі айналыс біткеннен кейін ол қайтарылады. Бірінші сатыда тауар ауысу аяқталады, бірақ айналыс аяқталмайды.

Айналыстың екінші сатысы өндіріс процесінде жүргізіледі, мұнда жұмыс күші жаңадан құрылған және әкелінген құны бар жаңа өнім жасап, өндіріс құралдарының өндірістік тұтынуын жүзеге асырады. Аванстық құн қайтадан өзінің нысанын ауыстырады - өндірістік нысаннан ол тауарлыға ауысады.

Айналыстың үшінші сатысы шығарылған дайын өнімді сатып, ақша құралдарын алудан тұрады. Бұл сатыда айналым қаражаттары қайтадан өндіріс аясынан айналыс аясына ауысады. Тоқтатылған тауарлы айналыс жалғастырылып, құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға көшеді. Өнімді шығаруға, сатуға кеткен және шығарылған өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары сомасы арасындағы айырма кәсіпорыннң ақшалай қорларын түзеді.

Бір айналысты бітіргеннен кейін айналым қаражаттары жаңа айналысқа түсіп, үздіксіз айналысты құрайды. Тек осы айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысы өндіріс және айналыс процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын қорлары айналысының талдауы аванстық құнның кезектесе әртүрлі нысанға ауысып отыруын ғана емес, бірақ әр уақытта белгілі мөлшерде бұл нысандарда болып отыруын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, аванстық құн айналыстың әрбір мезетінде әр түрлі жақтармен біруақытта ақшалай да, өндірістік те, тауарлы нысанда да болып отырады.

Кәсіпорын қорларының айналысы тек белгілі бір аванстық құнның ақшалай нысанда болу шартымен ғана жүзеге асырылады. Айналысқа түскенде, ол енді оны жоғалтпайды, тек қана өзінің қызметтік нысандарын ғана өзгертіп отырыды. Көрсетілген ақшалай нысандағы құн кәсіпорынның айналым қарыжаты болып табылады.

Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде болады. Олар материалдық негіз болып табылады, себебі олардан дайын өнім алуға болмайды. Ақшалай нысанда айналым қаражаттары айналыс процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған ондіріс, дайын өнім нысанына ауысады. Тауарлы-материалдық құндылықтарға қарағанда айналым құралдары шығындалмайды, шығарылмайды, тұтынылмайды тек қана айналыс аяқталғаннан кейін қайтарылып, келесі айналысқа түскенде авансталады.

Авансталу мезеті айналым қаражаттарының ең маңызды және ерекшелікті мінездемесі болып табылады, себебі ол экономикалық шектеулерді орнатқанда маңызды рөл атқарады. Айналым қаражаттарының уақытша сипаттамасы болып қорларды тоқсандық немесе жылдық көлемі емес, ал бір айналысы ғана табылуы қажет.

Сызба1. 1 - Айналым қаражаттарының айналысы

Кәсіпорындардың тиімді жұмыс жасауы үшін өндірістік бағдарламаға сәйкес шикізат, материалдар, жанармай, тез тозатын құралдар болуы қажет . Нарық қажеттігін толығымен қамтамасыз етуде әрбір кәсіпорын дайын өнімдер қорын да қалыптастыруға міндетті. Әртүрлі шарттарға сәйкес дайын өнімді жеткізуге және есеп айырысуда кәсіпорын елеулі қаржыны дебиторлық қарыздарға жатқызады. Өз кезегінде мерзімді түрде өз қаражаттарын тез арада өтеу үшін кәсіпорын кассасында, есеп айырысу шотында немесе басқа шоттарда ақша қаражаттарын ұстау қажет. Еркін, яғни бос ақша ақша қаражаттары құнсызданып кетпеуі үшін және қосымша пайда алу үшін қаржының бір бөлігін құнды қағаздарға орналастыруға мүдделі. Бұның барлығы капиталдың бір бөлігін айналым активтеріне салымды жасау керектігін қажет етеді.

Кәсіпорынның айналым активтерін мақсатты түрде басқару үшін олардың жіктелуі қажет. Қаржы менеджменті түрғысынан айналым активтерінің жіктелуі келесі белгілер бойынша жүргізіледі:

  • айналым активтерінің қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі;
  • айналым активтерінің түрлері;
  • айналым активтерінің операциялық рпоцеске қатысу мінездемесі;
  • айналым активтерінің қызмет ету кезеңі бойынша.

Қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі бойынша айналым активтері келесідей жіктеледі:

  • кәсіпорынның жалпы активтері- меншік және қарыз капиталы негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі. Кәсіпорынның қорытынды балансында олар активтің 2 (екінші) және 3 (үшінші) бөлімдерінің сомасы ретінде көрсетіледі;
  • кәсіп орынның таза айналым активтері(таза жұмыс капиталы) - меншік және ұзақ мерзімді қарыз капитал негізінде құрылады. Таза актив сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

ТАА=АА - ҚҚМ (1. 1)

Мұндағы ТАА-кәсіпорынның таза активтерінің сомасы;

АА-кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің сомасы;

ҚҚА- кәсіпорынның ағымдағы қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері;

  • меншік айналым активтері- кәсіпорынның меншік капиталының негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі. Кәсіпорын меншік айналым активтерінің сомасын келесі формула арқылы есептейді:

МАА = АА - ҰҚҚ - ҚҚМ (1. 2)

Мұндағы МАА-кәсіпорынның меншік айналым активтерінің сомасы;

АА- кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің сомасы;

ҰҚҚ- кәсіпорынның айналым активтеріне инвестицияланған ұзақ мерзімді қарыз капиталы;

ҚҚМ- кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.

Егер кәсіпорын айналым қорларын қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді қарыз капиталын қолданса, онда өзіндік және таза айналым активтерінің сомалары сәйкес болады.

Айналым активтерінің түрлері белгісі бойынша айналым активтері былай жіктеледі:

  • шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін иатериалды ағымдарын мінездейді;
  • дайын өнім қорлары. Бұл айналым активтері сатуға арналған қор формасындағы дайын өнімді көрсетеді. Қаржы менеджменті тәжірибесінде айналым активтерінің бұл түрінде аяқталмаған өндіріс көлемін де жатқызады;
  • дебиторлық қарыз. Ол тауар, жұмыс, қызмет, берілген аванс есебі бойыншажеке және заңды тұлғалардың кәсіпорынға деген қаржылық міндеттемелерін көрсетеді;
  • ақша қаражаттары. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оларға ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаттарының қалдығы ғана емес, қысқа мерзімді қаржылық салымдар сомасы да жатады;
  • айналым активтерінің басқа да түрлері. Оларға жоғарыда көрсетілген түрлерге енбейтін, жалпы сомасында көрсетілетін айналым активтері жатады. Мысалы: болашақ кезең шығындары.

Операциялық процеске қатысу мінездемесі бойынша айналым активтерінің жіктелуі былай болады:

  • кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым активтері;
  • кәсіпорынның қаржылық циклін қамтамасыз ететін айналым активтері.

Кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым активтеріне шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары, аяқталмаған өндіріс көлемі және дайын өнім қорлары жатады.

Кәсіпорынның қаржылық(ақшалай) циклін қамтамасыз ететін айналым активтеріне дебиторлық қарыздар жатқызылады.

Айналым активтері қызмет ету кезеңі бойынша келесідей жіктеледі:

  • айналым активтерінің тұрақты бөлігі;
  • айналым активтерінің айнымалы бөлігі.

Айналым активтерінің тұрақты бөлігі - бұл активтердің көлемі кәсіпорынның қызметінің маусымдық және де басқадай ауытқуларына байланыссыз болатын бөлігі. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның операциялық қызметін іске асыру үшін қажетті айналым активтерінің төмендейтін минимумы.

Айналым активтерінің айнымалы бөлігі - бұл айналым активтерінің өндіріс көлемі мен өнім сатудың маусымдық өсуімен, бөлек кезеңдегі тауарлы-материалды қорларды маусымдық сату үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметін ұйымдастыру қажеттігімен байланысты бөлігі. Ол айналым активтерінің жрғары және орташа бөлігін құрайды.

Айналым қаражаттары тек материалды ғана емес, ақшалай ресурстарды да құрайтындықтан, оларды ұйымдастыру мен қолдану тиімділігіне материалдық өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да байланысты болады.

Айналым активтерінің қалыптасу көздері

Кәсіпорынның айналым қаражаттары айналыстың барлық сатысында олардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін, өндірістің қажеттіліктерін ақшалай және материалды ресурстармен қамтамасыз ету үшін, есептердің уақтылығын және толықтылығын, айналым қаражаттарының қолдану тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Айналым қаражаттырының барлық қаржыландыру көздері былай бөлінеді:

- Меншік;

- Қарыз;

- Тартылған.

Меншік қаражаттар айналысты ұйымдастыруда басты рөл атқарады, себебі жұмыс рентабельді болуы үшін және қабылданған шешім үшін жауапкершілігі болуы үшін коммерциялық есептесу негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың мүліктік және оперативті тәуелсіздігі болу керек.

Айналым қаражаттары қалыптасуы кәсіпорын ұйымдасқан кезде, оның жарғылық қоры қалыптасқан кезде өтеді. Бұл кезде айналым қаражаттарының қалыптасу көзі кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары болып табылады. Жұмыс процесінде айналым қаражаттарының толықтыру көзі алынған пайда және айналым қаражаттарына теңестірілген тұрақты пассивтер. Бұл қаражаттар кәсіпорын мүлкіне жатпайды, бірақ үнемі оның айналысына қатысады. Бұндай қаражаттар айналым қаражатының сомасының минималды қалдығы ретінде қалыптасу көзі болып табылады. Оларға жататындар: кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы бойынша айдан айға өтетін минималды қарызы, болашақ шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет алдында және бюджеттен тыс қорлар алдындағы минималды өтетін қарыз, тауар үшін алдын ала толемақы ретінде алынған несиегерлердің қаражаттары, қайтарымды тара үшін кепілдер бойынша төлеушілердің қаражаттары, тұтыну қорының өтемелі қалдықтары және тағы басқа.

Шаруашылықтың айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті қысқарту үшін және оларды тиімді қолдануды ынталандыру үшін қарыз қаражаттарын тартқан жөн. Қарыз қаражаттары айналым қаражаттарына деген уақытша қосымша қажеттілікті қанағаттандыратын банктің қысқа мерзімді несиелері.

Айналым қаражаттарын қалыптастыру үшін қажетті несиелерді тартудың негізгі бағыттары мыналар: өндірістің маусымдық процесімен байланысты шикізат, материалдардың маусымдық қорларын және шығындарын несиелеу, меншік айналым қаражаттарының жетіспеушілігін уақытша толықтыру, есептеулерді жүргізу.

Экономиканы әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында қарыз қаражаттары айналым қаражаттарын қаржыландыру көздері ішінде үлкен үлесте болады. Осылайша, 1965 жылы айналым қаражаттарын құру көздері құрылымында несие үлесіне 42, 6%, 1975 жылы- 47, 3%, 1977 жылы- 47, 1%, 1988 жылы- 47, 6% тиді. 1988 жылдан айналым қаражаттарын құру көздеріндегі несие үлесі төмендей бастады. Осылайша, 1989 жылы ол -40, 5%, 1990 жылы -24, 2% болды. Келесі жылдары несие үлесі қайтадан жоғарыла бастады да, 1995-1998 жылдар аралығында қайтадан 40, 5% -ға жетті.

Бұл көрсеткіш динамикасы сипатының алғышарты - объективті экономикалық процестер. 80 - 90 жылдардың басындағы несие үлесінің азаюын коммерциялық несиенің дамымаған жүйесіндегі кәсіпорындардың орталықтандырылған несиеленуінің қысқаруымен түсіндіруге болады.

Коммерциялық банктер жүйесінің тұрақтануымен, коммерциялық несие көлемінің өсуімен бірге кәсіпорындар қаражаттарының қалыптасу көздерінің құрылымдағы несие ресурстарының үлесі де жоғарылады.

Сонымен, экономиканы басқарудың нарықтық жүйесіне көшкнде несиенің айналым қаражаттарының көзі ретіндегі рөлі азайған жоқ. Кәсіпорындардың айналым қаражаттарына деген шектен тыс мұқтаждығын жабу қажеттігімен бірге банктік несиенің мәнін шарттайтын жаңа факторлар пайда болды. Бұл факторлар ең алдымен отандық экономиканың өтпелі даму сатысыиен байланысты. Олардың бірі инфляция болады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына инфляцияның деген әсері көп жақты болады: ол тура және жанама әсер етті. Тура әсер айналым қаражаттарының айналыс ішіндегі құнсыздануымен сипатталады, яғни, айналыстан кейін кәсіпорын шығарылған өнім үшін алған пайданың құрылымында айналым қаражаттарының авансталған сомасын қайтарып алмайды.

Жанама әсер инфляция себебімен болған ақы төленбеу дағдарысына байланысты қаражаттар айналысының баяулауымен сипатталады. Ақы төленбеу дағдарысы туындауына тағы да мыналар себеп болады: еңбек өнімділігінің төмендеуі; өндірістің шекті тиімсіздігі; кейбір басшылардың жаңа жағдайларға бейімделе алмауы; жаңа шешімдер іздестіру, тауар ассортиментін өзгерту, артық және керексіз активтерді сатып, өндірістің материал және энергия сыйымдылығы төмендету; қарыздарды төлемеуге жағдай жасатын заңдылықтардың кемшілігі.

Ақы төлемеумен күресу және қаржылық қолдау мақсатында кәсіпорындардың айналым қаражаттарын толықтыру үшін көп қаражаттар бөлінеді. Бірақ барлық кезде бірдей бөлінген қаражаттар қажетті мақсатта қолданбайды, бұның қатты инфляциялық әсері бар.

Көрсетілген есептер кәсіпорындардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз ретінде сақталатын айналым қаражаттарының көзі болатын қарыз қаражатына деген қызығушылығына шарт болады. Бұл жағдайда айналым қаражаттарының көзі болатын несие қолданудың шектері туралы сұрақ туындайды. Бұл сұрақ екі жақты - несие қолданудың кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпы, соның ішінде айналым қаражаттарының ықпалмен жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Айналымды активтердің жіктелуі
Айналым капиталының экономикалық мазмұны
Ағымдағы активтердің айналысы
Айналым активтері
Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау
Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі және оның себептері
Компанияның ақша айналымын басқару
Ұзақ мерзімді қаржылық шешімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz