Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I бөлім: Инфляция . әлеуметтік.экономикалық құбылыс.
1.1 Инфляция көпфакторлы құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Инфляцияның түрлерін жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.3 Инфляцияның себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II бөлім: Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай.
2.1 Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны ... ... ... ... ..11
III бөлім: Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары.
3.1 ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.2Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның
көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл
әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл
атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі
инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның
ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау
қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма
инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ.
Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі
проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада
2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы
макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл стандартты
емес нарықтық құрылым.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың
құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса,
бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан
артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық
сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың
көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына
байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын
уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып
инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын
инфляция локальді сипатта болса, ал қазір – күнделікті, барлық орамды;егер
бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта
болса, ал қазір – хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана
емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның
турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция
және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ
теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және
басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның
негізгі себептері ашылған.
Екінші және үшінші бөлімдерде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі
мен табыс нормалары, экономикалық және әлеуметтік шиеленістердің асқынуы,
халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің
әдістері туралы айтылады.

I- бөлім: Инфляция – әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
1. Инфляция көпфакторлы құбылыс.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе
жатыр. Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі
жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде
қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы
деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы
қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде
құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі
кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы
дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық
пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс
қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының
дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда.
Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және
экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан
инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен
байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті.
Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық
пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі
сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының
өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы
өзгеріс болып табылады.
Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша
айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің
бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және
шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз
ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.

1.2 Инфляцияның түрлерін жіктеу.
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай
типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1.Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін
2.Шоқырақтау – жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3.Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономистер инфляцияның бірқалыпты (баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша
оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар
мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.
Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне
сәйкес бағаларды реттен отыруға мүмкіндік береді.
Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір қиын жағдай,
біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп,
оған икемделе береді.
Гиперинфляция – инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық,
көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып
табылады. Гиперинфляциянда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке
артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың асу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді. Мәселе
мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын
олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі,
екіншісі – тауардың жоғарлуы.
Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын
байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми
түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін.
Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына
байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс)
құнсызданады.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:
1.Бағаның өсу қарқыны (баға индексі).
2.Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.
3.Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі
және гиперинфляция деп ажыратылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең
емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты –өзгермейді,
ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі
өзгеріп тұрады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты
және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент
кесімі (ставкасы) де өседі. Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық)
сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы
бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу
факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі
жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі
жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін
инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның
10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Тосылған инфляциясы тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған
инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен
жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен
көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта
қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін
болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың
инфляциялық, тосу психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына
қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның
уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама
оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар
бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын
қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді,
бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына
келеді.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО)
– да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді
(бұл нарық шартына сәйкес) және тепе-теңдіктен төмен болады. Содан дефицит
пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді
сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан ақша өндірісті айналып
өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта
болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен
туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-
ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы
ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Өнімнің көтерме бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен
байланысты өсіп отырады. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды
мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек
сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына
байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек
саудада болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады. Мұның
барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.
Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті
концепция ретінде сұраным инфляциясы және ұсыныс инфляциясы анықталады. Бұл
концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады. Сұраным
инфляциясы жалпы сұраным арасындағы тепе – теңдіктің сұраным жағынан
бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және
еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына
қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық
мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы шығын, жалпы баға деңгейі өседі.
Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайды айналымдағы артық төлем
ақша массасы шектеулі. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының
өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл
бағаның өсуіне итермелейді. Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын
инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне және энергия мен
шикізатқа бағаны көтереді.

1.3 Инфляцияның себептері.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі
диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі
себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен
табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы.
Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық
банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған
болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны
қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру
жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін
болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық
құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа
фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен
ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға
ұмтылады. Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың
дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де
шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің
өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын
ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның
себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы
қалыптасады.
Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады. Инфляция
ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі бағыттан тұрады:
инфляцияның Кейнс теориясынан, монетаристік сандық тұжырымдамадан, төтенше
шығындардың теориясынан.
Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің кірістері
мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың көбеюіне олардың
әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың өсуіне әкеліп
соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның өсуіне себепші
болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері ретінде қағаз
ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді. Төтенше
шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн) бойынша
жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.
Бағаның өсуінің шын мәніндегі инфляциялық себептерден маңыздыларын
бөлуге болады. Біріншіден, айналымға жіберілген ақшалай салмаққа мемлекет
жағынан бақылаудың жоқтығы. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттің тапшылығында
айқындалатын мемлекеттік шығындардың теңгерімсіздігі. Егер бұл тапшылық
жаңа ақшалай массаны басып шығару арқылы толтырса, онда айналымда ақшалар
массасының өсуіне әкеліп соқтырады. Экономиканы милитеризациялаумен
байланысқан бюджеттік шығындар, әсіресе инфляциялы қауіпті болып табылады.
Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджеттің хроникалық тапшылықтарының
басты себептерінің бірі болып табылады. Үшіншіден, ХХ ғасырда бағалар
деңгейінің жаппай жоғарлауы нарық құрлымының өзгеруімен байланысты. Қазіргі
замандағы нарық айтарлықтай дәрежеде олигополистік болып табылады.
Олигополист бағанның үстінен едәуір билік жасауға ие. Төртіншіден,
кәсіподақтардың қызметі. Мысалы, ұзақ инфляция, 60-шы жылдардың аяғында, 70-
ші жылдарда көптеген кәсіподақтарды еңбек келісімшарттарына инфляцияны
есепке ала отырып, кірістерін автоматты түрде түзететін өмір қүнының
өсіміне түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Бесіншіден, экономиканың рационалды
емес құрылымы, бір сала екіншісіне залал келтіре отырып шеттен тыс дамуы.
Инфляцияның пайда болу себептері сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін.
Сыртқы себептерге көбінесе мыналар жатады: сыртқы саудадан түсетін
түсімдердің қысқаруы, сыртқы саудалық және төлем балансының теріс
сальдосы, шикізат пен мұнайға бағаның бірнеше есе өсуімен сүйемелденетін
құрылымдық әлемдік дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық).
Қазақстандағы инфляциялық құбылыс, мысалы, қазақстандық экспорттың маңызды
бабын құрайтын жағармайға әлем нарығында бағаның құлауын күшейтті, сондай-
ақ астықтардың едәуір импорты жағдайларында астық нарығындағы қолайсыз
коньюнктура. Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне айырбастауы қағаз
ақшаларының қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, бұл инфляцияға
апарады.

II бөлім: Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай.
2.1Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының жағдайы
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін
және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму
процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық
диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте
диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер
пайда болады.
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық
өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп
отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды
бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
3) шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы
диспропорция;
4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы
сәйкессіздік;
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы
диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық
өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір
10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы
инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі
мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция. Тіпті бұрынғы Одақтас
Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы
негізінен Кенес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының
шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда
өндірілетін шикізат өнімдерінін 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал
өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан
тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар
тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу
үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын.
1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы
2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция
қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана,
Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде
100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық
деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс
теңгенің тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт кұлдырап
кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл
шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60%-ке қысқарды.
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең
экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы
экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.
Реформаның барлық кезеңінде кейде әсіре инфляцияға арналған өршімелі
инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну
бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық
қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға
жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде
инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға
көтерілді.
ҚР Ұлттық банкісі жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай
өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы
деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. -
1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция
себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
-ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар
тапшылығы;
-өндірілген өнімдерге энергетикалық, материалдардың, еңбектің жоғары
мөлшерде жұмсалуы;
-өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік
берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;
-мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз
ақша шығарады;
-мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
-басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.
Инфляция жағдайында Үкімет қымбат ақша саясатын ұстануға мәжбүр
болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте
жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы)
саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен
нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды,
жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру
салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай
өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан калыптасқан өндіріс
аралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Инфляцияны тез ауыздықтау Казақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық
реформаны құқық бойынша ресімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды.
Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды
экономикалық зандарды қабылдады: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң,
"Салықтар жәнс бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жаңа
заң, "Бюджеттік жүйе және басқалар туралы" заң.
Үкімет "Стратегия-2030" сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-
6% шамасында болуына ұмтылып отыр. Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
- ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатты қаталдандырады;
- ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық
механизмді дамытады;
-жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай
бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
- бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын
көздерді пайдаланады;
- мемлекеттік құнды кағаздардың айналым мерзімін ұзартады және
т.б.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық
жєне күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық
түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын,
айналымдағы ақша көлемін кадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне
жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл
әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған
Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша-несие
арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты үзақ мерзімдік стратегиялық даму
саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж.
арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы
Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан
Үкіметі 2001-2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын
қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-
экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық-әлеуметтік
бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын
стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда
да монетарлық-қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы
қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет
тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы
болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан жәнге осығарн
байланысты мемелкет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы
Қазақстанның егемендінгі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991 ж.
бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %, 1993 – 11,9 %,1994 –
10,2 %,1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7 %, 1998 – 18 %, 1999 –
14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2003 жылы
республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ - ге 0,11
%) құрады.
Қазақстандағы инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған
жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28 % қосылған құнға салынатын
салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу,
өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражатт ар аударымдарын экономиканы
жаңарту қорына, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік
қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды
бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды жүргізу
мүмкіндігін туғызды.
Қазақстанда инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын
кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит
үшін төлем ақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, бағаның
өсуіне соқтырады.
Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті
(балама) концепция ретінде сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы
анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себебтері (механиз-
моделі) қарастырылады. Сұраным инфляциясы жалпы сұраным мен ұсыным
арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде
мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске
қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және
тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы
мүмкін. Осы жағдайларды байланысты айналымға артық ақша массасы шығып,
жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған
жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап
болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын
график түрінде 1 – суретте көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы
сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика
жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса,
бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.

Шығындар инфляциясы график түрінде 2 - суретте көрсетілген:

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным
қисығы солға қарай жилжыды (AS2 - AS1), баға даңгейі өседі (Р1 –Р2)
өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады.
Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін
бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық
топтар үшін бірдей болмайды. Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен
ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды.
Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.

ХХ – ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін
бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің
бірде – бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар
тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың
құлдырау жағдайында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Инфляция - пайда болу себептері және онымен күресу жолдары
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Инфляцияның теориялық аспектілері
Пәндер