Жануарлардағы гастрит ауруы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I Кіріспе . . .

II Негізгі бөлім

2. 1Себептері . . .

  1. Дамуы . . .

2. 3 Симптомдары . . .

2. 4 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер . . .

2. 5 Балау . . .

2. 6 Болжамы . . .

2. 7 Емі . . .

2. 8 Сақтандыру . . .

III Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиет . . .

I Кіріспе

1) Гастрит (Gastritis) - асқазанның кілегейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу, фермент бөлу, эвакувторлы, экскреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін ауру. Туындауына байланысты гастриттер негізгі және туындаған, өтуіне жіті және альтеративті, қабыну сипатына ұйымалы, катаральды, гемаррагиялық, фибринозды және терең, ошақты және диффузды болып бөлінеді. Альтеративті қабыну эрозиязы және ойық жаралы болады. Қызметтік белгілеріне қарай гастрит қалыпты сөл бөлетін, сөлді көп бөлетін жіне әлсіз сөл бөлетін, морфологиялық белгісіне атрофиялық және гипертрофиялық болады.

Ауру шошқаларда, жылқыларда және ет қоректілерде жиі таралған. Жиі төлдер шалдығады. Өндірісте шошқа кешендерінде оларды енесінен айырған алғашқы 15 күнінде 26-30 күндігінде құрғақ, құрама жеммен азықтандырғаннан ауруға көптеген торайлар ұшырайды.

II Негізгі білім

2. 1 Себептері: Көптеген мал басының гастритке шалдығуының негізгі себептеріне жататындар: малдың жасына сәйкес емес сапасыз азықьармен азықтандыру, олардың құрамында улы заттардың болуы, бірыңғай және құрансыз белокты, витаминді және минералды азықтандыру, азықтандыру режимін бұзу. Этиологиялық себептердің құрамында тітіркендіргіш заттары бар болуы мүмкін: қиын қорытылатын, өте суық немесе ыстық азықпен, асхана қалдықтарымен азықтандыру технологиясының бұзылуынан. Мүмкідік туғызатын себептерге ылғалды жіне лас қораларда ұстау, организмнің күрт салқындауы жіне ысып кетуі, тығыз ұстап, азық жеткіліксіз болуы жатады.

Асқазанның сөл бөлу, моторлы қызметінің бұзылуы төлдерді өндірістік технологиямен өсіру және бағу кезінде ұзақ мерзімді әртүрлі күшті стресстер әсерінен кілегейлі қабық талаурап қабынғаннан болады. Туындаған гастрит тіс, ауыз қуысы кілегейлі қабығының, өңеш, ұйқы безі ауруларынан болады. Асқазанның зақымдануы кейбір вирусты обасына, ауеска ауруына, вирусты гастроэнтеритке, бактериальді инфекцияға, кейбір паразитарлы ауруларына тән. Гастриттің этиологиясында аутоиммунды факторлар мен аллергиялық реакциялар айтарлықтай рөл атқарады.

2. 2 Дамуы. Патологиялық процестің дамуы этиологиялық фактордың сипатына, күші мен ұзақ мерзім әсер етуіне, сонымен малдың түріне, жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ал солардың ішінде жалпысына асқазан бездерінің қозуының өзгеруінен, оның сөл бөлінуінің сапасы мен мөлшері жатады. Патологиялық сөл бөлудің бірнеше түрлері бар: гиперацидті, астеникалық, инертті және субацидті. Біріншісі бұл асқазан қызметінің бұзылуының бастапқы кезеңі, бұл асқазанның жүйке безді аппаратының қозуының күшеюі, ал астеникалық түрі асқазанның реттеуші қызметінің бұзыла бастағанын көрсетеді.

Инертті және субацидті түрлеріне асқазаңның сөл бөлінуінің регуляторлы механизмінің өте күрделі бұзылу деңгейінде екеніне сәйкес келеді.

Тұрақты гиперсәлбөлу, жиі асқазан жынының қышқылдығының жоғарылауына сәйкес келгенімен, ал бұл қалыпты, кейде қышқылдығы төменде болуы мүмкін, сонымен қатар қышқылдылықтың жоғарылауы оның көлеміне байланыссызда болады. Мұндай жағдай кілегейлі қабықтың қабынуында ғана емес басқада ағзалар мен жүйелер аураларында рефлекторлы берілуі мүмкін, әсіресе жүйке мен эндокринді бездер ауруларында. Жас малда сөл бөлудің қозғыш түрі болады, ал оларда қабынуға, сыртқы және ішкі гормональды гуморальды тітіркендіргіштерге аденватсыз жауап береді.

Гиперацидті жағдайларда көбінесе пилорустың түйілуінде және кілегейлі қабықтың тосқауылдық қызметі бұзылғанда қанның эвакуациясы кідіреді . Гиперсөлбөлу, эвакуацияның кідіруі, асқазан ішек жынының келіп түсуінен пайда болған газдардан асқазан кеңейеді. Осылардың бәрі және улану болғандықтан мал құсады. Сөл бөлудің тежелуінің асқынуы ахилияғадушар етеді. Бездердің тұз қышқылы мен пепсинді бөлу қабілеті нашарлайды. Асқазанда пепсиннің протеазды және пепсидазды қасиетіне көрсете алмайтын орта пайда болады. Ішекте келешекте ыдырай алмайтын белоктар келіп түседі, ішектің кілегейлі қабығы тітіркенеді, сол себепті перистальтика күшейеді. Сонымен қатар ұйқы безінің сөл бөлуі, ішектің сөлі азаяды, диспепсия күшейе түседі.

Боз тұш қышқылының концентрациясы төмендегендіктен, асқазан сөлінің бактерицидті қасиеті азаяды немесе мүлдем жоғалады. Осылардың бәрі пилорикалық сфинктрдің қызметінің бұзылуына ішектерде ашу және шіру процестерінің басымырақ болуынан дисбактериозға душар етеді. Пайда болған улы заттар қанға сіңіп, бауыр ұлпасын зақымдап, оның қызметін бұзады. Асқазанның моторлы қызметінің бұзылуы оның сөл бөлуі мен, сфинктілердің тонусымен, рефлекторлық әсерімен, сонымен қатар этиологиялық факторлармен тығыз байланысты.

Қышқылдылық төмен болса және ахилияда асқазанның сөл бөлуі күшейеді. 12 елі ішекте жынның нейьралдануынан асқазанның пилорикалық бөлігінің жиырылуы әлсірейді және сфинктер ашық тұрады. Асқазанның сөл бөлінуінің күшеюінен ондағы жын жылдам эвакуацияланады, химусқа қосылады. Олардың бөліктері әсіресе өз асқазнда тек эксудативті ғана емес альтеративті қабыну туғызады. Бұлшық ет тонусын басқару бұзылғанда әсіресе иттерде түйілмелі жиырылу пайда болады, сол себепті ауырсыну күшейеді.

Асқазанның негізгі қызметтері түгелдей бұзылғанда оның орнын ішектегі ас қорыту толтыра алмайды, ас қорытудың барлық бөліктерінде өзгерістер пайда болады, соңында зат алмасуы бұзылады. Анмия, өзін өзі уландыру дамиды, малдың дене массасы және өнімділігі азаяды.

Иттегі гастрит ауруы

2. 3 Симптомдары. Асқазанның сөл бөлу және моторлы қызметтерінің бұзылу деңгейі мен оның кілегейлі қабығында қабыну процесінің қаншалықты бұзылуы мен өтуіне байланысты байқалады. Малдың түрі, жасы және жеке кешеннің функциональды, анатомиялық, морфологиялық өзгерістері үлкен рөл атқарады.

Гастрит жіті өткенде симптоматикасы әртүрлі болып келеді: жалпы кейде жергілікті эксудативті және альтеративті қабынуға дейін, гипермекрецияда дене қызуы айтарлықтай өзгере қоймайды, ал күйзелу және азыққа тәбеттің шаппауы дамиды. Кекіру, ал шошқалар мен иттер азық қабылдағаннан кейін немесе оған байланыссызда құсу пайда болады. Құсықта көп мөлшерде азық, сілекей және кілегей көп, ал қайталанған құсуда өт бар. Ішектердің перистальтикасы төмендейді, іші жүрмейді. Нәжісі қатты, қара түсті, сыртында жұқа кілегейлі қабықша бар. Ал егерде құсу жоқ болса, онда торайлар мен иттерде асқазан аумағы аздап ауырсынады, асқазанның гипотониясы мен пилорустың түйілуінде сипап көргенде шылпыл дыбыс пайда болады. Жылқылар ауық аздап мазасызданады, есінейді, басын созады, ішіне қарай береді, ал пилорустың түйілуінде шаншу пайда болады. Асқазанның ахилиялық қабынуында ұйқы безімен ішектің қызметі өзгермесе, онда ауру өзіне тән симптомсыз өтеді.

Азық қорыту бұзылғанда перистальтика күшейеді, нәжісі мол, құрамында қорытылмаған азық бар, гастрогенді химиялық диарея пайда болады. Күйзелу күшейе түседі, дененің қызуы кейде 0, 5-1C дейін көтеріледі, азыққа зауқы төмендейді және бұзылады, шошқалар жиі жата береді. Ауыздың кілегейлі қабығы сарғыш, жабысқақ сілекейімен қапталған, тілінде көкшіл дақ бар, ауыздан тәттінің иісі шығады. Емізетін мегежіндерде гипо және агалактия болады. Торайларда диарея, сыртқы ортаға реакция қимылсыз қалғанша болады. Улану күшейген сайын малда күйзелу арта түсіп, жүрісі шатқаяқтайды, тахикардия және полипноз күшейе түседі, ал созылмалыда дегитратация. Торайлардың тұмсығы, құлақтың ұшы, төменгі іш жағының терісі көгілдір тартып, ауырсынуы күшейеді.

Асқазанның кілегейлі қабығына зақымдану күші әсер етсе, процесс 2-3 сағаттан соң, ал клиникалық белгілері 6-8 сағаттан соң дамиды. Егерде аурудың себебін тез арада жойса және катаральды гастритті дер кезінде емдемесе, онда клиникалық айығу 3-4 күннен соң, ал ересек малда 8-10 күнге созылады. Шошқаларда кілегейлі қабықтың морфологиялық қалыптасуы екінші аптаның аяғында болады.

Гемаррагиялық гастрит үдемелі күйзелу синдромымен, уланумен және жүрек әлсіздігімен байқалады. Асқазанды сипап көргенде ауырсынады, құсықта гемаррагиялық эксудаттың аздаған мөлшері бар. Нәжісте қан жоқ, жіті уланудан, індетті аурулардан гематогенді гастритте, асқазан жағынан аурудың симптомы жалпы белгілерімен бірігіп кетеді.

Гастриттің созылмалы өтуінде симптомдары тұрақсыз. Негізгі синдром асқазандық іш өту. Ары қарай ішектік іші өту болады, ол метеоризммен, перистальтиканың күшеюімен, іштің қатуымен, азық қорытылудың нашарлауымен сипатталады. Соымен қатар, біртіндеп терінің серпімділігі төмендейді, түктері жылтырамайды, кілегейлі қабықтар бозарады, кейде сарғаяды. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы құрғайды немесе кілегейімен қапталады, тілде көкшіл лас болады, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Жылқының қатты таңдайынан кілегейлі қабығы ісінген, төлдерде тістер дұрыс мүжілмегендіктен қызыл иек жарақаттанған. Ауру айлап және жылдап өтеді, ауық ауық қайталанады және асқынады. Жылқы мен мегежіндерде аурудың қайталануы оларды жайылымға шығарғанда, лагерде ұстағанға сәйкес келеді.

2. 4 Патологиялық анатомиялық өзгерістер. Серозды ұйы гастритке кілегейлі қабықтың ісінуі және гиперемия. Кейде асқазанның фундальды бөлігінде қанталау тән. Бұл қабынудың бастапқы кезеңі. Торайлардың гастритінде дақты қанталаумен жүреді. Оларда гемаррагиялық қабыну жиі диффузды түрде болады. Асқазанның түбіне дейін тұз қышқылды гематинмен қара қоңыр түске боялады. Емшектегі торайлар асқазанында қорытылмаған казеин бар. Ересектерде торайлар асқазан жыны сұйық онда кілегей, қалып қабыршақтар, тығыздалған ұйымалар көп.

Гистологиялық тексеруде эпителиальды қабатта дистрофия, инфильтрация, кілегейлі қабат астында серозды эксудат, қан тамырлары гиперемияланған, безді эпителийдің кейбір жері некрозданған, десквамацияланған. Созылмалы гастритте асқазан жыны көп, кілегейлі қабық бетінде тұтқыр, ылайсаң кілегей, кілегейлі қабықта гипертрофикалықкейбір бөліктерде атрофикалық процестер басым. Атрофикалық созылмалы қабынуда кілегейлі қабық жұқарған және жатық.

2. 5 Балау . Малды азықтандыру мен күтуге, рацион құрамына талдау жасайды. Кешендердің, фермалардың, өндірістік топтардың асқазан ішек ауруларынан сауекендігі ескереді. Азықтарды бактериологиялық, вирусологиялық тексеруден өткізеді, азықтарға микологиялық, токсикологиялық талдау жасайды. Нәжіст тексереді. Сонымен қтар антибиотиктер мен химиялық препараттарды микрофлораға сезімталдығын анықтайды.

Патологиялық анатомиялық өзгерістерді зерттеуде кілегейлі қабықтың қабыну сипатын анықтайды. Қажет жағдайда диагностикалық мақсатпен ауру аса бағалы емес малды сойып зерттейді. Керек болған жағдайда асқазанның кілегейлі қабығының жағдайын жылқыларға, шошқалар мен иттерге зонд енгізіп, асқазан жынын алып, зертханалық талдау жасайды. Бұл кезде жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан тұз қышқылын, жасырын қанды анықтайды. Катарльды, әсіресе гемморагиялық гастритте оны эрозиялы және ойық жаралы түрінен дербестейді. Гастроэнтеральды синдроммен тұрақты өтетін әртүрлі ауруларды ескереді.

Жануарларда гастрит ауруына қолданылатын дәрі

2. 6 Болжамы. Жіті катаральды гастритте жағымды, ал геморагиялықта сақтықты қажет етеді немесе жағымсыз. Дер кезінде емдемеу, ұзақ мерзім этиологиялық себептін әсер етуінен қабынудың асқынған түрі дамып, ішектің қабынуымен созылмалы өтуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Тері ауруларының жіктелуі
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Жануарлардың күйзеліске бейімделуі
Тағам және су құрамындағы микроэлементтердің жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болған аймақтық патология
Стахиботриотоксикоз
Стахиботриотоксикоз диагнозы
Асқорыту ағзаларының аурулары
Асқазан- ішек жолдарының және билиарлық жүйенің аурулары
Жануарлардың туберкулезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz