Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Ауыз әдебиеті туындыларының деректік маңызы, объективтілігі, алғышарттары мен тарихи жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1 Фольклор . қазақ тарихының дерек көзі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 ХІХ . ХХ ғ. басындағы ұлт . азаттық қозғалысы тарихына қатысты фольклор деректерін сыныптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІ. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт . азаттық қозғалысы тарихына қатысты ауыз . әдебиеті туындылары ... ... ... ... ... ..40
2.1 «Исатай.Махамбет» жыры ұлт . азаттық қозғалыс тарихының
дерек көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.2 «Кенесары . Наурызбай» жырындағы мәліметтердің шынайылық деңгейін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ІІІ. ХІХ ғ. екінші жартысы ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт . азаттық көтерілістері тарихи жырларда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
3.1 Жанқожа жыры және қазақ халқының азаттық үшін күресі ... ... ... ... ... ... 73
3.2 1916 жылғы ұлт . азаттық көтеріліс ауыз әдебиеті үлгілерінде ... ... ... ... .85
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .98
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .101

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Сын-пікір
беруші:
Ғылыми
жетекші:
эғк, доцент
Мақыш С Б
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі,
эғк, доцеңт
Ермекбаева Б. Ж.
АЛМАТЫ 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Ауыз әдебиеті туындыларының деректік маңызы, объективтілігі,
алғышарттары мен тарихи
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Фольклор - қазақ тарихының дерек көзі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 ХІХ – ХХ ғ. басындағы ұлт – азаттық қозғалысы тарихына қатысты фольклор
деректерін
сыныптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .22
ІІ. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт – азаттық
қозғалысы тарихына қатысты ауыз - әдебиеті
туындылары ... ... ... ... ... ..40
2.1 Исатай-Махамбет жыры ұлт – азаттық қозғалыс тарихының
дерек
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.2 Кенесары – Наурызбай жырындағы мәліметтердің шынайылық деңгейін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ІІІ. ХІХ ғ. екінші жартысы ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт – азаттық көтерілістері
тарихи
жырларда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..73
3.1 Жанқожа жыры және қазақ халқының азаттық үшін
күресі ... ... ... ... ... ... 73
3.2 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс ауыз әдебиеті
үлгілерінде ... ... ... ... .85
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...98
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .101
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тарихымызға зер салсақ, Қазақстанның Ресейге
бодан болу тарихы, әр түрлі формада үздіксіз жүріп отырған ұлт – азаттық
қозғалысы тарихы екендігін көреміз. Бұл қозғалыс әр кезеңде әр түрлі
көрініс тапты. Егер ХҮІІІ ғасырда халық өз наразылығын ақын жыраулардың
өлең жырлары арқылы білдірсе, ХҮІІІ ғасыр соңы мен ХІХ ғасырда бұл
наразылық қарулы көтеріліске ұласты. Уақыт өте келе әлеуметтік
экономикалық, саяси, рухани, мәдени мәселелерді қамтыған қазақ зиялыларының
іс әректі, жасаған еңбегі де – тәуелсіздік үшін күрестің жаңа жағдайда
жалғасуы болды.
Соңғы екі жарым ғасырға созылған қазақ даласындағы осынау ұлы
дүбірдің шын сипаты, тарихи мәні әлі де нақтылай түсуді қажет етеді. Бұл
тұрғыда академик М.Қозыбаевтың мына пікірімен келісуге болады:
Зерттеушілердің дендеп бойлай алмай жүрген ділгірлігінің бірі – ұлт-
азаттық қозғалысы. Біз осы уақытқа дейін әрбір ұлттық қозғалысты империя
мүддесі биігінен талдап, жеке-жеке аймақтың шеңберіндегі төбелес-жанжал
дәрежесінде қарап келдік. Шын мәнінде 1731 жылдан бастап қазақ халқы
үзілмеген, бір сәт толастамаған ұлт-азаттық соғысын жүргізді[1]. Исатай
мен Махамбеттің (1836-1838жж.), Кенесарының (1837-1847жж.), Жанқожаның
(1856-1857жж.), Есеттің (1837-1847жж.) көтерілісі Атырауды, Арқаны, Сыр
бойын, қазақ елін тұтас қамтып, бірі бастаса, екіншісі жалғап жатыр. Ал осы
қозғалыстардың өзара байланысы, негізгі арқауы, шешуші мотиві бір емес деп
кім айта алады. Осы әдіснамалық көзқараста ұлт-азаттық қозғалысын басынан
аяғына дейін жүйелеп, оларға тән ортақ заңдылықтарды, әрқайсысына тән
ерекшеліктерді анықтау абзал [2].
Дегенмен ұлт азаттық қозғалыс тарихы тарихымыздың басқа да мәселелері
сияқты қазақ халқына тума төл деректері, оның ішінде фольклорлық деректер
негізінде шынайы жазылуы мүмкін. Ол туралы фольклорды қазақ тарихының дерек
көзі ретінде арнайы қарастырған еңбегінде: “Ұлт өмірінің өн бойындағы өзегі
– оның тарихы. Қазіргі таңда елімізде ұлттық сананы көтерер ілгері төл
тарихқа деген сұраныстың артып отырғаны сезілуде. Халық жады міндетін
атқарып, өскелең ұрпаққа тағылым берерліктей мағыналы тарихты сол халықтың
төл деректерінің негізінде ғана жазуға болады. Ал қазақ халқының өткен
өмірін бейнелеу жағынан теңдесі жоқ деректер тобын ауыз әдебиеті туындылары
құрайды”, - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.М.Атабаев [3].
Табиғи, тарихи ортасына қарай көшпелі өмір салтын қабылдаған халықтың
тұрмыс-тіршілігі, дүние танымы, таным түсінігі, әдебиеті мен тарихы
отырықшы халықтардан басқаша дамыған, ерекше болғанын білеміз. Бұл
ерекшелік көшпелі қазақ халқының ғасырлар бойы өз тарихын ұрпағынан 0-
ұрпағына ауызша айту арқылы, яғни фольклорлық әдіспен кейінгі ұрпағына
жеткізе білгендігі.
Қазақтың ауыз әдебиеті деген белгілі фольклортанушы, ғалым
Р.Бердібайдың сөзімен айтсақ, “көлемі мен биік көркемдігі ұштасқан,
халқымыздың рухани өмірінің, тарихи әлеуметтік істердің, күрестер мен
қайшылықтардың, армандар мен үміттердің, дүние таным мен қоғам, табиғат
туралы білімдердің шоғырланып, ерекше жарасым тапқан энциклопедиясы”
[4].
Әрине, мұндай энциклопедиялық білімді тарихымыз деректерінің қайнар
көзі ретінде пайдалана білмей, толыққанды төл тарихымызды жазудың мүмкін
болмайтындығы түсінікті. Міне сол фольклорлық туындыларды халқымыздың
бірнеше мың жылдық тарихының дерек көзі ретінде пайдалана білудің басты
шарты, сол арқылы бүгінге жеткен мәліметтерді тарих ғылымының талаптарына
сай деректанулық талдаудан өткізу болып табылады.
Өйткені біз бүгін жан-жақты ойлар болсақ, халқымыздың барша тарихы
енді ғана қол жеткізген тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас
бостандығы үшін күреске толы екен. Міне осы күрес барысында қас батырларын,
көсемдерін, шешендерін өлең-жырларға паш етіп, ерліктерін ұрпақтар бойына
сіңіруді мақсат еткен. Осы асыл қазынамызды осы күнге дейін көркем етіп
жеткізген ауыз әдебиеті туындылары немесе қазақ халқының фольклоры тарихи
деректанулық тұрғыдан арнайы зерттелмей, еліміз тарихын жазуда қалыс қалып
қойғандығы баршаға мәлім.
Бұған бірнеше себептер әсер етті деп ойлаймыз. Ең алдымен бұл жалпы
деректану ғылымының зерттеу әдісінен шықты. Яғни орыс деректану мектебінің
қағидасы бойынша жазба деректер ғана тарихи дерек көзі болып саналады да,
қиял-ғажайыпқа толы, миф, аңыз араласқан ауызша деректер тарихи деректер
ретінде жете мойындалған жоқ. Әрине Қазақстан деректану ғылымы да осы ізге
түсті. Басқа жұрттың тілінде жазылып қалынған деректер ғана зерттелініп,
мойындалды. Онымен де басым көпшілігі қазақ тілінен хабарсыз мамандар ғана
айналысқанын жақсы білеміз.
Тағы бір мысал келтірер болсақ, қазақтың Едіге батыр атты халыққа
кең тараған жырының қудалану тарихы БК(б)П Орталық Комитетінің 1944 жылы 9
тамызда қабылданған Татарстан партия ұйымы бұқаралық-саяси және
идеологиялық жұмысының жайы мен оны жақсартудың шаралары туралы қаулысынан
бастау алады [5]. Бұл қаулыда кейбір тарихшылардың Татария тарихын
ұлтшылдық тұрғыдан түсіндіруі орын алған, Алтын Орда тарихын әсірелеу,
Едіге туралы хандық-феодалдық эпосты насихаттау қате болған делінген. Сөз
болып отырған қаулының кезінде идеологиялық істерді ширату мәселесіне
бағытталғанын көреміз. Бірақ ғылымға деген догматтық көзқарастың бел алғаны
соншалық, мына қаулыдан кейін ұлт республикаларында шаш ал десе, бас
алатын белсенділер қайратқа мініп, өз елдерінің эпикалық жырларынан
қателіктер іздей бастады. Қазақ, қарақалпақ, өзбек арасында даңққа
бөленген сананың туындысы деп табылды. Татар Едігесі жамандалған соң, осы
жыр сарыны кездесетін елдердің бәрінің де өз Едігесі сұмдықтың көзі деп
саналды, жер-жерлерде бұл аңызды әшкерелеген мақалалар жаппай жариялана
бастады. Осындай жағдайдан кейін Едіге батыр жырын жариялауымыз былай
тұрсын, оның атын атаудың өзі ұзақ жылдар бойында мүмкіндік болмай қалды.
Осындай обьективті және субьективті себептерге байланысты бізде жалпы
деректанудың ғылым ретінде қалыптасып, тарих ғылымындағы өз орнын ала
алмауы, басқа да төл деректеріміз сияқты, ауыз әдебиетінде де өз
тарихымыздың дерек көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік бермеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Кез келген халықтың өткен тарихын
түсіндіруде фольклор деректерін пайдаланудың өзіндік дәстүрі бар. Ерте
заманда антикалық авторлар Геродот, Диодор Сицилийский, Страбон т.б.
еңбектерде фольклор сюжеттерін көптеп пайдаланған. Олар Европалық және
Азиялық халықтардың тарихын, әсіресе, Орталық Азияның далалық аймағын
мекендеген скиф, сақ, сармат, массагет сияқты тайпалар, немесе олармен
этникалық байланысы бар халықтар жөнінде фольклорлық сюжеттер мен
образдарды көп қолданды.
Қазақ фольклорын ғылыми талдау ісі Ш.Уалихановтан басталды деуге
болады. Ол аңыз әдебиетінің үлгілерін жинаумен қатар, оларға талдау жасап,
ғылыми құндылықтарын көрсете білді. Дала жыр - дастандары өзінің қарапайым
ұғымды шынайылығымен нақтылы өмірден алшақтамайтындығымен құнды.
...Сондықтан болар, халық тарихи жыр дастандарды өте жоғары бағалайды -
деп, [6, 115 б.] жыр – дастандардың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігін
көрсетеді.
Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми-зертетулерінің қазақ шежіресіне де қосар
үлесі мол. Ғалымның қазақ халқы ауыз әдебиетінің байырғы түрлері батырлық
эпостар мен тарихи жырлар, аңыздар мен ертегілеріне жасаған талдаулары
ерекеше.
Қазақ халқының рухани әлемін ғылыми ортаға таныстырған ұлт зиялылары
еңбектерінде ауызша тарих мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бұған Алаш
көсемдері Әлихан Бөкейхан [7] мен А.Байтұрсынұлының батырлар жыры, тарихи
жырларға қатысты ізденістерін жатқызуға болады [8].
Қазақ халқының фольклорына көңіл аудару сол жылдардағы тарихи
зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі еді. Қазақтардың патшалық отарлық
саясатына қарсы қарулы көтерілісі туралы тарихи өлең – жырлар арқылы
жазылған алғашқы Х.Досмұхамедовтың Тайманұлы Исатайдың қозғалысы туралы
қысқаша мағлұмат, ол Исатай-Махамбет кітабына алғы сөз ретінде жазылған
[9] мұнда Х.Досмұхамедұлы Бөкей ордасындағы көтеріліске байланысты
фольклорлық деректерді жинаған. Олардың көпшілігі Ығылман ақынның өлеңдер
болып табылады.
Халел Досмұхамедұлы қазақтардың көтерілісі туралы ХІХ ғасырдағы
еңбектермен таныс болды, бірақ жан-жақты және обьективті зерттеу мақсатында
қазақ фольклорын жинауға және зерттеуге көңіл бөледі.
Т.Шонанұлы ұлт-азаттық көтерілістің тарихын арнайы зерттеген жоқ.
Бірақ өз еңбегінде қазақтардың көтеріліске шығуының негізгі себебі жерді
жоғалтуынан деп көрсетеді [10]. Ол Исатайдың Жоламан, Кенесары, Есеттің
көтерілістері жер үшін деп айтып кетті. Қазақстандағы көтерілістердің
барлығы бір ұлт-азаттық қозғалыс процесі екенін көрсетті. Т.Шонанұлы
еңбегінің Қазақтар жер бағасын білді ме? деген тарауында тарихи өлең-
жырларға көңіл аударды. Жерді жоғалту Отанды жоғалту деп қабылданды.
Жұмыста ақын Досқожаның Кенесарының көші-қонымен қоштасу өлеңі келтірілген.
1930 жылдары С.Сейфуллин Қазақ әдебиеті кітабында [11], С.Мұқанов
Батырлық жырдың әдебиеттегі орны [12], Б.Кенжебаев Қазақ халқының эпосы
[13] т.б. мақалаларында фольклордың көрнекті саласы батырлық эпос туралы
ойларын ортаға салады.
1940 жылдары М.Әуезов пен Соболевтің Эпос и фольклор казахского
народа атты көлемді еңбегі фольклорлық мұралардың тарихи оқиғалармен
байланыстылығына негізделген [14].
1837-47 жылдардағы Қ.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы
зерттеген әдебиетші ғалым, сыншы Е.Ысмаиловты атауға болады. Е.Ысмаиловтың
зерттеуінің құндылығы-автор тарихи жырларға сүйеніп, архив деректерін және
1917 жылғы төңкеріске дейінгі орыс зерттеушілерінің еңбектерін пайдаланып,
Кенесары бастаған көтерілісті жан-жақты сипаттайды.
Бір айта кететін нәрсе, Е.С.Ысмайловтың Кенесары мен Наурызбай
жөніндегі тараулары 1947 жылдың 21 қаңтарында шыққан Қазақстан Коммунистік
партиясы Орталық Комитетінің Республика Ғылым Академиясының Тіл және
әдебиет институты қызметіндегі орасан зор саяси қателіктер туралы қаулысы
жарияланса да, қазақ әдебиеті тарихында жарық көрді. Мәселе төңірегінде өз
тұжырымын ұсынып, халқының тарихына жанашырлықпен қарауы нәтижесінде
зерттеуші 1947-1954 жылдардағы қуғын-сүргінді басынан өткізді.
1947 жылы ең алдымен оққа ұшқаны да Е.Ысмайлов болды.
Сонымен қатар ауыз әдебиеті мұраларын Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40
жылдарында еңбегінде басты деректердің бірі ретінде пайдаланған тарихшымыз
Е.Бекмаханов [16].
Тарихшы Нысамбай, Досқожа т.б. авторлардың өлеңдерін зерттейді.
Фольклор деректерімен жұмыс істей отырып Е.Бекмаханов олардан басқа
деректер бермейтін хабарлар алуға болады дейді. Бұл биографиялық-
географиялық т.б. мәліметтер . Тарихшы халық ауыз әдебиеті деректері арқылы
К.Қасымұлы көтерілісіне қатысушылардың есімдерін қалпына келтірді. Сонымен
қатар Е.Бекмаханов фольклорлық деректерге сынмен қарау керектігін айтады.
1916 жылғы оқиғаға байланысты туындаған халық ауыз әдебиетін
қарастыруда Мұхамедрақым Жармұхамедовтың еңбеігнің маңызы зор [17].
Автор бұл еңбегінде көптеген өлең жырларға тоқталып, оларға қысқаша
түсінік бере кетеді. Және де оларды тақырыбы мен мазмұнына қарай топтарға
бөлген. Бұл диссертация 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты өлең-
жырларды зерттеудегі алғашқы іргелі еңбектердің бірі.
1916 жылға байланысты дүниеге келген тарихи-жырларды арқау етіп,
зерттеген филология ғылымының кандидаты Х.Ишановтың 1916 жыл және халық
поэзиясы атты еңбегін айта кеткеніміз жөн [18]. Онда автор көтеріліске
арналған халық поэзиясын қарастырған.
Кеңестік билік тұсында фольклорды зерттеу филология ғылымының, қала
берді этнография ғылымының еншісіне тиді. Әсіресе тіл әдебиет мамандары
баса зерттеді. Қазақ фольклортану мектебі қалыптасты. Ә.Қоңыратбаев [19],
Р.Бердібаев [20], С.Қасқабасов [21] т.б. әдебиетшілер фольклорды жинады,
түрлі жанрларын анықтады, талдаулар жүргізді. Аталған ғалымдардың пікірлері
бір арнаға құяды. Ол-қазақ эпосының тарихилық мәселесі. Қазақ батырлар
жыры халықтың тарихын бейнелейтіндігін айтып, кей эпостарымыздың тарихи
негіздерін де тапты.
Ресейдің Б.А. Рыбаков тәрізді ғалымдары Русьтің ежелгі тарихынан
мағлұматты фольклор мұраларынан табуға болатындығымен дәлелдеуге тырысты.
Ол орыс эпосын жылнамалармен салыстырып, эпостан тарихи негіз іздеді.
Сөйтіп орыс эпосының-ежелгі Русь өмірінен тарихи дерек болатындығы туралы
пікірге келді [22].
Кеңес үкіметінің тұсында осы фольклордың тарихи дерек ретінде арнайы
зерттелінуі қажеттігін айтқан шығыстанушы ғалым В.П.Юдин болды [23]. Ол
фольклордың, шын мәнінде сол халықтың өзі туғызған тарихы екендігіне назар
аударып, оған ерекше мән берді.
Соңғы жылдары отандық тарих ғылымы ауызша тарих айту дәстүрі
мәселесіне қатысты зерттеулермен толыға бастады. 1992 жылы зерттеуші
Р.Айтбаева Ауызша тарих айту дәстүрі бойынша ХҮІІІ ғасырдағы қазақ қоғамы
тарихының негзгі мәселелері деген тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғады [24]. Автор ауызша тарих айту дәстүр туындыларына қазақтардың
батырлық эпосын, тарихи жырдарды, тарихи әңгімелерді, дастандарды шежірені
жатқызады. Отандық тарихнамадамәселеге қатысты алғашқы жұмыстардың бірі
болып саналса да, еңбекте жалпы ауызша тарихи дәстүрге қатысты көптеген
сауалдардың жауабы табылатындығын атап айтқан жөн.
Этнолог –ғалым Ж.Артықбаевтың 1997 жылы қорғалған докторлық
диссертациясында ауызша тарих айту дәстүр туындылары тиімді пайдаланылды
[25]. Ғалым оларды қазақи деректер деп атаған. Ауызша тарихи дәстүр
туындыларының тарихи дерек көзі ретіндегі салмағын зерттеушінің ХҮІІІ
ғасырдағы қазақ қоғамын зерттеу үшін жазба деректерді пайдалану
жеткіліксіз. Оның басты себебі қоғамдық құрылым ішкі байланыстардан, сырт
көзге түсе бермейтін қоғамдық ішкі қатынастардан тұратыны. Ал этникалық,
әлеуметтік, саяси өмірді көктей өтетін қоғамдық байланыстарды көшпелі елмен
үстірт қана таныстығы бар өзге елдің зерттеушісі аңғаруы өте қиын. Сол
себепті ХҮІІІ ғасыр тыныс тіршілігін шынайы сипаттайтын, қоғамның ішкі өмір
сүру заңдарын тап басатын, қазақи деректерді пайдаланудың маңызы өте зор-
деп пайымдауынан аңғарамыз.
1999 жылы ізденуші З.Елешова ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. қазақ тарихының фольклорлық
нұсқасы деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Жұмыста
фольклортану ғылымындағы халықтың ауызша шығармашылығы туындыларына
жасалған типология беріледі [26].
ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқының саяси тарихына қатысты тарихи фольклорды
қолдану М.Қ.Қозыбаевтың мақалаларында [27], А.Күзембайұлы, Е.Әбіл жазған
еңбектерде де көтерілді [28].
Зерттеудің методологиясы мен әдістері. Қазақ тарихын зерттеудің
игерілмеген әдіс-тәсілі, методологиялық жолы көп. ХІХ-ХХғ.бас кезіндегі
қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын ауыз әдебиеті туындылары арқылы
зерттеудің маңыздылығы төмендегі себептерден келіп туындайды. Біріншіден,
қазақ халқының тарихын қазақтың өз төл деректерінің негізінде жазу қазақ
тарихының ең күрделі кезеңі туралы тиянақты пікір түюге мүмкіндік береді.
Екіншіден, зерттеу жер, мемлекет, азаттық туралы қазақтың дәстүрлі
түсінігін анықтауға көмектеседі.
Көшпелілер қоғамының материалдық, қоғамдық және рухани өмірінің
тұтастығы фольклорды зерттеу барысында айқын көрінеді. Тек тарих ғылымында
осы маңызды дерек қорын тарихи зерттеуге пайдаланудың методологиялық
принциптері бекімеген. 1964 жылы фольклордың тарихилығы жөнінде мәселе
көтерген пікір-талста академик Б.А.Рыбаков және көптеген зерттеушілер
қатары фольклортанудағы тарихи әдістің кейбір әлсіз жақтарына қарамай,
бағалы тарихи–салыстырмалы материалдарды қолдануда маңызды роль атқаратынын
атап өтеді [29, 461-462 б.].
Революцияға дейінгі орыс фольклористикасында қалыптасқан дәстүр
кейіннен совет фольклористикасының негізінде дамиды. Халықтардың этногенезі
мен этномәдени байланыстарын, олардың өткен тарихын,семьялық және қоғамдық
өмірін зерттеуде фольклорды тарихи дерек ретінде пайдаланудың методикасын
В.М.Жирмунский, В.Я.Пропп, К.В.Чистов, В.К.Соколова, Р.С. Липец сияқты
фольклористер жазған [30].
Фольклор текстеріне тарихи анализ жасау әдісін Р.Г.Кузеев шебер
пайдаланады. Зерттеушінің башқұрт халқының көптеген аңыз-әңгімелері,
шежірелеріне жасаған зерттеулері, фольклор материалдарының талдаулары
маңызды орын алады.
Орта Азия тарихы туралы этнографиялық және саяси-әлеуметтік
ізденістерді шешуде С.П.Толстовтың Древний Хорезм, По следам
древнехорезмской цивилизаций еңбектері маңызды. Ауыз әдебиетінде тарихи
дерек ретінде қарайтын көзқарасты ол Авестадан бастап бүгінгі қарақалпақ,
түркімен, қазақ аңыздарындаңы мол фольклор мұраларын зерттеу жұмысында
қолданылды [31].
Фольклорды тарихи дерек көзі ретінде Г.П.Снесарева, Б.Х.Кармышева,
К.Л.Задыхина (өзбек), С.М.Абрамзон (қырғыз), Г.П.Васильева (түркмен),
Т.А.Жданко, А.С.Морозова, Л.С.Толстова (қарақалпақ) зерттеулерінде арнайы
қарастырады [32].
ХҮІІІ-ХХ ғасыр басындағы ұлт –азаттық қозғалыс тарихын фольклор
материалдары негізінде зерттеу жоғарыда көрсетілген ғылыми-теориялық
әдебиеттердің методологиялық әдіс-тәсіліне сүйенеді. Сонымен қатар
диссертациялық зерттеу тарихи объективтілік принциптері негізінде іске
асты. Салыстырмалы тарихи талдау әдісі қолданылды.
Диссертацияның мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты –ХІХ-
ХХ ғасыр басында қазақ даласында үздіксіз жүріп отырған ұлт-азаттық
қозғалыс барысында пайда болған ауыз әдебиеті туындыларының қозғалыс
тарихының дерек көзі ретінде маңызын көрсету. Фольклор туындылары,оның
ішінде батырлық, тарихи жырлар қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихын
жазуда жазба, архив деректерімен қатар бір деңгейде пайдалану қажеттігін
және де бұл деректер белгілі бір қағидалардың дәлелдемесі ретінде қызмет
атқаратындығын көрсету.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер туындады.
- Қазақ тарихының дерек көзі ретінде – фольклор туындыларының маңызын,
обьективтілігін көрсету;
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт – азаттық
қозғалысы тарихына қатысты ауыз әдебиеті туындылары мәліметтерінің шынайлық
деңгейін анықтау;
- ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт – азаттық
көтерілістарихы бейнеленген тарихи жырлардың деректік маңыздылығын талдау.
Еңбектің деректемелік негізі. Диссертацияның деректік базасын қазақ
ауыз әдебиетінің негізгі тарихи үлгілері: тарихи аңыздар, жыраулар мұрасы,
батырлық жырлар құрайды.
Аңыз-әңгімелер мен ескі тарихи жырларды ел ішінен қауырт түрде жинау
ХІХ ғасырда іске аса бастады. Бұған себеп болған жағдайдың бірі-патшалық
Ресейдің отар елдің тарихын, әдеп-ғұрпын, салт-санасын зерттеуді мақсат
етуі. Дегенмен қазақ шежіресін толық жинау, түбегейлі зерттеу және жариялау
ХІХғасыр соңы ХХ ғасыр басында қазақ тарихшылары тарапынан іске асты.
Диссертациялық тақырыптың екінші бір дерек көзі – жыраулар мұрасы,
толғаулар, тарихи жырлар. ХІХғ. қазақ тарихын зерттеуде жыраулар мұрасы,
тарихи жырлар аса маңызды орын алады.
Зерттеуші Б.Жақып жыраулар поэзиясы туралы былай дейді: біріншіден,
жыраулар дәуір үнін, замана шындығын жеткізеді; екіншіден өмірде болған
тарихи нақты оқиғалардың, сол кездегі саясаттың, қоғамдық маңызы зор
оқиғалардың көрінісі бола білді.; үшіншіден, жыраулар поэзиясының
–мемлекетті басқару құралы, мемлекет идеологиясы деңгейіне көтерілуі;
төртіншіден, тарихта болған хан, би, сұлтан төрелердің атқарған ісінің
жетістік кемшіліктерінің жырлануы, бесіншіден, қазақ елінің тұтастығын
қорғаған батырлар ерлігіне арналған мадақ, арнау жырлары, жоқтаулардың
жазылуы, алтыншыдан жыраулар поэзиясында қазақ даласында қазір де бар
тарихи жер, су аттары келтіріледі, жетіншіден, өмірде болған көптеген
адамдар жайынан деректер келтіріледі... [33].
Ендеше тарихи шындықты айқындауда басқа да құжаттармен қатар жыршылық
өнердің үздік үлгілерін салыстыра қараған дұрыс.
ХІХ-ХХғғ. қатынасты жазба деректер бар. Бірақ ол деректердің көпшілігі
бөгде этностардың қкілдерінің қатынасуымен жасалғандықтан біржақтылық,
үстірттік басым. Шетел тарихшылары мен саяхатшылары барған жерінен бірер
күн, яки аптпда халық аузынан естігендерін жинау әдеттері бара, осы қысқа
мезгілде бәрін біліп, жазып тез бітіріп кеткісі келеді. Ал біздің бұл
жақтың адамдары елдің сырын өзгеге ашқысы келмейді. Айтса шатастырып,
түйінді жерлерін жасырып айтады. Ал біз, бұлардың өз ішінде жүріп өздерімен
бірге өмір сүріп, ғалымдары мен ел басыларымен араласып, көп жағдайларды
сұрауға мәжбүр болсақ, онда олар өз білгенін бізге жасырмай айтуларынан көп
хабарларға қанық боламыз. Осы себепті европалық тарихшылар жазған хабарлар
мен басылымдарға біздің бұл жазғанымыз кереғар болса ғажап емес,біз олармен
санаспаймыз. Ал олардың мақтап пайғамбардай сенетіндер жоқ емес деп жазады
Қ.Халид [34].
Осы күнге дейінгі қазақ тарихы жөніндегі жинақталған жазба деректердің
көпшілігі европоцентристік,таптық немесе шовинистік тұрғыдан
жазылып,жоғарыдағы мәселелерді толық ашып көрсетуге мүмкіндік берген жоқ.
Оны жан – жақты, обьективті зерттеу сол халықтың төл деректері негізінде
жүзеге асуы мүмкін.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың
басын қамтиды.Яғни патшалықтың отарлық саясатының тереңдеуіне орай, қазақ
халқының ұлт – азаттық қозғалысының ең дамыған кезеңдеріне байланысты
дүниеге келген ауыз әдебиеті туындыларына деректанулық талдау жасауға
арналды.
Зерттеудің ғылыми-қолданбалық құндылығы: Зерттеу жұмысының нәтижесінде
алынған тұжырымдарды оқулықтарға қосымша етіп, семинарларда пайдалануға
болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: ХІХ-ХХ ғ. б. қазақ даласында
үздіксіз жүріп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының дерек көзі ретінде
маңызының жоғары болуында.
Диссертацияның сыннан өтуі: Диссертацияның негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары ғылыми жинақта жарияланған. Ал, олардың біршамасы жыл сайын
болып тұратын жас ғалымдардың ғылыми конференциясында баяндалды.
Зерттеу жұмысы ҚазМҰУ-нің Деректану және тарихнама кафедрасында
талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияда XIX-XXғасыр басындағы қазақ
халқының ұлт- азаттық қозғалысы тарихы тарихи фольклорды пайдалану негінде
зерттелді. Яғни:
- қазақ тарихи фольклорының сипаты мен жүйесі талданып, тарихи
зерттеулерге өзек болатыны анықталды;
- Батырлар жыры мен тарихи жырлар арқылы тарихи оқиғаларды
сипаттауға болатыны дәлелденді.
Диссертацияның құрылымы: Зертеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

алғышарттары мен тарихи жағдайлары.
І.1 Фольклор - қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Қазақстан тарихын зерттеуде аса маңызды дерек ретінде фольклордың
маңызы айрықша зор екені белгілі.Себебі ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысына дейін
қазақ халқының жазба әдебиеті кең дамымады. Сондықтан тарихи ірі оқиғалар
халықтың ауызша шығармашылығы, дастан, өлең, қисса, батырлар жыры, ертегі,
аңыз және т.б. арқылы халықтың есінде сақтылған. Осы фольклорлық
материалдарда қазақтардың қоғамдық және әлеуметтік құрылысы, тұрмысы мен
әдет-ғұрпы, халықтың өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғалар айқын бейнесін
тапқан. Осы еңбекте пайдаланылған негізгі фольклорлық деректерді сипаттауға
көшпес бұрын принципті маңызы бар үлкен мәселеге атап айтқанда - тарихи
дерек ретінде фольклордың орнына және оны ғылыми түрде жүйелеу әдістеріне
тоқтала кетейік.
Қазақ фольклорын егжей – тегжейлі сипаттап жатпай – ақ айта кететін
бір нәрсе оның сан алуан оқиғалардың ішінен ең маңыздыларын қалдырмай
баяндайтын қасиеті. Сонымен бірге ел тағдырын шешуге қатысы бар ұлы
тұлғалардың атын атап, түсін түстеп беретіндіктен, халық өміріне байланысты
қилы деректерге толы болғандықтан фольклор тарих үшін, әсіресе қоғамдық –
саяси қатынастар саласын зерттейтін ғалымдар үшін шын мәнінде баға жетпес
қазына.
Алайда фольклорлық материалдарды пайдалану тарихшыдан үлкен
шеберлікті және мейлінше сыни көзбен қарауды талап етеді. Нақ осы себептен,
фольклорлық материалдарды зерттеу кезінде оның таптық сиспатын, мүмкін
болса оның авторының немесе орындаушысының кімдер екенін анықтап алу аса
маңызды шарт болып табылады”- деп атап көрсетті Е.Бекмаханов [16, 23 б.].
Қазақ елі - өте бай тарих айту және оны сақтау дәстүрі мен мәдениеті
бар халық. Өткен өмірінде көшпелі өмір салты басымдық танытқан қоғамда
ауызша тарих айту дәстүрі, белгілі дәрежеде, отырықшы өркениетті елдердегі
архив пен кітапхана міндетін атқарды, халықтың рухани өмірі ұрпақтан –
ұрпаққа осы негізде жетіп, ұласып отырды.
ХҮІІІ – ХХ ғасырдың бас кезі кезеңінде қазақтар тарихы жөнінде тарихи
деректердің ауқымы кең, оларда Қазақстанның және онымен көрші
мемлекеттердің аумағында болған тарихи оқиғалар мен фактілерді көрсететін
ақпарат бар.
Бұл деректер өзінің түрі мен мазмұны жағынан алуан сипатта. Олар
жазбаша, ауызша және заттай тарих деректері түрінде болып келеді. Жазбаша
және заттай деректердің көпшілік бөлігі зерттеушілердің назарын аударып,
ғылыми айналымға енгізілді.
Қазақтардың жаңа тарихының кезеңі Ресей мен Батыс Еуропа, Шығыс Қытай
және мұсылман деректерімен қатар дәстүрлі қазақ деректері – шежіренің
өзінде баяндалған. Қазақ шежірелерінің материалдары деректанушылық талдау
жасаған кезде құнды тарихи мәліметтер болып табылады. Алайда қазақ
шежірелеріне ұзақ уақыт бойы тиісінше ғылыми – зерттеушілік көңіл бөлінбей,
тарих ғылымының деректік ізденістері шеңберінен тыс қалып келді, өйткені
бел алып тұрған тоталитарлық жүйе мен идеологиялық цензура ұлттық тарихи
деректрді пайдалануға тыйым салды. Кеңестік тарихнама мен деректанудың
қазақтардың тарихи деректерін ұмыт қалдырылған кездегі кемшілігі де осыдан
шығады. Тарихшылар үшін деректердің бұл санатын ғылыми проблемалар
шеңберіне енгізу қауіпсіз де болған жоқ, өйткені ғалымдарды (мысалы,
Е.Бекмахановты, Ә.Марғұланды) тікелей қудалау жәйттері де болды, олар
кейінгі тарихшыларды қазақтардың тарихи деректерін ғылыми талдау мен
зерттеу проблемасын орағытып өтуге мәжбүр етті.
Көшпелі қоғамның дәстүрлі тарихи санасы шежіре шеңберінде
қалыптасады. Ол көшпелілердің тарихи білімі құрылымындағы орталық өзек
болып табылады, оның теориялық және қолданбалы маңызы тарамдалып, содан
шығады. Бұл тарамдар шежіреде, біріншіден, нағыз генеалогиядан, екіншіден,
құрылым құрайтын ойдан шығарылған генеалогия ғана болып табылатын
ирреалдық, үшіншіден, ежелден жеткен үн, “қария сөз” , “ескі сөз” – тарихи
мифологиядан, сондай – ақ тарихи аңыздардан, эпикалық жырлардан – батырлдар
жырларынан, толғаулардан қалыптасып тарихи білімді құрайды.
Көшпелі қоғамда тарихтың мағынасы мен мақсатын түсіну басқа
өркениеттер мен халықтардағы мұндай ұғымнан ерекше. Мысалы, христиан және
мұсылман дүниесінің тарихнамасында тарихи ақпарат жинақтау жүйесіндегі
негізгі принцип тарихи уақыт санаты болса, көшпелілерде ол тарихи тұлға
санатымен ауыстырылған. Шежіреде тарихты және тарихи оқиғаларды дараландыру
өзекті мағына болып табылады. Тарихи уақыт санаты тарихи кеңістік санатынан
кейінгі үшінші орынға қойылады, ал бірінші қатарға қайраткер тарихи тұлға
шығарылған. Тарихи уақытты есептеу тиісінше генеалогиялық ұрпақтар мен
тарихтың ең ірі оқиғаларына сәйкес жүзеге асырылады, өйткені бұл, өз
кезегінде, он екі жылдық циклды жыл санау қажет етілетін ғарышнамалық
түсініктерге байланысты.
Сөйтіп тарихи білімнің генеалогияландырылған жүйесінің орталығында
тарихи дәуір мен оқиғаларға баланатын тарихи жеке тұлға болады. Мәселен,
қазақ тарихшылары ХҮІІІ және ХІХ ғасырлардағы тарих бойынша тарихи
циклдарды Әз Тәуке, Абылай, Бұхар жырау, Қазыбек би, Төле би, Әбілмәмбет
хан, Әбілқайыр хан, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Кенесары
хан, Наурызбай сұлтан, Едіге, Шоң, Торайғыр, Жарылғап би, жоңғар
қонтайшылары Галдан – Церен, Шона батыр (Шуна Дабо) және басқалар сияқты
жеке тұлғалар арқылы көрсетеді.
ХҮІІІ ғасырдағы ауызекі тарихи дәстүр түрлерінің бірі – сол кездегі
әйгілі жыраулар суырыпсалып айтқан қазақ толғаулары. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ
жыраулары - Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын, Үмбетай жырау, Бұқар жырау,
Көтеш ақын, Шал ақын – қазақ халқының ерлік кезеңінің өкілдері болды және
өз шығармаларымен көшпелі қоғамның әлеуметтік идеологиясының қалыптасуына
жәрдемдесті.
Халыққа олар ерекше тұл,алар болып көрінді, бұл шын мәнінде де солай
еді, өйткені жыраулар көреген деп есептелді, олардың айтқаны кейде хан
билігінен де жоғары тұрды. Олардың шығармаларында ғасырдың аса маңызды
оқиғалары сөз етілді, аңызға айналған тұлғалар, әскербасылар және басқалар
туралы айтылды.
Абылай хан қайтыс болғаннан кейін қазақ халқының тарихи дамуы ХҮІІІ
ғасырдың аяғында және ХІХ ғасырда Ресей империясының отарлау саясатының
күшеюі жағдайында өтеді, қазақ шежірелерінде Орта жүз бен Кіші жүз
қазақтарының – Сырым Датовтың, Саржан төренің, Кенесары ханның, Жанқожа
батырдың, Есет батырдың, Исатай, Махамбеттің және басқа да қазақтың ұлттық
батырларының отаршылдыққа қарсы бой көрсетулерінің рухы сақталған. ХҮІІІ
ғасырдың екінші жартысында жандана түскен Ресей отарлау саясатының бас кезі
Құрбанғали Халидтің шежіресінде егжей – тегжейлі баяндалған.
Қазақтардың дәстүрлі қоғамдық жүйесінің заман лебіне және отаршылдық
саяси реформаға байланысты дағдарысы көшпелілердің ұлттық сана – сезімінің
дағдарысына әкеп соқты, ол “Зарзаман” деп аталатын дәуірдегі қазақ
ақындарының шығармаларында көрініс тапты. Бұл дәуірдің ақындары өз
шығармаларына нақ қазақ шежірелерінің деректеріни өзек етті. Олар өздерінің
поэтикалық шығармаларында өз заманының рухын дәл бейнелеген.
Тұтас алғанда ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтардың тарихын осы уақыт
бойында жасалған қазақ деректері негізінде қорыта келгенде, қарастырылып
отырған екі ғасыр тарихы қазақ халқының сыртқы экспансияға қарсы, әуелі
Жоңғар хандығына, сонан соң шүршіттерге (яғни – Цин билеушілеріне),
қоқандықтарға, хиуалықтарға және Ресей империясының белсенді отарлау
саясатына қарсы үздіксіз күресімен сипатталады, мұның өзі халық арасында
тарихи ақпарат жиналуы фактісіне ықпал жасады, қазақтардың тарихи санасы
оянуының тереңнен жүрген үрдістерін, қазақ этносының этникалық жағынан
белсенді түрде қалыптасуы мен дамуын дәлелдейді деуге болады.
ХІХ ғасырдағы қазақ деректерінде Ресейдің отаршылдық саясаты және
соған байланысты қазақ халқының ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі
оқиғаларын көрсету өзекті сюжетке айналды.
Қазақ ауыз әдебиетінің туындылары тарих үшін бірегей деректер болып
табылады. Олар кейінгі ұрпақтарды өткен дәуірдің не бір қанық суреттерімен
байытады және қазақтардың қоршаған ортамен сырт көзге байқала бермейтін
ішкі байланыстарын байқауға мүмкіндік береді, қоғам дамуының біртұтас
тарихи үрдісінде олардың атқаратын ролін анықтауға жәрдемдеседі.
Ауыз әдебиеті – фольклор әр түрлі тарихи дерек көздері арасында қазақ
халқының өткен өмірін бейнелеу жағынан теңдесі жоқ деректер тобын құрайды.
Тарихымызды қамтитын хронологиялық шеңберінің кеңдігі, беретін
мәліметтерінің молдығы, көлемінің көптігі жағынан фольклор басқа дерек
көздері арасында ерекше орын алады. Фольклор ағылшынща “folk - lore” –
халық даналығы, халық білімі деген ұғымды білдіреді.
Фольклор халық өмірінің белгілі бір кезеңінде пайда бомай қоймайтын,
барлық халықтарға тән табиғи құбылыс. Ол туралы белгілі фольклортанушы
ғалым С.Қасқабасов: “Фольклорлық ойлау, фольклорлық дәстүр, фольклорлық
шығарма – міне, осының бәрі тарихта болатын нәрсе, оны аттап өту мүмкін
емес. Бұлардың бәрі тарихтың белгілі бір кезеңінде болуы тиіс, сол дәуірдің
жемісі, адамзат мәдениетінің бір сатысы деп танылуы керек” – дейді [35, 82
б.].
Дегенмен, әр халықтың өзіндік дамуу ерекшеліктеріне байланысты
фольклордың бір халықтарда ерте, бір халықтарда кеш пайда болуы,
біреулерінде ұзақ уақыт бойы тарих айтудың негізгі түрі ретінде сақталуы,
біреулерінде жазба тарихқа жол беруі мүмкін. Академик Ә.Марғұланның
айтуынша : “Ғасырлар бойы айтылып келген ертегі – жырды, аңызды, әңгімені
ең алғаш шығарып таратқан көшпелі түрік тілдес елдер” [36, 352 б.]. Ол:
“Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы заманынан басталады” [36, 367 б.]. Ал, ол
тайпалардың қазіргі Қазақстан жерінде б.з.д. ІҮ – І ғасырларда мекендегені
және қазіргі қазақ ұлтының өз негізін солардан алатындығы тарихтан белгілі.
Олай болса, фольклор қазақ халқының кемінде 2,5 мың жылдық тарихының дерек
көзі болып табылады деп айтуға болады. Себебі, халқымыздың өмір салтының
ерекшелігіне байланысты оның мыңдаған жылғы тарихы негізінен сол ауызша
тарих айту арқылы, яғни фольклор арқылы бүгінге жеткен.
Егер, филология ғылымдарының докторы, зерттеуші С.Қасқабасовтың
сөзімен айтсақ: “Фольклор адам тіршілігімен тікелей байланысты, оның
болмысының бір бөлшегі. Сондықтан ол адам өмірінің барлық жағын бейнелейді,
шаруашылығынан, әдет – ғұрпынан, салт – санасынан толық мәлімет
береді...халық тарихындағы маңызды оқиғаларды қамтып, солардың негізінде жаңы
шығармалар туындап, тарихи қайраткерлер жайында әңгімелейді... Фольклор
халықтың өзінің тарихқа қатысын, көзқарасын танытады, маңызды оқиғалар мен
көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым – қатынасын көрсетеді”
[35, 82 б.].
Демек, фольклор халық өмірінің айнасы, оның ажырамас серігі, халықтың
саналы іс - әрекетінің барысында жасалынған, тарихпен ілесе пайда болып
отырған обьективті дүние. Сондықтан, профессор Б.Кенжебаев: “Тарих пен ауыз
әдебиеті бір – біріне жәрдемші, бірін – бірі толықтырушы. Халықтың ауыз
әдебиетін дұрыс, терең ұғыну үшін оның тарихы қандай қажет болса, тарихын
дұрыс, жете, толық білу үшін ауыз әдебиеті де сондай қажет ”- деп [13, 16
б.], жазды. Бірақ, ғалымның айтуынша, тарих пен фольклор бірдей емес.
Тарихшы болса оқиғаны нақты, ешбір қоспасыз жазады. Ал, ақын әрбір тарихи
оқиғаны өз тұрғысынан алып әрлеп, әсерлеп жырға қосады.
Қазақ халқының тарихы көбінесе ел жадында сақталып келді. Ол аңыз,
әңгіме, хикая, жыр түрінде тарады. Сондықтан бізде жазбалардан гөрі, ауызша
айтылып жүрген аңыз – жырлар мол. Қазақ тарихының бірқатар мәселелері сол
аңыз, жырлардан шығады [37, 151 б.].
Өз тарихын тума төл деректерінің негізінде зерттеу мүмкіндігіне енді
ғана ие болған қазақ тарихшылары үшін тарихымыздың дерек көздері ретінде
фольклордың маңызы ерекше. Мысалы, ҚР ҰҒА мүше – корреспонденті Р.
Бердібаев: “Тарихтың хатқа түспеген кезеңдеріне келгенде, кейде фольклор
мұрасы бірден – бі құжатты деректің орнына жүретіні оның мәнін еселеп
арттырады” – деп , фольклор деректеріннің маңызын жоғары бағалайды [37, 5
б.].
Дегенмен, ауыз әдебиетінің мәліметтері де, басқа да деректер сияқты
өздерін деректанулық талдаудан өткізуді, яғни ондағы ақпараттардың
шынайылық деңгейін анықтауды қажет етеді. Ол туралы, әдебиеттанушы ғалым
Т.Сыдықов: “Әдебиет – тарих емес, тарихи күрес, оқиғалардың айнасы, сәулесі
ғана. Сондықтан, тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп – тура шығуын одан
талап етуге болмайды. Кейде дәл келсе, кейде тарихшы шындықтан аулақтап
кетуі мүмкін. Олай болуы заңды. Өйткені оқиғаны өзінше түсініп, өзінше
баяндауы – ауыз әдебиетінің өкілдеріне жалпы тән нәрсе” – [37, 147 б.]
десе, Мәлік Ғабдуллин кезінде: “Ауыз әдебиеті тарихи фактілерді негізге ала
отырып, оны ақындық қиял арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп көрсетеді.
Кейде асырып, кейде өзгертіп елестетеді. Сондықтан ауыз әдебиетін тарихтың
өзі, оның документі деуге болмайды” – деген ой айтқан [38, 7-8 б.] .
Қазақ фольклорын ғылыми талдау ісі Ш.Ш.Уәлихановтан басталды
деуге болады. Ол ғасырлар қойнауында дүниеге келген ауыз әдебиетінің
үлгілерін жинаумен қатар, оларға талдау жасап, ғылыми құндылықтарын да
көрсете білді. Мысалы, “Қазақ шежіресі” деген еңбегіндегі қазақ халқының
даму ерекшелігіне сай, ел арасына кең тариған тарихи деректер тобына
жататын аңыз – дастандар туралы осына айтуға болады. “Дала жыр – дастандары
өзінің қарапайым ұғымды шынайылығымен нақтылы өмірден алшақтамайтындығымен
құнды. Онда ертегідей сенімсіз сиқырлы қимыл - әрекеттер кездеспейді.
Сондықтан болар, халық тарихи жыр – дастандарды өте жоғары бағалайды” – деп
[6, 115 б.], жыр – дастандардың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігін
көрсетсе, - “Аңыз – дастандардағы тарихи оқиғалар, тегі қазаққа жақын
Әбілғазы жазған “Түрік шежіресі” атты және сондай – ақ, әсіресе (Жами ат-
тауарих), шежіредегі деректерден алшақтамайды” – деп [6, 115-116 б.], бір
деректі екінші дерекпен салыстыру арқылы ғылыми маңыздылығын, ондағы
айтылған мәліметтердің шынайлығын айқындаудың жолын ұсынады. Ауыз
әдебиетінің бағзы заманнан бері ұрпақтан – ұрпаққа жеткен күрделі де мол
бір саласы – эпостық жырлар, батырлар жырлары туралы алғаш ғылыми пікір
айтқан, зерттеген адамдардың бірі – Ш.Ш.Уәлиханов. Сондай – ақ тарихи
жырдың ежелгі батырлық эпостан ерекше айырмашылықтары бар жаңа түр
екендігін қазақ фольклорында бірінші байқаған зерттеуші – Ш.Ш.Уәлиханов
еді.
Ш.Ш.Уәлиханов халық мұрасы туралы пікір айтқанда, тек фактыға,
шындыққа сүйеніп айтқан. Әсірелеп, көркемдеп айту оның дағдысында болмаған.
Шоқан тарихи жырдың өмірде болған оқиғалар негізінде шығатындығын, яғни
эпосқа қарағанда тарихқа жақындығын аңғарған. Міне, осыны ескерген ғалым
тарихи жырды арнайы түрде зерттеуге тырысқан.
Ш.Ш.Уәлиханов тарихи жырлардың анық болып өткен оқиғалармен
байланысы, өз елінің ертедегі өмір, күрестерінің ізі ауыз әдебиеті
шығармаларында қаншалықты сақталғанына көңіл бөледі. Алтын Орда, Ноғай
ордасы дәуірінің көптеген белгілі батырларының қазақ аңыз, жырларының
қаһарманы болып жүруі Шоқанды сол құбылыстың түбін тексеруге ұмтылдырады.
Фольклордың халық өмірімен, тұрмысымен, тарихымен тығыз байланыста
болатыны белгілі. Сондықтан ауыз әдебиеті шығармалары адамдардың белгілі
бір дәуірдегі өмірінен, күнкөрісі, еңбек кәсібі мен тұрмыс – салтынан, т.б.
мәлімет береді. Ауыз әдебиеті туындыларының қай – қайсысында да халықтың
басынан өткен тарихи оқиғалардың, тарихи уақыттың елестері көрінеді. Бірақ
фольклордың тарихилығы деген ұғымға анықтама беру үшін оның осы сипатымен
ғана шектеліп қалу жеткіліксіз.
Бағзы заманнан бері халық жасап келген фольклор туындылары,
адамдардың осы шығармаларды туғызған уақыттарындағы, яғни белгілі бір
кездердегі түсініктерін, нанымын, дүниетанымын білдіре алады. Бұл да
фольклордың тарихилығының бір белгісі.
Фольклордың тарихилығы мәселесі тарихи жырларға да қатысты. Бірақ
бұлардағы тарихилық өзгеше. Тарихи жыр – ежелгі батырлық эпостан кейін
туған жыр. Мұнда тарихи нақтылықтар эпостардың жинақталу үлгісіне көшіп
үлгермеген. Тарихи жырлардың тууына негіз болған оқиғалар, бүгінгі заманға
таяу ғасырлардың оқиғалары, олардың нақты бейнелері халықтың есінен ұмытыла
қойған жоқ. Шапқыншы жаудың жасаған зорлықтары, ел басына төнген қатер,
дұшпанға қарсы аттанған, соғыстар болған жерлер – осылардың бәрінің
суреттері халық жадында сақталып қалған. Тарихи жырларда батырлардың
есімдері ғана емес, олардың жас мөлшері, сыртқы пішіндері нақты
көрсетіледі.
Ш.Уәлиханов жыр – дастандардың тарихи дерек ретіндегі сақталу, өмір
сүру формасын, олардың ғасырдан ғасырға, атадан балаға жету құпиясы мен
жолдарын, түрлік ерекшелігі мен қазақ қоғамындағы алатын орнын, халықтың өз
дерегіне деген көзқарасын да көрсетіп берді.
Мысалы, қазақ халқының жыр – дастандарға деген сүйіспеншілігін,
олардың дерек ретіндегі сақталуы мен ел арасына таралуы туралы “Қазақ
шежіресінде” : “Ата – бабаларының ерлігі туралы тарихи жыр – дастандарға
дегенде, халықтың сүйіспеншілігінде шек жоқ. Соншалықты мол мұраны ауыздан
– ауызға, жазбасыз, баспасыз алып даланың бір шетінен екінші шетіне
жеткізіп, ғасырлар бойы ойда сақтау, олардың суырыпсалма (импровизаторлық)
ғажап қабілетінің көрінісі болса керек”-деп, өз халқының қабілетіне
ризашылық білдіре отырып, сол деректердегі тарихи оқиғалардың бейнеленуі
дәрежесі туралы: “Көне жыр – дастандардың сол бәз қалпында, ұшы – қиыры жоқ
даланың бір шетінен айтылатын шығарманың оқиғасы боздаланың екінші бір
шетіне айна – қатесіз қайталануы таңдандырмай қоймайды. Көне түркі салт –
сана, әдет – ғұрыптарының қаймағы бұзылмаған қазақтарда, өмірдің бар
саласын қамтитын оқиғалармен байланысты адам аттары, жер – су аттары, т.б.
есте сақталып, атадан – балаға жалғасып жатады”- дейді [6, 116 б.].
Деректану ғылымы үшін деректердің сақталу және өмір сүру формасын
айқындаудың да үлкен маңызы бар десек, Шоқан Уәлиханов жыр – дастандардың
тарихи тәрбиелік мәнімен қатар, олардың нақты өмір сүру формасын, ұрпақтан
– ұрпаққа жетуінің жолдарын айқын көрсетіп берді. Ол: “Осы тарихи мәні бар
мол мұраны біреулер домбырамен сүйемелдеп әндетсе, енді біреулер мынау
сонау замангдарда жасаған пәленше деген күйшінің аты, өшпес күйі еді деп,
сыбызғыда ойнап, қобызда тартып, өнерлі адамдардың аты ел – жұртының есінде
мәңгі қалып қоюына себепші болады. Қазақтардың әрбір ру басылары өз ру –
тайпаларының шежіресін шыққан тегін, елдің әдет – ғұрып заңдарын, ескі
жарлықтарын, халықтардың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған
ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік - өнерін шыңдауға
көптеген аңыз - әңгімелерді, мақал – мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты
ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайды. Сондай дайындығы бар билердің
ауызынан шыққан сөздерді толық ұйып тыңдайды. Ол наұқыл сөздердің мәні
өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет - өнеге, тәлім – тәрбиелік патриоттық
мазмұнда болып келеді” – дейді [6, 116 б.].
Сонымен қатар, ғалым өткен ғасырдың орта кезінде халық арасында бой
көрсете бастаған келеңсіз жағдайларға көңіл аудара келе, “Өкінішке орай,
енді бір он жылдан соң, бұрын осылай болып еді, содан енді не қалды дейтін
де уақыт алыс емес сияқты, біздің халық қалай тез өзгеріп, тез құбылады
десеңші” – дейді [6, 117 б.]. Көп ұзамай – ақ бабамыздың бұл қаупі өмір
шындығына айналды.
Қазақ ғалымдарының еңбектерінің бірінде фольклордың түрлік, жанрлық
ерекшеліктері, сақталу формасы туралы айтылса, екінші бір еңбектерде
олардың пайда болуының алғышарттары, деректік маңызы, обьективтілігі мен
субьективтілігі т.б. туралы айтылған.
Мысалы, М.Әуезов “Уақыт және әдебиет” атты еңбегінде: “Халық арасында
әлде бір батырдың қоштасуы және соны жоқтауға байланысты таралған өлең –
жырларды алғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық
дастанның тууына негіз қалануы ықтимал”-деп [39, 35 б.], эпостық
дастандардың тұрмыс – салт жырларының негізінде пайда болуы мүмкін екендігі
туралы болжам айтады. Ұлы әдебиетші өзінің бұл ойының негізсіз емес
екендігі туралы “Батырлар жорыққа аттанарды айтылдатын “Қоштасу жыры””, ол
қалыңдық әкелгенде айтылатын үйлену салт жыры, ол өлгенде жанкүйерлері
жылап – сықтап айтатын “жоқтау” жыры сол батыр жайындағы эпостық жырдың
негізін құрамауы мүмкін емес” – деп, оған “Ер сайын” жырынан нақты дәлелдер
келтірген [39, 64-65 б.].
Белгілі әдебиеттанушы ғалым, Қ.Жұмалиев: “Тарихи оқиғаның ізі,
сәулесі болып әдеби мұралар туып отырады. Олардың кейбіреулері оқиғаның
жалпы, ұлы сорабын сақтаса... кейбіреулері күні кеше ғана болып өткен, ізі
суымаған тарихи оқиғаның негізінде туды. Бұлардың ішінде айтылатын оқиға
да, қатысушы адамдардың іс - әрекеттері де тарихи шындыққа жақын, қиял
–ғажайып оқиғалар мейлінше аз. Осы жағынан қарап, алдыңғы әдеби нұсқаларды
эпостық жырлар деп атасақ, соңғысын тарихи жырлар деп атаймыз. Бұл екуінің
негізі бірн, екеуінің де түбінде тарихи оқиға жатады ” – [40, 220-221 б.]
деп, әдеби мұралардың ерекшелігін, эпос пен тарихи жырлардың ортақ
белгілері мен айырмашылығын көрсеткен.
Батырлар жыры мен тарихи жырларды зерттеу ісімен ұзақ жылдар бойы
Е.Ысмайылов айналысты. Ол батырлар жырын: “ХІҮ ғасырға дейінгі болған қаңлы
– қыпшақ заманының батырлар жыры... ХІҮ – ХҮІ ғасырлардағы ноғайлы заманының
батырлар жыры... ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ – қалмақ арасынынң қарым –
қатынасына байланысты батырлар жыры... ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт –
азаттық қозғалысына байланысты батырлар жыры...”- деп [41, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz