12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. 12 Жылдық білім беру жүйесіне көшудің әлеуметтік .
педагогикалық алғышарттары
1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің жалпы сипаты ... ... 6
1.2 Жалпы орта білім берудің әлемдік даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ..15
1.3 Қазақстан Республикасындағы жалпы орта берудің кезеңдері ... ... ... 19
1.4 Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

2. 12 жылдық білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық . психологиялық алғышарттары
2.1 12 жылдық білім беруге мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық .
психолгиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 12 жылдық мектептегі құзіреттілік тұрғы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.3 12 жылдық мектептің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.4 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мен бағалау жүйесі ... ... ... ..40
Эксперименттік бағдарламалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
Қосымша

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы және этиникалық педагогика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

12. жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық
шарттары

Орындаушы
4. курс студенті___________________________ __________Н.Ж.Орманбекова
( қолы , күні )

Ғылыми жетекші
п.ғ.к.,профессор___________________ ___________________Қ.Ж.Аганина
( қолы , күні )

Рецензент
п.ғ.к ___________________________________ ________Қ.А.Жұмағұлова
( қолы , күні )

Норма бақылаушы
Жалпы және этникалық
педагогика кафедрасының
оқытушысы ___________________________________ ______А.С.Сатывалдиева
( қолы , күні )

Қорғауға жіберілді

"______"___________2007ж.

Жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының меңгерушісі
п.ғ.д.,профессор___________________ __________________З.А.Исаева

Алматы 2007
ТҮЙІН
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық
шарттары
Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі.
Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық-
психологиялық бейімдеу процесі.
Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге
педагогикалық-психологиялық
бейімдеу бағыттарын
айқындау.
Зертеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға
енгізуге
бейімдеу
- Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу.
- Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз
ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де жалпы орта білім берудің тәлім
– тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми педагогикалық
тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық білім берудің педагогикалық –
психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса осы білім беру
жүйесін енгізуде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі арта
түсер еді .
Жұмыстың көлемі : 71 бет
Әдебиеттер тізімі : 50
Кесте саны : 4
Сурет саны : 5
Қосымша : 1

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. 12 Жылдық білім беру жүйесіне көшудің әлеуметтік –
педагогикалық алғышарттары
1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің жалпы
сипаты ... ... 6
1.2 Жалпы орта білім берудің әлемдік даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ..15
1.3 Қазақстан Республикасындағы жалпы орта берудің
кезеңдері ... ... ... 19
1.4 Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу

саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

2. 12 жылдық білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық –
психологиялық алғышарттары
2.1 12 жылдық білім беруге мұғалімдерді даярлаудың
педагогикалық –
психолгиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..27
2.2 12 жылдық мектептегі құзіреттілік
тұрғы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 35
2.3 12 жылдық мектептің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 7
2.4 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мен бағалау
жүйесі ... ... ... ..40
Эксперименттік
бағдарламалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..68

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының егемендік
алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін
ізгілендіру мен өскелең ұрпаққа білім беруді реформалау мәселесі
туындады.
Мамандардың пікірінше , бүгінгі мектеп түлектері жаңа
өндірістік және экономикалық қатынастарға енуге даяр, бәсекелік
қабілетті, кәсіптік икемділік пен бейімділік, ауқымды политехникалық
біліктілік сияқты тұлғалық қасиеттерге толық ие болуы қажет.
ХХI ғасырда еліміздің білім беру жүйесіндегі жалпы
және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің
негізілуі уақыт талабы болып отыр .Осының негізінде
мектептердегі білім беру жүйебін 12 жылға ұзартуды
таза психологиялық – физиологиялық жағынан алғанда құптау
керек .
Елімізде осы мәселені қарастырып жүргендер :
Г.Қ.Айқынбаева , М.Садықов , Н.В.Власова , С.Б.Тайманова ,
С.Д.Мұқанова , Ә.Дүйсебек , А.А.Семченко , М.Ж.Жадрина ,
Н.А.Заграничная , Ү.Б. Жексенбаева
Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан
түрлілігін , еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім
беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен
өзгертті.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапалық негізін
құрайтын , елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің
аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қазіргі білім
беру жүйесінің ролі мен мәні арта түседі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізіне
педагогика , психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру
, білім беру , тәрбиелеу туралы ілімдері , теория мен тәжірибе
арасындағы байланыстар туралы қағидалары алынды .
Зерттеу көздері.Қазақстан Республикасында қабылданған
ресми құжаттар ,( Қазақстан Республикасының Конституциясы ,
Білім туралы Заң ),сонымен қатар 12 жылдық жалпы орта
білім беру Тұжырымдамасы , ғалымдардың , педагогтардың осы жүйе
туралы зерттеулері , еңбектері .
Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі.
Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық-
психологиялық бейімдеу процесі.
Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге
педагогикалық-психологиялық
бейімдеу бағыттарын
айқындау.
Зертеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға
енгізуге
бейімдеу
- Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу.
- Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз
ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау.

1 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің әлеуметтік-
педагогикалық алғышарттары.
1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің
жалпы сипаты .
1.2 Жалпы орта білім берудің әлемдік даму тендециясы.
1.3 Қазақстандағы жалпы білім берудің кезеңдері.
1.4 Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу
саясаты.

2. 12жылдық білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктері.
2.1 12 жылдық білім беруге мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық
-
психологиялық ерекшеліктері.
2.2 12 жылдық мектептегі педагогикалық – психологиялық
диагностика.
2.3 12 жылдық білім берудегі құзіреттілік тұрғы .
2.4 12 жылдық мектептің құрылымы
2.5 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту және бағалау жүйесі

Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де
жалпы орта білім берудің тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері мен
мазмұны ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық
білім берудің педагогикалық – психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс
ұйымдастырылса осы білім беру жүйесін енгізуде атқарылған
жұмыстардың нәтижелілігі арта түсер еді.

1.12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК –
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .

1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің
жалпы сипаты .
Білім саласындағы жоғарғы сапалы реформалар мемлекет
пен қоғамның экономикасының тұрақты дамуының кепілі болып
табылады.Қазақстан Республикасының білім жүйесінде жүргізіліп
жатқан реформалардың негізгі мақсаты – Жаһандану заманындағы
нарықтық экономика уақытында азаматтарға сапалы да заманға сай
білім берумен қамтамасыз ету.Білім саласын реформалау жаңа
құқықтық, ғылыми - әдістемелік , қаржылық жағдайларды құрумен
қатар , кадрлық мәселені де дұрыс , толыққанды шешуді қажет
етеді.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Б.А.Қ өкілдерімен бір
кездесуінде , олардың сұрақтарына жауап бере отырып , былай деген
еді: Қазіргі экономиканың қарқынды даму кезеңінде әлеуметтік
сфера мәселелерімен тұрақты айналысатын уақыт болды ... .Мұнда өз
шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелер бар , орта және жоғарғы
білім берудегі заманауи реформаларды аяқтау керек. [ 1 ]
Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасына
сәйкес 12 жылдық білім беруге сәйкес 2008 жылдың
қыркүйек айынан басталмақшы. Осы күнде 12
жылдық білім берудің Мемлекеттік жалпыға бірдей орта
білім беру стандарты дайындалып , соған сәйкес пәндік
бағдарламалар дайындалуда .Осыған орай 12 жылдық білім
беру мәселесін жүзеге асыруға жалпы білім
саласы қызметкерлерін бейімдеу мәселесі
өзекті болып табылады.
Білім беру жүйесін реформалау
барлық елдерде жүргізіліп отырады.
Шетелдерде жүргізілген білім бе ру саласындағы
реформалар қоғамның тікелей қажеттіліктеріне
байланысты . Өзіндегі жағдайға байланысты әр
мемлекет реформа жүргізуде өзіндік
мақсаты мен міндеттерін айқындап алады.
Адамзат дамудың постиндустриалдық , ақпараттық
қоғам дәуіріне өтіп , гуманитарлық , экономикалық және экологиялық
қарама - қайшылықтардың шйеленісуі , қоғамдық және экономикалық
даму кеңістігіндегі жаһандану құбылысының өрістеуі
сияқты проблемалармен кездесіп отырған қазіргі күрделі кезеңдерде
әрбір мемлекет адам капиталын молайту , оның мәдени -
интеллектуалдық деңгейін көтеру , саяси ұлтаралық ,
конфессиярлық әлеуметтік және гендерлік теңсіздіктер мен
жанжалдардың алдын алу , қылмыс пен террорлық әрекеррерді
азайту , қоршаған табиғи ортаны сақтау , салауатты өмір
салтын қалыптастыру сияқты мәселелерді шешудің ,
бірден – бір пәрменді және кешенді жолы есебінде білім
жүйесін жетілдіріп , оны тұрақты даму деңгейіне
көтеруге ерекше мән берілуде.
2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының Жапон мемлекетінің ұсынысы бойынша
2005 – 2014 жылдары " Білімді тұрақты дамыту декадасы
" болып жарияланды. Бұл декада адамзат алдындағы
ғаламдық проблемаларды барлық елдердің білім
жүйесін бір кеңістікте өзара үйлестіріп , қарқынды
және тиімді дамыту арқылы шешу ,
әлемдік білімнің философиясы мен әдіснамасында
іргелі жаңғырулар енгізіліп , білім жүйесінің
алдында адамдардың болашаққа бағдарланған ноосфералық
ой - өрісін , гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру
, әрбір тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттерін
толық және жан – жақты жүзеге асыру , ғаламдық
проблемаларды әлемдік бір кеңістікте қарастыра отырып
рухани – интеллектуалдық тұрғыдан үйлесімді шешу мақсаттарын
қойып отыр.
Білімді тұрақты дамыту тұжырымдамасы осыған дейін
ЮНЕСКО аясында 1990 жылы Джомтьенде (Тайланд)өткен Білім
жөніндегі Әлемдік форумда және 2000 жылы Дакарда қабылданған ,
білім саласында алты түрлі басты мақсатта
белгіленген “ Баршаға білім беру ” бағдарламаларымен , 2003 жылы
БҰҰ қабылданған “Сауатсыздықпен күрестің он жылдығы ”
бағдарламасымен астасып жатыр және соларды бір жүйеге
біріктіретін басты бағдарлама.[2]
XX ғасырдың соңы XXI ғасырдың алғашқы жылдары осындай
халықаралық бағдарламалар аясында білім жүйесін жетілдіру
реформаларын жузеге асырған кейбір елдердің
тәжірибелерінен үйренуіміз керек.
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың
2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы осындай әлемдік жоғары талаптар
деңгейіндегі ұлттық білім жүйесін қалыптастыратын ,
адами ресурстарын , интеллектуалдық капиталын молайту , сол
арқылы Қазақстан қоғамының тұрақты даму
деңгейіне көтерілу міндеттерін шешетін іргелі бағдарлама
есебінде бағаланып отыр .
Мемлекеттік бағдарламаның басты бетбұрыстарының бірі
- 12 жылдық орта мектеп жүйесін құру. Қазақстандық
12 жылдық орта мектептің мақсаты оқу мерзімін
ұзарта отырып , ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар
аясында , оқушылардың білімділігін , біліктілігін ,
өзгермелі , бәсекелестік ортада табысты қызмет жасау
қабілеттілігін , өзін - өзі дамытуға және
жүзеге асыруға бейімділігін қалыптастыру , білім
мазмұнын ізгілендіру , білім беру мен басқару
тәсілдерін жетілдіру , білім сапасын бағалаудың
халықаралық стандарттары мен нормаларына көшу ,
әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп ықпалдастыру
болып белгіленген .Қазақстан Республикасын әлемдiк
қоғамдастық нарықтық экономикалы
мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа
тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк
қоғамдастыққа ықпалдаса отырып , экономикада айтарлықтай
өсуге қол жеткiздi.
      Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң , елдiң
экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң
өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң ,
адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта
түседi . Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм
беруге , одан ұтқырлықты , жаңа тарихи кезеңнiң
болмысына бара бар әрекет етудi және экономиканың даму
қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып
әсерiн тигiзедi.[3]
      Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат легiнiң
ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi , бiрақ
ол бiлiм берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды .
Оқитындар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған
бiлiмнiң , дағды – бiлiктiң жиынтығын (бiлiм үстемдiгi)
меңгерiп қана қоймауға тиiс . Оқитындардың өзiн барынша
көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу
үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу ,
талдау , құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын
бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. Қазақстандық
бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру
кеңiстiгiнде лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн
ескiрген әдiснамалық базасы , құрылымы мен мазмұны
жағдайында дамуын жалғастыруда . Бiлiм беру мазмұны
фактологиялық күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам
өмiрiне құзыретті , жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан
қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған . Өңiрлiк
деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген
жүйесiнiң болмауы , бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың
штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың
тиiмдiлігіне керi әсер етеді.

Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi
оқытудың мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы
оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау
жүйесiн енгiзудi көздейдi.
Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер
санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон процестерiне орай
жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен
оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады.
      Сонымен қатар жалпы орта бiлiм беруде өз шешiмiн күткен
проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжiрибесiнiң, авторлар
мектептерiнiң, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудiң қаржылық
тетiгін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы
педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр.[4]
      Ескiргендердi пайдалану және қазiргi заманғы оқу жиhаздары мен
жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсiресе, ауылдық мектептерде)
жоқтығы мемлекеттік жалпыға бiрдей бiлiм беру стандарттары талаптарын
толық көлемде орындауға мүмкiндiк бермей отыр және балалар мен
жасөспiрiмдер денсаулығына керi әсерiн тигiзедi. Республиканың әрбiр
үшiншi мектебiнде пән кабинеттерi: химия, физика, биология, математика
және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.
      256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2 мыңнан астам мектеп күрделi
жөндеуге мұқтаж. Елiмiз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық
орынды құрайды.
      Пәндiк көзқарасқа негiзделген мемлекеттік жалпыға мiндетті бiлiм
беру стандарттары оқушылардың өмiр жолын таңдауына, мүдделерi мен
перспективаларын нақты белгiлеуiне оң негiз бола алмайды. Жоғары сынып
оқушыларының 30%-ы ғана өздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiптік
қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерiнiң 70%-ының
өзiн-өзi бағалау деңгейi өте төмен және өз бетiнше өмiр сүруге дайын
емес. Жоғары сатыда бейiндi оқытудың жетiспеушiлігінен еңбек нарығында
мектеп бiтiрушiлерге деген сұраныс жоқ.
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк
бағдарламасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептердi 100 пайызға
компьютерлендiру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң орталық аппаратының торабы және
облыстық бiлiм департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары
қосылған. Жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарға арналған электрондық
оқулық басылымдары мектеп пәндерiнiң 25%-ын қамтиды. Қашықтан
оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты облысының
717 мектебi қосылған(8,7%).
      Сонымен қатар, ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi - АКТ) дамыту және
оларды бiлiм беру саласында қолдану қажеттіктен
әлдеқайда артта қалуда.
      Қазақстанда бiр компьютерге жалпы бiлiм
беретiн мектептердегі 54 оқушыдан келедi, бұл
ЮНЕСКО-ның деректерi бойынша ТМД елдерiнiң
арасындағы ең жоғары көрсеткiштердiң бiрi (Ресейде - 59).
Сонымен қатар 2002 жылы Экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымы елдерi бойынша бұл көрсеткiш 13-
ке теңелдi, Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиiсiнше
5, 9 және 15-тi құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта
мектептерiнде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та-4.
      Қазiргi таңда Интернет желiсiне қосылуға Қазақстан мектептерiнiң
44%-ы ғана қол жеткiзген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп,
2000 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия
мектептерiнiң 80%-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және
даму ұйымы елдерi бойынша мектептердiң орташа есеппен 52%-ы Интернет
желiсiне шығу мүмкiндiгiне қол жеткiзген.
12 жылдық мектепте медиабілім берудің негізгі тиімділігі.
12 жылдық мектепте білім берудің тиімділігін көтеру үшін оқу-тәрбие
үрдісі қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге сәйкес ұйымдастырылатын
болды. Бүгінде ақпараттық салада едәуір өзгерістер болуда.
Қазіргі таңда барлық оқушылар теледидар, видео және т.б.
құрылғыларды пайдалануға мүмкіндігі бар, көптеген оқушылар компьютерлік
ойындармен қарым-қатынаста. Бұқаралақ ақпарат құралдарының (газет,
журал, кітап, телебағдарламалар, видео және дыбыс жазбалары және т.б.)
кең таралуының барысында жас өспірімдер ақпарат тасқыны соққысының
астында қалуда. Осының әсері жас өспірімдердің ақылы мен жүрегіне
бойлай сіңіп, оны ата-анасы да, мұғалімдері де бақылай алмауда.
Балаларға мектепте берілетін оқу ақпараты жалпы ақпарат тасқыны
ішінде недәуір азырақ орын алады. Бұл бірнеше себептермен байланысты.
Біріншіден, көптеген, БҰА ағартушылық, білім берушілік қызмет
атқарады. Ақпараттық рынок тұтынушылардың талғамына қарай көбірек
бағытталады.
Екіншіден, балалардың теледидар немес видео алдында өткізген
уақыты мектепте болудан асып түсті. Көптеген оқушылардың бір нүктені
басу арқылы бірнеше телевизиялық каналды көруге мүмкіндігі бар. Әрбір
бала қалаған ақпаратты таңдай алады, мысалы, тек спорт, детектив, ойын-
сауық, және т.б. Оқушылар білім туралы, әлеуметтік мәселелер, саяси
қозғалыстар, әлемдегі болып жатқан қозғалыстар жайлы бағдарламаларды
мүлде көрмейді.
Арна арқылы беріліп жатқа масс-медиа кәсіби өз мамандарын
дайындайды. Бұл ақпарат сананың индустриясының өнімі. Сана индустриясы
– тұтынушылардың санасын саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға
байланысты ақпараттармен арбауға бағытталған күшті өндіріс бөлігі.
Әрбір елдің өзіндік ұлттық-мәдени білім дәстүрі бар. Соның
ішіндегі білім берудегі тарихи мұра. Қазіргі оқушыларға мұғалімнің,
газеттің мәтініне, оқулыққа, телебағдарламаларға немесе БҰА-на сыни
көзқараспен қарау ұсыныла ма? Балаларға қандай да болмасын ақпараттық
хабарламаның мәнін түсінуге, бұл кімге тиімді ашуға ұмтылу ұсыныла
ма?
Педагогикалық үрдісте оқытуға орайлы жағдай құру үшін ақпарат
тасқыны жолында пайда болған бөгеттерді жоюға мүмкіндік тудыру қажет.
Мұндай бөгеттергеографиялық, тарихи, мемлекеттік-саяси - экономикалық,
техникаалық, теримнологиялық, тілдік, психологиялық және басқа да
себептермен байланысты болуы мүмкін. 12 жылдық мектептегі медиабілім
берудің негізгі міндеті – оқу үрдісінде педагогикалық тәсілдерді
тауып , коммуникативтік бөгеттерді жеңіп шығу.
Педагогикалық-психологиялық сөздікте медиабілім беру -
оқушыларға бұқаралық қатынас заңдылықтарын үйрететін педагогикадағы
бағыт деп анықтама берілген. Медиабілім берудің негізгі міндеті –
болашақ ұрпақты қазіргі ақпараттық жағдай өміріне түрлі
ақпаратты қабылдауға , адамдардың психикасын түсіне білуге
дайындау болып табылады. [28]
Медиабілім беру тек педагогикамен емес ,
гуманитарлық білім салаларымен де (кинотану, әдебиеттану, театртану),
мәдениеттану, психология (көркем қабылдау, шығармашылық) және т.б.
байланысты. Медиабілім беру педагогикада тек тұлғаның
дамуын ғана реттемейді, оқушылармен сабақ жүргізудің формалары
мен әдістерін кеңейтеді
      Оқу жетiстіктерiн тәуелсiз сыртқы бағалау жүйесi:
ұлттық бiрыңғай тестiлеу ( бұдан әрi - ҰБТ), мемлекеттік
аралық бақылау (бұдан әрi - МАБ) енгізiлуде.
      Дегенмен бiлiм берудiң барлық деңгейлерінің
сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетiгі
бiлiм берудiң қазiргi нақты жай-күйiн толыққанды
көрсете алмайды және басқару үшiн керi байланыстың
объективтi құралы бола алмайды.[5]
      Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң сапасын
бағалау көрсеткiштерi мен өлшемдерi
жетiлмеген , объективтi мониторинг жоқ. Бiлiм беру
сапасын басқару компоненттерi бытыраңқы жұмыс iстейдi.
Оқитындардың жетістіктерiн сыртқы бағалаудың мазмұны ,
мақсаты мен мiндеттерi қазiргi заманғы бiлiм сапасына
деген талаптарға сай емес. Оқитындардың бiлiм деңгейiн
салыстырмалы зерттеулер жөнiндегі халықаралық
бағдарламаларға Қазақстан қатыспайды. Орта бiлiм берудiң
мазмұны мынадай бiлiм беру өрiсiн қамтиды : тіл
және әдебиет , адамтану , қоғамтану, математика ,
информатика , жаратылыстану , өнер , технология, дене тәрбиесi.
      Жалпы орта бiлiм беруде үш сатыны көздейтiн 12
жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.
      I саты - жалпы бастауыш бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 4 жыл, 1-4
сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептiң бағдарламасы
баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабiлетiн ашуға және
дамытуға бағытталған.
      Бiлiм беру мазмұны шетел тiлiн және информатика негiздерiн
ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады.
      I сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметiнде негізгі мектептiң
бiлiм беру бағдарламаларын кейiннен игеру үшiн мыналарды: оқу, жазу,
есептеудiң тиянақты дағдыларын, қарапайым тiлдiк қарым-қатынас
тәжiрибесiн, шығармашылықпен өзiн-өзi көрсетудi, мiнез-құлық
мәдениетiн, жеке гигиена және салауатты өмiр салтының негіздерiн
қалыптастыруға бағдарланған. I сатыдағы оқыту оқушылардың бiлiмiн
аралық бақылаумен және оқу жетiстіктерiн iшiнара мониторингтік
бағалаумен аяқталады.
      II саты - негізгі жалпы бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 6 жыл, 5-10
сыныптар. Оқушылардың ғылым жүйесiнiң базистік негіздерiн игеруi,
олардың бойында адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастағы
биiк мәдениетті, өзiн-өзi тануды және кәсiби бағдарды қалыптастыру
негізгі мектептiң функционалдық қызметiнiң басым бағыттары болып
табылады. Осы сатыда әрбiр пәннiң мазмұны негізгі базалық бiлiм беру
көлемiне қисынды түрде енедi. Оқу пәндерiн таңдау бойынша зерделеу үшiн
оқу жоспарының вариативтiк (өзгермелi) бөлiгі кеңейтiледi, бейiналды
даярлық енгізiледi.
      II саты аяқтанғаннан кейiн орта бiлiм берудiң III сатысында
оқудың одан арғы бейiнін таңдау үшiн оқушылардың қабiлетi және дайындық
деңгейi анықталады. II сатыдағы оқыту оқушылардың қабiлеттерiн,
бейiмдiліктерiн және өткен материалдарды игеру деңгейiн анықтау үшiн
олардың бiлiмiн орталықтандырылған тестілеу түрiндегi аралық бақылаумен
аяқталады.
      III саты - жалпы орта бiлiм беру, бейiндi оқыту, оқыту ұзақтығы -
2 жыл, 11-12-сыныптар.
      Жалпы орта бiлiм берудiң III сатысының бағдарламалары бiлiм
берудiң мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсiбилендiру негізiнде
әзiрленетін болады. Оқушыларды кәсiпке дейінгі тереңдетiлген даярлауды
жүзеге асыру үшiн әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық
және басқа да бағыттар бойынша бейiндi оқытуды енгізу III сатының
қағидатты жаңалығы болып табылады.
      III сатының оқушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабiлетiн
дамытуға ерекше орын бөлiнетiн жеке бiлiм беру бағдарламаларын таңдау
мүмкiндiгі берiледi. Бiлiм алу деген нұсқаудан гөрi әлем, қоғам және
адам туралы жүйеленген түсiнікті игеруге, оларды өз бетінше және
шығармашылық тұрғыдан пайдалана, кеңейте әрi тереңдете бiлу мен оған
ұмтылуға көшу қамтамасыз етiледi.
      Жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру
ұлттық бiрыңғай тестілеумен аяқталады.[6]
      12 жылдық бiлiм беруге көшу кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын
болады. 2008-2009 оқу жылы бiрiншi сынып оқушылары жаңа бағдарлама
бойынша оқи бастайды. 2009-2010 жылдан бастап 5 және 11 сыныптарды 12
жылдық бiлiм беруге көшiру басталады.
     Орта бiлiм беруде:12 жылдық оқытуға көшудiң нормативтiк құқықтық
базасынжасау;
      Бiлiм беру бағдарламаларының базалық және бейiндiк мазмұнын
жетiлдiру, эксперименттік оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-
әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және сараптау;
      Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиетті әзiрлеудi және басып
шығаруды әдiстемелiк қамтамасыз ету, 12 жылдық мектепке арналған оқу
әдебиетін сараптауды ұйымдастыру мiндетi болатын "Оқулық" ғылыми-
әдістемелiк орталығын құру;
      Қазақстандық бiлiм берудiң жаңа моделiне көшуге жағдай жасау үшiн
экономикалық негіздi нығайту қажет. Бағдарламаны iске асыруға қажеттi
қосымша шығыстардың жалпы сомасы 2004 жылдың базалық бағасында 330
812,0 млн. теңгенi құрайды
                1 кесте 12 жылдық мектепке көшуге қажетті ресурстар
                             
2008 2009 2010 2011 2012 2013 Барлығы
Респуб. 23379.8 34036.9 32150.8 26216.8 29484.4 30501.1 175769.8
бюджет
Жергілікті 18022.4 34036.9 21705.1 31552.5 32115.6 32169.3 155042.2
бюджет
Мемлекеттік 41402.2 53514.2 53855.9 57769.3 61600.0 62670.4 330812.0
бюджет

Осы мақсаттар аясында ғылыми - теориялық зерттеулер мен
әлемдік педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып білімнің
мазмұнын өзгертудің төмендегідей бағыттары айқындалуда[6]:
- Білім мен тәрбиенің әдіснамалық негізі есебінде рухани -
мәдени үйлесімділік құндылықтары мен жеке тұлғалың өзіндік
дамуына бағдарланған дүниетанымдық - білімдік парадигманы
басшылыққа алу;
- білім мен тәрбиенің жеке тұлғаның , қоғамның қоршаған
табиғи ортаның , сонымен қатар бүгінгі және келешек ұрпақтың
мүдделері мен қажеттіліктеріне үйлесімді болуы , олардың
ноосфералық мәнділігі , мәдени және экологиялық бағыттылығы;
- Білімнің гуманитарлық мазмұндылығы , антропологиялық ,
тұлғалық бағыттылығы , ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар
негізінде рухани және мәдени қаныққандығы , жасөспірімдердің
жоғары адамгершілік , рухани тазалық , шынайы отаншылдық пен
ұлтжандылық , салауаттылық пен мәдениеттілік , коммуникативтілік
пен толеранттылық қасиеттерін берік қалыптастыруға бағытталған
оқу мен тәрбиенің тұтастығы мен үйлесімділігі ;
- Білімнің социо – мәдениеттік ортаның даму заңдылықтары мен
өзгеру құбылыстарына , нарықтық экономиканың , ақпараттық қоғамның
өзгермелі және өскелең талаптарына , ғылымның соңғы
жетістіктері мен өндірістік жаңа технологиялардың дамуына ,
адамның күнделікті өмірлік қажеттіліктері мен болашағына сәйкес
өзгермелілігі , прагматикалық мәнділігі , практикалық құндылығы ;
- Оқушы тұлғасының рухани – мәдени құндылықтарыны , даму
деңгейлері мен тұлғалық қасиеттеріне , даму ерекшеліктері мен
шығармашылық қабілеттеріне лайық білімнің көп түрлілігі ,
көпбағдарлылығы , көпдеңгейлілігі , үздіксіздігі ;
- Қолайлы педагогикалық – психологиялық жағдай жасай отырып,
оқушының тұлғалық детерминивтік ммүмкіндіктерінің ашылуын
қамтамасыз етуге , рефлексивтік тұрғыда өзін - өзі дамыту ,
өзін - өзі жүзеге асыру қабілеттерін , креативтік , дивергенттік
, саногендік ойлау қабілеттерін қалыптастыруға дамытуға
бағытталуы ;
Білім , білік , дағды қалыптастыруымен қатар
оқушының кең ауқымды компетенттігін , яғни ақпараттық –
интеллектуалдық ресурстарды шығармашылықпен өңдеу , жобалау ,
конструкциялау , талдау жасау , жинақтап қорыту , ұтымды қолдану
біліктіліктерін дамыту .
Еліміздің білім жүйесі ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі
даналығынан рухани құндылықтарынан , мәдени мұраларынан , ана
тілімізден , асыл дәстүрлерімізден , ұлы педагогтеріміз бен
ғұлама гуманистеріміздің классикалық философиялық ой
толғауларынан , яғни тереңге бойлаған түп тамырларымыздан нәр
алып , үнемі және үздіксіз қанығып отырғанда ғана шынайы ,
тәуелсіз ұлттық білім ашады . Сондықтан білімнің басты ұстанымы
адамды білімдендіру ғана емес , сол білімді және біліммен
қарулануды " руханияттандыру " ," адамгершіліктендіру " болганы аса
маңызды .
Қазір еліміздегі жасөспірімдер арасындағы тәрбие мәселесіне
тікелей қатысты мынандай басты – басты проблемаларды атап өтуге
болады :
- прагматикалық құндылықтарға негізделген батыстық
өркениетке , батыстық мәдениет үлгілеріне талғамсыз еліктеу ;
- ұлттық идеяға негізделген сындарлы идеологиямыздың болмауы
, жастар арасындағы саяси – идеологиялық тәрбие жұмыстарының
әлсіздігі;
- мектептің тәрбие жүйесіне стратегиялық көзқарастың болмауы
, оған тиісті көңіл бөлінбей , қосымша міндет есебінде
қарау ;
- тәрбие жүйесінің ғылыми - әдіснамалық , педогогикалық –
психологиялық және рухани - әлеуметтік негіздерінің осалдығы
;
- тәрбие мәселесіндегі отбасының , социумның ,
қоғамның рөлінің төмендеуі ; [7]
Осындай жағдайда оқушы тұлғасының даму барысын жан
– жақты зерттеп , дұрыс жетілуіне педогогикалық – психологиялық
қолдау жасау үшін мектеп сыртқы ортаға барынша ашық , ондағы
оқу – тәрбие процесі социуммен күнделікті және интенсивті қарым –
қатынаста болып , күрделі ортадан оқшауланбай , керісінше
олардағы барлық факторларды толығынан ескеріп , балаларға
жақсыдан үйреніп , жаманнан жиренуіне көмектесуі тиіс .
Жасөспірімдер мен жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін
қоғамдық - әлеуметтік факторлардың түрі мен әдістерінің
анағұрлым көбейе түскенін ескере отырып , біз жаңа білі
үлгісін жасаула бұл құбылыстардың алдын алуға бүкіл қоғамды
жұмылдыратын , мектептегі және мектептен тыс тәрбие
жұмысын жүйелі де пәрменді жолға қоятын , рухани –
интеллектуалдық , мәдени және экономикалық тәуелсіз мемлекет
орнату болашағына бағдарланған , ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарға үйлестірілетін , білім беру
көлеңкесінде қалып қоймайтын , керісінше тәрбие мәселесін
төрге қоятын ҚАЗАҚСТАНДЫҚ төл ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН және
пәрменді ТӘЛІМ – ТӘРБИЕ – БІЛІМ жүйесін құруымыз керек .
1.2 Жалпы орта білім берудің әлемдік даму тенденциясы.
Білім беру саласын әлемдік білім талаптарына
сәйкестендірудің ,білім сапасын жақсартудың басты
шарттарының бірі білім жүйесін басқаруды жетілдіру болып
есептеледі. Қазақстандық білім беруді басқару ең осал
және қазіргі қазіргі талаптарға ықпалдастырылмаған , жаңа
енгізілімдерді қомайтын консервативті элемент есебінде
қалып отыр.
Қазіргі дамыған мемлекеттердің бірі АҚШ –та біз Кеңес
Одағынан қалып қойдық? деген мәселе көтерілді. Сонда мемлекеттік
тұрғыдан жасалған қорытынды бойынша олардың қалу себебі – мектепте
математика, жаратылыстану пәндерінен, ал жоғары оқу орындарында техника
саласынан мамандар даярлау мәселесін жетілдіру қажеттігі айқындалған.
АҚШ осы мәселелерді мемлекеттік бағдарлама етіп көтерді. Мемлекет
тарапынан қаржы-қаражат бөлінді. Германияда да үлкен реформалар
жасалды. Білім сапасы туралы мектепте жаңа жүйе қалыптастырғанда,
мемлекет тарапынан бірнеше арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылып,
1 миллиард долларға жуық қаржы жұмсалды. Германияда жаңа мектепке
бағдарлама жасамастан бұрын үлкен эксперименттер жүзеге асты. Соның
негізінде неміс мектептері мазмұндық жағынан жаңарды.
Енді Қазақстандағы орта мектептерді алып қарайтын болсақ, біз әлі
Кеңестік мектеп жүйесінен шыға алмай отырмыз. Білім саласындағы реформа
дегеніміз– сол білімнің сапасын жаңа деңгейге көтеру, оның жүйесіне
белгілі бір өзгерістер енгізу.
Мысалы, Қазақстан мектептерінде балаларға өте көп жүктеме
беріледі, физика пәнінен біз 1300 термин оқытсақ, Америкада 300,
Еуропада 600 термин оқытылады. Басқа пәндерден де осылай. Мектепте
осынша көлемде білім беру қажет пе, қажет емес пе? Бізде барлық
сабақтар бойынша балаларға ауырлық түсіп отыр. Оқушыларға осынша көп
көлемдегі білімді күшпен бергендіктен, олардың қабылдауға шамасы
келмейтін дәрежеге жеттік. Содан келіп баланың дамуы тежеуілдейді,
қабылдау қабілеті азаяды, соның негізінде білім сапасы төмендейді.
Ал білім саласында Ресейден озып тұрған тұсымыз ...
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасының негізінде Елбасының 12 жылдыққа өту жөнінде шешім
қабылдауы. Ал бұл қабылданған шешім білім саласында түбегейлі реформа
жасауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан біз, білім саласының
қызметкерлері, 12 жылдық мектепке өтерде, сол бұрынғы Кеңестік
мектептен басқа мектепке өту жөнінде көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
жан-жақты ойланып, барлық дамыған елдердегі өзгерістерді, кәсіптік
білім берудегі істерді, жоғары оқу орындарындағы жағдайды зерттей
отырып, жаңа білім жүйесінің мазмұнын жасауымыз керек. 12 жылдық
мектепте балаға қандай білім береміз, әр пәннен бүгінгі оқытып жүрген
дүниенің бәрін оқытқан дұрыс па, жоқ па өзімізге осындай сұрақ қоюымыз
керек. Мысалы, Қазақстанда 9 сыныпта оқитын балалар 17 пән оқиды, ал
Жапониядағы 9 сынып оқушысының оқитыны – 12-ақ пән. Жапониядағы 12
пәннің 5-еуі адамгершілікке тәрбиелеу, музыка, этика, үй шаруашылығы,
дене шынықтыру деген сабақтар. Ал бізде 17 пәннің 15-і міндетті пән, ал
Жапонияда оқытылатын міндетті пән – жетеу-ақ.
Демек, 12 жылдық білімнің мазмұнын анықтайтын болсақ, онда
біз Жапония, АҚШ, Франция, Малайзия, Сингапур сияқты дамыған елдердің
білім мазмұнын қарап, салыстыруымыз керек.
Екінші үлкен мәселе, бұл да қоғамға түсінікті болмай отыр, ҚР
Конституциясының 30 бабында Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында
тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті деп
жазылған. Ал міндетті білім бізде 3 сатылы – төменгі, орта, және
жоғарғы. Ал барлық дамыған елдерде – 3 сатылы білімнің 2 сатысы ғана
міндетті, яғни олар мектепте 9 жыл білім алуға міндетті. Ал 3 сатыда әр
оқушы өзі қалаған бағытында білім алуға құқылы. Яғни 9 сыныптан кейін
тек қана кәсіптік білім алуға да болады.
Ендеше, біздегі кәсіптік білім мен олардың айырмашылығын салыстырып
көрелік.
Біздің Конституцияда орта білім алу міндетті деп жазылған
соң мынадай сұрақ туындайды, 12 жылдық мектепте қандай білім берілуі
керек? Біріншіден, 12 жылдық білімнің мазмұны анықталған соң стандарт
бекітіледі. Демек, мектептің жоғары сатысында да сол стандарт
деңгейінде білім берілуге міндетті. Оқушы 9 сыныптан кетіп, кәсіптік
білім алуға барса да, жаңағы 12 жылдық білімнің стандарты алдынан
шығады, яғни аттестат алу үшін сол стандарттар деңгейінде білім алады.
Ал шет елде 9 жыл білімнен соң, кәсіптік білім алғыңыз келсе,
соңыңыздан қуып, сізді міндеттейтін жоғары сатының стандарты жоқ. Онда
тек кәсіптік стандарт болады. Айырмашылық осы арада.
Дамыған елдерде 9 жыл міндетті оқу болып отырғаны неліктен?
Дамыған елдерде жоғарғы сатыда оқитын бала өзінің келешекте кім
болатынын, бағдарын анықтағаннан кейін, сол келешек алатын мамандығына
байланысты пәндерді мектепте терең меңгеруге мүмкіншілік алады. Мысалы,
болашақта инженер болғысы келетін балаға сол салаға керекті математика,
сызу секілді пәндер көп оқытылады. Ал болашақ журналист пен математикке
математиканы бірдей көлемде оқытудың қажеті бар ма? Демек, бізде де әр
адамның өзінің келешек қабілетіне қарай, өз сұранысына қарай білім
берілуі керек.
Салыстыру үшін әлемдегі бірнеше дамыған
мемлекеттердің білім саласындағы жетістіктеріне шолу жасай
кетсек ... .,
Қытай Халық Республикасында бұрынғы социалистік
білім жүйесін Қытайлық ерекшеліктерді ескере отырып
жетілдіруге арналған " XXI ғасырдағы білімді көтерудің іс
– жоспары " атты арнайы бағдарламаның жүзеге асырылуы білім
жүйесін жаңа сапалық сатыға көтерді.Бұл елде мемлекет
білім жүйесін өзінің қатаң қамқорлығына , қармамағына
алған . Ақпараттық технологияның , бәсекеге негізделген
нарықтық қатынастардың , жаһандану үрдісінің өрістеуін
алдын ала болжаған Қытай елінде болашақ Қытайдың жаңа
азаматын қалыптастыру мақсаты қойылып , білім беру
парадигмасын технократтық көзқарастан гуманитарлық көзқарасқа
ауыстыра отырып , ұлттық рухани құндылықтарға , Қытай
ұлтының озық мәдени дәстүрлеріне , ізгілік пен рухани –
адамгершілікке негізделген идеологиялық , патриоттық тәрбиеге
басты мән беретін парадигмаға өту жүзеге асырылуда.
Қытай Халық Республикасындағы орта білім беру
жүйесі 3 сатыдан тұрады :
1.Бастауыш мектеп (1 -6 сыныптар) немесе (1 – 5 сыныптар)
2.Толық емес орта мектеп ( 7 – 9сыныптар) немесе (6 – 9 сыныптар)
3. Толық орта мектеп ( 10 – 12 сыныптар)[13]
Сонымен қатар бұл елде базалық білімді нығайту ;
білімді қатаң регламенттендірілген , орталықтандырылған
түрінен мазмұны мен әдістемесі вариативті , көп нұсқалы
жүйеге ауыстыру ;оқу жоспарының оқшаулығын , шашыраңқылығын
азайтып , технология мен қоғам дамуының жаңа тенденцияларына
үйлестіру ; пәндік білімдерді интеграциялап , кешенділігін
арттыру , оны практикалық іс - әрекетке , өмірлік тәжірибеге
, шығармашылыққа бағыттау , ақпаратты , проблемаларды талдауға
және өз бетінше шешуге қабілеттілік қалыптастыру
мәселелері жүзеге асырылуда.
Экономикалық өркендеу мен жаңа технологияларды
игеруде ғажайып жетістіктерге жетіп отырған Жапония елінің
білім жүйесінің дамуын зерделесек , оныңбасты ерекшелігі
ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруді әрқашанда басты
орынға қоятындығы байқалады. \3\Жер көлемі шағын ,
табиғи қазба байлықтары жоқ , тау – тастар мен Мұхит
арасындағы аралда орналасқан бұл елдің басты байлығы
адам капиталы , өз елі мен жерін шынайы және шексіз
қадірлейтін азаматы болып бағаланады. Сондықтан да осындай
адамды қалыптастыратын білім жүйесін дамытуға үнемі басты
маңыз беру нәтижесінде Жапония осы саладағы әлемнің ең
озық елі болып саналады .Күншығыс елі 12жылдық орта
білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен , бес
күндік оқу аптасы енгізіліп , балалардың мектепте өзін
аса қолайлы жағдайда сезінуіне толық жағдай жасалған ,
балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету , білім жүйесін
ақпараттандыру , жастарды жоғары біліммен қамту сияқты шешуші
мәселелер бойыншадаЖапония әлемдегі ең алдыңғы қатарда
.[13]
Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының
білім мекемелерінде ХХ ғасырдың 60 – шы жылдарында прагматикалық
көзқарасқанегізделген білім үлгісі енгізілген болатын.Нәтижесінде , "
американдық прагматикалық педагогика " , " экземплярлық " ,"
кафетерилік " деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып ,
білімнің іргелілігін төмендетіп , орта мектеп оқушыларының
білімінің таяз ,үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты . "
2000 жылдың мақсаттары " атты федеральдық бағдарлама және "
Әлемдік деңгейдегі білім " жобасы қабылданып ,орта білім
жүйесінің және интенсивтілігі арттырылып , математика ,
жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы
бойынша әлемдегі ең биік деңгейге көтерілу мақсаттары
қойылды .[8]
АҚШ мектептерінде сыныптар бойынша апталық оқу жүктемесі
былай;
1-сыныпта - 32.5 сағат
2– 3 сыныптарда - 36 сағат
4 , 5 , 6 сыныптарда – 37 сағат
Финляндиядағы білім жүйесін сәтті және дер кезінде
реформалау нәтижелері осы елдің экономикасының күрт өсуне
, әлемдегі әлеуметтік прогресті жасауға , ғылыми
зерттеулерде инновациялық пәрменді саясаттыжүзеге асыруға ,
нәтижесәнде соңғы он жылдың ішінде әлемнің ең озық
өркениетті елдері қатарына қосылуына мүмкіндік берді
.[5]Бұл елдегі мұндай жетістіктерге ең алдымен білім
саласын дамытуға букіл қоғамды жұмылдыру , мемлекеттік
қаржыландыру , мұғалімдердің айлық жалақысын 2- 3 мың евроға
дейін көтеру (біздің елдегіден 20 – 23 есе көп ),оқушылар мен
студенттерге стипендия тағайындау , оларға тұрғын үй үшін
айына 500 евро көлемінде , тамақтануға , жол жүруге
айына 300 евро көлемінде несиелер беру , оқушылардың
денешынықтыруы , денсаулығына қамқорлық жасау , үй
тапсырмасын азайту ,салауатты өмір салтын қолдау , білім
берудегі ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен
кіріктіру оқу процесін ірі технополистер аясында өткізу арқылы
қол жеткізілді.
Көп жылдар бойы Ұлыбританияға тәуелділікте болып
келген қазір әлемге ашық саясат ұстанып отырған , Малайзия
мен Сингапур сияқты елдердің тәжірибесі білім мен тәрбие
саласында , ұлтттық кадрларды даярлауда саяси және рухани
дербестікті , ұлттық мәдени мүмкіндіктерді дамыту арқылы тез
және жоғары жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеуде.
Канада әлемдегі білім нәтижесі туралы
Құжаттары жоғары бағаланатын елдер қатарында. Өйткені
Канада басқа да дамыған елдер сияқты білім беру
жүйесіне орасан зор қаражат жұмсайды .Бұл елдің
жалпы орта білім беру ұзақтығы 13 жыл , орта
білім беру жүйесі 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой тәрбиесі
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесіндегі мәселелесін кезеңдерге топтастыру
Ақыл ойы бұзылған балаларға білім беру
Пәндер