Қазмұнайгаз барлау өндіру акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері 7
1. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты 7
- . Қаржылық жағдайды талдау әдістері 10
1. 3. Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі 14
ІІ. «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
ТАЛДАУ 18
2. 1. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамының
шаруашылық қызметінің сипаты 18
2. 2. Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін
және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 23
2. 3. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау 43
ІІІ. «ҚазМұнайГаз» БАРЛАУ ӨНДІРУ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ қаржылық тұрақтылығын жетілдіру
жолдары 47
3. 1. Кәсіпорын қызметін дамыту барысында жүзеге асырылатын
жобалардың негізгі бағыттары 47
3. 2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары 51
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58
ҚОСЫМШАЛАР 61
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. межелі көрсеткіштердің орындалуын бағалау ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін компанияның шаруашылық қызметінің жайы мен күйі және оның дамуын өзара байланыста кешенді түрде зерделеу қаржылық талдау болып табылады немесе басқаша айтқанда қаржылық талдау дегеніміз компанияның қаржылық жағдайын зерттеу деген сөз.
Кез келген кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын біліп отуға тиісті. Мұнда қаржыландырудың несие ақша қатынастардың шаруашылық қызметтің тиімділігіне әсері анықталады.
Қаржылық есеп - қисап қаржылық есептің қорытындыланған деректеріне сүйенеді. Ол негізінен, кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін, негізгі құралдарын және басқа мүліктерін өткізудің қаржылық нәтижесінен және негізгі емес операциялардан алынатын табыстардан, осы операциялар бойынша шығындарға азайтылған сомадан құралатын ақырғы қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Сонымен қатар онда инвестициялық шешімдер мен несиелер беру бойынша шешімдер қабылдау үшін, жәнеде субъектінің келешектегі ақша ағымын, ресурстарын және оның міндеттемелерін бағалау үшін пайдалы ақпараттар болады.
Алынған қаржы нәтижелері негізінде қаржылық есеп - қисапты дайындау тек қана бухгалтерлердің емес, сонымен қатар кәсіпорынның басқада экономикалық және техникалық қызметтерінің жұмысы, өйткені есеп-қисапты құру кезінде кәсіпорын қызметінің барлық аспектілері бағаланады және қорытындылары шығарылады.
Қаржылық есеп - қисапты дайындау кезінде фирма елдегі қолданымдағы салық салу тәртібіне, жәнеде салықтың төлемін анықтау мақсатында фирмалардың қаржылық есеп-қисабымен өзінің тексеруін жүргізетін салықтық органдар талаптарына бағдарланады.
Қаржы нәтижелерін және қаржылық есеп - қисапты мұқият зерттеу қол жеткен табыстар себебін ашады, сонымен қатар кәсіпорын жұмысындағы кемшіліктерді айқындайды, оның қызметінің жетілдірілу жолдарын белгілеуге көмектеседі.
Ғылыми білімнің жаңа саласы ретінде, аудит, оның теориялық және, әсіресе, тәжірибелік мәселелерін ары қарай әзірлеуді керек етеді.
Талдау, сонымен бірге, есеп-қисапты тексеру және салықты төлеудің дұрыстығын анықтау мақсатында аудиторларменде жүргізіледі. Аудиторлар қаржылық есеп-қисап негізінде, фирманың жоғарғы басшыларына ұсынылатын жылдық есепке кіретін, фирма жағдайының қаржылық жағдайы туралы ресми қорытынды жасайды.
Дипломдық жұмыстың мазмұнында мен осы жоғарыда келтірілген жағдайларды қамтуға тырысамын, атап айтқанда: қаржы нәтижелері бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығы, қаржылық есеп-қисаптың құрылу негіздері, сәйкес мәселелер бойынша аудитті жүргізудің логикалық әдісі, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамы мысалындағы субъектінің қаржы - шаруашылықты қызметін талдау.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей қорытынды жасауға болады: шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржы нәтижелерінің бухгалтерлік есебінің негіздерін және қаржылық есеп-қисапты құруды білмейінше, осы кәсіпорын есебіндегі коммерциялық жетістік туралы айтуға болмайды, сондықтан дипломдық жұмыстың бұл тақырыбы толық бағалы талдауды және кәсіпорынның қаржы-шаруашылықты қызметін болжауды қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есептің қазіргі кездегі жүргізілу жағдайларында көкейтесті болып табылады.
Қаржылық талдау экономикалық процестерді және экономикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады, шаруашылық жүргізуші субъектінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді, оптималды басқару шешімдерін қабалдау үшін пайдаланылады.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауы қаржы ресурстарын пайдаланудың мейлінше тиімді әдістерін анықтауға және шаруашылық жүргізуші субъекті қаражатының құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Одан өзге, қаржылық талдау шаруашылық жүргізуші субъектінің жеке көрсеткіштерін және тұтас қаржылық қызметін болжаудың құралы ретінде алына алады.
Қаржылық талдау ұйымның ақша қаражатының қаржылық ағыны қозғалысының дұрыстығын бақылауға және қаржы мен материалдық ресурстарының жұмсалуының нормалары мен нормативтерінің сақталуын және шығынданудың тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдау нәтижелерін ішкі пайдаланушыларда (басшалар, менеджерлер), сыртқы пайдаланушыларда (меншіктенушілер, несиегерлер, жеткізушілер және сатып алушылар, кеңесшілер және т. б. )
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау, талдамалы ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін қаржылық талдау әдістемесін зерттеудің қажеттілігімен шартталынған.
Зерттеудің мақсаты - бұл, қалыптасқан шаруашылық жағдайын объективті бағалау үшін, оптималды басқару шешімдерін өндіру және негіздеу үшін, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің жетілдірілу резервтерін пайдалану үшін талдау құралдарын қолдануда дағдылар алу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде, 2002 жылы, Қазақстан Республикасының Министрлер Президентінің қаулысымен ұлттық акционерлік компания ретінде құрылған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамы алынды.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
- . Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз не екенін анықтап көрейік.
Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады» деп жазса, профессор Н. А. Русактың айтуы бойынша: «Кәсіпорыннның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдалаумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарту және пайдаланумен, сондай ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді». Ал, профессор И. Т. Балабанов анықтамасы мынадай: «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілетінің сипаттамсын қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілердің алдында өз міндеттемелерін орындау» /1, 8 бет/.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бұл ұғымды біріңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдайды түрлі көрсеткіштерді есептеу әдісін қолдану арқылы анықтаған жөн.
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Менің ойымша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Жоғарыда берілген анықтамаларға сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.
Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысулар үшін жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айыпысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс болуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей түрде жіктеуге болады:
- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
- нәтижеснің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі.
- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша .
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынға байланысты болмайды.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді болады. Сонымен қатар тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай - ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдап алынуы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартса, оның қаржы мүмкіндіктері соншалықты жоғары болады, алайда, онымен бірге тәуекел көлемі де өседі, яғни кәсіпорын өз кредиторларымен есеп айырыса ала ма, жоқ па деген қауіп туындайды.
Бұл айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің құрылымы мен оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрылымы мен құрамын қоса алғандаңғы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорынның басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР Үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалық көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерің, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылы жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны құрайды: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық және өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Менің ойымша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды оның қаржылық тұрақтылығынан бастаған жөн және оған мынадай көрсеткіштерді талдау жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптастыру көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау; . Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі
Кез - келген бизнес келесі үш өзекті сұрақтың қойылуы мен жауаптарынан басталады:
- Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен шамасы қандай болуы керек?;
- Қаржыландыру көздерін қайдан табу керек және олардың оптималды құрамы қандай болуы керек?;
- Кәсіпорынға төлемдік қабілет пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, қаржы қызметін ағымды және келешекте басқарылуын қалай қйымдастыруға болады?
Бұл сұрақтар, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің өзекті қосалқы жүйелерінің бірі болып табылатын, қаржы менеджменті шеңберінде шешіледі. Олардық әрекет жасау логикасы 1 суретте кескінделген.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару жүйесінің ұйымдастыру құрылымы, жәнеде оның кадрлық құрамы, кәсіпорынның мөлшері мен оның қызметінің түріне тәуелді әртүрлі әдістермен тұрғызылуы мүмкін. Ірі компания үшін, барынша сипатты қаржы бойынша вице-президентпен (қаржы директоры) басқарылатын, арнайы қызметтің оқшаулануы және, ережеге сай, оған бухгалтерия мен қаржы бөлімі кіреді.
Шағын кәсіпорындарда қаржы директорының ролін, әншейінде, бас бухгалтер орындайды. Қаржы менеджерінің жұмысы фирма басқармасының жоғары буынының жұмысының бір бөлігін құрайды, не болмаса қаржылық сипаттағы басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті және пайдалы талдама ақпаратты оған берумен байланысты.
Қаржы менеджері, қаржыландыру көздерін таңдау проблемасымен тұрақты түрде кездеседі. Оның ерекшелігі сонда, қандай болмасын көзге қызмет көрсету кәсіпорынға бірдей болмайды. Қаржыландырудың әрбір көзінің өз бағасы бар, жәнеде бұл баға стохастикалық табиғатты болады.
Қаржылық сипаттың шешімі, қаншалықты ақпараттық қор объективті болса, соншалықты ол дәлдікті болады. Объективтілік деңгейі, капиталдар нарығының тиімді нарыққа қандай дәрежеде сәйкесті болуына тәуелді.
Сурет 1. 1- Кәсіпорындағы қаржы басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу процесі
Осы арқылы қаржы менеджерімен орындалатын қызметтің айрықша маңыздылығы көрсетіледі (“Fortune” журналында 1976 ж. жазылды, ірі америкалық корпорациялардың жоғарғы лауазымды қызметкерлерінің 25, 3 % өз қызметтерін қаржы саласында бастаған) . Фирманың ұйымдастыру құрылымына тәуелсіз, қаржы менеджері, қаржы проблемаларын талдауға, кейбір жағдайларда шешімдер қабылдауға немесе жоғары басшаларға ұсыныстар әзірлеуге жауапты.
Қаржы менеджері қызметінің саласын бөлу логикасы, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын көрсететін, негізгі есеп беру нысаны ретінде, баланс құрылымымен тығыз байланысты (2 сурет) .
Қызметтің бөлінге бағыттары, бірмезгілде, менеджер алдында тұрған негізгі міндеттердіде анықтайды. Бұл міндеттердің құрамы келесідей түрде бөлшектенеді.
Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүзеге асырылады:
- кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздері;
- кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық әлуетін қолдау үшін қажетті ресурстар шамалары мен құрамы және оның қызметін кеңейту;
- қосымша қаржыландыру көздері;
- қаржы ресурстарының жағдайын және пайдалану тиімділігін бақылау жүйелері.
Сурет 1. 2 - Қаржы менеджері қызметінің шешуші салалары
Екінші бағыт егжей-тегжейлі бағалауды болжайды:
- талап етілетін қаржы ресурстарының көлемдері;
- оларды ұсыну нысандары (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, қолма-қол ақша) ;
- қол жеткізу дәрежесі және ұсыну уақыты (қаржы ресурстарының қол жетерлігі шарт талаптарымен анықтала алады; қаржылар қажетті көлемде және қажетті уақытта қол жетерлікте болуы керек) ;
- ресурстың осы түрін алудың құны (пайыздық мөлшерлемелер, қаражаттың осы көзін ұсынудың басқа ресми және ресми емес шарттары) ;
- қаражаттың осы көзімен байланысты тәуекелділік.
Үшінші бағыт, инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдерді талдау мен бағалауды қарастырады:
- қаржы ресурстарының ресурстардың басқа түрлеріне түрленуінің оптималдығы (материалдық, еңбектік, ақшалай) ;
- негізгі қорға жұмсаудың тиімділігі мен мақсаттылығы, олардың құрамы мен құрылымы;
- айналым қаражаттарының оптималдығы;
- қаржы жұмсалымының тиімділігі.
Келтірілген бағаларды қолданумен шешімдердің қабылдануы, өтімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың және пайдалылықтың қоятын талаптарының арасындағы ымыраны ескеретін, баламалы шешімдерді талдау нәтижесінде орындалады.
Қаржылық менеджменттің негізгі міндеттерін бөлуде мәнді дәрежеде бухгалтерлік есеп-қисап мазмұнымен анықталады (3 - сурет) .
Табысты қаржы басқару белгілерін анықтайтын мақсаттар жүйесін тұжырымдаймыз:
- фирманың бәсекелестік күрес жағдайындағы өміршеңдігі;
- банкроттық пен ірі қаржылық табыссыздықтан сақтану;
- фирма «бағасын» максималдау;
- фирманың экономикалық әлуетінің өсуінің қолайлы қарқыны;
- өндіріс және өткізілім көлемдерінің өсуі;
- пайданы максималдау;
- шығындарды минималдау.
Сол немесе басқа мақсаттың басымдылығы, туындайтын жағдайларға байланысты, кәсіпорынның өзімен анықталады.
Мақсаттар әртүрлі қаржылық құралдар қолдану жолымен жүзеге асады. «Қаржы құралы» ұғымының түсініктемесінің әртүрлі тәсілдемесі бар. Жалпы түрде, қаржы құралы ретінде, бір мезгілде бір кәсіпорынның қаржылық активтерінің жоғарылауы мен екінші кәсіпорынның қаржылық міндеттерінің жоғарылауы өтетін кез-келген контракт түсіндіріледі.
Қаржы құралдары бастапқы (ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, ағымды операциялар бойынша несиегерлік және дебиторлық қарыздар) және қайталама, немесе туынды (қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактар) болып бөлінеді.
«Қаржы құралы» ұғымының ықшамды тұжырымы да бар. Оған сәйкес қаржы құралдарының үш негізгі категорияларын бөледі: ақшалай қаражат (кассадағы және есеп айырысу шотындағы қаражат, валюта), несиелік құралдар (облигациялар, фьючерстер, опциондар және басқа) және жарғылық капиталда қатысу әдістері (акциялар және пайлар) .
Қаржылық басқару әдістері әр алуан. Олардың негізгісі болып табылатындар: болжау, жоспарлау, салық салу, сақтандыру, өзін-өзі қаржыландыру, несие беру, есептесу жүйесі, қаржылық көмек жүйесі, қаржы ықпалшарасы жүйесі, амортизациялық аударым жүйесі, ынталандыру жүйесі, баға белгілеу принциптері, кепілдікті операциялар, трансферттік операциялар, факторинг, жалға беру, лизинг. Келтірілген әдістердің құраушы элементтері болып қаржылық басқарудың арнайы әдістері табылады: несиелер, қарыздар, пайыздық мөлшерлемелер, дивидендтер, валюталық курстың баға белгіленімі, акциз, дисконт және басқалары. Қаржылық басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыздандырылу негізін келесі қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат құрайды:
- бухгалтерлік есеп беру;
- қаржы органдарының хабарлары;
- банк жүйесі органдарының ақпараты;
- тауарлық, қорлық және валюталық биржалар ақпараты;
- басқа ақпараттар.
Қаржылық басқару жүйесінің техникалық қамтамасыздануы оның барынша дербес және ең маңызды элементі болып табылады. Көптеген қазіргі жүйелер, қағазсыз технологияға негізделген (банкілер аралық есептесулер, өзара есепке алу, несиелік карточка көмегімен есептесу және басқ. ), ЭЕМ желілерін, дербес компьютерлер, қолданбалы бағдарламалардың жұмыс істеу пакеттерін қолданусыз мүмкіндікті емес.
Қаржылық басқару кез-келген жүйесінің жұмыс істеуі, әрекеттегі құқықтық және нормативтік қамтамасыздану шеңберінде жүзеге асады. Бұған жататындар: ҚР Президентінің заңдары, жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар және басқалары.
- . Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.
Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды.
Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz