Алтын-Емел Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен шекаралас жатқан Жаркент өңіріндегі бауырымен жорғалаушылардың биологиясы, экологиясы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Алтын-Емел Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен шекаралас жатқан Жаркент өңіріндегі бауырымен жорғалаушылардың биологиясы, экологиясы.

Мазмұны

КІРІСПЕ
:
КІРІСПЕ: І Әдеби шолу
:
: І
КІРІСПЕ: 1. Қазақстандағы герпетофауналық зерттеулер және оның перспективасы . . .
: 3
: І
КІРІСПЕ: 2. Бауырмен жорғалаушыларға жалпы сипаттама . . .
: 6
: І
КІРІСПЕ: 3. Жаркент өңірінің физико-географиялық жағдайына жалпы сипаттама . . .
: 8
: ІІ
КІРІСПЕ: Жүргізілген зерттеулер . . .
: 16
: ІІ
КІРІСПЕ: 1. Жаркент өңіріндегі бауырымен жорғалаушы . . .
: 16
: ІІ
КІРІСПЕ: 2. Жаркент өңірінде өткізілген экскурциялар . . .
: 18
: ІІ
КІРІСПЕ: 3. Қолданылған әдіс - тәсілдер . . .
: 26
: ІІІ
КІРІСПЕ: Зерттеу нәтижелері . . .
: 27
: ІІІ
КІРІСПЕ: 1. Таралуы және мекендейтін орны . . .
: 27
: ІІІ
КІРІСПЕ: 2. Қоректенуі . . .
: 31
: ІІІ
КІРІСПЕ: 3. Дауырмен жорғалаушылардың санының өзгеруі . . .
: 35
: ІІІ
КІРІСПЕ: Көбеюі . . .
: 40
: ІV
КІРІСПЕ: Шаруашылықтағы маңызы . . .
: 42
:
КІРІСПЕ: Қорытынды . . .
: 44
:
КІРІСПЕ: Пайдаланған әдебиеттер . . .
: 45
:
КІРІСПЕ: Түйіндеме . . .
: 47


Кіріспе

Алтын-Емел ұлттық табиғи қорығымен шекаралас жатқан Жаркент өңірінде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың экологиясы мен биологиясы

Жаркент өңірі Қазақстан территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оның жалпы алып жатқан жер көлемі км . Оның шығыс бөлігі ҚХР шекарасымен, оңтүстік бөлігінде ұйғыр ауданы, батыс және солтүстік бөлігі Кербұлақ аудандарымен шекараласып жатыр. Осы Жаркент өңірімен ең көп шекараласып жатқан Кербұлақ ауданында 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қолдауымен “Алтын-Емел” ұлттық табиғи қорығы ашылды. Осы қорықтың ашылуына байланысты Жаркент қолданбалы жер учаскелерінде орналасқан орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі соңғы үш-төрт жылда өзінің жұмыстарын күшейте түсті. Бұрын Жаркент территориясындағы жануарлар әлемін қорғау жұмыстарын зоология институтының әріптестері атқаратын. Қазіргі кезде Жаркент өңірінде орман шаруашылығымен бірлескен аңшылық шаруашылығы ашылды. Бұл шаруашылық өзінің жұмыстарын аздап болса да алға жылжытып, осы өңірде тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың тізімін алып, оларды әр маусым сайын бақылап, санақ жүргізіп отырады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының баптары бойынша да жұмыстар істеп, әртүрлі жетістіктерге жетті.

Табиғаты қорғалатын территориялар және қорықтық зоналар

Жаркент өңірінің табиғаты әртүрлі. Әсіресе Жоңғар Алатауының оңтүстік беткейлерінде “ортаазиялық” ерекшеліктері бар. Жоңғар Алатауының оңтүстік беткейлерін әртүрлі жағдайлы ландшафтар құрайды. Олар гидрофильді (Іле өзенінің бойындағы алқап) болжап, аридті (шеңгелдегі шөлді учаскелер) болады, сонымен қатар олар тау тектес және биік таулы масиивтерден құралады. Бұл жерлерде жоғары сатыдағы өсімдіктердің 2168 түрі кездеседі. Олардың 76-сы эндомиктер, 47-сі Қазақстанның қызылкітабына енген. Бұл жерде сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жануарлардың түрлері кездеседі. Осы жануарлардың көбі ерекше қорғау жағдайларын қажет етеді және олар көптеген елдердің қызыл кітабына енгізілген.

Жоңғар Алатауының етегінде ерекше табиғатты територияларды қорғау ыңғайлы ұйымдастырылған.

Ауданға жақын жатқан Үлкен Өсектің қолданбалы табиғи территориясы болып табылатын Бешле Көксу қорығында сирек кездесетін тұяқтылардың, құстардың және бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлерін сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылып, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілді.

Зоналардың реакциялық қолданылуы және бірегей ландшафтардың тарихи-археологиялық ескерткіштерді және жануарлар әлемін сақтауда "Алтын-Емел" Ұлтттық Мемлекеттік қорығы құрылды.

Жоғарыда көрсетілген заңдарға сәйкес, бұл ұлттық мемлекеттік қорық сақтауға және қайта қлыптатыруға негізделген және ғылыми құндылықтарды иеленетін ерекше қорғалатын табиғи территория.

Жануарлар әлемінің жағдайы табиғи және антропогендік сияқты факторлармен талқыланады. Бірақ та мекен ету ортасының жағдайларының өзгеруі табиғи процестердің әсерінен болады, экосиситеманың өзгерісі табиғи жолдармен, эволюциялық жолдармен жүреді, антропогендік (қолайсыз) факторлардың басым, доминантты өзгерістерінің әсері секірмелі сипатқа ие болады. Осылардың бәрі күрделі экосистемалық бұзылысқа әкеледі. Өлкенің беделі түгелімен жабайы табиғатқа тәуелді.

Сонымен Жаркент өңірі қандай да болмасын жануарлардың тіршілік етуіне өте қолайлы зона болып табылады. Жабайы табиғаты жақсы сақталған Жаркент өңірінің оңтүстік шығысы Іле өзенінің батысына дейін жиделі, тоғайлы орманды, көбінесе топырақты, оңтүстігінен солтүстігіне қарай игерілмеген егіс алқабы, негізгі өсетін өсімдіктер - шеңгел, қамыс.

Сарпылдақ, Қызыл жиде ауылдарының территориясынан бастап, Жаркент даласына дейін әртүрлі егіс алқаптары басталады. Жаркент қаласы, Көктал және Үшарал ауылдрының маңындағы өзендердің айналасы сазды, орманды топырағы қоңыр, құнарлы болып келеді. Ал, батысына қарай Іле өзеніне дейін жазық құмды дала. Солтүстігіне қарай Жоңғар Алатауына дейін сұр жапырақты жазық және бөктерлі дала. Жоңғар Алатауының бөктерлерінен бастап, тау етегіне дейін қара топырақ. Осындай Жаркент өңірінде біз қарастырып отырған фаунаның ерекше әртүрллілігі кездеседі. Бұл жерде анығырақ айтатын болсақ, біздің қарастырайын деп отырған класымыз - бауырымен жорғалаушылар.

Бауырымен жорғалаушылар Жаркент өңірінде әртүрлі жер учаскелерінде және тау бөктерлерінде көптеп кездеседі. Бұл жерде бауырымен жорғалаушылардың 30 түрі кездеседі. Олардың ішінде көп кездесетіні - қалқантұмсық, дала сұр жыланы, өрнекті қарабас жылан, шығыс абжыланы кездеседі. Олардың жоғары және тұрақты жиілігі осы ауданда мекендейтін, сирек кездесетін жыртқыш құстардың болуына бйланысты.


І. 1. Қазақстандағы герпетофауналық зерттеулер және оның перспективасы.

Қазақстанда Қазан революциясына дейін бауырымен жорғалаушыларды зерттеумен әдейі ешкім айналыысқан жоқ. Бауырымен жорғалаушыларды зерттеу және оларды жинау бертін келле болды.

Қазақстан фаунасының ең бірінші зерттеушісі, сонымен қоса республикамыздың батыс бөлігінде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушыларды зерттеген академик Петр Симон Паллас және адъюнкт доктор Иван Лепехин.

Осы экспедицияның нәтижесінде Солтүстік Каспий маңында (1769-1773 жж. ) Паллас және оның студенттері зоологиялық материалдар мен бауырымен жорғалаушылар коллекциясын жинады. Паллас өзінің герпетологиялық жинағын өңдеп, бауырымен жорғалаушылардың жаңа түрін жазды.

1839-1941 жж. А. Леман Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауларындағы бауаырымен жжорғалаушыларды зерттеді. Сонымен қатар Үстірт және Қаратау фаунасына көңіл бөлді.

1857-1966 жж. Н. Н. Северцов Орта Азияда және Қазақстанда өзінің зерттеулерін өткізді.

1840-1842 жж. А. Шренк Балқаш көлінде, Жоңғар Алатауда, Тарбағатайда, Алтайда, Шу өзенінің бойы және Бетпақ Далада ботаникалық зерттеулер жүргізді.

1873-1874 жж. М. Н. Богданов Қызылқұмда жұмыс істеді. Оның ізбасары В. Д. Аминцин Арал теңізінің жағалауларын зерттеді.

1880 жылы А. М. Никольский Қызылқұмда экспедиция жасады. Оның жинаған бауырымен жорғалаушыларын Herpologia Turanica статиясына қолданды.

1889 жылы Никольский Аягөз, Балқаш көлінің жағалауына, Лепсі өзені және Іле өзенінің бойы және Іле ауданының шөлді аймақтарынан Сары-Ішік және Верныйға (Алматы) экскурция жасап шықты.

1990 жылы П. Н. Имидт Жаркент ауданынан бауырымен жорғалаушыларды жинады.

Шнитниковтың көптеген жылдық жұмысының нәтижесінде Жетісуда бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділердің коллекциясына өте бай материалдар жиналды, Шнитниковтың материалдарының көбісі, әсіресе оның ішінде "Жетісудың бауырымен жорғалаушылары" деген жинағы қолданылды. Бұл кітапта автор (алдыңғы герпетолог) Жетісуды зерттеуде алдыңғы герпетологтардан асты. Сонымен бірге өзінің маңызды жинақтары Жетісуда тарралған өкілдерінің топтарын кітабына анығырақ енгізді.

1941 жылы Қазақ ССР ғылыми академиясы зоология институты Қазақстан бауырымен жорғалаушыларын зерттеуге арналған қарқынды жұмысын бастайды. Бұл жануарларды зерттеуде осы ғалымның әріптестері де үлес қосты, ал негізгі ббақылау және жинауды автордың өзі жинады.

1946 жылы Автор Мойынқұмда бауырымен жорғалаушыларды колллекциялады. А. Н. Слудский жол-жөнекей өзінің жұмыстарымен бірге Іле өзенінің бойындағы бауырымен жорғалаушыларды жинады. Іле ауданындағы абжыландар мен кесірткелерді Г. В. Кошкина жеткізді, ал

Қызылорда облысындағы бауырымен жорғалаушыларды М. Д. Бирюков және К. И. Искакова жеткізді.

1947 жылы И. А. Долушин, К. П. Парасков және препараттаушы Д. И. Шекменов Маңғышлақта 250-ге жуық бауырымен жорғалаушыларды зерттеді. Сол жылдары Н. В. Афанасьев және Елизарева Зайсан ойпатының бауырымен жорғалаушыларын зерттеді.

1949-1951 жж. В. Г. Коваленко дала сұржыланының экологиясымен айналысты. Бірінші жылы Шамалған станциясының аудандарын, кейін Іле Алатау алқаптарын және Іле өзенінің бойын қарастырды (үш жылдық зерттеудің нәтижесінде) . Коваленко 600-ден астам сұржыланның особьтарын жинады. Коваленко олардың көбеюін,

маусымдық және күнделікті белсенділік циклін, қоректенуін, т. б. жазды.

1950 жылы К. П. Параскив Іле өзенінің жағалауындағы, бауырымен жорғалаушылардың фауналық және экологиялық мәселелерін зерттеді. Осы жылы З. И. Н. А. Н. СССР. жасаған экспедициясында болған С. А. Чериов батыс Қазақстандағы Еділ-Орал өзендерінің аралығындағы бауырымен жорғалаушыларды зерттеп, жұмыс жасады.

1952 жылы ботаник М. Бәйтенов Алматыдан Сарыбұлақ өзені, Жамбыл тауы, Анасай, Байғары, одан оңтүсттікке түсіп, Қырғызстан территориясын жағалап, Тараз қаласына дейін сапарлар жасады. Осы сапарлардың барлығында бауырымен жорғалаушыларды жинап отырды.

Қазақстанның территориясында бауырымен жорғалаушыларды зерттеу мен оларды жалпы жинау жұмыстары 1943 жылы АНСССР-дың Қазақстандағы филиалы - зоология институтында зерттеле басталды.

Институттың және басқа да ұйымдардың көптеген әріптестері бауырымен жорғалаушыларды жинауға қатысып, ал оларды арнайы коллекциялау мен жүйелік бақылау және жинағандарды сұрыптауда С. П. Параскив өзі жүргізді. Бұл ғалымның көп жылғы еңбектерінің жетістігі ретінде 1956 жылы "Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары" атты еңбегі жарық көреді, бұл еңбек отандық герпетология ғылымының елеулі оқтғасы болды. Автор осы материалды өңдеу мен оның жүйесін жасауда үлкен жұмыстар жасады. Оның жинағында Қазақстандық бауырымен жорғалаушылардың 51 түрі мен оның ішінде кесірткенің 30 түрі жайында деректемелер бар. Қазіргі кезде бұл кітап библиографиялық құндылық кітабы болып табылады.

Герпетефаунаны зерттеу жұмыстарына Қазақ мемлекеттік университетінің мамандары, Алматы мен Өскеменнің пединститутаттары, Алматының, Барсакелместің, Үстірттің қорықтарының және Қазақстанның обаға қарсы ұйымының жұмысшылары қатысты.

Шығыс Қазақстан бауырымен жорғалаушылардың экологиясының айырықша салалары мен таралуы жайында және олардың ішінде шөлдік кесірткелердің 3 түрі жайында материалдар жарық көрді

Сол жылы М. Н. Кореловпен бірге Алматыдан Іле өзені арқылы Жоңғар Алатауының оңтүсттік-батыс беткейіне жасаған сапарында жыландар мен кесірткелер жинады.

Осындай сапарлардан кейін Қазақстан территориясындағы бауырымен жорғалаушылар жиналмаған аудандар жоқ деп айтуға болмайды. Жиналған материалдардың 44 түрге жататын 3000-нан астам көшірмесі қазіргі зоология институтында сақталып жатыр. Зоология институты қазіргі уақытта бауырымен жорғалаушылардың Орта Азиядағы ең негізгі коллекцияларын ұсынып отыр.

Міндетті түрде атап айтатын жағдай, сәтті өткен өлкелі герпетологиялық зерттеулер, сонымен қатар Қазақстандағы бауырымен жорғалаушылар систематикасын

өңдеудегі мәселелелрі өте жақсы өркендеді. П. В. Терентьевтің және С. А. Черновтың "Бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділер анықтауышы" аса маңызды рөлге ие болды.

Бірақ та қазіргі уақыттағы Қазақстадағы герпетефауналық зерттеулер кейбір аудандарда өте бәсең түрде зерттелген. Кейбір түрлердің экологиялық мәселелері мүлдем қарастырылмаған. Сонымен бауырымен жорғалаушылардың фаунасы Үстіртте, Қызылқұмда, Алакөл және Зайсан ойпатында, Орталық Қазақстанда өте аз зерттелген.

І. 2. Бауырымен жорғалаушылар - жер бетіндегі омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибиялар тіршілігі көбінесе сумен байланысты төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар болса, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер құрлықта тіршілік ететін жоғары сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгісі болып табылады. Полеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.

Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғары сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлдеқайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлы әрекеті күрделі. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі қосмекенділерге қарағанда жақсы жетілген. Әсіресе басын әртүрлі бағытта қозғалтуына мүмкіндік беретін мойын бөллімі жақсы жетілген. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис және мүйізді қабыршақтары бар. Дене температурасы тұрақты емес және сыртқы физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқасының қабығы тығыз қабықпен қапталып тұрады. Кейбір көптеген жағдайларда избесті қабықпен қапталып тұрады. Кейбір түрлері тірідей туады.

Қазіргі уақытта жер бетінде бауырымен жорғалаушылардың төрт класс тармағына бөлінетін 4300-ден астам түрі кездеседі. Біріншісі алғашқы кесірткелер, олар тек бір түр, тасбақалар 200 түрге дейін, қолтырауындар 24 және қабыршақтылардың 4000 түрі, дәлірек айтқанда кесірткелер мен жыландардың 2000-ге жуық түрі мекендейді.

Бауырымен жорғалаушылар жер шарының тропикалық және субтропикалық аймақтарында көптеп таралған. Бауырымен жорғалаушылардың түрлі полюске қарай бағыты күрт төмендейді және полярлы шеңберде біраз өкілдері кездеседі.

Сонымен қатар бұл кластың бұл кластың түрлерінің санының күрт аз кездесуі абсолютті биік белдеулерге байланысты, кейбір өкілдері белгілі бір биіктікке дейін ғана тіршілік етеді.

ТМД территориясында бауырымен жорғалаушылардың 125 түрі мекендейді. Ал, Қазақстанда 49 түрі бар, тасбақалар - 2, геккондар - 6, агамалар - 8, кеселдер - 1, нағыз кесірткелер - 10, сцинктер - 4, соқырлар - 1, абжылан - 2, сарыбас жылан - 10,

сұр жылан - 3, қалқантұмсық - 1.

І. 3. Жаркент өңірінің физико-географилық жағдайына қысқаша сипаттама.

Жаркент өңірінің жазық және таулы аймақты шекараларында дұрыс емес иректелген жазықты жолдар жатыр. Пайда болуы жағынан олар таулармен байланысты, бірақ рельеф биіктік жағдайының бейнеленуі бойынша жазыққа жақынырақ. Бұл жолдың беткі жағы жайпақ толқынды.

Әр түрлі ғалымдардың еңбектеріндегі "Орта Азияняң" жер сипаты арқылы Жаркент өңірінің физико-географиялық жағдайын салыстырмалы түрде сипаттаймыз. Жаркент өңірінің жазықты аймақтарын бірден көрінетін ең биік сатылы жерлер алып жатыр. Біріншісі, көбінесе борпылдақ құм мен сазды шөгіндіден тұратын және берілген территорияның үлкен бөлігін алатын төменгі саты. Екіншісі шөгінділерден тұратын және Жоңғар Алатауының маңының батысынағы Алтын-Емел Мемлекеттік Ұлттық паркімен шекаралас жатқан күнгей тауларының шоқыларын құрайтын биік сатысы.

Аудан орталығынан оңтүстік шығысына қарай құмды аудандар орналасқан. Дәлірек айтқанда шығысында Хаоқос шекаралық аймақта үлкен құмды 95000км шөлді зонасы алып жатыр.

Климат.

Жаркент өңірінің климаты Орта Азия климатының жалпы сипатына ие. Бұл жерде де үлкен күн радиациясымен, құрғақшылықпен және келесі себептермен түсіндірілетін континенттілігімен сипатталады.

1. Орта Азияның мұхиттан алыс жатқан өте үлкен Евразия материгінің ішіндегі субтропикалық ендіктің солтүстік шекарасында орналасуы;

2. Ашық және бұлтты ауа райына жақсы әсер ететін атмосфералы айналымды ерекшеліктері;

Жаркент жазықтықтарында шөлді климат, таулы аудандарында жылы қыстық далалық климат, ал тауларда шөлден далаға, альпті шабындық белгілердің орманды-шабындықтарына, мәңгілік қар мен мұзға дейінгі қатты тік климаттық белдік.

Жаркент жазықтықтарында үлкен күн радиациясы және әсіресе жазды күнгі адамның жоғарғы температурасы ылғалдылықтың тез буланып кетуіне әкеліп соғады. Мұнда ылғалдылық көбінесе жылдың суық мезгілінде болады және олар көктемнің басында байқалады. Жазықтарда ылғалдылық жаңбыр және қар түрінде жауады, бірақ тұрақты қар жамылғы болмайды. Таулар биіктеген сайын қар жамылғысы да биікпен бірге көбейе береді, ал қалыңдығы рельеф пен басқа да жағдайларға байланысты. Тауға түсетін жауын-шашын Жаркент өңіріндегі өзендердің гидрогеологиялық тәртіптерінің ерекшеліктерін анықтайды. Олардың көп мөлшері жел жоқ тау баурайларында байқалады. Жаркенттте ылғалдылықты әкелетін негізгі ауа ағысына қатты желді баурайлар болып батыс және солттүстік таулы өлкелер табылады. Неғұрлым таулы аймақтар таулы ауа ағысынан сақталса, соғұрлым жауын-шашын аз болады. Жаркент өңірінің таулы аймақтары батыс ауа ағысынан сақталған, сондықтан шөлді және жартылай шөлді аймақтарында жауын-шашын сирек болады.

Бауырымен жорғалаушыларға наурыз-сәуір айларында жауатын жауын-шашын да үлкен әсер етеді. Ол қатты топырақта меккндейтін сұржыландарға олардың көбеюі үшін біршама қолайлы жағдайлларда інін қазуға және жұмыртқасын салуға мүмкіндік береді.

Жаркенттте горизонттық солттүсттік жарты желі соғады. Суық кезде көбінесе жазықтарда солтүстік-шығыс бағыттағы жел соғады. Жылы кезеңде жер бетіндегі желдің бағыты солтүстік және солтүстік-батыс бағыттында соғады.

Желдің орташа жылдық жылдамдығы Жаркент ауаының оңтүстік-батысында 6 м/сек., оңтүстігінде 4 м/сек. байқалады.

Жаркент жазықтарында көктем қысқа болады, жаз тез шығады. Көктем ақпанның соңғы күндерінен сәуірдің ортасына дейін ғана созылады.

Су.

Жаркент өңірінің сулары негізінен таудағы қар ерітінділерінен және жауын-шашын суларынан тұрады. Бұл жердегі ең үлкен өзен Қытай шекарасынан басттау алатын Іле өзені. Сосын тау жыраларынан ағып келетін Үлкен Өсек, Тышқан, Бурхан, Барақадзыз және сонымен қатар сазды жерден бастау алатын бұлақты сулар да осы өзендердің көлемін біршама көбейтеді.

Бұл жақтың сулары да территториясы бойынша таулы және жазықты аудандардағы шұғыл климаттық аймақты климаттарға байланысты теңдей бөлінбеген.

Таулы аймақтардағы жауын-шашындардың көп түсуінен, мұздықтардың болуынан және буланудың аз мөлшерінде болуы нәтижесінде өзндер жүйесі жақсы жетілген. Осы өңірде 10-шақты кішігірім өзендер бар. Бұлардың бәрі кәдімгі тік төмен ағатын ағысы қатты, ылдиға қарай жылжитын, сарқырамаға толы тау сулары. тау өзендерінде селдір тұнба және құм бірге ағады, оның құрамында сонымен бірге көп көлемде шағын тас және вакуумдар, мұз дәуірінен қалған тау жынысты үлкен домалақ тастар да болады, олар таудың етегіне таман шөге отырып, мығым арна конустарын түзеді.

Өзен арналары әдетте жартас сынықтары с және вакумдарға, мұз дәуірінің куәгерлеріне толы болады. Тау өзендерінің көпшілігі ірі өзендерге жете алмай, тау бөктерінде бітіп қалады, себебі таудан түскен жерінде суару каналдарына құйылып, суармалы жерлерге сіңіп, булуну арқылы жоғалады. Төменде орналасқан кең жазықтаросылай сусыз қалады. Тек Үлкен Өсек суы ғана Іле өзеніне барып құйылады.

Мұндағы өзендердің ағысының қалыптасуы мен тәртібі жер бедерінің топырағының күрделілігі мен климатының, өсімдіктер әлемінің әртүрлілігіне тәуелді.

Өзен ағысына әсер ететін ең негізгі физико-географиялық фактор - жер бедері.

Жазықтың құмайт бөлігіне түскен атмосфералық жауын-шашындар тез арада сіңіп, буланып, беткей суларды толтырып, жоқ болады. Су сіңуі нашар тақырлардың саз балшықты беткейлерінен де бірттіндеп ылғал булануға ұшырайды. Тақырларда су табиғи -қақтарға жиналып, шөлейт жердегі бірден-бір тұщы су көзіне айналады.

Су қоймаларының бір-бірінен алыс болуы сумен байланысты бауырымен жорғалаушылардың таралуына кедергі болады.

Топырақ.

Жаздық жерлер таулармен алмасып отырады, ал жерлерде топырақтың вертикальды белдеулігі әртүрлі көлемде болады: вертикальды топырақтық-өсімдіктік белдеулер, шөлейттік немесе экстрафидтік, шөлейт-далалық немесе аридтік, құрғақ далалық, таулы орман, шабын далалық, таулы -шабындық және субальпілік.

Шөлейтттің топырағы жеке топырақ топтарын немесе типтерін құрайды: тақыр топырағы және тақыр, шөлейт сұр топырақ, ақшыл сұр топырақ, аллювиальды-шабындықты, сазды-шабындықты және топырағы суармалы оазис топырағы.

Шөлейттік сұр топырақ тақыр тәрізді, гипс аралас қырлық құм да және борпылдақ құм да сұр топырақтардан тұрады. Бұл топырақтарда қарашірік азғантай-ақ, (0, 5-1%) әрі тұзды. Шөлейтті аймақтардағы өсімдектермен бекіген борпылдақ құмды және құмды сұр топырақтар кварцқа кедей, алайда далалы минералдар мен карбонаттарға байланысты. Осыған орай шөлейттерде өсімдіктер дала белдеуіндегі құмдар, орманды дала және күлгін топырақты зонаға қарағанда жақсы өседі.

Шөлейт жердің көп бөлігі аллювиальды-шабындық, батпақты-шабындықты және батпақты-топырақтардан тұрады. Олар жоғары карбонатталған, қарашірігі аз, түгелдей тұзды.

Шөлейтке тән топырағы - шабындықты, кәдімгі және торлы сорттаңдар. Олар көбінесе жақын жерде минералдығы жоғары су болған кезде түзіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда герпетофаунаның дамуы
Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗЫЛ КІТАП
Қазақстанның табиғи қорықтары
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазақстан бойынша саяхат. Қорықтар
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру жайлы
Мемлекеттік табиғи қорық қоры
Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттыларының экологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz