Қаржы ресурстарының қалыптасуымен оларды пайдалануды талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5

1. 1 Қаржының мәні және экономикалық категориялармен өзара байланысы 5

1. 2 Қаржы ресурстарының құрлымдық жүйесі және оларды ұйымдастыру қағидаттары 18

1. 3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрлымы 22

2 ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫМЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ 26

2. 1 Қаржы ресурстарының құрылымдық жүйесі және қалыптасу көздері 26

2. 2 «Әділ» ЖШС ресурстарынын талдау көрсеткіштері 40

3 ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

ЖОЛДАРЫ 55

3. 1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарын басқаруды

дамыту 55

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруда

оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру 60

ҚОРЫТЫНДЫ 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76


КІРІСПЕ

Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржысын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелінбелі нарық жағдайында финансист үшін объекті болып табылатын және ол фирманың жаңа табыстарына қол жеткізу мақсатында үнемі ықпал етіп отыратын «капитал» түсінігі жиі қолданылады. Осылайша, капитал - бұл фирманың айналымға салынған және осыдан фирмаға табыс келетін қаржы ресурстарының бір бөлігі. Ондай болса капитал қаржы ресурстарының өзгерген түрі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстары - қаржылық міндеттерді орындау және ұдайы өндірірісті кеңейту шығындарына арналған пайда және сырттан келетін түсімдер түріндегі ақша қаражатының бір бөлігі.

Қаржы ресурстарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (өзіндік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгертілген түрі - кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: өзіндік және қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижелері - тартылған өзіндік қаржы ресурстарының қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі - қарыз қаражаттары болып табылады.

Бұл кезеңде қаржы ресурстарын қалыптастырудың екі барынша маңызды мәселелері байқалады, бұл несие мен қарыздарды тартудың жоғары пайыздары мен қарыз және өзіндік капиталдың ара қатынасы.

Өзіндік және қарыз қаражаттарының қорытынды қатынасы қандай болуы керек, қаржы ғылымының теоретиктерінің күш-жігерлеріне қарамастан бұл мәселенің әлі күнге дейін нақты жауабы жоқ. Өткен ғасырдың орта шегінде қаржы жөніндегі екі американдық мамандар Мертон Миллер мен Франко Модильянның (соңында Нобель сыйлығының лауреаты болған) құрған модельдерінің біріне сәйкес фирма құнын барыншы жоғарылату үшін (бұл қаржылық менеджменттің ақырғы мақсаты болып табылады) капиталдағы қарыз үлесін 100%-ға дейін жеткізген дұрыс.

Егер алынған пайда пайыздарды төлеуге жетпейтін болса, екінші компанияға өзіндік капиталына жоғарылатылған табыстылықты қамтамасыз етіп келген қаржылық тұтқа енді оған үлкен шығындар әкеледі.

Пайыздарды төлеуге ақша қаражаттары жетіспеген жағдайда банкроттық рәсімі орындалуы мүмкін. Фирманы тарату туралы шешімді қабылдау бизнестен күтілетін ақша ағымдары активтерді сатудан түсетін ақша сомасынан аз болатындығын білдіреді.

Банкроттық өзінен өзі компания құнын өзгертпейді, ол қалған ақшаны алу үшін кредиторлар (ең алдымен) және меншік иелерін (екінші кезекте) «кезекке тұрғызу» рәсімі ғана. Компанияның құны осы рәсімдерді жүзеге асырумен байланысты - әкімшілік, сот және активтерді мәжбүрлі түрде сатудан болған шығындар есебінен ғана төмендейді. Банкроттықтан болатын зиян шегу қаупін кредиторлар талап етілетін табыстылық өсімімен орын толтырады. Қарыз капиталына деген баға күрт артады да - тұтқаның әсері нөлге жетеді. Тәжірибе дәлелдегендей: қаржылық тұтқа мәні жоғары бола отырып, фирманың іскерлік белсенділігі төмендеген кезеңде ол өзінің нарықтағы үлесін капитал құрылымы консервативті болып келетін бәсекелестерге береді (бұл жерде консервативтілік қарыз қаражаттарының шамалы ғана үлесі болытындығын білдіреді) .

Осы дипломдық жұмысты жазудағы басты мақсат - тақырыпты ашу, яғни қаржы ресурстары мен қорлардың құрылымың қарастыру, зерттеу, оның проблемалары мен даму перспективаларын анықтау. Ал міндеті- көздеген мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиеттерді, басылымдарды пайдалана отырып, қаржы ресурстары мен қорларға толық сипаттама беріп, олардың қазіргі кезде еліміздегі даму жағдайын талдау, қаржы ресурстарының тиімділігін қалыптастыру жолдарың қарастыру.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде қаржы теориялық аспектілері мен негіздеріне жалпы сипаттама берілген, олардың маңызы, функциялары, рөлі қарастырылған. Екінші бөлімде, яғни практикалық бөлімде қаржы ресурстарының құрылымы, жүйесің ұйымдастыру қағидаттары кәсіпорынынның мысалында талдауы, қазіргі даму жағдайлары қарастырылған. Үшінші бөлімде, қаржы ресурстарының тиімділігін жетілдіру жолдары, проблемалары және даму перспективалары қарастырылған.

Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдарының оқулықтары мен оқу құралдары, , Әділ’’ЖШС есеп беруі методикалық негіз ретінде қолданылды.

1 ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қаржының мәні және экономикалық категориялармен өзара байланысы

Қаржы- ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькулациялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндірі процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.

Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінщі стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттелуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.

Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі - баға жұмыс істейді.

Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақты қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі - ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге - c, v, және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім мен немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын-ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді «c», «v» және «m»-ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады (1)

Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.

Қоғамдық қатынастарды иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.

Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар - бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т. б. жатады.

Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраныс пен ұсыныс заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т. б. ) . әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да - ақша, табыс (пайда), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін аныықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларды қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.

Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады. Сондықтан қайсыбір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен өзгешеліктерін ашып бере алады.

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса көрсетеді.

Ақша қаржының іс - әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да - өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да - еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.

Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.

Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісіболып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.

Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларыныың барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын-ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.

Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т. б. ), яғни баламасыздықпен сипатталады.

Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда атлған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі - қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоағамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары. (2)

Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әртүрлі нысандарын жасай алады. : төлемдердің әртүрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының насандарын өзгертеді және т. б. шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы - табыста мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалтын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.

Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы бүкіл жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.

Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары - мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді тезірек енгізуді ынталандыру, басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.

Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.

Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылы, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, аймақтарды, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.

Мемлекеттік сетордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде «қоғамдық (немес әлеуметтік) тауарлар» деп аталынатындары - мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалр мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстарын басқару
Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары
Қаржы саясатындағы басты міндеттер
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын ақпарат көздері
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Қаржы саясаты жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz