Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-несие және валюталық саясаты


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
:
Мазмұны: Кіріспе
: 5
: I тарау.
Мазмұны: Ақша-несие саясатының теориялық негіздері
: 7
: 1. 1.
Мазмұны: Қазақстан Республикасы ақша жүйесінің құрылу ерекшеліктері
: 7
: 1. 2.
Мазмұны: Неие жүйесі және мемлекеттің ақша-несие саясаты
: 10
: 1. 3.
Мазмұны: Ақша-несие саясатының негізгі құралдары
: 19
: II тарау.
Мазмұны: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие және валю-талық саясаты
: 25
: 2. 1.
Мазмұны: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк бойынша ақша-несие саясаты
: 25
: 2. 2.
Мазмұны: Валюталық реттеу және бақылау
: 34
: 2. 3.
Мазмұны: Ұлттық Банктің алтын валюталық активтерін басқару.
: 45
: III тарау.
Мазмұны: ҚР Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жетілдіру перспектива-лары
: 54
: 3. 1.
Мазмұны: Айналымдағы нақты ақшаға сұранысты талдау және инфляция
: 54
: 3. 2.
Мазмұны: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2007-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының даму бағыттары
: 61
:
Мазмұны: Қорытынды
: 66
:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер
: 70


Кіріспе

Қазіргі заманға сай экономикалық жүйені қалыпты құрылымдауды қамтамасыз етуде маңызды роль мемлекетке тиесілі. Мемлекет өзінің пайда болған тарихынан бері келе заңдылықты, реттілікті ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру мен қатар экономика сферасында белгілі бір функцияларды орындап келеді. Мемлекеттік реттелген экономиканы ұзақ тарихқа ие. Ертеректе капитализмнің өзінде Еуропада бағалар ұсыныспен, тауар сапасын және қызметтерді пайыздық мөлшер және сыртқы сауданы бақылаушы орталық болған. Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекет ұлттық экономиканы реттеуді, әртүрлі дәрежедегі экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы жүргізеді. Мемлекеттік және нарықтық реттеу қандай үлесте болуы керек, мемлекеттік араласудың бағыты және шекарасы қандай деген сұраққа, пікірлер қадамдардың кең пікір спектірі бар-ол толық мемлекеттік монополизмнен шеткі экономикалық либерализмге дейін. Бірақ мемлекеттің белгілі бір функцияларды атқару керектігі міндетті. Бұл «Кейнсиандық ревалюция» кезінде және бір дәлелденді, онда нарықтық экономикаға кассалық көзқарасқа төңкеріс жасады және экономикалық құлдыраудың өздігінен тұруы мүмкін емес екенін дәлелдеді.

Аса жоғары мәртебелі экономикалық докторлар ішінен ешкім ұлттық үкіметтен елдің экономикалық жағдайына жауаптылығын алып тастамаған. Олай болса экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық және әлеуметтік дамуында аса маңызға ие. Мұнда экономиканы реттеуді жүзеге асыру арқылы мемлекет экономикаға әсер етудің әдістерін және кең қатар жүйелерді қолданады, бюджет, салық, несиелік ақша саясаты, экономикалық заңнама және . т. б.

Кез-келген экономикалық жүйеде, салық ішінде нарықтық экономикада мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық обект ретінде, құқыққа ие және мәжбірлеуге мумкіндігі бар, құрауын ретінде қатынасады, мысалы; салық саясаты аясында, мемлекеттік заңнамада. Мәжбірлеу көбінесе саясаттық философияға, қоғамдық артық қызығушылыққа бас иуді талаб етуге негізделеді.

Қандай болғанда да, мемлекет әрқашанда, барлық уақытта да, барлық елдерде де экономикалық құрлымдануында басты назар аударған және соның нәтижесінде қоғамның дамуына тұтас әсер етеді. Олай болса мемлекеттік реттеу экономиканы құрудың маңызды бөлігі, және сондықтан назар бөлуге тұралық нарықтық экономикада мемлекет алдында тұрған көптүрлі міндеттер мемлекеттің экономикалық орындау функцияларын анықтайды. Бұл функцияларды орындалу процесінде мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешу үшін мемлекет үкімінде құралдар қатары бар, олардың ішіндегі маңыздылары фискалдық және ақша саясаты әлеуметтік саясат және кірістерді реттеу саясаты сыртқы экономикалық саясат және басқалар.

Ақша саясаты осылардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Ақша массасын реттеу арқылы мемлекет бағаға, инвестициялық жобаларға және тұрғындар тұтынуына, ұлттық өнім көлеміне, инфляцияға және экономикалық өсу қарқынына әсер етеді. Ақша саясаты, фискальды саясат сияқты, тұрақтандыру жүйесі ретінде қызмет етуі мүмкін, бірақ экономикаға теріс те әсер етуі мүмкін. Ақша саясатынсыз инфляциямен күресу мүмкін емес.

Ақшалай-несие саясат арқылы мемлекет ақша қатынасы экономикалық реттеу шаралары жиынтығы және несиемен түсіндіріледі, олар инфляция деңгейі және динамикасына әсер ету жолымен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Инвестициялық белсенділікті және басқа маңызды макроэкономикалық процестерді тұрақты етеді.

Ақшалай-несиелік саясат-нарықтық экономиканың дамуы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жалпы өндірісті мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі.

Ақшалар мыңдаған жылдардан бері өмір сүріп келеді. Орталық банктер тарихи сахнада салыстырмалы жақында пайда болған. Орталық банктердің заманға сай әдістеріне келсек, оның құрылуы ақша және комерциялық банктер экономикасында орталық банк функциялары анықтала бастағанда пайда болды.

Бүгінде кез-келген, ең кішкентай мемлекетте, елде өздерінің орталық банкі бар. Ол 2 негізгі міндетті орындайды. Бірінші міндеті -орталық банк банктік және қаржылық жүйенің тұрақты құрылымдануын қамтамасыз етуі қажет. Жеке оның қарағанда ол қаржылық тұғырықтың туындауын ескерту қажет, ол көп делдалдық институттар бар қаржылық жүйеде өте ықтималды. Бұл міндетті орындауда орталық банк несие беруші ролін соңғы инстанцияда атқарады.


I тарау. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері

  1. Қазақстан Республикасы ақша жүйесінің құрылу ерекшеліктері

Ақша жүйесі-бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:

  • метал ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей

айналыста болып отыр, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металарға ауыстырылады:

  • Несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан

алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Метал ақша айналысы екіге бөлінеді:

  1. Биметаллизм-жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы

шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

  • Қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас

мемлекет тарапынан белгіленген;

  • Ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары

заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.

Биметаллизм ХVI-ХVII ғғ. кеңінен тарап, ал Европа елдерінде ХIХ ғ. дами бастады. Бірақ та биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажіттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама - қайшылық тудырады.

Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етеді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүиесінің орнына монетализм ақша жүйесі келеді.

  1. Монометаллизм- бұл барлығына бірдей балама және ақша

айналысының негізгі ретінде бірғана метал (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Күміс монометаллизм Ресейде 1843-1852жж қызмет етті.

Атын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816ж заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол ХIХ ғ. аяғына қарай енгізілді, айтарлық: Германияда-1871-1873жж. Швецияда, Норвегияда және Данияда -1873ж. Францияда 1876-1878жж. Австрияда-1892ж. Ресейде және Жапонияда -1897ж. АҚШ-та -1900ж.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді:алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты -бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализімнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүиесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық

қызметтерін бірдей атқарады;

  • алтын монеталарды қоюға рұқсат етеді (әдетте елдің монета

сарайында ) ;

  • толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және

шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды:

  • алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға

және ішке алып келуге болатын болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны зайымдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларының көп мөлшерді айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдердің өзінің қызметін тоқтатса, кейінен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде қалпына келтіре алмады . 1924-1929жж. ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12, 4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12, 7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы 215 мың франке теңболды.

Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасауға болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.

Сонымен, 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып (мысалға, Ұлыбританияда-1931ж., АҚШ-та-1933ж., Франсияда-1936ж) . оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.

Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементтерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.

Ақша бірлігі-барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі.

Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Көптеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 функ стерлинк-105 пенсаға, Ресейдің 1 рубілі-100 копеке Қазақстанның 1 теңгесі-100 тиынға және т. с. с.

Қазақстанның ақша бірлігінің-«теңге» деп атаулуы, менің ойымша, оның тарихымен тығыс байланысты болуға тиіс. Айталық, таяауда жарық көрген Қазақстан ұлттық энцклапедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: «Алғаш рет ақғұндар б. з. 1 ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б. з. 5-6 ғасырлар. ) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер ұлы жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуі өмір қажеттілігі деп тім ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қаша алған ру рямізін бейнелеген теңгелер құйя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері 6-7 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларды құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі-сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б. з. 704-766 жж. Таразда құйылған теңгелерде «түргеш қағанаты теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгелері» деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 ж. Жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы-8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қазыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолдданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. Енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтың арасында белгілі болды. 16 ғ. отырардың Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайындық шеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды».

Қорыта айтқанда, содан бері үш ғасырды артқа салып, еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы-теңге қайта айналымға шығып отыр. Сол теңгенің шыққанына быйыл 10 жыл толды. Соңғы уақыттары теңге ТМД мемлекеттерінің ішінде біршама тұрақты валютаға айналып отыр.

Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс -мыс және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунт стерлинг банкноталар, 1 және ½ пенилер, сондай-ақ жаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және1 шиллингтер де бар. Ал Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 1, 5000, 2003, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік метал монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64/100 мм су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейінен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиін монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түрінде) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.

Эмиссиондық жүйе-бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде-РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айналысады. Ұлттық банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын -Банкнота фабрикасы (Алматыда) мен монета жасайтын-Монета сарайы (Өскеменде) бар.

1. 2. Мемлекеттің ақша-несие саясаты және несиелік жүйесі

Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты болып экономикаға өндірістік бағаның толық бос еместігі және тұрақтылығымен сипатталатын деңгейіне жетуіне көмектесу саналады. Ақша-несие саясатының өндіріс көлемінің жалпы бірлігінің жұмысы және баға тұрақты деңгейін ұстау мақсатында ақшалай ұсыныс өзгеруінен тұрады.

Комерциялық банктердің іскерлігінің реттелмеуі жұмыс активтілігінің циклдік ауытқуына алып келуі мүмкін, оларға инфляция кезеңінде ақшалай ұсынысты молайтқаны пайдалы, ал депрессия кезеңінде азайтқаны, сол арқылы олар кризистен шыға алады. Сондықтан ақша айналымының қатынасын реттеудің мемлекеттік саясаты қажет.

Бұл басты координациялау және реттеу органын елдің барлық ақша жүйесінде орталық (эмиссиондық) банк атқарады.

Орталық банктің несиелік-ақша саясатының басты міндеті ұлттық валютаны сатып алу күшін тұрақты ұстау және төлем және есеп-қисап үшін жұмсақ жүйені қамтамасыз ету. Осы уақытта орталық банк саясаты мемлекеттің барлық экономикасын реттеудің маңызды бөлігі болып табылады. ХХ ғасырдың екінші жартысында экономиканы реттеу мақсатында «магиялық төртбұрыш» құрылды. Экономикалық өсудің тұрақты темпін құру, тұрақты ұлттық валюта, төлем балансының жұмыстылығы және тепе-теңдігі. Соңғы жылдары оларға экологиялық тепе-теңдікке жету мәселесі қосылды.

Орталық банктің алғашқы негізгі функциясы болып нақты ақша эмиссиясын жүргізу болды. Қазіргі уақытта ол функция екінші жоспарға баяу ауысты, бірақ нақты ақшалар барлық ақша массасы жүретін іргетасы болып саналады. Сондықтан орталық банктің нақты ақша эмиссиясы бойынша іскерлігін жақсы саралап және ойланып жасау қажет, басқа түрлеріне қарағанда ақша эмиссиясы маңызды.

Ақша-несие саясатын жүргізе отырып комерциялық банктер іскерлігіне әсер етіп және экономиканы несиелеуді қысқарту және кеңейтуді реттеуді бағыттала отырып, орталық банк ішкі экономиканың дамуының тұрақтылығына, ақша айналымы мықтылануына, экономикалық ішкі процесстерді теңестіруге қол жеткізді. Олай болса несиеге әрекет ету барлық шаруашылықты тұтас дамуына анағұрлым терең стратегиялық міндеттерге жетуге мүмкіндік береді. мысалы: кәсіпорындағы бос ақша қаражатының жетіспеуі ішкі инвестиция, комерциялық сауда жүргізуді қиындатады. Екінші жағынан, артық ақша массасы өзінің кемшіліктеріне ие, ақшаның құнсыздануы, және нәтижесінде тұрғындардың өмір тіршілігінің төмендеуі, елдегі валюталық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін.

Бірінші жағдайға сәйкес ақша-несие саясаты банктердің несиелік іскерлігін кеңейтуге бағытталуы керек, екінші жағдайға-оның қысқартылуына, «қымбат ақша» саясаттына ауысуы керек.

Ақша-несиелік реттеу көмегімен мемлекет экономикалық кризисті жұмсартуға, инфляция өсімін ұстаптұруға ұмтылады. Мемлекет коньюктурасын ұстап тұру мақсатында ел экономикасы әртүрлі саласында капитал салымын стимулдау үшін мемлекет несиені қолданады.

Атап өтетін жағдай ақша-несие саясаты тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әсері жолдармен де жасалуы мүмкін. Олардың арасындағы айырмашылық, орталық банк өтімді несиені мекемелер арқылы жанама әсер етуі мүмкін, немесе банк іскерлігі сандық және параметірлері арасындағы қатынаста лимиттер орнатады.

Айта кететін жағдай мемлекет несиелік реттеу жолымен экономикалық кризисті жүмсартуға, инфляция өсуін ұстап тұруға мемлекет коньюктурасын ұстап тұру мақсатында мемлекет халық шаруашылығы әртүрлі саласында капитал сатымын стимулдау үшін несиелер беруді қолданады.

Ақша саудасында ақша ұсыну экономикада маңызды роль айналды. Бұл, жеке қарағанда айналымдардың белгілі деңгейін білдіреді. Оған сәйкес ақша массасының көлемі мен ақша айналымы жылдамдығы, өнім шығару мен баға деңгейі арасында байланысы бар.

Батыс статистикасы нені көрсетеді.

  1. Ақша ұсынысы өсуінің деңгейі және баға орташа деңгейі арасында іс жүзінде сызықты тәуелділік бар, коэфиценті 0, 9 ол барлық елдердегі барлық экономикадағы барлық агрегаттар үшін.
  2. Ақша ұсынуының өсу деңгейі мен шын өндіріс ақша массасының өсуі шамамен 18% жылына болатын аумақта бір-біріне байланысты емес. Ақша массасы өсу темпі аз елдерде іс жүзінде сызықты тәуелділік бар, ол шамамен коэфиценті 0, 1 болады.
  3. Инфляция деңгейі мен шын өнім өсу деңгейі абсолютті байланыссыз.

Жоғарыда қымбат ақшалар (рестрикционды) саясаты және арзан ақша (экспансионистік) саясатына тоқталып өттік. Төменде біз ол неден тұрады және тарату механизмі қалай екеніне тоқталып көреміз.

Экономика жұмыссыздықпен соқтығысты және баға төмен деп алып көрелік. Ізінше, ақша ұсынысын жоғарылату қажет. Сол мақсатқа жету үшін арзан ақша саясатын қолдану қажет, ол келесі шаралардан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Ақша - несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру бағыттары
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz