Интеллектуалдық ойын құралдары арқылы танымдық белсенділікті дамыту технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2-3

I. ТАРАУ. Оқушылардың білімін бақылауда ойындарды қолданудың психологиялық- педагогикалық негіздері

  1. Оқушылардың білімін бақылау әдістері, түрлері мен формалары . . . 4-11
  2. . Ойын түсінігі және оның жіктелуі . . . 12-14

2. ТАРАУ. Интеллектуалдық ойын құралдары арқылы танымдық белсенділікті дамыту технологиясы

2. 1 Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және интеллектуалды ойынды ұйымдастырудың ерекшеліктері…. ……… . . . 15-17

2. 2 Интеллектуалдық ойын - білім бақылаудың бір түрі ретінде . . .

2. 3. Информатика курсы бойынша интеллектуалдық ойындар жасау әдістері . . . 18-21

2. 4 Электрондық бақылау құралы . . . 21-

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША А . . .

Кіріспе

Бүгінгі таңдағы білім беру парадигмасы оқушылардың белгілі бір аумақта білім жинақтап қана емес, сол білімді жеке тұлға болып қалыптасуына, өз шығармашылығына, сонымен қатар ақыл-ой мүмкіндігіне қолдануын бағыттауды қамтиды.

Осыған орай, мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі белгілі.

Мұғалімнің өзіндік кәсіптік зерттеушілік көзқарасы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түсетіні белгілі. Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез келген әдіс-тәсілді оқу- тәрбие үдеріснде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір оқушыны, оның құрдастарымен, ата-анасымен қарым-қатынасын анықтап отыру, мұғалімнің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан білімнің зеректігін көрсетеді.

Мұғалімнің интеллектуалды, біліктілігі шеберлігінің шыңдалуы:

  • Өз пәнін жетік меңгеру. Білімге деген ынта - ықыласының артуы.
  • Өз пәніне қатысы жоқ ғылымдармен танысып, өмір тәжірибесінде қолдана білу.
  • Қазіргі сабақтарға қойылатын талаптардан мұғалімнің үнемі хабардар болуы. Сабақтарды бүгінгі заман талабына сай өткізу.
  • Әдістеменің қыр - сырын біліп, оны тәжірибеде қолдану.
  • Сабақты әр түрлі коммуникативтік бағытта оқыту.
  • Инновациялық технологияларды тиімді қолдану.
  • Сабақта түрлі ойын элементтерін қолдану.
  • Оқытудың практикалық жағына көңіл бөлу.
  • Екі тілді еркін меңгеру.
  • Мұғалімдердің мамандық шеберлігін, жеке басының ерекшеліктерін жетілдіру шарт.

Ұстазға оқушылармен етене араласып, тіл табысу үлкен көмек. Әр баланың ішкі әлеміне үңілу ұстаз үшін ашылмаған арал тәрізді. Сабақ барысында педагогикалық теорияны практикамен ұштастырып тұратын нәзік жіп тәрізді тәжірибені түрлендіру мұғалімге ешқандай қиындық жүктемейді. Ең бастысы, мұғалімге тән жауапкершілікке ден қойса болды Педагогикалық үдерісте оқыту мен тәрбиелеу әдістерін тиімді пайдалану қажет.

Мысалы, ұстаз тұжырымдамасы: білім берудің мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларын, оқу құралдарын жетілдіру, дер кезінде жаңарту, пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттері бүгінгі қоғамның интеллектуалдық және коммуникативтік тұлғаны тәрбиелеуге негізделсе ұтылмайды. Өйткені, мұндай оқыту үдерісінің жемістері нәтижелі болады.

Бұл мәселені шешудің құралдарының бірі мектептерде оқытудың жаңа үлгілері мен әдістерін, соның ішінде интеллектуалдық ойындарды қолдану болып табылады. Ойындарды әр жерде қолдануына байланысты психологтар оны білім беру және білімді тексеруде бірден бір тиімді әдіс екенін мойындаған. Интеллектуалдық ойындардың түрлі формаларын (дәстүрлі сөзжұмбақ пен викториналардан бастап) шығармашыл педагогтар үнемі қолданып келеді. Осы уақытта интеллектуалдық ойындардың кең таралуы, жалғасы ретінде басқа да «ой жаттығуларына» қызығушылықтың артуы көбінесе теледидар мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) тарапынан қолдау тауып отыр. Көптеген информатика пәнінің мұғалімдері осы формаларды оқушылармен жұмыс кезінде қолдануға дайын. Сонымен қатар бұл жұмысқа қолданылатын материалдар өте аз.

I. ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Оқушылардың білімін бақылау әдістері, түрлері мен формалары

Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын бақылау оқу процесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Көпшілік жағдайда бақылаудың қорытындысынан бүтіндей оқу процесінің жетістіктерін көруге болады.

50-жылдар әдебиеттерінде оқушылар оқу материалын сабақта немесе оқулықта айтылғандай емес, мұғалім қалай сұрайды, солай меңгереді деп көрсетілген. Педагогика ғылымында бақылау мәселесінің әр түрлі қырлары қарастырылады. Бақылаудың жалпы дидактикалық мәселелері С. И. Архангельский, В. П. Беспалько, В. И. Михеева, Б. П. Есипов, Т. И. Ильина, Н. М. Розенберг, Е. И. Перовский, Л. С. Рысс, Г. И. Щукина және тағы басқалар еңбектерінде зерттелген.

Білім беру саласындағы бақылау мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеулерінде талай жылдан бері орын алып келеді.

Оқушылардың білімін тестік бақылау мәселелері Қазақстандық ғалымдар Ғ. М. Мутанов, Е. Ө. Медеуов, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. С. Жүзбаев және т. б. еңбектерінде зерттелді.

“Бақылау” ұғымы оқушылардың білімін, біліктілігін айқындау, өлшеу және бағалау деген түсінікті білдіреді. Айқындау және өлшеу тексеру деп аталады. Сондықтан мұғалімге оқушы біліміндегі жетіспеушілікті дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесі туралы дәйекті ақпарат беретін тексеру бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білімді меңгеру деңгейі мен сапасын анықтау ғана емес, сонымен қатар алған білімінің көлемін де анықтау. Тексерумен қатар бақылау жеткен жетістікті бағалауды және тексеру нәтижелерінің бағасын қамтиды. Бақылаусыз жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге болмайды. Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні - оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі керек. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және оның баяндылығы бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық мәлімет алу өте қажет.

Бақылау әдістері, функциялары, ролі мен алатын орны тәрізді маңызды мәселелер отандық, сонымен қатар шетелдік мамандар еңбектерінен орын алды.

50-жылдардың аяғында Е. И. Перовский кеңес мектебінде жинақталған тәжірибені қорытындылау негізінде оқушылардың білімін бақылау қағидалары мен қызмет ету аясын тұжырымдады, сонымен қатар бақылаудың тұрпаты мен әдістерін, бақылау тапсырмаларының түрлерін сипаттады [1] .

Зерттеулерде педагогикалық бақылаудың диагностикалық, үйретуші, дамытушы және тәрбиелеуші сияқты негізгі міндеттері көрсетіледі [2, 3, 4, 5] . Сонымен қатар бақылаудың қайталаушы, бекітуші және жалпылаушы қызметтері бөлініп көрсетілді. Оқушының білімін және біліктілігін бақылау мәселесі бойынша дидактиканың негізгі жетістіктерінің бірі бақылаудың әрбір қызметінің мәнін көп қырынан айқындау болып табылады.

Диагностикалық қызмет бүкіл бақылау мәселелері үшін айрықша және аса маңызды қызмет болып табылады. Оқушының үлгерімі - оқыту тиімділігінің маңызды өлшемдерінің бірі. Оның нәтижесі оқытудың әртүрлі кезеңінде білім мен біліктілікті игеру барысын сынауға, сонымен бірге оқу процесінің оңтайлылығын арттыруда қолданылатын құралдар мен әдістердің тиімділігін салыстыруға мүмкіндік береді.

Бақылаудың маңызды қызметтерінің бірі үйретушілік болып табылады. Бұл қызмет аясын оқушылардың жаңа білім мен біліктілікті меңгеру және оларды бақылау тапсырмалары арқылы жетілдіру жолындағы іс-әрекеті деп түсіну қажет. Білімді жетілдірудің өзі толықтыру, түзету, нақтылау жолдары арқылы жүзеге асады. Бақылау тапсырмаларын орындау барысында оқушылар өткен материалды ой түйінінен өткізіп, оның жеке бөліктерін тұтас біртұтас жүйеге біріктіреді. Үйретушілік қызметінің рөлін бақылау процесінде оқыту ұғымымен түсіндіру қажет. Бұл ұғым мынадай құрамдас бөліктерден: бақылау барысында жаңа ұғымдарды бөліп алу; басты және қосымша ұғымдарды ажырату; білімді тереңдету; түсініктерді жіктеу; қосымша ақпарат алу; жаңа жағдайларда алған білімді қолдана білу; алынған білімді шығармашылықпен түйіндеу; білімді күнделікті іс-әрекетте пайдалану мүмкіншілігінен тұрады.

Бақылау барысында мұғалім оқушыдан дәлелдеуді, негіздеуді, дәйектеуді, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды талап еткен жағдайда ғана дамытушы қызмет көрінуі мүмкін. Бақылау оқушының ойлау қабілетін дамытады, өйткені бақылаудың кез-келген түрінде оқушыға жұмыс істеу, қажетті білімді еске түсіру және оны өңдеу қажет. Бұл процестердің барлығы ойлануды қажет етеді.

Оқу сапасын бүтіндей жақсартуды бақылаудың қайталаушы және бекітуші қызметтері қамтамасыз етеді. Мәселені әртүрлі деңгейде қарастыруды, оқу материалын қайталауды бақылаудың жалпылаушы қызметі жүзеге асырады. Кері байланысты алуды және оны ұйымдастыруды бақылаудың басқарушы қызметі қамтамасыз етеді.

Білім мен біліктілікті бақылау мәселесінің маңызды қырларының бірі оның барлық қызметтерін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шарттар мен құралдар болып табылады. Ол үшін бақылаудың әртүрлі әдістері мен түрлерін жүйелі түрде қолдану жеткілікті.

А. С. Аванесов, В. П. Беспалько, Р. М. Соколов және тағы басқа зерттеушілер оқытуды бақылаудың байырғы түрлері үнемі объективті, нақты (валидті) және сенімді бақылау әдісі бола бермейтінін атап көрсетті.

Бағаның субъективтілігі, бақылау қорытындыларын қайта қалпына келтірмейтіні дидактикалық процесте нақты және пәрменді шешімдерді қабылдаудың және оны жетілдіру жолдарын табу мүмкін еместігіне әкеледі, демек, педагогикалық бақылаудың байырғы әдістерінің жеткіліксіздігін көрсетеді.

Тәжірибе білімді бақылауды ұйымдастырудың үш негізгі түрін (жекеше, жаппай (фронтальді), топтап) және білімді бақылаудың: алдын ала, күнделікті, аралық және қорытынды бақылау сияқты төрт түрін ұсынады. Бақылаудың әр түрі өзінің міндетін орындайды, сонымен қатар олар бір-бірімен және оқыту процесінің құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты болады.

Алдын ала бақылау мұғалімді материалдың күрделілігінің мүмкін болатын көлемін шамалауға бағдарлай отырып, білімнің негізгі деңгейіне диагностика жасауға қызмет етеді және алдын ала табысты жоспарлау мен басқарудың алғы шарты болып табылады.

Күнделікті бақылау оқыту процесінің оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтайтын табиғи бөлігі болып табылады. Күнделікті бақылаудың міндеттері мынадай: 1) оқытылған материалды меңгеру көлемін, сапасы мен тереңдігін анықтау; 2) білімдегі бар олқылықтарды анықтап және оларды жою жолдарын белгілеу; 3) оқушының өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру деңгейін анықтау және оларды жетілдіру жолдарын белгілеу; 4) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Жеке тараулар мен тақырыптарды оқу сапасының көрсеткіші аралық бақылау болып табылады. Егер күнделікті бақылау меңгерудің бірінші деңгейін, яғни тақырып бойынша жалпы бейімділігін барлау мақсатында өткізілетін болса, тақырыптық бақылау алынған білімді меңгерудің беріктігін бірталай уақыт өткеннен кейін бақылауға мүмкіндік береді. Тақырыптық бақылау пәннің көлемді тарауларын, бөліктерін қамтиды, бақылау жалпылаудың жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесінде өткізіледі. Қорыта келгенде, аралық бақылау оқушыларға бағдарлама тақырыбын толық қабылдауға және меңгеруге, оның басқа тақырыптармен байланысын ашуға мүмкіндік береді, мұның өзі оқушы білімін бір жүйеге келтіруге жағдай жасайды.

Қорытынды бақылау оқушылардың алған білімдерінің мазмұнын сапалылығы, тереңдігі және көлемі бойынша бақылауға, оны іс жүзінде қолдану біліктілігін анықтауға қызмет етеді. Қорытынды бақылау бақылаушылық міндетін басқа бақылаудың түрлеріне қарағанда әлдеқайда жоғарғы дәрежеде жүзеге асырады.

Оқушылардың білімін бақылау әртүрлі әдістермен, атап айтқанда, ауызша, жазбаша, бағдарламалы және тестік бақылау түрінде іске асырылады.

Бақылаудың ауызша түріне жататындар: тақта алдында сұрау, жаппай (фронтальді) сұрау, көзбен шолып бақылау (ескерту, талқылау, баяндамалар), оқушылардың өзара бақылауы, сынақ, емтихан.

Білім берудің қазіргі жүйесінде оқушының білімін бақылаудың кең таралған түрі бақылаудың ауызша түрі болып табылады. Ауызша бақылау түрі әрбір сабақта оқушының өткен сабақтың тақырыбын қалай меңгергендігін қысқаша бақылау ретінде өткізіледі. Қорытынды бақылау алдында ауызша бақылау көбірек өткізіледі және жеке-даралық сипатта болады. Барлық ресми емтихандарда бақылаудың ауызша түрі маңызды роль атқарады. Соған қарамастан ол бақылаудың аз зерттелген түрі болып табылады, өйткені ауызша жауап ұзақ уақыт бойы оны қайтадан талдауға мүмкіндік беретін түрде бейнеленбей келді. Алғашқы зерттеулер көрсеткендей, білімді бақылаудың ауызша түрі нақты (валидті), сенімді және объективті емес. “Қарама қарсылық әсері”: нашар оқитын оқушыдан кейін жақсы оқитын оқушы жауап берген кезде немесе керісінше жағдайда балл шашыраңқылығы 2, 95-тен 3, 84 (5 балдық шкалада) береді. “Сөйлеу қарқынының әсері” - жылдам, баяу - 2, 51-ден 3, 38-ге дейін. Мұғалім оқушының сөйлеу қарқынының жоғарылығы оның білімінің тереңдігін және қабілетінің жоғарлығының белгісіндей көрінеді. Өткенді қайталау мақсатында ауызша бақылау кезінде әрбір оқушыға әр түрлі қиындық дәрежесінде сұрақтар берілетіні, бұл сұрақтардың қиындықтарындағы айырмашылықтарды мұғалім қате қабылдайтыны дәлелденгенін үнемі есте ұстауы қажет. Өткен материалды қайталау мақсатында өткізілетін мұндай бақылауларды оқушының үлгерімін бақылауда қолдануға болмайды.

Емтихан алушыға бір күнде бірнеше ауызша емтихан қабылдауға болмайды, өйткені “жауап кезектілігі әсерін” бақылау мүмкін емес. Сонымен, оқушының үлгерімін бақылауда ауызша бақылау жарамсыз құрал болып табылады.

Мұғалімдерді қарқынды түрде дайындамай және оқытпай тұрып, ауызша сұрау бақылаудың объективті, нақты емес және сенімсіз бақылау түрі болып қалады.

Дегенмен, оқушыны оқытуда ауызша сұрау үлкен роль атқарады, ол мұғалімге оқушыларды өз ойын айтуға үйретуге мүмкіндік береді. Оқушы өз ойын сауатты түрде айтып үйреніп, сонымен қатар ойлай білуге де үйренеді. Соған орай, ауызша бақылау мәселесін көтергенде мыналарды ескеру керек: 1) жауапта барлық маңызды нәрселер айтылды ма; 2) оқулыққа не қосылды; 3) баяндау реті; 4) ой түйіндерінің дәйектілігі; қорытындының дұрыстығы; 5) оқушының сөйлеуі. Оқушы жауабының мынадай жобасын ұсынуға болады: 1) не туралы сөз болуда; 2) не алынуы керек; 3) бұл қалай алынады.

Бақылаудың жазбаша түріне бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, карточкалар бойынша жауап беру, тәжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жатады.

Білім беру жүйесінде емтихандық жазба жұмыстары ең жиі қолданылатын бақылау құралы болып табылады. Барлық зерттеулерде бірауыздан дәстүрлі жазбаша білімді бақылаудың әділдігі, нақтылығы, сенімділігі жеткіліксіз екені және сыныптан сыныпқа, пәннен пәнге өткен сайын баға ауқымында айтарлықтай айырмашылықтар пайда болатыны дәлелденді. Жазба жұмыстарының әділдігі жеткіліксіз екенін көрсеткен зерттеулердің қорытындысын жалпылай келе, барлық пән бойынша емтихан жұмысының бағасына мыналар әсер ететінін көреміз: 1) жазба жұмысының сыртқы түрі; 2) бағалаудың реті; 3) сыналушы туралы белгілі болған ақпараттың сипаты; 4) грамматикалық қателері; 5) қолтаңба; 6) оқушыға көзқарас; 7) сыныптың үлгерім деңгейіне қатысты бағалаудың салыстырмалы жүйесі. Жащба жұмыстарының сенімділігі мен нақтылығын зерттеу де жағымсыз қорытынды береді. Баға қойғанда, мұғалім сапаның абсолюттік ауқымына емес, сынып үлгеріміне бағдарланған жеке сапа ауқымын алады. Оқушының біліміне алған бағасы оның білімінің сапасы емес, бүкіл сыныпқа қойылатын бағаға және сонымен қатар оқушыны бағалаушы мұғалімге де тәуелді болады. К. Ингенкамп өзінің зерттеуінде [6] бір пәннің өзі, егер ол мектепте негізгі болмаса, әр түрлі бағаланатынын, яғни пәннің “қиындығы” оның мазмұнына тәуелді емес екендігін дәлелдейді.

Бақылаудың бағдарламалы түріне есепті шығару, бақылау және лабораториялық жұмыстар, әр түрлі жоба-сызбалар жатады. Бағдарламалы бақылау оқу процесінің табиғи бөлігіне айналды, ол оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Әрбір оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты оқи алады, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болды. Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда пәннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік алады, оқыту қарқыны жекешелендіріледі. Бірақ көптеген мектептерде материалды-техникалық базаның жоқтығына байланысты бағдарламалы бақылау көп таратылмаған.

Тестік бақылау - оқушының жетістіктерін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми-ұтымды процедура.

Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев - күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.

Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың “Педагогика” оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.

Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптық кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді”.

Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т. б. ) немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т. б. ) .

Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) - бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т. с. с. )

Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т. б. ) қарастырады.

Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүхеге асады. Олар мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқушының сабақтағы шығармашылық әрекеті
Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Педагогикалық технологиялар жүйесі арқылы оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау және қызығушылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz