Автобус паркінде жолаушылар тасымалын ұйымдастыру



Жоспар

Кіріспе

1.1 Автобус паркінің технологиялық процесі
1.2 Қалааралық жолаушы тасымалы
1.3 Халықаралық жолаушы тасымалы
1.4 Жүргізушілер қажетті санын анықтау
1.5 Диспетчерлік басқару
1.6 Диспетчерлік басқарудың техникалық құралдары
1.7 Диспетчерге қойылатын талаптар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

0.1 Автовокзалдың технологиялық процесі
0.2 Қалааралық жолаушы тасымалы
0.3 Халықаралық жолаушы тасымалы
0.4 Жүргізушілер қажетті санын анықтау
0.5 Диспетчерлік басқару
0.6 Диспетчерлік басқарудың техникалық құралдары
0.7 Диспетчерге қойылатын талаптар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Көлік - экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.
Қазіргі таңда заман талабына сәйкес адамдардың көпшілігіне жұмыстарын тиянақты атқаруға көптеген жағдайлар жасалған. Соның ішінде осы тасымал түрін де олар өздерінің талғамына сай қолдана алады. Оның ішінде күнделікті өмірге қолданатындары маршруттардағы автобустар арқылы жасалатын әр турлі тасымалдар болып саналады.
Жалпы жолаушы тасымалында жолаушылар санының басым көпшілігі 72 % астамы автомобиль көлігімен тасымалданатыны белгілі болды. Ол яғни қалааралық, халықаралық олар өздерінің санаттары бойынша бөлініп тасымал қызметін кеңейіп келе жатқанын аңғартады. Бірақта тасымалдың қозғалысының реттелуі үнемі бақылауда ұстауды қажет етеді.
Біздің өңірімізде бұл жағдайды іске асырушы, яғни әр түрлі тасымалдауды орындаушы мекеменің бірі ретінде Батыс Қазақстан автобус паркі айта аламыз. Мекеме негізінен қалалық, қалааралық, қаламаңындық жолаушы тасымалымен қоса халықаралық жолаушы тасымалымен де айналысады. Жалпы мекеменің жұмысы 1982 жылдан басталды. Содан бері әкімшілік өзгергенімен де бұрынғы қызметкерлерімен дамып, әлі кунге дейін жұмыс істеуде. Жалпы бұл мекеменің қызметкерлер саны жүргізушілер санымен қосқанда 350 адамнан артық жұмыскерлері бар. Жолаушыларды отырғызуға, автобустың тұрақтауына арналған кең ішкі сыртқы 6 алаң бар. Бұл мекемеде 150 ден аса автобустар мен басқа да жылжымалы құрам түрлері жұмыс істейді.
Мекемемен жұмыс істеу барысында автобуспен жолаушы тасымалдауда, көліктік қызмет көрсетуде ғылыми ізденістік жұмыстарды оқуды, жолаушылар тасымалдау жүйесінің негізін білуді, халыққа сапалы қызмет көрсетуді, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануды талап етеді.
Осы практикалықжұмысты теориялық жағынан қолдана отырып, алдағы уақытта маршруттардағы автобустардың қозғалысын жақсартуын, кемшіліктерінің жойылуын, сол сияқты тағы да басқа ауқымды жұмыстардың іске асырылғанын қалар едім

Автовокзалдың технологиялық процесі

Автовокзал - қалалық автокөлік қозғалысынан бөлек орналасатын құрылымдық кешен. Оның негізгі функциялары:
Жолаушыларға тұрмыстық қызмет көрсету;
Көлік құралдарының қозғалысын диспетчерлік бақылау;
Автовокзал аумағындағы жолаушы ағымды басқару;
Коммерциялық операцияларды орындау және бақылау;
Техникалық қызмет көрсету операциялары;
Жолаушы тасымалын есептеу және қорытындылау;
Автобус бригадаларының жұмысы мен демалысын ұйымдастыру;
Ішкі және сыртқы территорияларды таза ұстау және т.б.
Автовокзал - мынадай құрамнан тұрады: жолаушы залы, перрондар, алаңдар, қалалық алаң, ішкі территория және шаруашылық зонасы. Автовокзалдың типті жобалары 100, 200, 300, 500 жолаушы сыйымдылықты болып бөлінеді. Жалпы сыйымдылығынан басқа автовокзалдың өткізу қабілеті мен максималды жүктеме кезіндегі келіп кететін автобустар саныда ескеріледі.
Әрбір автовокзалда паспорт дайындалады онда оған сипаттама беріледі. Яғни:
Тәуліктегі қызмет көрсетілген жолаушы саны;
Әрбір қатынас түріне қарай кететін автобустар саны;
Сақтау бөліміндегі орындар саны;
Жолаушы залының бас жоспары;
Қызметтік бөлмесінің орналасу схемасы;
Перрондағы радио жүйесі және т.б.

Автовокзалдар аумақтары көлікті орналастыру және жолаушыларды бағыттауға арналған көрсекіштермен және қоршаулармен жабдықталады, ал перрондарды автобустарды қабылдау және жіберу үшін қажет белгілер жүйесімен қамтылуы тиіс.
Автовокзалдың орналасуына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
Жолаушы заңы бірінші қабатта болуы;
Залдан перронға тіке шығу жолы болуы;
Жолдар занына буфет кассалар, анықтама бюрасы, медициналық бөлімше, әжетхана, жүк сақтау бөлімі, балалық жолаушылар бөлмесі жақын орналастыру;
Диспетчерлік бөлмелер 1 қабатта және перрон жағынан келіп кететін автбустар көрінетін жерде орналасуы;
Жүргізушілер бөлмесі диспетчерлік бөлмеге жақын орналасуы;
Екі қабатта қонақ бөлмесі, қызметтік бөлмелер, возалды басқару блогы, байланыс блогы, тамақтану орны, шаштараз және т.б. болуы керек.
Автокөлікпен саяхатқа және демалуға шығатын жолаушылар үшін, қаладан тыс жерлерде мотельдер мен кемпингтер салынады.
Мотель - автотуристтерге арналған қонақ үй, мұнда демалыс бөлмесінен басқа жүк сақтау орындар, автокөліктерге ұсақ жөндеу көрсету және техникалық қызмет көрсету орындары, көлік жуу орны және автотұрақтар болады.
Кемпинг - автотуристтерге арналған арнайы лагерь. Оларды қала сыртында, табиғаты әсем жерлерде, негізі өзен суға жақын жерлерде орналасады. Мұнда автотуристтер тұруға ыңғайлы және көлікке арналған көптеген жағдайлар жасалады.
Автовокзалды салу кезінде перрондардың орналасуы мен жабдықталуына үлкен мән беріледі. Мысалы, автобустарды жөнелту перронның үсті міндетті түріде жабылған. Тратуар жол үстінен 250 - 300 мм-ге биік болуы тиіс. Түсіру мінгізу перронда 3 түрде тұруы мүмкін: тік, бүйір және баспалық.
Автовокзал - қалааралық, қалалық, халықаралық тасымалды орындайтын арнайы ұйым, олар облыстың барлық автобекеттерін байланыстырады. Автовозкалдар орталықтандырылған диспетчерлік станциясы және біріктірілген технологиялық прцесспен басқарылады. Басқарудың орталықтандырылған түрі автобустарды бақылауға мүмкіндік береді. Байланыс құралдары мен автоматтандырылған процестер, автовокзалдағы радио байланыс жүйесі орталықтандырылған диспетчерлік станциясы арқылы босаған орындар аялдамалар жүрген уақыттары туралы т.б. мәліметтер береді және қалааралық, қалалық тасымалға, жолаушыға сапалы қызмет көрсетуді арттырады.
Жолаушы көлігін пайдаланудың тиімділігін көтерудің негізгісі дегеніміз - ол жылжымалы құрамның жұмысының басқару әдістерімен жүйесін жетілдіру болып табылады. Жолаушы тасымалының жұмысын автомобиль көлік мекемесінің пайдалану бөлімі басқарады. Қазіргі кезде үлкен қалалардың жол автокөлігін басқару орталықтандырылған автоөлік жүйесін, жодағы автобус қозғалысын басқару үшін арнайы орталықтандырылған диспетчерлік станциясы жұмыс жасайды.

Қалааралық жолаушы тасымалы

Қалааралық маршруттарды пайдаланудың негізі болып жолаушы ағымның көлемін және оны өзгерту сипатын анықтау табылады. Сонымен автомобильді тиімді пайдалану дұрыс таңдалатын қозғалыс жылдамдығына байланысты екенін аңғаруға болады. Қозғалыс жылдамдығы төмендегідей факторлардан құралады:
Жолдың категориясы;
Жол жамылғы түрі және жағдайы;
Автобустың жылдамдық қабілеті;
Қозғалыс қарқыны;
Көлік ағымының құрамы;
Климаттық және материялогиялық жағдайлар;
Жүргізушінің кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі.
Қалааралық маршруттарда жұмыс істейтін жылжымалы құрамға қойылатын талаптар ерекше болады. Мұндай автобустар жоғары қозғалыс жылдамдығын дамыта алатын, орындықтары ыңғайлы және реттелетін, еден астында орналасатын жүк салғыш бөлігі бар, салонының артқы жағында гардеробы болуы тиіс. Тасымал қашықтығы 250 км дейінгі облысішілік маршруттарда орташа және минималды комфортты, кіші классты автобустар пайдаланады. Барлық қалааралық автобустарда күннен қорғайтын әйнекті терезелермен жабдықталады. Желдету және жылыту жүйелері болуы керек. Қалааралық маршруттарға автобус түрін таңдау жолаушы ағымның мөлшері мен жол жағдайы, маршрут ұзындығы , жүргізушілер еңбегін ұйымдастыру және таңдалаын автобус түрлерінің экономикалық пайдалану тиімділігімен арттырады.Қалааралық тасымалда жүргізушілер жұмысының мынадай тәсілдері қолданылады:
дара;
жұптық;
ауысымдық;
ауысымды- жұптық;
ауысымды - топтық;
ауысымды - жұптық - топтық жүріс.
Жүргізушілер жұмысының ұйымдастырылған тәртібін таңдалған маршрут ұзындығы трасса бойындағы автомобиль көлік мекемесінің орналасу тәртібі әсер етеді.
Дара жүріс - автобустарда маршруттың толық айналымында жалғыз жүргізуші қызмет көрсетеді. Бұл әдісті автобус айналымы жүргізушінің жұмыс уақыты аяқталғанша бітетін маршруттарда қолдану тиімді.
Жұптық жүріс - автобуста айналым уақытына 1 мезгілде 2 жүргізуші қызмет көрсетеді. Жүргізушілер белгілі бір уақыттан кейін бірін - бірі ауыстырып отырады. Бұл әдістің кемшіліктері көпжүргізуші қажеттілігі, пайдалану және келтірілген шығындар көбейеді. Жүргізуші толық демалмайды. Соның салдарынан қозғалыстың қауіптілігі.
Ауысымдық жүріс - әрбір жүргізуші белгілі бір маршрут бөлігінде автобуста қызмет көрсетеді. Автобус айналымында автобуста жүргізушілер бригадалары қызмет көрсетеді. Әрбір жол бөлігінде жүргізушілер ауысып отырады.
Ауысымды - жұптық жүріс - 2 адамнан тұратын 1 немесе бірнеше бригада автобусы қызмет етеді. Бригадалар автомобиль көлік мекемесі орналасатын жерде немесе жүргізушінің тұрғылықты жерінде ауыстырылады. Бұл әдістің кемшілігі жұптық жүрістегідей.
Ауысымды - топтық жүріс - мұнда 1 бригада бірнеше автобус бекітіледі. Әрбір жүргізуші әр түрлі автобусқа қызмет көрсетеді. Бірақ тек өз жол бөлігінде жүреді. Жүргізуші автобустарды белгілі пунктқа апарып оны ауыстыруға береді. Өзі кері жүретін автобус кері қайтады. Бұл жүйе жүргізушінің қалыпты жұмысын және демалысын қанағаттандырады. Дегенмен бұл әдісті 1 рет жүретін рейстерге қолдануға болмайды.
Ауысымды - топтық - жұптық жүріс - әр ауысымда 2 жүргізуші бар бригадаға бірнеше автобустарды бекітеді. Әрбір 2 жүргізуші әр түрлі автобустарда өз маршрут бөлігінде қызметкөрсетеді.
Қалааралық тасымалдау билеттері мен қол жүгі ақысын жолаушылар алдын ала билет сататын вокзалдар, автобекеттер мен аралық аялдамалардың кассалық пункттарынан алады. Кассалық пункт болмаған жағдайда билетті жүргізуші немесе кондуктор сатады.

Халықаралық жолаушы тасымалы

Халықаралық жолаушы тасымалы - 2 немесе одан да көп елдердің территориясы арқылы өтетін және осы елдердің мемлекеттік шекарасын кесіп өту арқылы жасалатын жолаушы тасымалын айтамыз.
Бұл тасымалын түрін ұйымдастыру және дамыту үшін негізгі мынадай мәселелерді шешу керек:
кеңінен дамыған, барлық жағдайы қарастырылған халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының жүйесін жасау;
ұйымдастыру - техникалық және тасымалдық проблемаларды реттеу;
көлік құралдарын жетілдіру, олардың сыйымдылығын көбейту, конструкциялық сенімділігін арттыру;
экологиялық зиянсыздығын, жүргізуші жұмысының ыңғайлылығын, тасымалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Барлық елдерде автомобиль паркі кеңейген сайын автомобиль жолдарының желісі де кеңейіп келеді. Соңғы кездері техникалық деңгейі бойынша жоғары дамыған елдерде халықаралық, континент аралық маңызды жолдар жүйесі дамып отыр.
Автобустық халықаралық жолаушы тасымалдауы көлігі қозғалыстың нормативтік құжаттарына сай орындалады. Құжаттарды дайындауға үкіметтік және үкіметтік емес органдарда қатысады. Дайындалған нормативтік құжаттарды мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
халықаралық тасымалға жіберілетін көлік құралдарына қойылатын талаптар;
автомобиль жолдарына қойылатын талаптар;
көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастырудың қауіптілік ережелері;
автомобиль жолдарының Европалық жүйесі және оларға қойылатын техникалық талаптар;
халықаралық тасымал құжаттары;
жүргізушіге қойылатын талаптар мен олардың жұмысы мен демалысынұйымдастыру;
халықаралық жолаушы тасымалын ұйымдастырудың шарттары;
тасымалдауға қатысушы 2 жақтың құқығы, міндеті мен жауапкершілігі;
шекаралық және кедендік бақылау ережелері;
халықаралық жолаушы тасымалын орындайтын көлік құралына салынатын салық;
құралының иесінің міндеттері және міндетті сақтандыру.
Жолаушы деп - жеке 1 өзі немесе топ құралдарын тасымалданатын адам аталады.
Автобус деп - жүргізушінің орнын қосқанда 9 орнынан артық орны бар, жолаушы тасымалына арналған көлік құралы аталады.
Тасымалдаушы деп - өз елінің құзырлы үкіметтік орындарынан алынған рұқсаты бар, халықаралық тасымал орындайтын ұйым немесе мекеме аталады.

Халықаралық жолаушы тасымалы - тұрақты, тұрақсыз және маятникті болып бөлінеді.
Тұрақты халықаралық жолаушы тасымалы деп- белгілі бір тариф бойынша жол ақысы алынатын, автобустар нақты кесте бойынша нақты қабылданған маршрут жүретін жолаушылар түсіп мінетін пунктта көрсетілген автобус орындайтын тасымал аталады.
Маятникті халықаралық жолаушы тасымалы - уақытша бір елден екінші елдің территориясына барған 1 топ жолаушыларды кері сол автобустармен қайтару қарастырылған жолаушылар тасымалдау түрі. Мұндай тасымалдау түрінде бос жүру рейсі болады.
Тұрақсыз халықаралық жолаушы тасымалы - алдыңғыдағылардай шарттармен реттелмеген, яғни жекелеген жағдайларда тасымалдың тапсырысымен жасалатын тасымал түрі.
Халықаралық жолаушы тасымалы жолаушыларды тасымалдау үшін ыңғайлылығы жоғары автобустар қолданылады. Бұл автобустардың сыртқы түрі әдемі техникалық жағдайы дұрыс, салондағы орындықтары реттелген және жұмсақ болуы керек. Сонымен бірге бұл көліктерде желдеткіш, жылу жүйелері, радио мен теледидар, тоңазытқыш жұмыс істеуі міндетті. Бұл автобустарға тағы 1 талап қойылады, ол автбус сыртында тасымал жасалатын елдердің тілінде жазылған маршруттың аты, соңғы және пастапқы аялдамалардың аты жазылуы тиіс.
Халықаралық жолаушы тасымалын орындайтын жүргізушіге де көптеген талаптар қойылады. Ол жоғары моральды, тәртіпті, өзіне тапсырылған техниканы жай жапсарын жетік білетін, жылдам, дұрыс шешім қабылдайалатын, өзі тасымал жасайтын елдің тілін, әңгімелесу деңгейін білу, кедендік бақылаудан, құжаттар бақылауынан ерекше хабардар, қозғалыс маршрутының сызбасы, қызмет үлгідегі киімі, сақтандыру және тасымалдау құжаттары бар адам болуы тиіс.
Халықаралық жолаушы тасымалын жүзеге асырушы тасымалдаушы мен жолаушы арасында өзара жауапкершілік болады. Жолаушы халықаралық тасымалға билет сатып алып, тиісті құжаттарын өзімен бірге алып жүрсе, тасымалдаушы оларды баратын жерлеріне қауіпсіз жеткізуге міндетті. Билеттер 2 елдің (бастапқы және соңғы) тілінде басылады.

Жүргізушілердің қажетті санын анықтау.

Біздің елімізде мекемелер мен ведмоствалар мен ұжымдарды жеңіл автомобильдер мен қызметке пайдалану үшін орталықтанған қызмет жүйесі істейді. Қызметтік жеңіл автомобильдер жеке пайдалануға және қызметтік жүрістерге, мекеме басшыларына және жалпы коликтивке беріледі.
Бұл жұмыс жеңіл автомобиль көлігін жалпы пайдалануға беретін мекемелерге жүктеледі, ол мекеме 2 жақты келісім бойынша жеңіл автомобильдер мен қызмет көрсетуге лимиті бар мекемеге жылжымалы құрам бөледі.
Автомобиль көлік мекемесімен келісімге отырғанда қызметтік пайдалануға берілетін жеңіл автомобиль қабылданған тарифне және мекеменің жұмыс тәртібіне қарайды: бір ауысымдық; бір жарым ауысымдық; екі ауысымдық.
Автомобиль көлік мекемесімен келісім негізінде тапсырыс берушіге техникалық жағынан ақаусыз, дұрыс жүретін автомобильдер бөледі. Олар кесте бойынша келісілген лимитке қарай бөлінеді. Жеңіл автомобильдің жұмысын бір жылдағы автомобиль-сағат жұмысы санымен өлшенеді. Келісім бойынша жұмыс тәртібі қатаң сақталады. АКМ жеңіл автомобильді тапсырыс берушіге тіркейді, жүргізуші мекеме алады.
Егер жеңіл автомобиль бір ауысымнан аз уақытқа жіберілсе, онда автомобиль көлік мекемесі жүргізуші қызмет көрсетеді. Жеңіл автомобильді тапсырыс бойынша бөлуді пайдалану қызметі әрбір айға жасайды, егер алдағы тәулікте жедел тапсырыс, өтініш болса, онда сол бойынша кесте түзетіліп отырады. Тапсырыс беруші жеңіл автомобильді пайдаланылатын қызметшілерді анықтайды. Ол автомобильді шақыру тәртібін, жеңіл автомобильді беру орнын, жұмыс кезінде жеңіл автомобильдің тұратын орнын анықтайды. Жеңіл автомобильді қызметке пайдаланатын жүрісін тәртіпке келтіру үшін, жұмыста жүрген жүрісіне шек қойылады. Мысалы: бір квартлда:
Тәулік бойында жүрісі - 13500км
Екі ауысымда жүрісі - 9000км
1,5 ауысымдағы жүрісі - 4500км
0,5 ауысымдағы жүрісі - 2250км болу керек.
Егер көрсетілген жүрістен көп жүрілген болса, онда мекеме артық жүріске ақша төлейді, келесі квартлда артық жүрісін қысқартады.
Мекемелер мен ұжымдарға жеңіл автомобильдер мен қызымет көрсету жеңіл автомобиль паркін пайдалану коефицентін көтереді, соның арқасында ведмоствалық жеңіл автомобильдер саны біршама азаяды.
Әрбір автомобиль көлік мекемесінің алдында халыққа көрсететін қызмет сапасын көтеру, жылжымалы құрам тиімді пайдалану талабы тұр. Жолаушыларды тасымалдаудың сапасына мына көрсеткіштер жатады: жылжымалы құрамның толу коефиценті; жолаушылардың қозғалысқа кеткен уақыты; қозңалыстың бір қалыптылығы; жылжымалы құрам ауырлығы. Жолаушы тасымалының сапасын көтеру үшін мыналарды жақсарту керек: жүрістің комфортты болуы, жолаушылардың қозғалысқа кеткен уақытын негізгі көрсеткішінің бірі: жолаушының бастапқы пунктынан, соңғы пунктқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкшетау автобус паркі
Автокөліктерді таңдау, ұтымды пайдалану әдісі
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Алматы қаласының 29 бағдар автобусын спутниктік бақылау жүйесімен жабдықтау жобасы
Уақытша автокөлік тұрағы
Автобусты спутниктік мониторинг арқылы бақылау
Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
Автобус маршрутының жалпы сипаттамасы
40 қалаішілік автобус маршрутының жүріс жиілігін арттыру арқылы жолаушы тасымалын жүзеге асыруды жақсарту жұмыстары
Сервистік қызмет
Пәндер